Казахский язык
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 20

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

20-1
      – Құрметтім, сен біздің итімізге не істесең, маған солай жаса.
      – Сен нені меңзеп тұрсың?
      – Соншалықты ештеңе емес. Жай ғана мені тамақтандырып, қыдыруға жібер.
Мәтінді жасыру
20-2
      Парасатты отбасы. Кешкілікте әйелі скрипкада ойнайды... Күйеуі:
      – Жарайды, енді, жарайды - жетер! Саған жаңа етік сатып әперемін!
Мәтінді жасыру
20-3
      Милицияға қоңырау:
      – Менің көлігімнің рөлін және барлық құралдарын ұрлап кетіпті!!!
      – Күтіңіз, келе жатырмыз!
      Бір минуттан соң қайта қоңырау:
      – Бұл мен ғой тағы. Қорқынышты ештеңе жоқ. Мен артқы орындыққа отырыппын.
Мәтінді жасыру
20-4
      Музыкалық училищеде, вокалдан емтихан. Абитуриент қыз:
      – Шыныңызды айтыңызшы: менің дауысым ештеңеге жарамай ма?
      Оқытушы:
      – Енді, қалайша? Мәселен, өрт болған жағдайда немесе тонау кезінде қажет болады...
Мәтінді жасыру
20-5
      – Qysta şybyndar qaida bolady?
      – Bılmeim, degenmen jazda da sol jerde bolğandaryn qalaimyn. Мәтінді жасыру
20-6
      – Мен сендей сараңға тұрмысқа шықпаймын! Берген жүзігіңді өзің ал!
      – Қорабы қайда?
Мәтінді жасыру
20-7
      – Саған міндетті түрде менің дәрігеріме баруың керек.
      – Бірақ не үшін? Менде барлығы жақсы.
      – Ол өте жақсы дәрігер, ол бәрібір де бірнәрсе тауып алады.
Мәтінді жасыру
20-8
      – Сен тақауда үйленіпті дейді ғой. Нағыз бақытты болудың, не екенін, енді түсінген шығарсың!
      – Иә. Енді білемін. Бірақ енді кеш.
Мәтінді жасыру
20-9
      – Мен саусағымның бір қимылымен кез келгеннің бетін бұза аламын.
      – Каратиссің бе?
      – Жоқ, фотографпын.
Мәтінді жасыру
20-10
      Жаратқан Адамнан сұрапты:
      – Қалайсың Адам, қабырғаңды аямайсың ба?
      – Жоқ, аямаймын. Тек бір нашар бірдеңе болатынын сезіп тұрғандаймын.
Мәтінді жасыру
20-11
      Екі құрбы әңгімелесіп тұр.
      – Сен барлығы тұрған кезде мен ақымақ деп атауға қалай дәтің барды?!
      – Кешірші, сен өзің бұны жасыратыныңды ескертіп айтпадың ғой...
Мәтінді жасыру
20-12
      Бастық жұмыс істейтін ішке кіріп келіпті.
      – Мен айттым ғой: жұмыс уақытында темекі шекпеңдер!
      Жұмысшылардың біреуі:
      – Ал мұнда кім жұмыс істеп отыр екен?
Мәтінді жасыру
20-13
      Банкте бір еркек кассаның қасында тұрып өзінің сөмкесінен бірдеңе іздеп жатыр. Кассир оған айтыпты:
      – Кезекті күттірмеңіз не қалайтыныңызды тезірек шешіңіз: ақшаны саласыз ба аласыз ба?
      – Енді әрине аламын. Сайтан алғыр ә, мен тапаншамды қайда тығып жібергенмін?!
Мәтінді жасыру
20-14
      Лондонда екі адам әңгімелесіп тұр:
      – Сіздің тегіңіз қандай?
      – Шекспир.
      – О, бұл тек көпке танымал ғой.
      – Әрине! Менің бұл ауданда сүт таратып жүргеніме осымен жиырма жыл болады ғой.
Мәтінді жасыру
20-15
      Түрмедегі тексеріс кезінде инспектор тұтқыннан сұрапты:
      – Сен неге мұндасың?
      – Енді не, жібермейді ғой.
Мәтінді жасыру
20-16
      – Кеше қалыңдығымның алдында мен өзімнің барлық күнәларымды мойындадым!
      – Енді не болыпты?
      – Көмектеспеді, той үш аптадан кейін дейді.
Мәтінді жасыру
20-17
      Екі құрбы кездесіпті.
      – Сені көптен бері көрмедім. Сен өзіңнің Коляңмен қалай тұрып жатырсың?
      – Білемісің, нашар емес. Біз онымен үйленгеннен бері мен оның алдында едәуір өсіп қалдым.
      – Ол қалай сонда?
      – Енді, бастапқыда мен ол үшін тышқан едім, а қазір егеуқұйрық болдым.
Мәтінді жасыру
20-18
      Екі чукча мұхиттың жағасымен келе жатыр, біреуі айтыпты:
      – Мен он доллар тауып алдым.
      – Жарайсың, бірақ сен оны неге лақтыра салдың?
      – Сөйтсем жалған екен.
      – Сен оны қайдан білесің?
      – Сен артында екі нөлі бар он долларлықты қайдан көріп ең?
Мәтінді жасыру
20-19
      МАБ қызметкері жүргізушіні тоқтатыпты:
      – Сіз неге жылдамдықты асырып жібердіңіз?
      – Мен үйіме дейін ішкен арағым тарап әсер ете бастамастан бұрын зырғып жетіп алайын деген ем.
Мәтінді жасыру
20-20
      Екі бейтаныс адам кездесу туралы келісіпті:
      – Мен дүйсенбі күні сағат таңғы 8 де «Мәдениет саябағы» метросының қасында кездесуді ұсынамын. Сіз түріңіз қандай болады?
      – Нашар...
Мәтінді жасыру
20-21
      Екі құрбы:
      – Сен оған ақша үшін тимексің бе?
      – Тіпті ол емес! Мен тіпті оның қанша миллионы бар екенін де дәл білмеймін.
Мәтінді жасыру
20-22
      – Алло, бұл мәйітхана ма?
      – Жоқ. Бұл монша.
      – Ал маған мәйітхана керек.
      – Мүмкін алдымен шомылып аларсыз?!
Мәтінді жасыру
20-23
      Есік аңқиып ашылып бөлмеге жігіт жетіп келіпті:
      – Амансың ба, әке!
      Әкесі компьютерде отырып басын бұрмастан сұрапты:
      – Сен қайда қаңғыдың?
      – Әскерде, әке...
Мәтінді жасыру
20-24
      Есіктің тықылы.
      – Кім ол?
      – Бұл мен сіздің дәрігеріңіз.
      – Кешіріңіз дәрігер, мен сізді қабылдай алмаймын. Мен өзімді нашар сезініп тұрмын.
Мәтінді жасыру
20-25
      – Қымбаттым! Мен өзіме жаңа жемпір сатып алғым келеді. Сен қалай ойлайсың әдемі жемпір қандай болуы керек?
      – Енді, андай ұзын, сымбатты...
Мәтінді жасыру
20-26
      Қожайын қонаққа:
      – Баспалдаққа жарық түсіріп тұрайын ба?
      – Жоқ, рахмет мен мана астыға түсіп алғанмын.
Мәтінді жасыру
20-27
      Егер қонақта отырғанда этикет ережелерін сақтасаң, онда мас болмай қарының ашып ашулы қайтасың.
Мәтінді жасыру
20-28
      – Сізде көрінбейтін сия бар ма?
      – Әлбетте. Сізге қандай түсінен?
Мәтінді жасыру
20-29
      Ата-анасы кішкентай баласын зообаққа алып келіпті. Ол дегелек тұрған торға барып секіріп, айқайлап қолын бұлғай бастады. Сосын ата-анасына қарап айтыпты:
      – Әке, ана, ал ол мені неліктен танымай тұр!
Мәтінді жасыру
20-30
      Екі МАИ қызметкері радармен тұр екен.
      – О, қара біреу мықты қатты келе жатыр!
      – Жылдамдығы қандай?
      – Жиырма доллардай.
Мәтінді жасыру
20-31
      Пациенттің жұбайы емдеп жатқан дәрігерге:
      – Әрине, дәрігер, мен оны мүлде мазалайын деген ойым жоқ. Мен өте абай боламын. Мен тек одан өсиетхат жазуын сұраймын.
Мәтінді жасыру
20-32
      Бастық өзінің бағыныштысына:
      – Сидоров, сіз боссыз!
      Сидоров:
      – Боспын?!! Қызық, мен құлдарды сататын шығар десем...
Мәтінді жасыру
20-33
      8 наурыздан кейінгі таң әйелі күйеуіне айтыпты:
      – Маған мейрамнан кейінгі үйді тазалауға көмектесші.
      – Жоқ көмектесе алмаймын, басым сынып, қолдарым дірілдеп жатыр...
      – Тіпті жақсы! Онда кілемше мен төсеніштерді қағып тастай сал.
Мәтінді жасыру
20-34
      Мұғалім оқушыға айтыпты:
      – Ертең мектепке сенің атаң келсін!
      – Сіз әкең дегіңіз келді ме?
      – Жоқ, атаң. Мен оған сенің үй жұмыстарыңда оның баласы қандай қателер жіберетінін көрсеткім келеді.
Мәтінді жасыру
20-35
      – Бұл тіпті адам нанғысыз, дәрігерлер қазір немен айналысып жүр! - депті өндірістік бөлімнің басшысы. - Өздерің ойлаңдаршы, бүгін Новикова жұмыстан сұранып емханаға барған, ал қайтқанда жаңа шашпен келді.
Мәтінді жасыру
20-36
      Жұмақта екі жан сөйлесіп тұр:
      – Сен мұнда қалай тап болдың?
      – Құрылыста жұмыс істеп, биіктіктен құладым. Өзің ше?
      – Құлаған кезінде қайда құлап бара жатқаныңды қарау керек.
Мәтінді жасыру
20-37
      – Бұл дәрігер ғажайыптар жасайды. Бір минуттың ішінде менің әйелімде емдеп жазды.
      – Қалай?
      – Оның барлық ауруы жақындап қалған кәріліктің нышандары деп айтты.
Мәтінді жасыру
20-38
      Екі бухгалтердің әңгімесі:
      – Мен итіме қарасам есіме біздің салық инспекторымыз түседі.
      – Қалайша?
      – Үнемі қаза береді, маған ақылды көздерімен қарайды және ештеңе түсіндіре алмайды.
Мәтінді жасыру
20-39
      Автомобиль - адамдарға жұмыстан күнде кешігуге көмектесетін көлік құралы.
Мәтінді жасыру
20-40
      Шегілген шылым қорабы адам ғұмырын екі сағатқа, ішілген арақ үш сағатқа қысқартады. Ал жұмыс күні адам өмірін сегіз сағатқа қысқартады.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Выпуск 19 Вернуться к началу Выпуск 21  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга