Так больше не может продолжаться. |
Енді бұлай жалғаса беруі мүмкін емес.
|
Так будет правильно. | Осылай дұрыс болар.
|
Так бывает. | Солай бола береді.
|
Так было до сегодняшнего дня. | Осыған дейін солай болып еді.
|
Так Вы и до утра не сможете закончить. | Мына түріңізбен таң атқанша да бітіре алмайсыз.
|
Так делать нельзя. | Олай жасауға болмайды.
|
Так должно быть. | Солай болуы керек.
|
Так ему и надо. | Оған сол керек. 2. Бәлеме сол керек
|
Так и будешь стоять? | Осылай тұрасың ба?
|
Так и хочется съесть такого сладкого ребёнка! | Осындай тәтті баланы жеп қойғың келіп тұрады!
|
Так мне и надо. | Өзіме де обал жоқ.
2. Өзіме де керегі сол.
|
Так можно и с ума сойти. | Бұлай жынданып кетуге де болады.
|
Так мы стали друзьями. | Солай дос болып кеттік.
|
Так получилось. | Солай болды.
|
Так поступать нечестно. | Бұлай ету әділдік емес.
|
Так хотел услышать твой голос. | Даусыңды сондай естігім келіп еді.
|
Так шутить нельзя. | Бұлай қалжыңдасуға болмайды.
|
Так, откуда идёшь, мой дорогой? | Иә, қайдан жүрсің, қарағым-ау?
|
Так, просто спрашиваю. | Жай сұрап жатқаным ғой.
|
Такие игры не для меня. | Мұндай ойындар маған арналмаған.
|
Такие случаи часто встречаются. | Мұндай оқиғалар жиі болады.
|
Таким уж я уродился. | Мен тумысымнан осындаймын.
|
Такими темпами я замуж не выйду. | Мына қарқынымен мен тұрмысқа шықпаймын.
|
Таких надо судить. | Осындайды соттау керек.
|
Таких, как ты людей, мало. | Сен сияқты адам аз.
|
Таких, как ты, я видел много. | Сендейдің талайын көргенмін.
|
Такова доля родителей. | Ата-ананың үлесі осы.
|
Такова жизнь, мой друг. | Өмір сондай, досым.
|
Такого нигде нет. | Ондай еш жерде жоқ.
|
Такого разговора я не слышал. | Ондай әңгімені естігенім жоқ.
|
Такого человека забыть невозможно. | Мұндай адамды ұмыту мүмкін емес.
|
Такое больше не повторится. | Енді ондай қайталанбайды.
|
Такое бывает в непогоду. | Жаман ауа райында ондай болып тұрады.
|
Такое вообще не может быть. | Мұндай болуы тіпті мүмкін емес.
|
Такой приметы нет. | Ондай ырым жоқ. 2. Ол болмайтын ырым.
|
Так-так! | Е, солай де!
|
Такую женщину, как ты, я в своей жизни не встречал. | Сен секілді әйелді өмірімде кездестірмеппін.
|
Там всё по-другому. | Ол жақта бәрі басқаша.
|
Там есть не женатые парни? | Сол жерде бойдақ жігіттер бар ма?
|
Там меня никто не ждёт. | Ол жақта мені ешкім күтіп отырған жоқ.
|
Там, кроме позора, ничего нет. | Онда масқарашылықтан басқа ештеңе жоқ.
|
Твоей вины нет. | Сенің жазығың жоқ.
|
Твои родители знают, где ты гуляешь? | Ата-анаң сенің қайда жерде қыдыратыныңды біле ме?
|
Твои товарищи, наверное, беспокоятся. | Жолдастарың алаңдап жатқан шығар.
|
Твой первый опыт был неудачным. | Сенің бірінші тәжірибең сәтсіз болды.
|
Твой ход (шахматы, карты и т.д.). | Жүріс сенікі.
|
Твоя же подлость тебя и погубит. | Арамдығың түбіңе жетеді.
|
Тебе хочется со мной враждовать? | Менімен өштескің келіп отыр ма?
|
Тебе всё идёт. | Саған бәрі жарасады.
|
Тебе должно быть стыдно. | Саған ұят болуы керек.
|
Тебе есть сюрприз. – Я не люблю сюрпризов. | Саған тосын сый бар. – Мен тосын сый ұнатпаймын.
|
Тебе есть что сказать? | Айтатын бірдемең бар ма?
|
Тебе же никто не будет возражать. | Саған ешкім қарсы келмейді ғой.
|
Тебе же сказали, что это не так. | Олай емес деді ғой саған.
|
Тебе жить надоело? | Өмір сүргің келмей жүрме?
|
Тебе лучше не знать этого. | Оны сен білмей-ақ қой.
|
Тебе лучше стало? | Жақсардың ба?
|
Тебе не идёт. | Саған жараспайды.
|
Тебе нравится здесь? | Бұл жер саған ұнай ма?
|
Тебе нужно отдохнуть. | Саған демалу керек.
|
Тебе очень идёт. | Саған күшті жарап тұр.
|
Тебе пить нельзя! | Саған ішуге болмайды!
|
Тебе плохо? | Саған жаман болып тұр ма?
|
Тебе полегчало? | Жеңілдеп қалдың ба?
|
Тебе понравилось? | Саған ұнады ма?
|
Тебе понятно? | Түсінікті ме саған?
|
Тебе разве не всё равно? | Саған бәрібір емес пе?
|
Тебе раньше нужно было думать. | Ертерек ойлануың керек еді.
|
Тебе совсем не интересно? | Саған мүлдем қызық емес пе?
|
Тебе такие дела не идут. | Саған ондай қылықтар жараспайды.
|
Тебе трудно сказать что ли? | Саған айта салуға қиын ба?
|
Тебе что до этого? | Оған сенің не қатысың бар?
|
Тебе это, наверное, показалось. | Саған сол көрінген шығар.
|
Тебе этого недостаточно? | Саған сол жетпей ме?
|
Тебе, как всегда, всё равно. | Саған әдеттегідей бәрібір.
|
Тебя все знают. Есть у тебя знакомые в суде и прокуратуре? | Сені танымайтын адам жоқ. Сот пен прокуратурада танысың бар ма?
|
Тебя ждёт сюрприз. | Сені тосын сый күтеді.
|
Тебя же предупреждали. | Саған ескерту жасаған ғой.
|
Тебя заставляют работать? | Сені жұмыс істеуге мәжбүрлей ме?
|
Тебя каким ветром сюда занесло? | Сені мұнда қандай жел айдап келді?
|
Тебя кто-то заколдовал что ли? | Сені біреу арбады ма?
|
Тебя не интересовало, как мы жили. | Біздің қалай өмір сүріп жатқанымыз сені қызықтырмады.
|
Тебя никто не беспокоит? | Сені ешкім мазаламайды ма?
|
Тебя никто не заставляет. | Сені ешкім мәжбүрлемейді.
|
Тебя обманули. | Сені алдап кетті.
|
Тебя послушать, тошнит. | Сені тыңдасам жүрегім айниды.
|
Тебя сглазили. | Саған көз тиген.
|
Тебя сдал твой человек. | Сені өз адамың сатып кетті.
|
Тебя такси ждёт. | Сені такси күтіп тұр.
|
Теперь без меня никуда не ходи. | Енді менсіз ешқайда кетуші болма.
|
Теперь будем встречаться чаще. | Енді жиі кездесетін боламыз.
|
Теперь буду знать. | Енді білетін боламын.
|
Теперь вот, не знаю, что мне делать. | Енді міне, не істерімді білмей отырмын.
|
Теперь вот, сожалею. | Енді міне, өкінемін.
|
Теперь вот, ты докатился до этого.
| Енді міне, осы жағдайға жеттің. 2. Енді міне осыған да жеттің.
|
Теперь всё встало на свои места. | Енді барлығы өз орнына түсті.
|
Теперь всё по-другому. | Енді бәрі басқаша.
|
Теперь всё поздно. | Енді бәрі кеш.
|
Теперь всё стало ясно. | Енді бәрі түсінікті болды.
|
Теперь Вы знаете где наш дом, приезжайте почаще. | Үйді көрдіңіз, енді жиі келіп тұрыңыз.
|
Теперь как мы его найдём? | Біз оны енді қалай тауып аламыз?
|
Теперь когда мне прийти к Вам? | Сізге енді қашан келейін?
|
Теперь когда ты приедешь к нам? | Енді қашан келесің біздікіне?
|
Теперь мне стало легче. | Көңілім енді орнына түсті.
|
Теперь можно и отдохнуть. | Енді демалуға да болады.
|
Теперь моя душа успокоилась. | Енді көңілім тынды.
|
Теперь мы не умрём. | Енді өлмеспіз.
|
Теперь мы ничего не сможем сделать. | Енді ештеңе істе алмаймыз.
|
Теперь на казахском языке скажи! | Енді қазақ тілінде айт!
|
Теперь на них нет надежды. | Олардан енді үміт жоқ.
|
Теперь на улице холодно, одевайтесь потеплее. | Енді далада суық, жылы киініп жүріңіз.
|
Теперь нам ничто не помешает поговорить. | Енді сөйлесуімізге ештеңе кедергі жасай алмайды.
|
Теперь нам осталось только ждать. | Енді бізге тек күту ғана қалды.
|
Теперь не попадайся мне на глаза! | Енді көзіме көрінуші болма! Енді көрінбе көзіме!
|
Теперь ничего делать не буду, пусть сами делают. | Енді ештеңе істемеймін, өздері істесін.
|
Теперь обижайся на себя. | Енді өзіңе өкпеле.
|
Теперь он от меня не отстанет. | Енді ол артымнан қалмайды.
|
Теперь понятно! | Енді түсінікті!
|
Теперь стало известно. | Енді белгілі болды.
|
Теперь так не будет. | Енді олай болмайды.
|
Теперь ты видишь? | Енді көрдің бе?
|
Теперь ты мне должен. | Енді маған қарыздар болдың.
|
Теперь ты не откажешься? | Енді бас тартпайсың ба?
|
Теперь ты никуда не пойдёшь. | Енді еш жерге бармайсың.
|
Теперь ты понял, что он за человек? | Ол қандай адам екенін енді түсіндің бе?
|
Теперь ты счастлив? | Енді бақыттымысың?
|
Теперь ты хочешь отомстить ему? | Енді одан кек алғың келе ма?
|
Теперь я могу уйти? | Кете берсем бола ма енді?
|
Теперь я начну новую жизнь. | Енді өмірімді жаңаша бастаймын.
|
Теперь я спокоен. | Енді көңілім орнына түсті.
|
Теперь я туда не пойду. | Енді онда бармаймын.
|
Терпение мое кончилось. | Шыдамым тауылды. 2. Сабырым таусылды.
|
Терпи! | Шыда!
|
Терпимо. | Шыдауға болады.
|
То тоже, а я думаю, где же видел? | Бәсе, қайдан көрдім десем?
|
То что я сказал, ты не проговорись ему. Пусть будет секретом. | Бұл айтқандарымды оған айтып қойма. Құпия болсын.
|
Товарищи, успокаивайтесь! | Жолдастар, тынышталыңыздар!
|
Тогда в чём проблема? | Онда мәселе неде?
|
Тогда вам повезло. | Онда жолыңыз болған екен.
|
Тогда встретимся через два часа. | Ендеше екі сағаттан соң жолығайық.
|
Тогда откуда они знают? | Ендеше олар қайдан біледі.
|
Тогда почему стесняешься? | Ендеше неге ұялып тұрсың?
|
Тогда сделаем вот так. | Онда былай істейміз.
|
Тогда ситуация сложная. | Онда жағдай қиын екен.
|
Тогда что нужно делать? | Сонда не істеу керек?
|
Тогда что скажешь? | Сонда не дейсің? 2. Сонда не айтасың?
|
Тогда что ты здесь потерял? | Енді мына жерде неге адасып жүрсін?
|
Тогда что я здесь делаю? | Олай болса мен не істеп жүрмін осында?
|
Тогда я пошёл. | Онда мен бара берейін.
|
Только бы он меня в покое. | Тек мені жайыма қалдырса болды.
|
Только для мужчин! | Тек қана ер-азаматтарға үшін!
|
Только из-за уважения к тебе. | Тек сені сыйлағандықтан ғана.
|
Только никому ничего не смей говорить. | Тек ешкімге ештеңе айтушы болма.
|
Только птичьего молока нет. | Құстың сүті ғана жоқ.
|
Только этого не хватало! | Сол ғана жетіспей тұр еді! 2. Жетпегені тек осы еді!
|
Точно не знаю. | Анығын білмеймін.
|
Трудно было понять. | Түсінуге қиын болды.
|
Туда принесёте. | Сонда әкелерсіз.
|
Тут ничего такого нет. | Мұнда тұрған ештеңе жок.
|
Тут рядом. | Мына тұрған жер ғой.
|
Ты думаешь, что так будет правильно? | Солай дұрыс болады деп ойлайсың ба?
|
Ты же собирался куда-то пойти. | Бір жерге барайын деп едін ғой.
|
Ты - моя мечта. | Сен - менің арманымсың.
|
Ты - радость моей жизни. | Сен - менің өмірімнің қуанышы.
|
Ты - часть моей жизни. | Сен менің өмірімнің бір бөлшегісің.
|
Ты ангел! | Сен періштесің!
|
Ты больше нас не беспокой, пожалуйста. Дай нам покой. | Енді бізді мазаламашы. Тыныштық берші.
|
Ты будешь все отрицать. | Бәрін теріске шығарасың.
|
Ты будешь приходить в любое время. | Кез келген уақытта келіп тұрасың.
|
Ты бы видел, как он обрадовался. | Оның қалай қуанғанын көрсең ғой.
|
Ты бы знал, как я волновался. | Қалай қобалжығанымды білсең ғой.
|
Ты бы мне просто помешал. | Маған тек бөгет болар едің.
|
Ты бы не смог помочь мне. | Сен маған көмек бере алмас едің.
|
Ты бываешь против решения родителей? | Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
|
Ты был молодцом! | Сен жарадың!
|
Ты был шутником. | Сен қалжыңбас болатынсың.
|
Ты была красивой, как королева. | Сен патшайымдай әдемі болдың.
|
Ты быстро вернулся. | Сен тез оралдың.
|
Ты в каких странах был? | Сен қай елде болдың?
|
Ты в какого-то влюбился? | Сен біреуге ғашық болдың ба?
|
Ты в каком классе учишься? | Сен қай сыныпта оқисың? 2. Сен нешінші сыныпта оқисың?
|
Ты в какую больницу ложишься? | Қай ауруханаға жатасың?
|
Ты в какую сторону пошёл (поехал)? | Сен қай тарапқа кеттің?
|
Ты в моём сердце. | Сен менің жүрегiмдесiң.
|
Ты в чёрном списке. | Сен қара тізімдесің.
|
Ты в это дело не лезь! | Сен бұл іске араласпа!
|
Ты в это не вмешивайся, понятно? | Сен бұған араласпа, түсінікті ме?
|
Ты веди себя нормально, или уноси ноги. | Сен өзіңді дұрыс ұста, немесе табаныңды жалтырат.
|
Ты веришь в приметы? | Сен ырымдарға сенесің бе?
|
Ты веришь его словам? | Сен оны сөзіне сенесің бе?
|
Ты веришь, что он сожалеет? | Сол өкініп отыр деп сенесің бе?
|
Ты вернулся? | Қайтып келдің бе? 2. Оралдың ба? 3. Қайтып келгенсің бе?
|
Ты весь дрожишь. – Немного замёрз. Сейчас пройдёт. | Дірілдеп тұрсың ғой. – Аздап тондым. Қазір қояды.
|
Ты видел водопад? | Құлама суды көрдің бе?
|
Ты видел президента? – Нет, не видел, только по телевизору (видел). | Сен президентті көрдің бе? – Жоқ, көрген жоқпын, тек қана теледидардан көрдім.
|
Ты влюблялся? | Сен ғашық болып көрдің бе?
|
Ты военный? | Сен әскери адамсың ба?
|
Ты вот как поступи... | Сен бүйт...
|
Ты вот можешь молча идти? Быстро закрой рот! | Осы сен үндемей жүре аласың ба? Тез аузыңды жап!
|
Ты врёшь. – Если я вру, пусть прямо сейчас меня проглотит земля. | Сен өтірік айтасың. – Өтірік айтсам, тап қазір жер жұтсын.
|
Ты вроде хороший парень. | Сен жақсы жігіт сияқтысың.
|
Ты всё ещё не можешь простить меня? | Мені әлі де кешіре алмай жүрсің бе?
|
Ты всё знал. – Но ты ничего не сказал. | Сен бəрін білдің. – Бірақ, ештеңе айтқан жоқсың.
|
Ты всё испортил! | Сен бәрін бүлдірдің!
|
Ты всё равно меня не понял бы. | Сен бәрібір мені түсінбес едің.
|
Ты всё равно не поймешь это. | Сен бәрі бір оны түсінбейсің.
|
Ты всё сам разрушил! | Сен өзің бәрін құрттың!
|
Ты всё сделал правильно. | Сен бәрін дұрыс жасадың.
|
Ты всегда портишь мне настроение. | Үнемі қөңіл-күйімді түсіресің.
|
Ты всегда так делаешь. | Сен осылай ылғи істейсің.
|
Ты всех раздражаешь. | Сен бәрін ұшықтырып жатырсың.
|
Ты вспоминаешь про меня раз в сто лет. | Мені жүз жылда бір еске аласың ғой.
|
Ты вспомнил? | Есіңе түстіме?
|
Ты встанешь, или нет? | Тұрамысың, жоқ па?
|
Ты выбрал? – Выбрал. – И что ты выбрал? | Таңдадың ба? – Таңдадым. – Таңдауың қандай болды?
|
Ты выглядишь моложе своего возраста. | Сен өз жасыңнан кіші көрінесің.
|
Ты выглядишь таким усталым. | Сондай шаршаңқы көрінесің.
|
Ты вызываешь меня один на один что ли? | Сен мені жекпе-жекпеге шақырып тұрсың ба?
|
Ты выйдешь за меня замуж? | Маған тұрмысқа шығасың ба?
|
Ты вылечился? | Жазылдың ба?
|
Ты вынудил меня так сказать. | Сол сөздерді айтуға мәжбүр еттің.
|
Ты вышла замуж? | Тұрмыс құрғансың ба?
|
Ты где был вчера вечером? – Как это где был? На работе был. | Кеше кешке қайда болдың? – Қайда болдың дегені несі? Жұмыста болдым.
|
Ты где сейчас находишься? | Сен қазір қайдасың?
|
Ты где этому научился? | Сен мұндайды қайдан үйренгенсің?
|
Ты где? Мы беспокоимся. | Қайдасың? Біз уайымдап жатырмыз.
|
Ты где-то деньги нашёл? | Бір жерден ақша тауып алдың ба?
|
Ты глухой что ли? – Я не глухой. | Құлағың керең бе? 2. Сен саңыраусың ба? – Құлағым керең емес.
|
Ты готов? – Думаю, что готов. | Дайынсың ба? – Дайынмын деп ойлаймын.
|
Ты давай не ври мне. | Маған өтірік айтпасаңшы.
|
Ты даёшь согласие? | Келісім бересің бе?
|
Ты далеко собрался? | Алысқа жиналдың ба?
|
Ты девочка умная. Сама, наверное, понимаешь. | Сен ақылды қызсың ғой. Өзің де түсінетін шығарсың.
|
Ты действуешь необдуманно. | Сен ойланбай әрекет етіп отырсың.
|
Ты для меня дорога. Не забывай об это никогда. | Сен мен үшін қымбатсың, соны ешқашан ұмытпа.
|
Ты для меня особенная девушка. Почему не понимаешь? – В чём моя особенность? – Ты не знаешь себе цену. Это делает тебя особенной. – Не расчетливая, невинная и очень красивая. |
Сен мен үшін ерекше қызсың. Неге түсінбейсің? – Менің ерекшелігім неде? – Сен өз бағаңды білмейсің. Сол сені ерекше етеді. – Есепшіл емессің, пәксің және өте әдемісің.
|
Ты для меня самый важный человек! | Сен мен үшін ең маңызды адамсын!
|
Ты для него только игрушка. | Ол үшін сен тек ойыншықсың.
|
Ты до сих не веришь что ли? | Әлі де сене алмай тұрсың ба?
|
Ты до сих пор где ходишь, а? | Осы уақытқа дейін сен қайда жүр¬сің-ей?
|
Ты до сих пор ещё ничего не понял? | Сен әлі ештеңе түсінген жоқсың ба?
|
Ты до сих пор не можешь простить меня? | Мені әлі де кешіре алмай жүрсің бе?
|
Ты до сих пор не оделся? Мы же опоздаем! | Сен әлі киінбегенсің бе? Кешігіп қаламыз ғой!
|
Ты до сих пор не понял? | Әлі түсінбедің бе?
|
Ты до сих пор не узнал меня? | Сен мені әлі таныған жоқсың ба?
|
Ты до сих пор ни разу не спросил, как у меня дела. | Осы уақытқа дейін бір рет қал-жағдайымды сұрамадың.
|
Ты до сих пор плачешь что ли? | Сен әлі жылап жүрсің бе? 2. Сен əлі жылап отырмысың?
|
Ты добрым становишься. | Мейірімді болып бара жатырсың.
|
Ты доволен? | Көңілің толды ма?
|
Ты должен знать. | Сен білуге тиіссің.
|
Ты должен попросить у него прощения. | Сен одан кешірім сұрауға тиіссің.
|
Ты должен терпеть. | Сен шыдауың керек.
|
Ты дома? | Үйдесің бе?
|
Ты достоин такой жизни. | Сен ондай өмірге лайықсың.
|
Ты думаешь, что он допустит это? | Ол бұған жол береді деп ойласың ба?
|
Ты думаешь, что меня кто-то научил этому? | Мұны маған біреу үйретті дейсің бе?
|
Ты думаешь, что он откажется? | Ол бас тартады деп ойлайсың ба?
|
Ты думаешь, что это невозможно? | Бұл мүмкін емес деп ойлайсың ба?
|
Ты думаешь, что я ничего не понимаю. | Сен мені ештеңе түсінбейді деп ойлайсың ба?
|
Ты думаешь, что я обманываю? | Мен өтірік айтып отыр деп ойлаймысың? 2. Алдап жүр деп ойлайсың ба?
|
Ты думаешь, что я тебя отпущу? | Сені жібере салады деймісің?
|
Ты дурак что ли? | Жындысың ба?
|
Ты его испугаешь. | Сен оны шошытып жіберерсің.
|
Ты его мать что ли? | Сен оның анасысың ба?
|
Ты его не жалей. | Сен оны аяма.
|
Ты его не знаешь. | Сен оны білмейсің. 2. Сен оны танымайсың.
|
Ты его не знаешь. | Сен оны танымайсың.
|
Ты его не уважаешь. | Сен оны қадірлеймейсің. 2. Сен оны құрметтемейсің.
|
Ты его очень сильно избаловал. | Сен оны тым қатты еркелетіп жібердің.
|
Ты его поймешь, когда поближе с ним познакомишься. | Оны жақынырақ танығанда түсінесің.
|
Ты его сильно избаловал. | Сен оны тым еркелетіп жібердің.
|
Ты его совсем не знаешь. | Сен оны мүлдем білмейсің.
|
Ты его убеди. – Он же не тот, кого можно убедить. | Сен оны көндір. – Ол көнетін адам емес қой.
|
Ты его, действительно, избил? | Сен оны шынымен де ұрып тастадың ба?
|
Ты ещё до сих пор не спишь? | Сен әлі ұйықтамадың ба?
|
Ты ещё здесь? | Сен әлі осындасың ба?
|
Ты ещё маленький. Подрастёшь, посмотрим. | Сен әлі кішкентайсың. Өскен соң көрерміз.
|
Ты ещё меня не знаешь, оказывается. | Мені әлі білмейді екенсің.
|
Ты ещё молод, ещё найдёшь свое счастье. | Сен әлі жассың, әлі-ақ бақытыңды табарсың.
|
Ты ещё не закончил? | Әлі аяқтамадың ба?
|
Ты ещё ответишь за это. | Бұл үшін әлі жауап бересің.
|
Ты ещё пожалеешь, что родился на этот свет! | Әлі өмірге келгенің өкінетін боласың!
|
Ты ещё приползёшь, будешь умолять меня. | Сен еңбектеп келіп, жалынатын боласың.
|
Ты ещё чьё-то сердце разбил? | Біреудің жүрегін тағы жараладың ба?
|
Ты ещё, оказывается, не забыл, как меня зовут. – Я не забыл Вас, и не забуду. | Менің атымды әлі ұмытпапсың ғой. – Естен шыққан емессіз, шықпайсыз да.
|
Ты же его не знаешь. | Сен оны білмейсің ғой.
|
Ты же его ненавидел. | Сен оны жек көретін едің ғой.
|
Ты же женщина, не вмешивайся в мужские дела! | Сенің затың әйел емес пе, ер адамның шаруасына араласпа!
|
Ты же меня не любишь. | Сен мені жақсы көрмейсің ғой.
|
Ты же мне обещал, что не будешь создавать проблем. | Сен маған проблема туғызбаймын деп уәде беріп едің ғой.
|
Ты же начитанный парень. Ответь на мой вопрос. | Сен білімді жігітсің ғой. Сұрағыма жауап берші.
|
Ты же не дурак. | Сен жынды емессің ғой.
|
Ты же не знаешь какой он. | Сен ол қандай екен білмейсің ғой.
|
Ты же не знаешь какой он. | Сен оның қандай екенін білмейсің ғой.
|
Ты же не каждый день приезжаешь. | Сен күнде келіп жатқан жоқсың ғой.
|
Ты же не ребёнок. | Сен бала емессің ғой.
|
Ты же не такая женщина. | Сен ондай әйел емессің ғой.
|
Ты же не такой. | Сен ондай емессің ғой.
|
Ты же не уедешь? – Сегодня я буду здесь. | Сен кетпейсің ғой? – Мен бүгін осында боламын.
|
Ты же ничего не знаешь. | Сен ештеңе білмейсің ғой.
|
Ты же опоздаешь в школу. | Мектебіңе кешігесің ғой.
|
Ты же про это хотела спросить? | Сен сол туралы сұрайын деп едің ғой?
|
Ты же сам видишь. | Өзің көріп тұрсын ғой.
|
Ты же сам говорил. | Сен өзің айтып едің ғой.
|
Ты же сам хотел. | Сен өзің қалап едің ғой.
|
Ты же только что домой собирался? | Сен жаңа үйге кетіп бара жатыр едің ғой.
|
Ты женился? | Үйлендің бе?
|
Ты женщина, не понимающая слов. | Сен сөз ұқпайтын әйелсің.
|
Ты жив-здоров, брат? | Аман-сау бармысың, бауырым?
|
Ты живой? – Ещё живой. | Тірімісің? – Әлі тірімін.
|
Ты за всё ответишь. | Бәрі үшін жауап бересің.
|
Ты за кого меня принимаешь? | Сен мені кім деп отырсың?
|
Ты за нас не переживай. | Сен біз үшін уайымдама.
|
Ты заблудился что ли? | Адасып қалдың ба?
|
Ты забыл что ли? | Ұмытып қалғансың ба?
|
Ты забыл, что было вчера? | Кеше не болғанын ұмытып қалдың ба?
|
Ты завтра сможешь прийти? | Сен ертең келе аласың ба?
|
Ты задаёшь много вопросов. | Сен көп сұрақ қоясың.
|
Ты заходил во внутрь юрты? | Киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе?
|
Ты зачем его привёл сюда? – Тебя кто-то просил приводить его сюда? | Оны бұл жерге неге ертіп келдің? – Сені біреу оны ертіп кел деп сұрады ма?
|
Ты зачем из мухи слона делаешь? | Сен неге түймедейді түйедей етіп отырсың?
|
Ты зачем пришёл? – Так, просто. | Сен неге келдің? – Жәй, әншейін.
|
Ты зачем сюда пришёл? | Сен мында неге келдің?
|
Ты зачем это сделал? | Сен оны не үшін істедің?
|
Ты здесь ночевал? | Осында қондың ба?
|
Ты здесь остаёшься. | Сен осында қаласың.
|
Ты здесь хочешь остаться? | Осында қалғың келе ме?
|
Ты здоров? | Тәуірсің бе?
|
Ты злишься на меня? | Маған ашуланып тұрсың ба?
|
Ты знаешь вон ту девушку? | Сен анау қызды танисың ба?
|
Ты знаешь для чего я тебя позвал? | Сені не үшін шақырдым, білесің бе?
|
Ты знаешь моё прошлое. | Сен менің өткенімді білесің.
|
Ты знаешь, кто его спас? | Оны кім құтқарғанын білесің бе?
|
Ты знаешь, почему я так сделал. | Неге олай істегенімді сен білесің.
|
Ты знаешь, что будет, если он узнает? | Егер ол біліп қойса, не болатынын білесің бе?
|
Ты знаешь, что я хочу? | Менің қалайтынымды білесің бе?
|
Ты зря его огорчил. | Оны бекер қынжылттың.
|
Ты зря не беспокойся. | Бекер әуре болма.
|
Ты зря это сделал. | Бұны бекер істедің.
|
Ты и вправду сумасшедший. | Сен шынында да жындысың.
|
Ты и раньше была исключительно красивой, а теперь, вообще, огонь. | Бұрын да асқан сұлы едің, қазір тіпті от болып тұрсын ғой.
|
Ты и сам все понял, наверное. | Өзің де түсінген шығарсың.
|
Ты и сам знаешь об этом. | Оны өзің де білесің ғой.
|
Ты и этого не знаешь? | Соны да білмейсің бе?
|
Ты играешь на домбре? | Сен домбыра тарта аласың ба?
|
Ты иди, и я сейчас подойду. | Сен бара бер, мен де қазір жетемін.
|
Ты иди, я тебе догоню. | Сен бара бер, мен қуып жетемін.
|
Ты избавил нас от этой беды. | Сен бізді бұл бәледен құтқардың.
|
Ты изменил всю мою жизнь. | Сен менің бүкіл өмірімді өзгерттің.
|
Ты как ангел. | Сен періште сияқтысың.
|
Ты как будто злишься на меня. | Маған ашулы сияқтысын ғой.
|
Ты как думаешь? | Сен қалай ойлайсың?
|
Ты как не поймешь? | Сен қалай түсінбейсің?
|
Ты когда перестанешь всё говорить матери? | Сен қашан қоясын анаға бәрін айтуды?
|
Ты когда прекатишь издеваться? | Мазақ еткенді қашан қоясың?
|
Ты когда прекратишь хвалиться? | Мақтанғанды қашан қоясың?
|
Ты когда приехал (пришёл)? – Только что пришёл (приехал). | Қашан келіп қалдың? 2. Сен қашан келдің? – Жаңа ғана келдім. – Келген бетім осы.
|
Ты когда сможешь прийти (приехать)? | Сен қашан келе аласың?
|
Ты когда это узнал? | Сен оны қашан білдің?
|
Ты кого ждёшь? | Кімді күтіп тұрсың?
|
Ты кого ищешь? | Сен кімді іздеп жүрсің?
|
Ты кого-то ждёшь? | Біреуді күтіп тұрсың ба?
|
Ты красивее всех. | Бәрінен де сен сұлу.
|
Ты кто такой вообще? Как ты можешь со мной так говорить? | Сен соншама кім едің? Маған солай сөйлеуге қалай дәтің барады
|
Ты кто, чтобы давать мне советы? | Сен маған ақыл айтатын кімсің?! 2. Сен маған ақыл айтатын кім едің?!
|
Ты куда пошёл (поехал)? | Қайда кеттің?
|
Ты куда смотришь? | Сен қайда қарап тұрсың?
|
Ты куда спешишь? – Спешу домой. | Қайда асығып бара жатырсың? – Үйге асығып тұрмын.
|
Ты куда убегаешь? | Сен қайда қашып бара жатырсың? 2. Сен қайда қашып барасың?
|
Ты куда уходишь всё время? | Қайда кете бересің?
|
Ты куда ушёл? | Сен қайда кетіп қалдың?
|
Ты куда шёл? | Қайда бара жатыр едің?
|
Ты куда это собрался идти? | Сен өзің қайда барайын деп едің?
|
Ты куда-то собираешься? | Сен бір жаққа кетіп барасың ба?
|
Ты куда-то торопишься идти? | Сен бір жаққа баруға асығып отырсың ба?
|
Ты лжец. | Сен өтірікшісің.
|
Ты ложись, отдохни, а то опьянеешь. | Сен жатып дем ал. Ләйліп қаласың.
|
Ты лучше меня послушай. | Сен одан да мені тыңда.
|
Ты маленькая девочка что ли? | Сен не кішкентай қызсың ба?
|
Ты меня будешь ждать? | Сен мені күтесің бе?
|
Ты меня выгоняешь что ли? | Сен мені қуып жатырсың ба?
|
Ты меня заинтересовал. | Сен мені қызықтырдың ғой.
|
Ты меня искал? | Сен мені іздедің бе?
|
Ты меня напугал. | Зәремді алдың ғой.
|
Ты меня не любишь. У тебя в мыслях только футбол! | Сен мені сүймейсің. Ойыңда тек қана футбол!
|
Ты меня не перебивай. | Сөзімді бөлме.
|
Ты меня не понял. | Мені түсінбей қалдың. 2. Мені түсінбедің.
|
Ты меня не принижай. | Сен мені төмендетпе.
|
Ты меня не пугай, пожалуйста. | Сен мені қорқытпашы.
|
Ты меня не торопи. | Сен мені асықтырма.
|
Ты меня не удивил. | Мені таң қалдырмадың.
|
Ты меня не узнаёшь? | Мені танымай тұрсың ба?
|
Ты меня не узнаёшь? | Мені танымай тұрсың ба?
|
Ты меня не узнал что ли? | Сен мені танымай қалдың ба?
|
Ты меня ненавидишь? | Мені жек көресің бе?
|
Ты меня никогда не обманывал. | Сен маған ешқашан өтірік айтқан емессің.
|
Ты меня никогда не слушаешься. | Сен мені ешқашан тыңдамайсың.
|
Ты меня обижаешь. | Сен мені ренжітіп тұрсың.
|
Ты меня осчастливил. | Сен мені бақытты еттің.
|
Ты меня поддерживаешь? | Мені қолдайсың ба?
|
Ты меня понимаешь? | Сен мені түсініп отырсың ба?
|
Ты меня прости, я ругал тебя, чтобы ты был лучше. | Мені кешір, сені жақсы болсын деп қана ұрыстым.
|
Ты меня раскусил. – Как же легко тебя раскусить. | Сен менің құпиямды ашып қойдың. – Құпияңды ашу қандай онай екен.
|
Ты меня с кем-то перепутал. | Сен мені біреумен шатастырып алдың.
|
Ты меня сильно порадовал. | Сен мені қатты қуанттың.
|
Ты меня слышишь? | Сен мені естіп отырсың ба?
|
Ты меня сможешь простить? | Мені кешіре аласың ба?
|
Ты меня сможешь простить? | Мені кешіре аласың ба?
|
Ты меня спас. | Сен мені құтқарып қалдың.
|
Ты меня убьёшь. | Сен мені өлтіретін болдың.
|
Ты меня удивил. | Сен мені таң қалдырдың.
|
Ты меня узнаёшь? | Мені танып тұрсың ба?
|
Ты мне говоришь что ли? | Сен маған айтып тұрсың ба?
|
Ты мне должен. | Сен маған қарызсың.
|
Ты мне кто? | Сен маған кімсің?
|
Ты мне не веришь что ли? | Маған сенбей тұрсың ба? 2. Маған сенбеймісің?
|
Ты мне ничем помочь не сможешь! – И никто не сможет помочь. | Сен маған ештеңемен көмектесе алмайсың! – Және ешкім де жәрдем ете алмайды.
|
Ты мне нравишься | Мен сені ұнатамын. 2. Сен маған ұнайсың.
|
Ты мне нужен. | Сен маған керексің.
|
Ты мне характер свой не показывай. | Маған мінезіңді көрсетпе.
|
Ты мне часто снишься. | Менің түсіме жиі кіресің.
|
Ты мне что-то сказал? | Сен маған бірдеңе дедің бе?
|
Ты много куришь. | Темекіні көп тартады екенсіз.
|
Ты моё счастье. | Сен менің бақытымсың.
|
Ты можешь всё! | Сенің қолыңнан бәрі келеді! 2. Сенің қолыңнан келмейтін іс жоқ.
|
Ты можешь вызвать такси? | Такси шақыртып бересің бе?
|
Ты можешь завтра не приходить. | Ертең келмей-ақ қойсаң болады.
|
Ты можешь идти по своим делам. | Шаруаларыңа бара бер.
|
Ты можешь мне помочь? | Маған көмектесе аласың ба?
|
Ты можешь ходить спокойно (не лезть на рожон)? | Ты¬ныш жүрмейсің бе?
|
Ты можешь хранить секреты? | Сен құпияны сақтай аласың ба?
|
Ты мой единственный друг, больше никому я не верю. | Жалғыз досым сен ғана, басқа ешкімге сенбеймін.
|
Ты мужчина – тебе можно. Но женщинам не разрешается. | Сен еркексің – саған болады. Бірақ әйелдерге рұқсат етілмейді.
|
Ты на какой автобус садишься? | Сен қай автобусқа мінесің?
|
Ты на каком языке говоришь? – Я говорю на казахском языке. | Сен қай тілде сөйлейсің? – Мен қазақ тілінде сөйлеймін.
|
Ты на кого меня бросил? | Мені кімге тастадың?
|
Ты на кого похож? | Кімге тарттың?
|
Ты на себя сначала посмотри. | Сен өзің түріне қарап алшы бірінші. 2. Сен алдымен өзіңе қарап ал.
|
Ты на такси приехал? | Таксимен келдің бе?
|
Ты на это ничего не скажешь? | Сен бұған ештеңе демейсің бе?
|
Ты надолго приехал? – Пока неизвестно. | Көпке келдің бе? – Әзірше белгісіз.
|
Ты найдешь своё счастье. | Сен өз бақытыңды табасың.
|
Ты нам всем нравишься. | Сен бәрімізге ұнайсың.
|
Ты нам не чужой. | Сен бізге бөтен емессің.
|
Ты напрасно себя винишь. | Сен өзіңді бекер кінәлайсың.
|
Ты нас сильно напугал. | Сен бізді қатты қорқыттың.
|
Ты нас считаешь глупцами? | Бізді ақымақ санайсың ба?
|
Ты нас хочешь погубить? | Сен бізді құртайын дедің бе?
|
Ты настоящая звезда! | Сен нағыз жұлдызсың!
|
Ты настоящий друг. | Сен нағыз доссың.
|
Ты нашёл где переночевать? | Жататын жер таптың ба?
|
Ты не был таким плохим человеком. | Ондай нашар адам болмайтын едің ғой.
|
Ты не в моём вкусе. | Сен менің талғамыма сай емессің. 2. Сен менің талғамыма сай келмейсің?
|
Ты не в счёт. | Сен есепке алып тұрған жоқсың.
|
Ты не видела мою любимую книгу? | Менің сүйікті кітабым көрдің бе?
|
Ты не видишь что ли? | Көзіне қарамайсың ба?
|
Ты не вмешивайся. | Сен араласпай отыр.
|
Ты не думай, что я простил тебя. | Мен сені кешірді деп ойлама.
|
Ты не забудешь про это обещание? | Бұл уәдеңді ұмытып кетпейсің бе?
|
Ты не забыл? | Ұмытып қалған жоқсың ба?
|
Ты не занят? | Сенің қолың бос па?
|
Ты не заходи слишком! | Қатты кетпе!
|
Ты не злишься? | Сен ашуланып тұрған жоқсын ба?
|
Ты не знаешь, как от меня избавиться что ли? | Сен менен құтыла алмай отырсың ба?
|
Ты не знал что ли? | Білмеп пе едің?
|
Ты не идешь на работу? | Сен жұмысқа бармайсың ба?
|
Ты не можешь ходить спокойно? | Тыныш жүрмейсің бе?
|
Ты не мужчина! | Сен еркек емессің!
|
Ты не обидишься? | Сен ренжіп қалмайсың ба?
|
Ты не ошибся? | Қателескен жоқсың ба?
|
Ты не перебивай! Лучше хорошенько выслушай! | Сен сөзді бөлме! Оданда дұрыстап тыңда!
|
Ты не поговоришь со мной? | Менімен сөйлеспейсің бе?
|
Ты не пойдёшь (поедешь) со мной? | Менімен бармайсың ба?
|
Ты не поймёшь. | Сен түсінер емессің.
|
Ты не помнишь что ли? | Есіңде жоқ па?
|
Ты не понимаешь всей серьезности положения. | Сен жағдайдың маңыздылығын түсінбейсің.
|
Ты не преувеличивай, пожалуйста. | Асыра сілтемеші.
|
Ты не примешь никаких мер что ли? | Сен ешқандай шара қолданбайсың ба?
|
Ты не против? | Қарсы емессің бе?
|
Ты не сделал бы это ради меня? | Бұны мен үшін жасамас па едің?
|
Ты не сказал, что приедешь (придёшь). | Келемін деп айтпадың.
|
Ты не скрывай от меня. – А что скрывать? Скрывать мне нечего. | Сен менен жасырма. – Жасырайтын несі бар? Жасырайтын ештеңе жоқ.
|
Ты не слышал, что я говорил? | Сен менің не дегенімді естімедің бе?
|
Ты не слышишь? Я тебе говорю. | Сен естімей отырсың ба? Саған айтып отырмын.
|
Ты не сможешь меня обмануть. | Мені алдай алмайсың.
|
Ты не сможешь сбежать. | Қашып кете алмайсың.
|
Ты не справишься с ним. | Сен оны жеңе алмайсың.
|
Ты не такой, как все. – Да, я не такой, как все. | Сен басқалар сияқты емессің. – Иә, мен басқалардай емеспін.
|
Ты не хочешь здесь остаться? | Осында қалғың келмей ме?
|
Ты не хочешь со мной говорить? | Менімен сөйлескің келмей ме?
|
Ты не хочешь со мной поделиться? | Менімен бөліскің келмей ме?
|
Ты не хочешь спросить про мою личную жизнь? Тебе совсем не интересно? – По-моему, с личной жизнью у тебя всё в порядке. |
Жеке өмірім туралы сұрамайсың ба? Саған мүлдем қызық емес пе? – Менің ойымша, жеке өміріңде бәрі дұрыс сияқты.
|
Ты не член нашей семьи, поэтому не вмешивайся! | Сен біздің отбасы мүшесі емессің, сондықтан араласпа!
|
Ты неважно выглядишь. Что случилось? | Өңің қашып кетіпті ғой. Не болған?
|
Ты невесть, что несёшь. | Қайдағы жоқты айтады екенсің.
|
Ты ни в чём не будешь нуждаться. – Я не нуждаюсь. |
Ештеңе мұқтаж болмайсың. – Мұқтаж емеспін.
|
Ты никуда не уйдёшь. | Сен ешқайда кетпейсің.
|
Ты ничего другого сказать не можешь что ли? | Басқа ештеңе айта алмайсың ба?
|
Ты ничего не заметил? | Сен ештеңе байқамадың ба?
|
Ты ничего не натворил? | Ештеңе бүлдірмедің бе?
|
Ты ничего не помнишь? | Есіңде ештеңе жоқ па?
|
Ты ничего не хочешь мне сказать? | Маған ештеңе айтқың келмей ме?
|
Ты ничего никому не говори. | Сен ешкімге ештеңе айтпа.
|
Ты нормально экзамены сдал? | Емтиханды жақсы тапсырдың ба?
|
Ты нужен, как воздух. | Сен ауадай қажетсің.
|
Ты о ком думаешь? | Сен кімді ойлап отырсың?
|
Ты обещаешь? | Уәде бересің бе?
|
Ты обиделся на мои слова? | Менің сөзіме ренжіп қалдың ба? 2. Менің айтқандарыма ренжіп қалдың ба?
|
Ты обязан дать. | Сен беруге тиістісің.
|
Ты опоздаешь. Иди. | Кешігіп қаласың. Бар.
|
Ты опоздал. | Сен кешіктің.
|
Ты опозорил меня и мою семью. | Мені және отбасымды масқара еттің.
|
Ты опять всё испортил. | Тағыда да бәрін бүлдердің ғой.
|
Ты опять пьёшь? – Не мучай меня, и без того дела у меня не очень. |
Тағы да ішіп отырмысың? – Қинамашы мені, онсыз да жағдайым мәз емес.
|
Ты ответишь за каждую мою слезинку. – Перед кем? | Менің әрбір көз жасым үшін жауап бересің! – Кімнің алдында?
|
Ты ответишь и перед Богом, и перед законом! | Құдайдың алдынан да, заңның алдында да жауап бересің!
|
Ты ответь на мой вопрос. | Сен сұрағыма жауап берсеңші.
|
Ты откуда взялся? | Сен қайдан шықтың өзі?
|
Ты откуда знаешь? Может он хороший. | Сен қайдан білесің? Мүмкін ол жақсы шығар.
|
Ты откуда узнал, что я здесь? | Менің мұнда екенімді қайдан білдің?
|
Ты очень высоко себя ценишь. | Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың.
|
Ты очень красивая. | Сен өте әдемісің.
|
Ты очень наблюдательный. | Сен өте байқағышсың.
|
Ты ошибаешься. | Сен қателіп жүрсің. 2. Сен қателесесің.
|
Ты переходишь границы дозволенного. | Тым шектен шығып барасың.
|
Ты пишешь стихи? | Өлең жазып жүрсің бе?
|
Ты по пояс завяз в болоте. | Сен батпаққа белшеден баттың.
|
Ты погладила мне белую рубашку? | Ақ көйлегімді үтіктеп қойдың ба?
|
Ты подал заявление на развод? – Ещё не подал. Мне нужно подумать. |
Ажырасуға арыз бердің бе? – Әлі бергенім жоқ. Ойлануым керек.
|
Ты подготовился к экзамену? | Емтиханға дайындалдың ба?
|
Ты подоила корову? Иди, подои. | Сиыр саудың ба? Бар, сауып кел.
|
Ты подстриг ногти? | Тырнағыңды алдың ба?
|
Ты подстригся? | Шашыңды қидырғансың ба?
|
Ты пойдёшь на рыбалку? | Балық аулауға барасың ба?
|
Ты пойми нас правильно. | Сен бізді дұрыс түсің.
|
Ты пойми, мы желаем тебе только добра. | Түсінсеңші, біз саған тек қана жақсылық тілеп отырмыз.
|
Ты пока посиди в этой комнате. | Сен әзірше мына бөлмеде отыра тұр.
|
Ты полоумный что ли? | Жарымессің бе?
|
Ты помнишь? | Есіңде ме?
|
Ты понимаешь, что говоришь? | Не айтып отырғаныңды білесің бе?
|
Ты понимаешь, что ты натворил? | Не бүлдіргеніңді түсінесің бе?
|
Ты понял, что я тебе сказал? | Сен айтқанымды түсіндің бе?
|
Ты поправился что ли? | Толып кеткенсің бе өзі?
2. Толғансың ба өзі?
|
Ты попросил прощения у Кайрата? – Да, я попросил у него прощения. |
Сен Қайраттан кешірім сұрадың ба? – Иә, одан кешірім сұрадым.
|
Ты посиди, пожалуйста, я пойду посмотрю. | Сен отырып тұршы, мен көріп келемін.
|
Ты посмотри на меня, я похож на глупца? | Маған қарашы, мен ақымаққа ұқсаймын ба?
|
Ты посмотри на себя. Что с тобой стало? | Сен өз түріңе қарашы. Не болып кеткенсің?
|
Ты посмотри на это! | Мынаны қарашы!
|
Ты посмотри на этого дурака! | Мына ақымаққа қарашы!
|
Ты посмотри, у людей дети, как дети! | Жұрттың баласын қарашы!
|
Ты посмотри, что натворил этот сукин сын! | Анау иттің баласының істегенін қара!
|
Ты посмотри-ка на этих двоих. | Мына екеуінің жүрісін қарашы.
|
Ты постоянно придумываешь какие-то глупости. | Сен үнемі қайдағы бір ақымақтық шығарып жүресің.
|
Ты постоянно ходишь усталым. | Ылғи шаршап жүресің.
|
Ты потерял контроль над собой. | Сен өзіне ие бола алмай қалдың.
|
Ты потом, когда повзрослеешь поймёшь. | Сен кейін есейе келе түсінесің.
|
Ты похорошела. | Сен ажарланып кетіпсің.
|
Ты почему врёшь? | Неге өтірік айтасың?
|
Ты почему до сих пор в школу не ушёл? | Сен неге әлі мектебіңе кетпегенсің?
|
Ты почему его в дом не впустил? | Сен оны неге үйге кіргізбедің?
|
Ты почему за глаза распускаешь сплетни про меня? | Неге сыртымнан мен туралы өсек айтасың?
|
Ты почему к нему придираешься? | Сен неге оған тиісіп жатырсың?
|
Ты почему кричишь? | Неге бақырасың?
|
Ты почему меня обманул? | Мені неге алдадың?
|
Ты почему молчишь? | Сен неге үндемейсің?
|
Ты почему на меня кричишь? | Сен неге маған бақырасың?
|
Ты почему не в настроении? | Неге көңілсізсің?
|
Ты почему не выполнил домашнее задание? | Неге үй тапсырмасын орындамай келдің?
|
Ты почему не заплатил за квартиру? | Пәтер ақысың неге төлемедің?
|
Ты почему не здороваешься? | Сен неге амандаспайсың?
|
Ты почему не ложишься спать? | Сен неғып ұйықтамай жүрсің?
|
Ты почему не можешь ходить спокойно? | Сен неге тыныш жүре алмайсың?
|
Ты почему не пришёл? | Сен неге келмедің?
|
Ты почему не спишь? | Сен неғып ұйықтамай отырсың?
|
Ты почему обманываешь? | Неге алдайсың?
|
Ты почему перед приходом не позвонишь? | Келер алдында неге қоңырау шалмайсың?
|
Ты почему плачешь? Ты почему плачешь, я тебе говорю? – Я кому говорю. Не плачь! |
Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған? – Мен кімге айтып тұрмын. Жылама!
|
Ты почему пререкаешься со взрослыми? | Сен неге үлкендердің әңгімесіне жағаласасың?
|
Ты почему прячешься? | Сен неге тығылып жатырсың?
|
Ты почему сам в себя не веришь? | Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?
|
Ты почему спрашиваешь? | Сен неге сұрап жатырсың?
|
Ты почему так сделал? | Сен неге олай істедің?
|
Ты почему такой? | Сен неге сондайсың?
|
Ты почему толкаешь? | Сен неге итересің?
|
Ты почему усложняешь ситуацию? | Жағдайды неге қиындатасың?
|
Ты правду говоришь? | Сен шын айтып тұрсың ба?
|
Ты правильно говоришь. | Дұрыс айтасың.
|
Ты прекращай говорить: «не знаю». | Сен “білмеймінді” қой.
|
Ты прекращай нести чушь! | Сандырақтағаныңды қой!
|
Ты прекращай такое, пожалуйста. | Осындайды қойшы енді.
|
Ты привык мерить всё деньгами. | Бәрін ақшамен өлшеп үйренген екенсің.
|
Ты придёшь? | Сен келесің бе?
|
Ты приносишь несчастья. | Сен бақытсыздық әкелесің.
|
Ты присмотри за ним. | Сен осыған көз бол.
|
Ты проводишь меня? | Мені шығарып саласың ба?
|
Ты продолжай поиск. | Сен іздестіре бер.
|
Ты пропил все свои мозги! | Миыңның бәрін ішіп қойғансың!
|
Ты прописался по месту жительства? | Тұратын жерде тіркелдің бе?
|
Ты проснулся? | Ояндың ба?
|
Ты проспал что ли? | Ұйықтап қалдың ба?
|
Ты прости меня, ладно? Давай будем, как раньше, друзьями. | Сен кешірші мені, жарай ма? Бұрынғыдай дос болайықшы.
|
Ты простишь меня? – Да. Конечно, прощу. |
Кешіресің бе мені? – Иә. Әрине, кешіремін.
|
Ты разбаловался. | Сен еркелелетіп кеттің.
|
Ты разве дал мне возможность говорить? | Сен маған сөйлеуге мүмкіндік бердің бе?
|
Ты разве с ним знаком? | Сен оны танушы едің бе?
|
Ты располагайся. | Сен жайғаса бер.
|
Ты с кем? | Кімменсің?
|
Ты с нами не пойдёшь (не поедешь) что ли? | Сен бізбен бармайсың ба?
|
Ты с нами пойдёшь (поедешь)? | Бізбен барасың ба?
|
Ты с ним встретился? – Да, встретился. | Сен онымен жүздестің бе? – Иә, жүздескенмін.
|
Ты с сегодняшнего дня свободен. | Сен бүгіннен бастап боссың.
|
Ты с ума сошёл? | Ақылыңнан адастың ба? 2. Есіңнен адастың ба?
|
Ты с этим не можешь смириться? | Сен осыған көне алмай жүрсің?
|
Ты сам веришь в это? | Сен өзің бұған сенесің бе?
|
Ты сам знаешь, что сказать. | Өзің білесің не айтуды.
|
Ты сам знаешь, я тебе в этом деле не советчик. | Өзің білесің, мен саған бұл істе ақылшы емеспін.
|
Ты сам об этом сказал только что. | Мұны жаңа ғана өзің айтың ғой.
|
Ты сам обещал. | Өзің уәде еттің ғой.
|
Ты сам что делал? | Өзің не істедің?
|
Ты сам этого захотел. | Осындай болғанын өзің қаладың.
|
Ты самая красивая девочка в мире. | Сен дүниедегі ең сұлу қызсың.
|
Ты самая лучшая мама на свете! | Сен әлемдегі ең керемет анасың!
|
Ты самый хороший человек в мире! | Сен әлемдегі ең жақсы адамсың!
|
Ты сдал экзамен? | Сен емтиханды тапсырдың ба?
|
Ты сделаешь, что я сказал? | Менің айтқанымды орындайсың ба?
|
Ты сделал больно моей руке. | Қолымды ауырттың ғой.
|
Ты сделал всё, что мог. | Қолыңнан келгенді бәрін істедің.
|
Ты себя совсем измучил. | Өзіңді өзің қинап біттің.
|
Ты сегодня был молодцом. | Сен бүгін жарадың.
|
Ты сегодня куда-то поедешь (пойдёшь)? | Сен бүгін бір жаққа барасың ба?
|
Ты сегодня уезжаешь? | Бүгін кетесің бе?
|
Ты сейчас всё поймёшь. | Қазір бәрін түсінесің.
|
Ты следишь за мной что ли? | Сен мені андып жүрсің бе?
|
Ты слепо влюбился. | Сен көзсіз ғашық болыпсың
|
Ты сломал мою жизнь. | Сен өміріме балта шаптың.
|
Ты слушаешь меня? | Сен мені тыңдап отырсың ба?
|
Ты слышал новость? | Жаңалықты естідің бе?
|
Ты слышал, мы все-таки переезжаем в Астану. | Естідің бе, Астанаға көшетін болдық қой.
|
Ты слышал, наверное. | Естіп жатқан шығарсың.
|
Ты слышал, что он сказал? | Мынау не деді, естідің бе? 2. Не айтқанның, естідің бе?
|
Ты сможешь? | Қолыңнан келе ме?
|
Ты смотри на дорогу, не спотыкаясь, ты посмотри на него, как слепой идёт! | Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!
|
Ты сначала на себя посмотри. | Сен алдымен өзіңе қарап ал.
|
Ты сначала сделай то, что я сказал. | Сен әуелі менің айтқанымды жаса.
|
Ты снова упал? | Сен қайтадан құладың ба?
|
Ты собрался на работу? | Сен жұмысқа барғалы жатырсың ба?
|
Ты совершаешь глупость. | Сен ақымақтық жасап жүрсің.
|
Ты совершаешь преступление. | Сен қылмыс жасап отырсың.
|
Ты совсем не изменился с детства. | Бала кезіңнен бері мүлдем өзгермегенсің.
|
Ты согрелся? | Жылынып қалдың ба?
|
Ты специально сделал? | Сен әдейі істедің бе?
|
Ты стал прекрасным джигитом. | Керемет жігіт болып шыға келдің.
|
Ты стала красавицей! | Сұлу болып кетіпсің!
|
Ты становишься деспотом. | Зұлым болып барасың.
|
Ты съездил в Семей? | Семейге барып келдің бе?
|
Ты сыт, одет. Живёшь беззаботно.
| Қарның тоқ, киімің бүтін. Рахаттанып өмір сүріп жатырсың.
|
Ты так боишься своей свекрови? – Совсем не боюсь | Енеңнен сонша қорқасың ба? – Мүлдем қорықпаймын.
|
Ты так напугал меня. | Зәремді ұшырдың ғой менің.
|
Ты так недовольна мной? Тогда подавай заявление на развод. | Маған соншалықты көңілің толмай ма? Онда ажырасуға арыз бер.
|
Ты так хорошо сказал: коротко и ясно. | Сен сондай жақсы айттың: қысқа әрі нұсқа.
|
Ты такая красивая! | Сен сондай сұлусың!
|
Ты такой классный! | Сен сондай кереметсің!
|
Ты такой романтик! | Сен сондай романтиксың!
|
Ты такой упрямый. | Сен сондай қасарыспасың.
|
Ты там был что ли? | Сен онда болдың ба?
|
Ты тоже вспоминаешь то, что было 40 лет назад. | Сен де бір қырық жылғыны ұмытпайды екенсің.
|
Ты тоже из ничего делаешь трагедию. | Сен де жоқ нәрседен трагедия жасайды екенсің.
|
Ты тоже не знал? | Сен де білмеуші едің?
|
Ты тоже такой же. | Сен де сондайсың.
|
Ты только мне верь. | Сен тек маған сен.
|
Ты только начал меня понимать. | Сен мені енді түсіне бастадың.
|
Ты только не злись. | Сен тек ашуланба.
|
Ты только о себе думаешь. | Сен тек өзіңді ойлайсың.
|
Ты уделяешь ему внимание? – Конечно, я уделяю ему внимание. | Оған көңіл бөліп жатырмысың? – Әрине, оған көңіл бөлемін.
|
Ты удивлен? | Таң қалып тұрсың ба?
|
Ты уедешь, а я здесь останусь. | Сен кетесің, ал мен осы жерде қаламын.
|
Ты уже в сотый раз спрашиваешь. | Сен осымен жүзінші рет сұрап жатырсың.
|
Ты уже взрослый должен понять. | Сен бой жеттің, түсінуге тиістісің.
|
Ты узнай это, пожалуйста. | Сен соны білші.
|
Ты уладил это дело? – Уладил. | Сен ол істі реттедің бе? – Реттедім.
|
Ты умеешь водить машину? – Да, умею. | Сен машина айдай аласың ба? – Иә, айдай аламын.
|
Ты умеешь петь? Или умеешь танцевать? – Тогда что ты умеешь делать? | Сен ән айта аласың ба? Әлде билей аласың ба? – Сонда сен не істей аласың?
|
Ты устал с долгой дороги. Давай покушай и отдыхай. | Ұзақ жолдан шаршап келдің. Тамағың ішіп, демал.
|
Ты устал? – Нет, я не устал. | Шаршадың ба? – Жоқ, шаршаған жоқпын.
|
Ты учил уроки? – Нам не задавали. | Сабағыңды оқыдың ба? – Бізге сабақ берген жоқ.
|
Ты хорошо вышел (на фотографии). | Сен жақсы шығыпсың .
|
Ты хотя бы поздоровайся. | Ең болмағанда, амандас.
|
Ты хочешь разбить моё сердце? | Жүрегімді жаралап кеткің келе ме?
|
Ты хочешь сказать, что это я заставил? | Мен мәжбүрледі демексің бе?
|
Ты хочешь стать миллионером что ли? | Миллионер болайын деп жүрсің бе?
|
Ты хочешь убить меня? | Мені өлтіргің келе ме?
|
Ты хочешь узнать правду? | Шындықты білгің келе ме?
|
Ты хочешь, чтобы я врал? | Өтірік айтқанымды қалайсың ба?
|
Ты хуже других что ли? | Басқалардан кемсің бе?
|
Ты чего бесишься? | Сен неге жынданып жатырсың?
|
Ты чего визжишь? | Неменеге шыңғырасың?
|
Ты чего домой не идёшь? | Үйге қайтпайсың ба?
|
Ты чего дрожишь? – Я сильно мерзну. | Сен неге қалшылдап жатырсың? – Мен қатты тоңып жатырмын.
|
Ты чего к нему пристаёшь? | Сен оған неге тиісіп жатырсың?
|
Ты чего ко мне прилип? | Сен неге маған жабысып қалдың?
|
Ты чего плачешь? | Сен неге жылап тұрсың?
|
Ты чего побледнел? | Неге бозарып кеттің?
|
Ты чего повышаешь голос на меня? | Маған неге дауыс көтересің?
|
Ты чего радуешься? – Тебя увидев, радуюсь. | Сен неменеге қуанып тұрсың? – Сені көріп қуанып тұрмын.
|
Ты чей ребёнок? | Сен кімнің баласы боласың?
|
Ты чему радуешься? – Я не радуюсь. | Сен неменеге қуанып тұрсың? – Мен қуанып тұрған жоқпын.
|
Ты что вертишься по сторонам? На дорогу смотри. Не смотри по сторонам! | Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. Жан-жағыңа қарама!
|
Ты что влюбился? | Ғашық болып қалғанғысың ба?
|
Ты что забыл, для чего ты пришёл? | Неменеге келгеніңді ұмытып қалдың ба?
|
Ты что суетишься? | Асып-сасып неғып жүрсің?
2. Неге ебелектейсің?
|
Ты что так рано встал? – Я выспался. | Сен неге ерте тұрып алғансың? – Ұйқым қанды.
|
Ты что, бомж что ли? Или собака бездомная. | Сен немене, қанғыбас па едің? Әлде үйсіз итсің бе?
|
Ты что, выпил что ли? | Сен не, ішіп алғансың ба?
|
Ты что, здесь ночевал? – А ты что здесь потерял с утра пораньше?! | Сен немене, осында қонғансың ба?! – Таң атпай өзің мұнда не жоғалттың?!
|
Ты что, не узнал меня? | Сен мені танымай қалдың ба?
|
Ты что, решил нас убить? | Бізді өлтірейін дедің бе?
|
Ты что, совсем спятил? | Сен не, есіңнен мүлде адасқанбысың?
|
Ты что? Допрашиваешь меня? | Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?
|
Ты что-нибудь видишь? | Сен бірдеңе көріп тұрсың ба?
|
Ты что-нибудь слышал? | Сен бірдеңе естідің бе?
|
Ты что-то ждёшь? | Бірдеңе күтіп тұрмысың?
|
Ты что-то натворил? | Сен бірдеңе бүлдірдің бе?
|
Ты что-то потерял? Что ищешь? | Сен бірдеңе жоғалттың ба? Не іздеп жүрсің?
|
Ты что-то скрываешь от меня? | Сен менен бірдеңе жасырып отырсың ба?
|
Ты что-то хочешь сказать? | Бірдеңе айтып келіп тұр ма?
|
Ты что-то хочешь сказать? | Бірдеңе айтып келіп тұр ма?
|
Ты шутишь? | Қалжыңдайсың ба? 2. Қалжыңдап тұрсың ба?
|
Ты эгоист. Влюблен в самого себя. | Сен өзімшілсің. Өзіңе-өзің ғашықсың.
|
Ты это в хорошем смысле говоришь, или в плохом? – Конечно, в хорошем. | Мұны жақсы мағынада айтып тұрсың ба, әлде жаман мағынада ма? – Әрине, жақсы мағынада.
|
Ты это всё сказал не шутя? | Осыны ойнап айтып тұрған жоқсың ба?
|
Ты это когда узнал? | Сен оны қашан білдің?
|
Ты это мне взял? – Это моё любимое мороженое. | Мынаны маған алдың ба? – Бұл менің сүйікті балмұздағым.
|
Ты это от кого услышал? | Оны кімнен естідің?
|
Ты это понимаешь? | Сен соны түсінесің бе?!
|
Ты это прекращай. | Сен ондайыңды қой.
|
Ты это хорошо придумал! | Тамаша ойлап шығарған екенсің!
|
Ты этого хочешь? | Сен соны қалайсың ба?
|
Ты куда направился? | Сен қайда бет алдың?
|
Ты, дорогой, говори, да не заговаривайся. | Сен, шырағым, абайлап сөйле.
|
Ты, кажется, неправильно меня понял. – Нет, я всё правильно понял. | Сен мені дұрыс түсінбей қалған сияқтысың. – Жоқ, мен бәрін дұрыс түсіндім.
|
Ты, как сыр в масле. | Сенің ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда. Цитаты
|
Ты, наверное, меня понимаешь? – Я тебя очень хорошо понимаю. | Сен мені түсінетін шығарсың? – Мен сені өте жақсы түсінемін.
|
Ты, наверное, доволен? | Сен риза шығарсың?
|
Ты, наверное, с ума сошёл. | Есінен адасқан шығарсың.
|
Ты, наверное, сейчас меня ненавидишь? | Қазір мені жек көріп тұрған шығарсың?
|
Ты, наверное, слышал? | Естіген шығарсың? 2. Естіп жатқан шығарсың?
|
Ты, оказывается, меня не знаешь. | Мені білмейді екенсің.
|
Ты, оказывается, не забыл дорогу сюда. | Бұл жаққа жолды ұмытпаған екенсің ғой.
|
Ты, оказывается, неисправимый. | Саған дауа жоқ екен.
|