Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Рассказы и пьесы → Ы. Алтынсарин → Лұқпан әкім

Лұқпан әкім



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Лұқпан әкімге бір сопысымақ адам бір жиылыста айтты:

    – Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза - бәлесіне себеп табамын деген Құдайға қарсылық болып табылады деп білемін, – деді.

    Лұқпан айтты:

    – Олай болса, сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса, біз тоба етіп, дәрігерлікті қоялық, – деп.

    Сопы бұл сөзді еш кітаптан көргені жоқ кітап алып келе қоямын деп қозғалмады.

    Жиылып отырған халық шулап қоя берді:

    – Сопы, Лұқпан жесірге байдай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз, – деп.

    Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқпан халықтан өтініш етіп тысқа шығып, сопыны оңаша қалдырып айтты:

    – Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып, мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз.

    Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді. Құдай Тағала адамға әртүрлі дене берді: қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді есітуге, ақыл берді ойланып, жаман - жақсыны аңғаруға. Сол берген денелерді тиісті орнына жұмсамасаң, Құдайдың бұйрығына қарсылық болып табылса керек. Оның үшін жүрмей, тұрмай, отырмай, көрмей, есітпей Құдайға құлшылық етіп те болмайды. Сол реуішті жансыз нәрселердің де керексіз жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсаудан обал болмаса керек, – деді.



 <<  Байұлы Наверх ↑ Таза бұлақ  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы