|
Салақтық
|
|
Автор: Ыбырай Алтынсарин
|
Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып, кірсіз көйлек киіп, таза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді:
– Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма? – деп.
– Қолым тимейді, – деуші еді ол.
Сөйтіп жүріп, тұлабойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде құрысып-тырысып жатқанында, әркім сұрайды:
– Кәрім, саған не болды? – деп.
Кәрім айтады екен:
– Күнәм үшін Құдайдың бір берген сазайы-дағы, – деп.
Оған қарсы таныстары:
– Рас, Кәрім, Құдай-Тағала таза жүрмеген былғаныш кісіні сүймейді, тым болмаса жұмасына бір моншаға түсіп, не болмаса үйінде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұ бәлеге душар болмас едің.
Сонымен, Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, таза жуындырып, таза киім киіндіріп, ем қылған соң аз ба, көп пе жатып жазылды. Мұнан соң, Кәрім бір зауытқа барып жалданыпты. Өздеріңе де белгілі шығар, зауытта нәрсе бояйтын бояулардың бәрі де у болады.
Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп беріпті. Былғап отырып-отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, қолын жумастан барып, тамаққа отырып нан жепті. Қолындағы бояудың жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бір мезгілде Кәрімнің іші бүрісіп, ауыра бастапты. Әрлі - бері, олай - бұлай аунақшып, біраз жатып, Кәрім ұзамай-ақ жан тапсырыпты. Әлгі бояу у бояу екен.
Неряшливость
Мишар, по имени Керим, хотя и был хорошим джигитом в работе, но не имел привычки мыться, носить чистую рубашку, быть опрятным.
Когда же говорили ему:
– Что с тобой, Керим? Почему ты ходишь грязным? Ты бы помылся, – он всегда отвечал:
– Некогда мне.
Так он и ходил. Но однажды тело его покрылось нарывами, коростой. Когда он лежал в таком состоянии, корчась от боли, и его спрашивали:
– Керим, что с тобой? Керим обыкновенно отвечал:
– Бог наказал за мои грехи. Знакомые возражали ему на это:
– Правда, Керим, бог не любит нечистоплотных, грязных людей, однако, если бы ты взял себе в привычку, хотя бы раз в неделю ходить в баню или же мыться дома с мылом, тогда не постигла бы тебя такая беда.
В конце концов, Керима отвезли в больницу, где его вымыли, одели в чистое и лечили. Много ли, мало ли пролежал он, но вылечился. По выходе из больницы Керим нанялся работать на один из заводов. Вы, наверное, знаете, что на заводе некоторые краски, которыми окрашивают предметы, бывают ядовиты.
Однажды хозяин дал Кериму какую-то краску и велел размешивать её. Мешал, мешал Керим и, по своей привычке, не помыв руки, сел и начал есть хлеб, а вся краска, которая осталась на его руках, пристала к хлебу, который он ел. И вдруг у Керима заболел живот. Он упал, стал ворочаться с одного бока на другой и так, пролежав немного времени, умер. Краска оказалась ядовитой.
Перевод на русский: Н. Кальменов. «И. Алтынсарин. Собрание сочинений в трёх томах». Алма-Ата, 1975 г.
Скрыть текст
© Татьяна Валяева, 20072024
|