Работа твоя подождёт. |
Жұмысың күте тұрады.
|
Работает круглосуточно. | Тәулік бойы жұмыс істейді.
|
Работы не было, от безысходности я вышел на эту работу. | Жұмыс болмады, шарасыздан осы жұмысқа кірдім.
|
Равны ли женщина и мужчина? | Әйел мен еркек тең бе?
|
Ради Бога, оставь, пожалуйста, меня одного. | Құдай үшін мені оңаша қалдыршы.
|
Ради Бога, прекратите, пожалуйста! | Құдай үшін қойыңызшы!
|
Ради Бога, скажи, пожалуйста, что случилось? | Құдай үшін, айтшы не болды?
|
Ради денег он готов на всё. | Ол ақша үшін барлығына дайын.
|
Ради дочери я всё сделаю. | Қызым үшін мен бәрін істеймін
|
Ради тебя я готов душу свою отдать. | Сен үшін жанымды қиюға дайынмын.
|
Ради тебя я готов на всё. | Сен үшін бәріне дайынмын.
|
Радоваться ещё рано. | Қуануға әлі ерте.
|
Радуйся, что легко отделался. | Оңай құтылғаныңа қуан.
|
Радуйтесь, ваша мечта сбылась. | Қуана беріңдер, армандарың орындалды.
|
Радуюсь, что остался жив-здоров. | Аман-сау қалғаныма қуанып жүрмін.
|
Разбуди меня, пожалуйста, в 8 часов. | Сағат сегізде мені оятшы.
|
Разве бывают подарки лучше, чем этот? | Бұдан артық сыйлық бола ма?
|
Разве еще не рано? Можно я немножко полежу. | Әлі ерте емес пе? Кішкене жата тұрайыншы.
|
Разве лишние деньги продырявят твой карман? | Артық ақша қалтаңды тесе ме?
|
Разве можно ездить с такой скоростью? | Сонша қатты жылдамдықпен жүруге бола ма?
|
Разве можно обижаться на таких дураков? | Ондай ақымақтарға адам ренжи ме екен?
|
Разве мы сегодня не будем веселится до утра? | Бүгін таң атқанша көңіл көтермейміз бе?
|
Разве не так все должно быть?
– Да, обычно, так бывает. | Бәрі солай болуы мүмкін емес пе?
– Иә, әдетте, солай болады.
|
Разве не так? | Осылай емес пе?
|
Разве сразу вспомнишь? | Қапелімде еске түсе ме?
2. Бірден еске түсе ме?
|
Разве так встречают пришедших гостей? | Келген қонақты осылай қарсы алушы ма еді?
|
Разве так гладят одежду? | Адам сүйтіп киім үтіктей ме?
|
Разве так можно поступать? | Осылай істеуге бола ма екен?
|
Разве такое возможно? | Ондай мүмкін бе?
|
Разве это смешно? | Бұл күлкілі ме?
|
Разве я виноват, что влюбился в тебя? | Мен саған ғашық болғаным үшін кінәлімін бе?
|
Разве я говорю неправду? | Мен шындықты айтып отырған жоқпын ба?
|
Разве я такой человек? | Мен сондай адаммын ба?
|
Разговаривайте, я не буду мешать. | Сөйлесе беріңдер, мен бөгет болмаймын.
|
Разговор между ними никогда не закончится. | Бұл екеуінің әңгімесі таусылмас.
|
Раздевайтесь. Проходите в зал.
- Проходите, прошу, сюда проходите. | Киіміңізді шешіңіз. Төрлетіңіз.
- Өтіңіз, өтінемін, былай шығыңыз.
|
Раздели на равные части. | Тең бөліктерге бөл.
|
Разделяю твою радость. | Қуанышыңа ортақпын.
|
Размазать тебе твой нос по лицу что ли? | Мұрныңды бет қып жіберейін бе осы?
|
Разница между ними, как между небом и землей. | Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей.
|
Разумные слова. | Жаны бар сөз.
|
Рано или поздно все там будем. | Ерте ме кеш пе, бәріміздің баратын жер сол.
|
Раньше было по-другому. | Бұрын басқаша болған.
|
Располагайтесь, где Вам удобно. | Өзіңізге қолайлы жерге жайғасыңыз.
|
Расскажи с самого начала, пожалуйста! | Басынан айтшы!
|
Рассказать вам один мой секрет? | Сендерге бір сырымды айтайын ба?
|
Рассказать тебе один непристойный анекдот? | Бір былапыт анекдотты айтайын ба саған?
|
Рассказать тебе что-то? | Мен саған бір нәрсені айтайын ба?
|
Расслабься. | Деніңді бос ұста.
|
Растрогало сердце. | Жүректі тебірентті.
|
Ребёнку нужны родители, семья. | Балаға ата-ана, отбасы керек.
|
Ребёнок чуждается посторонних. | Бала бөтен адамды жатырқайды.
|
Ребятам повезло!
- А нам? Интересно повезёт? | Жігіттердің жолы болыпты!
- Біздің ше? Жолымыз бола ма екен?
|
Родители меня не понимают. | Ата-анам мені түсінбейді.
|
Родительская любовь. | Ата-ана махаббаты.
|
Рукой подать. | Қол созым жер.
|
Ручка есть? | Қалам бар ма?
|
Рядом с Вами место свободно? | Жаныңыз бос па?
|
С большой надеждой жду тебя. |
Зор үмітпен күтемін сені.
|
С вами всё понятно. | Сендермен түсінікті болды.
|
С Вами мы потом поговорим. | Сізбен сосын сөйлесеміз.
|
С вами хорошо, а без вас ещё лучше.
| Сендермен жақсы-ақ, ал сендерсіз тіпті жақсы.
|
С Вашей стороны будет ли помощь? | Сіздің тарапыңыздан көмек бола ма?
|
С возрастом и говоришь меньше. Это старость. | Жас келген сайын сөз да азаяды екен. Сол баяғы кәрілік қой.
|
С выздоровлением! | Сауығып кетуіңмен!
|
С детства осталось в памяти. | Бала кезден есте қалған.
|
С добрыми намерениями. | Ізгі ниетпен.
|
С его стороны тоже несправедливо. | Оныкі де әділ емес.
|
С именем Бога (начинаю)! С Богом! | Бисмилля! (араб.)
2. Алланың атымен (бастаймын)!
|
С именем Бога Милостивого и Милосердного! | Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен! (араб. – Бисмилляхи Рахмани Рахим!)
|
С каждым днём происходит всё больше интересных вещей. | Күннен күнге қызық нәрселер көбейіп бара жатыр.
|
С каким вопросом пришли? | Не сұрақпен келдіңіздер?
|
С каких пор ты начал вставать рано? | Сен қашаннан бері ерте тұратын болғансың?
|
С каких пор ты стал спрашивать моего разрешения? | Қашаннан бері менен рұқсат сұрайтын болдың?
|
С каких пор ты стал таким вежливым?
| Қашаннан бері сондай сыпайы болып қалдың?
|
С кем Вы разговариваете? | Сіз кіммен сөйлесіп тұрсыз?
|
С кем Вы разговаривали, | Сіз кіммен сөйлестіңіз?
|
С кем ты был? | Кіммен болдың?
|
С кем ты поскандалил? | Кіммен жанжалдастың?
|
С любовью. | Сүйіспеншілікпен.
|
С нетерпением жду завтрашнего дня. | Ертеңгі күнді асыға күтемін.
|
С ним мы встретимся после обеда. | Онымен түстен кейін жолығамыз.
|
С ним по-хорошему нельзя. | Бұған жақсылық жақпайды.
|
С ним что-то случилось. Я чувствую. | Оған бірдеңе болды. Мен сезіп тұрмын.
|
С огнём не играют. | Отпен ойнамайды.
|
С приездом! | Келуіңізбен!
|
С пустыми руками пойдём что ли? | Құр алақанмен барамыз ба?
2. Құр қол барамыз ба?
|
С сегодняшнего дня всё будет хорошо. | Бүгіннен бастап бәрі жақсы болады.
|
С таким характером тебе трудно будет в жизни. | Осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады.
|
С таким характером ты далеко не уйдёшь. | Бұндай мінезіңменен сен алысқа бармайсың.
|
С такой жизнью я не согласен. | Мына тірлікпен келіскім келмейді.
|
С твоих рук, я и яд приму. | Сенің қолыңнан у да қабылдаймын.
|
С тех пор ничего не изменилось. | Сол кезден бері ештеңе өзгерген жоқ.
|
С тех пор прошло много времени. | Одан бері талай уақыт өтті.
|
С тех пор, я живу здесь. | Сол кезден бері осында тұрамын.
|
С тобой очень весело время проходит. | Сенімен уақыт өте көңілді өтеді.
|
С чего ты это взял? | Сен оны қайдан шығардың?
|
Садись же. | Отырсаңшы.
|
Садись, довезу до дому. | Отыр, үйіңе дейін жеткізіп салайын.
|
Садись, отдохни немного. | Отыр, аздап тынығып ал.
|
Садись, тебе никто слова не давал! | Отыр, саған ешкім сөз берген жок!
|
Садитесь, говорите, что нужно? | Отырыңыз, айтыңыз не керек?
|
Садитесь, довезу Вас. | Отырыңыз, апарып тастайын Сізді.
2. Отырыңыз, апарып салайын Сізді.
|
Садитесь, есть один очень важный разговор. | Отырыңыз, бір өте маңызды әңгіме бар.
|
Сами как-нибудь справимся. | Өзіміз бірдеңе қылармыз.
|
Само собой разумеется. | Өзінен-өзі түсінікті.
|
Самое дорогое в моей жизни – это мои дети. | Бұл өмірімде маған ең қымбатты – менің балаларым.
|
Самое меньшее. | Ең кем дегенде.
|
Сбылось то, что я сказал. | Айтқаным келді.
|
Свадьба была прекрасной. | Той керемет болды.
|
Светает. | Таң атып келеді.
|
Светик мой, ты же похудел! Что такое случилось? | Жарығым-ау, жүдеп кетіпсің ғой! Не болған сонша?!
|
Свидетели есть? | Куәгерлер бар ма?
|
Свидетели отказались от своих показаний. | Куәгерлер өз жауаптарынан бас тартты.
|
Своё мнение будешь иметь тогда, когда начнёшь получать деньги. | Өзің ақша тапқан кезде ғана өз пікіріңді айта аласың.
|
Своими успехами я обязан ему. | Ол - менің табысымның себепшісі.
|
Свою радость я не могу выразить словами. | Қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын.
|
Сделай серьезный вид. | Түріңді байсалды ет.
|
Сделаю всё, что смогу. | Қолымнан келгеннің бәрін істеймін.
|
Сегодня был очень удачный день. | Бүгін өте сәтті күн болды.
|
Сегодня Ваш день. | Бүгін - Сіздің күніңіз.
|
Сегодня вечером ты свободен? | Бүгің кешке қолың бос па?
|
Сегодня воскресенье. Нормальные люди отдыхают. | Бүгін күн жексенбі. Есі дұрыс адамдар демалып жатыр.
|
Сегодня какое (число)? | Бүгін нешесі?
|
Сегодня какой день недели? | Бүгін аптаның қай күні?
|
Сегодня на вечер у тебя есть планы?
– Сегодня вечером я буду дома. | Бүгін кешкіге жоспарларың бар ма?
– Бүгін кешке үйде боламын.
|
Сегодня нам не повезло. | Бүгін біздің жолымыз болмады.
|
Сегодня нас позвали в гости. | Бүгін бізді қонаққа шақырды.
|
Сегодня не везёт.
– А мне везёт. | Бүгін қол жүрмейді.
– Ал менің қолым жүріп тұр.
|
Сегодня самый счастливый день в моей жизни. | Бүгінгі күн мен үшін өмірімдегі ең бақытты күн.
|
Сегодня такой особенный день! | Бүгін сондай ерекше күн!
|
Сегодня такой чудесный день! | Бүгін күн сондай тамаша!
|
Сегодня ты выиграешь. | Бүгін сен ұтасың.
2.Бүгін сен жеңесің.
|
Сегодня ты какую оценку получил? | Бүгін қандай баға алдың?
|
Сегодня ты проиграешь. | Бүгің ұтыласың.
2. Бүгің сен жеңілесің.
|
Сегодня ты что-то рано пришёл. | Бүгін ерте келдің ғой.
|
Сегодня у меня день рождения. | Бүгін менің туған күнім.
|
Сегодня у меня нет настроения. | Бүгін көңіл-күйім болмай тұр.
2. Бүгін көңіл күйім жоқ.
|
Сегодня у нас в доме той, сегодня у нас в доме радость. | Бүгін біздің үйде той, бүгін біздің үйде қуаныш.
|
Сегодня у нас особенный день. | Бүгін бізде ерекше күн.
|
Сегодня у Татьяны день рождения. | Бүгін Татьянаның туған күні екен.
|
Сегодня я никуда не смогу пойти. | Бүгін ешқайда бара алмаймын.
|
Сегодня я ничего другое делать не могу. | Бүгін мен басқа ештеңе жасай алмаймын.
|
Сегодняшние дела не откладывай на завтра. | Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
|
Сейчас всё лечат, если у тебя есть деньги. | Қазір ақшаң болса бәрін емдейді ғой.
|
Сейчас кто-то от меня получит. | Қазір біреу менен таяқ жейді-ау.
|
Сейчас мы посмотрим, кто ты такой. | Қазір сенің кім екеніңді көреміз.
|
Сейчас мы это проверим. | Оны қазір тексеріп көреміз.
|
Сейчас не время для гуляний. | Қазір қыдыратын уақыт емес.
|
Сейчас не время для проведения праздничных мероприятий. | Қазір той тойлайтын уақыт емес.
|
Сейчас не время для шуток. | Қалжыңдасатын уақыт емес.
|
Сейчас они приедут (придут). | Қазір олар келеді.
|
Сейчас они у меня запоют. | Қазір мен оларды сайратамын.
|
Сейчас поймаю такси, и усажу тебя. | Қазір такси ұстап, мінгізіп салайын.
|
Сейчас посмотрю. | Қазір көріп корейін.
|
Сейчас придёт ваш отец! | Қазір әкелерің келеді!
|
Сейчас приду. | Қазір келемін.
|
Сейчас принесу. | Қазір әкелемін.
|
Сейчас проверим. | Қазір тексеріп көреміз.
|
Сейчас сердце моё остановится. | Қазір жүрегім тоқтап қалады.
|
Сейчас ты сам всё поймёшь. | Қазір өзін бәрін түсінесің.
|
Сейчас у меня денег нет, чтобы дать тебе. | Қазір саған бере салатын ақша жоқ менде.
|
Сейчас шумиха начнётся. | Қазір айғай-шу басталады.
|
Сейчас это не важно. | Қазір ол маңызды емес.
|
Сейчас я должен подчиниться. | Қазір көнуім керек.
|
Сейчас я им покажу. | Қазір мен оларға көрсетемін.
|
Сейчас я тебе кое-что скажу. | Қазір саған бір нәрсе айтамын.
|
Сейчас я тебя спасу. | Қазір мен сені құтқарамын.
|
Сейчас, пусть они пройдут. | Қазір олар өтіп кетсін.
|
Секрет успеха. | Табыстың құпиясы.
|
Сердце моё мечтает о тебе. | Жүрегім сен деп аңсайды.
|
Сердце не лежит. | Көңілім жатпайды.
|
Сердце не обманет. | Жүрек алдамайды.
|
Сиди, не ворчи. | Тақылдамай отыршы.
|
Сиди, не шуми, пожалуйста. | Шуламай отыршы.
|
Сиди, пожалуйста, спокойно, не ерзай. | Жыбырламай, тыныш отыршы.
|
Сил у нас хватает. | Шамамыз жетіп жатыр.
|
Сильно заметно? | Қатты білініп тұр ма?
|
Ситуация сложная. | Жағдай күрделі.
|
Скажешь, если тебе нужна будет помощь. | Көмек қажет болса айтасың.
|
Скажи мне откровенно, пожалуйста. | Маған ашық айтшы.
|
Скажи мне, как ты оказался в такой ситуации? | Айтшы маған, мұндай халге қалай түсіп қалдың?
|
Скажи мне, что хорошего ты сделал для него? | Маған айтшы, сен оған қандай жақсылық жасадың?
|
Скажи причину. | Себебін айт.
|
Скажи тьфу-тьфу и сплюнь. | Тіпә-тіпә, деп түкіріп таста.
|
Скажи что-нибудь, пожалуйста. | Бірдеңе айтшы.
|
Скажи что-нибудь, пожалуйста. | Бірдеңе десеңші.
|
Скажи, в чём моя вина? | Менің қандай жазығым бар екенін айтшы?
|
Скажи, вот я хороший человек? | Айтшы, осы мен жақсы адаммын ба?
|
Скажи, пожалуйста, кто тебя обидел? | Сені кім ренжітті, айтшы,?
|
Скажи, пожалуйста, чем я хуже его? | Менің одан қай жерім кем екенін, айтшы?
|
Скажи, пожалуйста, что тебе не хватает? | Айтшы, саған не жетпей жүр?
|
Скажи, ты можешь пять минут посидеть спокойно? | Айтшы, сен бес минут тып-тыныш отыра аласың ба?
|
Скажи, что есть и всё. | Не бар екенін айтсаң болды.
|
Скажи, что меня дома нет. | Мен үйде жоқ дей сал.
2. Мені үйде жоқ деп айтшы.
|
Скажи, что меня нет, пожалуйста. | Мен жоқ деп айта салшы.
2. Мені жоқ деші.
|
Сказать легко. | Айтуға оңай.
|
Складно ты говоришь. | Қиыстырып сөйлейсің.
|
Сколько бы ты не просил, я тебе в долг не дам, потому что у меня нет денег. | Сен қанша сұрасаң да, мен саған қарызға ақша бермеймін, өйткені менде ақша жоқ.
|
Сколько Вам лет? | Жасыңыз нешеде?
|
Сколько Вам нужно денег? | Сізге қанша ақша керек?
|
Сколько времени ты здесь будешь? | Мұнда қанша уақыт боласың?
|
Сколько времени это займёт? | Оған қанша уақыт кетеді?
|
Сколько душа твоя пожелает. | Қанша тілесең, сонша.
2. Көңілің қалағанша.
|
Сколько ему лет? | Оның жасы нешеде?
2. Бұл кісінің жасы қаншада?
|
Сколько же лет прошло, как мы не встречались?!
– По меньшей мере, 25 лет прошло! | Кездеспегелі неше жыл өтті екен?!
– Кемінде жиырма бес жыл бар-ау!
|
Сколько людей сгубила эта водка! | Қаншама азаматты қор қылды осы арақ!
|
Сколько мне можно тебе повторять? | Саған қанша қайталасам болады?
|
Сколько могу вам говорить, что у меня аллергия на пыль. | Шанға аллергиям бар деп қанша айтамын сендерге.
|
Сколько мы будем скрывать? | Қашанғы жасырамыз?
|
Сколько мы не виделись? | Көріспегелі қанша болды?
|
Сколько продлится карантин? | Карантин қанша уақытқа созылады?
|
Сколько раз ему объясняли, но результатов нет. | Қаншама рет түсіндірдік оған, бірақ нәтиже жоқ.
|
Сколько раз я тебе буду говорить? | Саған неше рет айтамын?
|
Сколько тебе лет? | Нешедесің? 2. Жасың нешеде?
|
Сколько ты будешь прятаться? | Қанша тығыла бересің?
|
Сколько ты весишь? | Сенің салмағың қанша?
|
Сколько часов я спал? | Қанша уақыт ұйықтадым?
|
Сколько человек собирается приехать? | Қанша адам келейін деп жатыр?
|
Сколько я буду скрывать? | Қашанға дейін жасырамын?
|
Скорее бы мне избавиться от этого груза. | Осы жүктен тезірек құтылсам екен.
|
Скоро закончим. | Жақында бітіреміз.
|
Слава Богу, живём мы неплохо. | Тәубе, өміріміз жаман емес.
|
Слава Богу, жизнь течёт своим чередом. | Құдайға шүкір, тіршілік өз қалпымен жүріп жатыр.
|
Слава Богу, наконец-то пятница! | Ақырында, Құдайға шүкір, жұма күні бүгін!
|
Слава Богу, они живут не хуже других. | Құдайға шүкір, олар ешкімнен жаман тұрмайды.
|
Слава Богу, потихоньку живем. | Құдайға шүкір, ептеп-септеп жүріп жатырмыз.
|
Слава Богу, у нас все хорошо! | Құдайға шүкір біз жақсымыз!
|
Сладкая ложь вкуснее же, чем горькая правда. | Ащы шындыққа қарағанда тәтті өтірік дәмдірек қой.
|
Сладких тебе снов! | Ұйқың тәтті болсын!
|
Следи за собой. | Өзіңе қара.
|
Слепой что ли? | Соқырсың ба?
|
Слишком поздно воспитывать меня. | Маған тәрбие беруге тым кеш.
|
Слов нет, одни только эмоции. | Сөз жоқ, тек қана эмоциялар.
|
Словами не передать. | Сөзбен жеткізе алмайсың.
|
Словно бес в меня вселился. | Ішіме шайтан кіргендей.
|
Слово, режущее уши. | Құлақты жыртатын сөз (буквально: Слово, разрывающее уши).
|
Слушайся дедушку. | Атаңның тілін ал.
|
Слушать тебя не хочу. | Сені тыңдағым келмейді.
|
Слушаюсь, Ваше величество! | Ләббай, тақсыр!
|
Смени носки! | Шұлығыңды ауыстыр!
2. Басқа нәски ки!
|
Смотри, как бы он тебе чего-нибудь не сделал. | Байқа ол саған бірдеңе істеп кетіп жүрмесін.
|
Смотри, как он запел. | Шырылдап кеткенін қарашы.
|
Смотри, куда идёшь. Не видишь что ли? | Көзіңе қарасаңшы, көрмей тұрсың ба?
|
Смотри, ты за всё головой ответишь. | Байқа, бәріне басыңмен жауап бересің.
|
Смотрите, кто к нам в гости пришёл. | Қараңдар, бізге қонаққа кім келген.
|
Смысл жизни. | Өмірдің мәні.
|
Смысла нет. | Мағынасы жоқ.
|
Сначала выясни, кто он такой? | Алдымен, оның кім екенін анықта.
|
Сначала сам свою жизнь поправь, умник. | Алдымен өзің өмірің дұрыстап ал, білгіш.
|
Сначала скажу я. | Алдынан мен айтамын.
|
Снег идёт. | Қар жауып тұр.
|
Снимай обувь. | Аяқ киімді шеш.
|
Снимай рубаху, я зашью. | Көйлегіңді шеш, көктеп берейін.
|
Сними верхнюю одежду. | Сырт киіміңді шеш.
|
Снова начинаешь? | Тағы бастадың ба?
|
Со старшими по возрасту не спорь. | Үлкенге дау айтпа.
|
Со временем всё выясним. | Уақыт өте бәрін де анықтаймыз.
|
Со страха я не знал, что и сказать. | Сасқаннан не айтарын білмей қалдым.
|
Соберись! | Есіңді жина!
|
Собирайся быстрее, а то опоздаешь. | Тез жинал, әйтпесе кешігесің.
|
Советую прочитать. | Оқып шығуға кеңес беремін.
|
Совсем не смешно. | Түк те күлкілі емес.
|
Создать семью очень трудно. | Отбасын құру өте қиын.
|
Солнце восходит. | Күн шығып келе жатыр.
|
Солнце заходит. | Күн батып бара жатыр.
|
Солнце моё, кому я нужен, кроме тебя. | Күнім, мен сенен басқа кімге керекпін.
|
Солнышко моё, вставай! | Күнім менің, тұр!
|
Соль рассыпалась? Это знак, что мы поругаемся. | Тұз төгіліп қалды ма? Бұл – «ұрсыс болады» деген белгі.
|
Соседей не выбирают. | Көршілерді таңдамайды.
|
Соседи должны жить дружно. | Көршілер тату татты өмір сұру керек қой.
|
Сотрём с лица земли. | Жер бетінен шайып тастаймыз.
|
Сохраняйте спокойствие! | Тыныштық сақтаңыздар!
|
Спасибо Вам. В трудные времена Вы всегда поддерживаете.
– А для чего ещё друзья нужны? | Рақмет Сізге. Қиын кезде әрдайым қолдап отырсыз.
– Дос деген не үшін керек дейсің?
|
Спасибо. Вы очень любезны. | Рақмет. Сіз сондай ізеттісіз.
|
Спасите! Спасите! | Құтқарыңыздар! Құтқарыңыздар!
|
Спиртное принимаю только по праздникам. | Ішімдікті тек мерекелерде ғана қолданамын.
|
Спит, как сурок. | Суыр сияқты ұйқыны басып жатыр.
|
Спите уже. Что у вас за нескончаемые разговоры? | Ұйықтасаңдаршы. Не деген әңгіме сендерде бітпейтін?
|
Спички - это не игрушки! | Сіріңке - ойыншық емес!
|
Спокойной ночи! |
Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз! (буквально: Ложитесь удобно, вставайте в хорошем настроении) 2. Түніңіз тыныш болсын! (калька)
|
Справа.
– Слева. | Оң жағында.
– Сол жағында.
|
Спроси у него, он все знает. | Мына кісіден сұра, осы кісі бәрін біледі.
|
Спросит, скажем. | Сұраса, айтамыз.
|
Спросить даже нельзя что ли? | Сұрауға да болмай ма?
|
Спустись с неба на землю, пожалуйста. | Аспаннан жерге түсші.
|
Спустя неделю. | Арада бір апта.
|
Сразу бы так сказали. | Бірден солай айтпайсыз ба.
|
Среди бела дня. | Айдың күні аманында.
|
Среди ночи. | Түн ортасында.
|
Ссоримся по пустякам. | Түкке тұрмайтын нәрсеге керісеміз
|
Ставьте столы по порядку. | Үстелдерді рет-ретімен қойыңдар.
|
Стало его жалко. | Оған жаным ашып кетті.
|
Стало завидно. | Қызғанып кеттім.
|
Старайся быть веселым. | Көнілді болуға тырыс.
|
Старайся не обещать, или выполняй обещанное. | Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
|
Старших надо слушать. | Үлкенді тыңдау керек.
|
Стоит и смотрит на меня неодобрительно. | Маған қарап бедірейіп тұр.
|
Стоишь, растопырив уши, подслушивать разговоры других не стыдно тебе? Быстро закрой уши! |
Құлағыңды түріп алыпсың ғой, біреулердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? Тез құлағыңды жап!
|
Стой говорю тебе. | Тоқта деймін саған.
|
Стой здесь. Я сейчас приду. | Осында тұр. Мен қазір келемін.
|
Стой, подожди. | Тоқтай тұр.
|
Странно слышится. | Біртүрлі естіліп тұр.
|
Судьба преподнесла мне сюрприз. | Тағдыр маған тосын сыйын жасады.
|
Судьба разделила нас. | Тағдыр бізді бөліп жіберді.
|
Судьбу мы сами строим. | Тағдырымыз өзіміз қалаймыз.
|
Судя по внешности... | Түріне қарағанда...
|
Судя по голосу... | Дауысына қарағанда...
|
Судя по речи... | Сөзіне қарағанда...
|
Сходи посмотри, пожалуйста. | Барып қарашы.
|
Сходи узнай, пожалуйста. | Біліп келші.
|
Схожу, покурю. | Темекі тартып келейін.
|
Считайте, что меня нет в этой жизни. | Мені бұл өмірде жоқ деп есеп-теңдер.
|
Съездите на берег моря, отдохните. | Теңіз жағына барып демалып қайтыңыздар.
|
Съездишь, отдохнёшь. | Барып тынығып келесің.
|
Сынок, мы гордимся тобой. | Балам, сенімен мақтанамыз.
|
Сынок, одевайся потеплее. | Балам, жылы киініп жүр.
|
Сынок, подойди ко мне. | Балам, келші қасыма.
|
Сынок, свет моих очей. | Ұлым, көзімнің нұры.
|
Сынок, сделай правильный выбор. | Балам, дұрыс таңда.
|
Сынок, ты не вмешивайся в дела старших. | Сен үлкендердің ісіне араласпа, ұлым.
|
Сынок, ты не сможешь меня обмануть. | Балам, сен мені алдап ала алмайсың.
|
Сынок, ты почему не причешешься? | Балам, шашыңды неге тарамайсың?
|
Сынок, ты хочешь меня убить? | Балам, мені өлтіргің келе ме?
|
Сядь (садись) на место. | Орныңа отыр.
|
Сядь нормально, не вертись! | Шошаңдамай, дұрыс отыр!
|
Сядьте ближе. | Ілгерірек отырыңыз.
|