Казахский язык
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 24

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

24-1
      Иттердің қожайындары бір-біріне мақтанып отыр:
      – Менің итім есікке жақындайды, қоңырау соғады, мен оны кіргіземін.
      – Менікі қоңырау соғуды білмейді...
      – Фу, қандай ақымақ ит...
      – Жоға, оның өз кілті бар...
Мәтінді жасыру
24-2
      – Сен қалай деп ойлайсың: кім ақылдырақ - мысықтар ма иттер ме?
      – Әрине, мысықтар!
      – Неге олай ойлайсың?
      – Ал сен бұрын соңды тундрада шана сүйреп жүрген мысықтарды көріп пе едің?
Мәтінді жасыру
24-3
      Автобуста қыз бала келе жатыр екен, бір әжей кіріп айтыпты:
      – Қызым, ә қызым, маған орын берші, әйтпесе менің аяғым ауырып барады...
      Қыз:
      – Әже-ау, сіз өзіңіз кішкентай кезіңізде басқаларға орын бердіңіз бе?
      – Әрине бергенмін!
      – Міне сондықтан да сіздің аяқтарыңыз ауырады!
Мәтінді жасыру
24-4
      Эстония. Ауылдық жердің жолы. Эстондық арбада келе жатыр. Кенеттен қараса – жолда өлген қарға жатыр. Оны мәпелеп жерден көтеріп алады да арбаға салады:
      – Мүмкін бір керекке жарап қалар, - дейді.
      Жиырма жылдан кейін тағы да сол жолмен «Ролс-Ройс» келе жатады да тоқтайды. Одан сол эстондық шығады да ұқыптылықпен өлген қарғаны жолға қояды:
      – Керек болмады!
Мәтінді жасыру
24-5
      Егер адам кедей әрі ұсқынсыз болып туылса, демек оның болашақта осы екі қасиетті дамытуға деген көп мүмкіндігі болады.
Мәтінді жасыру
24-6
      – МАИдағылар рульде отырған адамның қылмыскер ме әлде зиялы адам ба екен қалай анықтайды?
      – Зиялы адам рульде отырып газет оқиды.
Мәтінді жасыру
24-7
      Өмір толы қайғы, есесіне айлық күлкіңді келтіреді...
Мәтінді жасыру
24-8
      Ең қолайлы сәт ең қолайсыз уақытта туындайды.
Мәтінді жасыру
24-9
      – Мына бөлімнің неге әрдайым бос тұратынын білемісің?
      – Жоқ.
      – Өйткені олар бидеген (былай деген) хабарландыру іліп қойыпты: «Бізде сіз өзіңізді үйіңіздегідей сезінетін боласыз».
Мәтінді жасыру
24-10
      Лейтенантқа қауіпті тапсырманы орындауға үш милиционерді таңдап алуға бұйрық берілді. Взводты құрып алып ол айтыпты:
      – Тапсырма қауіпті әрі қатерлі, сондықтан да маған менен қарыз алмаған үш адам керек...
Мәтінді жасыру
24-11
      Көшеде екі жігіт келе жатыр екен. Біреуі айтыпты:
      – Әне! Қара! Маған қыз күлімсіреді!
      Екіншісі:
      – Аһа! Мен өзім де сені алғаш көргенімде екі апта бойы күлкімді тыя алмай тырқылдап жүргем!
Мәтінді жасыру
24-12
      Күйеуі әйеліне:
      – Мен сен сияқты үш әйелдің қамын жасай алатындай ақша табамын!
      – Міне, тіпті керемет болды, ертеңнен бастап бізбен бірге менің анам және әжем тұратын болады...
Мәтінді жасыру
24-13
      Жарнамадан: «Мен ыдыс жуатын бірнеше құралды байқап көргенім, бірақ біреуіне тоқталдым - МЕНІҢ ӘЙЕЛІМЕ!!!»
Мәтінді жасыру
24-14
      Өзің туралы жаман айтпа - басқалардың жұмысын істеп не істейсің.
Мәтінді жасыру
24-15
      Дәрігерге қонаққа басқа дәрігер келіпті. Қожайын көңілсіз тұнжыраулы.
      – Саған не болған?
      – Ауырып отырмында сол.
      Қонақ қатаң түр салып алып оның қолын алып, тамырдың соғуын іздей бастапты. Науқас жабырқаулы күлкімен:
      – Қойшы ей... Ақымақ болмайын дедің бе? Өзіміз ғой, білеміз сол ешқандай да тамыр соғысы дегеннің тіптен жоқ екен...
Мәтінді жасыру
24-16
      Оқушы бір сөйлемде бірнеше қате жіберіпті, мұғалима сол сөйлемді қателермен жұмыс істеу ретінде елу рет көшіріп жазуға тапсырма береді. Келесі күні, тексеріп отырып, мұғалима:
      – Ал сен, Петя, сөйлемді елу реттің орнына он-ақ рет көшіріп жазыпсың! – дейді.
      Петя:
      – Түсінесіз бе, Мария Ивановна, мен математикамен онша емеспін...
Мәтінді жасыру
24-17
      – Анашым, бүгін мектепте маған сен шизофрениксің деді.
      – Бұны саған кім айтты?
      – Құмырсқалар.
Мәтінді жасыру
24-18
      – Ойлашы, кеше теартда біреу менің пәлтемді киіп кетіпті!
      – Кімге сенің көне жыртық пәлтең керек болып қалды екен?
      – Білмеймін, мен бірінші болып кеткем.
Мәтінді жасыру
24-19
      Жас жігіт балгер әйелден оған өзін болашақты не күтіп тұрғанын айтуын сұрады. Балгер карталарын жайып жіберіп айтыпты:
      – Ескертемін, сіздің жолыңызға бір адам тұрады.
      – Оданда сіз оған ескертіңіз! Өйткені мен КамАЗдың жүргізушісімін.
Мәтінді жасыру
24-20
      Түн. Есікті біреу қақты.
      – Кім анда?
      – Ашыңыз, сөйлесу керек.
      – Сіздер нешеусіздер?
      – Екеуміз.
      – Онда сол досыңызбен-ақ сөйлесе салыңыз да...
Мәтінді жасыру
24-21
      Көзді таза да тың ұйқы сияқты басқа ештеңе куанта алмайды.
Мәтінді жасыру
24-22
      Бұдан да жақсы әлем бар, бірақ онда бәрі өте қымбат.
Мәтінді жасыру
24-23
      Жаңа басқарушы қызмет бөлмелерін қарап жүр екен.
      – Айтыңызшы, депті сұрапты ол орынбасарынан, мұндай қанша адам жұмыс істейді?
      – Меніңше елу пайызы істейтін шығар.
Мәтінді жасыру
24-24
      – Даяршы, неге вазада жасанды гүлдер тұр? Жоғарғы дәрежелі мейрамханада гүлдер да тірі болса қайтеді!
      – Сіздікі жөн. Бірақ біздің мейрамхана вегетариандық болып өзгергеннен соң, келушілер тірі гүлді тіске басар деп ойлайды.
Мәтінді жасыру
24-25
      Әйел дәрігерге жүгіріп келіп айқайлапты:
      – Дәрігер, маған не болды? Мен бүгін оянып айнаға қарасам, шаштарымның жансызданып сынғыш болғанын, терімнің жиырылып жасыл түске енгенін, қабағым ісініп, көзім қызарып кеткенін көрдім, ал мына дене ше - бұл сұмдық қой! Маған не көрінді дәрігер?!
      Дәрігер оған қарап оны тыныштандырып айтыпты:
      – Сабыр сақтаңыз, бәрі ондай жаман емес! Ең дегенде мен әйтеуір сізді көруіңіздің керемет екеніне сендіре аламын!...
Мәтінді жасыру
24-26
      Бір студент досын күлкі етейін деген екен. Орындықты бояп қойыпты. Досы кірмей жатып табалдырықтан айтыпты:
      – Колян, мен...
      Әлгісі:
      – Өй сен алдымен отырсаңшы, - деп орындықты көрсетіпті.
      Досы тағы:
      – Колян, мен саған айтып жіберейін деп едім...
      Коля:
      – Өй сен отырсаңшы енді, ұялмай-ақ қой.
      Досы отырыпты. Коля тырқылдай бастады:
      – Ал енді айт.
      – Колян, мен жәй сенің джинсиіңді киіп алып едім деп айтайын деген едім.
Мәтінді жасыру
24-27
      Жұлдызқұрт болған рақат қой осы: жейсің - жейсің - жейсің да оранып аласың, ұйықтап - ұйықтап алып оянып қаласыңда әп-әдемі болып шығасың!
Мәтінді жасыру
24-28
            – Не деген ғажап десеңші, біздің көршілеріміздің ұрсыспағанына бақандай үш күн болды!
      – Мүмкін олар керісіп қалған болар?
Мәтінді жасыру
24-29
      Ота алдында:
      – Қалай енді, дәрігер?
      – Алаңдамаңыз. Біздің өмір деңгейімізбен сіз ешнәрсемен де тәуекел етпейсіз.
Мәтінді жасыру
24-30
      Түскі астан соң анасы ас үйге барыпты, ал қызы оның артынан айқайлап келеді:
      – Жоқ, анашым, сенің өз туған күніңде ыдыс жуғаныңды қаламаймын. Оларды ертеңге қалдыра сал.
Мәтінді жасыру
24-31
      Түн қарайғанда сырахананың қасында бір кісі тұр екен. Әрлі-берлі өткендер одан сұрайды екен:
      – Неге ішке кірмей тұрсыз?
      – Мен барменнің әйелімен көңіл қосып жүргем, сол үшін ол мені қуып шықты.
      – Ондай болса сіз енді нені күтіп тұрсыз?
      – Бармен әйелін де қуып жіберемін деп уәде еткен.
Мәтінді жасыру
24-32
      Бір адам досына келіп оның диванда отырып сырнай тартып отырғанын көріпті.
      – Сенің әйелің қайда? - деп сұрапты қонақ.
      – Сарайда, ағаш жаруда.
      – Бұл дұрыс па екен: сен жылы жерде отырсың, диванда, ал әйелің ағаш жарама сонда?
      – Енді ол сырнай ойнауды білмесе не істе дейсің маған...
Мәтінді жасыру
24-33   🌞
      – Сіздің күзет итіңіз қанша тұрады?
      – Он бес мың.
      – Тым қымбат.
      – Бірақ ол асыл тұқымды, өте жақсы күзет иті!
      – Иә, бірақ мен оны айтылған бағаға сатып алсам, ол күзететін ештеңе қалмайды!
Мәтінді жасыру
24-34
      – Көлік жөндеу шеберханасынан хабарласып тұрмын. Сіздің әйеліңіз көлік жөндеуге келді, бірақ біз кім ақысын төлейтінін білмейміз...
      – Бәрі түсінікті, жөндеудің ақысын мен төлеймін.
      – Мен оны уайымдап та тұрған жоқпын. Менің білейін дегенім, шеберхананың жөндеу ақысын кім төлейді?
Мәтінді жасыру
24-35
      Бір ит супермаркеттің есігіндегі «Иттерге кіру тыйым салынған» деген құлақтандыруды көреді де екінші итке:
      – Бәрібір кірейік, біз оқу білуге міндетті емеспіз ғой!
Мәтінді жасыру
24-36
      – Көрші, неге сонша біздің кірге сұқтана қарайсыз? Әлде сіз ешқашан өз кіріңізді жаймайсыз ба?
      – Жаямын, әрине, бірақ алдымен жуамын...
Мәтінді жасыру
24-37
      Сот отырысы. Сот:
      – Жәбірленуші доғал жұмыр затпен ұрып өлтірілген.
      Айыпталушы:
      – Оны мен баспен соққам.
Мәтінді жасыру
24-38
      Психиатрдың қабылдауында:
      – Күні бойы күйеуіме бірдеңелер айтамын, ал ол мүлдем жауап бермейді. Ол ауыр науқас па деп қорқамын!
      Дәрігер:
      – Бұл – сырқат емес. Бұл - талант!
Мәтінді жасыру
24-39
      Өз шамаңды неғұрлым білсең, солғұрлым оны сақтау қиын.
Мәтінді жасыру
24-40
      – Айтыңызшы маған, Вовочка, қандай тістер соңғы болып өседі?
      – Алтындары...
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov, Алтынгуль Кептербаева



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Выпуск 23 Вернуться к началу Выпуск 25  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга