Казахский язык
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 7

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

7-1
      Неке канторасында.
      – Ханым, сіздің қалауыңыз сары шашты ма, әлде қараторы жігіттер ме?
      – Мен шикіл сарыларды таңдар едім. Білесіз бе, менің үйімнің жиһаздарының бәрі қызыл түсте.
Мәтінді жасыру
7-2
      Ота кезінде. Медбике:
      – Дәрігер, дәрігер, біз одан айырылып қалдық!!!
      Дәрігер:
      – Соншама қамығудың қажеті жоқ, бізде бұндайлардың әлі толық бір палатасы жатыр!
Мәтінді жасыру
7-3
      – Сіздің өт қабыңызда тастар, зәріңізде құм, өкпеңізде әктас...
      – Дәрігер менің қай жерімде балшық жатыр соны айтыңызшы, мен бірден үй құрылысын бастайын.
Мәтінді жасыру
7-4
      Менің өмірімде екі маңызды оқиға орын алған. Біріншісі: ұлым дүниеге келді. Екіншісі: мен ақыры бұл туралы әйеліме айтатын болып шештім.
Мәтінді жасыру
7-5
      Қоғамдық асханада наразы біреу аспазға барып айтыпты:
      – Бүгін сіз дайындаған сорпа тіпті ішуге келмейді. Ол тұсқағаз клейстері сияқты болып шыққан.
      – Бұндайды тіпті күтпегем. Бұл деген менің дайындай алатындарымның ішіндегі ең жақсысы ғой. Кешіріңіз ал сіз тұсқағаз клейстерін жие жеп тұрасыз ба?
Мәтінді жасыру
7-6
      Милицияның бөлімшесіне бір кісі жүгіріп келіп:
      – Мені тұтқындаңдар, мен әйелімді ұрып жібердім!
      – Сіз оны өлтіріп алдыңыз ба?
      – Жоқ, тіпті жарақат салмадым.
      – Онда бұл ештеңе емес, кете берсеңіз болады.
      – Кетпеймін! Ол көшеде тұр...
Мәтінді жасыру
7-7
      ПМАИ (мемлекеттік авто инспекция) қызметкері жаратқанға жан тапсырыпты. Раббысының алдына келіпті. Құдай одан сұрапты:
      – Ал, құлым менің, сен өзге адамдарға жақсылық істедің бе?
      – Иә, болған ондай.
      – Жамандық ше?
      – Ондай да болды.
      – Ал онда саған міне екі жол: біреуі - жұмаққа, екіншісі - тозаққа апарады. Қайсысын таңдасаң соған барасың.
      МАИ қызметкері сәл ойланып жауап беріпті:
      – Мен осы арада, қиылыста қала берсем болады ма?
Мәтінді жасыру
7-8
      Жаңа жылды қарсы алудан кешігіп қалмас үшін екі жігіт көлікпен зырғып келеді екен. Темір жол өткеліне жақындап қалғанда:
      – Пойыздың астына түсіп қалмас үшін сен оңға қара, ал мен солға қараймын - депті жүргізуші.
      Кенет бірдеңе тарс ете қалады, сонда екі дос көлік сынықтарының арасынан шығып келе жатып, жүргізушісі айтыпты:
      – Алдыңа да қарап отырғаныңда, біз шлагбаумның жабық тұрғанын көретін едік.
Мәтінді жасыру
7-9
      Мейрамханада телефон шырылдапты:
      – Мен сіздерде бір үстелге тапсырыс бере аламын ба?
      Даяршы ызаланып:
      – Сізге қанша рет түсіндіру керек, біз мұнда жиһаздар саудасымен айналыспаймыз!
Мәтінді жасыру
7-10
      – Сіз естідіңіз бе: зейнеткерлер үшін жаңа жеңілдіктер енгізіпті!
      – О не дегеніңіз тағы!
      – Енді оларға кранның жебесінің астында тұруға, автоматты есіктерге сүйенуге және Бағдаршамның қызыл түсіне өте беруге болады.
Мәтінді жасыру
7-11
      – Сізге сыра ма? - деп сұрапты даяршы тұрақты келетін бір адамнан.
      – Жоқ, мен көлікпен жүрім, маған минералды су алып келіңізші.
      Бір минуттан соң даяршы сыра алып келіп:
      – Сіз енді сыра іше берсеңіз болады, көлігіңізді жаңа ғана ұрлап кетті.
Мәтінді жасыру
7-12
      Бірде кәсіпкер көшеде өзінің салық инспекторын жолықтырыпты:
      – Қайырлы кеш.
      Инспектор:
      – Қайдағы кеш? Таң енді атты ғой!
      – Таң екенін білемін ғой, жәй мен сені көрсем болды көзім қарауыта бастайды.
Мәтінді жасыру
7-13
      Бір әйел өзіне айнадан қарап тұрып ойлапты:
      – Мен өзімнің жіңішке белімді, әдемі мықынымды, жинақы ішімді ұнатамын.... Бірақ осының бәрін жасырып тұрған май қабаттарын жек көремін!
Мәтінді жасыру
7-14
      – Сәлеметсіз бе? Сіздің бастығыңызбен сөйлесейін деп едім.
      – Өкінішті әрине, бірақ бұл мүмкін емес, ол жоқ.
      – Қалай жоқ? Мен оны бір минут бұрын терезеден көргенмін!
      – Ол да сізді көрген...
Мәтінді жасыру
7-15
      – Василий өзіңді қинай бергенді доғар. Егер тойға шақырса бару керек, әйтпесе адамдар ренжіп қалады. Қалай дегенмен де сен күйеу баласың ғой!
Мәтінді жасыру
7-16
      – Кері қайт! -деп айқайлапты милиционер сыраханадан шығып, көшені кесіп өтуге болмайтын жерден өткен адамға.
      – Жоқ, қайта алмаймын, менің басқа ақшам жоқ.
Мәтінді жасыру
7-17
      – Міне саған жаңа жылға сыйлық, - депті әкесі ұлына гитара беріп жатып.
      – Рахмет! - деп алғыс айтыпты баласы. - Тұра тұр, неге бұның ішектері жоқ?
      – Барлығы бірден болмайды, балам. Бірінші ойнап үйреніп ал, сонда саған ішектерінде сатып алып береміз.
Мәтінді жасыру
7-18
      Сауық кешіндегі қонақ:
      – Тап жаңа коктейл тасып жүрген тым жақсы қызметші қыз қайда кетті?
      Үй иесі:
      – Сіз бірдеңе ішейін деп пе едіңіз?
      – Жоқ, мен өзімнің күйеуім қайда екенін білуді қалаймын.
Мәтінді жасыру
7-19
      Дәрігер науқасты жұбатып:
      – Уайымдамаңыз, уақыт бәрін жазады.
      – Ах солай ма? Ауруханада неге осынша ұзақ кезектер екенін енді түсіндім. Демек бұл емдеудің қосымша әдісі болды ғой.
Мәтінді жасыру
7-20
      – Даяршы! Мында келіңіз!
      – Тыңдап тұрмын, сэр...
      – Менің тостағанымда сынық бар екен!
      – Міне көрдіңіз бе, біздің кофенің мықтылығын!
Мәтінді жасыру
7-21
      – Кеше менің әйелім ауырып қалды, ал бүгін оның шешесі оған қарайласуға келді.
      – Иә, бәле жалғыз келмейді.
Мәтінді жасыру
7-22
      Бір ағамыз үйінен шығыпты. Керіліп тұрып:
      – Э-эх! Жұмыс істегім келіп тұрғанын ә! Барып жата тұрайын, мүмкін басылар.
Мәтінді жасыру
7-23
      Екі тәжірибелі дәрігер өз бастарынан өткен оқиғаларды естеріне түсіріп тұр екен:
      – Менде бір науқас болған, ол барлық болжамдар бойынша он жыл бұрын өлуі керек еді, ал ол болса әлі де тірі.
      – Иә ондай да болады. Науқас өмір сүргісі келсе, онда медицинаның түкке де әлі келмей қалады.
Мәтінді жасыру
7-24
      Екі дос.
      – Сен мына газеттен нені қиып жатырсың?
      – Мұнда әйелі қалтасын ақтарғаны үшін онымен ажырасып кеткен еркек туралы мақала бар екен.
      – Енді сен оны не қылайын деп едің?
      – Өзімнің қалтама салып қоямын.
Мәтінді жасыру
7-25
      Екі дос джин ішіп отырып әңгімелесіпті:
      – Сен өз әйеліңе бридж ойнауды үйретті дейді ғой? - деп қызығыпты біреуі.
      – Иә, білесің бе сен, бұл керемет ой болды негізі. - депті екіншісі. - Өткен сәрсенбіде мысалы мен одан өзімнің айлығымның Жартысына жуығын ұтып алдым.
Мәтінді жасыру
7-26
      – Дәрігер, жалынамын, дереу келіңізші. Әйелімде аппендициттің қатты ұстамасы болып жатыр.
      – Уайымдамаңыз. Екі жыл бұрын мен сіздің әйеліңізге ота жасап өскіндісін алып тастағанмын. Адамда екінші рет аппендикс бола алмайды!
      – Дұрыс айтасыз, сэр! Бірақ адамда екінші әйел бола алады!
Мәтінді жасыру
7-27
      Сот отырысында сот куәгер әйелге сұрақ қойыпты:
      – Сіз күйеуге шыққансыз ба?
      – Иә, екі рет.
      – Сіздің жасыңыз нешеде?
      – Жиырма бес.
      – Бұл да екі рет пе?
Мәтінді жасыру
7-28
      Қызы анасына шағымдануда:
      – Анашым, мен күйеуге шыға алмаймын. Ол деген атеист қой және ол тозақтың барына сенбейді.
      – Уайымдама, қызым. Қорықпай күйеуге шыға бер, ал менің шаруам оны тозақтың барына мәжбүрлеп сендіру.
Мәтінді жасыру
7-29
      – Дәрігер, көмектесіңіз! Менің көз алдымда жасыл шеңберлер пайда болды!
      – Иә? Ал сіз қандай түсті қалайсыз?
Мәтінді жасыру
7-30
      Хабарландыру: «Жазу машинасын баяу теретін әйел кекештенетін бастық іздеуде».
Мәтінді жасыру
7-31
      Әйелі:
      – Саған бүгінгі түскі ас ұнады ма?
      Күйеуі:
      – Сен тағы шатақ шығаруға себеп іздеп тұрсың ба?
Мәтінді жасыру
7-32
      Ол жұмыс орнында темекі шеккенді жақсы көретін. Оны динамит шығаратын фабриканың директорының өзі жұмыстан шығармақ болған. Бірақ ол үлгермеді.
Мәтінді жасыру
7-33
      Әйелі күйеуіне айтыпты:
      – Асүйде маса ұшып жүр. Оны ұрып түсірші, өтінем.
      Жұбайы асүйге кетеді. Ол жақтан сынған ыдыстың шылдыры, сынған жиһаздың қытырлары естіліп жатты. Жарты сағаттан кейін асүйден үрпі-түрпісі шығып әбден терлеген жолдасы шығып:
      – Өлтіруін өлтіре алмадым, бірақ оның денсаулығы қазір баяғысындай емес.
Мәтінді жасыру
7-34
      Дәріхана сатушысы орнына практикантты қалдырып, шамалы уақытқа шығып кетеді. Қайтып келгенде сұрапты:
      – Біреу-міреу келді ме?
      – Иә. Тұмауратып жүрген біреу келді.
      – Сосын, сен оған не бердің?
      – Іш өткізгішті.
      – Сен не, есің дұрыс па? Қайда ол?
      – Анау бұрышта, жөтеліп қалудан қорқып тұр.
Мәтінді жасыру
7-35
      "Бір көргеннен ғашық болу" ойыны. Жігіттен сұрап жатыр:
      – Сіз қай қызды таңдайсыз?
      Жаңағы ұзақ үндемей тұрып:
      – Мен әйеліммен ақылдасып алсам бола ма?
Мәтінді жасыру
7-36
      – Сіз қалай ұйықтайсыз?
      – Тіпті тамаша.
      – Ал сіз кім болып жұмыс істейтін едіңіз?
      – Түнгі күзетші.
Мәтінді жасыру
7-37
      Әйелі күйеуіне:
      – Менің саған айтар екі жаңалығым бар: жақсы және жаман.
      – Ал қандай енді?
      – Мен сеннен кетемін.
      – Жақсы солай де...Ал жаманы қандай еді?
Мәтінді жасыру
7-38
      – Атамыз ақыры үйленейін деп шешті.
      – Жасы нешде өзі?
      – Тоқсан үште.
      – Келіннің жасы ше?
      – Сексен алты.
      – Ал оны жастарының арасындағы осынша айырмашылық қорқытпай ма екен?
Мәтінді жасыру
7-39
      Жас ана - сатушыға:
      – Сізге бұл ойыншық сәби үшін тым қиын секілді көрінбей ме?
      – Жоқ, ол әдейі сол сәбиді қазіргі заманға сай өмірге бейімдеп үйрету үшін арналған. Сәби оны қанша қиналып құрастыруға тырыссада онысынан түк те өнбейді...
Мәтінді жасыру
7-40
      Анасы эффералганды ішпей тұрған кішкентай қызын көндіре алмауда:
      – Қызым, қане сен бұны фанта деп ойлашы, сонда дәріні оңай ішіп қоясың.
      – Анашым, одан да мен фантаны іше салайын, ал сен мені эффералганды ішті деп ойлай сал.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Выпуск 06 Вернуться к началу Выпуск 08  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга