Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 18

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

18-1
      – Дәрігер, неге менің анализдерім сонша нашар?
      – Ал сіз оларға қанша төлеп едіңіз?
      – Әр күнге екі жүзден.
      – Э, қарағым-ау, жақсы анализдер енді бұдан әлдеқайда қымбат тұрады.
Мәтінді жасыру
18-2
      – Стас ақыры Аннаға үйленбейтін болып шешті. Оның өткеніне байланысты.
      – Бірақ оның өткені мінсіз емес пе!
      – Иә, бірақ Стастың ойынша бұл тым ұзақ.
Мәтінді жасыру
18-3
      Үй иесі жаңа қызметші әйелді жалдап жатып:
      – Айтыңызшы сүйкімдім, сіз тотықұстарды жақсы көресіз бе?
      – О алаңдамай-ақ қойыңыз ханым мен бәрін жей беремін.
Мәтінді жасыру
18-4
      Отбасылық реніш кезінде:
      – Қымбаттым, әйтеуір сен барлығымызға айқайлап жатырсың ғой, онда ұлыңа айқайла үйге қайтсын.
Мәтінді жасыру
18-5
      Анасы - қызына:
      – Қызым! Бұл жігіт – жетім, оның үстіне ақсақ. Оған тұрмысқа шықпа. – Бірақ мен көрікті жігіт керек емес.
      – Мен ол туралы емес. Жігітті ая деп тұрмын, оған онсыз да өмірден аз азап тиген жоқ.
Мәтінді жасыру
18-6
      Шешей ақтарылып отыр:
      – Менің үш қызым бар. Үшеуін де тәрбиеледім, тұрмысқа бердім және ажырасуға көмектестім! Одан артықты бір анадан да күтуге болмайтын шығар!
Мәтінді жасыру
18-7
      Ыдыс-аяқ дүкенінде.
      – Анашым, неліктен сатушы кеселер мен тәрелкелерді қарындашпен тықылдатып жүр?
      – Ол жарықшағы немесе ақауы жоқ па деп, сапасын тексеріп жүр ғой.
      – А-а! Кеше мұғалімнің басымнан таяқшамен тықылдатқаны сол екен ғой.
Мәтінді жасыру
18-8
      Екі достың әңгімесі:
      – Қалай жағдай?
      – Өте нашар.
      – Не болды сонша?
      – Бір танысыма пластикалық отаға 5000 доллар берген едім...
      – Енді не болды?
      – Енді оның түрі қандай екенін кім біледі?
Мәтінді жасыру
18-9
      Екі антрополог аборигендерді зерттеу үшін Полинезияның екі түрлі аралына тұрақтапты. Көп уақыт өтпей олардың біреуі екіншісінің аралына жүзіп барып, оның әріптесін жергілікті адамдар қоршап алғанын көріпті.
      – Қалың қалай? - деп сұрапты:
      – Керемет! Мен үлкен жаңалық аштым! Қара!
      Сонда ол пальманы көрсетіп сұрапты:
      – Бұл не?
      Жергіліктілер:
      – Мвамбамантанга!
      Жартасты көрсетіпті:
      – Ал бұл не?
      Әлгілер:
      – Мвамбамантанга!
      Аспанға көрсетіпті:
      – Ал мынау ше?
      Олар:
      – Мвамбаматанга!
      Әлгі біреуі:
      – Көрдің бе? Олардың сөздіктерінде тек бір ғана сөз - «мвамбаматанга»!
      Басқа ғалым:
      – Қызық екен! Ал менің аралымда «мвамбаматанга» деген «сұқ саусақ» дегенді білдіреді...
Мәтінді жасыру
18-10
      Есі ауысқандар толы автобус келе жатыр, есі дұрысы - тек жүргізушісі. Бір кезде автобус бұзылып қалыпты, сосын жүргізуші шығып оны жөндемек болады. Сол кезде автобустан есуас шығып айтыпты:
      – Ал мен ненің сынғанын білемін.
      Жүргізуші:
      – Қане тез автобусқа қайт!
      Сосын өзі әрі қарай ненің бұзылғанын таба алмаған күйі бәрін шұқылап көреді.
      Тағы әлгі есуас жүгіріп келіп:
      – Ал мен ненің сынғанын білемін!
      – Кетшей әрмен! Отыр бар автобусқа!
      Ештеңе өндіре алмай тағы бір жарты сағатын құртқан жүргізуші бәрін тастай салып автобустың жанына отыра қалыпты. Тағы есуас шығып:
      – Ал мен ненің сынғанын білемін!
      – Өй әкеңнің ғана... Не ал сынған?!
      – Автобус!!!
Мәтінді жасыру
18-11
      Кішігірім кафесымақта келушіге аса тартымды даяшы қыз қызмет көрсетіп жүреді. Тамақ ішіп алып, қонақ шот әкелуді сұрайды, ақшасын төлейді де даяшы қызға былай дейді:
      – Үнемі естігенде жаныңызға майдай жағатын үш сөз бар ғой, - дейді.
      – Иә.
      – Сол үш сөзді тауып берейін бе?
      – Тауып көріңіз!
      – Мен сізді сүйем!
      – О не дегеніңіз, мүлдем олай емес! Ол үш сөз: "Артық ақшаны ал!"
Мәтінді жасыру
18-12
      Автобуста барлық жерде бар десе де боларлықтай дене әшекейлері бар көз тартарлық бойжеткеннің жанында әжей тұр және таңғаларлық кейіппен оның мойнындағы әшекейге қарауда. Жас әйел:
      – Не, әжей, сенің кезінде дене әшекейі болмаған ба? Неге қарайсың?
      Әжей:
      – Бойжеткен, менің кезімде бәрі болған. Мен 30 жылымды Азияда өткіздім. Содан кейін Шет тілдер институтында қытай тілінен сабақ бердім. Тек қана түсінбейтінім, неге сенің мойнында «екінші рет тоңазытпау керек» деп жазулы тұр.
Мәтінді жасыру
18-13
      Анасы қызына ұрысып жатыр. Қызы көз жасын көлдетіп:
      – Апатай, маған ұрыспаңызшы! Мен жақсы баламын ғой.
      – Неге олай ойлайсың?
      – Өйткені үй қызметкерлері бір ай да шыдамай кетіп жатады, ал мен болсам сендерді алты жыл шыдап келем.
Мәтінді жасыру
18-14
      Далада ер азаматтың қасына сүйкімді әйел келіп:
      – Кешіріңіз, сіз менің балаларымның біреуінің әкесі сияқтысыз?
      – Мен?!
      – Олай шошымаңыз, мен мұғаліммін.
Мәтінді жасыру
18-15
      – Білесің бе, ер азамат осыдан қырық жыл бұрын өзіңе тұрмысқа шығудан бас тартқан әйелге 100 000 доллар қалдырып кетіпті!
      – Иә-иә, мен мұны түсінемін - ризашылық!
Мәтінді жасыру
18-16
      Үлкен әмбебап дүкенде бір бикеш айнаның алдында айналсоқтап, бір нәрсені басына өлшеп тұр. Дүкенші оған:
      – Ханым, мен сізді ренжітуге мәжбүрмін, бұл абажурлер бөлімі.
Мәтінді жасыру
18-17
      Ер азамат саусағын жарақаттап алып, дәрігерге келді. Дәрігер оған:
      – Шешіңіз.
      Ер азамат:
      – Не үшін? Мен саусағымды жарақаттап алдым ғой.
      Перденің ар жағынан ер азамат:
      – Ол ештеңе емес! Мен телефон жөндеу үшін келгем!
Мәтінді жасыру
18-18
      – Вася, сен Ольгаға үйленгенсің бе?
      – Жоқ, ол сен кедейсің деді.
      – Бірақ сенің ағаң бай ғой. Неліктен оған бұл жайлы айтпадың?
      – Айттым.
      – Сосын?
      – Енді ол менің тәтем болды.
Мәтінді жасыру
18-19
      – Бізде қалада машинаңызды базардың маңына қалдырмағаныңыз жөн.
      – Не, ұрлап кете ме?
      – Сатып жібереді!
Мәтінді жасыру
18-20
      Күлік жатқан адамнан оның неге күліп жатқанын сұрапты. Ол айтыпты:
      – Өз өзіме анекдоттар айтып отырғам. Бір кезде солардың арасынан өзім өмірі естімеген біреуі түсті.
Мәтінді жасыру
18-21
      – Негізі меніңше қызым, сен күйеуге дұрыстап ойланбай шығайын деп жатырсың.
      – Енді анашым сен маған үйлену туралы ойлауға саған әлі ерте деп өзің айттың емес пе...
Мәтінді жасыру
18-22
      – Айтыңызшы сіз баяғыдан бері жендет болып істейсіз бе?
      – Иә ендігі он жыл болады.
      – Қалай енді, жұмыс табысты ма?
      – Әліге дейін ешкім шағымданған емес.
Мәтінді жасыру
18-23
      – Қымбаттым, мен дүкенге бара жатырмын. Саған тәтті бірдеңе алайын ба?
      – Әрине қымбаттым. Тек байқа сындырып алма!
Мәтінді жасыру
18-24
      Жас жігіт қыздан сұрапты:
      – Сен бай ақымаққа тұрмысқа шығар ме едің?
      – Сенің қанша ақшаң бар сонда?
Мәтінді жасыру
18-25
      Троллейбуста 15-16 жасар қыздар сөйлесіп отыр. Аялдамадан бір жігіт кіреді де, қыздардың жанына келіп:
      – О, қандай сүйкімді қыздар. - дейді.
      Қыздар ұялып, қымсынады:
      – Бекер айтасыз, сүйкімді деп...
      Жігіт:
      – Жарайды, әзілдедім, әзілдедім...
Мәтінді жасыру
18-26
      Аңшы аңнан келеді. Иығында мылтық, қолында - қаз, өзі таяқ жеген, терісі сыдырылған, көгерген, маңдайында ісігі бар.
      Көршісі сұрайды:
      – Сен мына түріңмен қайдан келдің, Петя?
      – Аңнан келдім.
      – Жабайы қаз кезіккен бе?
      – Жоқ, қаз үйдікі ғой, қожайыны - жабайы.
Мәтінді жасыру
18-27
      Дүкенде.
      – Сізде 55-ші өлшемді шаңғы бәтеңкелері бар ма?
      – Қандай?!
      – 55-ші.
      – Кешіріңіз, онда сізге шаңғы несіне керек?
Мәтінді жасыру
18-28
      Баласы әкесіне айтыпты:
      – Әке мен бүгін түсімде сенің маған кішкентай шоколад сатып алғаныңды көрдім!
      – Егер сен жақсы бала болсаң, онда сен түсіңде менің үлкен шоколад алып беріп жатқаным көресің.
Мәтінді жасыру
18-29
      Екі көрші әйел көшеде кездесіп қалыпты. Біреуі ішіне әп-әдемі бөпені салып алған бесік арбамен. Екіншісі оған қарап айтыпты:
      – Ой, ол сенің күйеуіңе қатты ұқсайды екен! Екеуі бір біріне аумайды екен...
      – Сен солай ойлайсың ба? - деп ойланып сұрапты екіншісі. - Бұл деген бесінші қабатта тұратын Катеринаның баласы ғой, ол көршісінен оған қарай тұруын сұрапты, ал өзі емізікті алып қайтуға кетіпті...
Мәтінді жасыру
18-30
      Петров жұмысқа бара жатқан, ол тіпті сыра ішкісі келген жоқ. Бірақ жігіттердің барлығы бірдей қалмай сыра дүкеншігіне бұрылып жатты. Оған да бұрылуға тура келді. Петров мүлде шеккісі келіп тұрған жоқ еді, бірақ кезектің барлығы түтіндетіп тұрды, сосын олда амалсыз қалтасынан шылымын шығарды. Сыра ішіп темекі тартып алып болып барлығы жұмысқа кетті, сонда Петров ойланып қалды:
      «Мен еркекпін бе әлде қаңбақпын ба? Жел қайда үрсе сонда ұша беруді қою керек», - деп үйіне кетіпті.
Мәтінді жасыру
18-31
      "Ғасыр тонауы" ісінің тергелуі бір жылға созылды. Ақыры сот айыпталушыға кінәсіз деген үкім шығарыпты. Айыпталушының достары мен жақындары қуаныштан сот залында секіріп айқайлауда. Сонда айыпталушы соттан сұрапты:
      – Демек мен ақшаны өзіме қалдыра беруіме бола ма?
Мәтінді жасыру
18-32
      – Кәмпитті жеп қой.
      – Мынауың желтоқсанда шыққан ғой!
      – Ал қазір не еді?
      – Қазан.
      – Сол ғой көрсеңші, болашақтан келген!
Мәтінді жасыру
18-33
      Таза ар – ұмытшақтың нағыз белгісі.
Мәтінді жасыру
18-34
      Егер маған көмектеспесе мен жақсырақ қып жасар едім...
Мәтінді жасыру
18-35
      Бір ағамыз орындыққа отырып алып ұрсып отыр екен. Оған бір танысы келіпті.
      – Сен не бұлқан талқан болып отырсың?
      – Қасыма отыр айтып беремін.
      Танысы оның қасына отыра кетіп айтыпты:
      – Ал айт енді.
      Әлгі ағамыз түнеріп алып:
      – Орындықты бояп қойыпты.
Мәтінді жасыру
18-36
      Дәрігер науқастан сұрапты:
      – Сіз шегесіз бе?
      – Жоқ.
      – Ішесіз бе?
      – Жоқ.
      Сосын дәрігер айтыпты:
      – Мысқылдамай-ақ қойыңыз. Мен бәрібір бірдеңе тауып аламын!
Мәтінді жасыру
18-37
      Аурухана ұзақ уақыт бойы жұмысқа тазалаушы әйелді таба алмай ақыры балшықпен емдейтін емхана болып қайта құрылды.
Мәтінді жасыру
18-38
      Балабақшада:
      – Балалар, апай кетіп барады. Не деу керек?
      – Құдайға шүкір!!!
Мәтінді жасыру
18-39   🌞
      Өскен ұлы әкесінен сұрапты:
      – Әке менің қызым мен туралы шынында не ойлайтынын қалай білсем болады?
      – Үйлен оған...
Мәтінді жасыру
18-40
      Жігіт қызбен билеуде:
      – Мен сіздің ойларыңызды оқимын, өйткені сіз - ашық кітапсыз.
      – Оқыңыз, мархабат... Тек мұқабасын ұстай беруді қойыңызшы!
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov, Алтынгуль Кептербаева, Гульнар Абдраимова, Гаухар Назымбекова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 17 Вернуться к началу Выпуск 19  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга