Казахский язык
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

1-1   🌞
      Бір ресми кездесуде әйелі күйеуіне:
      – Жан, өзіңе ие болсаңшы, осымен он екінші рет виски алу үшін буфетке бардың. Жұрт не ойлайды?
      – Қам жеме. Мен алған сайын саған деп айтып жатырмын.
Мәтінді жасыру
1-2
      Мейрамханада:
      – Даяршы, маған кофе бола ма?
      – Қайдан білемін, мен сізге дәрігер емеспін ғой, біле білсеңіз!
Мәтінді жасыру
1-3
      Екі жігіт кездесіпті. Оның бірі:
      – Менің жұбайым жүкті болғанда, мен оған күлкілі әңгімелер айтатынмын. Ал ол болса, егер сен мені күлдіре берсең, онда мен дүниеге кірпі әкелем деп жауап беретін.
      Екіншісі:
      – Ха - ха... Иә, сосын қалай болды.
      – Негізі, бәрі жақсы болды, рақмет. Айтпақшы, сен білесің бе, кірпіні немен қоректендіреді?
Мәтінді жасыру
1-4
      Дәрігер ұйқысыздыққа шағымданып келген, сатушы-пациенттен сұрапты:
      – Сіз ескі әдісті қолданып көрдіңіз бе, төсекте көзіңізді жұмып жатып, ойша бір отар қойларды елестетіп, соларды санау?
      – Иә көрдім, бірақ жағдайым одан да жаман болып кетті.
      – Неге?
      – Қойларды санап болған соң, мен оларды пойызға тиеймін, содан қалаға апарып қасапханаға сатамын. Ал сосын арзанға беріп жіберген жоқпын ба деген ойлармен түні бойы қиналып шығамын.
Мәтінді жасыру
1-5
      Сағат түнгі үштер кезінде қызы анасына телефон шалады:
      – Анашым, кеш түскелі әлдеқашан, күйеуім әлі үйде жоқ. Мүмкін, ол өзіне көңілдес әйел тапқан шығар?
      – Қызым-ау, неге бірден жамандықты болжайсың? Мүмкін, ол не мәйітханада, не жан сақтау бөлімінде жатқан шығар?
Мәтінді жасыру
1-6
      Дәрігер емделушіге:
      – Сізге тез арада салмақ тастау қажет, қатаң диета ұстау керек: майсыз ет жеуге болады, тәтті, нан-тоқаш өнімдерінен бас тарту керек, ешқандай ішімдік ішуге, темекі шегуге, кофе ішуге болмайды... Ия, ең бастысы, қымбаттым, өмірге көбірек шаттаныңыз.
Мәтінді жасыру
1-7
      Күйеуі:
      – Бұл жылы мен өмірі болып көрмеген жеріме барып демалғым келеді.
      Әйелі:
      – Сен ас үйді айтып отырсың ба?
Мәтінді жасыру
1-8
      – Ағаңыздың жағдайы қалай? Ол әлі ауруханада ма?
      – Жоқ. Шықты, бірақ жағыдайы қиындай түсті.
      – Не, сырқаты қайта асқынып кетті ме?
      – Жоқ, олай емес. Бірақ енді, мүмкін, медбикеге үйленуіне тура келетін шығар.
Мәтінді жасыру
1-9
      Жүргізуші жол бойындағы жанармай бекетінен бензин құйып алу үшін тоқтайды, оған бекет қызметкері былай дейді:
      – Сіз, біз ескі бағамен қызмет көрсетіп жатқан соңғы клиентсіз. Бұдан кейін бәрі жаңа бағамен төлейді.
      Риза болған жүргізуші толық бак құйып беруді сұрайды, есеп айырысқаннан кейін, сұрақ қояды:
      – Бензин бағасы қаншаға көтерілді?
      – Ол мүлде көтерілген жоқ, керісінше он пайызға түсті.
Мәтінді жасыру
1-10
      Пойыздың купесіне бір ханым төрт баламен кіріпті. Олар шулап, итерісіп, бір орында бір минутта отыра алмайды. Жолаушылардың бірі ашуланып айтыпты:
      – Егер сізде осынша көп бала болса, саяхатқа шығар алдында келісіп тым болмағанда олардың жартысын үйде қалдырып кетуіңіз керек еді.
      – Мен онсыз да дәл солай істедім, - депті әйел күрсініп...
Мәтінді жасыру
1-11
      Екі дос кездеседі:
      – Мен мені махаббатқа, қамқорлыққа және мейірімге бөлеймін деп уәде еткен қызды кездестірдім. Сен бұл туралы не ойлайсың?
      – Мен сенің сол қоршаудан қалай шығатыныңды ойланып отырмын...
Мәтінді жасыру
1-12
      Театрда әйелі күйеуінің бүйірінен түртіп:
      – Қымбаттым, қарашы! Анау біреу сенің жаныңда ұйықтап отыр!
      Күйеуі:
      – Енді не болыпты? Бұл мені оятуға осыда себеп болып па?
Мәтінді жасыру
1-13   🌞
      Екі құрбы кездесіпті:
      – Сен қатты арықтап кетіпсің, – деп қалыпты біреуі.
      – Күйеуім менің көзіме шөп салып жүр, – деп жауап беріпті ол. – Мен қатты қиналып жүрмін!
      – Онда онымен ажырасып кетсеңші!
      – Әзірше ертелеу, маған әлі бес килограмм тастау керек.
Мәтінді жасыру
1-14
      – Дәрігер, мен арақ іше аламын ба?
      – Жоқ.
      – Ал спирт ше?
      – Ешқашанда!
      – Ал сіздің дәрілеріңізді ше?
      – Неге осы сіз неше түрлі жаман нәрселерге әуессіз?
Мәтінді жасыру
1-15   🌞
      Дәрігер емделушіге:
      – Менің сіз үшін жайсыз жаңалығым бар...
      – Мен өлем бе?
      – Жоқ. Біз сізді емдейміз.
Мәтінді жасыру
1-16
      Психонервологтың кіреберіс есігінің тақташасындағы жазу:
      «Қабылдауды күтіп отырған науқастарға: Өтініш, бір-біріңізбен өз ауруларыңыздың белгі нышандарымен бөліспеңіздер, бұл диагноз қою кезінде қиындықтар тудырады».
Мәтінді жасыру
1-17
      Екеудің әңгімесі:
      – Семіз тақырбасқа жолдас емес!
      – Сен не өзіңді семізбін деп санайсың ба?
      – Жоқ, мен мына сен өзіңе өзің жаусың дегенді меңзеп тұрмын.
Мәтінді жасыру
1-18
      – Кеше балгер екі жүз рубльге маған күйеуімнің басқамен жүргенін айтты.
      – Екі жүз рубльге?! - деп қайта сұрапты құрбысы. - Мен саған бұны тегін-ақ айта салар едім...
Мәтінді жасыру
1-19
      Футбол матчында көрермендердің біреуі бір баладан сұрапты:
      – Әй сен осынша қымбат билетке ақшаны қайдан таптың?
      – Әкем алып берген.
      – Ал оның өзі қайда?
      – Ә, ол үйде. Билетті іздеуде...
Мәтінді жасыру
1-20
      – Сіз арыстандарды қолға үйретушісіз бе?
      – Дәл түстіңіз.
      – Неге олар сізге тиіспейді? Сіз сондай кішкентайсыз, ап-арықсыз және қатты қатал емес сияқтысыз...
      – Бүкіл фокустың мәні осыда. Менің ойымша - олардың барлығы да қашан менің семіргенімді күтіп жүрген сияқты.
Мәтінді жасыру
1-21
      Әйелі, есінеп, күйеуіне айтады:
      – Біздің отбасымызда бірсарынды өмір өтіп жатыр. Қалай жалықтырды десеңші! Бір ерекшелікті қалаймын – өмірімде ешқашан істемеген іс істегім келеді.
      – Солай ма! – деп қуанады күйеуі. – Менің шұлығымды жамап бер...
Мәтінді жасыру
1-22
      Әйел АІІБ келіп, күйеуінің төрт күн бойы үйінде болмағанын айтады.
      – Сіздің күйеуіңіздің әлдебір ерекше белгілері бар ма? –деп сұрайды кезекші милиция қызметкері.
      – Жоқ, бірақ ол үйге қайтып оралсын, сонда ол белгілер бірден пайда болады.
Мәтінді жасыру
1-23   🌞
      Әйелі күйеуіне:
      – Кеше көзім бір іліккен жоқ.
      – Сен бүкіл бөлмеге қорылдадың ғой.
      – Қорылдасам, мүмкін ұйықтап кетермін деп ойладым.
Мәтінді жасыру
1-24
      Әйелі күйеуінен сұрайды:
      – Бұл үлкен буманы қайда сүйретіп барасың?
      – Бұл саған арналған сыйлық, қымбаттым.
      – О, қандай шап-шағын...
Мәтінді жасыру
1-25
      – Анашым, неге мені мектепте бәрі ұмытшақ дейді?
      – Балақай, әрмен жүр! Сен көршілес кіреберісте тұрасың.
Мәтінді жасыру
1-26   🌞
      – Бүгін біздің компанияда кім көп іше алады атты сайыс өтті! - деді күйеуі әйеліне.
      – Сонымен, екінші орынды кім алды екен?
Мәтінді жасыру
1-27
      Қоңырау:
      – Алло, Петр Ивановичті бола ма?
      – Болмайды! Ендігі гүл шоқтарын шығарып жатыр...
      – Қайдағы гүл шоқтары? Ол не қайтыс болды ма?
      – Қайтыс болды.
      – Неден қайтыс болды?
      – Білмеймін, гүл шоқтарына «Әйелінен», «Енесінен», «Ұжымынан» деп жазыпты.
Мәтінді жасыру
1-28
      Күйеу бала енесіне шағымданып:
      – Бұл енді мүлдем шектен асып барады. Мүмкін сіз өз қызыңызға бірдеңе дерсіз?
      – Ә, не болып қалды?
      – Үшінші рет балықтан қайтып келіп, кереует астынан оның көңілдесін тауып тұрмын.
      – Онда барма балыққа, - деп ұсынды енесі.
      – Енді қалғаны сол еді! Мен оданда керуеттің аяқтарын арамен кесіп тастайын.
Мәтінді жасыру
1-29
      Енесі автомектепке сабақтарға бара бастады. Күйеу баласы сұрапты:
      – Егер сіз машинамен бір километрді жүріп тастағаннан кейін кенет машинаның кілті үйде қалып қойғанын байқасаңыз, қандай шара қолданар едіңіз?
      Енесі кекетіп жауап беріпті:
      – Мен тежегішті басып, оны итеріп келе жатқан топасты көру үшін машинадан шығатын едім.
Мәтінді жасыру
1-30
      Бір жігіт басқа біреуіне айтып жатыр екен:
      – Аквариум - менің осалдығым. Керек десең ондағы балықтар қалай жүзіп, асыр салып жатқанына сағаттап отырып қарай беремін.
      – Ал бұған сенің әйелің не дейді?
      – Оның шаруасы қанша, менің жұмыста не нәрсемен айналысатыныма.
Мәтінді жасыру
1-31
      Бір сүлік екіншісіне қоңырау шалып айтыпты:
      – Сізді үзгенім үшін кешірерсіз.
Мәтінді жасыру
1-32
      Вагон-ресторанда:
      – Даяршы, менің сыраны күтіп отырғаныма 200 километр болды.
Мәтінді жасыру
1-33
      Әйел тіс дәрігері бор-машинаны дайындап жатып пациентке:
      – Есіңде ме, Федя, сен мектепте менің артыма отырып алып қоймастан түйреуішпен шаншушы едің ғой?
Мәтінді жасыру
1-34
      – Қалай ойлайсыз, саяхатқа арналған шабаданды немен толтыруға болады?
      – Әрине, ақшамен.
Мәтінді жасыру
1-35
      Екі дос:
      – Білесің бе, менен әйелім кетіп қалды.
      – Онда бір бөтелке арақ алда өзіңнің қайғыңды сонда батырып жібер.
      – Бұдан ештеңе шықпайды.
      – Не, ақша жоқ па?
      – Ақша бар ғой. Қайғы жоқ қой.
Мәтінді жасыру
1-36
      Дәрігер көшеде өзінің пациентінің әйелін жолықтырыпты.
      – Айтыңызшы, - депті ол әйелге, - сіздің жолдасыңыз өзін қалай сезініп жүр? Ол өзінің енжарлығын қойды ма?
      – Сізге қалай айтса болады, дәрігер... Толығымен деуге келмейді. Таң ертең асүйге кіріп келіп ол бірінші менің басымнан қасықпен ұрады да, сосын барып шала піскен жұмыртқаны сүйеді.
Мәтінді жасыру
1-37
      Емтихан болып жатыр. Студент бары сол қысқа қос сөйлем жазылған парағымен шығып жауап бермек болды.
      Оқытушы:
      – Ал сіздің жауабыңыз қайда?
      – Басымда.
      – Ал мынау не? -деп қағазға басын изейді.
      – Ал мынау сыймай қалғаны.
Мәтінді жасыру
1-38
      Ивановқа учаскелік милиция қызметкері келеді:
      – Сіздің көршілеріңіз, сіз кеше әйеліңізге айқайлады деп арызданды.
      – Ол өзінің жалақысын қайда жұмсағанын айтқысы келмеді.
      – Бүгін таңертең оған неге айқайладыңыз?
      – Ол менің жалақымды қайда жұмсағанын айтты.
Мәтінді жасыру
1-39
      Өзінің енжарлығымен белгілі профессор шаштараздың креслосына отырып:
      – Шаш қиып бересіз бе?
      – Әрине профессор мырза, бірақ алдымен қалпағыңызды шешуіңізді өтінер едім.
      – О, кешіріңіз, мен тіпті бұнда бикештердің бар екенін байқамай қалыппын ғой!
Мәтінді жасыру
1-40
      Ері мен зайыбы демалысқа жиналып жатыр.
      – Балаларды анама тапсырайық - дейді зайыбы.
      – Фене тәтеме ит пен тотықұсты тапсырайық.
      – Аула сыпырушы мысықты алсын.
      Ері терезеге ойланып қарап тұр.
      – Егер пәтерде соншалықты тыныштық орнаса, неге басқа бір жерге баруымыз керек?
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Гульнар Абдраимова, Nurdaulet Aspenov, Сахи Шегебаев
Корректор: Азамат Биназаров



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  С казахским не шутят? Вернуться к началу Выпуск 02  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга