Я время попусту не провожу. Занимаюсь нравящимися мне делами. |
Мен бостан-бос жүрмеймін. Өзіне ұнайтын істермен шұғылданамын.
|
Я держу пари на 500 тенге.
– Я не буду спорить на деньги. | Мен бес жүз теңгеге бәс тигенмін.
– Ақшаға бәс тікпеймін.
|
Я на его месте так не сделал бы. | Мен оның орнында болсам олай істемес ем.
|
Я ничего не делал. | Мен түк те істеген жоқпын.
|
Я совершил глупость. Прости. | Мен ақымақтық жасадым. Кешір.
|
Я (всё время) забываю. | Ұмытып кете беремін.
|
Я без вины наказан. | Жазықсыз жазаландым.
|
Я без тебя не проживу. | Мен сенсіз өмір сүре алмаймын.
|
Я безгранично счастлив. | Мен шексіз бақыттымын.
|
Я бесконечно доволен. | Ризашылығым шексіз.
|
Я беспокойный человек, не могу сидеть сложа руки. | Мен беймаза жанмын, құр қол отыра алмаймын.
|
Я больше не могу терпеть. | Мен бұдан былай шыда алмаймын.
|
Я больше никогда так не буду делать. | Енді былай ешқашан етпеймін.
|
Я больше с тобой не разговариваю. | Мен енді сенімен сөйлеспеймін.
|
Я боюсь быть опозоренным. | Масқара болудан қорқамын.
|
Я боюсь, что ты уйдёшь. | Мен сенің кетіп қалатыныңнан қорқамын.
2. Кетіп қаласың деп қорқамын.
|
Я боялся, что скажу что-нибудь лишнее. | Артық бір нәрсе айтып қоямын ба деп қорықтым.
|
Я бросил курить. | Темекіні тастадым.
2. Темекі шегуді қойдым.
|
Я будто не знаю тебя. | Мен сені білмейтіндей.
|
Я буду Вас ждать. | Мен Сізді күтемін.
|
Я буду готовиться к экзаменам. | Емтиханға дайындаламын.
|
Я буду дома, мне никуда не хочется идти. | Үйде боламын, ешқайда барғым келмейді.
|
Я буду дома. | Үйде боламын.
|
Я буду ждать на остановке. | Аялдамада тосамын.
|
Я буду на связи. | Мен байланыста боламын.
|
Я буду скучать по тебе. | Мен сені сағынатын боламын.
2. Мен сені сағынамын.
|
Я буду там через час. | Мен бір сағаттан кейін сонда боламын.
|
Я бы на твоем месте поехал. | Сенің орныңда болсам, барар едім.
|
Я бы не упустил тебя. | Сені жібермес едім.
|
Я бы так сделал. | Мен солай істер едім.
|
Я был занят. | Менің қолым бос болмады.
2. Бос емес болдым.
3. Қолым тимеді.
|
Я был уверен. | Мен сенімді болдым.
|
Я в долгу не останусь. | Қарыздар болмаймын.
|
Я в курсе всего. | Мен бәрінен хабардармын.
|
Я в курсе всех прошедших событий. | Мен болған жағдайың барлығына хабардармын.
|
Я в порядке. | Мен жақсымын.
|
Я в своей жизни никому не жаловался. | Мен өмірі біреуге шағымданған жан емеспін.
|
Я в своём уме, не переживай. А тебе, кажется, надо обратиться к врачу. | Менің есім дұрыс, уайымдама. Ал сенің дәрігерге көру керек сияқты.
|
Я в такси. Еду в «Мегу» | Мен таксидемін. «Мега»- ға бара жатырмын.
|
Я в твою личную жизнь не вмешиваюсь, и ты в мою не вмешивайся. | Мен сенің жеке тірлігіңе тиісіп жатқан жоқпын, сен де маған тиіспе.
|
Я в этом не уверен. | Мен оған сенімсізбін.
|
Я Вам помогу. | Мен Сізге көмектесемін.
|
Я Вам потом объясню. | Мен Сізге кейін түсіндіремін.
|
Я вам только проблемы создаю. | Мен сендерге тек қана қиындық туғызамын.
|
Я Вас внимательно слушаю. | Мен Сізді мұқият тыңдап тұрмын.
|
Я вас всех люблю! | Мен сіздерді бәріңізді жақсы көремін!
2. Барлығыңызды жақсы көремін!
|
Я Вас не брошу. | Мен Сізді тастап кетпеймін.
|
Я Вас не обижу. | Мен Сізді ренжітпеймін.
|
Я Вас обидел? | Мен Сізді ренжітіп алдым ба?
|
Я Вас очень уважаю. | Сізді қатты құрметтеймін!
|
Я Вас очень-очень люблю. | Мен Сізді керемет жақсы көремін.
|
Я Вас перебил, кажется. Простите. | Мен сөзіңізді бөліп жіберген сияқтымын. Кешіріңіз.
|
Я вас помирю. | Мен сіздерді татуластырамын.
|
Я Вас понимаю. | Мен Сізді түсінемін.
|
Я Вас понять не могу. | Мен Сізді түсіне алмай тұрмын.
|
Я Вас провожу до дому. | Мен Сізді үйіңізге дейін шығарып салайын.
|
Я Вас уважаю, как старшего брата. | Мен Сізді ағам сияқты сыйлаймын.
|
Я вас уничтожу.
| Мен сендерді жоқ қылып жіберемін.
2. Мен сендерді құртамын.
|
Я ваш новый сосед. | Мен сіздердің жаңа көршілеріңізбін.
|
Я Ваш поклонник. | Мен Сіздің табынушыңызбын.
|
Я веду спокойный образ жизни. | Жайбарақат өмір сүріп жүрмін.
|
Я ведь тебе не какой-нибудь чужой. | Мен саған бөтен біреу емеспін ғой.
|
Я ведь тоже живой человек. | Мен де тірі пендемін ғой.
|
Я вежливо отказался. | Мен сыпайы түрде бас тарттым.
|
Я вернусь через два дня. | Мен екі күннен соң ораламын.
2. Екі күннен соң қайтып келемін.
|
Я верю, что всё будет хорошо. | Бәрі жақсы болады деп сенемін.
|
Я весь город обегал, еле нашёл. | Қаланы түгел аралап, әрең таптым.
|
Я взрослый человек, решение приму сам. | Мен ересек адаммын, шешімді өзім қабылдаймын.
|
Я видел плохой сон. | Жаман түс көрдім.
|
Я видел своими глазами. | Өз көзіммен көрдім.
|
Я видел сон. | Мен түс көріппін.
|
Я видеть тебя не хочу. | Мен сені көргім келмейді.
|
Я вижу сон, или ты, действительно, к нам приехал? | Мен түс көріп тұрмын ба, әлде сен шынымен бізге келіп тұрсың ба?
|
Я вижу. | Көріп тұрмын.
|
Я влюбился без памяти с первого взгляда. | Бір көргеннен естісіз ғашық болдым.
|
Я влюбился в неё. | Оған ғашық болып қалдым.
|
Я влюбился в тебя с первого взгляда. | Мен саған бір көргеннен ғашық болдым.
|
Я влюбился. | Мен ғашық болып қалдым.
|
Я влюблён в тебя. | Мен саған ғашықпын.
|
Я возьму вот это. | Мен мынаны аламын.⠀
|
Я волшебник. | Мен сиқыршымын.
|
Я вроде ничего не сделал. | Мен ештеңе істеген жоқ сияқты едім.
|
Я всё видел. | Мен бәрін көріп тұрдым.
|
Я всё делал, чтобы ты жил хорошо. | Сен жақсы өмір сүрудің қолдан келгенше бәрін жасадым.
|
Я всё для тебя сделаю. | Сен үшін бәрін істеймін.
|
Я всё ему объясню. | Мен оған бәрін түсіндіремін.
2. Оған өзім бәрін түсіндіріп айтамын.
|
Я всё ему рассказал. | Мен оған барлығын айтып бердім.
|
Я всё исполнил. | Мен бәрін орындадым.
2. Мен бәрін орындап келдім.
|
Я всё помню. | Бәрі есімде.
|
Я всё про тебя знаю. | Мен сен туралы бәрін білемін.
|
Я всё продумал. | Мен бәрін ойластырып қойдым.
|
Я всё равно буду счастливым. | Мен бәрібір бақытты боламын.
|
Я всё равно не пойму. | Бәрібір басыма қонбайды.
|
Я всё равно отомщу. | Мен бәрібір өшімді аламын.
|
Я всё расскажу! | Мен бәрін айтып беремін!
|
Я все расходы беру на себя. | Шығынның бәрін өз мойныма аламын.
|
Я всё сделаю сам. | Бәрін өзім істеп аламын.
|
Я всё умею делать. | Қолымнан бәрі келеді.
|
Я всё это делаю для тебя! | Мен мұның бәрін сен үшін жасап жатырмын!
|
Я всё это сделал ради твоей пользы. | Мұнын бәрін сенің пайдаң үшін жасадым.
|
Я всегда относился к тебе с уважением. | Мен саған үнемі сыйластықпен қарадым.
|
Я всегда прав. | Менікі үнемі дұрыс.
|
Я всегда с тобой. | Мен әрқашан сенімен біргемін.
|
Я всему миру докажу. | Бүкіл әлемге дәлелдеймін.
|
Я всему научился сам. | Мен бәріне өзім үйрендім.
|
Я вспомнил это кино. | Ол кино есіме түсіп кетті.
|
Я встаю в семь часов утра. | Мен таңертең сағат жетіде тұрамын.
|
Я всю жизнь работал, чтобы мои дети ни в чём не нуждались. | Өмір бойы жұмыс істедім, балаларым ештеңеге мұқтаж болмасын деп.
|
Я вчера не был на работе. | Кеше мен жұмыста болмадым.
|
Я выбираю тебя. | Мен сені таңдаймын.
|
Я выдохся, пока развлекал их. | Мыналардың көңілін көтеремін деп өкпем өшті.
|
Я выиграл. | Мен ұтып алдым.
2. Мен жеңіп шықтым.
|
Я вынужден так думать. | Осылай ойлауға мәжбүрмін.
|
Я выхожу. | Шығып бара жатырмын.
|
Я вышел в очередной трудовой отпуск. | Мен кезекті еңбек демалысына шықтым.
|
Я где только тебя не искал. | Сені іздегенім жерім жоқ.
|
Я глупец, попался на их удочку. | Мен ақмақпын, қармақтарына ілініп қалдым.
|
Я говорю то, что слышал. | Мен естігенімді айтып отырмын.
|
Я горжусь своим сыном. | Ұлыма мақтанамын.
|
Я горжусь тобой! | Мен сені мақтан тұтамын!
|
Я готов всегда защищать тебя. | Сені қорғауға мен қашанда да әзірмін.
|
Я готов до конца своей жизни ждать тебя. | Мен өмірімнің соңына дейін күтуге дайынмын.
|
Я готов ко всему. | Мен бәріне де дайынмын.
|
Я готов на всё ради своего ребенка. | Балам үшін мен бәріне дайынмын.
|
Я готов на всё ради тебя. | Мен сен үшін бәріне де дайынмын.
|
Я готов умереть за тебя.
| Мен сен үшін өмірімді қиюға дайынмын.
|
Я готов это делать каждый день. | Мен мынаны күнде жасауға дайынмын.
|
Я готовлюсь к экзамену. | Емтиханға дайындалып жатырмын.
|
Я грешным делом задержался немного. | Жазған басым, біраз бөгеліп қалыппын.
|
Я давно знал, что нутро у тебя гнилое. | Жаныңның шірік екенің баяғыдан білгенмін.
|
Я даже не знаю, как смотреть тебе в глаза. | Мен сенің көзіне қалай қарарымды да білмеймін.
|
Я даже не интересовался. | Тіпті, қызығушылық та танытқан емеспін.
|
Я далёк от такой мысли. | Мен ондай ойдан аулақпын.
|
Я даю вам неделю времени, чтобы решить эту проблему. | Сіздерге осы мәселені шешу үшін бір апта уақыт беремін.
|
Я днём один час сплю. | Мен күндіз бір сағат ұйықтаймын.
|
Я до сих пор не могу поверить. | Әлі күнге дейін сене алмаймын.
|
Я до сих пор тебя жду. | Мен сені әлі де күтіп жүрмін.
|
Я добьюсь своего. | Мен өз дегеніме жетемін.
|
Я доведу дело до конца. | Ісімді аяғына дейін жеткіземін.
|
Я доволен своей судьбой. | Тағдырыма ризамын.
|
Я должен ему рассказать всю правду. | Оған бар шындықты айтуым керек.
|
Я должен перед Вами извиниться. | Сіздің алдыңызда кешірім сұрауым керек.
|
Я должен съездить в одно место. Вечером приеду. | Бір жерге баруым керек. Кешке келемін.
|
Я должен успеть. | Үлгеруім керек.
|
Я дома. | Мен үйдемін.
|
Я дополню. | Мен толықтырамын.
|
Я достигну всего, если пожелает Аллах. | Алла бұйырса барлығына жетемін.
|
Я думал, что забуду. | Ұмытып кетемін деп ойлағанмын
|
Я думал, что ты уже не придёшь. | Сен енді келмейді деп ойлап едім
|
Я думаю и переживаю за тебя. | Мен сені ойлап уайымдап жүрмін.
|
Я думаю, что будет интересно. | Қызық болды деп ойлаймын.
|
Я думаю, что всё будет хорошо. | «Бәрі жақсы болады» деген ойдамын.
|
Я думаю, что Вы меня поймёте. | Мені түсінесіз деп ойлаймын.
|
Я думаю, что его нужно поставить на место. | Менімше, оны орнына қою керек.
|
Я думаю, что его ответ правильный. | Жауабы дұрыс деп ойлаймын.
|
Я думаю, что ещё не поздно. | Әлі де кеш емес деп ойлаймын.
|
Я думаю, что он со временем успокоится. | Уақыт өте келе тынышталады деп ойлаймын.
|
Я думаю, что это дело доведу до конца. | Мен бұл істі аяғына дейін жеткіземін деп ойлаймын.
|
Я его верну. | Мен оны қайтарамын.
|
Я его давно не видел. | Мен оны баяғыдан бері көрмедім.
2. Мен оны көрмегенім көп болды.
|
Я его и пальцем не тронул.
| Мен оған саусағымды да тигізген жоқпын.
|
Я его исправлю. | Мен оны өзгертіп аламын.
|
Я его не знаю. | Мен оны танымаймын.
|
Я его послал на три, всем известные, буквы. | Мен оны бәріне белгілі «үш әріпке» жібердім. (калька)
|
Я его проводил. | Мен оны шығарып салдым.
|
Я его разобью вдребезги. | Оның күл-талқанын шығарамын.
2. Оның быт-шытын шығарамын.
|
Я его сотру в порошок. | Мен оны жермен жексен қыламын.
2. Оның күлін көкке ұшырамын.
|
Я еду (иду). | Мен келе жатырмын.
|
Я еду на юг. | Мен оңтүстік жаққа жол тартамын.
|
Я еле сдержал себя. | Өзімді өзім әрең тежедім (тоқтаттым).
|
Я ем только честно заработанный хлеб. | Мен тек адал тапқан нанымды жеп отырмын.
|
Я ему не мог сказать. | Мен оған айта алмадым.
|
Я ему не позволю. | Оған жол бермеймін.
|
Я ему не слуга. | Мен оның қызметшісі емеспін.
|
Я ему обязан. | Мен оған қарыздармын.
2. Мен оған міндеттімін.
|
Я ему отомстил. | Мен одан кек алдым.
|
Я ещё не закончил разговор с тобой.
| Сенімен әңгімемді әлі аяқтаған жоқпын.
|
Я ещё раз повторяю. | Мен тағы да қайталап айтамын.
|
Я ещё что-то хотел тебе сказать. | Саған тағы бірдеңе айтайын деп едім.
|
Я ждал его. | Мен оны күттім.
|
Я ждал этого вопроса. | Мен осы сұрақ¬ты күткенмін.
|
Я жду от Вас ответа. | Мен Сізден жауап күтіп отырмын.
|
Я же буду к тебе приходить. | Мен саған келіп тұрамын ғой.
|
Я же Вам вчера говорил. | Мен Сізге кеше айтып едім ғой.
|
Я же Вам объясняю! | Сізге түсіндіріп жатырмын ғой!
|
Я же Вам сказал сюда не приходить. | Мен Сізге мұнда келме деп едім ғой.
|
Я же верю тебе. | Саған сеніп тұрмын ғой.
|
Я же вижу. | Мен көріп тұрмын ғой.
|
Я же говорил, вы не умеете держать деньги. | Айттым ғой, сендер ақша ұстауды білмейсіңдер.
|
Я же говорил. | Айттым ғой. 2. Айтып едім ғой.
|
Я же знал, что так будет. | Білдім ғой осылай боларын.
|
Я же не Бог! | Мен Құдай емеспін ғой!
|
Я же не волшебник. | Мен сиқыршы емеспін ғой.
|
Я же не враг номер один. | Нөмір бірінші жау емеспін ғой.
|
Я же не враг самому себе. | Өз өзіме жау емеспін ғой.
|
Я же не маленький ребёнок. | Мен сәби емеспін ғой.
|
Я же не мальчик. | Мен жас бала емеспін ғой.
|
Я же не специально сделал. | Мен әдейі істеген жоқпын ғой.
|
Я же не умираю с голоду. | Аштан өліп жатқан жоқпын ғой.
|
Я же сказал тебе, подойди. | Бері кел дедім ғой мен саған.
|
Я же сказал тебе, принеси воды.
– Иди сам возьми. | Су әкел дедім ғой саған.
– Өзін барып ал.
|
Я же сказал тебе, уходи! | Кет дедім ғой саған!
|
Я же сказал тебе, что пойду. | Барамын дедім ғой саған.
|
Я же сказал, ладно. | Жарайды дедім ғой.
|
Я же сказал, что спасу, значит, спасу. | Құтқарамын дедім ғой, демек, құтқарамын.
|
Я же тебе говорил. | Айттым ғой саған.
|
Я же тебе говорил: «Держи язык за зубами». | Саған ауызыңды жауып жүр деп айттым ғой.
|
Я же тебе не чужой человек. | Мен саған бөтен адам емеспін ғой.
|
Я же тебе ничего не говорил. | Мен саған ештеңе дегенмін жоқ қой.
|
Я же тебя предупреждал. | Мен саған ескерттім ғой.
|
Я же тебя просил, не говорить о нём. | Саған ол туралы айтпа дедім ғой.
|
Я же тоже из этого рода. | Мен де сол руынанмын ғой.
|
Я же тысячу раз говорил. | Мын рет айттым ғой.
|
Я живу в многоэтажном доме. | Мен көп қабат үйде тұрамын.
|
Я живу вместе с родителями. | Ата-анаммен бірге тұрамын.
|
Я живу жизнью, которая мне нравится. | Мен өзіме ұнайтын өмірмен өмір сүріп жатырмын.
|
Я живу отдельно. | Мен бөлек тұрамын.
|
Я живу сегодняшним днём. | Мен бүгінгі күнмен өмір сүремін.
|
Я за всех не ответчик. | Бәріңе мен жауапкер емеспін.
|
Я за всю ночь глаз не сомкнул. | Мен түні бойы кірпік ілмедім.
|
Я за него не переживаю. | Ол үшін уайымдамаймын.
|
Я за рулем. | Мен рөлде келе жатырмын.
|
Я за что должен просить прощения? | Мен не үшін кешірім сұрауым керек?
|
Я забыл когда у него день рождения.
| Оның туған күні қашан екенін ұмытып қалдым.
|
Я забыл поставить будильник. | Оятқыш қосуды ұмытып кетіппін.
|
Я забыл тебе сказать. | Мен саған айтуды ұмытып қеттім.
|
Я забыл этот случай. | Мен бұл жайды ұмыттым.
|
Я завтра не смогу прийти. | Мен ертең келе алмаймын.
|
Я задыхаюсь. | Мен тұншығып барамын.
|
Я зайду к Вам на днях. | Мен Сізге жуырда кіріп шығамын.
|
Я зайду к Вам на днях. | Мен Сізге жуырда кіріп шығамын.
|
Я замёрз, находясь на улице. | Далада тұрып қатып қалдым.
|
Я заметил, что ты тоже не сидел сложа руки. Купил новую машину. | Байқауымша, сен де қол қусырып отырмақсың. Жаңа көлік алыпсың.
|
Я заморочил тебе голову, да? | Басыңды қатырып жібердім бе?
|
Я занят. | Менің қолым бос емес.
2. Мен бос емеспін.
|
Я заплатил штраф. | Айыппұлды төледім.
|
Я заставил его. | Мен оны мәжбүр еттім.
|
Я зашёл поздороваться. | Мен амандасайын деп келдім.
|
Я здесь лишний. | Мен бұл жерде артықпын.
|
Я здесь родился и вырос. | Мен бұл жерде туып өстім.
|
Я здесь. | Мен мұндамын.
|
Я знал, что Вам нельзя верить. | Сізге сенуге болмайтынын білгенмін.
|
Я знал, что Вы придёте. | Сіздің келетініңізді білдім.
|
Я знал, что ты так скажешь. | Солай дейтініңді білгенмін.
|
Я знаю по собственному опыту. | Өз тәжірибемнен білемін.
|
Я знаю, как нужно сделать. | Қалай істеу керек екенін мен білемін.
|
Я знаю, как тебе и тяжело, и трудно.
| Саған ауыр екенін де, қиын екенін де білемін.
|
Я знаю, что Вы желаете нам только добра. | Бізге тек жақсылық тілейтініңізді білемін ғой.
|
Я знаю, что он хочет. | Мен оның не қалайтынынды білемін.
|
Я знаю, что ты хочешь сказать. | Мен сенің не айтқың келгенін білемін.
|
Я знаю, что ты хочешь спросить. | Не сұрағың келіп тұрғаныңды біліп тұрмын.
|
Я знаю, что это такое? | Оның не екенін білемін?
|
Я зря сюда приехал. | Мұнда бекер келіппін.
|
Я и без тебя смогу сделать. | Сенсіз де істей аламын.
|
Я и думать об этом не хочу. | Бұл жайлы ойлағым да келмейді.
|
Я и к этому привык. | Оған да үйреніп қалдым.
|
Я и на это согласился. | Оған де көндім.
|
Я и раньше это тебе говорил. | Мен оны саған бұрын да айтқанмын.
|
Я и сам волнуюсь. | Өзім де қобалжып тұрмын.
|
Я и сам ничего не понял. | Өзім де ештеңе ұқпадым.
|
Я и сам это знаю. | Мұны өзім де білемін
|
Я и себя, и тебя погубил. | Мен сенің де, өзімнің де түбіне жеттім.
|
Я и этому обрадовался бы. | Соған да қуанып қалар едім.
|
Я иду на панихиду. | Мен жаназаға бара жатырмын.
|
Я им горжусь! | Мен онымен мақтан тұтамын!
|
Я им не верю. | Мен оларға сенбеймін.
|
Я им постоянно говорю... | Мен оларға үнемі айтып отырамын...
|
Я имею полное право. | Толық хақым бар.
|
Я имею право знать. | Білуге хақым бар.
|
Я иногда так говорю. | Мен кейде солай деймін.
|
Я исполню любые ваши желания.
| Сендердің кез келген тілектеріңді орындаймын.
|
Я исправил. | Мен түзетіп қойдым.
|
Я исправлюсь! Обещаю. | Мен түзелемін! Уәде беремін.
|
Я истратил все деньги. Ни копейки не осталось. | Мен ақшаның бәрін жұмсап қойдым. Қөқ тиыным қалмады.
|
Я истратил все свои деньги. Ты можешь дать мне деньги взаймы?
– Хорошо, дам. В следующий раз экономно трать деньги. | Ақшамның бәрін жұмсап қойдым. Маған қарызға ақша бересің бе?
– Жақсы, берейін. Келесі жолы ақшаны үнемдеп жұмса.
|
Я их опозорил. | Мен оларды масқара қылдым.
|
Я их просто познакомил. | Мен оларды жай таныстырғанмын.
|
Я ищу подарок отцу.
– Вот, это подари. | Әкеме сыйлық іздеп жүрмін.
– Міне, осыны сый ет.
|
Я ищу спонсора. | Демеуші іздеп жүрмін.
|
Я ищу тебя с раннего утра, переживаю. | Мен сені таң атқалы іздеп уайымдап жүрмін ғой.
|
Я к врачу в понедельник пойду. | Мен дәрігерге дүйсенбі күні барамын.
|
Я к тебе привык. | Саған үйреніп қалдым.
|
Я каждый день туда хожу. | Сол жерге мен күнде барып жүрмін.
|
Я как будто заново родился. | Мен жаңа туғандаймын.
|
Я как раз хотел уходить. | Мен кеткелі жатыр едім.
|
Я как скажу, так и должно быть. | Мен не десем, сол болуы керек.
|
Я когда тебя обманывал? | Мен саған қашан өтірік айтып едім?
|
Я кого не назвал? | Мен кімді атамай кеттім?
|
Я кто в этом доме? | Мен бұл үйде кіммін?
|
Я ленивый. Признаю. | Мен жалқаумын. Мойындаймын.
|
Я лишился рассудка. | Мен есімнен адастым.
|
Я люблю боевики. | Атыс-шабыс фильмдер жақсы көремін.
|
Я люблю смотреть кино. | Кино көргенді жақсы көремін.
|
Я люблю тебя всей душой. | Мен сені жанымдай жақсы көремін.
|
Я людей знаю. | Мен адамдарды білемін.
|
Я много в своей жизни видел подхалимов, но таких, как ты не найти.
– Если будет организован чемпионат мира по подхалимству, то ты, без слов, будешь постоянным чемпионом. | Мен бұл өмірімде жағымпаздардың талайын көргенмін, бірақ сен сияқты таба алмайсың.
– Егер жағымпаздардың әлем чемпионатын ұйымдастыратын болса, сен сөзсіз тұрақты чемпион боласын.
|
Я много о тебе наслышан. | Сен туралы көп естігенмін.
|
Я многого не знал. | Мен көп нәрсені білген жоқпын.
|
Я могу войти?
– Конечно, входи. | Кірсем бола ма?
– Әрине, кір.
|
Я могу на тебя полагаться? | Саған арқа сүйей аламын ба?
|
Я молча выслушал тебя. А теперь послушай меня. | Мен сені үнсіз тыңдадым. Ал енді мені тыңдауда өтінемін.
|
Я на диете. | Мен емдәм ұстап жүрмін.
2. Мен диетадамын.
|
Я на железнодорожном вокзале. | Темір жол вокзалдамын.
|
Я на их месте тоже не поверил бы. | Олардың орнында болсам, мен де сенбеген болар едім.
|
Я на многие вещи могу закрыть глаза. | Мен көп нәрсеге көзімді жұма қарай аламын.
|
Я на него обижен. | Мен оған ренжіп жүрмін.
|
Я на секундочку. | Мен бір сәтке.
|
Я на твоём месте поскорее ушёл бы. | Сенің орныңда болсам тезірек зытып кетер едім.
|
Я на тебя немного обижен. | Мен саған аздап ренжулімін.
|
Я на тебя похож. | Мен саған тартқанмын.
|
Я надеюсь на вас. | Үмітім сіздерде.
|
Я надеюсь, что всё будет хорошо. | Бәрі жақсы болады деп үміттенемін.
|
Я надеюсь, что не будет никаких проблем. | Ешқандай қиындық болмайтын шығар деп үміттенемін.
|
Я надеюсь, что ничего не случилось. | Ештеңе болмаған болар деп үміттенемін.
|
Я надеюсь, что ты придёшь. | Сенің келетініңе үміттенемін.
2. Келетін шығарсың деп үміттенемін.
|
Я настолько плохой? | Мен соншалықты нашармын ба?
|
Я не брал. | Мен алған жоқпын.
|
Я не буду вмешиваться, если ты скажешь: «Не вмешивайся». | Араласпа десең, араласпаймын.
|
Я не буду ждать его. | Оны күтіп отырмаймын.
|
Я не буду отнимать вашего золотого времени. | Сіздің алтын уақытыңызды алмаймын.
|
Я не буду участвовать. | Мен қатыспаймын.
|
Я не в ответе за это. | Мен бұған жауапты емеспін.
|
Я не в том положении, чтобы выбирать. | Таңдап жүретін жағдайда емеспін.
|
Я не верю своим ушам. | Өз құлағыма өзім сенбей тұрмын.
|
Я не верю, что любовь есть. | Мен махаббаттың барына сенбеймін.
|
Я не вижу никакой разницы. | Мен ешқандай айырмашылық көрмей тұрмын.
|
Я не вижу ничего неприличного. | Ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын.
|
Я не вижу. У меня нет очков. | Мен көрмей тұрмын. Көзілдірігім жоқ.
|
Я не виноват! | Мен кінәлі емеспін!
|
Я не виновен. | Менің кінәм жоқ.
|
Я не возьму непосильную ношу. | Көтере алмайтын жүкті беліме ілмеймін.
|
Я не выдержал.
– Я не смог выдержать. | Шыдамадым. 2. Шыдай аламай кеттім.
– Шыдай алмадым.
|
Я не выдержу. | Мен шыдай алмаймын.
2. Мен шыдай алар емеспін.
|
Я не выспался. | Ұйқым қанбады.
|
Я не выяснять отношения сюда пришёл. | Бұл жерге қарым-қатынасымызды анықтау үшін келмеген жоқпын.
|
Я не допущу этого. | Мен бұған жол бермеймін.
|
Я не дружу с физикой. | Мен физикаға жақын емеспін.
|
Я не думал об этом. | Бұл жайында ойлаған емеспін.
|
Я не думал, что так получится. | Былай болады деп ойламаппын.
|
Я не думал, что ты такой забывчивый! | Осынша ұмытшақсың деп ойламаппын!
|
Я не думаю, что против меня что-нибудь организуют. | Маған қарсы бірдеңе ұйымдастыра қояды деп ойламаймын.
|
Я не забыл Вас, и не забуду. | Естен шыққан емессіз, шықпайсыз да.
|
Я не заметил, как Вы пришли. | Сіздің келгеніңізді көрмей қалдым.
|
Я не заметил. | Мен байқамай қалдым.
|
Я не знаком с этим человеком, в первый раз вижу. | Бұл кісіні танымаймын, бірінші рет көріп тұрмын.
|
Я не знакомлюсь с незнакомыми людьми. | Мен таныс емес адамдармен таныспаймын.
|
Я не знал, что Вы катаетесь на коньках.
– Вы прекрасно катаетесь. | Сіздің коньки тебетініңізді білмеуші едім.
– Тамаша тебеді екенсіз.
|
Я не знаю твоего вкуса. | Сенің талғамың білмеймін.
|
Я не знаю, кто ты такой. | Мен сенің кім екеніңді білмеймін.
|
Я не знаю, наверное, не смогу сказать. | Білмеймін, айтылмайтын сияқтымын.
|
Я не имею право жить. | Мен өмір сүруге құқылы емеспін.
|
Я не люблю рано вставать. | Мен ерте тұрғанды жек көремін.
|
Я не маленький. | Мен кішкентай емеспін.
|
Я не местный. | Мен жергілікті емеспін.
|
Я не мог признаться ей в своих чувствах. | Оған ішкі сезімді жеткізе алмадым.
|
Я не могу Вам помочь. | Мен Сізге көмектесе алмаймын.
|
Я не могу выходить по вечерам.
– Хорошо, давай встретимся днем. | Мен кешке шыға алмаймын.
– Жақсы, күндіз кездесейік.
|
Я не могу долго на тебя обижаться. | Саған көп уақыт ренжіп жүре алмаймын.
|
Я не могу его принять | Мен оны қабылдай алмаймын.
|
Я не могу жить с тобой в одном городе. | Мен сенімен бір қалада өмір сүре алмаймын.
|
Я не могу забыть твоих унижений. | Маған көрсеткен қорлығыңды ұмыта алмаймын.
|
Я не могу опуститься до его уровня. | Мен оны деңгейіне түсе алмаймын.
|
Я не могу остаться. | Мен қала алмаймын.
|
Я не могу ответить. | Жауап айта алмаймын.
|
Я не могу передать ее красоту словами. | Сұлулығын сөзбен жеткізіп айта алмаймын.
|
Я не могу передать словами. | Сөзімен жеткізе алмаймын.
|
Я не могу поверить, что это происходит. | Осылай болып жатқанына сене алар емеспін.
|
Я не могу понять в чём проблема? | Мәселенің неде екенін түсіне алмаймын?
|
Я не могу прийти.
– Но ты же пообещал. | Мен келе алмаймын.
– Бірақ, сен уәде бердің ғой.
|
Я не могу сказать, что я хороший, но и не плохой. | Жақсымын деп айта алмаймын, жаман да емеспін.
|
Я не могу сказать. | Айта алмаймын.
|
Я не могу так поступить. | Олай істей алмаймын.
|
Я не мстительный человек. | Мен кек алмайтын адаммын.
|
Я не нашёл, что сказать. | Айтатын сөз таба алмадым.
|
Я не обижаюсь на друзей. | Мен достарға ренжімеймін.
|
Я не обратил внимания. | Назар аудармадым.
|
Я не обязан перед Вами отчитываться. | Мен Сізге есеп беруге міндетті емеспін.
2. Сіздің алдыңызда есеп беруге міндетті емеспін.
|
Я не осмеливаюсь. | Жүрегім дауаламайды.
|
Я не официант и никого не обслуживаю! | Мен даяшы емеспін және ешкімге қызмет көрсетпеймін!
|
Я не плохой человек. | Мен жаман адам емеспін.
|
Я не поверил своим глазам. | Өз көзіме сенбей қалдым.
|
Я не повинуюсь! Убейте, но я не повинуюсь! | Көнбеймін! Өлтірсеңіз де көнбеймін!
|
Я не пойду. Я готовлюсь к экзамену. | Мен бармаймын. Емтиханға дайындалып жатырмын.
|
Я не пойду. Я не в настроении. | Мен бармаймын. Көңіл-күйім болып тұрған жоқ.
|
Я не пойму, в чём проблема? | Мәселенің неде екенін түсіне алмаймын?
|
Я не понял Вашу мысль. | Мен Сіздің ойыңызды уға алмадым.
|
Я не понял смысла. | Мағынасын түсінбедім.
|
Я не понял, что Вы сказали? | Түсінбедім, Сіз не дедіңіз?
|
Я не понял, что он хотел сказать. | Оның не айтқысы келгенін түсінген жоқпын.
|
Я не понял, что ты говоришь. | Не айтып тұрғаныңды түсінбедім.
|
Я не понял, что это, вообще? | Бұл не өзі түсінбедім?
|
Я не праздный человек. | Ерігіп жүрген адам емеспін.
|
Я не предам тебя. | Мен сені сатпаймын.
|
Я не привык к такому. | Мұндайға үйренбегенмiн.
|
Я не привык проигрывать. | Мен жеңіліп үйренбегенмін.
|
Я не признаю любви без ревности. | Мен қызғанышсыз махаббатты мойындамаймын.
|
Я не про Вас говорю. | Мен Сіз туралы айтып отырғаным жоқ.
|
Я не проиграл. | Мен жеңілген жоқпын.
2. Мен ұтылмадым.
|
Я не против, а вы что скажите? | Мен қарсы емеспін, ал сендер не дейсіңдер?
|
Я не скажу.
– Не хочешь говорить - не говори. | Айтпаймын.
– Айтпасаң, айтпай-ақ қой.
|
Я не слышал. Первый раз от Вас слышу. | Естіген жоқпын. Бірінші рет Сізден естіп тұрмын.
|
Я не слышу. | Мен естімей тұрмын.
|
Я не смеялся, просто улыбался. | Мен күлмедім, жай ғана жымидым.
|
Я не смог его защитить. | Мен оны қорғай алмадым.
|
Я не смогу жить в этом доме. | Мен бұл үйде тұра алмаймын.
|
Я не смогу приехать. Нет возможности. | Мен келе алмаймын. Жағдайым жок.
|
Я не смогу тебе объяснить. | Мен саған түсіндіре алмаймын.
|
Я не согласен с Вами. | Мен Сізбен келіспеймін.
|
Я не сомневаюсь в твоем намерении. | Менің сенің ниетіңе күмәнім жоқ.
|
Я не сомневаюсь в этом человеке. | Бұл кісіден күмәнданбаймын.
|
Я не спрашиваю у тебя разрешения. | Мен сенен рұқсат сұрамаймын.
2. Маған сенің рұқсатың керегі жоқ.
|
Я не такой бессовестный. | Мен соншалықты арсыз емеспін.
|
Я не такой человек. | Мен ондай кісі емеспін.
|
Я не удивлен. | Мен таң қалған жоқпын.
|
Я не умею плавать. | Мен жүзе алмаймын.
2. Мен жүзу білмеймін.
|
Я не услышал. | Мен естімей қалдым. 2. Естімедім.
|
Я не успеваю. | Үлгермей жатырмын.
|
Я не успел убрать руку. | Мен қолымды алып үлгере алмадым.
|
Я не успел. | Үлгермедім.
2. Мен үлгермей қалдым.
|
Я не успею. | Үлгермеймін.
|
Я не хотел Вам мешать. | Сізге бөгет жасағым келмеген.
|
Я не хотел Вас обидеть. | Сізді ренжіткім келмеп еді.
|
Я не хотел навредить. | Зиян келтіргім келген жоқ.
|
Я не хотел тебя будить. | Сені оятқым келмеді.
|
Я не хотел, чтобы так получилось. | Мен бұлай болғанын қалаған жоқпын.
|
Я не хочу Вас отпускать. | Мен Сізді жібергім келмейді.
|
Я не хочу видеть тебя. | Сені көргім келмейді.
|
Я не хочу жить с этим позором. | Бұл масқарамен өмір сүргім келмейді.
|
Я не хочу ни с кем делиться. | Ешкіммен бөліскім келмейді.
|
Я не хочу обижать родителей. | Ата-анамды ренжіткім келмейді.
|
Я не хочу так больше жить. | Енді бұлай өмір сүргім келмейді.
|
Я не хочу. | Мен қаламаймын. Буквально: Я не желаю.
|
Я не это хотел сказать. | Менің айтайын дегенім ол емес.
|
Я недоволен. | Мен риза емеспін.
|
Я немного опоздаю. | Мен сәл кешігіп келемін.
|
Я немножко отдохну, ладно? | Мен кішкене тынығып алайын, жарай ма?
|
Я необдуманно сказал. | Байқаусызда айтып қалдым.
|
Я непросто так задал этот вопрос. | Мен бұл сұрақты жайдан-жай қойғаным жоқ.
|
Я нечаянно сказал. | Байқамай айтып қалыппын.
|
Я нечаянно упал. | Байқаусызда құлап қалдым.
|
Я ни на что не гожусь. | Мен ештеңеге жарамаймын.
|
Я никогда не был бы против. | Мен ешқашан қарсы болмас едім.
|
Я никогда не пожелаю тебе плохого. | Мен саған ешқашан жамандық тілемеймін.
|
Я никогда не употреблял наркотики. | Мен ешқашан есірткі қолданып көрген емеспін.
|
Я никого не видел. | Мен ешкімді көрген жоқпын.
2. Ешқайсысын көрмедім.
|
Я никого не избивал! | Мен ешкімді ұрған жоқпын!
|
Я никого не трогал! | Мен ешкімге тиіскен жоқпын!
|
Я никого не хочу видеть и слышать. | Ешкімді көргім де, естігім де келмейді.
|
Я никого не хочу обижать. | Ешкімді ренжіткім келмейді.
|
Я никого не хочу хвалить и хулить.
| Мен ешкімді мактағым да, даттағым да келмейді.
|
Я никому не желаю зла. | Мен ешкімге жамандық тілемеймін.
|
Я никуда же не исчезну. | Мен ешқайда жоғалмаймын.
|
Я никуда не пойду. | Мен ешқайда бармаймын.
|
Я ничего другого сказать не могу. | Мен басқа ешнәрсе айта алмаймын.
|
Я ничего не видел.
– Я ничего не слышал.
– Я ничего никому не скажу. | Ештеңе көрмедім.
– Ештеңе естімедім.
– Ешкімге ештеңе айтпаймын.
|
Я ничего не заметил. | Мен түк байқамаппын.
|
Я ничего не знаю. | Мен ештеңе білмеймін.
|
Я ничего не испортил? | Еш нәрсе бүлдірген жоқпын ба?
|
Я ничего не мог сделать. | Түк істей алмадым.
|
Я ничего не помню. | Ештеңе есімде жоқ.
2. Есімде ештеңе қалмапты.
|
Я ничего не понимаю. | Мен түк те түсінбеймін.
|
Я ничего не понял. | Түк түсінген жоқпын.
|
Я ничего не сделал. | Мен ештеңе істеген жоқпын.
|
Я ничего не смог понять. | Мен ештеңе түсінбей қалдым.
|
Я ничего плохого не делаю. | Мен жаман ештеңе істеп жүрген жоқпын.
|
Я ничего плохого не сделал. | Мен ешқандай жамандық жасаған жоқпын.
|
Я ничего понять не могу. | Мен ештеңе түсіне алмай тұрмын.
2. Түк түсінсем бұйырмасын.
|
Я ничего понять не могу. | Ештеңе түсінер емеспін.
|
Я о другом беспокоюсь. | Мен басқаға алаңдап тұрмын.
|
Я о тебе всё думаю. Ты постоянно у меня в мыслях. | Мен сен туралы ойлап жүрмін. Сен үнемі менің ойымдасың.
|
Я об этом много думал. | Мен осы жайлы көп ойладым.
|
Я обошёл весь город. | Бүкіл қаланы аралап шықтым.
|
Я объявляю перерыв! | Үзіліс жариялаймын!
|
Я обязательно постараюсь Вам помочь. | Сізге міндетті түрде көмектесуге тырысамын.
|
Я обязательно поеду (пойду). | Міндетті түрде барамын.
|
Я один останусь что ли? | Жалғыз қаламың ба?
|
Я одного возраста с ним. | Мен онымен жастымын.
|
Я опаздываю. | Мен кешігіп келе жатырмын.
2. Мен кешігіп барамын.
|
Я оправдаю доверие. | Сенімді ақтаймын.
|
Я опустошён. | Құлазып тұрмын.
|
Я от волнения совсем растерялся. | Толқығаннан тіпті абыржып қалдым ғой.
|
Я от тебя такого не ожидал. | Мен сенен мұндайды күтпеп едім.
|
Я отвезу тебя куда пожелаешь. | Сені қалаған жеріңе апарамын.
|
Я отдыхаю. | Мен дем алып отырмын.
|
Я отказываюсь. | Мен бас тартамын.
|
Я открою тебе свою тайну. | Саған сырымды ашайын.
|
Я откуда знаю. | Мен қайдан білейін.
|
Я отпросился с уроков, сказав учительнице, что болит голова. | Мұғалімнен басым ауырып жатыр деп, сабақтан сұранып кеттім.
|
Я очень обрадовался. | Қатты қуанып кеттім.
|
Я очень покладистый. | Мен тым көнгішпін.
|
Я очень сильно волнуюсь. | Мен өте қатты толқып тұрмын.
|
Я переживал за тебя. | Сен үшін уайымдадым.
|
Я перестраховываюсь. | Мен сақтық шарасын қамдап жатырмын.
|
Я плохой, ты хороший. | Мен жаманмын, сен жақсысың.
|
Я по тебе так сильно соскучился. | Мен сені сондай қатты сағындым.
|
Я побежал куда глаза глядят. | Басым ауған жаққа қаштым.
|
Я поверил. | Мен сеніп қалдым.
|
Я повидал много горя. | Өте көп жапа шектім.
|
Я повторяю еще раз. | Тағы қайталаймын.
|
Я поговорил с твоим отцом. | Мен сенің әкеңмен сөйлестім.
|
Я подумаю. | Ойланып көрейін.
|
Я пойду с тобой. | Мен сенімен барамын.
|
Я пока не знаю. | Әзірше білмеймін.
|
Я пока точно ничего сказать не могу. | Әзірше нақты ештеңе айта алмаймын.
|
Я покажу ему кто есть кто. | Кімнің-кім екенін оған көрсетемін.
|
Я покажу ему, где раки зимуют. | Әкесін таныту көрсетемін оған.
2. Мен оған көресінін көрсетермін.
3. Шаяндардың қай жерде қыстайтынын оған көрсетемін. (калька)
|
Я покажу ему, как связываться со мной. | Менімен байланысқанның қандай көрсетемін оған.
|
Я полнею. | Толып келе жатырмын.
|
Я полностью с Вами согласен. | Мен Сізбен толықтай келісемін.
|
Я получил жестокий урок. | Мен қатал сабақ алдым.
|
Я помню! Я всё помню! | Есімде! Бәрі есімде!
|
Я понял свою ошибку. | Мен өз қатемді түсіндім.
|
Я понял, Вы находитесь в затруднительном финансовом положении. | Түсіндім, Сіз қаржы жағынан қиналып тұрсыз ғой.
|
Я понятно выражаюсь? | Мен түсінікті айтып тұрмын ба?
|
Я попался на его удочку | Оның қармағына түстім
|
Я попозже приду. | Мен кейінірек келемін.
|
Я попробую поговорить с ним. | Мен онымен сөйлесіп көрейін.
|
Я послал его на три, всем известные, буквы. | Мен оны бәріне белгілі «үш әріпке» жібердім. (калька)
|
Я послушался твоего совета. | Мен сенің ақылыңды тыңдадым.
|
Я послушный ребёнок. | Мен - тілалғыш баламын.
|
Я посоветуюсь. | Ақылдасып көрейін.
|
Я поссорился с ним. | Онымен ренжісіп қалып едім.
|
Я постараюсь передать Ваш привет. | Сәлеміңізді жеткізуге тырысайын.
|
Я постараюсь сделать все возможное. | Мен қолымнан келгенше тырысамын.
|
Я постараюсь сделать все, что в моих силах. | Мен қолымнан келгенін жасауға тырысамын.
|
Я постарел, дети мои. С каждым днем болезни мои множатся. | Мен қартайдым, балаларым. Күнге күнін сырқаттарым күшейіп барады.
|
Я постарел, пока ждал тебя. (шутливо) | Сені күтіп қартайдым.
2. Сені күтемін деп қартайдым. ?
|
Я постригся. | Шашымды алдырдым.
|
Я потерпел неудачу. | Мен сәтсіздікке ұшырадым.
|
Я потерял всё. | Мен бәрінен айырылдым.
|
Я потерял покой. | Менен маза кетті.
|
Я потом приду. | Мен кейін келемін.
2. Мен соңыра келемін.
3. Мен сосын келемін.
|
Я похож на дурака? | Мен ақымаққа ұқсаймын ба?
|
Я похож на наивного человека? | Мен аңқау адамға ұқсаймын ба?
|
Я похож на того, кто пойдет на предательство? | Мен опасыздық жасайтын адамға ұқсаймын ба?
|
Я похоже где-то тебя видел. | Сені бір жерден көрген секілдімін.
|
Я пошёл домой. | Үйге кеттім.
2. Мен үй жаққа кеттім.
|
Я правильно говорю? | Мен дұрыс айтып тұрмын ба?
|
Я правильно понимаю? | Мен дұрыс түсініп отырмын ба?
|
Я предупреждаю, у нас ещё будут проблемы с этим парнем. | Ескертіп қояйын, әлі ол жігіт бізге қиындық тудырады.
|
Я привык к нему. | Оған бауыр бастым.
|
Я привык к одиночеству. | Жалғыздыққа үйреніп қалдым.
|
Я привык. | Мен үйреніп кеттім.
|
Я приду поздно. | Мен кеш келемін.
|
Я приду через пять минут. | Мен бес минуттан кейін келемін.
|
Я приехал (пришёл). | Мен келіп қалдым.
|
Я признаю свои ошибки. | Мен өз қателерімді мойындаймын.
|
Я прилагаю все усилия. | Мен бар күшімді салып жатырмын.
|
Я принёс радостную весть. | Қуанышты хабар әкелдім.
|
Я пришёл к тебе отдать долг. | Мен саған қарызымды беруге келдім.
|
Я пришёл к тебе что-то сказать. | Мен саған бірдеңе айтуға келдім.
|
Я пришёл с просьбой.
– Говори свою просьбу | Өтінішпен келіп отырмын.
2. Қолқа сала келіп отырмын.
– Қолқаңды айт.
|
Я пришёл узнать, как у вас дела. | Халіңізді білейін деп келдім.
|
Я пришёл, чтобы тебя обрадовать. | Сен қуанту үшін келдім
|
Я про себя обрадовался. | Ішімнен қуанып кеттім.
|
Я про тебя всё знаю. | Мен сен туралы бәрін білемін.
|
Я про это забыл спросить. | Соны сұрауды ұмытып кетіппін.
|
Я про это и забыл. | Мен ол туралы ұмытып та кеттім.
|
Я проверял несколько раз. | Бір неше рет тексердім.
|
Я продолжу. | Мен жалғастырайын.
|
Я проиграл. | Мен ұтылып қалдым.
2. Мен ұтылдым.
3. Жеңілдім.
|
Я просто спросил. | Мен жай сұрадым.
2. Жай сұрағаным ғой.
|
Я просто так спросил. | Мен жай ғана сұрадым.
|
Я просто хотел увидеть тебя. | Жай сені көргім келді.
|
Я просто хочу с тобой поговорить. | Мен сенімен жай сөйлескім келіп тұр.
|
Я прочитал эту книгу. Она мне очень понравилась. | Сол кітапты оқып шықтым. Маған өте ұнады.
|
Я прошу вас понять меня правильно. | Мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын.
|
Я пылесошу. | Шаңсорғыштап жатырмын.
|
Я пытался, но не получилось | Мен тырыстым, бірақ болмады.
|
Я работаю. | Жұмыстанып жатырмын.
|
Я работу нашёл! | Мен жұмыс таптым!
|
Я рад, то ты пришёл. | Келгеніңе қуаныштымын.
|
Я рад, что ты сидишь рядом со мной. | Сенің қасымда отырғаныңа қуаныштымын.
|
Я рад, что у всё хорошо получилось. | Жақсы болғанына қуаныштымын.
|
Я разбудил тебя? | Оятып жібердім бе?
2. Ұйқың бөліп жібердім бе?
3. Ұйқыңнан оятып жібердім бе?
|
Я разве отказываюсь? | Мен бас тартып тұрмын ба?
|
Я разве похож на человека, который обманывает? | Өтірік айтатын адамға ұқсаймын ба?
|
Я разве тебе не друг? | Мен сенің досың емеспін бе!
|
Я разочаровался в тебе. | Сенен қөңілім қалды.
|
Я раньше здесь не был. | Бұрын бұл жерде болған жоқпын.
|
Я раньше тоже так думал. | Мен де бұрын солай ойлаушы едім.
|
Я расспросил, он очень хороший, квалифицированный врач. | Мен сұрастырып көрдім, бұл өте жақсы, білікті дәрігер
|
Я решил никуда не ехать. | Мен ешқайда бармайтын болдым.
|
Я с Вами не согласен. | Мен Сізбен келіспеймін.
|
Я с дороги немного устал. Думаю отдохнуть. | Мен жолдан біраз шаршадым. Демалсам деймін.
|
Я с ним не общаюсь. | Мен онымен араласпаймын.
|
Я с ним не поеду. | Мен онымен бармаймын.
|
Я с ними сам поговорю. | Олармен өзім сөйлесемін.
|
Я с отцом давно не общаюсь. Я как-нибудь сам проживу, и сам решу свои проблемы. | Әкемен араласпағалы қөп болды. Өз күнім өзім көремін, қиындықтарды да өзім шешемін.
|
Я с тобой не играю. | Мен сенімен ойнамаймын.
|
Я с тобой по-человечески говорю. | Мен сенімен адамша сөйлесіп тұрмын.
|
Я сам выбрал. | Мен өзім таңдап қойып едім.
|
Я сам доберусь. | Өзім жетіп аламын.
|
Я сам знаю, что мне делать. | Мен өзім білемін не істейтінімді.
|
Я сам помою посуду. | Мен өзім ыдыстарды жуып тастаймын.
|
Я сам сделаю. Вы отдыхайте. | Мен өзім істеймін. Сіз демала беріңіз.
|
Я сам себе говорю: «Забудь». Но забыть не могу | Мен өзіме «Ұмыт» деймін. Бірақ ұмыта алар емеспін.
|
Я сам себе не могу дать оценку. Это, наверное, надо спросить у людей. | Өзіме өзім баға бере алмаймын. Оны елден сұрау керек шығар.
|
Я сам себе хозяин. | Өзіме өзім қожамын.
|
Я сам себя не узнаю. | Мен өз өзімді танымай жүрмін.
|
Я сам справлюсь. | Өзім меңгеріп аламын.
|
Я свои силы знаю. | Мен өз күшімді білемін.
|
Я своими глазами видел! | Өз көзіммен көрдім!
|
Я сдался. | Мен берілдім.
|
Я сделал всё, что мог. | Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім.
|
Я сделал одно нехорошее дело. | Мен бір жаман іс жасадым.
|
Я сделал одну глупость. | Бір ақымақтық жасадым.
|
Я сделаю так, как захочу. | Ықтияр өзімде.
|
Я сделаю так, что все будут довольны. | Бәрін риза қыламын.
|
Я себя плохо чувствую. | Мен өзімді біртүрлі сезініп тұрмын.
2. Мен өзімді жайсыз сезініп тұрмын.
|
Я сегодня вечером вылетаю в Астану. | Мен бүгін кешке Астанаға ұшып кетемін.
|
Я сегодня видел один сон. | Мен бүгін бір түс көрдім.
|
Я сегодня добрый. | Мен бүгін мейірімдімін.
|
Я сегодня счастливый! | Мен бүгін бақыттымын!
|
Я сейчас всё объясню. | Мен қазір барлығын түсіндіремін.
|
Я сейчас не в состоянии говорить. | Мен қазір сөйлесетін ешқандай шамам жоқ.
|
Я сейчас не придаю этому особого значения. | Қазір оған аса мән бермеймін.
|
Я сейчас покажу тебе что-то интересное. | Мен саған қазір қызық бірдеме көрсетемін.
|
Я сейчас приду. | Мен қазір келемін.
|
Я сильно волнуюсь. | Қатты толқып жүрмін.
|
Я сильно испугался. | Зәрем ұшып кетті.
|
Я сильно переживаю. | Қатты уайымдап жүрмін.
|
Я сильно по тебе скучаю. | Мен сені аңсап жүрмін.
|
Я сильно по тебе соскучился. И во сне ты часто приходишь. | Мен сені қатты сағындым. Түсіме де жиі кіресің.
|
Я сильно тебя побеспокоил? | Сені қатты мазаладым ба?
|
Я сильно устал, посплю. | Қатты шаршадым, ұйықтайын.
|
Я скажу тебе кое-что.
– Нет, ничего не говори | Мен саған бір нәрсе айтайын.
– Жоқ, ештеңе деме.
|
Я скажу тебе, что нужно делать. | Мен саған не істеу керек екенін айтамын.
|
Я скажу только то, что видел. | Мен тек көргенімді айтамын.
|
Я скажу чуть позже. | Біраздан кейін айтамын.
|
Я сказал – всё. Нельзя. | Айтым – бітті. Болмайды.
|
Я сказал это просто так. | Мен мұны жай ғана айтып едім.
|
Я сколько раз тебе могу говорить? | Мен саған қанша рет айтамын?
|
Я скоро буду. | Жақын арада боламын.
|
Я скучаю по тебе. | Мен сені сағынып жүрмін.
|
Я сломал руку. | Мен қолымды сындырып алдым.
|
Я слушать тебя не хочу. | Сені тыңдағым келмейді.
|
Я слышал от начала и до конца. | Басынан аяғына дейін естідім.
|
Я слышал от одного человека. | Бір адамнан естіген едім.
|
Я слышал своими ушами. | Өз құлақпен естідім.
|
Я слышал, но точно не знаю. | Естігенмін, бірақ анығын білмеймін.
|
Я слышал, что он живет в Астане. | Ол Астанада тұрады деп естігенмін.
|
Я слышу. | Естіп тұрмын.
|
Я смогу ответить за свою жизнь. | Мен өз өміріме жауап бере алам.
|
Я смотрю, у тебя язык прорезался. | Қарап тұрсам тілің шығып қалыпты.
|
Я совершил большую ошибку. | Мен үлкен қателік жасадым.
|
Я совсем не ожидал. | Мен мүлдем күтпеген жоқпын.
|
Я сожалею о случившемся. | Бұлай болғанына өкінемін.
|
Я соскучился по вам, поэтому пришёл, чтобы узнать, что вы живы-здоровы. | Сіздерді сағынып кеттім де, амандықтарыңызды біліп қайтайын деп келдім.
|
Я состарился. | Мен қартайдым.
|
Я сохраню тебя в своём сердце. | Сені жүрегімде сақтаймын.
|
Я спал и не слышал. | Ұйықтап жатқанмын, естімедім.
|
Я специально пришёл, чтобы познакомиться с Вами. | Сізбен арнайы танысайын деп келдім.
|
Я спешу домой. | Үйге асығып тұрмын.
|
Я спешу. До свидание! | Мен асығып тұрмын. Сау болыңдар!
|
Я справлюсь.
– И с этим справлюсь. | Мен еңсеремін.
– Мұны да еңсеремін.
|
Я спросил потому, что не знаю. | Білмегендіктен сұрап едім.
|
Я спросил у него, что случилось. | Мен одан не болғанын сұрап едім.
|
Я стал отцом. | Мен әке атандым.
|
Я стала матерью. | Мен ана атандым.
|
Я стараюсь. | Мен тырысып жүрмін.
|
Я старше тебя. | Мен сенен үлкенмін.
|
Я старший, поэтому ты должен меня слушаться. | Мен үлкенмін, сондықтан сен мені тыңдауың керек
|
Я старый и больной. | Мен кәрімін және аурумын.
|
Я стесняюсь спросить. | Сұрауға ұяламын.
|
Я страшно обрадовался. | Мен жаман қуандым.
|
Я схожу умоюсь. | Беті-қолымды жуып алайын.
|
Я считал Вас своим человеком. | Сізді өз адамым деп едім.
|
Я считаю, что внешность – это не важный фактор. | Сыртқы кескін-келбет маңызды емес деп есептеймін.
|
Я сыт по горло твоими выходками! | Сенің қылықтарыңа әбден тойдым!
|
Я сюда не ругаться пришёл. | Бұл жерге ұрсысу үшін келмедім.
|
Я сюда пришёл из-за тебя. А иначе не пришёл бы. | Бұл жерге сен үшін келдім. Әйтпесе келмес едім
|
Я так жить не могу. | Мен бұлай өмір сүре алмаймын.
|
Я так не говорил. | Мен олай айтқаным жоқ.
2. Мен олай айтқан жоқпын.
|
Я так не смогу сделать. | Олай ете алмаймын.
|
Я так просто не могу выйти из дому.
| Мен оңайлықпен үйден шыға алмаймын.
|
Я так просто так от него не отстану. | Мен одан жайдан жай қалмаймын.
|
Я так рад слышать твой голос.
| Даусыңды естігеніме сондай қуаныштымын.
|
Я так рад. Ты не представляешь. | Сондай қуаныштымын. Сен елестете алмайсың.
|
Я так решил. | Мен солай қабылдадым.
|
Я так старался. | Мен сондай тырысып едім.
|
Я такие игры не люблю. | Мен ондай ойындарды ұнатпаймын.
|
Я такого не понимаю. | Мен ондайды түсінбеймін.
|
Я такое не слышал. | Ондайды естімеппін.
|
Я такое никогда не позволю. | Ешқашанда ондайға жол бермеспін.
|
Я твой родственник. | Мен сенің туысқаныңмын.
|
Я тебе верил. | Мен саған сеніп едім.
|
Я тебе верю.
– Я тебе не верю! | Мен саған сенемін.
– Мен саған сенбеймін!
|
Я тебе говорю. | Мен саған айтып тұрмын.
|
Я тебе для примера говорю. | Мен саған мысал үшін айтып отырмын.
|
Я тебе надоел с просьбами? | Саған өтініштеріммен мезі еттім бе?
|
Я тебе не враг. | Мен сенің жауың емеспін.
|
Я тебе не игрушка. | Мен саған ойыншық емес.
|
Я тебе не разрешу. | Мен саған рұқсат етпеймін.
|
Я тебе повторяю. | Мен саған қайталап айтамын.
|
Я тебе помогу. | Мен саған көмектесемін.
|
Я тебе прямо говорю. | Мен саған тура айтамын.
|
Я тебе что сказал? | Мен саған не дедім?
|
Я тебе это давно говорил. | Мен оны саған баяғыдан айттым.
|
Я тебе это еще припомню. | Мен мұны әлі алдыңа келтіремін.
|
Я тебя всю жизнь буду носить на руках. | Мен сені өмір бақи алақанымда ұстап жүремін.
|
Я тебя давно простил. | Мен сені баяғыда кешіргенмін.
|
Я тебя долго искал. | Мен сені ұзақ іздедім.
|
Я тебя ждал. Ты не пришёл.
– Почему ты не пришёл? | Сені күттім. Сен келмедің.
– Неге келмедің?
|
Я тебя жду. | Мен сені күтіп тұрмын.
|
Я тебя здесь подожду. | Мен сені осы жерде күте тұрамын.
|
Я тебя зову на свой день рождения. Ты же придёшь? | Мен сені туған күніме шақырамын. Келесің ғой?
|
Я тебя ищу.
– Зачем ты меня искал? | Мен сені іздеп жүрмін.
– Не үшін іздедің?
|
Я тебя люблю, но как друга. | Мен сені сүйемін, бірақ дос ретінде.
|
Я тебя люблю. | Мен сені сүйемін.
2. Мен сені жақсы көремін.
|
Я тебя на улице подожду. | Мен сені далада күте тұрамын.
|
Я тебя не достоин. | Мен саған лайықты емеспін.
|
Я тебя не забуду. | Mен сені ұмытпаймын.
|
Я тебя ненавижу. | Мен сені жек көремін.
|
Я тебя ни на кого и ни на что не поменяю. | Сені ешкімге де, ештеңеге де айырбастамаймын.
|
Я тебя никогда не брошу. | Мен сені ешқашан тастап кетпеймін.
|
Я тебя никогда не винил. Наверное, обстоятельства так сложились. | Мен сені ешқашан кінәлаған емеспін. Бәлкім, жағдай солай болған шығар.
|
Я тебя никогда не забуду. | Мен сені ешқашан ұмытпаймын.
|
Я тебя никому не отдам.
– Никто и ничто не сможет тебя отнять у меня. | Мен сені ешкімге бермеймін.
– Ешкім, ешнәрсе сені менен тартып ала алмайды.
|
Я тебя никуда не отпущу. | Мен сені ешқайда жібермеймін.
|
Я тебя одного не отпущу. | Сені жалғыз жібермеймін.
|
Я тебя побеспокоил, прости.
– Ты меня не побеспокоил. | Сенің мазаңды алдым, кешір.
– Мазамды алған жоқсың.
|
Я тебя по-особенному ценю, красавица. | Мен сені ерекше бағалаймын, сұлу бикеш
|
Я тебя предупреждал. | Мен саған ескерткенмін.
|
Я тебя придушу. | Мен сені буындырып өлтіремін.
|
Я тебя простил. | Мен сені кешірдім.
|
Я тебя разбужу. | Мен сені оятамын.
|
Я тебя совершенно не понимаю. | Мен сені мүлдем түсінбеймін.
|
Я тебя спасу. | Мен сені құтқарамын.
|
Я тебя убью. | Мен сені өлтіремін.
|
Я тебя уважаю, а ты меня уважаешь?
| Мен сені құрметтеймін, ал сен мені құрметтейсің бе?
|
Я тебя уже полчаса жду. | Сені күткеніме жарты сағат болды.
|
Я тебя уничтожу. | Мен сені құртамын.
|
Я тебя целый час жду. | Сені бір сағат күтіп тұрмын.
|
Я терпеливый человек. | Мен шыдамды адам.
|
Я то, что хотел сказать, сказал. | Мен айтарымды айттым.
|
Я тоже был таким же, как ты. | Мен де сен секілді болдым.
|
Я тоже Вам это желаю! | Мен де Сізге соны тілеймін!
|
Я тоже могу ошибаться. | Менің де қателесуім мүмкін.
|
Я тоже не подарок. | Менің де мінезім бал емес (буквально: и у меня характер – не мёд).
|
Я тоже об этом своим детям говорю. | Мен де соны балаларыма айтамын.
|
Я тоже отец. | Мен де әкемін.
|
Я тоже подумаю. | Мен да ойланып көрейін.
|
Я тоже рад тебя видеть. | Мен де сені көгеніме қуаныштымын. 2. Мен де сені көріп қуанып тұрмын.
|
Я тоже самое говорю. | Мен де соны айтамын.
|
Я тоже тороплюсь. | Мен де асығып барамын.
|
Я тоже человек. | Мен де адам баласымын.
|
Я только тебя предупредил. | Саған тек ескерту жасадым.
|
Я только что проснулся. | Мен жаңа ғана ұйқыдан тұрдым.
|
Я туда больше не пойду(поеду). | Ол жаққа енді бармаймын.
|
Я туда и ехал (шёл). | Сонда бара жатқанмын.
|
Я туда не пойду (поеду). | Мен ол жерге бармаймын.
|
Я тут бегаю, душу отдаю, а вы даже не слышите моих слов. | Мен жан таласып жүрсем, сендер менің сөздерімді құлаққа да қыстырмайсыңдар.
|
Я у тебя спрашиваю. | Мен сенен сұрап отырмын.
|
Я уважаю его за честность и человечность. | Оны адалдығы және адамгершілігі үшін құрметтеймін.
|
Я уверен на сто процентов | Жүз пайыз сенімдімін.
|
Я уверен, что можно что-то сделать. | Бірдеңе істеуге болатынына сенімдімін.
|
Я удовлетворен. | Қанағаттандым.
|
Я уже давно забыл. | Мен әлдеқашан ұмытып кеттім.
|
Я уже не так молод, как раньше. | Мен бұрынғыдай жас емеспін
|
Я устал с дороги. | Жол жүріп шаршадым.
2. Жолдан қажып келдім.
|
Я устал. | Шаршадым. 2. Шаршап отырмын.
|
Я уточню. | Нақтылайын.
|
Я ушёл ни с чем. | Құр қол кеттім.
|
Я хорошо знаю, кто ты такой. | Мен сенің кім екеніңді жақсы білемін.
|
Я хотел бы сделать заказ. | Тапсырыс берсем бе деп едім.
|
Я хотел бы сказать... | Менің айтайын дегенім...
|
Я хотел Вам сделать сюрприз. | Мен Сізге тосын сый жасағым келіп еді.
|
Я хотел вам сказать, но забыл. | Мен сендерге айтамын деп ұмытып кетіппін ғой.
|
Я хотел защитить своего ребенка. | Баламды қорғағым келді.
|
Я хотел кое-что сказать. | Бірдеңе айтайын деп едім.
|
Я хотел купить. | Сатып алайын деп едім.
|
Я хотел поговорить с Вами с глазу на глаз. | Сізбен көзбе-көз сөйлесейін деп едім.
|
Я хотел поговорить с тобой.
– Да, о чём ты хотел поговорить? | Мен сенімен сөйлесейін деп едім.
– Иә, не туралы сөйлесейін деп едің?
|
Я хотел поговорить с тобой. У тебя есть свободное время? | Сенімен сөйлеспекші едім. Бос уақытың бар ма?
|
Я хотел помочь старшему брату. | Ағама көмектесейін деп едім.
|
Я хотел сказать другое. | Менің айтайын дегенім басқа еді.
|
Я хотел спросить у тебе кое-что. Можно? | Сенен бір нәрсе сұрайын деп едім. Болады ма?
|
Я хотел спросить, сделали или нет операцию твоей старшей сестре. | Әпкеңе ота жасаған-жасамағанын сұрайын дегенмін.
|
Я хотел что-то спросить. | Мен бірдеңе сұрайын деп едім.
|
Я хотел эти деньги потратить на себя. | Мен ол ақшаны өзіме жұмсайын деп едім.
|
Я хочу быть один. | Мен жалғыз болғым келеді.
|
Я хочу всё забыть. | Бәрін ұмытқым келеді.
|
Я хочу знать. | Білгім келеді.
|
Я хочу научиться играть на гитаре. | Мен гитара тартып үйренгім келіп жүр.
|
Я хочу остаться один. | Жалғыз қалғым келеді.
|
Я хочу поговорить с адвокатом. | Мен қорғаушымен сөйлескім келеді.
|
Я хочу прийти к вам. | Сендерге келгім келеді.
|
Я хочу с Вами посоветоваться. | Сізбен ақылдасқым келеді.
|
Я хочу с ним поговорить. | Онымен сөйлескім келеді
|
Я хочу с тобой подружиться. | Мен сенімен достасқым келеді.
|
Я хочу сделать заказ. | Тапсырыс берейін деп едім.
|
Я хочу сказать пару слов. | Менің бір ауыз сөз айтқым келіп тұр.
|
Я хочу спать. | Ұйықтағым келеді.
|
Я хочу спать. | Менің ұйқым келіп тұр.
|
Я хочу тебе что-то сказать. | Мен саған бір нәрсе айтқым келіп тұр.
|
Я хочу тебя обнять и не отпускать. | Мен сені құшақтап алып, жібергім келмейді.
|
Я хочу тебя часто видеть. | Мен сені жиі көргім келеді.
|
Я хочу это знать. | Мен осыны білгім келеді.
|
Я хочу, чтобы мы остались друзьями. | Дос болып қалғанымызды қалаймын.
|
Я хочу, чтобы ты был счастливым. | Сенің бақытты болғаныңды қалаймын.
|
Я хочу, чтобы ты был человеком. | Сенің адам болғаныңды қалаймын.
|
Я хочу, чтобы ты жил в достатке. | Мен сенің баршылықта өмір сүргеніңді қалаймын.
|
Я человек, которому не нравится рассказывать о личной жизни. | Мен жеке өмірім туралы айтқанды ұнатпайтын адаммын.
|
Я что скажу, то и будете делать! | Мен не айтсам, соны істейсіңдер!
|
Я что, вещь одноразового пользования? | Мен бір рет қолданатын затпын ба?
|
Я что, враг тебе? | Мен не, саған жаумын ба?
|
Я что, должен начать прыгать от счастья? | Мен қуанғаннан секіре бастауым керек пе?
|
Я что, твой слуга? | Мен не, сенің қызметшіңмін бе?
|
Я что-нибудь придумаю. | Бір нәрсе ойлап табармын.
2. Мен бірдеңе ойлап табамын.
3. Ойластырып қарайын
|
Я чувствую себя глупым. | Мен өзімді ақымақ сезініп тұрмын.
|
Я чуть не заблудился. | Мен адаса жаздадым.
|
Я чуть не заплакал. | Мен жылап жібере жаздадым.
|
Я чуть не упал в обморок. | Есімнен танып қала жаздадым.
|
Я чуть с ума не сошёл. | Есімнен адаса жаздадым.
|
Я чуть со смеху не умер. | Күлкіден өліп қала жаздадым.
|
Я шучу, конечно. | Қалжыңдап отырмын, әрине.
|
Я это всё это делаю ради своих детей. | Мен бұның барлығын балаларым үшін жасаймын.
|
Я это давно знал. | Мен мұны баяғыдан білгенмін.
|
Я это ему ещё не сказал. | Мен мұны әлі оған айтқан жоқпын.
|
Я это ещё не решил. | Мен әлі оны шешкен жоқпын.
|
Я это знаю по своему опыту. | Мен оны өз тәжірибем бойынша білемін.
|
Я это не отрицаю. | Мен оны жоққа шығармаймын.
|
Я это повторно бы сделал. | Қайтадан осыны істер едім.
|
Я это сделал неспециально. | Мен мұны әдейі жасаған жоқпын.
|
Я это сделал ради тебя. | Мұны сен үшін істедім.
|
Я это тебе не могу сказать.
– И никому не могу сказать. | Мен оны саған айта алмаймын.
– Ешкімге де айта алмаймын.
|
Я этого не выдержу. | Мен бұған шыдай алмаймын.
|
Я этого не знаю. | Мен мұны білмеймін.
|
Я этого от Вас не ожидал. | Сізден мұндайды күтпеп едім.
|
Я этого понять не могу. | Мен осыны түсіне алмаймын.
|
Я этому свидетель. | Мен оған куәмін.
|
Я эту песню слушаю каждый день. | Осы өлеңді күнде тыңдаймын.
|
Я, в основном, думаю по-русски. | Мен негізі орысша ойлаймын.
|
Я, как Золушка, все выполняю по дому: убираюсь, стираю, варю.
– Я же говорил тебе, что ты будешь жить, как в сказке, если выйдешь за меня замуж. | Мен Күлшеқызы сияқтымын, үйдегі бар шаруаңды атқарамын: жинаймын, жуамын, пісіремін.
– Саған айтып едім ғой, маған тұрмысқа шықсаң, ертегідегідей өмір сүретін боласың деп.
|
Я, конечно, не ангел. | Әрине, мен періште емеспін.
|
Я, наверное, сойду с ума. | Жынданатын шығармын.
|
Я, надеюсь, что Вы правильно меня поймёте. | Сіз мені дұрыс түсінесіз деп үміттенемін.
|
Я, оказывается, опять забываю... | Тағы ұмытып бара жатыр екенмін...
|
Я, ради тебя, вынужден был так сделать. | Сен үшін осылай істеуге мәжбүрмін.
|
Я, честно, не знал. | Шынымен білген жоқпын.
|
Я, это - я. И что ты сделаешь?
– Я тоже - я. И что ты мне сделаешь? | Мен – менмін! Ал, не қыласың?
– Мен де менмін! Сен маған не қыласың?
|
Ягнёночек ты мой! | Қошақаным сол!
|