Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 32

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

32-1
      Ер азамат касса алдында шу шығарды:
      – 150 рубльдік қағазды өміріңізде алғаш көрдіңіз бе? Оның жалған екенін қайдан білесіз?
Мәтінді жасыру
32-2
      – Мен сен шашыңды қысқа қылып кескеніңді қаламаймын!
      – Солай ма?! Ал сен тақыр бас болған кезінде, менен сұрап пе едің?
Мәтінді жасыру
32-3
      Абрам бес жасқа дейін сөйлемепті. Кенеттен таңғы ас басында сөйлейді:
      – Неге менің шәйіме қант салмадыңдар?
      Қуанған әке-шешесі:
      – Бұрын неге үндемедің?
      – Бұрын салатын едіңдер.
Мәтінді жасыру
32-4
      Үй иесі әйел – қонақтарға:
      – Дәм татыңыздар, ұялмаңыздар.
      Кенеттен кішкентай қыз:
      – Мама, сен дұрыс айтып отырған жоқсың. Бізді балабақшадағыдай: «Үйлеріңде өз қалағандарыңды жейсіңдер, мұнда не берсе соны жеңдер»! – деп айт.
Мәтінді жасыру
32-5
      – Әке, ә- к-е! - деп былдырлады бөбек, әкесіне қарай жүгіріп.
      – Сен ылғи маған уақ-түйек бұйымшалармен жабыса бересің, менің жүргізетін сабақтарыма бөгет жасайсың, енді сен мен сұрағанда ғана сөйлейтін бол! - деді әкесі.
      – Әке, менен тезірек сұрашы, сен көліктің тежегішін қойдың ба, ол қазір көшемен төмен жүріп кетпей ме.
Мәтінді жасыру
32-6
      Анасы:
      – Кім алмұртты жеді?
      Қызы қорқып:
      – Білмеймін!
      – Тағы жегің келе ме?
      – Келеді.
Мәтінді жасыру
32-7   🌞
      Интеллигентті ер азамат көшеде қыдырып келе жатыр. Жылап тұрған әжені көріп:
      – Әже, сізді ренжіткен кім? Неліктен жылап тұрсыз?
      – Ақшасы бар әмиянымды ұрлап кетті.
      – Көп ақша болды ма?
      – Көп, балам, 50 рубль.
      – Мінекей, әже, 50 рубль, енді жыламаңыз!
      – Балам, бәлкім әмиянымды да қайтарарсың?
Мәтінді жасыру
32-8
      Су перісі әкесіне жүзіп келіп:
      – Әке, мен жақсы істер істедім. Адамдар бір жануарды жіппен байлап, суға қоя берді, ал мен сол жіпті қиып тастадым, еркіндікте өмір сүрсің.
      – Жарайсың, қызым! Бірақ енді олай істеме. Бұл жануар емес, сүңгуір.
Мәтінді жасыру
32-9
      Дауыл. Барлық жолаушылар ортақ бөлмеге жиналды. Бір әйел күйеуінің бүйірінен итеріп:
      – Қарама-қарсы отырған әйелдің бетіне қарашы. Маған сондай қою жасыл түсті көйлек алып бер.
Мәтінді жасыру
32-10
      Егер сіз жұмыстан келгенде, үй таза жиналған болса, балалар сабақ оқып отырса, әйелің тамақ пісіріп жатса, ал ит өз орнында ұйықтап жатса, олар сенің компьютеріңді сындырды деген сөз.
Мәтінді жасыру
32-11
      – Ән айтуыңды доғар! Сенің кесіріңнен ұйықтай алмай жатырмын.
      – Жарайды сенің ұйықтағаныңды тосам.
Мәтінді жасыру
32-12
      Мөңке балықты ұстап алдым, оған кулоны бар алтын алқа тығып қойдым. Үйге алып келдім... Содан бері мені әйелім балық аулауға өзі қуып шығады!
Мәтінді жасыру
32-13
      – Сен бүгін не істейсің?
      – Ештеңе...
      – Сен оны кеше істедің ғой?!
      – Аяқтаған жоқпын...
Мәтінді жасыру
32-14
      – Мұнда суға түсуге тыйым салынған,- деп полицей суға кіргелі тұрған әйелге.
      – Мен шешініп жатқан кезде, бұл туралы неге айтпадыңыз?
      – Шешінуге мұнда тыйым салынбаған.
Мәтінді жасыру
32-15
      – Білесің бе,- деп мұғалім тіл алмайтын балаға, - мен үш күн сенің анаң болғым келеді және сол күн ішінде сені жөндер едім.
      – Жарайды, әкеммен сөйлесіп көрейін, мүмкін келісер.
Мәтінді жасыру
32-16
      Анасы қызыңа той алдында ақыл-кеңестерін айтып жатыр:
      – Қызым, саған мынадай кеңес бергім келеді: күйеуіңмен ешқашан дауласпа, бірден көз жасына көш.
Мәтінді жасыру
32-17
      Анасы қызынан:
      – Сенің жаңа жігітің қандай адам? Жөні түзу адам ба?
      – Әрине, анашым, ол өте үнемді, ішпейді, шылым шекпейді. Оның ғажайып әйелі, сонымен қатар жақсы тәрбие көрген үш баласы бар.
Мәтінді жасыру
32-18   🌞
      Театрдың халық көп жиналған фойесі:
      – Мен жаңа ғана ішінде 1000 доллары бар әмиянымды жоғалтып алдым! Қайтарып берген адамға 100 доллар беремін!
      Топтан басқа дауыс:
      – Маған қайтарып берген адамға 200 доллар беремін!
Мәтінді жасыру
32-19
      10 миллион рубль ұрланғаны туралы сот процессі. Сот кіріп келеді де айыпталушының қорғаушысы жоқ екенін көреді де сұрақ қояды:
      – Айыпкер, сіз неге қорғаушысыз келгенсіз? Сіз өзіңізді өзіңіз қорғайсыз ба?
      – Мәртебелім, менің қорғаушым ақшаны менің иемделгенімді білсімен қашып кетті.
Мәтінді жасыру
32-20
      – Мен бүгін мысық сатып алдым.
      – Неге?
      – Әйелім тышқандардан қорқады.
      – Тышқандар қайдан келген?
      – Кеше өзім алып келдім.
      – Не үшін?!!
      – Көптен бері мысық ұстағым келіп жүр еді...
Мәтінді жасыру
32-21
      – Әке жердің доңғалақ екені қайдан белгілі?
      – Сенде қатырасың! - деп таңдаңады әкесі. - Сен не глобусты көрмеп пен?
Мәтінді жасыру
32-22
      Әйелі - күйеуіне:
      – Бар, жейдеңді үтікте, әйтпесе адамдар мен сен үшін түк істемейді деп ойлап қалуы мүмкін!
Мәтінді жасыру
32-23
      Жігіт бір құшақ гүл мен конфет қорабын ұстап, сүйіктісінің үйіне келіп, есікті қағады:
      – Сәлем!
      – Ой, рахмет! Бұл кімнен?
Мәтінді жасыру
32-24
      Ер бала дүкенге келіп:
      – Маған бәтеңке бауың беріңізші!
      – Балақай, қандайы керек?
      – Ммм... біреуі сол аяққа, екіншісі он аяққа.
Мәтінді жасыру
32-25
      – Алло, емхана ма? Дәрігердің қабылдауына жазылуыма бола ма?
      – Болады, бірақ бізде алты айлық кезек.
      – Науқастар алты айдан кейін немен (қандай аурумен) ауыратынын қайдан біледі?
Мәтінді жасыру
32-26
      Жас жұбайы әйелін кінәлап, былай деді:
      – Біздің үйленгенімізге бірінші күн, ал сен болсаң менімен ұрсысып жатырсың!
      – Енді, білесің бе, жаным, мен бұл күнді бақандай екі жыл бойы күттім.
Мәтінді жасыру
32-27
      Гүл дүкенінің сатушысынан, неге сіздің түріңіз соншалықты қайғылы көрінеді - деп сұрапты.
      – Мына шығып кеткен жігіт, жыл бойы менен сүйген қызына гүл алып тұратын, Ертең олардың үйлену тойы.
      – Енді неге сонша уайымдап тұрсыз?
      – Осындай жақсы клиенттерді жоғалту өте аянышты...
Мәтінді жасыру
32-28
      Вовочка әкесімен бірге мектептің жанынан өтіп бара жатыр:
      – Балам, сен осы мектепте оқисың ба?
      – Иә.
      – Жиырма жыл бұрын мен осында оқыдым.
      – Мен директордың сен сияқты ақымақты осы мектепте жиырма жыл көрген жоқпын деп айтқанын енді түсіндім.
Мәтінді жасыру
32-29
      – Сіз осы жерде менің күйеуімді көрмедіңіз бе? Біз бір сағат бұрын кездесуіміз керек еді.
      – Оның түрі қандай?
      – Ашудан жап-жасыл шығар...
Мәтінді жасыру
32-30
      – Апа, мен өскенде кім боламын?
      – Бәлкім, директор шығар.
      Ал ол көңілі түскен, ренжіген болып, былай деді:
      – Жоқ, мен толық, қарынды болғым келмейді.
Мәтінді жасыру
32-31
      – Менің әйелім ойланбастан пәтерін ауыстырғысы келеді.
      – Не үшін?
      – Он жыл бойы үнемі сол бұрынғы көршілерді талқылай алмайтындығын айтады.
Мәтінді жасыру
32-32
      – Әке, мына аға, сірә, мұғалім болар?
      – Неге олай ойлайсың, ұлым?
      – Өйткені, отырар алдында ол орындықты мұқият қарап шықты.
Мәтінді жасыру
32-33
      Вовочка мектептен үйге келіп, әкесіне былай деді:
      – Әке, байқасам, сен менің мұғаліміме қатты ұнаған сияқтысын!
      – Неге? - деп сұрады әкесі.
      – Ол сені қайта көргісі келеді.
Мәтінді жасыру
32-34
      – Сіз әйеліңізге ұқыптылық туралы кітапты оқып бердіңіз бе?
      – Иә.
      – Нәтижесі қандай?
      – Мен темекі тартуды тастадым.
Мәтінді жасыру
32-35
      Айтыңызшы, сіздің күйеуіңіз үнемі сізге өтірік айтады ма?
      – Жоқ, кей кезде мен күніне соншалықты шаршаймын, одан ештеңе сұрамаймын.
Мәтінді жасыру
32-36
      – Маған сендей иланған бойдақ үйленеді дегенде, өз құлағыма өзім сене алмадым. Шынымен де солай ма?
      – Қаншалықты бұл қайғылы естілсе де, бірақ бұл шындық. Үйде көп кір ыдыс-аяқтың жиналғаны соншалықты, менде басқа амал табылмады...
Мәтінді жасыру
32-37
      Күйеу қайтыс болып бара жатыр. Әйелі жылап отырып, былай деді:
      – Ой, қымбаттым, мені жалғыз қалтырып, қайтыс болып бара жатырсың. Мен, бәлкім, сенің артынан да жақында баратын сияқтымын.
      – Асықпа. Маған аз да болысын тынығып алуға уақыт берші.
Мәтінді жасыру
32-38
      Әйелі ажырасуға өтініш берді.
      Сот:
      – Қандай маңызды сылтаумен ажырасқыңыз келеді? - деп ықылас танытты.
      – Ол оңбаған, мен дайындаған барлық тағамдарды: котлеттерді, салат тіпті борщты іш деп мәжбүрлейді!
Мәтінді жасыру
32-39
      Мұғалім оқушының күнделігіне жазды: «Сіздің қызыңыз сұмдық сөзқұмар». Ертеңінде қызы әкесінің жауабымен күнделікті қайтарып береді: «Сіз оның анасын тыңдап көрсеңіз...»
Мәтінді жасыру
32-40
      Баласы скрипкада ойнап отыр, күшік қыңсылап қосылып отыр. Әкесі кіреді:
      – Игоржан, сен Рекс білмейтін бірдеңе ойнай аласың ба?
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гаухар Назымбекова, Мади Толегенов, Гульнар Абдраимова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 31 Вернуться к началу Выпуск 33  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга