17
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар. | Пеший гость крепко засыпает. |
Jaiau qonaq tynyş ūiyqtar.
|
Қарға баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді. | Ворона беленькими называет своих воронят, еж мягонькими зовет своих ежат. |
Qarğa balasyn appağym deidı, kırpı balasyn jūmsağym deidı.
|
Жаяушылық тартқанда, жүрмес есек ат болар, қарның қатты ашқанда, қара талқан қант болар. | Пешему осёл конём кажется, голодному толокно кажется сахаром. |
Jaiauşylyq tartqanda, jürmes esek at bolar, qarnyñ qatty aşqanda, qara talqan qant bolar.
|
Қонақ келді - ырысын ала келді. | Гость пришёл - счастье в дом привёл. |
Qonaq keldı - yrysyn ala keldı.
|
Түн артынан күн келер. | На смену ночи день придёт. |
Tün artynan kün keler.
|
Әркім өз бойына қарап тон пішер. | Всяк шубу кроит на свой лад. |
Ärkım öz boiyna qarap ton pışer.
|
Жұғын бар жерде - шыбын бар, шыбын бар жерде - шығын бар. | Где мусор - там и мухи, где мухи - там и болезни. |
Jūğyn bar jerde - şybyn bar, şybyn bar jerde - şyğyn bar.
|
Бір күн жолға шықсаң, үш күндік азық сайла. | Отправляясь в путь на один день, бери запасов еды на три дня. |
Bır kün jolğa şyqsañ, üş kündık azyq saila.
|
Жаяуға кез келген жол алыс. | Пешему любая дорога длинна. |
Jaiauğa kez kelgen jol alys.
|
Малшы малдың жайылғанына мәз. | Пастух рад пастбищу и скоту. |
Malşy maldyñ jaiylğanyna mäz.
|
18
Қотыр қолдан жұғады, бәле тілден жұғады. | Через руки передается парша, через слово передается беда. |
Qotyr qoldan jūğady, bäle tılden jūğady.
|
Мың қосшыдан бір басшы артық. | Чем тысяча прислужников, лучше один глава. |
Myñ qosşydan bır basşy artyq.
|
Асықпаған арбамен қоянға жетер. | Кто не спешит, тот на арбе зайца догонит. (Рус. Тише едешь, дальше будешь) |
Asyqpağan arbamen qoianğa jeter.
|
Есек семірсе, иесін тебер. | Разжиревший осёл своего хозяина лягает. |
Esek semırse, iesın teber.
|
Белгілі малшың жоқ болса, беліңді бу да, малға бар. | Если нет хорошего пастуха, затяни пояс и сам иди к скоту. |
Belgılı malşyñ joq bolsa, belıñdı bu da, malğa bar.
|
Бір ағаш кессең, орнына он ағаш отырғыз. | Если дерево срубил одно, десять посади вместо него. |
Bır ağaş kesseñ, ornyna on ağaş otyrğyz.
|
Бұлақ болмаса, өзен болмас еді. | Если б не источник, засохла бы река. |
Būlaq bolmasa, özen bolmas edı.
|
Жаны сұлудың тәні сұлу. | У красивой души красивое тело. |
Jany sūludyñ tänı sūlu.
|
Жауың дос болса, қуан, досың жау болса, сақтан. | Если недруга сделал другом - хвались; если друга сделал врагом - берегись. |
Jauyñ dos bolsa, quan, dosyñ jau bolsa, saqtan.
|
Қонақтың итіне кет дегенің - өзіне кет дегенің. | Собаку гостя прогнать - и ему на дверь показать. |
Qonaqtyñ itıne ket degenıñ - özıne ket degenıñ.
|
19
Қошқардың жайын мал баққан біледі. | Про барана знает тот, кто его всегда пасет. |
Qoşqardyñ jaiyn mal baqqan bıledı.
|
Балықшы суда жүрсе де, сусап жүреді. | Хоть и ходит по воде рыбак, а все от жажды не избавится никак. |
Balyqşy suda jürse de, susap jüredı.
|
Басына бақ қонатын жігіттің ұлы епті, қызы көрікті болады. | У того, кому удача улыбается, ловок сын, а дочь красавица. |
Basyna baq qonatyn jıgıttıñ ūly eptı, qyzy körıktı bolady.
|
Батыр жігіт жол бастар, әнші жігіт той бастар. | Храбрый джигит путь пробивает, поющий джигит праздник открывает. |
Batyr jıgıt jol bastar, änşı jıgıt toi bastar.
|
Түйеге алтын артсаң да, жантақ жейді. | Хоть и золото верблюд везёт, а всё равно колючку жуёт. |
Tüiege altyn artsañ da, jantaq jeidı.
|
Ұры басқаның малын жейді, өзінің арын жейді. | У других вор скот угоняет, а у себя - совесть сьедает. |
Ūry basqanyñ malyn jeidı, özınıñ aryn jeidı.
|
Хан қарашасыз болмас, дау арашасыз болмас. | Царь не бывает без народа, спор - без разбора. |
Han qaraşasyz bolmas, dau araşasyz bolmas.
|
Ағайынның алтын сарайынан ананың жыртық лашығы артық. | лучше убогая лачуга матери, чем золотой дворец родичей. |
Ağaiynnyñ altyn saraiynan ananyñ jyrtyq laşyğy artyq.
|
Адал еңбек елге жеткізер, арам қулық елден кеткізер. | Честный труд ведёт к признанию, ложь и хитрость - к позору. |
Adal eñbek elge jetkızer, aram qulyq elden ketkızer.
|
Тек жүргенше, тегін істе. | Чем от безделья томиться, лучше даром потрудиться. |
Tek jürgenşe, tegın ıste.
|
20
Ханның қасында болғанша, судың басында бол. | Чем рядом с ханом быть, лучше жить у источника воды. |
Hannyñ qasynda bolğanşa, sudyñ basynda bol.
|
Жер көңді сүйеді, ат жемді сүйеді. | Конь любит овес, а земля - навоз. |
Jer köñdı süiedı, at jemdı süiedı.
|
Оймақ пішсең де, ойлап піш. | Хоть и напёрсток кроишь, крои, подумав. |
Oimaq pışseñ de, oilap pış.
|
Түйе тұзға келеді, күйеу қызға келеді. | Верблюда к соли тянет, а жениха - к невесте. |
Tüie tūzğa keledı, küieu qyzğa keledı.
|
Түйе ұрлаған да ұры, түйме ұрлаған да ұры. | Вор и тот, кто верблюда угнал, и тот, кто пуговицу украл. |
Tüie ūrlağan da ūry, tüime ūrlağan da ūry.
|
Ұры өле-өлгенше ақпын дейді. | Вор всю жизнь в честности клянётся. |
Ūry öle-ölgenşe aqpyn deidı.
|
Алма ағашынан алыс түспейді. | Яблоко от яблони недалеко падает. |
Alma ağaşynan alys tüspeidı.
|
Сұмырай келсе, су құриды. | Когда презренный в дом приходит, даже вода из дома уходит. |
Sūmyrai kelse, su qūridy.
|
Құдай сыбырлағанды да естиді. | Как тихо не шепчи, Бог всё равно услышит. |
Qūdai sybyrlağandy da estidı.
|
Қасқырдың ойлағаны - арамдык, қойдың ойлағаны - амандық. | Волк думает о том, как брюхо набить, овца о том, как жизнь сохранить. |
Qasqyrdyñ oilağany - aramdyk, qoidyñ oilağany - amandyq.
|
21
Аттының несібесі алтау, жаяудың несібесі жалқы. | У всадника шесть добыч, у пешего - одна. |
Attynyñ nesıbesı altau, jaiaudyñ nesıbesı jalqy.
|
Түйе жантақ жеуді ұмытса, тілі қышиды. | Если верблюд колючку пожевать забудет, у него язык чесаться будет. |
Tüie jantaq jeudı ūmytsa, tılı qyşidy.
|
Атаңның құлы болса да, әділдікке басыңды и. | Хоть и говорит раб отца твоего, преклонись перед справедливостью. |
Atañnyñ qūly bolsa da, ädıldıkke basyñdy i.
|
Қонақ атының тоғы игі. | Хорошо, когда у гостя сытый конь. |
Qonaq atynyñ toğy igı.
|
Бағайын десе мал жоқ, ауырайын десе ауру жоқ. | Хотел бы пасти, да скота не имеет, хотел бы постонать, да не болеет. |
Bağaiyn dese mal joq, auyraiyn dese auru joq.
|
Қонақ қойдан жуас, май берсең де жейді. | Гость смиреннее овцы бывает, и масло дашь - съедает. |
Qonaq qoidan juas, mai berseñ de jeidı.
|
Қарамасаң, қатын кетер, бақпасаң, мал кетер. | Если не будешь смотреть за скотом, он разбредётся, если не будешь смотреть за женой, она уйдёт. |
Qaramasañ, qatyn keter, baqpasañ, mal keter.
|
Жер тойынбай, ел тойынбайды. | Пока не насытится земля, народ сыт не будет. |
Jer toiynbai, el toiynbaidy.
|
Жетім қозы сүтке тоймас. | Осиротевший ягнёнок молоком не насытится. |
Jetım qozy sütke toimas.
|
Сақтанғанды қырсық алмас. | Кто себя бережёт, того беда обойдёт. |
Saqtanğandy qyrsyq almas.
|
22
Керек тастың ауырлығы жоқ. | Нужный камень веса не имеет. |
Kerek tastyñ auyrlyğy joq.
|
Кірмес бұрын, шығарыңды ойла. | Прежде, чем входить, подумай, как выйти. |
Kırmes būryn, şyğaryñdy oila.
|
Көл көлге құяды, сел селге құяды. | Озеро с озером сходится, поток с потоком сводится. |
Köl kölge qūiady, sel selge qūiady.
|
Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді. | Каждый ест то, что у него есть, бессовестный совесть свою проест. |
Bar baryñ jeidı, ūiatsyz aryn jeidı.
|
Соқырдың қожасы - құлағы, ақсақтың аяғы - таяғы. | Верит ушам слепой, палке верит хромой. |
Soqyrdyñ qojasy - qūlağy, aqsaqtyñ aiağy - taiağy.
|
Сөйлей білу де өнер. | Уметь говорить - тоже искусство. |
Söilei bılu de öner.
|
Қолда барда алтынның қадірі жоқ. | И золотыми вещами не дорожат, когда они под рукою лежат. |
Qolda barda altynnyñ qadırı joq.
|
Сиыр сүйкенбей жүрмейді. | Корова не ходит осторожно. |
Siyr süikenbei jürmeidı.
|
Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас. | Дурень без конца смеётся, а лодырь спит и не проснётся. |
Aqymaq külkıge toimas, jalqau ūiqyğa toimas.
|
Атты қамшымен айдасаң, жаяу қаларсың. | Если кнутом свою лошадь бьешь, пешком потом пойдешь. |
Atty qamşymen aidasañ, jaiau qalarsyñ.
|
23
Бас аман болса, бөрік табылады. | Если голова твоя цела, то добро само придёт. |
Bas aman bolsa, börık tabylady.
|
Екеу болсаң, жолдасыңмен кеңес, жалғыз болсаң, қабырғаңмен кеңес. | Если вас двое, попроси совет у друга, если ты один, попроси совета у себя. |
Ekeu bolsañ, joldasyñmen keñes, jalğyz bolsañ, qabyrğañmen keñes.
|
Жақсы ат жуас, жаман ат асау. | Конь хороший, если тихий, конь плохой, если не прирученный. |
Jaqsy at juas, jaman at asau.
|
Жалғыз шапқан ат - жүйрік, жалғыз сөйлеген жігіт - шешен. | Конь, что в одиночку скачет - быстр, джигит, что один говорит - красноречив. |
Jalğyz şapqan at - jüirık, jalğyz söilegen jıgıt - şeşen.
|
Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде. | Если верблюда от ветра покачивает, то козу на небе ищи. |
Tüienı jel şaiqasa, eşkını kökten ızde.
|
Есті ұры ауылын тонамас. | Вор с умом не ворует в ауле своём. |
Estı ūry auylyn tonamas.
|
Жалқаудың соры - байлығы. | Для лодыря богатство – беда. |
Jalqaudyñ sory - bailyğy.
|
Қонағыңның алғысы алтыннан қымбат. | Благодарность гостя твоего, дороже золотого подарка его. |
Qonağyñnyñ alğysy altynnan qymbat.
|
Нені кем тұтсаң, соған зар боларсың. | В том нужда, чего мало всегда. |
Nenı kem tūtsañ, soğan zar bolarsyñ.
|
Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс. | В своём дворе и дворняжка тигром глядит. |
Öz köşesınde jaman it te jolbarys.
|
24
Жеп тоймаған жалап тоймайды. | Кто не наелся во время еды, облизывая не насытится. |
Jep toimağan jalap toimaidy.
|
Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі. | Если человек не знает своих семь предков, значит он сирота. |
Jetı atasyn bılmegen - jetımdıktıñ belgısı.
|
Итке артқан қос жолда қалар, нарға артқан қос елге барар. | Если груз на собаку грузить - на дороге оставит, если грузить на верблюда - до дома доставит. |
İtke artqan qos jolda qalar, narğa artqan qos elge barar.
|
Сиыр алсаң - танып ал, танымай алсаң - өкінесің. | Корову покупай, если знаешь, а купишь, не зная - пожалеешь. |
Siyr alsañ - tanyp al, tanymai alsañ - ökınesıñ.
|
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. | Один от сытости прыгает, другой - от холода. |
Bıreu toiyp sekıredı, bıreu toñyp sekıredı.
|
Аз ас, көп ниет. | Мало пищи, много желающих. |
Az as, köp niet.
|
Айтуға оңай, істеуге қиын. | Легко сказать, трудно сделать. |
Aituğa oñai, ısteuge qiyn.
|
Артық пайда - басқа қайғы. | Лишний доход - на голову много забот. |
Artyq paida - basqa qaiğy.
|
Асы бар аяқ әдемі. | Любая посуда хороша, когда она еды полна. |
Asy bar aiaq ädemı.
|
Ескі киімді баптағаның - жаңа киімді сақтағаның. | Уход за старой одеждой - новую сберегает. |
Eskı kiımdı baptağanyñ - jaña kiımdı saqtağanyñ.
|
© Татьяна Валяева, 20072024
|