Казахский язык
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 33

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

33-1
      – Менің күйеуім сондай жалқау! Ол тіпті көбірек ештеңе істемеу үшін таңғы бесте де тұрады!
Мәтінді жасыру
33-2
      Баласы ыдыс-аяқ жуып жатқан әкесінен сұрайды:
      – Әке, сен мамама қанша жыл қызмет етудесің?
Мәтінді жасыру
33-3
      Жас тәрбиеші тәжірибелі тәрбиешіден сұрайды:
      – Баланы шомылдыру үшін су ыстық па, әлде салқын ба екенін қалай білуге болады?
      – Оп-оңай: егер бала көгерсе - суық, қызарса – ыстық болғаны.
Мәтінді жасыру
33-4
      Әйелі күйеуіне жолығуға алдын ала түрмеге келеді.
      – Қалың қалай? - деп сұрады күйеуі.
      – Алаң болма! Сенің ұрлағандарыңның барлығын мен жұмсап үлгердім, сондықтан ешқандай дәлел қалған жоқ.
Мәтінді жасыру
33-5   🌞
      – Менің оң аяғым мазалап жүр – қайта-қайта ауыра береді.
      – Бұл жасыңызға байланысты.
      – Бірақ сол аяғым да сол жаста ғой, бірақ ол ауырмайды.
Мәтінді жасыру
33-6
      Бір еркек үйіне таңға жақын оралады. Әйелі:
      – Есің дұрыс па? Неге таңғы бесте келдің?
      – Себебі бұл осы уақытта ашық тұратын жалғыз орын.
Мәтінді жасыру
33-7
      «Жерлеу жора қызметтері» дүкенінде сатып алушы табытты қарап тұрады.
      – Қалай ойласыздар, қандай табыт жақсы?
      –Айту қиын, - деп жауап береді сатушы. – Мырыштан жасалғандар төзімдірек, бірақ ағаштан жасалғандар денсаулыққа пайдалы.
Мәтінді жасыру
33-8   🌞
      Бір еркек танысына шағымдануда:
      – Білесің бе, менің әйелім өз-өзімен сөйлеседі.
      – Онда не тұр? Менің әйелім де өз-өзімен сөйлеседі. Бірақ оны өзі білемейді...
      – Қалайша?
      – Ол мен оны тыңдап отыр деп ойлайды...
Мәтінді жасыру
33-9
      Математика сабағында оқытушы есептің шартын түсіндіруде:
      – Салынып жатқан үйдің баспалдақ аралығы 5, әрқайсысы 20 басқыштан құралған. Соңғы қабатқа көтерілу үшін қанша басқыштан жүріп шығу қажет?
      – Бәрін, - деп жауап береді Вова.
Мәтінді жасыру
33-10
      Нәзік жанды ханым жас жігітпен орманда серуендеп жүр, үлкен ағаштың алдына келіп тоқтайды.
      – Тамаша шегіршін, - дейді ол, - егер сөйлей білсең маған не айтар едің?
      – Мүмкін, ол: «Кешірерсіз, ханым, бірақ мен еменмін», - дер еді.
Мәтінді жасыру
33-11
      Бастығы - хатшысына:
      – Сіздің жұмыста ғашықтық хат жазғаныңызды түсіне аламын, бірақ неге оны маған қол қоюға ұсынасыз?
Мәтінді жасыру
33-12
      Әкесі Воваға әңгімелеуде:
      – Мен кішкентай кезімде ешқашан өтірік айтқан емеспін.
      – Өтірікті қашан айта бастадың, папа?
Мәтінді жасыру
33-13
      – Даяшы! Бұл не сорпа? Қатты бензин сасиды!
      – Бензин бе? Демек, картоп сорпасы. Күріштікі бізде солярка сасиды.
Мәтінді жасыру
33-14
      Дәріханада:
      – Сіз сенімдісіз бе, бір шөлмектің көмектесетініне?
      – Сенімдімін. Ешкім екінші рет келген жоқ.
Мәтінді жасыру
33-15
      Ұшақта бір байсалды жас адам жанында отырған әдеміше келген көршісімен сөйлесуге батылы жетпей отырды. Әйтеуір, бар батылын жиып:
      – Кешіріңіз, сіз де осы ұшақта ұшып келесіз бе?
Мәтінді жасыру
33-16
      Екі құрбы кездесіпті:
      – Мен кеше жаңа жұмысқа орналасуға бардым.
      – Естідім. Мен сені қатты уайымдадым.
      – Білемісің, соған қарамастан мені жұмысқа қабылдады.
Мәтінді жасыру
33-17
      Дәрігер емделушіге:
      – Сіз біреулермен кеңесіп пе едіңіз?
      – Мен дәріханашымен ақылдастым.
      – Елестетемін, ол сізге қандай жоқ сөзді айтқанын.
      – Ол сізге жүгінуімді өтінді.
Мәтінді жасыру
33-18
      – Милиция мені көлігімді айдап кеткен адамды ұстап алды. Түрмедегі оған кіріп шығу керек.
      – Оның қажеті не?
      – Қалайша? Ол менің көлігімді қалай от алдырғанын білейін деп едім!
Мәтінді жасыру
33-19
      – Бүгін менің түсіме тағы да аяғымды жарақаттап алғаным енді.
      – Саған қанша айту қажет: жалаңаяқ ұйықтама.
Мәтінді жасыру
33-20
      Еркектердің өтірік айтатынына, сөзсіз әйелдер кінәлі. Себебі олар тым көп сұрақ қояды.
Мәтінді жасыру
33-21
      – «Жедел жәрдем»? Тез жетіңіздер! Менің балам қаламсапты жұтып қойды.
      – Қазір шығамыз.
      – Сіздер келгенше мен не істеуім керек?
      – Әзірше қарындашпен жаза беріңіз.
Мәтінді жасыру
33-22
      Би кезінде кавалер қызды өзіне қарай қысып, құлағына сыбырлайды:
      – Ой, мен өзімді жаннаттағыдай сезінемін!
      – Шынымен бе? - деп жауап берді қыз. - Ал мен автобуста келе жатқандаймын.
Мәтінді жасыру
33-23
      – Сен маған берген уәдеңді орындамадың! – деп ренжиді жігіт қызына.
      – Ештеңе етпейді, қымбаттым. Мен саған басқасын беремін.
Мәтінді жасыру
33-24
      Қонақ үйде:
      – Сіздерде қандала бар ма?
      – Жоқ, бірақ сіз қаласаңыз...
Мәтінді жасыру
33-25
      Ауруханада:
      – Жараланғанның аты-жөнін сұраңыз, оның ата-анасына хабарлау үшін.
      – Дәрігер, ол оның ата-анасы оның аты-жөнін жақсы біледі дейді.
Мәтінді жасыру
33-26
      – Апа, білесің бе, мен автобуста бір тәтейдің аяғын басып кеттім, сонан соң одан кешірім сұрадым, ал ол маған кәмпит берді.
      – Ал сен оған ырзалығыңды білдірдің бе?
      – Жоқ, мен оның екінші аяғын басып кеттім!
Мәтінді жасыру
33-27
      – Сіз не белгіні көрмедіңіз бе? Мынада тек бір бағытта ғана жүруге болады!
      – Мен екі бағытта келе жатырмын ба?
Мәтінді жасыру
33-28
      – Барлық тың ойлардың негізгі мақсаты - адамдардың уақытын үнемдеу.
      – Иә, солай тек теледидарды ойлап тапқанға дейін болды.
Мәтінді жасыру
33-29
      Желтоқсан айында елдің қара нарығында, жалған шырша ойыншықтары сатылады дейді. Сырт бейнесіне қарап жалғаннан айыра алмайсың, бірақ ешқандай қуаныш сыйламайды...
Мәтінді жасыру
33-30
      – Жалаң аяқ жүру - денсаулыққа пайдалы.
      – Иә, шыныменде. Мен таңертең оянғанда, аяғымда аяқ-киімім болған кезде, басым қатты ауырады.
Мәтінді жасыру
33-31
      Компьютер дүкеніне әже кіріп, ашумен сатушыға:
      – Мен сізден тінтуір төсемін сатып алдым, ал ол болса істемейді.
      Сатушы абыржып:
      – Түсінбедім? Бұл қалай болғаны?
      – Қорада жатқанына бір апта болды, бір-бір тышқанды ұстаған жоқ.
      Сөренің алдында сатып алушы тұр, сатушылардың аң-таң түрін көріп, әжеге өзі түсіндіреді.
      – Бұл тышқандарды ұстайтын төсем емес, олар бөлмеге кірген кезде аяқтарын сүртетін төсем!
Мәтінді жасыру
33-32
      Екі аққұба бөлмеде отыр. Біреуі екіншісіне:
      – Сиқыр көрсетейін бе?
      Екіншісі көрсет дегендей белгі береді.
      – Көріп тұрсың ба? Шам жанып тұр.
      – Ал көріп тұрмын.
      Біріншісі қосқыштың жанына келіп, шамды өшіріп:
      – Қазір қайда?
      Екіншісі:
      – Білмеймін (абыржып).
      Біріншісі тоңазытқыштың қасына келіп, есігін ашып:
      – Міне!!!- деп айғайлайды.
Мәтінді жасыру
33-33
      Қымбатты балам! Сен ақша сұрап жазған хатыңды алған жоқпын...
Мәтінді жасыру
33-34
      Егер әйел сыр сақтай білсе, онда оның құрбылары жоқ.
Мәтінді жасыру
33-35
      Есіктің қоңырауы қағылды. Тіс дәрігері есікті ашады. Есіктің алдында он ұл бала тұр.
      – Менің тісімді жұлу керек,- деп біреуі айтады.
      – Ал сенің достарың ше?
      – Олар менің айқалағанымды тыңдау үшін келді.
Мәтінді жасыру
33-36
      – Мен таңертең үйге келгенімде, әйелім біздің үйге ұры түскенін айтты.
      – Сосын ұрыға не болды?
      – Ауруханада жатыр. Әйелім мен қайтып келдім деп ойлап қалыпты.
Мәтінді жасыру
33-37   🌞
      Студент-қыз көлік жүргізу куәлігін алып, алғаш рет анасын үйге жеткізіп салды. Көлік тоқтаған кезде анасы:
      – Рахмет саған.
      – Оқасы жоқ,- деді қызы.
      – Мен оны саған емес, Құдайға айттым.
Мәтінді жасыру
33-38
      – Сен түсінде сөйлейсің бе?
      – Жоқ, сен?
      – Мен сөйлеймін, басқаша болмайды.
      – Неге?
      – Өз үйімде сөйлеп қалудың соңғы мүмкіндігі.
Мәтінді жасыру
33-39
      – Велосипедті жақсы тебе аласың ба?
      – Найзағай сияқты!
      – Жылдам?
      – Жоқ, ирек.
Мәтінді жасыру
33-40
      Дүкенде:
      – Сіздерде қонымды жейде табылмас па екен?
      – Мысалға , менің үстімдегідей?
      – Жоқ, тазарақ.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Гаухар Назымбекова, Гульнар Абдраимова



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Выпуск 32 Вернуться к началу Выпуск 34  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга