Казахский язык
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 25

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

25-1
      Екі кісі әңгімелесіп тұр:
      – Білемісің, қызыма скрипка сыйлағанмын, саз мектебіне баратын шығар деп ойлағанмын, ойнап үйренер десем. Жоқ, ондай ештеңе болмады - солайымен жатыр бір жерде әлі шаң басып!
      – Аһа! Менде де сондай оқиға: енеме чемодан алып бергем...
Мәтінді жасыру
25-2
      Қыз жылап келіп өзінің күйеуінің кеудесіне құлапты.
      – Не болып қалды, қымбаттым?
      – Бүгін мен әкемнің толығымен банкрот болғанын білдім.
      – Ол неткен жауыз еді. Мен оның әйтеуір бізді айырылыстырмайынша ештеңенің алдына да тоқтамайтынын білген едім.
Мәтінді жасыру
25-3
      Сабақтар оқылды... Анамыздың дауысы қарлығып тынды... Қызым естуден қалды... Көршілер бәрін жатқа айтатын болды, ит мазмұнын айтып тастады!
Мәтінді жасыру
25-4
      Әйелі күйеуіне көңілі ренішті дауыспен:
      – Айтпақшы, кеше сен түні бойы түсімде мені қорладың!
      Күйеуі:
      – Сен неліктен түсіңде деп ойлайсың?
Мәтінді жасыру
25-5   🌞
      Мейрамханада. Даяршы:
      – Месье, сіз не жейсіз.
      Клиент:
      – Мен анау терезенің қасында отырған адамның жеп отырған асын қалар едім!
      – Бұл мүмкін емес, ол бере қоймас...
Мәтінді жасыру
25-6
      Окинава аралында өткен симпозиумда егде әйел болашақ күйеуіңді қалай таңдау қажеттігі туралы әңгіме айтуда.
      – Мен, - дейді ол, - маған күйеуімді ата-анам таңдап бергеніне өте ризамын.
      – Неге? – деп таңғалады аудиториядағылар.
      – Түсінесіңдер ме, - айқындайды әйел, - мен оны өзім таңдады деген бір ойдың өзінен-ақ өлер едім.
Мәтінді жасыру
25-7
      Кітап жәрмеңкесіндегі диалог:
      – Мына кітаптар қанша тұрады?
      – Біреуі - жүр рубль, басқасы - жүз елу.
      – Әй бұларыңның сыртынан қарағанда тіптен айырмашылығы жоқ қой!
      – Олар онсызда бірдей негізі.
      – Онда не айырмасы бар сонда?
      – Айырмасы сол, бағасында.
Мәтінді жасыру
25-8
      Өзі аударғыш жүк машинасы ауыл жолымен келе жатыр, жолда қаздар жүр. Бір құсты басып кетті, қалғандары жүгіріп аулаға кіріп кетті. Есік алдында үлкен әйел жүр. Жүргізуші машинаны тоқтатады және сұрайды:
      – Шешей, мен ана жерде бір қазды басып кеттім, қарашы, сенікі ме?
      Әйел қарайды да:
      – Жоқ, балам, менікі емес – менде мұндай жалпақ қаз болған жоқ...
Мәтінді жасыру
25-9
      Мектеп оқушысы анасына:
      – Анашым, мен хатты пошта жәшігіне салып келейін.
      – Оның не? Сыртта жауын, жел. Жақсы қожайын мұндай ауа-райында итін де далаға шығармайды. Әкең барып келсің.
Мәтінді жасыру
25-10
      Маған әйелдердің жемпірін таңдап бере салыңызшы.
      – Сізге қандай түсті қандай өлшемі болуы керек?
      – Қандайы болса да мейлі, әйелім бәрібір алмастыруға қайтып алып келеді.
Мәтінді жасыру
25-11
      Ренжісіп қалған әйелі мен күйеуі хат алмасып отыр: «Мені 7.30-де оят», дейді күйеуі. Келесі күні 9.00-да оянады да: «Тұр, сегізге жиырма-ақ минут қалды» деген хатты көреді.
Мәтінді жасыру
25-12
      – Білесің бе, - дейді әйелі, - әр ұрысқан сайын жинақ ыдысына бір доллардан салып отырайық.
      – Оның не? Мен миллионермін бе?
Мәтінді жасыру
25-13
      Бір әйел психиатрға келіп:
      – Менің күйеуім белгісіз ұшатын объектімін (БҰО) деп ойлайды! Оған бірдеңе жасап көмектесіңіз, дәрігер! – дейді.
      – Жақсы, оны ертең маған алып келіңіз.
      – Ол мұнда қай жерге қона алады?
Мәтінді жасыру
25-14
      Есіктің қоңырауы шылдырайды. Рабинович ашады - табалдырықта қонақ тұр.
      – Сіз ең құрыса ескертсеңіз...
      – Сіздерді үйде болған кезде ұстайын деп ойладым, - деп ақталады қонақ.
Мәтінді жасыру
25-15
      «Мерседес» жолда өшіп қалады. Кептеліс. Жүргіншілер дабылдауда. Ақыры көліктен әдемі аққұба қыз шығады. Ең бірінші дабыл соғып тұрған көлікке жақындайды да жүргізушіге:
      – Жас жігіт, менің көлігімді қарап беріңіз, ал мен сіздің орныңызға бебілдете тұрайын! – дейді.
Мәтінді жасыру
25-16
      Кішкентай бала теледидардан үндістердің соғысқа шығар алдында беттеріне өрнек салып жатқанын көріпті. Әкесінен олардың не істеп жатқанын сұрапты.
      – Ә олар осылай соғысқа дайындалады, балам.
      – Ал сонда біздің мамамыз (апамыз, анамыз) күн сайын кіммен соғысады да жүреді?
Мәтінді жасыру
25-17
      – Қызық болып тұр: мен сені менің денсаулығым үшін ішсін деп шақырдым, ал сен бесінші стақанды ішіп жатырсың!
      – Кешір, бірақ сен менің көзіме сондай нашар көрінесің.
Мәтінді жасыру
25-18
      Бір мас техастық - біреуге айтыпты:
      – Білесің бе, менің көршілерім мені тергеуші деп ойлайды, өйткені мені үйіме әрдайым полиция әкеліп тастайды...
Мәтінді жасыру
25-19   🌞
      Кішкентай Сема Изя досына келді. Есікті анасы ашады.
      – Изя тамақтануда. Сенің де қарнын ашқан шығар.
      – Иә.
      – Олай болса, үйіңе бар - тамақтан!
Мәтінді жасыру
25-20
      – Менен жүзге тарта рет тұрмысқа шық деп өтінген болатын. Бірақ мен үнемі бас тартатынмын.
      – Құпия болмаса сұраған кім?
      – Әкем мен анам.
Мәтінді жасыру
25-21
      Күйеуі:
      – Қымбаттым, аспаннан жұлдыз алып берейін бе?
      Әйел:
      – Ешқандай жұлдыздың қажеті жоқ. Бүгін сен үйде отырасың!
Мәтінді жасыру
25-22
      – Осыдан зейнетке шығып алайын...өзімнің екінші кітабымды бітіремін.
      – О, сіз жазамысыз?
      – Жоқ, оқимын.
Мәтінді жасыру
25-23
      Чикаго көшелерінің бір қиылысында жұрт жиналып қалыпты.
      – Неге мұнша адам жиналып жатыр? - деп сұрапты өтіп бара жатқан біреу. - Не болып қалды?
      – Ештеңе болған жоқ, -депті оған басқасы. - Бірақ осындағы әр адам бұған жеке өзі көзін жеткізгісі келеді.
Мәтінді жасыру
25-24
      Бара келген екеудің арасындағы әңгіме:
      – Сен не үшін ішесің?
      – Ұмыту үшін бе?
      – Нені ұмытуға?
      – Ә...қазір тіпті есімде жоқ та екен.
Мәтінді жасыру
25-25
      Психиатрдың қабылдауына келген пациент шағымдануда:
      – Дәрігер, маған әр түн сайын бір құбыжық келеді!
      – Өй, сіз оны бір жеріне жібермедіңіз ба, арасына айтатынын айтып тастап.
      Сөйтіп сол түні дәрігердің керуетінің астынан құбыжық шығып бидейтін көрінеді:
      – Кешір енді дәрігер, бірақ мені саған сілтеп жіберді...
Мәтінді жасыру
25-26
      Екі дос кездесіпті. Біреуі айтыпты:
      – Ойлашы, мен арманымдағы қызды жолықтырдым, сосын біз үйленіп алдық!
      Екіншісі:
      – Оның суретін көрсетші!
      Қарап тұрып аң-таң болып:
      – Мынау ма сенің арманыңдағы қыз?
      – Түсінесің бе, мен армандаған кезімде торығып жүрген едім!
Мәтінді жасыру
25-27
      – Бүгін күні ара-арасында жауын-шашын түседі деп күтілуде, -деп айтты тәжірибелі метеоролог.
      Жас көмекші таңданыспен жасанды серіктердің түсірілімдеріне иіліп қарап тұрып:
      – Қандай мәліметтерге негізделе отырып сіз осындай қорытындыға келдіңіз?!
      –Мен бүгін үйімде қолшатырымды ұмытып кеткем, көлігімді жуып қойғам және кешкісін ашық аспан астында таза ауада өтетін отырысқа шақырылғанмын!
Мәтінді жасыру
25-28
      Жігіт бір қызбен жедел сатыда келе жатыр екен. Ол айтыпты:
      – Сіз білемісіз, сіздің кесіріңізден мен тыным таппай ұйқыдан да айырылдым, бөлмемді көлеңкедей кезіп тіпті өз-өзімді танудан қалдым.
      Қыз оған былай деп жауап беріпті:
      – Бұны оданда менің әкеме айтыңыз.
      Жігіт:
      – Ә, демек СОЛ екен ғой әлгі құрып қалғыр магнитофонды қосатын!!!
Мәтінді жасыру
25-29
      – Туған күнің құтты болсын!
      – Үлкен pақмет! Сіз сенбессіз бірақ сізден басқа ешқандай оңбаған мені құттықтауға келген жоқ...
Мәтінді жасыру
25-30
      – Тыңдашы, әйелін тамақ пісіре ала ма?
      – Пісіруі пісіреді ғой. Бірақ мен оның әзірлеген тамағын жей алмаймын.
Мәтінді жасыру
25-31
      Несиенің жарнамасын керісінше оқу қажет. "Несие ал! Проблемасы жоқ! емес, "Проблемаң жоқ па? Онда несие ал!" деу керек.
Мәтінді жасыру
25-32   🌞
      Әйел өзінің есінеп отырған күйеуіне айтыпты:
      – Тыңдашы, сенің аузың ашық тұрған-ақ екен, біздің балаға үйге қайт деп дауыстап жіберші.
Мәтінді жасыру
25-33
      Екі дәрігер әңгімелесіп тұр:
      – Мен өзімнің бір бронхитпен ауыратын пациентіме, жылырақ киініп жүруді кеңес еткем.
      – Дұрыс істегенсіз.
      – Бірақ ол менің кеңесімді тым үстіртін түсініп қалды - кетіп бара жатып ол менің тонымды киіп алды.
Мәтінді жасыру
25-34
      Дәрігер науқасқа айтыпты:
      – Демек былай: алдағы уақытта сізге ішуге, шегуге, әйелдермен кездесуге, теледидар қарауға, мейрамханалар мен стадиондарға баруға болмайды!
      – Қаншалықты ұзаққа бұл?
      – Есепті төлемейінше әрине!
Мәтінді жасыру
25-35
      Дәрігердің қабылдауында:
      – Сіздің күйеуіңізге тынығу қажет, мен оған тыныштандыратын дәрілер жаздым.
      – Оларды оған қашан беру керек?
      – Өзіңіз ішіңіз.
Мәтінді жасыру
25-36
      – Тоқта!
      – Тұрмын.
      – Ақша, бағалы заттар бар ма?
      – Жоқ.
      – Онда несіне түнде қаңғырып жүрсің?
Мәтінді жасыру
25-37
      – Тәте, сіз неге әлі күйеуге шыққан жоқсыз?
      – Мені ешкім күйеуге шақырмайды.
      – Сен не бәрінен сұрап үлгірдің бе?
Мәтінді жасыру
25-38
      XXII ғасырдағы адам баласы өлтіруді, тонауды, зорлауды және өтірік айтуды қойды. Оның орнына енді бұның бәрін машиналар жасайтын болды.
Мәтінді жасыру
25-39
      Үйдің иесі қонағына:
      – Кетіп барасыз ба? Сыртта жауын, бәлкім бізбен кешкі ас ішерсіз?
      – Кешкі асқа қандай тамақ?
      – Макарон.
      – Сіз білесіз бе? Жауын сондай қатты жауып тұрған жоқ.
Мәтінді жасыру
25-40
      Әйелі дүкеннен екі нән сөмке әкеліпті. Күйеуі оларды қарап шығып айтыпты:
      – Қатын-ау, мынауыңды қоюың керек. Сенің жасыңда енді мұндай ауырды көтеруге болмайды.
      – Енді не істе дейсің?
      – Одан да екі рет барып кел...
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гульмира Ажмаганбетова, Гаухар Назымбекова



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Выпуск 24 Вернуться к началу Выпуск 26  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга