Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Ы. Алтынсарин
Қарға мен құрт
Сақып
Аурудан - аяған...
Малды пайдаға...
Жаман жолдас
Полкан деген ит
Бақша ағаштары
Өрмекші...
Бір уыс мақта
Тәкаппарлық
Сәтемір хан
Өтіріктің залалы
Алтын шеттеуік
Тышқанның өсиеті
Білгеннің пайдасы
Мұжық пен...
Айуанның естісі...
Әке мен бала
Сараңдық пен...
Мұңсыз адам
Салақтық
Ақымақ дос
Жомарт
Үнді
Байұлы
Лұқпан әкім
Таза бұлақ
Талаптың пайдасы
Әділдік
Үш ұры
Жан-жануар...
Баланың айласы
Киіз үй мен...
Дүние қалай...
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)
Айнур Карим «Пьеса» (8)

Мұңсыз адам



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Бір патшаның ханымы ауру болып, жұрттан неше - неше дәрігер жидырып, ем еткізсе де ешбір дауасы табылмады. Патша мұнан соң бақсы-балгерлерді жидырып жарлық айтты:

    – Балдарыңызды ашып, осы ханымға не ем болатынын табыңыздар, егер таппасаңыздар бәріңізді де астырып өлтіремін, – деп.

    Бақсы-балгерлер қорқып, сасып тұрғанда, ішінде біреуі айтты: «Мен бұл аурудың емін таптым». Сол сөзбен мұны ханға алып келісті. Бұл балгер ханға айтты:

    – Дүниеде мұңсыз кісі тауып, соның көйлегімен қақтырсаңыз, бұл ауруға сол ем екен.

    Патша жер жүзіне жасауылдарын таратып, қанша іздесе де мұңсыз адам табылмады. Біреу бай, не бақты болса баласы жоқ, екеуі де болса не қатыны, не баласының мейірімі жоқ, болмаса біреулерден көрген кемшілігі бар, болмаса не өзі, не қатын-балалары сырқау, ең болмаса сол айтылғанның бәрін құдай берген болса, қанағат жоқ болғаннан уайымы көп – тағы ілгерірек болмадым деп.

    Күдер үзіп, мұңсыз адам жоқ екен деп қойған кезде, бір күн патшаның баласы келе жатса, бір кедей адам даладағы бұзылған тамның түбіне келіп айтады: «Бүгін жұмысымды бітірдім, қарнымды тойдырдым, енді не уайымым бар, кел жатып ұйықтайын», – деп, тамның қасындағы жиынды салам үстіне жығылды да жатты. Сәлден соң қорылдап ұйықтап та қалды.

    Патшазада мұны көріп, мұңсыз кісі таптым деп патшаға хабар берді. Патша қуанып, жасауылдарын жіберді, ол мұңсызды алып келіңіз деп. Алып келген соң, бұл адамға алтын-күміс беріп, енді көйлегіңді бер деп қараса, мұңсыздың үстінде көйлегі де жоқ екен.




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Сараңдық пен жинақтылық Вернуться к началу Салақтық  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга