Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 28

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

28-1
      Шылым тартуға шығатын жерде полковник анекдот айтып тұр екен. Барлық офицерлер күліп жатыр, тек біреуі күлмейді екен.
      – Ал сіз лейтенант неге күлмей тұрсыз?
      – Жолдас полковник, мен сіздің бөліміңізден емеспін.
Мәтінді жасыру
28-2
      Жұмыста. Директор:
      – Білесіз бе, жас жігіт, меніңше, сіз мен сізге назар аударғанда ғана жұмыс істей бастайтын сияқтысыз. Бұлай белсенді еден жууды қойыңыз. Сіз бізде бағдарламашы болып жұмыс істейсіз.
Мәтінді жасыру
28-3
      Кешке қарай бір ағылшындық лорд орманда адасып кетіпті. Сосын не істесін, айналаға бақырыпты. Ол айқайдан бір апанында жатқан аю оянып кетіпті, оған барып айтыпты:
      – Сіз неге айқайлап жатырсыз сэр?
      – Мені естісін деп едім ғой.
      – Сіз ойлағаныңызға жеттіңіз, сэр, бірақ енді айызыңыз қанды ма?
Мәтінді жасыру
28-4
      Бір мұжық екіншісінен:
      – Сен неге әйеліңнен ажырасасың?
      Ол оған:
      – Ол сонша шаруашылықшыл.
      – Бұл жақсы ғой.
      – Ешқандай жақсылығы жоқ, түнде су ішуге тұрып, қайтып келсем, төсек төселіп тұрады.
Мәтінді жасыру
28-5
      Екі қорғаушы кафеге кіріп кофеге тапсырыс беріп өздерінің бутербродтарын шығарыпты.
      – Кешіріңіз,-депті бармен, -бірақ бізде өзіңізбен алып келген тамақты жеуге болмайды.
      Қорғаушылар бір-біріне қарап бутербродтарын алмастырып алыпты.
Мәтінді жасыру
28-6   🌞
      Әйел өзінің құрбысынан сұрапты:
      – Тыңдашы, ал сен радиодан беретін ертеңгілік жаттығу істеймісің?
      – Ммм...Тек бірінші жаттығуды ғана.
      – Қандайы?
      – Желкөзді ашыңыз!
Мәтінді жасыру
28-7
      Дәрігер: Неге сіз тұлғаңыз екі жүзді деп ойлайсыз?
      Науқас: Сіз қазір қай жартымнан сұрадыңыз?
Мәтінді жасыру
28-8
      – Алло, Петровтар пәтері ме?
      – Уай, білмейміз, өзіміз жаңа ғана кірдік...
Мәтінді жасыру
28-9   🌞
      – Менің қызыма бірден екі жігіт сөз салды: инженер және журналист.
      – Бақыт қайсысына бұйырды?
      – Инженерге. Ол журналистке тұрмысқа шықты.
Мәтінді жасыру
28-10
      – Әлемдегі ең бай ұлт қандай?
      – Эстониялықтар.
      – Неге?
      – Олар айлықтарын жұмсап үлгермейді.
Мәтінді жасыру
28-11
      Бір кісі шаштаразға келіп. Шашын алдырып сосын айтыпты:
      – Сіз менің баламның шашын аламын дегенше мен дүкенге кіріп шығайын.
      Балақайдың шашын алып болыпты, бірақ әкесі әлі жоқ.
      – Сенің әкең қашан келеді?
      – Ол менің әкем емес қой.
      – Кім ол сонда?
      – Ол аға көшеде маған келді да сұрады: "Балақай, тегін шаш алдырып алуға қалайсың?"
Мәтінді жасыру
28-12
      Психоаналитикке клиент келеді. Кушеткаға жайғасып ... үндемейді. Психоаналитик сабырланып күтіп отыр. Абсалютті тыныштықтың барысында бір сағат өтеді. Клиент үнсіз тұрып, 50 доллар тастап, қоштасып, шығып кетеді. Келесі күні де осы жағдай қайталанады. Осылай бірнеше рет. Бір жұма өткен соң, психоаналитик шыдай алмай:
      – Айтыңызшы, сізді не мазалап жүр?
      – Дәрігер, әйелім. Ол бір минутта аузын жаппайды. Ал сізде мұнда сондай жақсы. Тыныш...
Мәтінді жасыру
28-13
      Барменнің келушілердің әйелдерінің қоңырауына дұрыс жауап беруін қалайтындар үшін бағалар:
      100 теңге - «Ол жаңа ғана шығып кетті»;
      200 теңге - «Ол бүгін келген жоқ»;
      300 теңге - «Менің оны көрмегеніме бірнеше күн болды»;
      500 теңге - «Ол кім өзі?»
Мәтінді жасыру
28-14
      Екі аққұба қыз автокөлікпен қаланың ішінде келе жатыр. Жылдамдықты асырғаны үшін МАИ қызметкері тоқтатады:
      – Бұларың не, қыздар?! Қаланың ішінде 60-пен жүру керек кезінде, сендер 120-мен ұшып келесіңдер.
      – Оның несі дұрыс емес? Біз екеуміз ғой.
Мәтінді жасыру
28-15
      – Сен неге сонша мұңдысың?
      – $500 бұздырып алайын деп едім.
      – Осы да сонша қиын болып па?
      – Оңай ғой, бірақ менде сонша жоқ!
Мәтінді жасыру
28-16
      Екі таз адам дауласуда:
      – Сенің тазың менікінен артықтау!
      – Неліктен? Сенің де, менің де басымда бір тал шаш жоқ!
      – Сенің басың менікінен үлкендеу!
Мәтінді жасыру
28-17
      Түсір ілімдегі фотомодель. Фотограф:
      – Ал енді жарқыным, терең ойланып тұрғандай түр істеңіз. Мен сізге көмектесемін: 7-ні 9-ға көбейтсе неше болады?
Мәтінді жасыру
28-18
      Әйелі таңертең ерте оянып алып, айнадағы өзінің бейнесіне ұзақ үңілді. Ұйықтап жатқан күйеуіне бір қарап:
      – Өз обалың өзіңе!
Мәтінді жасыру
28-19
      – Сіздің көлігіңіз минус отызда от ала ма?
      – Білмеймін, минус отызда оның есігі ашылмайды.
Мәтінді жасыру
28-20
      – Біздің халық бостандықты сүйгіш екен. Екі жүз адамды сұрап шықтым, ешқайсысы түрмеге отырғысы келмейді!
Мәтінді жасыру
28-21
      – Кеше менің күйеуім бірінші рет өз шұлығын жуды.
      – Оған не көрінген?
      – Ванна қабылдағанда, оларды шешуге ұмытып кетіпті.
Мәтінді жасыру
28-22
      Әкесінің студент баласына хаты:
      «...Өзің сұрағандай 100 рубль жіберіп отырмын. Бірақ есіңде болсын: жүз екі нөлмен жазылады, үшеумен емес!!!»
Мәтінді жасыру
28-23
      – Әке, маған 200 рубль бересің бе? – деп сұрайды ұлы.
      – Ал маған – 500, - деп қызы сұрайды.
      – Маған 2000 керек, - дейді әйелі.
      – Бүгін сендерге не болған, - деп таңғалады әкелері.
      – Есіңде жоқ па? Бүгін сенің туған күнің!
Мәтінді жасыру
28-24
      Таңертең. Егде тартқан жұбайлар оянады. Әйелі күйеуіне көзін ашқаннан кейін:
      – Айтшы, сен мені, 60 жыл бұрынғыдай жақсы көресің бе? - деп сұрайды.
      – Мен сенен өтінемін, күнді айғайдан бастамашы!
Мәтінді жасыру
28-25
      – Сізде жейтін не бар?
      – Өкінішке орай, тек гуляш қана.
      – Мәзірде көптеген тағам түрлері көрсетілген...
      – Олар тәбетті арттыру үшін қажет.
Мәтінді жасыру
28-26
      – Мен қызбен танысқанда, флора мен фаунаны жақсы көремін деймін...
      – Одан да саябақтағы орындықта ұйықтайтыныңды бірден айтпайсың ба.
Мәтінді жасыру
28-27
      Дәріханашы жас тәжірибеден өтушіні жұмыс барысына енгізіп:
      – Рецепт мүлдем түсініксіз болған жағдайда, мына шөлмектен құямыз.
Мәтінді жасыру
28-28
      – Воважан, мына шығарманы саған кім жазып бергенін мойындашы?
      – Рас айтамын, білмеймін! Марь Иванна...мен ерте ұйықтап қалғанмын...
Мәтінді жасыру
28-29
      Сіз таңертең жаман көңіл күйде тұрдыңыз ба? Жұмысқа барғыңыз келмей ме? «Форбс» журналын ашып, өз атыңызды тауып алыңыз... Таппадыңыз ба? Онда жұмысыңызға барыңыз!
Мәтінді жасыру
28-30
      Бойжеткен ашық хаттар дүкеніне келеді:
      – Анау тұрған әдемі гүлдері бар ашық хат, не хат?
      – «Менің жалғыз сүйіктіме»...
      – Мархабат, маған алтауын беріңізші...
Мәтінді жасыру
28-31
      Екі сары шашты қыздар автобус аялдамасында тұр. Бірі екінші нөмірлі автобусты, ал екіншісі - жетінші нөмірлі автобусты күтіп тұр. 27 нөмірлі автобус келіп тоқтады. Сары шаштылардың бірі:
      – О, тамаша! Бірге кетеміз.
Мәтінді жасыру
28-32
      Бір мұжық екіншісіне:
      – Туған күнге не сыйлау керек: бір үлкен сыйлық па, әлде көптеген кішкене сыйлықтар ма?
      – Әрине, көптеген кішкене!
      – Онда оған күнбағыстың дәнегін сыйла...
Мәтінді жасыру
28-33
      Хабарландыру:
      «45 томдық энциклопедияны сатамын. Өте арзан. Маған оның енді қажеті жоқ. Екі ай бұрын үйлендім. Әйелім бәрін біледі».
Мәтінді жасыру
28-34
      Кішкене баладан:
      – Сенде алты алма болды. Жартысын сен ағаңа бердің. Сенде қанша алма қалды?
      – Бес жарым.
Мәтінді жасыру
28-35
      – Апа, апа, біздің көже одан сайын дәмді болды. Сен оған не істедің?
      – Қызым, мен оны пісірдім!
Мәтінді жасыру
28-36
      Әйелі күйеуіне:
      – Мына адамның суретіне мұқият қара. Кешке балабақшадан алып келесің.
Мәтінді жасыру
28-37
      Екі жас ана әңгімелесіп тұр. Бірі:
      – Мен ұлым жылығанда, оған әрқашан бесік жырын айтамын - деді.
      – Мен де айтатынмын, бірақ көршілерім, одан да жылай берсін деді...
Мәтінді жасыру
28-38
      – Сіз суретшісіз бе?
      – Иә.
      – Сіздің мына суретіңіз қанша тұрады?
      – 8 мың доллар.
      – Мәссаған! Сіз осыдан екі жүз жыл бұрын қайтыс болғандай.
Мәтінді жасыру
28-39
      Анасы кішкентай баласымен дүкен ішінде келе жатады:
      – Қызым, саған бірдеңе әперейін бе?
      – Иә!
      – Не?
      – Әзірше білмеймін, бірақ... екі!
Мәтінді жасыру
28-40
      Бір дос екіншісіне:
      – Сен көріпкелдерге сенесің бе?
      – Жоқ.
      – Неге?
      – Мен осында біреуге барып, есікті қақтым, ал ол: «Кім бұл?»
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Гульмира Ажмаганбетова, Гаухар Назымбекова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 27 Вернуться к началу Выпуск 29  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга