Казахский язык
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 29

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

29-1
      – Мына мысық қанша тұрады?
      – 1000 рубль.
      – Бірақ, кеше сіз ол үшін 200 рубль сұрағансыз.
      – Иә, бірақ бүгін ол тотықұсты жеп қойды.
Мәтінді жасыру
29-2
      Екі құрбы кездесіпті. Біреуі шағыныпты:
      – Күйеуімді тәртіпке үйрете алмадым.
      – Не болып еді?
      – Ол әмиянын әрдайым басқа бір жерге тығып тастайды.
Мәтінді жасыру
29-3
      – Тыңдашы, достым, маған мынаны түсіндірші. Әйелің әндете бастаған сайын, сен неге балконға шығып кетесің?
      – Жәй, мен оны ұрып жатыр деп ойлап қалмау үшін.
Мәтінді жасыру
29-4
      – Балам, сен енді үлкенсің, сондықтан сенімен сөйлесетін кез келді деп шештік...
      – Мәссаған, мен сендер мылқау деп ойласам.
Мәтінді жасыру
29-5
      Тілшілер жаңалықтарды бұрынырақ саналғандай ойлап таппайтындығы, оларды интернеттен алатындығы ғалымдардың соңғы зерттеулерінде анықталды.
Мәтінді жасыру
29-6
      Менің мысығымның жағдайына үңілсем, мен оның үйінде өмір сүріп жатқандаймын, ал оның түнерген көз қарасына қарасам, мен бұл үйден кетуім керек секілді.
Мәтінді жасыру
29-7
      – Сен мені енді жақсы көрмейсің! - деп әйелі күйеуіне мұның шағады. - Бұрын сен кеш бойы менің алдымда отырып, көзіме қарап, менің қолдарымды ұстап отыратынсың....
      – Біз пианиноны сатқаннан кейін, бұлай істеудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
Мәтінді жасыру
29-8
      Сары шашты қыз пиццерияға келіп пиццаға тапсырыс беріпті. Сатушы одан сұрапты:
      – Сізге 6 тілім қылайын ба әлде 12 ме?
      – Әрине 6-ау қылыңыз, мен деген 12 тілімді тауыса алмаймын ғой!
Мәтінді жасыру
29-9
      – Ал енді балам, сен үлкендердің алдында айтуға болмайтын сөздерді қайталап жіберейік...
Мәтінді жасыру
29-10
      «Тек шыныңды айт», - деп сұрағанда, қазір өтірік айту керектігін түсінесің.
Мәтінді жасыру
29-11
      – Қымбаттым, сен ертең менің анамның туған күні екенін білемісің?
      – Өй соны бір, жыл сайын бірдеңесі қайталана береді екен!
Мәтінді жасыру
29-12
      – Анашым, неге інімді ләйлек алып келді, ал мен қырыққабаттың (орамжапырақ) ішінен тауып алдыңдар?
      – Ләйлек түсіріп алған ғой сені...
Мәтінді жасыру
29-13
      Бір сары шашты қыз басқасынан сұрапты:
      – Сен не туралы армандайсың?
      – Мен періні кезіктіріп, ол маған 100 мың доллар сыйлағаны жайлы армандаймын...
      – Ал неге бірден миллион емес?
      – Енді, миллион дегенің шындыққа жанаспай қалады ғой.
Мәтінді жасыру
29-14
      Мейрамханада келуші ас мәзірін ұзақ қарап, даяшыны қасына шақырады:
      – Өтінемін, маған ахвлеадини тағамының бір порциясы.
      – Өкінішке орай бұл мүмкін емес.
      – Неге?
      – Ахвледиани - біздің директорымыз.
Мәтінді жасыру
29-15
      – Cаражан, енді біз сен қалағандай қымбат пәтерде тұратын боламыз!
      – Ой, Абрамым сол, мен қатты ризамын! Біз жаңа пәтер сатып аламыз ба?
      – Жоқ, бізге пәтерақыны көтеріп жіберді...
Мәтінді жасыру
29-16
      – Қымбаттым, біз үйленгенде мен сенімен барлық қорқынышың мен қамыңды бөлісетін боламын.
      – Бірақ, сүйіктім, менде ешқандай да қорқыныш та қамым да жоқ!
      – Мен айттым ғой - біз үйленген соң деп.
Мәтінді жасыру
29-17
      Еркек пен әйел әңгімелесіп отыр екен. Ханым:
      – Сіз мені шынымен танымадыңыз ба?
      – Жоқ. Мен кек сақтамаймын.
Мәтінді жасыру
29-18
      – Маша, неге көңіл күйің жоқ?
      – Күні бойы күйеуімді аңдыдым, сөйтсем шыныменде ол балық аулауға барыпты.
Мәтінді жасыру
29-19
      – Меніңше, бүгін сіздің жөтеліңіз жеңілдеген сияқты.
      – Иә, дәрігер, мен түні бойы жаттықтым.
Мәтінді жасыру
29-20
      – Сен шулаған уақытта шулайтын көрші - мінсіз көрші.
Мәтінді жасыру
29-21
      Әйелі күйеуіне:
      – Мені мазалама деп өтіндім ғой! Сенің кесірінен мен тамақ пісіру бойынша, нұсқаулықты жауып тастадым. Енді кешкі асқа не пісіргенімді білмеймін.
Мәтінді жасыру
29-22
      Күйеуі сыраханадан үйге жай оралады.
      – Бұл не деген сұмдық! Сен сыраханадан түннің біруағында келіп, мені оятасың, сосын мен ұйықтай алмаймын.
      – Сен маған көбірек ақша бер, сонда мен таңертең келем.
Мәтінді жасыру
29-23
      Әйел өзінің айнадағы бейнесін ұзақ әрі мұқият қарайды:
      – Түсіңе алар емеспін: мен құлпырып кеттім бе әлде көру қабілетім нашар болып кетті ме?
Мәтінді жасыру
29-24
      Жұмыстан демалу үшін адамның отбасысы жақсы болу керек. Және де енесі жақсы болу керек, осы жұмысыңа қуана баруы үшін.
Мәтінді жасыру
29-25
      – О, Лёша келді. Енді өзіміздің сүйікті ісімізбен айналыса аламыз.
      – Қандай?
      – Лёшаның кеткенін күту.
Мәтінді жасыру
29-26
      Әкесі қызын балабақшадан алып кетуге келді. Киіндіріп, аяқ-киімін кигізді, қолғабы ғана қалды. Әкесі:
      – Танечка, неге сенде төрт қолғап? Қайсысын киесің?
      – Әке! Бұл шұлықтар.
Мәтінді жасыру
29-27   🌞
      Бес жастағы балақай телефонға жүгіріп келді:
      – Алло!
      – Балақай, анаңды немесе әкеңді шақыршы.
      – Олар үйде жоқ.
      – Басқа біреу бар ма?
      – Иә.
      – Оны шақыршы, өтінемін.
      Біраз уақыттан кейін балақай телефонды тағы алып:
      – Ол ауыр. Мен оны бесік арбадан шығара алмаймын!
Мәтінді жасыру
29-28
      Сары шашты қыз несие рәсімдеп жатыр екен. Менеджер:
      – Мында сомасын жазбаша түрде жазыңыз!
      – Ал қалай сонда?
      –- Әріптермен да!
      – Жігітім, сіздің есіңіз дұрыс па? Мен сонда қалай санды әріппен жазып беремін?
Мәтінді жасыру
29-29
      Екі аққұба құрбылар бір-бірімен сөйлесіп тұр. Біреуі опасын алып шығып, айнасына қарады:
      – Мәссаған, түрі таныс сияқты.
      Құрбысы:
      – Берші, мен қарап көрейін... дұрыс, ақымақ, бұл мен ғой.
Мәтінді жасыру
29-30
      Анасы Олечкадан:
      – Үш қосу төрт қанша болады?
      – Жеті.
      – Жеті қосу төрт?
      – Білмеймін. Біз он бірге дейін әлі жеткен жоқпыз.
Мәтінді жасыру
29-31
      Абстракционист-суретші өнер сүйішу қауымға түсіндіріп жатыр:
      – Міне менің портретім. Қарама-қарсы әйелімдікі.
      Бір қарт адам күрсініп:
      – Сіздің балаларыңыз болмаған шығар?
Мәтінді жасыру
29-32
      Бастығы - хатшысына:
      – Жексенбі күні не істейсіз?
      Хатшысы үміттеніп:
      – Ештеңе.
      – Онда сіздің есіңізге түсірейін, бүгін жексенбі емес.
Мәтінді жасыру
29-33
      – Мен ертең дәрігерге барамын.
      – Дәрігерге? Ауырып қалдың ба?
      – Ауырып қалдым деп үміттенем. Әйтпесе аман болсам, өзімді сонша нашар сезінер ме едім?
Мәтінді жасыру
29-34
      Көшеде:
      – Бойжеткен! Сіздің анаңызға күйеу бала керек жоқ па?
      – Жоқ...
      – Ал әкеңізге шөлмектес ше?..
Мәтінді жасыру
29-35
      – Қымбаттым, менің көзім аспан секілді көкпеңбек пе?
      – Иә.
      – Ал еріндерім раушан гүлдері секілді қып-қызыл ма?
      – Иә.
      – Мен сенің осындай қошаметтеріңді жақсы көремін!
Мәтінді жасыру
29-36
      Қызы аспаз мамандығына оқып жатыр. Анасы:
      – Сендерге өздерің дайындаған асты ішуге рұқсат бере ме?
      Қызы (жыламсырап):
      – Бізді мәжбүрлейді.
Мәтінді жасыру
29-37
      Тәрбиеші:
      – Никита, сен өскенде кім болғың келеді?
      – Әрине, сәулетші: бұрышы жоқ үйлерді салып тастаймын.
      – Неге бұрышы жоқ үйлер?
      – Олар әбден жалықтырды!
Мәтінді жасыру
29-38
      Екі достар кездесті. Оның біреуі екі түрлі-түсті теледидар әкеле жатыр.
      – Саған екеуінің қажеті не?
      – Енем, түрлі-түсті теледидар үшін, өмірімнің жартысын берем! - деді.
Мәтінді жасыру
29-39
      Қонақ үйдің әкімшілігі:
      – Егер сіз, маған бұл өзіңіздің әйеліңіз екенін дәлелдей алмасаңыз, мен екеуіңізді бірге орналастыра алмаймын.
      – Ал егер, сіз бұл менің әйелім емес екенін дәлелдей алсаңыз, мен онда сізге өле - өлгенше ризалығымды білдіремін...
Мәтінді жасыру
29-40
      Сары шашты қыз дүкенге кіріп, кезекте көп тұрды.
      – Маған екі киле алма.
      – Біз сары шаштыларға алма сатпаймыз.
      – Неге? - деді ренжіп.
      – Бұл дәріхана!
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гаухар Назымбекова, Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Выпуск 28 Вернуться к началу Выпуск 30  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга