Казахский язык
Ы. Алтынсарин
Қарға мен құрт
Сақып
Аурудан - аяған...
Малды пайдаға...
Жаман жолдас
Полкан деген ит
Бақша ағаштары
Өрмекші...
Бір уыс мақта
Тәкаппарлық
Сәтемір хан
Өтіріктің залалы
Алтын шеттеуік
Тышқанның өсиеті
Білгеннің пайдасы
Мұжық пен...
Айуанның естісі...
Әке мен бала
Сараңдық пен...
Мұңсыз адам
Салақтық
Ақымақ дос
Жомарт
Үнді
Байұлы
Лұқпан әкім
Таза бұлақ
Талаптың пайдасы
Әділдік
Үш ұры
Жан-жануар...
Баланың айласы
Киіз үй мен...
Дүние қалай...
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)
Айнур Карим «Пьеса» (8)

Қарға мен құрт



Автор: Ыбырай Алтынсарин

Слушать текст на youtube  Скачать аудио

    Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:

    - Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, - деді.

    Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.

    - Апа-ағаларыңды да білуші едім, - деді құрт.

    Қарға тағы «уһ!» деді.

    - Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, - деді.

    Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.




© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Ы. Алтынсарин Вернуться к началу Сақып  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга