Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

В быту, У-Ю

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

У
У Вас есть ко мне вопросы? Маған қояр сұрағыңыз бар ма?
У Вас есть любимая девушка?Сүйген қызыңыз бар ма?
У Вас есть папиросы (сигареты)?Сізде темекі бар ма?
У Вас есть спички?Сіріңкеңіз бар ма?
У вас на эту работу есть 10 минут.Мына жұмысқа оң минут уақыт беріледі.
У Вас нет срочных дел?
  – Нет, именно сейчас ничего спешного нет.
Тығыз шаруаңыз жоқ па?
  – Жоқ, дәл қазір асығатындай ештеңе жоқ.
У вас есть свободное время?Сіздің бос уақытыңыз бар ма?
У каждого свои понятия.Әркімнің өз түсінігі бар.
У каждого человека своя голова на плечах.Әр адамның өз басы бар.
У кого есть лишняя ручка?Кімде артық қалам бар?
У кого я могу спросить?Кімнен сұрай аламын?
У меня больше нет сил терпеть.Менің енді шыдар шамам жоқ.
У меня в голове не укладывается.Ақылыма сыймайды.
У меня в горле першит. Тамағым жыбырлап тұр.
У меня волосы встали дыбом.Шашым тік тұрды.
У меня волосы растрепались.Шашым бобырап кетті.
У меня времени мало, чтобы рассказать все его проделки.Оның барлық қылықтарын айта беруге уақытым тар.
У меня всё есть.Менде бәрі бар.
У меня всё хорошо.Менде бәрі жақсы.
У меня глаза закрываются! Я хочу спать.Көзім жұмылып барады! Ұйқым келіп отыр.
У меня глаза не покраснели?Көзім қызарып тұрған жоқ па?
У меня глаза устали.Көзім талды.
У меня голова закружилась.Басым айналып кетті.
У меня до сих пор руки трясутся.Менің әлі аяқ-қолым дірілдеп тұр.
У меня есть одна идея!Маған бір ой келді!
У меня есть план, но никто не должен знать о нём.
  – Никому не скажу. Вы ведь знаете меня.
Менің бір жоспарым бар, бірақ ешкім білмейтін болсын.
  – Ешкімге айтпаймын. Білесіз ғой мені.
У меня же кровь кипит.Қаным қайнап тұр ғой.
У меня к Вам есть одна просьба. Сізге айтар бір өтінішім бар.
  2. Сізге бір өтінішім бар еді.
У меня к Вам есть разговор.Сізге айтатын әңгіме бар.
У меня к Вам один только вопрос.Сізге бір ғана сұрағым бар.
У меня к нему претензий нет.Оған дауым жоқ.
У меня к тебе есть большая просьба.Саған үлкен өтінішім бар.
У меня к тебе один разговор есть.
  – Да, говори.
Саған бір әңгіме бар.
  – Иә, айта бер.
У меня на тебя нет никаких обид.Саған еш өкпем жоқ.
У меня на это нет времени.Менің оған уақытым жоқ
У меня не было детства.Менің балалық шағым болған жоқ.
У меня не было другого выхода.Басқа амалым болмады.
У меня не осталось сил.Менің дәрменім қалмады.
У меня не хватает терпения. Тағатым шыдамайды.
У меня нет времени смотреть телевизор.Теледидар көретін уақытым жоқ.
У меня нет времени, поэтому не смогу прийти.Уақытым жоқ, сондықтан келе алмаймын.
У меня нет мысли возвращаться.Менің қайтып келетін ойым жоқ.
У меня нет настроения.Көңіл-күйім болмай тұр.
У меня нет ни копейки.Менің көк тиыным жоқ.
У меня нет никакого таланта.Менде ешқандай дарын жоқ.
У меня нет сил бороться.Күресуге күшім жоқ.
У меня нет слов.Айтатын сөзім жоқ.
У меня нет таких денег.Менде ондай ақша жоқ.
У меня ноги отваливаются.Аяғым талып кетті.
У меня родилась дочь!Қызды болдым.
У меня родился сын! Моя жена сына родила!Мен ұлды болдым! Әйелім ұл тапты!
У меня руки в масле.Менің қолым май.
У меня сердцебиение.Жүрегім қағып тұр.
У меня слеза наворачивается.Көзіме жас келіп тұр.
У меня спина мокрая.
  – От волнения что ли?
Терлегеннен арқам су болып кетіпті.
  – Күйгелектенгеннен бе?
У нас всё есть!Бізде бәрі бар!
У нас вы не соскучитесь.Бізде зерікпейсіңдер.
У нас к тебе есть подарок.Саған сыйлығымыз бар.
У нас много врагов.Біздің дұшпанымыз көп
У нас ничего нет. Но мы счастливы.Бізде ештеңе жоқ. Бірақ, біз бақыттымыз.
У нас родился ребёнок!Балалық болдық!
У нас специально для тебя есть сюрприз.Біздің саған арнайы тосын сыйымыз бар.
У нас такая жизнь.Біздің өміріміз осындай.
У нас три мальчика. Двое старших – погодки.Үш ұлымыз бар. Екі үлкені – тетелес.
У него взгляд как у помешанного. Оның көзқарасы есінен адасқан адамдікіндей.
У него всё нормально?Оның жағдайы дұрыс па?
У него нет совести!Ұяты жоқ екен!
У него температура?Ыстығы көтерілді ме?
У обоих нет разума.Екеуде де есі жоқ.
У себя дома вы не устроили бы такое.Өз үйде бұлай жасамайсыңдар ғой.
У тебя есть деньги?Ақшаң бар ма? 2. Сенде ақша бар ма?
У тебя есть доказательства?Дәлелің бар ма?
У тебя есть план?Жоспарың бар ма?
У тебя на пять минут терпения не хватило.Шыдамын бес минутке жетпеді.
У тебя на субботу что-то запланировано?Сенбі күніне бірдеңе жоспарлаған ба едің?
У тебя нет температуры?Қызуың жоқ па?
У тебя нигде не болит?Бір жерің ауырып жүрген жоқ па?
У тебя предубеждения.Сен жалған сеніммен қарайды екенсің.
У тебя руки и ноги трясутся.Сенің қол-аяғың қалтырап барады ғой.
У тебя совесть имеется?Сенің ұятың бар ма?
У тебя хороший вкус.Талғамың жақсы екен.
У меня хорошая память на лица. Мен адамдардың бет жүзін жақсы есте сақтаймын.
У, ты уже взрослым парнем стал.Түу, үлкен жігіт болып қалыпсың ғой.
Убереги Господь от спешки.Асығыстан Құдай сақтасын.
Убери руки!Тарт қолыңды!
Уважаемые родители, каждый день повторяйте ребёнку: Не открывай двери незнакомым людям.
  – От (своего) дома, от двора далеко не уходи.
Құрметті ата-аналар, балаға күн сайын қайталаңыз: Білмейтін адамдарға есікті ашпа.
  – Өз үйіңнен, ауладан алысқа кетпе.
Уважай жену, цени её.Әйеліңді сыйла, оны қадірле.
Уверенно могу сказать.Сенімді түрде айта аламын.
Ужас какой-то!Бұл не деген сұмдық!
Ужас! Что это с тобой?Масқара! Мынауың не?
Уже поздно.Кеш болып қалды.
Уже поздно. Отступать некуда.Енді кеш. Шегінерге жер жоқ.
Уже полседьмого.Сағат алты жарым болыпты.
Уже совсем поздно, доча, возвращайся домой.Тым кеш болып кетті, қызым, үйге қайт.
Узнаете позже.Кейін біле жатарсыз.
Умоляю, не делай так.Жалынамын, олай жасамашы.
Упрямиться не надо.Қасарысудың қажеті жоқ.
Уснёшь тут...Қайдағы ұйқы...
Успокойся!
  – Как мне успокоиться?
Тыныштал!
  – Қалай тынышталамын.
Уступайте место старшим, не перебивайте их, когда они говорят.Үлкенге орын беріңдер, сөзін бөлмеңдер.
Утром рано уходишь, вечером поздно приходишь. Я и голос твой забыл.Таңертең ерте кетесің, түнде бірақ келесің. Дауысыңды да ұмытып қалдым.
Уходи отсюда! И больше не приходи!Кет бұл жерден! Бұдан кейін келуші болма!
Уходи отсюда, пока не сорвал злость на тебе.Өшімді сенен алмай тұрғанда кет бұл жерден.
Уходи, с глаз моих долой!Кет бар, көзіме көрмей!
Уходишь - уходи.Кетсең - кете бер.
Учи уроки.Сабағыңды оқи бер.
Учи, сынок, человеком станешь!Оқы балам, адам боласың!
Учись говорить красиво.Әдемі сөйлеп үйрен.
Учти, я не люблю, когда много говорят.Байқа, мен көп сөзді ұнатпаймын.
Ушёл ни с чем.Құр қол кеттім.
Ущипни меня, пожалуйста.Шымшышы мені.
Уютно у тебя.Жайлы екен сенде.
Ф
Фильм ужасов. Қорқынышты фильм.
Х
Хватит тебе молчать. Үндемегенді қой.
Хватит! Всё! Прекращай уже!Жетер! Болды! Қой енді!
Хватит, у меня заболела голова.Жетер, басым ауырып кетті.
Хватит, хватит, дальше можешь не говорить.Болды, болды, аржағын айтпай-ақ қой.
Хватит?Жете ме?
Ходи так всегда.Үнемі солай жүр.
Хозяин идёт!Қожайын келе жатыр!
Хорошая новость!Жақсы жаңалық екен!
Хорошее предложение, я подумаю.Жақсы ұсыныс, ойланып көрейін.
Хорошенько отдохни.Жақсылап тынығып ал.
  2. Жақсылап демалып ал.
Хорошенько подумай.Жақсылап ойлан.
Хорошо бы это знать.Осыны білген абзал.
Хорошо учите уроки.Сабақтарыңды жақсы оқыңдар.
Хорошо, ещё только один вопрос.Жақсы, енді бір ғана сұрақ.
Хорошо, пусть будет так.Жақсы, солай-ақ болсын.
Хорошо, хорошо, больше не повторится, никогда.Жақсы, жақсы, бұдан былай қайталанбайды ешқашан.
Хорошо, что вы пришли.Келгендерің жақсы болды.
Хорошо, что я тебя встретил.Сені кездестіргенім жақсы болды.
Хорошо, я постараюсь.Жарайды, тырысайын.
  2. Жақсы, тырысып көрейін.
Хорошо, я с радостью исполню это Ваше пожелание.Жарайды, бұл тілегіңізді қуана орындаймын!
Хорошо, я тогда пошёл.Жақсы, онда мен кеттім.
Хотел поехать в аул, но на всё-про всё денег нет.Ауылға барып қайтайын десем, арлы-берлі жүруге қаражат керек.
Хотел попросить у Вас прощения.Сізден кешірім сұрайын деп едім.
Хотел сделать дома ремонт этим летом.Осы жазда үйге жөндеу жүргізгім келеп еді.
Хотел спросить у Вас совета.
  – Да, спрашивайте. Если смогу, то готов помочь.
Сізден ақыл сұрайын деп едім.
  – Иә, сұраңыз. Қолымнан келсе, көмекке дайынмын.
Хоть бы всё было бы хорошо.Бәрі жақсы болса екен.
Хоть и поздно, но поздравляю тебя с днем твоего рождения!Кеш болса да, өткен туған күніңмен құттықтаймын!
Хоть подумай немного.Аз да болса ойланшы.
Хоть раз скажи что-нибудь хорошее.Бір рет те болса, жақсы нәрсе айтшы.
Хоть раз, признайся в содеянном.
  – Я же сказал, что не имею к этому отношения.
Тым болмаса бір рет мойындасаңшы.
  – Бұған менің қатысым жоқ деп тұрмын ғой
Хоть убей – не понимаю.Өлтірсең де түсінбеймін.
Хочет из меня сделать старуху.Мені кемпір қылғысы келеді.
Хочется верить, что всё закончится хорошо.Бәрі жақсы аяқталады деп сенгім келеді.
Хочешь верь, хочешь нет. Сенсең де, сенбесең де.
Хочешь кое-что узнать?Бірдеңе білгің келе ме?
Хочешь сказать, что я похож на избалованного и скучающего человека?Ішім пысып мен еріккен адам дейсің бе?
Хочешь ты или не хочешь, а я буду рядом.Қаласаң да, қаламасаң да, жаныңда боламын.
Хочешь ты или нет, мне всё равно.Сен қалайсың ба, қаламайсың ба, маған бәрібір.
Хочешь ты или нет, но так будет.Сен қаласаң да, қаламасаң да солай болады.
Хочешь уходить – уходи. Не смей возвращаться.Кетсең кет. Оралушы болма.
Хочешь на это взглянуть?Мұны көргің келе ме?
Хочу жить достойно, но разве есть выбор?Лайықты өмір сүргім келеді, бірақ амал бар ма?
Хочу увидеть твоё лицо.Дидарыңды көргім келеді.
Хочу услышать от тебя.Мен сенің аузынан естігім келеді.
Ц
Цветы завяли. Гүлдер солып қалды.
Целый день Вы не выходили у меня из головы.Күні бой есімнен шықпай қойдыңыз.
Целыми днями сижу закрытой в этом доме.Күні бойы осы үйде қамалып отырмын.
Цените отчий дом.Қара шаңырақты қадірлеңдер.
Цены на жилье снизились.Тұрғын үй бағасы төмендеді.
Цыц! Не говори неправоверно.Тәйт әрі! Күпір сөйлеме.
Ч
Часы ушли вперёд. Сағат алға озып кетіпті.
Чего вы расселись?Неғып отырсыңдар?
Чего стоишь?Негып тұрсың?
Чего ты добиваешься?Сен қандай мақсатты көздеп жүрсің?
Чего ты мне подмигиваешь?Неге ымдап отырсың?
Чего ты на этом заморачиваешься?Бұған неге басыңды қатырасың?
Чего ты от меня хочешь?Менен не қалайсың?
Чего ты сидишь? Пошли.Неғып отырсың? Кеттік.
Чего ты так боишься? Соншалықты неден қорқасың?
Человек средних лет.Орта жастағы адам.
Чем закончилось?Аяғы не болды?
 2. Қалай аяқталды?
 3. Немен бітті?
 4. Соңы не болды?
Чем кого-то критиковать, исправь себя.Біреуді сынағанша өзіңді түзет.
Чем могу Вам помочь?Сізге қандай көмек керек?
Чем мы можем Вам помочь? Қандай көмек көрсете аламыз?
Чем я хуже него?Менің одан қай жерім кем?
Чему ты радуешься?Несіне қуанасың?
Чему ты удивляешься?Несіне таңғаласың?
Честно говорю.Рас айтамын.
Читать книги вообще нет времени.Кітап оқуға мүлде уақыт жоқ.
Чихал я на него. Мен оған пысқырмаймын да.
Что будем делать дальше?Әрі қарай не істейміз?
Что будем делать? Будем мстить?Не істейміз? Кегімізді қайтармаймыз ба?
Что будем делать? Плакать будем или охать? Не істейміз? Жылаймыз ба? Ойбайлаймыз ба?
Что будет, если кто увидит?Егер біреу көріп қойса не болмақ?
Что будешь делать завтра?Ертең не істейсің?
Что бы не произошло, доверимся Богу.Не болса да Құдайға тапсырайық.
Что бы не случилось помни, что я тебя очень сильно люблю.Сені жақсы көретінімді ешқашан ұмытпа қандай жағдай болмасын.
Что бы ни случилось.Қандай жағдай болса да.
Что бы ни случилось...Қандай жағдай болса да...
Что бы ты делал, если не было бы меня?Мен болмасам не істеуші едің?
Что бы ты сделал? Сен не істер едің?
Что было бы, если бы он не успел?Ол үлгермесе, не болар еді?
Что было, то было. Нет пользы от сожаления.Болар іс болыпты, өкінгеннен пайда жоқ.
Что в этом плохого?Мұның несі жаман?
Что в этом смешного?Мұнда күлетін не бар?
Что Вам нужно?Сізге не керек?
Что Вас беспокоит?Сізді не мазалап жүр?
Что Вас волнует?Сізді не толғандырады?
Что Вас с ним связывает?Онымен Сізді не байланыстырады?
Что вчера происходило?Кеше не болып еді?
Что вы за люди? Не деген адамсыңдар?
Что вы здесь делаете? Сплетничаете?
  – Да, сплетничаем о вас.
Мұнда не істеп жүрсеңдер? Өсек айтып тұрсыңдар ма?
  – Иә, сендерді өсектеп тұрмыз.
Что вы здесь делали?Не істегенсіңдер мында?
Что Вы ищете?Сіз не іздеп жүрсіз?
Что Вы мне сказали?Сіз маған не дедіңіз?
Что Вы на это скажете?Сіз бұған не дейсіз? 2. Сіз бұған не айта аласыз?
Что вы не поделили?Не бөлісе алмай қалдыңдар?
Что вы от меня скрываете?Сендер менен не жасырып жүрсіңдер?
Что вы смотрите?Не қарап тұрсыңдар?
Что Вы хотели спросить у меня?Сіз менен не сұрайын деп едіңіз?
Что Вы хотели узнать обо мне?Менің немді білгіңіз келіп еді?
Что ему сказать?Оған не айтайын?
Что ещё есть?Тағы не бар?
Что ещё нужно?Басқа не керек?
Что ещё скажешь?Тағы не дейсің?
Что ещё, кроме этого, нужно?Бұдан басқа не керек?
Что ждёт нас впереди, один Бог ведает.Алдында бізді не күтіп тұрғанын бір Құдайдың өзі ғана біледі.
Что за вздор ты несёшь?Сен не деп шатып отырсың?
Что за ерунду он несёт?Мынау не оттап тұр?
  2. Мынау не шатып тұр?
Что за зависть такая?Бұл не деген қызғаныш?
Что за нежности?!Неткен нәзіктік?!
Что за черный день!Не деген қаралы күн!
Что здесь происходит?Мұнда не болып жатыр?
Что здесь такого?Онда тұрған не бар?
Что изменилось с тех пор?Содан бері не өзгере қалды?
Что изменится?Не өзгереді?
Что им не хватает?Оларға не жетпей жатыр екен?
Что между вами?Араларыңда не бар?
Что мне будет за это?Бұл үшін маған не болады?
Что мне делать?Не істесем болады?
Что мне ему сказать?Оған не айтайын?
Что мне нужно делать, я сам знаю.Не істейтінімді өзім білемін.
Что мне там делать?Онда мен не бітірмекпін?
Что могло случиться?Не болып қалуы мүмкін?
Что мы здесь делаем?Біз осында не бітіріп жүрміз?
Что мы можем сделать?Біз не істей аламыз?
Что мы плохого тебе сделали? Скажи об этом, пожалуйста.Біз саған не жамандық істедік? Соны айтшы.
Что мы такого натворили?!Біз не бүлдіріп қойдық сонша?!
Что на это скажешь?Бұған не дейсің?
Что нас ждет впереди, только один Бог ведает!Алдында бізді не күтіп тұрғанын бір Құдайдың өзі ғана біледі!
Что не хватает этой Шолпан?Не жетпейді сол Шолпанға?
Что нужно делать, я прекрасно знаю.Не істеу керек екенін мен жақсы білемін.
Что об этом говорит Ваша супруга? Бұл туралы жарыңыз не дейді? (жұбайыңыз, әйеліңіз, жолдасыңыз)
Что он Вам сделал?Ол Сізге не істеп қойды?
Что он вам сделал?Ол сендерге не жасады?
  2. Ол сіздерге не істеген?
Что он здесь делает?Ол мұнда не істеп жүр?
  2. Ол мына жерде не істейді?
Что он мне может сделать?Ол маған не істей алады?
Что он может сделать?Оның қолынан не келер дейсің?
Что он сделал?Ол не істеп қойды?
Что он сказал?
  – Он сказал, что приедет (придёт) завтра.
Ол не деді?
  – Ол ертең келемін деді.
Что он, интересно, делает?Ол не істеп жатыр екен?
Что он, интересно, скажет?Ол не айта қояр екен?
Что они мне сделают? Олар не істеуші еді маған?
Что опять случилось?Тағы не болып қалды?
Что плохого?Несі жаман?
Что произошло в доме?Үйдің іші не болып кеткен?
Что происходит, я ничего понять не могу.Не болып жатқанын түсінер емеспін.
Что происходит? Не хочешь поделиться?Не болып бара жатыр? Бөліскің келмей ме?
Что с Вами случилось, вообще? Вы же раньше таким не были!Сізге не болған өзі? Бұрын мұндай емес едіңіз ғой!
Что с Вами случилось, Вы не заболели?Не болған Сізге, ауырып қалған жоқсыз ба?
Что с Вами случилось, у Вас где-то болит?Сізге не болды, бір жеріңіз ауырып жүр ме?
Что с нами случилось, куда мы катимся?!Бізге не болған, қайда кетіп барамыз!?
Что с ним будет?Оған не болады?
Что с ним происходит?Мынаған не болып жүр?
Что с ним?Оған не болған?
Что с тобой случилось? В последнее время ты изменился?Саған не болған? Соңғы уақытта өзгеріп жүрсің.
Что с тобой случилось? Лицо у тебя изменилось.Саған не болған? Түрің бұзылып кетті ғой.
Что с тобой случилось? Чего ты важничаешь?Саған не болған? Неге бұлданасың?
Что с тобой? Почему ты молчишь?Саған не болды, неге үндемейсің?
Что сделано, то сделано, теперь посмотрим, что нам уготовано судьбой.Болар іс болды, енді пешенемізден көрейік.
Что сделаю, за это и платят.Істегеніме қарай төлейді.
Что сегодня с тобой?Саған бүгін не болған?
Что скажешь соседям?Көршілерге не айтасың?
Что скажешь? Нравится?Не айтасың? Ұнай ма?
Что сказал на это твой сын?
  – Что он мог сказать. Промолчал.
Ұлың не деді бұған?
  – Не деуші еді. Үндеген жоқ.
Что сказали твои родители?Әке-шешең не деп еді?
Что случилось, почему вы задерживаетесь?Не болды, неге кешігіп жатырсыңдар?
Что случилось, почему вы спорите?Не болды, неге таласып жатырсыздар?
Что случилось, скажи нормально, без загадок?Не болып қалды, дұрыстап айтшы, жұмбақтамай?
Что случилось, чтобы плакать? Жылайтындай не болды?
Что случилось?
  – Ничего не случилось.
Не болып қалды?
 2. Не болды?
  – Еш нәрсе болған жоқ.
Что такое происходит?Не болып кетті өзі?
Что там будет, интересноОнда не болады екен?
Что там внутри, интересно? (Рассматривая коробку, которую подарили)Ішінде не бар екен?
Что тебе ещё нужно?Саған басқа не керек?
Что тебе здесь нужно?Саған бұл жерде не керек?
Что тебе не понравилось?Саған не ұнатпай қалды?
Что тебе не хватает? Саған не жетпейді?
Что тебе нужно от него?Саған одан не керек?
Что тебе нужно?Саған не керек?
Что теперь будет?Енді не болады?
Что теперь с нами будет?Енді күніміз не болады?
Что тогда будет, интересно?Онда не болады екен?
Что тогда?Онда не?
Что ты бормочешь?Не күбірлеп отырсың?
Что ты будешь делать вечером? Кешке не істемексің?
Что ты делаешь?
  – Я работаю.
  – Чай пью.
Сен не істеп жатырсың?
  – Мен жұмыс істеп жатырмын.
  – Шай ішіп отырмын.
Что ты делаешь? Ты в своем уме?Не істеп тұрсың? Есің дұрыс па?
Что ты делал бы, если не было бы меня?Мен болмасам сен қайтер едің?
Что ты ещё натворил?Тағы не бүлдірдің?
Что ты ещё проворачиваешь?Тағы не бүлдіріп жүрсің?
Что ты желаешь, моя королева?Ханшайым, не қалайсың?
Что ты за подруга?Сен өзі қандай құрбысың?
Что ты за человек?Не деген адамсың?
  2. Қандай адамсың сен?
Что ты задумал?
  – Кое-что задумал.
Не ойлағаның бар?
  – Бір ойлағаным бар.
Что ты здесь делаешь один?Мұнда жалғыз не істеп отырсың?
Что ты здесь делаешь?Бұл жерде сен не істеп жүрсің?
  2. Сен мұнда не істеп отырсың?
Что ты ищешь?Сен не іздеп жүрсің?
Что ты кричишь на весь дом?Үйді басына көтеріп неменеге айқалайсың?
Что ты кричишь?Неге бақырасың?
Что ты мне голову морочишь?Сен маған не деп бас қатырып тұрсын?
Что ты мне принёс?Маған не алып келдің?
Что ты можешь делать?Не істей аласың?
Что ты можешь мне сказать?Маған не айта аласың?
Что ты несёшь?Не сандырақтап тұрсың?
Что ты нос повесил?Қабағың неге түсіп кетті? Буквально: что ты брови опустил или что ты хмуришься?
Что ты опять натворил?Тағы не бүлдірдің?
Что ты от нас скрываешь?Бізден не жасырып жүрсің?
Что ты сейчас сказал?Сен жаңа не дедің?
Что ты сейчас чувствуешь?Сен қазір не сезініп отырсың?
Что ты скажешь родителям?Әке-шешеңе не дейсің?
Что ты скажешь?Сен не дейсің?
Что ты сказал?Сен не дедің?
Что ты стоишь у порога, проходи!Неғып босағада тұрсың, жоғарыла!
Что ты так смотришь на меня?Сонша неге қарайсың маған?
Что ты теперь скулишь?Енді неге қыңсылайсың?
Что ты хочешь от меня услышать?Менен не естігің келеді?
Что ты цену себе набиваешь?Неменеге бұлданып тұрсың?
  2. Не бұлданасың?
Что ты цокаешь?Неге таңдайыңды қағасын?
Что ты читаешь?Сен не оқып отырсың?
Что у тебя есть интересного?Сенде не қызық бар?
Что хорошего ты мне сделал?Сен маған не жақсылық жасап едің?
Что хочешь сказать?Не айтқың келіп тұр?
Что это ещё?Бұл немене тағы?
Что это за шутки у тебя?Бұл не әзілің?
Что это означает?Мұның белгісі не?
Что это?
  – Откуда я знаю?
Мынау немене?
  – Мен қайдан білейін?
Что я бы не делал, что не говорил бы, – все неправильно.Мен не істесем, не айтсам да бәрі дұрыс емес.
Что я Вам сделал?Мен Сізге не істеп қойдым?
Что я говорил?Не деп едім?
Что я должен сделать для этого?Ол үшін мен не істеймін?
Что я могу сделать?Мен не істей аламын?
Что я натворил?Мен не бүлдірдім?
Что я сказал?Мен не деппін?
Что я тебе говорил?Мен саған не дедім?
Что за мода - спорить с отцом?Әкесімен дауласу қай әдетке жатады?
Что, вообще, он тебе сказал?Ол саған не деді өзі?
Что, вообще, происходит?Не болып жатыр өзі?
Что, ещё что-то есть? Не, тағы бірдеңе бар ма?
Что, не можешь от меня избавится?Немене, менен құтыла алмай жүрсің бе?
Что, сегодня с левой ноги встал?Немене, бүгін сол аяғыңмен тұрып па едің?
Что, тебе плохо?Не, саған жаман болып тұр ма?
Что, ты думал, я не приду?Немене, мені келмейді деп ойладың ба?
Что, что? Поварешка и тазик вот что!Не, не? Ожау мен тегене!
Чтобы все сверкало. Вечером приду проверю.Барлығы жалтырап тұрсын. Кешке келіп тексеремін
Чтобы ее спасти, тебе нужно сделать одну вещь.Оны қорғау үшін бір нәрсе жасауың керек.
Чтобы завтра разговоров не было!Ертең сөз болмасын!
Чтобы знать казахский язык, нам нужно говорить на нём.Қазақ тілі білу үшін, қазақша сөйлесуіміз керек.
Чтобы не было разговоров!Сөз болмасын!
Чтобы решить этот вопрос, я потратил много денегОсы мәселені шешуге көп ақша жұмсадым.
Чтобы это было в первый и в последний раз!Алды-арты осы болсын!
Чтобы я не делал, тебя мне не переубедить.Не істесем де, сені көндіре алмаймын.
Чтобы я этого больше не слышал.Мұндайды енді естімейтін болайын.
Что-нибудь скажи. Бірдеңе айтып жiбер.
Что-то важное? Маңызды бірдеңе ме?
Что-то не так?Бірдеңе дұрыс емес пе?
Что-то случилось?Бірдеңе болып қалды ма?
Что-то случилось?Бірдеңе болды ма?
  2. Бірдеңе болып қалды ма?
Что-то слышал, но не помню.Бірдеңе естігенмін, бірақ есімде жоқ.
Что-то ты рано пришёл.Ерте келіпсің ғой.
Ш
Шагай быстрее. Бас аяғыңды.
Шанс есть у всех, им надо только уметь воспользоваться.Мүмкіндік барлығында бар, оны тек пайдалана алу қажет. Цитаты
Шевелись!Қимылда!
Шеф, свободен? (обращение к таксисту) Басеке, боссың ба?
Шлю пламенный привет из Семея!Семейден жалынды сәлем жолдаймын!
Э
Эй, ты не слышишь? Я тебе говорю. Әй, естімейсің бе? Саған айтып отырмын.
Эй, давай быстрей.Ай, болсаңшы енді.
Эй, прекращай, а то я уничтожу тебя.Әй, қой енді, әйтпесе желкеңді қиям.
Эй, что вы стоите, как чужие?Әй, бөтен адам құсап неғып тұрсыңдар?
Энергетика денег.Ақша энергетикасы.
Эта девочка ищет своих родственников.Бұл қыз туыстарын іздеп жүр.
Эта женщина очень опасная.Ол әйел өте қауіпті.
Эта женщина пристает к тебе?
  – Ко мне многие женщины пристают.
Бұл әйел саған қырындап жатыр ма?
  – Маған көп әйелдер қырындайды.
Эта твоя музыка - просто беда! Так ты однажды оглохнешь!Осы сенің музыкаң бар ғой, бәле болды. Бір күні керең болып қаласың!
Эта тема давно закрыта.Бұл тақырып баяғыда жабылған.
Эти времена прошли.Ондай заман кетті.
Эти деньги я истратил!
  – Что? Все что ли?
Ол ақшаны мен жұмсап тастадым!
  – Немене? Барлығын ба?
Эти люди говорили правду?
  – Да, было так.
Бұл адамдар шындықты айтты ма?
  – Иә, солай болды.
Эти мужчины сплетничают больше, чем женщины.Осы еркектер өсекті әйелден көп айтады.
Эти слова я запомнил навсегда.Осы сөзді мәңгі есіме сақтадым.
Этим бизнесом я занимаюсь 10 лет.Бұл бизнесте жүргеніме он жыл болды.
Этим разговор и закончился.Осымен әңгіме аяқталды.
Это - твой путь к успеху!Бұл - сенің жетістікке барар жолың!
Это бесчеловечно.Бұл адамгершілікке жатпайды.
Это большая сумма денег.Бұл өте қомақты ақша.
Это большая честь для меня. Бұл мен үшін зор құрмет.
Это будет тебе уроком.Бұл саған сабақ болады.
Это была твоя инициатива.Бұл сенің бастама болатын.
Это было в последний раз.Бұл соңғы рет болды.
Это было заметно.Бұл байқалып тұрды.
Это было сделано неспециально.Бұл әдейі жасалған жоқ.
Это в наших руках.Бұл біздің қолымызда.
Это Вам нравится?Мынау Сізге ұнай ма?
Это Ваш младший?Бұл Сіздің кенжеңіз бе?
Это Ваше предложение?
  – Это очень выгодное для Вас предложение.
Ұсыныс осы ма?
  – Бұл Сіз үшін өте пайдалы ұсыныс.
Это ведь всем известно.Бұл бәріне белгілі ғой.
Это веление судьбы.Бұл – тағдырдың жазғаны.
Это временное явление.Бұл уақытша құбылыс.
Это все поймут.Мұны бәрі түсінеді.
Это Вы у него самого спросите.Оны өзінен сұраңыз.
Это давно известно.Бұл бұрыннан белгілі.
Это деловой разговор.Бұл іскерлік әңгіме.
Это детская забава.Бұл бала-шағаның ермегі.
Это его друг.Бұл оның досы.
Это его истинное лицо.Бұл – оның шынайы кейіпі.
Это его пустые фантазии.Бұл оның бос қиялы.
Это ещё неизвестно.Ол әлі белгісіз.
Это ещё только начало. Бұл әлі бастамасы.
Это же Вы сделали?Осыны істеген Сіз ғой?
Это же зависит от вкуса людей?Ол адамның талғамына байланысты емес пе?
Это же настоящий шантаж!Мынау нағыз бопса ғой!
Это же твоя старая привычка.Ол сенің баяғы әдетті ғой.
Это же ужас.Мынау сұмдық қой.
Это как надо понимать?Мұны қалай түсінуге болады?
Это как сон.Бұл бір түс секілді.
Это козни той женщины.Бұл сол әйелдің айласы.
Это кто у нас такой важный.Бұл кім өзі ширатылып отырған!
Это лечится? Бұл емделе ме?
  2. Мұның емі бар ма?
Это лучше, чем ничего.Жоқтан жақсы ғой.
Это лучше, чем старое.Бұл ескісінен қарағанда жақсы.
Это место мёдом помазано что ли?Ол жерге бал жағып қойған ба?
Это место не для меня.Бұл орын маған лайық емес.
Это место свободно?Мына орын бос па?
Это мне не интересно.Ол маған қызық емес.
Это мне совсем не нравится.Бұл маған тіпті ұнамайды.
Это мне? Мынау маған ба?
Это моё!Бұл менікі!
Это может привести к непоправимым последствиям.Бұл түзелмейтін салдарға апарып соғуы мүмкін.
Это мой друг детства. Вместе учились в школе.Бұл менің бала шақтағы досым. Мектепте бірге оқығанбыз.
Это мой спаситель.Бұл менің құтқарушым.
Это моя будущая половинка.Бұл менің болашақ жарым.
Это моя вина.Бұл менің кінәм.
Это моя заветная мечта.Бұл менің асыл арманым.
Это моя обязанность.Бұл менің міндетім.
Это моя судьба.Бұл менің тағдырым.
Это Мурат. Ты его знаешь?Бұл жігіт Мурат. Муратты білуші ме едің?
Это мы для него старались что ли?Біз сол үшін жанталастық па?
Это мы ещё посмотрим.Оны әлі көрер жатармыз.
Это мы и без тебя знаем.Оны сенсіз де білеміз.
Это надо видеть.Оны көру керек.
Это наша вина.Бұл біздің кінәміз.
Это наша спальня.Мынау біздің ұйықтайтын бөлмеміз.
Это наше с тобой общее дело.Бұл іс бізге екеумізге ортақ қой.
Это не взятка, это подарок от чистого сердца.Бұл пара емес, бұл шын жүректен сыйлық.
Это не дом, а психушка.Бұл үй емес, жындыхана.
Это не женская работа.
  – Это не мужская работа.
Бұл әйелдің жұмысы емес.
  – Бұл еркектің жұмысы емес.
Это не интересно.Бұл қызық емес.
Это не моё дело.Бұл менің шаруам емес.
Это не моё.Бұл менікі емес.
Это не помеха.Бұл бөгет емес.
Это не твоё.Бұл сенікі емес.
Это не только я, весь город говорит. Простой народ говорит.
  – Если народ говорит, зря не скажет.
Мұны мен ғана емес, бүкіл қала айтып жүр. Қарапайым халық айтып жүр.
  – Халық айтса, бекер айтпайды.
Это не трудно.Ол қиын емес.
Это не цветы, а веник.Мынау гүл емес, сыпыртқы ғой.
Это не шутка.Бұл әзіл емес.
Это неважно.Ол маңызды емес.
Это незабываемый случай.Бұл естен кетпейтін оқиға.
Это неизбежная вещь.Бұл – қашып құтылмайтын нәрсе.
Это некрасиво.Бұл әдемі емес.
Это немыслимо. Бұл ақылға сыймады.
Это неправильно.Бұл дұрыс емес.
Это несправедливо!Бұл әділетті емес!
Это неспроста.Бұл тегін емес.
Это нечестно.Бұл әділ емес.
Это никто не сможет.Ол ешкімнің қолынан келмейді.
Это ничего не изменит.Бұл ештеңе өзгертпейді.
Это нормально?Бұл қалыпты ма?
Это нужно повторить несколько раз.Соны бірнеше рет қайталау керек.
Это очень опасно.Бұл өте қауіпті.
Это очень смешно.Бұл өте күлкілі.
Это очень срочно.Бұл өте шұғыл.
Это песня посвящается тебе.Бұл ән саған арналады.
Это правда, что вы разошлись?Ажырасқаныңыз рас па?
Это предложение было принято.Осы ұсыныс қабылданды.
Это просто мои мысли вслух.Бұл жай ғана ойым үн шығарып айтқан.
Это просто праздные разговоры.Ол жай бос әңгіме.
Это рушит мои планы.Бұл менің жоспарымды бұзады.
Это самое главное.Бұл ең бастысы.
Это самое опасное.Ең қауіптісі сол.
Это сейчас неактуально.Бұл қазір өзекті емес.
Это скрыть невозможно.Мұны жасыру мүмкін емес.
Это слово просто сорвалось у меня с языка.Бұл сөз аузымнан байқамай шығып кетті.
Это слово трудно перевести.Бұл сөзді аударуға қиын.
Это случилось в спешке.Бұл асығыстықта болды.
Это спектакль?Бұл қойылым ба?
Это твоя очередная хитрость?Бұл сенің кезекті қулық па?
Это тебе интересно?
  – Да, конечно, мне интересно.
Бұл саған қызық па?
  – Иә, әрине, маған қызық.
Это тебе понравится.Бұл саған ұнайды.
Это тебе простительно. Все проходят через это.Бұл саған кешірімді. Әр адамның басында мұндай-мұндай бола береді.
Это тобой придуманная пословица?Бүл өзің шығарған мақал ма?
Это только начало. Все ещё впереди.Бұл тек басы ғана. Барлығы әлі алда.
Это ты и выяснишь. Это твоя работа.Осыны сен анықтайсың. Бұл сенің жұмысың.
Это тяжёлая ноша.Бұл ауыр жүк.
Это уже чересчур.Мынау енді артық.
Это частный случай.Бұл дербес жағдай.
Это чей такой сладкий малыш? Бұл кімнің сондай тәтті баласы?
Это что за идиотизм?Бұл не деген есуастық?
Это что за чудо?Бұл не ғаламат?
Это что, политическая игра?Бұл не, саяси ойын ба?
Это я не могу сказать. Пока секрет.Оны айта алмаймын. Әзірге құпия.
Это, оказывается, так просто.Бұл оңай екен ғой.
Этого парня мы хорошо знаем.Ол жігітті біз жақсы білеміз.
Этого я Вам сказать не могу.Мен Сізге мұны айта алмаймын.
Этого я и сам не знаю.Соны өзім де білмеймін.
Этого я не могу сказать. Пока секрет.Оны айта алмаймын. Әзірге құпия.
Этому есть сторонники, и есть противники.Оны жақтайтындар да, қарсылар да бар.
Этот камень приносит удачу.Бұл тас сәттілік дарытады.
Этот обычай называют «Сватовством».Мұны «Құда түсу» дәстүрі дейді.
Этот парень мой человек.Бұл жігіт менің адамым.
Эту тему не затрагивай.Бұл тақырыпты қозғама.
Эх, и такие женщины бывают, оказывается.Шіркін, осындай да әйелдер болады екен ғой.
Эх, сомневаюсь я.Әй, күмәнім бар.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  В быту, Т Вернуться к началу В быту, Я  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга