Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Ы. Алтынсарин
Қарға мен құрт
Сақып
Аурудан - аяған...
Малды пайдаға...
Жаман жолдас
Полкан деген ит
Бақша ағаштары
Өрмекші...
Бір уыс мақта
Тәкаппарлық
Сәтемір хан
Өтіріктің залалы
Алтын шеттеуік
Тышқанның өсиеті
Білгеннің пайдасы
Мұжық пен...
Айуанның естісі...
Әке мен бала
Сараңдық пен...
Мұңсыз адам
Салақтық
Ақымақ дос
Жомарт
Үнді
Байұлы
Лұқпан әкім
Таза бұлақ
Талаптың пайдасы
Әділдік
Үш ұры
Жан-жануар...
Баланың айласы
Киіз үй мен...
Дүние қалай...
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)
Айнур Карим «Пьеса» (8)

Мұжық пен жасауыл



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Бір мұжық далада жүріп, біртүрлі әдемі тас тауып алып, көршісінен сұрады:

    – Бұл тасты неғылсам болады екен? – деп.

    Көршісі айтты:

    – Патшаға алып бар, – деп.

    Сонымен, мұжық келіп, патшаның алдындағы жасауылының аяғына жығылып, мені патшаға жолықтыр деп тілек етті.

    – Не жұмысың бар? – деді олар.

    – Патшаға сый алып келемін, – деді мұжық.

    Жасауыл айтты:

    – Патша саған не сый берсе, жартысын маған бер, болмаса жолықтырмаймын.

    Мұжық бұған разы болды.

    Мұнан соң, мұжықты патшаға алып келісті. Патша тасын алып, мұжыққа алда разы болсын айтып, мың теңге беріп еді, мұжық аяғына жығылып:

    – Тақсыр, мың теңгені алмаймын, арқама елу шыбық салдырыңыз, – деді

    Патша бір мағынасы бар шығар деп, жасауылына бұйырды: «ақырын ғана мұның арқасына елу шыбық соқ» деп. Жиырма бес шыбығын соғып болғанда мұжық айтты:

    – Енді маған болар, қалғанын бәлен жасауылға салдырыңыз, алған сыйымның жартысын не де болса соған бермекші едім.

    Бұл жасауылды шақыртып, оған келістіріп жиырма бес шыбық ұрдырды. Сонан соң, бұл айласына разы болып, мұжыққа патша екі мың теңге бергізді дейді.




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Білгеннің пайдасы Вернуться к началу Айуанның естісі көп...  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга