Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Характеристика (устная, письменная)

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

А
Активно участвует в общественной и культурной жизни коллектива. Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.
Аккуратный. Ұқыпты.
Английский язык знает хорошо. Ағылшын тілін жетік біледі.
Б
Бесхарактерный. Мінезсіз адам.
 2. Жұмсақ.
Бог создал его беспокойным. Құдай оны сабырсыз етіп жаратқан.
Болтливый. Мылжың.
В
В нём чувствуется военная закваска. Оның әскери өнегесі сезіліп тұр.
В жизни прост. Морально устойчив. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды.
Владеет компьютером. Компьютермен жұмыс істей алады.
Владеет собой. Өзін-өзі ұстайды.
Великодушный. Ақкөңіл.
Воспитанный. Әдепті, тәрбиелі.
Выполняет работу с большой тщательностью. Жұмысты үлкен ұқыптылықпен орындайды.
Г
Голос у него деликатный, приятный. Оның үні биязы, жағымды.
Грамотный, мыслящий. Көзі ашық.
Грамотный специалист. Білгір маман.
Грубый характер. Дөрекі мінез.
Д
Деликатный, учтивый. Ибалы.
Деловой. Іскер.
Держит себя естественно. Өзін табиғи қалпында ұстайды.
Дисциплинарные взыскания не налагались. Ешқандай сөгіс алмаған.
Дисциплинированный. Тәртіпті.
Длинный на язык. Тілі ұзын.
Добрая душа. Рақымы мол адам.
Доброжелательно относится к коллегам. Әріптестеріне мейіріммен қарайды.
Добрый. Мейірімді.
Ж
Женат, воспитывает дочь. Үйленген, бір қыз тәрбиелеуде.
З
За границей не был. Шетелде болған жоқ.
За короткое время он завоевал авторитет. Аз уақыттың ішіңде абыройға ие болды.
Закончил Павлодарский государственный университет. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
И
Имеет организаторские способности. Ұйымдастырушылық қабілеті бар.
Интеллигентный. Зиялы.
К
Как я заметил, характер у тёти не мёд, кажется. Байқауымша, тәтесінің мінезі бал емес сияқты.
К судебной ответственности не привлекался. Сот жауапкершілігіне тартылмаған.
Какая она милая, добрая, дисциплинированная девочка. Қандай сүйкімді, мейірімді, тәртіпті қыз еді.
Квалифицированный. Білікті.
Косолапые ноги. Маймақ аяқ.
Критику понимает правильно. Сынды дұрыс түсінеді.
Курносая девочка. Пұшық қыз.
Л
Лгун. Өтірікші.
Легкомысленный. Жеңілтек.
Любит много смеяться. Көп күлгенді ұнатады.
М
Мерзкий человек. Жексұрын адам.
Мне нужна характеристика. Маған мінездеме керек еді.
Мой коллега образованный, опытный, интеллигентный. Менің әріптесім білімді, тәжірибелі, зиялы.
Н
Надоедливый человек. Жалықтырғыш адам.
Наивный. Аңқау.
Насколько я знаю, он – крепкий духом человек. Менің білуімше, ол рухы мықты адам.
Национальность – казах. Образование – высшее. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
Не скажешь, что она красивая девушка, но очень приятная. Ол әдемі қыз деуге болмайды, бірақ өте сүйкімді.
Не умеет говорить. Тілі қысқа.
 2. Сөзге жоқ адам.
Незнайка. Дымбілмес.
Непостоянный человек. Тұрақсыз адам.
Неприметный человек. Елеусіз адам.
Никчёмный человек. Қолынан түк келмейтін адам.
Ничего не понимающий человек. Түк түсінбейтін адам.
Нравится работать в коллективе. Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатады.
О
Обидчивый характер. Ызақор мінез.
Он активен и инициативен. Ол белсенді және бастамашыл.
Он без выкрутасов. Оның қылтың-сылтыңы жоқ.
Он ведёт себя как начальник. Ол өзін бастық секілді ұстайды.
Он видный учёный. Ол көрнекті ғалым.
Он вкусно готовит. Тамақты дәмді пісіреді.
Он всё понимает наоборот. Ол бәрін теріс түсінеді.
Он всегда спокоен и выдержан. Ол қашан да болса сабырлы және байсалды.
Он всегда хорошо одет. Ол үнемі жақсы киініп жүреді.
Он даёт другим право на другое мнение. Ол өзгелерге өзге пікірді ұстану құқығын береді.
Он достиг совершеннолетия. Ол кәмелетке жетті.
Он имеет свою точку зрения. Оның өз көзқарасы бар.
Он коммуникабельный. Адамдармен оңай тіл табысады.
Он лицемер. Ол екіжүзді.
Он любимчик коллектива. Ол ұжымның еркесі.
Он мастер своего дела. Ол өз ісінің шебері.
Он мастер спорта по боксу. Ол бокстан спорт шебері.
Он настойчив в достижении своих целей. Ол өз мақсаттарына жетуде табандылық танытады.
Он не достоин твоей дружбы. Ол сенің достығыңа лайықты емес.
Он не может, если к кому-то не придерется. Такой у него характер. Біреуге тиіспесе жүре алмайды. Оның мінезі сондай.
Он не похож на других. Ол басқаларға ұқсамайды.
Он не жадный. Ол сараң емес.
Он не хуже других. Ол ешкімнен кем емес.
Он не понимает сделанного ему добра. Жақсылықты түсінбейді.
Он невоспитанный. Ол тәрбие көрмеген.
Он немного говорит на казахском языке. Қазақ тілінде аздап сөйлейді.
Он непостоянен. Ол тұрақсыз.
 2. Құбылмалы мінезі.
Он никогда не сдастся. Ол ешқашан берілмейді.
Он нормальный человек. Ол есі дұрыс адам.
Он отвечает на вопрос вопросом. Ол сұраққа сұрақпен жауап береді.
Он отличается серьёзностью характера, честностью. Ол салмақты мінезімен, адалдығымен көзге түседі.
Он очень доблестная личность. Ол аса айбынды тұлға.
Он очень замкнутый человек. Ол өте тұйық адам.
Он подхалим, льстец. Ол жағымпаз, жылпос.
Он постоянно откладывает на потом. Ол үнемі кейінге қалдыра береді.
Он прост и доступен в общении. Ол кішіпейіл және ашық жүзді адам.
Он разносторонний парень. Ол - жан-жақты сері жігіт.
Он родился 31 августа 1986 года. Ол бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылы отыз бірінші тамызда дүниеге келген.
Он слишком доверчивый. Ол тым аңғал.
Он способный парень. Ол - қабілетті жігіт.
Он странный человек. Ол біртүрлі адам.
Он толковый и честный человек. Ол парасатты және адал адам.
Он умеет выражать свои чувства и эмоции. Ол өз сезімі мен әсершілдігін байқата біледі.
Он холостяк. Ол бойдақ жігіт.
Он хороший, воспитанный мальчик. Ол жақсы, тәрбиелі бала.
Он хорошо владеет казахским языком. Ол қазақ тілін жақсы меңгерген.
Он хорошо знает компьютерные программы. Компьютерлік бағдарламаларды жақсы біледі.
Она - мать героиня. Ол – батыр ана.
Она – мать-одиночка. Ол – жалғыз басты ана.
Она ненасытная, жадная до денег женщина. Ол қанағатсыз, ақшаға тоймайтын әйел.
Она одинокая женщина. Ол жалғыз басты әйел.
Она умная девочка. Ол ақылды қыз.
Они не завидуют друг другу. Бірін-бірі күндемейді.
Опытный. Тәжірибелі.
Ответственно выполняет порученные дела. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.
Отзывчивый. Қайырымды.
 2. Бауырмал.
Очень разумная женщина. Өте салиқалы әйел.
П
По характеру он искренний (открытый), коммуникабельный. Оның мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады.
По службе достоин вышестоящей должности. Қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық.
Показал себя с положительной стороны. Жағымды жағынан көрсете білді.
Пользуется авторитетом среди коллег. Әріптестерінің арасында беделі мол.
Посмотришь на дочерей других людей, они все шустрые. А ты никогда не успеваешь. Жұрттың қыздарын қарасаң, пысық. Ал сен болсаң, ешқашан үлгермейсің.
Постоянно совершенствует свой профессиональный уровень. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Правильно понимает критику. Ол сынды дұрыс түсінеді.
Представительный. Келбетті.
Придирчивый человек. Міншіл адам.
Проворный молодой человек. Пысық жігіт.
Пьющий. Ішкіш.
Р
Ради денег он готов на всё. Ақша үшін барлығына дайын.
С
С ним по-хорошему нельзя. Бұған жақсылық жақпайды.
С таким характером тебе трудно будет в жизни. Осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады.
Самостоятелен в принятии решений. Ол өз бетінше шешім қабылдай біледі.
Слабоумный человек. Ақылы кем адам.
Следует отметить его активное участие в в мероприятиях. Оның іс-шараларға белсенді қатысатынын айтып кету керек.
Соблюдает трудовую дисциплину. Еңбек тәртібін сақтайды.
Соответствует занимаемой должности. Атқарып жүрген қызметіне лайық.
Способен принять правильное решение. Дұрыс шешім қабылдай біледі.
Среди друзей он, похоже, уважаем. Достар арасында сыйлы жігіт сияқты.
Среди коллег пользуется авторитетом. Әріптестерінің арасында беделді.
Старается быстро исправить свои недостатки. Кемшіліктерін тез түзеуге тырысады.
Т
Таким уж меня уродили. Мен тумысымнан осындаймын.
Трудный характер. Мінезі ауыр.
Трудолюбивый. Еңбекқор.
Ты такой классный. Сен сондай кереметсің.
Ты такой умный. Сен сондай ақылдысың.
У
У него лицо в прыщах. Оның беті безеу-безеу.
У него лицо морщинистое. Беті әжім-әжім.
У него взгляд как у помешанного. Оның көзқарасы есінен адасқан адамдікіндей.
У него есть организаторские и управленческие способности. Оның ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеті бар.
У него есть один большой минус - любит поговорить. Оның бір үлкен кемшілігі бар – көп сөйлейді.
У него и вид есть, и рост. Түрі десе, түрі бар, бой десе, бойы бар.
У него нет авторитета среди друзей. Оның жолдастар арасында беделі жоқ.
У него семь пятниц на неделе. Оның бір аптасында жеті жұма бар. (калька)
У него на лице есть родинка. Оның бетіңде мең бар.
У него не было родительского воспитания. Ата-анасының тәрбиесін көрмеген.
У него упёртый характер. Оның мінезі қырсық.
Уважаемый. Сыйлы, құрметті.
Улыбка не сходит с его лица. Оның жүзінен күлкі кетпейді.
Умеет доносить до других свои мысли. Өз ойын ол өзгелерге жеткізе алады.
Ф
Физически развит. Дене бітімі дамыған.
Читает художественную, научную и специальную литературу. Көркем, ғылыми және арнаулы әдебиетті оқиды.
Х
Характеристика с места работы. Жұмыс орнынан мінездеме.
Ч
Человек, верный своему слову. Уәдеге берік адам.
Человек, который умеет держать язык за зубами. Аузына берік адам.
Ш
Шут. Сайқымазақ.
Х
Характеристика дана для продления трудового договора. Мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді.
Хвастливый. Мақтаншақ.
Хороший, образцовый отец. Жақсы, үлгілі әке.
Э
Это его истинное лицо. Бұл – оның шынайы кейіпі.
Это он с виду такой, а на самом деле прекрасный человек. Сыртқы келбеті сондай, ал шын мәнінде тамаша азамат.
Этот человек всегда такой. Бұл кісі әрдайым осындай.
Этот человек может всё. Ол кісінің қолынан бәрі келеді.
Я
Я был таким медлительным. Сондай жайбасар болатынмын.
Я был очень замкнутым. Өте тұйық болдым.
Я, вообще не торопливый, медлительный человек. Мен өзі асықпайтын жайбасармын.
Я, вообще, быстро полнеющий человек. Мен өзі тез толып кететін адаммын.
Я его уважаю за честность и человечность. Оны адалдығы және адамгершілігі үшін құрметтеймін.
Я терпеливый человек. Мен шыдамды адаммын.
Я человек простой. Мен қарапайым адаммын.
Язык хорошо подвешен. Тілге жүйрік.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
  Вернуться к началу  

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга