Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 11

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

11-1
      Күйеуі әйеліне:
      – Қызымызды тұрмысқа шығаруға асықпайық, қашан лайықты жігіт таппайынша.
      – Несіне күтеміз? Мен саған тұрмысқа шыққанда, лайықтыны іздегенім жоқ қой.
Мәтінді жасыру
11-2
      Күйеуі әйелімен қоштасып:
      – Қымбаттым, мен жұмыс бабымен кеткенде, өзім жайлы қалай хабар беріп тұрсам? Телефонмен бе, телеграфпен бе әлде факспен бе?
      – Ақша аудару арқылы хабарласқаның ең тиімдісі.
Мәтінді жасыру
11-3
      Қартайған генерал өзінің немересімен қыдырып жүр.
      – Ата, мен өскенде генерал боламын ба?
      – Әрине балам!
      – Ал маршал ше?
      – Маршал бола алмайсың, маршалдардың өз немерелері бар.
Мәтінді жасыру
11-4
      Ері жуынатын бөлмеде қырынып, бұрқылдап жүр:
      – Жаңа ұстара сатып алып едім, мүлдем қырмайды!
      Ас бөлмесінен жұбайы:
      – Қызық екен, ол линолеумді жап- жақсы кескен еді!...депті
Мәтінді жасыру
11-5
      Париж. Мейрамxана. Ер азамат сұлу қыздың назарын өзіңе аудармақшы:
      – Ханым, мен сізді сүйем, маған телефон номеріңізді беріңізші!
      – Ол телефон анықтамалығында бар,- дейді ол.
      – Бірақ, xаным, мен сіздің тегіңізді білмеймін ғой,-дейді ер азамат.
      – Ол да анықтамалықта бар,- дейді сұлу қыз.
Мәтінді жасыру
11-6
      Ұшақ ұшып барады. Парашютін арқалаған командир кабинасынан шығып көңілсіз түрмен салонды аралап келеді. Жолаушылар алаңдап сұрақ қояды:
      – Не болды, командир?
      Ол жауап орына күрсінеді. Ұшақтың артына жақындайды да люкті ашады. Соңғы жолаушы командирге:
      – Не болды сонша?!
      Ал командир күрсініп, ақырын ғана:
      – Жұмыс мәселесі…
Мәтінді жасыру
11-7
      Күйеуі мен әйелі көліктерін жөндеу шеберханасына итеріп келе жатады. Күйеуі әйеліне:
      – Бізге көлігін сатқан тұрпайы, бір жағынан дұрыс жасаған.
      – Атап айтқанда?
      – Бұл тәшкеге мүлдем бензин шығындалмайды.
Мәтінді жасыру
11-8   🌞
      Кішкентай баланың туған күніне анасы әдемі ойыншық сыйлайды.
      – Иә, не деу керек? - дейді анасы. - Әкең үйге жалақысын әкелгенде, мен не деуші едім, соны айта ғой.
      – Барлығы осы-ақ па?
Мәтінді жасыру
11-9
      Жұбайына таңнан күйеуі айқайлап жатыр:
      – Валя, мен галстугімді таппай қойдым! Сен шкафтың орнын тағы да ауыстырып қойдың ба?...
Мәтінді жасыру
11-10
      – Даяршы, сіз соңғы рет қай уақытта мына дастархандарды жудыңыз?
      – Сэр, білмеймін, мен мұнда жұмыс істегеніме екі ай ғана болды.
Мәтінді жасыру
11-11
      Травматогқа қолы мен аяғын дәкемен орап алған әйел келіпті.
      – Сізге не болды? - деп сұрапты дәрігер.
      – Еден сүрткішті қосқан едім, сосын ол менің қолымды тоқпен ұрды.
      – Ал аяққа не болды?
      – Мен де оны теуіп жібердім...
Мәтінді жасыру
11-12
      – Қалай, бірнәрсе іліге ме? Әлде жоқ па?
      – Иә, - деп, балықшы көңілсіз жауап берді. - Таяуда біреуі ілігіп еді, оны қайта суға тастадым.
      – Неге? Өте кішкентай болды ма?
      – Шамамен алғанда бойы сіздікімен бірдей. Ол да сіз құсап: іліге ме әлде жоқ па...
Мәтінді жасыру
11-13
      Мал дәрігерлік институтының емтиханында. Емтихан қабылдаушы:
      – Егер жылқы бұғанасын сындырып алса, сіздің алғашқы көмегіңіз?
      Студент:
      – Жгут салып, кетіп жатқан қанды тоқтатамын...
      – Жоқ, дұрыс емес! Біріншіден сіз мұражайға қоңырау шаласыз да , өзіңіздің әлем бойынша жалғыз бұғаналы жылқыны тапқандығыңыз туралы хабарлайсыз!
Мәтінді жасыру
11-14   🌞
      Үш жігіт әңгімелесіп тұр.
      Біріншісі:
      – Өмір ұрықтанған кезде басталады.
      Екіншісі:
      – Жоқ, туған кезде.
      Үшіншісі:
      – Меніңше, әйелің балаларды алып, қала сыртындағы саяжайға кеткенде.
Мәтінді жасыру
11-15
      Қызметкер өзінің бастығына:
      – Мен мұнда сізге жарты ақыға жұмыс істеймін және сондықтан өтінемін сізде маған жарты дауысыңызбен айқайлаңыз!
Мәтінді жасыру
11-16
      Бір дос екіншісіне:
      – Мен қашан келсем, сен түскі ас дайындап, ыдыс жуып жатасың. Бұл не әуесқойлық па?
      – Қайдағы әуесқойлық! Бұл әдеттегіше өзін - өзі сақтау.
Мәтінді жасыру
11-17
      Үн қағаздағы хабарландыру:
      "Арзан бағамен балық аулайтын жабдықтарды, балықшының киімін, шатыр мен моторлы қайық сатамын. Байланыс нөмірі - 88 - 77 - 66. Егер, қоңырауды ер адам көтерсе, нөмірден қателесіппін дерсіз..."
Мәтінді жасыру
11-18
      Аңдарды үйретуші қызығып, екіншісінен:
      – Сен өмір бойы тышқандарды жаттықтырып, енді пілдерді жаттықтыруға ауысыпсың ғой?
      – Не істейін достым, егде тартып барамыз ғой. Көзім де онша көрмейді...
Мәтінді жасыру
11-19
      Бір дос екіншісінен:
      – Вася, егер бәрін кешіре алатын, жақсы ас дайындай білетін, мейірімді бола білетін әйел кездессе не айтар едің?
      – Амансың ба, ана...
Мәтінді жасыру
11-20
      Әкесі ас бөлмеде ыдыс аяқ жуып жатыр, ал әйелі теледидар көріп отыр. Ұлы әкесінен:
      – Әке, екі әйел алушы деген кім?
      – Ол менен екі есе артық ыдыс жуатын адам...
Мәтінді жасыру
11-21
      Студент саясаттану эмтиханында бірде бір сұраққа жауап бере алмады. Шыдамы әбден таусылған профессор студенттің оқу үлгеріміне нұсқау келтірмеу үшін, қабырғада ілулі тұрған Карл Маркстің портретін көрсетіп:
      – Жігітім, ең құрыса мына адамның кім екенін білесің бе? - деп сұрайды. Студент портретке ұзақ қарап, маңдайын тыржитып, сонан соң сенімсіз түрде:
      – Король қарға ма?
Мәтінді жасыру
11-22
      Белгілі хирург науқасқа айтуда:
      – Бұл өте қарапайым ота. Жарты сағаттан кейін-ақ сіз аяғыңызды қозғалта алатын боласыз. Ал бір сағаттан соң керуеттің маңында жүгіріп жүретін боласыз. Ал кешке қарай жаяу үйіңізге ораласыз.
      Науқас:
      – Дәрігер, ал маған тым болмаса отаның кезінде сәл жата тұруға бола ма?
Мәтінді жасыру
11-23
      – Сен жақында алтын үйлену тойыңды тойлайды деп естідім! Әйеліңе не сыйламақ ойың бар?
      – Оны күміс тойға Конгоға демалуға алып барғаным есімде. Мүмкін елу жылдыққа сонда барып оны қайта алып келетін шығармын...
Мәтінді жасыру
11-24
      Бір дос екіншісіне қоңырау шалды.
      – Петя, балық аулауға барамыз ба?
      – Жоқ, бармаймыз.
      – Неге?
      – Маған әйелім үйде ішуге рұқсат берді...
Мәтінді жасыру
11-25   🌞
      – Дәрігер! Барлық саңырауқұлақтарды жеуге бола ма?
      – Иә, тек кейбіреулерін біррет қана...
Мәтінді жасыру
11-26
      Әдемі бір ой басқа келді де енді мидың қайда екенін мықтап іздеп жатыр.
Мәтінді жасыру
11-27
      Тергеуші:
      – Сіз мына пышақты танып тұрсыз ба?
      – Әрине.
      – Демек, танисыз ғой!!!
      – Енді сіз оны маған үш апта қатарынан күн сайын көрсетсеңіз танымай қайтейін!
Мәтінді жасыру
11-28
      Көлік жөндеу орталығына бір ханым келіпті. Шебер көлікті қарап шығып былай депті:
      – Ханым! Сіздің көлігіңізде бір ақау бар.
      – Қандай?
      – Тоқтар қысқаша тұйықталып қалыпты.
      – Енді не, қысқа болса ұзартыңыз да!
Мәтінді жасыру
11-29
      Жолға шығып бара жатқан автобустың артынан бір әйелі жүгіріп айқайлап барады:
      – Автобусты тоқтата тұрыңдар! Жұмысыма кешігіп барамын!
      Жолаушылар оны аяп кетіп жүргізушіден тоқтай тұруын өтінді. Әлгі әйел автобусқа мініп, ентігін басып дем алып, былай депті:
      – Не болса да, үлгердім-ау ақыры...Ал енді, жолаушы азаматтар, билеттеріңді көрсете беріңіздер...
Мәтінді жасыру
11-30
      Мерзімін өтеп жатқан күйеуімен кездескеннен соң әйелі түрме басшысына барып одан оның күйеуіне жеңілірек жұмыс беруін сұрапты.
      – Бізде, құрметтім, әлі ешкім де қағаз қалташаларды жабыстырып зорыққан емес.
      – Иә, әрине. Бірақ күйеуім түнде туннель дей ме, бірдеңе қазып жүргенін айтқан...
Мәтінді жасыру
11-31
      – Сенесіз бе, доктор, түнде мен түсімде бұқа болып кетіп бір үйме шөпті жеп қойыппын.
      – Одан не болыпты? Адамның түсіне небір заттар кірмей ме.
      – Бірақ енді маған түсіндіріңізші, менің сабаннан жасалған матрасым қайда жоғалып кетті?
Мәтінді жасыру
11-32
      – Дәрігер мен шұжықтарды жақсы көретінім үшін, көршілерім маған есіңнен алжасқансың дейді.
      – Қайдағы бір далбаса ғой, менде шұжықтарды жақсы көремін.
      – О-о, онда кеттік біздікіне, мен сізге өзімнің коллекциямды көрсетейін.
Мәтінді жасыру
11-33
      Америкалық Лондонға келіпті, жолнұсқаушы жалдап қаланың сәулет құрылыстарымен танысып жүр екен. Бірталай жүрген соң ол жалығып кетіп айтыпты:
      – Тыңдаңызшы, не мұнда сіздерде барлығы осындай кішкентай? Айталық міне мынау ғимарат бізде Америкада жиырма есе үлкен болатын еді...
      – Әрине, бұның түсіндіретіні жоқ. Бұл жындыхана ғой.
Мәтінді жасыру
11-34
      Екі дос әңгімелесіп жатыр. Біреуі:
      – Мына қарсы тұрған үйдің үшінші қабатындағы анау бір терезені көріп тұрсың ба?
      – Иә, көріп тұрмын.
      – Былтыр мен онда күн сайын мың сүйіс ауамен жіберетінмін, ал биыл мен әр ай сайын онда мың рубльдан жіберіп тұруға мәжбүрмін. Бақыт сондай баянсыз...
Мәтінді жасыру
11-35
      Дәрігерге бір ағамыз келіп айтады екен:
      – Білесің бе, менің бір мәселем бар еді. Мен ұйықтағанда қорылдаймын. Енді бар ғой, өте қатты қорылдаймын.
      – Енді не болыпты, бұл сізге кедергі келтіре ме?
      – Өй жоқ...
      – Ал сіздің әйеліңізге ше?
      – Мен үйленбегенмін.
      – Онда сіздің көршілеріңізге?
      – Менің көршілерім жоқ.
      – Енді? Басқа не сонда?
      – Жәй мені осы үшін бес жұмыстан бес рет шығарып тастаған...
Мәтінді жасыру
11-36
      Екі Америкалық Ресейдің шет аймақтық қалашығына келген екен. Жалғыз мейрамханаға отырып жергілікті ірімшікпен омлетке тапсырыс беріпті. Таңғы астан кейін оларға есепті беріпті. Есеп америкалыққа тым қымбат шыққан секіліді көрінеді, сосын ол қожайыннан сұрапты:
      – Сіздерде не, жұмыртқа мен ірімшік сиректер қатарына жата ма?
      – Әсте олай емес, сиректер қатарына жататындар - америкалықтар!
Мәтінді жасыру
11-37
      Бір бала мектептен келіпті. Әкесі одан сұрапты:
      – Ал балам, мектепте жағдайың қалай?
      – Мен екіліктің әкесімен сөйлеспеймін.
Мәтінді жасыру
11-38
      – Айтыңызшы, сізді осылай күн сайын ішіп алып мас болуға не мәжбүр етеді?
      – Ештеңе де мәжбүрлемейді, мен өзім еріктімін.
Мәтінді жасыру
11-39
      Сәулетті вилланың қожайындары қалаға кетіп бара жатып дуалға «Абайлаңыздар, ӨТЕ қабаған ит!» деген тақташа іліп кетеді екен. Бірнеше күннен кейін қайтып келсе, вилланы тонап қақпаға жазба қалдырып кеткен екен: «Неге күшікке жала жабасыңдар?»
Мәтінді жасыру
11-40
      Екі адам әңгімелесіп тұр.
      – Болды, достым! Мен әйеліммен ажырасамын. Ол менімен сөйлеспегеніне жарты жыл болды міне.
      – Сен не есіңнен алжастың ба?! Сен осындай ыңғайлы әйелді тағы қайдан табасың?
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Құралай Бекенова


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 10 Вернуться к началу Выпуск 12  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга