Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

2-1
      Жігіт пойыз жолсерігіне келіп, шағым жасады:
      – Бұл өзі не болып жатыр? Мен пойызға мініп үлгерместен, менің әмиянымды жымқырып кетті.
      Ол байыппен:
      – Сен не деп ойлап едің? Бұл жүрдек пойыз ғой енді!
Мәтінді жасыру
2-2
      Әкесі ұлына:
      – Сен жақында мектеп бітіресің, анаң екеуіміз сенің дәрігер болғаныңды қалаймыз.
      – Әке, оның не, сендер анық білесіңдер ғой, мен шыбынды да өлтіретін жағдайда емеспін.
Мәтінді жасыру
2-3   🌞
      Бір еркек полиция қызметкеріне келеді:
      – Әйелім жоғалды.
      – Әйеліңізді сипаттап беріңіз.
      Еркек бірер секундтай ойланып тұрып:
      – Бір шартым бар, әйелім табылғанда, сіз ол сипаттаманы оған көрсетпейсіз, - дейді.
Мәтінді жасыру
2-4
      Қолында подносы бар даяшы мейрамхананың қонағына жақындап келеді:
      – Кофе? Шай?
      Қонақ:
      – Сірә, кофе.
      Даяшы:
      – Сіз таппадыңыз - шай.
Мәтінді жасыру
2-5
      Қалада есектер көрмесін жариялапты. Өтетін орын қоршалып, билеттер сатылады. Адамдар келіп, біраз жүргеннен кейін бір-бірінен сұрайды:
      – Есектер қайда?
Мәтінді жасыру
2-6
      Екі еркек сайлау алды плакаттарды оқып тұр екен. Біреуі басқасына:
      – Ал, Петрович, үміткерлер туралы сен не ойлайсың?
      – Тек біреуін ғана таңдайтындары қандай бақыт десеңші!
Мәтінді жасыру
2-7
      – Адвокаттар туралы маған айтпаңыздар! Менің күйеуімнің мұрасымен әуре-сарсаңға түскенім соншалық, кейде маған ол өлмегенде ғой деген ой келеді.
Мәтінді жасыру
2-8
      Әр әйелдің өмірінде үш кезең болады: біріншісінде ол әкесінің жүйкесіне тиеді, екіншісінде күйеуінің, ал үшіншісінде күйеу баласының...
Мәтінді жасыру
2-9   🌞
      Бірінші қаңтар. Үстелде хат жатыр:
      «Жаңа жылыңмен!
      P.S. Ащы тұздық мұздатқышта.
      P.P.S. Мұздатқыш ас үйде».
Мәтінді жасыру
2-10   🌞
      Бірінші ұшқыш екіншісіне:
      – Парашютпен секірушілерге айт, секіруді қойсын. Біз әлі әуеге көтерілген жоқпыз!
Мәтінді жасыру
2-11
      Еркек өзінің көршісінің қақпасына жақындап келеді де қаға бастайды. Қағады, қағады, бірақ ешкім жауап бермейді. Ол қаттырақ қаға бастайды. Қақпаға ит жақындап келеді де:
      – Жігітім, қақпа, үйде ешкім жоқ!- дейді.
      Еркек талып құлап түседі. Есін жиғаннан кейін итке қарайды:
      – Сен не, ит, үру білмейсің бе?- деп сұрайды.
      Ит жауап береді:
      – Білемін, тек сені қорқытпайын дегенім ғой...
Мәтінді жасыру
2-12
      Екі джентельмен Темзадан өтетін көпірде тұр екен. Астыда бір адам суға батып, қатты айқайлап жатыр екен: «Құтқарыңдар! Көмектесіңдер! Мен жүзе алмаймын, мен жүзе алмаймын!» Бірінші джентельмен екіншісіне айтыпты:
      – Сэр, сіз жүзу білесіз бе?
      – Жоқ. сэр.
      – Мен де білмеймін. Бірақ біз бұл туралы бүкіл Лондонға айқайлап айтпаймыз ғой.
Мәтінді жасыру
2-13
      Сиыр мұхитта жүзіп келеді. Жанынан шағала ұшып өтіп бара жатып:
      – Әй, сиыр, қайда жүзіп барасың?
      – Африкаға.
      – Ол басқа жақта ғой.
      – Айырмашылығы қандай, бәрібір жүзіп жете алмаймын.
Мәтінді жасыру
2-14
      Үйге удай мас күйеуі келеді. Әйелі қолына оқтауды алып келесі сөзбен қарсы алады:
      – Қай жерде қаңғыдың? Қайда жүрдің?
      – Люся... бейіт басында болдым.
      – Неге, біреу қайтыс болды ма?!
      – Сенбейсің... онда бәрі өлген!
Мәтінді жасыру
2-15
      Сатып алушы:
      – Маған бір банка сардина. Майда жібітілген.
      – Қандайын? Португалдық, испандық, француздық?
      – Әй, бәрібір. Мен олармен сөйлеспеймін ғой.
Мәтінді жасыру
2-16
      – Түсінесіз бе, дәрігер, күн сайын мен әтеш шақырғанда оянамын, өгіздей жұмыс істеймін, тәбетім қасқырдікіндей, ұйқым суырдікіндей, бірақ денсаулығым болмай жүр.
      – Ия-я... – деп ойланады дәрігер. – Сізге мал дәрігеріне қаралу керек сияқты.
Мәтінді жасыру
2-17
      – Жәбірленуші, сіздің көлігіңізді айдап кеткен адамды танып тұрсыз ба?
      – Құрметті мәртебелім, оның қорғаушысының сөзінен кейін менде көлік болып па еді деген сенімсіздік туындады.
Мәтінді жасыру
2-18   🌞
      – Сіз неге түрмеден қаштыңыз?
      – Үйленгім келді.
      – Хм-м. Бостандық туралы түсінігіңіз қызық екен.
Мәтінді жасыру
2-19
      – Сенің әпкең неге тіс дәрігері болғысы келді?
      – Оған аузын ашып, көзін адырайтып бетіне қарап тұрған еркектер ұнайды.
Мәтінді жасыру
2-20
      – Қымбаттым, айтшы, маған өзімнің қырық жасымды беруге бола ма?
      – Әрине, болмайды, сүйіктім. Әлде қашан болмайды.
Мәтінді жасыру
2-21
      – Сен неге осы уақытқа дейін үйленбегенсің?
      – Шынымды айтсам, мен үнемі сенің әйелің туралы ойлаймын.
      – Не, менің әйелім туралы?! Сен азғын екенсің.
      – Қам жеме, мен тек қана маған да сондай кездесе ме деп қорқамын...
Мәтінді жасыру
2-22
      – Бүгінгі жаңалықтардың хабарламасы бойынша демалыс күндері 30 градус жылы болады.
      – Олай болуы мүмкін емес!!!
      – Әбден мүмкін: 15 градус сенбі және 15 градус жексенбі күні.
Мәтінді жасыру
2-23
      – Менің қызым менің тамырыммен қашып кетіпті.
      – Өзің кінәлісің. Неге оған үйге жиі келуге рұқсат еттің?
      – Мен ол менің әйелімді айналдырып жүр деп ойладым.
Мәтінді жасыру
2-24   🌞
      – Қымбаттым, айтысып-тартыспайықшы, асықпай отырып талқылайық...
      – Жоқ! Әрқашан біз асықпай отырып талқылағанда, ылғи да сенің пікірің дұрыс болып шығады.
Мәтінді жасыру
2-25
      Дәрігерде.
      – Білесіз бе, әкей, маған сіздің жөтеліңіз ұнамайды.
      – Маған да ұнамайды, бірақ жөтелдің жақсысы менде жоқ.
Мәтінді жасыру
2-26
      Хатшы фирмаға жұмысқа тұруға келеді:
      – Мен минутына 1200 белгі тере аламын, - дейді.
      Бәрі таңқалады. Ал ол басын басқа жаққа бұрып:
      – Және түк түсініксіз бірдеңе шығады...
Мәтінді жасыру
2-27
      Кәсіпкер әріптесіне:
      – Мен сіздің қабылдауыңызда болуым үшін ешбір мүмкіндік жоқ.
      – Не қиындығы бар: кездесу үшін, менің хатшыммен ақылдассаңыз болады.
      – Онымен ақылдастым ғой , екеуіміз уақытты өте жақсы өткіздік. Бірақ, сізбен де кездескім келеді.
Мәтінді жасыру
2-28
      Бір институтта парашюттың мүлдем жаңа түрін ойлап тауыпты. Бірақ оны сынауға тілек білдірушілер табылмапты. Сонда бір жігіт бір жәшік араққа келісіпті.
      Секіріп, еркін құлау кезінде парашюттің шығыршығын тартса да, парашюты ашылмапты.
      «Іс белгілі болды, - деп ойлапты жігіт, - парашютпен алдаған екен. Ендігі арақпен не болатынын көрелік».
Мәтінді жасыру
2-29
      Ботаника сабағы. Мұғалім сұрайды:
      – Бізге айтшы, Коля, алма жинауға ең сәтті кезең қашан?
      – Ит байлаулы тұрғанда.
Мәтінді жасыру
2-30
      – Кеше малға таңба салып, қатты қиналдым!
      – Сенде бар жоғы екі сиыр емес пе!
      – Ал аралар ше?!
Мәтінді жасыру
2-31
      – Мен күйемнің жанымда болғанын өте сүйемін. Отыр дедім жаныма!
Мәтінді жасыру
2-32
      – Дәрігер науқастың әмиянын сипап көріп, науқастың жағыдайынан үмітсіз деп ұйғарды.
Мәтінді жасыру
2-33
      Ағылшын, француз және орыс әйелдерімен мақтаныпты.
      Ағылшын:
      – Менің әйелім сымбатты, шөптің сабағындай.
      Француз:
      – Ал менікі жіңішке, қылтанақтай.
      Орыс болса, күрсініп айтқан екен:
      – О бейшаралар-ай. Сендердің әйелдерің не өзі? Оларды сендер төсекте, тырнауышпен іздейтін шығарсыңдар.
Мәтінді жасыру
2-34
      Дәрігердің кабинетінде телефон шылдырлайды:
      – Дәрігер, айтыңызшы, Иван Петровтың денсаулығы қалай?
      – Әлі есін жинаған жоқ.
      – Сіздің ойыңызша қашан оянуы мүмкін?
      – Мүмкін жақындағы жұмада болар.
      – Ақпаратқа көп рахмет.
      – Мархабат. Қоңырау шалып тұрған кім?
      – Иван Петров. Бұл мені мұнда әлі қанша ұстайтындарын білудің жалғыз тәсілі.
Мәтінді жасыру
2-35
      – Иванов, сіз неге бүгін жұмысқа кешіктіңіз?
      – Баламды ертесімен балабақшаға апарып едім, басқа балабақша болып шықты.
      – Сосын?
      – Сосын басқасына бардық - тағы ол емес екен.
      – Енді?
      – Одан кейін үшінші балабақшаға бардық, тағы бөтен болып шықты.
      – Сөйтіп?
      – Төртіншісіне келгенімізде балам маған былай деді: «Әкешім тағы бір балабақшаға барсақ, мен мектептегі сабағымнан қаламын!»
Мәтінді жасыру
2-36
      Ұқсас кәсіпорындардың жетекшілері - орыс пен жапондық кездеседі. Жапондық өз іс тәжірибесімен бөлісіп:
      – Бізде барлығын сегіз адам атқарады. Ал сіздерде қаншасы айналысады?
      Орысқа осы жұмысты 200 адам орындайтынын мойындау ұяттау болып, ол:
      – Бізде 9 адам - деп, жауап береді.
      Ертеңінде таңертеңгісін жапондық ұйқысы қанбаған, үрпиген түрде орысқа шағымданады:
      – Түнімен қиналып шықтым, сіздегі тоғызыншы адамның немен шұғылданатыны түсінігіме симайды.
Мәтінді жасыру
2-37
      Әйелі:
      – Сен менi сүймейсің және ешқашан да сүймегенсің. Ант берем, сен мен өліп қалсам бір-екі айдан кейін-ақ басқа әйелге үйлене салатын боларсың.
      Күйеуі:
      – Ант бермей-ақ қой, мен саған онсыз да сенемін.
Мәтінді жасыру
2-38
      Екі хатшы қыздар кездесіп, бастықтарын сөз қылады.
      – Сенің бастығың өзіңе қалай?
      – Әбден жақсы. Өткен айда ол маған гауһар алқа, ал тақауда поляр түлкісінің тонын сыйлады, кеше маған үйленуге ұсыныс жасады!
      – Қандай оңбаған - үнемдей бастаған екен ғой!
Мәтінді жасыру
2-39
      – Науқас, сіз күніне қанша ішімдік ішесіз? - деп, дәрігер емделушіден жақтырмай сұрады.
      – Дәрігер, төрт бөтелке сыра.
      – Неге? Мен сізге тек екі бөтелке ішуге рұқсат бергем!
      – Бірақ сізге дейін қараған терапевт те екі бөтелкеге рұқсат берген!
Мәтінді жасыру
2-40
      Көптен бері көріспеген екі жігіт кездесті.
      – Жоқ, мен ішуді доғарғам.
      – Неге?
      – Есіңде ме, өткен жылғы жаз?
      – Иә.
      – Ал менің есімде жоқ!
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Гульнар Абдраимова, Saule Ibraeva, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 01 Вернуться к началу Выпуск 03  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга