Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 6

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

6-1
      – Егер мен қателеспесем, ертең сенің күйеуіңнің туған күні ғой? Сен оған қандай сыйлық дайындап қойдың?
      – Оған не сыйларымды тіпті білмей отырмын. Күйеуімде онсыз да маған керектің бәрі бар.
Мәтінді жасыру
6-2
      – Сен қалайша әйеліңмен қырылысып жүріп, енеңді сыйлайсың?
      – Бір кездері енемнің өзі некемізге қарсы болған.
Мәтінді жасыру
6-3
      Әйелі күйеуін оятуда:
      – Саған не болған? Неге соншалықты айқалайсың?
      – Менің түсіме Марусяның батып жатқаны кірді.
      – Қайдағы Маруся тағы?
      – Сен оны танымайсың, мен онымен түсімде танысқанмын.
Мәтінді жасыру
6-4
      Әйел адам дәрігерге шаршағандықты сезіну мен бас ауруына шағымдануда.
      – Сізге, науқас, тұрақты тыныштық қажет.
      – Дәрігер, сіз менің тіліме де қарамай-ақ, осылайша бірден кеңес бере саласыз ба?
      – Сіздің тіліңізге де тұрақты тыныштық керек.
Мәтінді жасыру
6-5
      Тойдан кейін қалыңдық қонақтарды шығарып салып:
      – Қайырымды адамдар(Құрметті қонақтар), бізден бір ағаттық болса, ренжімеңіздер, мен бірінші рет күйеуге шығып отырмын, келесі жолы дұрыс болар.
Мәтінді жасыру
6-6
      – Мемлекеттік қызметкерге тіл тигізгендігіңіз үшін 500 рубль көлеміндегі айыппұл саламын. Сіздің бұған қосатыныңыз бар ма, айыпкер?
      – Негізі айтқым келеді. Бірақ бұндай бағалардан кейін...
Мәтінді жасыру
6-7
      – Питерде үйленгем. Болмай қалды...Екінші рет - Мәскеуде, тағы болмады. Ал үшінші рет, Вязникиде болғанда, сәті түсті! Енді тек қана Вязникиде үйленетін боламын!...
Мәтінді жасыру
6-8
      – Ақшаны кімнен қарызға алуға болады?
      – Пессимистерден, олар сіздің ақшаны қайтармайтыныңызға сенімді.
Мәтінді жасыру
6-9
      Кеме батып барады. Жолаушылар үрейленіп, бәрі кішкентай қайыққа топырлап мініп жатыр. Біреуі салмақты түрмен капитаннан:
      – Mен өте жақсы жүзгішпін. Жерге дейін алыс па?
      – Бір миля,- деп қабағын түйіп жауап береді.
      – Қай жаққа қарай?
      – Тіке төмен.
Мәтінді жасыру
6-10
      Әйелі күйеуінен сұрайды:
      – Қымбаттым, мен үшін аспаннан жұлдыз алып бересің бе?
      – Әрине, қымбаттым, алып беремін.
      – Қымбаттым, сен мен үшін өлесің бе?
      – Әрине, қымбаттым, өлемін.
      – Қымбаттым, сен бүгін мен үшін ыдыс-аяқты жуа аласың ба?
      – Жалпы алғанда жуа аламын... Бірақ ретімен бастайық.
Мәтінді жасыру
6-11
      – Сонымен, сіз аптасына қанша алғыңыз келеді?
      – Үш жүз.
      – Үш жүз?! Ұялсаңызшы! Сізде не біліміңіз, не жұмыс тәжірибеңіз де жоқ...
      – Жоқ, сіз ойлап көріңізші: өзіңнің не істеп жатқаныңды түсінбейтін жұмысты істеу әлдеқайда қиын ғой!
Мәтінді жасыру
6-12
      – Маған сіздің көмегіңіз керек, - деп жүгінді пациент психоаналитикке.
      – Сіз мамандығыңыз бойынша кім боласыз?
      – Мен психоаналитикпін.
      – Онда өз өзіңізге көмектесіп көріңіз!
      – Көрдіңіз бе, мен тым қымбат аламын.
Мәтінді жасыру
6-13
      – Біз енді ғана үйленген кезде, сен өзіңе кішкене бөліктерін алып, маған ең үлкендерін қалдыратынсың. Сен мені енді сүймейсің!
      – Қайдағыны айтасың, қымбаттым. Жәй, сен тағамды жақсы әзірлейтін болдың.
Мәтінді жасыру
6-14
      Анасы қызына "тірі" йогурт сатып алды, үйге әкеліп, тоңазытқышқа салып қойды. Түнде йогурт құтысынан шығып алып, борщты опырып, шұжықты да жеп, арақтың бөтелкесінен бір сіміріп, құтысын алып, қайта дүкенге кетіп қалыпты. Сол күйі қыз йогурттан дәмін тата алмады.
Мәтінді жасыру
6-15
      Анасы қонақтармен бірге бір бокал шарап ішіп алып, кішкентай қызын жатқызуға кетті.
      – Анашым, сен неге әкемнің иіссуын себініп алғансың?!
Мәтінді жасыру
6-16
      – Қара, қара, жұлдыз құлап барады! Тілек сұра.
      – Екеуміз үйленсек екен.
      – Ой, қара, артқа қарай ұшып барады...
Мәтінді жасыру
6-17
      Жас жігіт окулистке келіпті:
      – Дәрігер, үйлену тойынан кейін менің көзімнің көру қабілетіне бірдеңе болған: мен ақшаны көре алмаймын!
Мәтінді жасыру
6-18   🌞
      Халықтың ырымы:
      «Егер әйел жұмсара бастаса, онда бұл айлықтың жақындағаны».
Мәтінді жасыру
6-19
      Ер адам балдаққа сүйеніп келе жатады. Қарсы бағытта досы шығып:
      – Саған не болған?
      – Көлік апаты.
      – Сұмдық-ай! Сен енді балдақсыз жүре алмайтын болдың ба?
      – Білмеймін. Дәрігер жүре аласың десе, ал қорғаушым жоқ дейді.
Мәтінді жасыру
6-20
      Рульге жақында отырған біреу сағатына жиырма километрмен жүріп, барлық ережені сақтап келе жатқан еді. Инспектор тоқтатады.
      – Бірақ не үшін?
      – Ал сіз бұлайша қайда жорғалап барасыз?
Мәтінді жасыру
6-21
      Жағалауда бір ер адам әйел адамға айтыпты:
      – Сіздің балаңыз менің жейдемді құмға көміп тастады.
      Әйел ештеңе деп жауап қайырмапты.
      – Бұл менің жейдем!
      Әлгі әйел үндемейді.
      – Апай !
      – Сіз неге айқайлайсыз, бұл менің балам емес. Менікі сіздің қалпағыңызда шиелерді жуып отыр.
Мәтінді жасыру
6-22
      Сотмедсараптаушы практикантқа айтуда:
      – Жазыңыз: «Басының бас сүйегі зақымдануы...»
      Практикант:
      – Мүмкін «Бас сүйектің-ми зақымы» деп жазған дұрысырақ болатын шығар?
      Сотмедсараптаушы:
      – Оның миы жоқ, тексеретін де дәнегесі жоқ. Недейсің енді, әйелінің туған күніне көңілдесімен келгенге.
Мәтінді жасыру
6-23
      – Жоқ, мен сіздің отаңызға келіскенше, өле салғаным артық!
      – Ашуға салынбаңыз. Біреуі басқасына кедергі емес.
Мәтінді жасыру
6-24   🌞
      Мүйізтұмсық өте нашар көреді. Бірақ оның салмағында бұл оның мәселесі емес.
Мәтінді жасыру
6-25
      – Ал, тамырыңның соғысы жақсы екен, - деді дәрігер науқастың тамырын ұстап отырып.
      – Дәрігер, бұл протез ғой!...
Мәтінді жасыру
6-26
      Сұлтан өзінің үш жүз әйелін жинап алып:
      – Мен сендерді тастап барамын. Мен басқа гаремді ұнатып қалдым.
Мәтінді жасыру
6-27
      Психиатр - ем қабылдаушыға:
      – Сонымен, әр түн сайын басыңыздан оқтаумен соғып, сізге айғайлайтын және тарпа бас салатын құбыжықты түсіңізде көресіз? Оянған сәтіңізде құбыжық жоғалып кетеді ме?
      – Мәселе сонда ғой. Таңертең ол: «Ұйықтауыңды доғар. Балаларды балабақшаға апар» деп айғайлайды.
Мәтінді жасыру
6-28
      Судья:
      – Демек, сіз сол кеште көлік айдаған кезде сау болғаныңызды растайсыз ба?
      – Әлбетте.
      – Жалпы сіз қалай, ішесіз бе?
      – Сізді дұрыс түсінбедім, судья мырза. Бұл сұрақ немесе ұсыныс па?
Мәтінді жасыру
6-29
      Үйленбеген екі ер азамат бір-бірімен сөйлесіп отыр:
      – Жуылатын тұсқағаз керемет нәрсе. Дегенмен, оларды жуу үшін қабырғадан жұлып алып, жуу машинасына салу біраз әуреге салады.
Мәтінді жасыру
6-30
      – Тыңдашы, әйелің ажарланып кетіпті ғой.
      – Оны қайдан шығардың?
      – Кеше оны сенімен бірге көлікте көрдім.
      – Жоқ, ол әлгі итімді ветеринарға апарғам...
Мәтінді жасыру
6-31
      Қарт әже көкөніс дүкеніндегі сатушыға:
      – 5 кг картоп алғым келіп еді, бірақ жеткізе алмаймын деп қорқам.
      – Әже, алыңыз,- деп сатушы жұбатты,- мен сіз көтере алатындай өлшеп беремін.
Мәтінді жасыру
6-32
      Әлдекім есікті қақты...
      – Кім бұл?
      – Ажалың.
      – Болсаң қайтеін?
      – М, шынымды айтсам, болды…
Мәтінді жасыру
6-33
      – Сенің екінші рет күйеуге шыққаны жайлы естідім.
      – Иә, бірақ мені оның менен жас болғаны алаңдатады.
      – Уайымдама, сенің қасында ол тез-ақ қартайып кетеді.
Мәтінді жасыру
6-34
      Екі қаңғыбас қоқыс жәшігінің алдында тұр. Біреуі екіншісіне:
      – Мәссаған, халық кедейленіп кеткен бе? Алатындай түгі жоқ нәрселерді лақтырады!
Мәтінді жасыру
6-35
      Жұмысында қатты жарақат алған құрылысшы, ауруханада өзінің досын қабылдауда:
      – Дәрігерлер менің жағдайым нашар деді, тіпті аман қалуым екіталай. Қаншалықты менің жағдайым нашар болып тұрғанымен, мен саған бір нәрсені айтуым керек. Әйелің көзіңе шөп салып жүр.
      – Рас па? Қалай білдің?
      – Мен сенің пәтеріне қарама-қарсы құрылыста жұмыс істегем. Кейінірек бейтаныс бір еркектің сенің әйеліне гүл мен шарап сыйлағанын көрдім.
      – Әрі қарай не болды?, - деп досы ашуланып, бөліп жібереді.
      – Сосын олар диван үстіне жайғасып, әңгіме үстінде шараптан ұрттап отырды, сосын ол оны құшақтай бастады...
      – Қысқарақ айтсаңшы! Кейін не болды?
      – Кейін ол әлгі еркекті сүйді де, асықпай шешіне бастады...
      – Сосын ше? Сосын?
      – Кейінгісі есімде жоқ. Көрермендер шамадан тыс жиналғандықтан, құрылыс сатысы құлап кетті.
Мәтінді жасыру
6-36
      Жас еврей жігіті егде еврей Тору кітабың оқып отырған пойыз купесіне енеді. Біраз уақыт өткеннен кейін жігіт сұрақ қояды:
      – Кешіріңіз, сіз уақытты айтып жібересіз бе?
      Егде еврей оған көңіл бөлмей кітабың оқи береді. Тағы біраз уақыт өткеннен кейін жігіт қайта сұрайды:
      – Кешіріңіз, сіз сағат неше болғанын айтып жібересіз бе?
      Жауап - бұрынғыдай. Тағы біраз уақыттан кейін пойыз соңғы пунктіге келеді, егде еврей сағатына қарайды және жас еврейге жауап береді:
      – Төрт жарым.
      – Рахмет, - дейді жігіт, - бірақ маған қазір уақытты білу қажет емес. Неліктен маған ертерек жауап бермедіңіз?
      – Түсінесіз бе, егер мен сізге бірден уақытты айтсам, біз сөйлесе бастар едік, танысар едік, одан кейін біздің екеуіміздің де осы қалада тұратындығымыз анықталар еді, бізде бір-бірімізге деген сыйластық сезімі пайда болар еді, содан кейін сіз маған қонаққа келер едіңіз, қызыммен танысар едіңіз, оған ғашық болып қалар едіңіз, үйленгіңіз келер еді, ал мен қалайша өзіне сағат сатып алуға жағдайы жоқ адамға қызымды беремін?
Мәтінді жасыру
6-37
      Сот отырысы. Судья айыпталушыдан сұрайды:
      – Айыпталушы, сіз жәбірленушінің басынан табамен ұрғаныңызды мойындайсыз ба?
      – Мойындаймын, судья мырза, бірақ оның аяқтары бұл оқиғаға дейін қисық болған.
Мәтінді жасыру
6-38
      Үйдің иесі:
      – Мен сізді осы бөлмеден ақшаңызды төлемегеніңізше шығармаймын.
      Студент:
      – Үлкен рақмет! Ұзақ уақытқа баспана таптым ғой.
Мәтінді жасыру
6-39
      Баласы әкесінен:
      – Әке, есі ауысқандарды қалай ұстап алады?
      – Кәдімгідей, балам. Бетке жағатын опа-далап, әдемі көйлектер мен сүйкімді күлімсіреудің көмегімен.
Мәтінді жасыру
6-40
      – Мен әкем сияқты ай сайын 10 000 доллар табуды армандаймын.
      – Сенің әкең ай сайын 10 000 доллар таба ма?
      – Жоқ, ол да армандайды.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова
Корректор: Мади Толегенов


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 05 Вернуться к началу Выпуск 07  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга