Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Работа, Н

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Н
На бесплатной основе. Тегін негізде.
 2. Ақысыз негізде.
На Ваш запрос. Сіздің саулыңызға.
На верном пути. Дұрыс жолда.
На видном месте. Көзге көрінетін жерде.
На всякий случай. Керек болған жағдайда.
На вчерашних переговорах мы не пришли к компромиссу. Кешегі келіссөзде бір мәмілеге келе алмадық.
На душе у меня наболело. Жаныма батты.
На законном основании. Заңды негізде.
На заметку. Ұмытпау үшін.
На какой улице расположено Ваше учреждение? Мекемеңіз қай көшеде орналасқан?
На каком языке Вы говорите свободно? Қай тілде еркін сөйлейсіз?
На моём месте ты тоже так бы сделал. Менің орнымда болсаң, сен де сөйтер едің.
На моём месте любой парень поступил бы так же. Менің орнымда кез келген жігіт осылай істер еді ғой.
На него нельзя надеяться. Одан үміт күтуге болмайды.
На него слова не действуют. Оған сөз өтпейді.
На основании акта проверки. Тексеру акті негізінде.
На основании доверенности. Сенімхат негізінде.
На основании приказа. Бұйрық негізінде.
На первый взгляд. Бірінші көргеннен.
На представительские расходы. Өкілеттік шығындарға арналған.
На себя (о дверях).
 - От себя.
Ішке қарай (есік туралы).
 - Сыртқа қарай.
На сегоня всё. Бүгінге осы.
На сегодня и этого хватит. Бүгінге осы да жетеді.
На следующей неделе. Келесі аптада.
На счёт «три» начинаем. «Үш» дегенде бастайық.
На тебе лица нет. Ты всю ночь работал? Түрден түр қалмапты. Түні бойы ұйықтамай жұмыс істегенсің бе?
На твоём месте я поступил бы так же. Сенің орныңда болсам, мен де сөйтер едім.
На хлеб и чай денег хватает. Нан мен шайға ақша жетіп жатыр.
На чём можно сэкономить деньги? Ақшаны қалай үнемдеуге болады?
На чьё имя пишется заявление?
 - Заявление пишется на имя руководителя учреждения.
Өтініш кімнің атына жазылады?
 - Өтініш мекеме басшысының атына жазылады.
На этой неделе. Осы аптада.
На этом прекращаем. Осы жерден доғарайық.
На этом разговор окончен. Осымен әңгіме тәмам.
На этот вопрос ты и сам знаешь ответ. Бұл сұрақтың жауабын өзің де білесің.
На этот раз мы хорошо подготовились. Бұл жолы жақсылап дайындалдық.
Наверное, так. Солай шығар.
Навязался на мою голову. Менің сорыма қарай сарт ете қалды.
Надеюсь, что ещё встретимся. Тағы кездесеміз деп үміттенемін.
Надо все вещи называть своими именами! Әр нәрсені өз атымен атау керек!
Надо же доводить начатое дело до конца. Бастаған нәрсені аяғына дейін жеткізу керек қой.
Надо изучать иностранные языки. Шетел тілдерін үйрену керек.
Надо подумать. Ойлану қажет.
Надо посоветоваться. Ақылдасу керек.
Надоело слушать твой бред. Сенің сандырағыңды тыңдап жалықтым.
Нажитое непосильным трудом. Терлеп-тепшіп жиған дүние.
Назревшие проблемы. Толғақты мәселелер.
Найдётся какой-нибудь выход, не переживай. Бір амалы табылар, уайымдай берме.
Найди его, даже если он сквозь землю провалился! Жерге кіріп кетсе де, тап!
Наконец-то, мы тебя увидели. Сені де көретін күн бар екен.
Наличные деньги. Қолдағы ақша.
Нам всё известно. Бізге бәрі белгілі.
Нам и это сгодится. Бізге осы да жарайды.
Нам может понадобиться рекламная кампания. Бізге жарнамалық науқан қажет болуы мүмкін.
Нам надо принимать меры касательно этого человека. Ол адамға қатысты бір шара қолдану қажет.
Нам надо обговорить детали. Егжей-тегжейлерді нақтылауымыз қажет.
Нам необходим новый логотип. Бізге жаңа логотип қажет.
Нам нужен второй шанс. Бізге екінші мүмкіндік керек.
Нам нужен настоящий профессионал с высокой квалификацией. Бізге жоғары білікті нағыз маман қажет.
Нам нужен переводчик. Бізге аудармашы қажет.
Нам нужен специалист с опытом работы не менее года. Бізге кем дегенде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар адам қажет.
Нам нужен спонсор. Бізге демеуші керек.
Нам нужна Ваша помощь. Бізге Сіздің көмегіңіз керек.
Нам нужно всё обдумать. Біз бәрін ойластыруымыз керек.
Нам нужно качество. Бізге сапа керек.
Нам нужно поговорить. Сөйлесуіміз керек.
Нам нужно развивать сельское хозяйство. Бізге ауыл шаруашылығын дамыту керек.
Нам нужно у него учиться. Одан үйренуіміз керек.
Нам нужно успеть. Үлгеруіміз керек.
Нам нужно ходить, как будто ничего не произошло. Ештеңе болмағандай жүруіміз керек.
Нам нужны опытные специалисты. Бізге тәжірибелі мамандар керек.
Нам нужны три предложения от трех разных поставщиков. Бізге үш қызмет жеткізушіден үш түрлі ұсыныс қажет.
Нам теперь осталось только ждать. Енді бізге күтуден басқа амал жоқ.
Нам очень приятно, что все условия соблюдены. Барлық шарттар орындалғанына өте қуаныштымыз.
Нам придётся поработать хорошенько. Бізге жақсылап жұмыс істеуге тура келеді.
Нам придётся работать в жестком режиме. Бізге қатаң тәртіпте жұмыс істеуге тура келеді.
Нам смеяться или плакать? Күлеміз бе, әлде жылаймыз ба?
Нам терять нечего. Біздің шегінетін жол жоқ (букв.: Дороги для отступления нет).
 2. Біздің жоғалтарымыз жоқ.
Надолго Вы уезжаете? Ұзақ мерзімге барасыз ба?
Напечатайте два экземпляра. Екі данасын басып шығарыңыз.
Напишите заявление о приёме на работу. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.
Напомни мне, пожалуйста. Есіме түсірші.
Напрасно не трудись. Босқа арамтер болма.
Напрасно стараешься. Босқа тырысасың.
Нарушил закон, отвечай! Заң бұздың ба, жауап бер!
Насколько я знаю... (насколько мне известно...) Менің білуімше...
Научился самостоятельно. Өз бетіммен оқып үйрендім.
Научите меня, пожалуйста. Мені үйретіңізші.
Началось! Басталды!
Начальник мой не отпускает меня с работы. Бастығым жұмыстан жібермей жатыр.
Начальник не подписал мое заявление. Бастық өтінішіме қол қоймады.
Начальник отдела заболел, теперь ты временно исполняешь его обязанности. Бөлім бастығы ауырып қалды, енді оның міндетін уақытша сен орындайтын боласың.
Начальник принимает?
 - Да, принимает.
Бастық қабылдай ма?
 - Иә, қабылдайды.
Начальник тебя спрашивал.
 – Почему я опоздал, спросил?
Бастық сені сұрады.
 – Неге кешіп жатыр деп пе?
Начальник сегодня будет? Бүгін бастық бола ма?
Начиная с понедельника. Дүйсенбіден бастап.
Начни всё сначала. Бәрін жаңадан баста.
Наш соотечественник. Біздің отандасымыз.
Наша сверкающая звезда! Жарқыраған жұлдызымыз!
Наша цель – создание гражданского общества. Біздің мақсатымыз – азаматтық қоғам құру.
Наше какое дело? Біздің шаруамыз қанша?
Наше от нас никуда не денется. Біздікі бізден ешқайда кетпейді.
Нашёл с трудом. Әзер таптым.
Наши двери всегда открыты. Біздің есігіміз әрдайым ашық.
Наши документы готовы? Біздің құжаттарымыз дайын ба?
Наши мнения совпадают! Ойымыз бір жерден шықты!
Наши надежды рухнули. Үмітіміз үзілді.
Наши победили. Біздікілер жеңді.
Наши ряды пополнились. Біздің қатарымыз толықты.
Наши ценности. Біздің құндылықтарымыз.
Не беспокойся, отчёт сдадим в положенный срок. Уайымдама, есепті уақытында тапсырамыз.
Не беспокойте меня, пожалуйста. Мазаламаңдаршы мені.
Не бойтесь! Я Вас не трону. Қорықпаңыз! Мен Сізге тиіспеймін.
Не болтай. Көп сөйлеме.
Не болтай. Займись работой. Көп сөзді қой. Жұмысыңды істе.
Не болтайте лишнего. Ауыздарыңа сақ болыңдар.
Не будем попусту говорить. Не словом, а делом доказывать. Бос сөйлемейік. Сөзбен емес, іспен дәлелдейік.
Не будешь слушаться, последствия будут плохими. Айтқан тілді алмасаң, арты жақсы болмайды.
Не буду занимать ваше время, скажу по какому делу пришёл. Уақыттарыңызды алмай, мен келген шаруамды айтайын.
Не буду отнимать твоё время. Сенің уақытыңды алмай-ақ қояйын.
Не будь глупцом. Ақымақ болма.
Не было злого умысла. Арам ой болған жоқ.
Не в службу, а в дружбу. Міндет емес, достық ретінде өтінемін.
Не везёт тебе что ли? Или не знаешь что делать? Жолың болмай жүр ме? Әлде не істеріңді білмей жүрсің бе?
Не веришь? Сенбеймісің?
Не верь, не бойся, не проси. Сенбе, қорықпа, жалынба.
Не верь всякому. Көрінгенге сене берме.
Не верьте его словам. Оның сөзіне сенбеңіз.
Не верьте никакой рекламе! Ешқандай жарнамаға сенбеңіздер!
Не верю своим глазам. Өз көзіме өзім сенбей тұрмын.
 2. Өз көзіме өзім сенер емеспін.
Не взирая на лица. Бет-жүзіне қарамай.
Не вмешивайся в чужие дела. Біреудің шаруасына араласпа.
Не вмешивайся в чужие разговоры. Бөтен әңгімеге араласпа.
Не волнуйся, всё будет хорошо. Уайымдама, бәрі жақсы болады.
Не волнуйтесь! Қобалжымаңыз!
Не вороши старое. Өткен-кеткенді қозғамай-ақ қой.
Не ворчи, пожалуйста! Бұрқылдамашы!
Не все же такие, как ты. Барлығы сен сияқты емес қой.
Не время для шуток. Қалжыңдасатын уақыт емес.
Не всё ещё потеряно! Құрып қалған ешнәрсе жоқ!
Не вспоминай, пожалуйста, о работе.
 - Хорошо, я не буду говорить ни о какой работе.
Жұмысты еске салмашы.
 - Жақсы, ешқандай жұмыс жайлы айтпаймын.
Не вынуждай меня говорить. Тілімді қышытпашы.
Не выражайся. Здесь есть женщины. Дарақыланба. Бұл жерде әйелдер бар.
Не говори ерунды. Қайдағыны айтпа.
Не говори ерунды, пожалуйста. Болмайтын нәрсені айтпашы.
Не говори лишнего, пожалуйста. Артық сөз айтпашы.
Не говори со мной в приказном тоне. Сен маған бұйырып сөйлеме.
Не говори со мной так. Менімен олай сөйлеспеші.
Не говори так, пожалуйста. Олай демеші.
Не говори, что не предупреждали. Айтпады деме.
Не говори что попало. Беталды сөйлей берме. 2. Қай-қайдағыны айта берме.
Не говорите всё сразу! Бәрің бірдей сөйлемеңдер!
Не говорите, что не предупреждал! Ескертпеді демеңіздер!
Не городи чушь! Бос сөйлемеші!
Не груби. Дөрекілік көрсетпе.
Не дайте себя обмануть! Алданып қалмаңыз!
Не делай вид, что не знаешь. Білмейтін кейіп танытпа.
 2. Білмейтіндей болмашы.
Не должно быть оставлено без внимания. Ескерілмей қалмасын.
Не думай, что сможешь от меня легко отделаться. Менен оп-оңай құтыламын деп ойлама.
Не думайте о мести. Кек алуды ойламаңыз.
Не думай сразу о плохом. Бірден жаман нәрсе ойлама.
Не думай, что я ничего не знаю. Мені ештеңе білмейді деп ойлама.
Не жадничай. Сараң болма.
Не ждите меня. Мені күтпеңдер.
Не ждал? Күтпедің бе?
Не жди от меня добра. Менен жақсылық күтпе.
Не желай никому зла. Ешкімге жамандық тілеме. 2. Біреуге жамандық тілеме.
Не забивай голову этим. Бас қатырып қайтесің.
Не заблудитесь? Адасып кетпейсіңдер ме?
Не забудь. Ұмытып қалма. 2. Ұмытып кетіп жүрме.
Не забудьте. Ұмытып кетпеңіз.
Не забывай. Естен шығарма.
Не забывай об этом. Осыны ұмытпа. 2. Мұны естен шығарма.
Не забудь мою просьбу, пожалуйста. Менің өтінішімді ұмытып жүрмеші.
Не задавай глупых вопросов, пожалуйста. Қайдағы жоқ сұрақтар қоя бермеші.
Не задавайте лишних вопросов! Артық сұрақ қоймаңыздар!
Не задевайте так. Өйтіп қағытпаңыз.
Не заманивай. Қызылмен қызықтырма.
Не заставляй беспокоиться. Уайымдатпа.
Не зли меня. Ашуландырма мені.
 2. Жыныма тиме.
 3. Жынымды ұстатпа.
 4. Ашуыма тиме.
Не злись по пустякам. Жоқтан өзгеге ашуланба.
Не знаю, остался он довольный или нет. Риза болған-болмағанын білмеймін.
Не знаю, что мне делать. Не істерімді білмей тұрмын.
Не знаю, я не видел. Білмеймін, көрген жоқпын.
Не знаю. Я не специалист. Білмеймін. Маман емеспін.
Не зная что делать, приехал к Вам посоветоваться. Не істерімді білмей, Сізбен ақылдасуға келдім.
Не иди на риск. Тәуекелге барма.
Не испачкай одежду. Киіміңді ластап алма.
 2. Киіміңді кірлетіп алма.
Не испытывай мое терпение. Төзімімді тауыспа.
Не ищи меня. Мені іздеуші болма.
 2. Мені іздеме.
Не ищи подвоха во всём. Әр нәрседен кілтипан іздей бермеші.
Не каждый способен вынести такой груз. Мұндай жүкті арқалау әркімнің қолынан келе бермейді.
Не кричи, перед людьми стыдно. Айғайлама, жұрттан ұят болады.
Не лезь в мои дела. Менде шаруаң болмасын.
Не лезь в мою жизнь. Менің өміріме араласпа.
Не лезь в мою личную жизнь. Менің жеке өмірімде шаруаң болмасың.
Не лезь в чужие разговоры. Бөтен әңгімеге араласпа.
Не лезь не в свои дела. Өзгенің шаруасына тұмсығыңды сұқпа.
Не ленитесь. Жалқауланбаңдар.
Не лишним будет знать. Артық болмас білгенің.
Не люблю людей, дающих обещание. Уәде беретін адамдарды ұнатпаймын.
Не место человека красит, но человек место. Орын - адамның емес, адам - орынның көркі.
Не мешай, пожалуйста. Мазаламашы.
 2. Кедергі жасамашы.
Не могли бы Вы повторить? Қайталап жебіре аласыз ба?
Не могу найти работу. Жұмыс таба алмай жүрмін.
Не могу не согласиться. Келіспеске амал жоқ.
Не могу поверить. Сене алар емеспін.
Не могу сказать, что это хорошо. Бұл жақсы деп айта алмаймын.
Не могу собраться с мыслями. Ойымды жинақтай алмай тұрмын.
Не можем найти. Везде искали. Таба алмай жүрміз. Қарамаған жеріміз жоқ.
Не можете тихо сидеть что ли? Тыныш отыра алмайсыңдар ма?
Не надейся! Дәмеленбе!
 2. Үміттенбей-ақ қой!
Не надо лениться. Ерінбеу керек.
Не надо меня обвинять. Мені кінәлаудың қажеті жоқ.
Не надо мне врать, пожалуйста. Маған өтірік айтпасаңшы.
Не надо ничего объяснять. Ештеңені түсіндірмей-ақ қой.
Не надо приезжать. Келудің қажеті жоқ.
Не нарушаем правила. Ережені бұзбаймыз.
Не нервируй меня. Жүйкемді жұқартпа.
 2. Жынымды келтірме.
Не нервничай. Күйіп-піспе.
 2. Күйгелектенбе.
Не ной. Жылаңқыланба.
 2. Қыңқылдама.
Не ной, пожалуйста. Қақсай бермеші.
Не нужно больше наступать на одни и те же грабли. Бір тырмаға енді қайта баспау керек қой. (калька)
Не нужно говорить лишнее. Артық сөйлеудің қажеті жоқ.
Не нужно просить прощения, такое случается. Кешірім сұрап қажет емес, ондай-ондай болады.
Не обессудьте. Айып етпеңіз.
Не обижайся, мне некогда было. Қол тимеді, ренжіме.
Не обижайся по пустякам. Болмашы нәрсеге өкпелеме.
Не обижайся, что побеспокоил. Мазаңды алғаныма ренжіме.
Не обижайтесь, я же говорю то, что знаю. Мен білгенімді айтып жатырмын ғой, ренжімеңіз!
Не обращайте внимания! Көңіл бөлмеңіз!
 2. Көңіл аудармаңыз!
Не обращайте внимание на такое. Ондайларға көңіл аудармай-ақ қойыңыз.
Не обольщайтесь. Дәмеленбеңіз.
Не оказана никакая помощь. Ешқандай көмек көрсетілмеді.
Не опоздай на работу. Жұмысқа кешігіп қалып жүрме.
 2. Жұмысқа кешігіп қалма.
Не опаздывай на работу. Жұмысқа кешікпе.
Не опаздывайте. Кешікпеңіз.
Не опоздай. Қалып қойма.
Не оправдывайся. Ақталма.
Не отвлекай меня, пожалуйста. Мені мазаламашы.
Не отвлекайся, продолжай свою работу. Алаңдама, жұмысыңды істей бер.
Не отказывайся от счастья. Бақытыңнан бас тартпа.
 2. Бағыңды байлама.
Не откладывай на завтра. Ертеңге қалдырма.
Не ошибаются лишь те, кто ничего не делают. Еш нәрсе істемейтіндер ғана қателеспейді.
Не ошибись. Қателесіп жүрме.
Не падай духом. Еңсеңді түсірме.
Не перебивай меня, пожалуйста. Сөзімді бөле бермеші.
Не перебивай, когда старшие говорят. Үлкендер сөйлегенде сөзді бөлме.
 2. Үлкендер сөйлегенде сөзді бөлуші болма.
Не перебивай, когда я говорю. Мен сөйлеген кезде менің сөзімді бөлуші болма.
Не переживай из-за меня. Маған бола уайымдама.
Не переживай, начальник не злопамятный. Уайымдама, бастық кек сақтамайды.
Не переживай, они, скорее всего, опаздывают из-за пробок. Уайымдама, олар жолдағы кептелістен кешігіп жатқан болар.
Не переживайте, всё будет хорошо. Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады.
Не перепутай! Шатасып кетіп жүрме!
 2. Шатастырып алма!
Не по теме. Мағынасыз.
Не повторяй никого! Ешкімнен қайталама!
Не повышай на меня голос. Маған дауыс көтерме.
Не поддавайся подстрекательству. Сен біреулердің айтағына ерме.
Не поддавайтесь эмоциям. Көп эмоцияға бой ұрмаңыз.
Не пожалеете. Өкінбeйсіздeр.
Не поймёшь их. Түсіне алмайсың оларды.
Не показывай свою невоспитанность. Тәрбиесіздігіңді көрсетпе.
Не помню. Есімде жоқ.
Не понял Вас. Түсінбедім Сізді.
Не попадайся мне больше на глаза! Көзіме енді көрінуші болма!
Не портьте себе нервы понапрасну. Өзіңіздің жүйкелеріңізді бостан босқа тоздырмаңыздар.
Не принимается. Қабылданбайды.
Не принимай поспешного решения. Асығыс шешім қабылдама.
Не принимайте близко к сердцу. Жүрекке жақын алмаңыз.
Не проспи завтра. Ертең ұйықтап қалып жүрме.
Не пугай меня, пожалуйста. Шошытпашы мені.
 2. Қорқытпашы.
Не пугайте меня. Мені қорқытпаңыз.
Не решаюсь. Жүрегім дауаламайды.
 2. Батылым бармай жүр.
Не связывайся с ним. Наживёшь себе неприятности. Онымен байланыспа. Бәлеге қаласың.
Не связывайся с этим человеком. Ол кісімен байланыспай-ақ қой.
Не сердись по пустякам. Жоқтан өзгеге ашулана берме.
Не сиди в заточении четырех стен. Төрт қабырғаға қамалып отыра берме.
Не складывай все яйца в одну корзину. Барлық жұмыртқаны бір себетке салма.
Не слишком ли высоко ты себя ценишь? Өзіңді тым жоғары бағалап тұрған жоқсың ба?
Не слышно! Естілмей тұр!
Не смей больше меня беспокоить, неблагодарный. Енді мазамды алушы болма, рақымсыз.
Не смей со мной так разговаривать. Менімен олай сөйлесуші болма.
Не смеши меня. Күлкімді келтірмеші.
Не смог найти. Таба алмай қойдым.
Не смогу поехать. Бара алмаймын.
Не согласны – до свидания! Келіспесеңіз – сау болыңыз!
Не сомневайтесь. Күмәніңіз болмасын.
Не сомневайтесь, Вам очень понравится. Күмәнданбаңыз, Сізге өте ұнайды.
Не соответствует действительности. Шындыққа сай келмейді.
Не сорите в комнате. Бөлмені қоқсытпаңдар.
 2. Бөлмені ластамаңдар.
Не спорь со мной! Салғыласпа менімен! 2. Дауласпа менімен!
Не спрашивай про это, пожалуйста. Бұл туралы сұрамай-ақ қойшы.
Не спрашивайте почему, делайте, как вам говорят. Неге екенін сұрамаңыз, айтқанды істеңіздер.
Не стоит извиняться. Кешірім сұрайтын дәнеңесі жоқ.
Не стой у порога. Босағада тұрма.
Не стойте в дверях, проходите во внутрь. Босағада тұрмай, ішке кірсеңізші.
Не суетись. Әбігерленбе.
 2. Сасқалақтама.
Не суетись зря. Босқа әбігерленбе.
Не стыдись честного труда. Адал еңбектен арланба.
Не сходите с этого пути. Осы жолдан таймаңыз.
 2. Осы бетіңізден таймаңыз.
Не так ли? Солай емес пе?
Не твоё дело. Жұмысың болмасын.
 2. Шаруаң болмасын.
Не теряй надежды. Үмітіңді үзбе.
Не теряйся. Жоқ болып кетпе.
Не теряйте зря своё время. Уақытыңызды босқа жоғалтпай-ақ қойыңыз. 2. Уақытты текке өткізбеңіз.
Не трать напрасно деньги. Ақшаңды босқа шашпа.
Не торопи! Кто-то гонит что ли? Асықтырма! Біреу қуып келе жатыр ма?
Не торопись уходить. Кетуге асықпа.
Не уклоняйтесь от темы! Тақырыптан ауытқымаңыз!
Не унижай так себя. Соншалықты өзінді төмендетпесеңші.
Не упрашивай. Жалынбай-ақ қой.
Не упускай свою возможность. Мүмкіндігіңді жіберме.
Не усложняй ситуацию, пожалуйста. Жағдайды қиындатпашы.
 2. Жағдайды ушықтырмашы.
Не усложняйте. Ушықтырмаңыз.
Не учи (советами), пожалуйста. Ақыл үйретпеші.
Не хвастайся преждевременно. Күні бұрын күпілдеме.
 2. Күні бұрын мақтанба.
Не хотите смотреть, не смотрите. Көрмесеңіз, көрмей-ақ қойыңыз.
Не хочет возвращаться. Қайтқысы жоқ.
 2. Қайтқысы келмейді.
Не хочешь говорить – не говори. Айтпасаң, айтпай-ақ қой.
Не хочу мешать. Бөгет жасағым келмейді.
Не хочу ни с кем разговаривать. Ешкіммен сөйлескім келмейді.
Не хочу ругаться. Ұрсысқым келмейді.
Не хочу с ним связываться. Онымен байланысқым келмейді.
Не хочу с тобой спорить. Сенімен дауласқым келмейді.
Не шуми. Шулама.
Не шумите! Шуламаңыздар!
 2. Шулай бермеңдер!
Не шути со мной. Менімен қалжыңдаспа.
 2. Менімен қалжыңдама.
Не экономь деньги. Ақшаны үнемдеме.
Неблагодарные! Жақсылықты білмейтіндер!
Недостача денежных средств. Ақша қаражатының жетіспеушілігі.
Незнание закона не освобождает от ответственности. Заңды білмесең де, жауапкершіліктен босатылмайсың.
Неизвестно почему. Неге екені белгісіз.
Нейтральный стиль. Бейтарап стиль.
Некогда скучать. Зерігуге уақыт жоқ.
Нельзя беспричинно опаздывать на работу. Жұмысқа себепсіз кешігіп келуге болмайды.
Нельзя не признавать. Мойындамасқа болмайды.
Нельзя передать словами. Айтып жеткізуге болмайды.
Нельзя сказать, что все так плохо. Барлығы жаман деуге болмайды.
Немедленно примите соответствующие меры. Шұғыл түрде тиісті шараларды қолданыңыз.
Немного потерпите. Кішкене шыдаңыз.
Немного устал. Біраз шаршап жүрмін.
Необоснованная жалоба. Негізсіз шағым.
Необузданная фантазия. Алып ұшқан қиял.
 2.Тоқтаусыз қиял.
Необходимая информация. Қажетті ақпарат.
Необходимо отметить. Белгілеу қажет.
Необходимо принять меры. Шаралар қолдану керек.
Необходимые меры принимаются. Қажетті шаралар қолданылуда.
Неофициальный визит. Бейресми сапар.
Непохоже, что он прислушается. Тыңдайтын адамға ұқсамайды.
Неправомерные действия. Заңға қайшы әрекет.
Непредвиденные затраты. Күтпеген шығындар.
Непредвиденный случай. Күтпеген жағдай.
Непреложное правило. Бұлжымайтын ереже.
Несбыточная мечта. Орындалмас арман.
Несколько раз. Бірнеше рет.
Нескончаемая песня. Бітпейтін жыр.
Несмотря на недостатки. Кемшіліктерге қарамастан.
Несмотря на это. Бұған қарамастан.
Несмотря ни на что. Ештеңеге қарамастан.
Несовершеннолетние дети. Кәмелетке толмаған балалар.
Несчастный случай на производстве. Өндірістегі жазатайым оқиға.
Несчастный случай со смертельным исходом. Кiсi өлiмiне əкеп соқтырған жазатайым оқиға.
Нет времени с тобой стоять препираться. Сенімен салғыласып тұратын уақыт жоқ.
Нет возможности приехать. Келіп кететін жағдай жоқ.
Нет ли воды? От волнения у меня пересохло в горле. Су жоқ па? Қобалжығаннан тамағым кеуіп кетті.
Нет никаких проблем. Түк қиындығы жоқ.
Нет ничего необычного. Ерекше ештеңе жоқ.
Нет, мы работаем без перерыва. Жоқ, біз үзіліссіз жұмыс істейміз.
Нет, на такое дело я не пойду. Жоқ, мен мұндай іске бармаймын.
Нет, ничего секретного нет. Жоқ, құпия ештеңесі жоқ.
Нет, так не будет. Жоқ, бұлай болмайды.
Нет, такой цели я не ставил. Жоқ, алдыма ондай мақсат қойған жоқпын.
Неудача – это временно. Сәтсіздік – уақытша нәрсе.
Неудобно получилось. Ыңғайсыз болып қалды.
Неудобного ничего нет. Ыңғайсыз түгі жоқ.
Неужели это так трудно? Бұл қиын ба сонша?
Неуместный вопрос. Орынсыз сұрақ.
 2. Қисынсыз сұрақ.
Нецелевое использование. Мақсатсыз пайдалану.
Ни в коем случае. Ешқандай жағдайда.
 2. Еш уақытта.
 3. Ешбір жағдайда.
Ни для кого не секрет. Ешкімге құпия емес.
Ни минутой раньше, не минутой позже. Бір минут кем емес, бір минут кеш емес.
Ни туда, ни сюда. Әрі де емес, бері де емес.
Ни уму, ни сердцу. Жүрекке қонбайды, есте қалмайды.
Никак не могу понять. Түсіне алмай жүрмін.
Никак нет. Олай емес.
Никаких дел у меня нет. Ешқандай жұмысым жоқ.
Никаких проблем не будет. Ешқандай қиындық болмайды.
Никаких скидок не будет. Ешқандай жеңілдік болмайды.
Никакого отношения к этому я не имею. Бұған менің ешқандай қатынасым жоқ.
Никакого эффекта! Еш нәтиже жок!
Никакой он мне не друг. Ешқандай менің досым емес.
Никакой разницы нет. Еш айырмашылық жоқ .
Никогда не знаешь, что тебе преподнесёт жизнь. Өмірдің алда қалай боларын ешқашан білмейсің.
Никогда не поздно делать добро. Игіліктің ерте-кеші жоқ.
Никогда не поздно начать сначала. Барлығын басынан бастауға ешқашан да кеш емес.
Никогда нельзя на них надеяться. Олардан ешқашан үміт күтуге болмайды.
Никто за тобой бегать не будет. Ешкім сенің артыңнан жүгіріп жүрмейді.
Никто не даст гарантии. Ешкім кепіл бере алмайды.
Никто не сравнится с тобой. Саған жетер ешкім жоқ.
 2. Саған ешкім жетпейді.
 3. Саган тең келер ешкім жоқ.
Никогда не теряй надежду! Үмітіңді ешқашан үзбе!
Никто ничего не знает. Ешкім ештеңе білмейді.
Никто ничего не скажет. Ешкім де ештеңе демейді.
Никуда он не денется. Ол ешқайда кетпейді.
Никуда я тебя не отпущу. Сені ешқайда жібермеймін.
Нить рвётся там, где тонко. Жіп жіңішке жерінен үзіледі.
Ничего из этого не выйдет. Одан ештеңе шықпайды.
Ничего не вышло. Ештеңе шықпады.
Ничего не знаю. Ничего не слышал. Ештеңе білмеймін. Ештеңе естіген жоқпын.
Ничего не делай, пожалуйста. Ештеңе істемей-ақ қойшы.
Ничего не понимаю. Ештеңе түсіне алар емеспін.
Ничего не понял. Дым түсінбедім.
Ничего не скрывай. Ештеңені жасырма.
Ничего не случилось. Ештеңе болған жоқ.
Ничего не спрашивайте, пожалуйста. Ештеңе сұрамай-ақ қойыңызшы.
Ничего не хочу делать. Ештеңе істегім келмейді.
Ничего не хочу слушать. Ештеңе тыңдағым келмейді.
Ничего опасного нет. Қауіпті ештеңе жоқ.
Ничего плохого в этом не вижу. Бұдан жаман ештеңе көріп тұрған жоқпын.
Ничего пока не знаю. Әзірше ештеңе білмеймін.
Ничего сложного. Бас қатыратын ештеңе жоқ.
 2. Еш қиындығы жоқ.
Ничего смешного я не вижу. Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын.
Ничего страшного. Ештеңе етпейді.
 2. Қорқатын ештеңе жоқ.
Ничего удивительного. Таңғалатын ештеңе жоқ.
Ничем ты мне помочь не можешь! И никто не сможет помочь. Сен маған ештеңемен көмектесе алмайсың! Және ешкім де жәрдем ете алмайды.
Но если бы я знал, то не сказал бы. Бірақ білсем де, айтпас едім.
Но как всегда, из этого ничего не вышло. Бірақ әдеттегідей, бұдан ештеңе шықпады.
Но потом не говори, что не предупреждал. Бірақ кейін айтпады деме.
Но с деньгами туго. Бірақ ақша жағы қиын болып тұр.
Но с другой стороны... Бірақ екінші жағынан...
Но ты ему не проговорись. Бірақ сен оған айтып жүрме.
Но ты меня не предупредил. Бірақ сен мені ескертпедің.
Но это же нормально. Бірақ бұл қалыпты жағдай ғой.
Ноги в руки и быстро сюда. Екі аяғыңды алып, тез мұнда кел.
Новый взгляд на вещи. Дүниеге жаңа көзқарас.
Ночное дежурство закончилось. Түнгі кезекшілік бітті.
Ну, готовьте суюнши! *Суюнши – подарок за радостную весть. Ал, сүйіншіңізді дайындай беріңіз!
Ну, Вам не откажешь. Постараемся выполнить. Енді Сіздің сөзіңізді жерге тастамаймыз. Орындауға тырысамыз.
Ну вот, так бы и сказал. Бәсе, солай айтпайсың ба.
Ну и что? Олай болса не?
Ну и что мне прикажешь делать? Енді не істе дейсің маған?
Ну, говори, как ты докатился до этого. Ал айта бер, осы жағдайға қалай жеттің?
Ну, давай быстрей. Болсаңшы енді.
Ну, давай рассказывай. Что случилось? Как было? Ал айт. Не болды? Қалай болды?
Ну, как? Қалай екен?
Ну, кому я ещё скажу, как не тебе. Саған айтпағанда, кімге айтамын енді.
Ну, помогу, чем смогу. Енді қолымнан келгенше көмектесейін.
Ну, с чего начнём? Кәне, неден бастаймыз?
Ну, ты никак не перестанешь... Қоймадың ғой...
Ну, ты смотри, чтобы все было хорошо. Ал сен байқа, ойдағыдай болсын бәрі.
Ну, хватит. Жетеді енді.
Ну, хорош ныть. Күңкілдемей қойшы енді.
Ну, что Вы говорите! О не дегеніңіз!
Ну, что же мне делать? Чему быть, того не миновать. Қайтемін енді? Бұйырғаны болады.
Ну, что мне делать, если я такой? Сондай болсам, қайтемін?
Ну, что я могу сказать? Енді мен не дей аламын?
Ну, что? Начинаем? Бастай берейік пе?
Ну, это ты чересчур. Қатты кеттің ғой.
Ну, это уже слишком. Бұнысы енді артық.
 2. Мынау енді артық
Ну, этого нам только не хватало. Енді бізге жетпегені осы еді.
Ну-ка, дайте посмотрю... Қане, көрейінші…
Ну-ка, не пререкайся. Кәне, қырсықпай тұр. 2. Сөз таластырмай тұр!
Ну-ка, покажи класс! Кәнекей, шеберлікті таныт!
Нужна твоя помощь. Сенің көмегің керек.
Нужно быть оптимистом. Оптимист болу керек.
Нужно все обдумать со всех сторон. Бәрін жан-жақтан ойлану керек.
Нужно искать пути решения этой проблемы. Бұл мәселені шешу жолдарын іздеу керек.
Нужно называть вещи своими именами. Әр нәрсені өз атымен атау керек.
Нужно обратить внимание. Назар аудару керек.
Нужно обязательно воспользоваться этой возможностью. Бұл мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланып қалу керек.
Нужно отказаться от вредных привычек. Зиянды әдеттерден бас тарту керек.
Нужно прекратить подхалимство. Жағымпаздықты қою керек.
Нужно принять экстренные меры. Шұғыл шаралар қабылдау керек.
Нужно проверить факты. Деректерді тексеру керек.
Нужно что-то делать? Времени мало. Бірдеңе істемесек болмайды. Уақыт тығыз.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Работа, Л-М Вернуться к началу Работа, О  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга