Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

В быту, Г-Д-Е-Ж-З

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Г
Где бы он не был, с кем бы он не был, мне теперь всё равно. Ол қайда болса да, кіммен болса да маған енді бәрібір.
Где встретимся? Қай жерде жолығамыз?
 2. Қай жерде кездесеміз?
Где Вы купили? Қайда сатып алдыңыз?
Где Вы научились так подмазываться?
 – Жизнь научила.
Сіз бұлай жағымпаздануды қайда үйрендіңіз?
 – Өмір үйретті.
Где вы познакомились? Сендер қай жерде таныстыңдар?
Где Вы сейчас живёте? Қазір қайда тұрып жатырсыз?
Где здесь выход? Мұнда шығатын есік қайда?
 2. Шығатын жер бар ма?
Где и когда мы встретимся? Біз қайда және қашан кездесеміз?
Где, интересно, моя доча? Қызым қайда екен менің?
Где ключи от машины? Машинаның кілті қайда?
Где мусорный ящик? Қоқыс жәшігі қайда?
Где мы найдём такого человека? Біз ондай адамды қайдан табамыз?
Где причитающие мне деньги? Маған тиісті ақша қайда?
Где пульт управления? Басқару тетігі қайда?
Где работает Ваш муж? Күйеуіңіз қайда жұмыс істейді?
Где твой головной убор? Почему не одеваешь?
 - Одевай, а то простудишь голову.
Бас киімің қайда? Неге кимейсің?
 - Басыңа суық тиеді, киіп жүрсеңші.
Где ты был? Қайда болып едің?
 2. Сен қайда болдың?
Где ты был вчера? Кеше қайда болдың?
Где ты был вчера вечером? Кеше кешке қайда болдың?
Где ты был до сих пор? Осы уақытқа дейін қайда болдың?
Где ты был столько времени? Осынша уақыт қайда болдың?
Где ты сейчас? Қазір қай жердесің?
Где я? Мен қайдамын?
Главное, не трать деньги на пустое. Ең бастысы, ақшаны босқа жұмсама.
Главное, что тебе понравилось. Саған ұнаса болды.
Главное, чтобы ты знал это. Соны біліп жүрсең болды.
Глядя на фотоаппарат, улыбнитесь. Фотоаппаратқа қарап, күлімдеңіз.
Главное, надо верить. Ең бастысы, сену керек.
Главное, что тебе понравилось. Саған ұнаса болды.
Главное, что ты понял. Түсінсең болды.
Глаза закрываются. Хочу спать. Көзім жұмылып барады. Ұйқым келеді.
Глазами женщин. Әйелдердің көзімен.
Глазами мужчин. Еркектердің көзімен.
Гламурный шик. Әйнекей сәулет.
Глубокоуважаемые гости! Қадірменді қонақтар!
Глядишь, как кот на сметану. Қаймақ көрген мысықтай болдың ғой.
Говори без шуток. Қалжыңдамай айтсаңшы.
 2. Әзілдемей айтсаңшы
Говори, как есть. Ашығын айт.
Говори потише. Ақырын сөйле.
Говори правду. Шындығыңды айт.
Говори. Ничего не скрывай от нас. Айта бер. Бізден еш нәрсе жасырма.
Говори суть. Тоқ етерін айт.
Говорил же я вам! Айтым ғой сіздерге!
 2. Айттым ғой сендерге!
Говорите по очереди. Кезекпен сөйлеңдер.
Говорите культурно. Мәдениетті сөйлеңіз.
Говорите, не торопясь. Асықпай сөйлеңізші.
Говорите потише. Он может услышать. Жайырақ сөйлеңіз. Ол естіп қалып жүрер.
Говорите, что случилось? Айта беріңіз, не болып қалды?
Говоришь – он не понимает, бьешь – не доходит. Айтсаң – түсінбейді, ұрсаң – ұқпайды.
Говорю в последний раз. Соңғы рет айтамын.
Говорят, там скучно. Сонда ішің пысады дейді.
Говорят же, что время лечит. Уақыт емдейді дейді ғой.
Голос у Вас классный! Дауысыңыз керемет!
Голубка моя. Көгершінім.
Горевать за них будешь что ли? Олар үшін қайғырасың ба?
Горькая правда. Ащы шындық.
Господи, помоги! Құдайым, көмектесе гөр!
Госпоже ничего не нравится. Ханымға ештеңе ұнамайды.
Гранённый стакан. Қырлы стакан.
Грех так говорить. Бұлай деу күнәкарлық.
Д
Да будет благо! Құтты болсын!
Да на деньги он повёлся... Е, ақшасына қызыққан ғой...
Да ну их! Соларды қайтесің!
Да прекратите же! Қойсаңдаршы!
Да так просто спросил. Жай сұрағаным ғой.
Да ты волшебник. Сиқыршысың ғой өзі.
Да ты совсем молодцом стал! Дәу жігіт боп қалыпсың ғой!
Да у пьяного человека разве есть совесть? Маскүнем адамда ұят болушы ма еді?
Да что я, главное, чтобы они были счастливы. Мені қойшы, олар бақытты болса болды.
Да, давайте так поступим. Иә, сөйтейік.
Да, даст Бог, и до этого дня доживём. Е, бұйырса ол күнге де жетерміз.
Да, и так можно сказать. Иә, солай деуге де болады.
Да, именно это я хотел сказать. Иә, дәл осыны айтқым келген.
Да, мы сейчас переживаем нелёгкие дни.
 - Сейчас каждому из нас нелегко.
Иә, біз қазір өте қиын кезді өткеріп жатырмыз.
 - Қазір бәрімізге де қиын.
Да, тебе пришлось нелегко. Иә, саған оңай болмапты.
Да, я признаю свою вину. Иә, мен кінәмді мойындаймын.
Давай быстрее уйдём отсюда. Тезірек кетейік мына жерден.
Давай быстрей! Дай руку! Бол тез! Әкел қолыңды!
Давай вечером погуляем. Кешке қыдырайық.
Давай встретимся, у меня есть разговор сглазу на глаз. Оңаша айтар әңгімем бар, кездесейік.
Давай выйдем, поговорим по-мужски. Жүр сыртқа, еркекше сөйлесейік.
Давай отметим твой день рождения. Туған күніңді атап өтейік.
Давай, пожалуйста, не будем говорить об этом. Бұл жайлы сөйлеспей-ақ қояйықшы.
Давай, пожалуйста, поговорим по- хорошему. Дұрыстап сөйлесейікші.
Давай посидим, поговорим. У нас есть что обсудить. Отырайық, сөйлесейік. Талқылайтын мәселеміз бар.
Давай посмотрим правде в глаза. Шындықтың бетіне тура қарайық.
Давай посплетничаем немного. Кішкене өсек айтайық.
Давай поспорим на 500 тенге. Бес жүз теңгеге бәстесейік.
Давай пошевеливайся! Қане, қимылда!
Давай разберёмся. Басын ашып алайық.
Давай смотреть правде прямо в глаза. Шындықтың бетіне тура қарайық.
Давай спать. Мне завтра на работу надо идти. Ұйықтайық. Ертең маған жұмысқа баруым керек.
Давай это обсудим. Осыны ақылдасайықшы.
Давайте больше не будем затрагивать эту тему. Енді бұл тақырыпты қозғамайық.
Давайте встречаться по хорошим поводам! Жақсылықта кездесейік!
Давайте будем общаться. Араласып тұрайық.
Давайте быстрее, пожалуйста, нет времени. Болыңызшы, уақыт жоқ.
Давайте вначале выясним это. Алдымен осының басын ашып алайықшы.
Давайте не будем принимать поспешных решений. Асығыс шешім қабылдамай-ақ қояйық.
Давайте не будем расстраиваться. Көнілді түсірмейік.
Давайте помогу! Әкеліңіз көмектесейін!
 2. Әкеліңіз, мен көмектесіп жіберейін!
Давайте сядем, нормально поговорим. Отырып, жөндеп сөйлесейік.
Давайте-ка, я Вам покажу кухню. Қане, мен сізге ас бөлмені көрсетейін.
Давление (крови) поднялось. Қан қысымы көтереліп кетті.
Давно бы так говорил. Баяғыдан өстіп сөйлемейсің бе.
Давно Вас не было видно. Көптен көрінбей кеттіңіз.
Давно ждёшь меня? Ұзақ күттің бе мені?
Давно бы так сказали! Бағанадан бері сөйтіп айтпасыз ба?
Давно я не был в Астане. Астанаға бармағалы көп болды.
Дадим ему время, пусть подумает. Оған уақыт берейік, ойлансын.
Даже не думай так поступить. Олай істеуді ойына да алушы болма.
Даже не знаю. Тіпті білмеймін.
Даже не сомневайся. Оған күмәнің болмасын.
Даже у стен есть уши. Қабырғаның да құлағы бар.
Дай Бог тебе выздоровления! Алла шипасын берсін!
Дай Бог ему здоровья и долгих лет! Құдай оған ұзақ ғұмыр мен денсаулық берсін!
Дай воды, пожалуйста, голова раскалывается. Су берші, басым сынып барады.
Дай мне совет, пожалуйста. Маған кеңес берші.
Дай мне последний шанс. Маған соңғы мүмкіндік берші.
Дайте, пожалуйста, мне немного времени подумать. Ойлануға маған біраз уақыт беріңізші.
Дамы приглашают кавалеров! Қыздар жігіттерді биге шақырады!
Дал обещание – выполняй. Уәде бердің – орында.
Далеко едете? Алысқа барасыз ба?
Даст Бог, доберёмся вовремя. Құдай қаласа, кешікпей жетеміз.
Два года назад я не мог связать двух слов по-казахски. Екі жыл бұрын мен қазақша екі сөздің басын құрай алмаған жоқпын.
Двери нашего дома всегда открыты для тебя. Біздің үйдің есігі саған әрқашан ашық.
«Двойку» получил что ли за экзамен? Емтиханнан «екі» алып қалдың ба?
Девочка.Қыз бала.
Девушек на свете много. Әлемде қыз көп.
 2. Қыз деген шөп, шөп деген көп. (шутливо)
Девушка в красном платье. Қызыл көйлекті қыз.
Девушка, подскажите, пожалуйста... Қарындас, айтып жіберіңізші...
Действовать нужно по обстоятельствам. Ыңғайына қарай әрекет ету керек.
Действуй, иначе проиграешь. Әрекет жаса, әйтпесе жеңілесің.
Дела мои не очень. Жағдайым қалыпты емес.
Дела у него неплохие. Оның жағдайы жаман емес.
Делай после этого добро людям... Осыдан кейін біреуге жақсылық жасап көр...
 2. Осыдан кейін жаса адамға жақсылық...
Делай, что хочешь. Қалағаныңды істе.
 2. Қалағаныңды істей бер.
Дело началось с пустяков. Оқиға болмашыдан басталды.
Дело не терпит отлагательства. Істі кешіктіруге болмайды.
Дело твоё. Ықтияр өзіңде.
Денег много не трать. Көп ақша шығарма.
Денег на дорогу вышлю. Жол қаражатыңа ақша жіберемін.
Деньги не истрать. Ақшаны жаратып қойма.
Деньги ушли быстро. Ақша тез жұмсалып кетті.
Денег хватает только на семечки. Ақша шекілдеуікке ғана жетеді.
День рождения бывает один раз в году. Туған күн жылына бір рет болады.
Держи меня в курсе. Маған хабарыңды беріп тұр.
Дети выросли. Балалар есейіп кетті.
Дети, как говорится, наше будущее. Балалар деген біздің болашақ.
Дети растут? Балалар өсіп жатыр ма?
Детка, не вмешивайся в разговоры старших. Балақай, үлкендердің сөзіне араласпа.
Для Вас специально сделал. Сізге арнап жасадым.
Для Вашего спокойствия. Сіздің тыныштығыңыз үшін.
Для видимости. Жұртқа көз қылып.
Для каждодневного пользования. Күнделікті қолдану үшін.
Для личного пользования. Жеке пайдалануға арналған.
Для меня это не главная цель. Ол менің басты мақсатым емес.
Для нас каждый человек важен. Бізге әрбір адам маңызды.
Для нас – это радость. Бұл – біз үшін қуаныш.
Для общего пользования. Ортақ пайдалануға арналған.
Для приличия. Сыпайылық үшін.
Для разнообразия. Әртүрлік үшін.
 2. Түрлендіру үшін.
Для тебя нет ничего невозможного. Сен үшін мүмкін емес нәрсе жоқ.
Для успокоения души. Көңілді жұбату үшін.
Для чего все это? Мұның бәрі не үшін?
 2. Осының барлығы не үшін?
Для чего тебе это? Оны қайтесің?
Для чего ты это все делаешь? Мұнын бәрін не үшін жасап жатырсың?
До вечера (до встречи)! Кешке дейін!
До встречи! Жолыққанша!
До каких пор мы будем смиряться? Қашанғы шейін көне береміз?
До каких пор твои родители будут принимать за тебя решения? Пришло время самому принимать решения. Қашанға дейін ата-анаң сен үшін шешім қабылдап жүреді? Өзің шешім қабылдайтын кез келді.
До каких пор ты будешь лежать на диване? Қашанға дейін диванда жата бересің?
До каких пор ты будешь меня обманывать? Ты не можешь не обманывать что ли? Қашанғы мені алдай бересің? Алдамай жүре алмайсың ба?
До каких пор это будет продолжаться? Бұл қашанға дейін жалғасады?
До семи вечера я буду на работе. Кешкі сағат жетіге дейін жұмыста боламын.
До сих не можешь забыть что ли? Әлі ұмыта алмай жүрсің бе?
До сих пор я так делаю. Əлі күнге дейін осылай жасаймын.
До следующей встречи! Келесі кездескенше!
До сорока дней никому не показывайте. Қырқынан шығарғанға дейін ешкімге көрсетпеңдер.
Добро пожаловать! Проходите! (Обращение к двум и более людям) Қош келдіңіздер! Жоғары шығыңыздар!
Добро пожаловать! Входите, проходите в зал, располагайтесь. Қош келдіңіз! Кіріңіз, төрлетіңіз, жайғаса беріңіз.
Доброе утро! Как поспал? Выспался? Қайырлы таң! Қалай ұйықтап шықтың? Ұйқың қанды ма?
Доброе утро, уважаемая жена! Қайырлы таң, құрметті бәйбіше!
Добрый вечер, красавица! (шутл.) Қайырлы кеш, сұлу бикеш!
Добрый вечер, мать моих детей! Кеш жарық, балаларымның анасы!
Договорились больше не встречаться. Енді кездеспеуге келістік.
Договорились. Буду вовремя. Келістік. Уақытында боламын.
Договорились? Келістік пе?
Доедьте благополучно. Аман-есен жетіп алыңдар.
Доехали благополучно? Не устали? Аман-есен жеттіңіз бе? Шаршамай келдіңіз бе?
Дождь ещё идёт? Жаңбыр әлі жауып тұр ма?
Дождя много было, поэтому урожай был хороший. Жаңбыр көп жауды, сондықтан егін жақсы шықты.
Докажи. Дәлелде.
Долго будем ждать? Көп күтеміз бе?
Долго ждал меня? Ұзақ күттің бе мені?
Дом, дети, работа... Үй, бала-шаға, жұмыс...
Дома бардак. Үй іші бейберекет.
Дома будете сидеть что ли? Үйде отыра беріссіңдер ме?
Дома нет света. Үйде жарық жоқ.
Дома поговорим. Үйге барған соң сөйлесеміз.
Домашние дела никогда не закончатся. Үй шаруасы еш уақытта бітпейді.
Домой придём поговорим. Үйге барған соң сөйлесеміз.
Дорогая, какими духами ты надушилась? Приятный запах!
 - Это, подаренные тобой вчера, французские духи.
Жаным, қандай иіссу сеуіп алғансың? Иісі керемет!
 - Кешегі сен сыйлаған француз әтірі ғой.
Дорогая, ты выйдешь за меня замуж? Жаным, маған тұрмысқа шығасың ба?
Дорогой, ты тоже такого мнения, не так ли?
 - Да-да, и я такого же мнения.
Жаным, сен де сондай пікірдесің ғой, солай ма?
 - Иә-иә, мен де сондай пікірдемін.
Дорогой, я еще не готова, подожди, пожалуйста! Қымбаттым, мені әлі дайын емеспін, күте тұршы!
Достаточно! Жеткілікті!
Достаточно того, что ты оставишь меня в покое. Мені өз жайыма қалдырсаң болды.
Другого выхода нет. Басқа амал жоқ.
Другой темы нет что ли? Басқа тақырып жоқ па?
Другим рассказывай свою сказку. Ертегіңді басқа біреуге айт.
Других новостей нет. Басқа жаңалық жоқ
Дружба никогда не кончится. Достық ешқашан бітіп қалмайды.
Друзья, дайте мне совет, пожалуйста! Достар, кеңес беріңдерші!
Думаешь, будто я сам не знаю, что совершил ошибку? Қателік жасағанымды өзім білмейді дейсің бе?
Думать о счастье у меня нет времени. Бақыт туралы ойлауға уақытым жоқ.
Е
Его глупые выходки мне надоели. Оның ақымақтық қылықтары менің ішімді пыстырды.
Его жена рожает. Оның әйелі босанғалы жатыр.
Его мать очень избаловала. Оны анасы тым еркелетіп жіберген.
Его надо спасать. Оны құтқару керек.
Его не уговоришь. Оны көндіре алмайсың.
Его нигде нет. Ол ешқайда жоқ.
Его никто не обидит. Оны ешкім өкпелетпейді.
Его осыпали похвалами. Оны аспандатып мақтады. (буквально: Хвалили до небес).
Его слова и дела противоречат друг другу. Оның сөзі мен ісі бір-біріне қайшы.
Его слова сбылись. Оның айтқаны келді.
Его тоже можно понять Оны да түсінуге болады.
Ежедневно отчитывайся перед самим собой. Воспитывай себя. Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
Езжайте, куда хотите. Қалаған жеріңе бара беріңдер.
Ей-Богу не знаю. Құдай-ақы білмеймін.
Еле нашёл. Әрең таптым.
Ему же скучно. Оның іші пысып жүр ғой.
Ему лучше не знать об этом. Ол бұл туралы білмей-ақ қойсын.
Ему нет ещё пятидесяти. Ол әлі елуге толған жоқ.
Ему пора спать. Оның жататын уақыты болды.
Ему постоянно некогда. Оның үнемі қолың бос емес.
Ему сильно понравилось. Оған қатты ұнады.
Ему что говори, что не говори, ничего не понимает. Айттың не, айтпадың не, ештеңе түсінбейді.
Ему это боком вышло. Жегені желкесінен шықты.
Если бы он любил меня, то поверил бы. Мені жақсы көрсе маған сенер еді.
Если бы он не успел, чтобы тогда мы делали? Егер ол үлгермей қойса сонда біз не істер едік?
Если бы он промолчал, ему что голову бы отрезали? Оның басын кесіп алама үндемей отырса?
Если бы не было Вас, что мы делали бы? Сіз болмасаңыз, біз не істеуші едік?
Если бы не было меня, кто-нибудь другой сделал бы точно также. Мен болмасам басқа біреу дәл осылай істер еді.
Если бы не было тебя, я не успел бы все закончить. Сен болмағанда, бәрін бітіре алмас едім.
Если бы не ты, что я бы делал. Сен болмасаң мен не істер едім.
 2. Сен болмасаң қайтер едім.
Если бы ты захотел, то нашёл бы. Егер қаласаң табар едің.
Если бы я был умнее, то... Егер ақылдырақ болсам...
Если бы я знал это, не спрашивал бы. Бұны білгенде сұрамас едім.
Если вечером будешь свободен, приходи. Кешке бос болсаң, кел.
Если встану, сесть не могу, сяду – встать не могу. Тұрсам, отыра алмаймын, отырсам, тұра алмаймын!
Если Вы выходите на улицу, сохраняйте дистанцию два метра от людей (по-возможности). Далаға шықсаңыз, адамдармен екі метр аралықты сақтаңыз (мүмкіндігінше).
Если Вы хотите сходить (съездить), идите (езжайте). Барғыңыз келсе, барыңыз.
Если выходите на улицу, надевайте маску. Далаға шықсаңыз, маска киіңіз.
Если говорить правду, я на вас обижен. Шынымды айтсам мен сіздерге ренжулімін.
Если говорить, то разговоры никогда не кончатся. Айта берсең әңгіме таусылмайды.
Если говорят, пусть говорят. Айтса, айта берсін.
Если ему не верить, то кому мы будем верить? Енді ол кісіге сенбегенде кімге сенеміз?
Если ещё раз так сделаешь, я тебя убью. Егер тағыда осылай істесең, мен сені өлтіремін.
Если душа желает – пойдём, а если не желаешь – не ходи. Егер көңіл қаласа жүр, қаламасаң бармай-ақ қой.
Если заболеете, не лечитесь самостоятельно. Егер ауырып қалсаңыз, өз бетінше емделмеңіз.
Если завтра вы придёте, буду ждать. Ертең келсеңіздер, күтемін.
Если замёрзнешь, укроешься этим одеялом. Тоңсаң, мына көрпені жамыларсың.
Если зарплату получу, дам тебе денег. Жалақы алсам, саған ақша беремін.
Если захочу спать, где я могу лечь? Ұйқым келсе қайда жатайын?
Если ещё услышу, что шумите, не ждите от меня добра. Енді дыбыстарыңды естісем менен жақсылық күтпеңдер.
Если кто-нибудь к тебе будет лезть, скажешь мне. Біреу саған тиіссе маған айт.
Если кто-нибудь тебя обидит, скажи мне. Егер әлдекім сені ренжітсе маған айт.
Если люди узнают об этом, знаешь что будет?
 - Мне будет конец. Всё пойдёт прахом.
Мұны ел-жұрт білсе, не болатынын білесің бе?
 - Мен құримын. Бәрі құр-талқан болады.
Если можешь простить, прости. Кешіре алсаң – кешір.
Если наговорил лишнего, прости. Артық кетсем, кешір.
Если не брезгуете, берите. Егер жиіркенбесеңіз алыңыз.
Если не верите, спросите у него сами. Сенбесеңдер, өзінен сұраңдар.
Если не верите, вот, читайте. Сенбесеңіз, міне оқыңыз.
Если не верите, смотрите. Сенбесеңіз қараңыз.
Если не веришь, проверь. Сенбесең тексеріп көр.
Если не поддаётся уговорам, приведите насильно! Көнбесе зорлап алып келіндер!
Если не приедете, я обижусь. Келмесеңіз ренжимін.
Если не хочешь попасть в тюрьму, тогда делай, что я тебе сказал.
 - Сделаю всё, что ты сказал.
Түрмеге түскің келмесе, онда менің айтқанымды істе.
 - Айтқаныңның бәрін жасаймын.
Если он услышит, будет стыдно. Естісе, ұят болады.
Если он услышит, испугается. Ол естіп қойса зәресі кетеді.
Если он услышал, пусть слышит. Естісе ести берсін.
Если понадобится помощь – свистни. Көмек керек болса, ысқырып жібер.
Если посмотреть со стороны, они любят друг друга подкалывать. Егер сыртынан қарасаң, олар бір бірін түртіп жүргенді жақсы көреді ғой.
Если сам не скажет, я не спрашиваю его куда он ходил, что делал. Егер ол өзі айтпаса, мен оның қайда барғанын, не істегенін сұрамаймын.
Если свободен, приходи. Қолың бос болса кел.
Если скажу так, как это будет? Былай десем қалай болады?
Если так сделаешь, то будет плохо!
 - Почему так делать нельзя?
Олай істесең жаман болады!
 - Неге олай істеуге болмайды?
Если тебя зовут – иди, не зовут – что там делать? Шақырса бар, шақырмаса не бар?
Если сделаешь, что сказал, я тебя не обижу. Айтқанымды істесең, сені ренжітпеймін.
Если сегодня получишь двойку убью! Бүгін екі алсаң құртамын!
Если сейчас не сделаешь то, что я тебя сказал, я перестану тебя любить. Қазір айтқанымды істемесең, сені жақсы көрмей кетемін.
Если так будет продолжаться... Бұлай жалғаса берсе...
Если так, не приходи больше сюда. Олай болса, бұл жерге енді келме
Если такому человеку не верить, то кому нам верить? Енді ол кісіге сенбегенде кімге сенеміз?
Если тебе есть что сказать, скажи мне в лицо, а не сплетничай за спиной, как женщина. Айтатын сөзің болса, бетіме айт, қатын құсап артымнан ғайбаттамай.
Если ты меня любишь, то согласишься. Мені жақсы көрсең көнесің.
Если ты не против, я вот так собираюсь сделать. Егер қарсы болмасаң, мен былай жасайын деп отырмын.
Если ты поднимешь на неё руку, или доведёшь до слёз, то от меня добра не жди. Егер оған қолың көтерсең, немесе оны жылатсаң менен жақсылық күтпе.
Если ты сегодня не скажешь, завтра будет поздно. Сен бүгін айтпасаң ертең кеш болады.
Если ты сейчас не решишь этот вопрос, потом будет поздно. Егер бұл мәселені қазір шешпесең, кейін кеш болады.
Если ты скажешь, он тогда всё сделает. Сен айтсаң, онда ол бәрін жасайды
Если ты не понял, это твои проблемы. Түсінбесең – ол сенің проблемаларың.
Если ты поднимешь на неё руку или доведешь до слёз, то от меня добра не жди. Егер оған қолың көтерсең немесе оны жылатсаң, менен жақсылық күтпе.
Если ты свободен, приходи. Қолың бос болса, кел
Если у тебя будет свободное время, приходи. Қолың тисе кел.
Если у тебя есть дело, не буду мешать. Жұмысың болса, бөгемеймін.
Если удачно сложатся обстоятельства. Ыңғайы келсе.
Если это для тебя важно, скажу. Бұл сен үшін маңызды болса айтайын.
Если я вспомню. Есіме түсіп кетсе.
Если я поспешу, то успею на последний самолёт.
 - Тогда иди. Поспеши.
Егер жылдамдатсам, соңғы ұшаққа үлгеремін.
 - Енді бар. Жылдамдат.
Если я тебе этого не скажу, кто скажет? Саған осыны мен айтпасам кім айтады?
Если я успею на автобус, то приеду. Егер автобусқа үлгерсем, келемін.
Если увижу, конечно, скажу. Көрсем әрине айтамын.
Если хотите знать, скажу. Білгіңіз келсе айтайын.
Если хотите, я вам помогу. Қаласаңдар, мен сендерге көмектесейін.
Если хотите, я Вас довезу.
 - Спасибо. Я сам доберусь.
Қаласаңыз, Сізді жеткізіп салайын.
 - Рақмет. Өзім жетемін.
Если хочешь оставаться, оставайся. Я пошел. Қалғың қалса, қал. Мен кеттім.
Если что понадобится, не стесняйся, заходи ко мне. Егер бірдеңе қажет болса, ұялмай өзіме кел.
Если что-то скажу, не обидишься? Бірдеңе десем ренжімейсің бе?
 2. Бір сөз айтсам ренжімейсің бе?
Если что-то случится, сразу зови. Бірдеңе болса, бірден шақыр.
Если что-то хочешь узнать, приди и спроси. Бір нәрсе білгің келсе, кел де сұра.
Если это будет продолжаться, мы что-нибудь придумаем. Бұл жалғаса берсе, бір амалын табармыз.
Если я задам вопрос о Ваших семи поколений, не будет ли для Вас это проблемой? Жеті атаңызды сұрасам қиналып қалмайсыз ба?
Если я захочу спать, где могу лечь? Ұйқым келсе қайда жатайын?
Если я тебе открою свой секрет, ты не предашь меня? Егер саған сырымды ашсам, мені сатып кетпейсің бе?
Если я тебе это не скажу, то кто скажет. Саған осыны мен айтпасам, кім айтады.
Если я сейчас позвоню в полицию, тебя заберут. Наденут наручники. Мен қазір полицияға хабарлассам сені алып кетеді. Қолыңа қисең салады.
Если я съезжу на два-три дня в город, как Вы на то смотрите? Қалаға бір-екі күнге барып келсем қалай көресіз?
Есть кто в доме? Үйде біреу бар ма?
 2. Үйде адам бар ма?
Есть ли выход из этой ситуации? Бұл бәледен шығатын жол бар ма өзі?
Есть ли место, где можно укрыться? Паналайтын жер бар ма?
Есть одна причина. Бір себебі бар.
Есть плохо говорящие по-русски, и есть плохо говорящие по-казахски. Орысша нашар сөйлейтіндер бар, қазақша да нашар сөйлейтіндер бар.
Есть причина для радости? Қуануға себеп бар ма?
Есть продолжение?
 - Продолжение следует.
Жалғасы бар ма?
 - Жалғасы бар.
Есть только у меня. Менде ғана бар.
Есть у вас что-нибудь ещё? Сізде тағы да бірдеме бар ма?
Есть у меня одна заветная мечта. Бір асыл арманым бар.
Ещё будет много трудностей. Әлі талай қиындықтар болады
Ещё в ногах будет валяться. Әлі-ақ аяғына жығылады.
Ещё время есть. Әлі уақыт бар.
Ещё какие новости? Тағы қандай жаңалық бар?
Ещё не поздно. Әлі де кеш емес.
Ещё неизвестно. Әлі белгісіз.
Ещё одну хорошую новость услышать хочешь? Тағы бір жақсы жаңалықты естігің келе ме?
Ещё рано радоваться. Қуануға әлі ерте.
Ещё увидимся. Әлі жүздесерміз.
Ещё успеем познакомиться. Танысып үлгереміз әлі.
Ж
Жаль. Өкінішті екен.
Ждать больше нет сил. Енді күтуге шама жоқ.
Ждём всех! Барлықтарыңызды күтеміз!
Ждём хороших новостей! Жақсы жаңалықтар күтеміз!
Жду с нетерпением! Тағатсыздана күтіп отырмын!
Жена, которая постоянно норовит посетить свой родительский дом. Төркіншіл.
Женский пол. Әйел жынысы.
Женщина (по природе). Заты әйел.
Женщины народ такой. Әйел халқы сондай.
Жеребёночек мой. Құлыншағым менің.
 2. Құлыным
Жеребёночек мой, ты чего прячешься? Құлыным-ау, сен неге тығылып отырсың?
Жертва любви. Махаббаттың құрбаны.
Живая вода. Жаны бар су.
Живи, как хочешь. Қалай өмір сүргің келсе солай сүр.
Живу без всякой диеты. Ешқандай диетасыз жүрмін.
Живу, как желаю. Никого не держу, ни в ком не нуждаюсь. Өзімнің қалауымша өмір сүрудемін. Ешкімді ұстамаймын, ешкімге мұқтаж емеспін.
Жизнь постоянно испытывает нас. Өмір үнемі бізді сынап келеді.
Жизнь прекрасна! Өмір деген қандай тамаша!
Жили-были. Бұрында болыпты.
Жилой комплекс. Тұрғын үй кешені.
Жуткая дорожная авария случилась в Алматы. Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды.
З
За день до этого. Бір күні бұрын.
За каждую мою слезинку ответишь! Менің әрбір көз жасым үшін жауап бересің!
За какую команду Вы болеете? Қай топқа жанкүйерсіз?
За твой труд заплачу. Цену потом скажешь. Еңбегіңді жемеймін.* Ақысын сосын айта жатарсың. *Буквально: Я не съем твой труд (фразеологизм.)
За успех. Табыс үшін.
За что вы его забираете? Оны не үшін әкетіп барасыңдар?
За что мне сердиться на Вас? Не үшін ашуланамын Сізге?
За что его арестовали? Не үшін тұтқындалған?
Забудем об этом, прошу тебя. Бұл туралы ұмытайық, өтінемін сені.
Забудется. Ұмытылып кетеді.
Забудьте вы меня, пожалуйста. Мені ұмыттыңдерші.
Завтра будет дождливо. Ертең жаңбырлы болады.
Завтра будет холодно. Ертең күн суық болады.
Завтра выходной день. Ертең демалыс күні.
Завтра, когда встретимся, Вы скажите свой ответ. Ертең кездескенімізде жауабын айтарсыз.
Завтра мы отправляемся в путь. Біз ертең жолға аттанамыз.
 2. Ертең жолға шығамыз.
 3. Ертең біз жол жүреміз.
Завтра он скажет. Ертең ол айтар.
Завтра разберёмся во всём. Ертең реттейміз бәрін.
Завтра посмотрим. Ертең көрер жатармыз.
Завтра придёшь. Ертең келесің.
Завтра принесу. Ертең әкеліп беремін.
Завтра физкультуры не будет. Ертең дене шынықтыру болмайды.
Задавай свой вопрос. Сұрағыңды қоя бер.
Заждались меня, наверное? Көп күтіп қалған жоқсыз ба?
Заканчивай говорить, раз уже начал. Бастаған сөзді аяққа жеткіз.
Закрой дверь на ключ. Есікті кілттеп жап.
Замолчи! Үніңді өшір!
Замужняя женщина. Ерлі әйел.
 2. Күйеуге шыққан әйел.
 3. Тұрмыс құрған, тұрмыстағы әйел
Занимаюсь этим делом. Осы іспен айналысып жүрмін.
Запах клубники. Құлпынай жұпары.
Запах полыни. Жусан иісі.
Запомните! Естеріңізде болсын!
Запрещённый приём. Тыйым салынған тәсіл.
Застели постель гостям. Қонағына төсекті сал.
Затрудняюсь ответить. Жауап беруге қиналамын.
Заходи! Угощу тебя кофе. Келіп тұр! Кофе беріп қонақ қыламын.
Захотелось услышать твой голос. Сенің дауысыңды естігім келді.
Зачем вы их всё время ругаете? Неге оларға ұрса бересіз?
Зачем Вы меня спасли? Сіз мені не үшін құтқарып қалдыңыз?
Зачем Вы меня сюда привезли? Мені неге мұнда алып келдіңіз?
Зачем вы надо мной издеваетесь? Неге мені мазақ етіп тұрсыңдар?
Зачем Вы поедете? Не үшін барасыз?
Зачем Вы спорите с ним? Сіз онымен неге айтысасыз?
Зачем ковырять старые раны? Ескі жараны тырнап қайтесіңдер?
Зачем люди идут на такое?
 - Всё ради денег.
Адамдар неге осындайға барады?
 - Бәрі ақша үшін.
Зачем нам это? Оны қайтеміз?
Зачем он приходил?
 - Да всё то же самое.
Ол неге келген?
 - Сол баяғы әңгіме.
Зачем так важничаешь? Соншама неге бәлденесің!
Зачем тебе всё это нужно? Скажи это, пожалуйста.
 - Как это зачем?
Осының бәрінің саған не керегі бар? Соны айтшы.
 - Не керегі несі?
Зачем ты всё это говоришь? Мұның бәрін неге айтып тұрсың?
Зачем ты его беспокоишь? Оны неге мазалайсың?
Зачем ты смеёшься? Не үшін күліп отырсың?
Зачем ты спрашиваешь? Неге сұрайсың?
Зачем ты так говоришь? Неге олай дейсің?
Зачем ты так кричишь? Мы же не глухие. Неменеге соншама айқайлайсың? Құлағымыз керең емес қой.
Зачем ты так сделал? Неге олай жасадың?
Зачем ходить толпой? Тобыр боп жүріп не керек?
Зачем ты с ним общаешься? Сен неге онымен араласып жүрсің?
Зачем ты хочешь меня туда отправить? Ол жерге мені не үшін жібермексің?
Зачем ты это принёс? Мұны неге әкелдің?
Зачем ты всё это говоришь? Мұның бәрін неге айтып тұрсың?
Зачем это всё тебе нужно? Осының бәрі саған не керек?
Зачем я пошёл с ним? Не үшін бардым онымен?
Зачем я связался с ним? Онымен байланысып нем бар еді?
Звезды сияют на небе. Аспанда жұлдыздар жарқырайды.
Здесь кто-нибудь есть? Мұнда біреу бар ма?
Здесь мы живём. Не шикарно, но зато своё. Мына жерде тұрамыз. Керемет болмаса, бірақ біздікіміз.
Здесь не могут быть два хозяина. Бұл жерде екі қожайын болмақ емес.
Здесь останешься? Или поедешь куда?
 - Здесь останусь, куда ехать?
Осында қаласың ба? Әлде бір жаққа барасың ба?
 - Осында қаламын, қайда барамын?
Здесь поблизости. Осы маңайда.
Здорово! Күшті екен!
Здравствуйте, уважаемые радиослушатели! Сәлеметсіздер ме, қымбатты радиотыңдармандар!
Земля, где я родился и вырос – суверенный Казахстан. Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан.
Земля круглая, мы ещё встретимся. Жер жұмыр, әлі талай жолығамыз.
 2. Жер домалақ, көрісеміз əлі. (калька)
Зима на носу. Қыс жақындап қалды.
Зло пользы не делает. Жамандық пайда етпейді.
Знайте об этом. Оны біліп жүріңіз.
Знакомая ситуация. Таныс жайт.
Знал бы ты, как мне полегчало. Жеңілдеп қалғаным-ай, білсең ғой.
Знал бы ты, сколько сил дают мне твои слова. Бұл сенің сөздерің қаншалық күш беретің білсең ғой.
Зная, что сегодня будет дождь, забыл (свой) зонт. Бүгін жаңбыр болатыны біле тұра, қолшатырымды ұмытып кетіппін.
Значит, вы помирились с сестрой? Демек, әпкең екеуің татуласқан екенсіңдер ғой.
Значит, он тебе всё рассказал. Демек, ол саған бәрін айтып берген екен ғой.
Значит, ты дал разрешение. Демек, рұқсатыңды бердің ғой.
Значит, ты соскучился по мне? - Еще как соскучился! Демек, мені сағынған екенсің ғой? - Сағынғанда қандай!
Значит, я проиграл. Демек, мен жеңілдім.
Знаю, ты такой. Білемін, сен сондайсың.
Зови старших к столу. Үлкендерді дастарханға шақыр.
Зря беспокоился, не нужно было. Әуре болдың, қажеті жоқ.
Зря надеешься. Бекер үміттеніп жүрсің.
Зря не беспокойся. Бекер әуре болма.
Зря не старайся. Бекер тырыспай-ақ қой.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  В быту, В Вернуться к началу В быту, И-К  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга