Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 45

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

45-1
      Полицейлік машинаны тоқтатады:
      – Сіз осы қиылыстан ереже бұзбай өткен бірінші адамсыз. Міне сізге 1000 рубль.
      – О! жүргізуші куәлігін сатып аламын!
      – Сіз куәліксізсіз бе?
      Әйелі:
      – Оны тыңдамаңыз, мас күйінде не айтпайды дейсіз?
      – Сіз сонда тағы массыз ба?
      Енесі:
      – Мен айттым ғой, ұрланған машинамен алысқа кетпейсің!
      Жүксалғыштан дауыс:
      – Не шекарадан өттік пе?
Мәтінді жасыру
45-2   🌞
      Телефон қоңырауы, тұтқаны бала алады. Сыбырлап:
      – Алло?
      – Айта ғойшы, әкең үйде ме?
      Бала (тіптен сыбырлап):
      – Иә, бірақ ол бос емес...
      – Ал, анаң үйде ме?
      – Ол да тіптен қолы бос емес...
      – Ал үйде басқа біреулер барма?
      – Милиция (тәртіп сақшылары) мен өрт сөндіруші ағайлар...
      – Ең болмағанда соларды шақыршы телефонға!
      – Шақыра алмаймын, олар да бос емес...
      – О Құдайым, олардың бәрі не істеп жатыр, бос болмайтындай?
      – Олардың бәрі мені іздестіріп жатыр, таба алмай жүр...
Мәтінді жасыру
45-3
      – Апа, неге плитаның үсті лас?
      – Әкең жұмыртқа қуырған.
      – Табасыз ба?
Мәтінді жасыру
45-4
      Қыздар, сіздер әдемі қымбат автокөлікті және ылғи бума-бума ақша әкеліп беріп тұратын ер азаматтар туралы армандадыңыз ба? Сіздің арманыңыз орындалды! Біздің көлік салонына кассир әйел қажет.
Мәтінді жасыру
45-5
      Қыз (қиялдап):
      – Мен өмірде көп нәрсе естідім. Ант бергенді, уәдені, қошемет сөздерді... Бірақ ең жақсысы – ол мысықтың пырылдағаны (мияулағаны) болды, өйткені онда өтірік жоқ…
      Жігіт (тұнжырап):
      – Шошқа қорсылдағанда – ол да өтірік айтпайды.
Мәтінді жасыру
45-6
      – О Құдайым, маған көмектесе гөр! Жейтін ас жоқ, күн көретін ештеңесі жоқ, қалтамда көк тиыным жоқ…
      Аспаннан дауыс естілді:
      – Өтірік алдама, Изя!
      – Не, долларларымды ауыстырайын ба?
Мәтінді жасыру
45-7
      Қай бір күні қызымның үйінде қонақ болдым. Қызымнан газет сұраған едім, ал ол болса: «Әке, қазір 21 ғасыр, айпатты алсаңшы!». Не дейміз енді... бұл шыбын неден өлгенін өзі түсінбей қалған сияқты.
Мәтінді жасыру
45-8
      Бүгін маршрутканың соңынан жүгірем деп, шалынып, шалшыққа құладым. Жанымнан өтіп бара жатқан еркек: «Тезірек жүзіп өтем, деп ойладың ба?»
Мәтінді жасыру
45-9
      Жандыхананың дәлізінде екі жынды отыр екен. Жанынан медбике өтіп бара жатып бір есікті ашайын десе аша алмайды.
      – Қаттырақ тарт!
      Медбике есікті қаттырақ тартып, сонда да аша алмайды. Ойланып тұрып:
      – Мүмкін жабық шығар.
      Жындылар:
      – Жоқ жабық емес, ол тек басқа бағытқа ашылады. Біз саған есіктің тұтқасы керек шығар деп ойлап отырсақ.
Мәтінді жасыру
45-10
      Премьер-министрдің автомобиль зауытындағы еңбеккерлермен кездесуі. Еңбеккер сұрағын қояды:
      – Премьер-министр мырза, ал сіз не туралы армандайсыз?
      – Ең дұрысын айтқанда, мен Марсқа ұшуды армандаймын!
      Еңбеккер:
      – Мен де соны армандаймын!
      – Екеуміз де бірдей Марсқа ұшуды армандағанымыз бұл жақсы ғой!
      – Толығымен олай емес, премьер-министр мырза. Марсқа сіз ұшу үшін біздер бірге армандаймыз.
Мәтінді жасыру
45-11
      Таңертеңгілік анама қойылатын сұрақтар: «Апа, менің күртешем қайда?», «Апа, менің сөмкем қайда?» «Апа, мен не кисем болады?», «Апа, мен таңертеңгілік асқа не алып кетемін?», «Апа, маған ақша берші?», «Апа, менің кілтім қайда?» т.с.с. Таңертеңгілік әкеме қойылатын сұрақтар: «Әке, анам қайда?»
Мәтінді жасыру
45-12
      – Дәрігер, менің есте сақтау қабілетім нашар. Не істесем болады? Мені бәрі мазақ қылып күледі!
      – Бокспен айналысыңыз!
      – Содан менің есте сақтау қабілетім жақсара ма?
      – Жоқ, бірақ мазақ қылып күлушілердің саны азаяды!
Мәтінді жасыру
45-13
      Өмірде бәрі оңай... Ол қызға өзінің махаббатын дәлелдеу үшін, ол таудың ең биік шыңына шықты, ең терең өзендерді жүзіп өтті, шөлді далаларды да кезіп кетті.. Ал ол қыз одан кетіп қалды... Өйткені ол ешқашан үйде болмайтын.
Мәтінді жасыру
45-14
      Тапсырыс беруші – құрылысшыға:
      – Қабырғалар тым жұқа емес пе?
      – Болады, жақсы, әлі қабырғаға жапсырылатын түс қағаздары бар ғой.
Мәтінді жасыру
45-15
      Өмір сүру қиындап кетті: бұрын шұжықтың екі сорты болатын, және олардың сапасы да жақсы еді. Қазір дүкендерде олардың екі жүр түрлі сорты бар, және бұрынғыша екі түрінің ғана сапасы жақсы – ал енді ол екеуін арасынан тауып көр.
Мәтінді жасыру
45-16
      Әкем бөлмеме кірді де сұрады:
      – Сен анандай: қан, өліктің денесі деген нәрселерді жақсы көресің ғой я?
      – Э-э-э.. ия, жақсы көрем.
      – Онда кеттік, балықтың сыртын тазалайықшы.
Мәтінді жасыру
45-17
      – Егер әйел адам да ер адам да бірдей іспен айналысатын болса, нәтижесі көбінесе екі түрлі болып шығады.
      – Сен мұнымен не айтқың келіп тұр?
      – Мысалы, егер ер адам жуынатын болса, ол әдемі болып көрінеді. Ал әйел адам жуынса ше? Онда-онда..
Мәтінді жасыру
45-18
      – Анашым, Артёмге ата-аналары оның оқуы үшін ақша береді: бестік үшін - 1 000 рубль, төрттік үшін - 500, үштікке - 500 рубльді шегереді, екілікке - 1 000-ын шегереді...
      – Иә, Артём көп табыс тапты ма?
      – Жоқ, ол қазір автожууда ата-аналарының қарызын өтеуде...
Мәтінді жасыру
45-19
      Жұмыстағы барлық әйелдер ұрсысып жатыр екен. Тәртіп орнату үшін цехтың басшысын шақыртады, бірақ әйелдер сонда да бір-бірінің сөзін бөліп айқайласып жатты.
      – Тыныш! – деп, шыдамы таусылған басшы айқайлады. – Қазір ішіңдегі бәріңнен ең ажарсызы сөйлесін!
      Сол кезде тыныштық орнады/Барлығы сол уақытта тыныштала қалды…
Мәтінді жасыру
45-20
      Емделуші жатқан бөлмеден тіс дәрігері шығып, әрілі-берілі иегін мазасыздана сипап жүр. Шылым шекті, бірақ сол мезетте шылымын әйнекке лақтырып жіберді. Медбике одан:
      – Не жағдай? Қиын жағдай ма?
      Тіс дәрігерінің жауабы:
      – Өте ауыр - клиенттің ақшасы өте көп, ал тістерінің барлығы сау...
Мәтінді жасыру
45-21
      – Әке, әке, мен сенің суретіңді қалай салғанымды қарашы!
      – Жақсы, қызым, жарайсың, тек менің шашымды неге қызғылт-сары түске бояғансың?
      – Енді, менің ТАҚЫР түсті қарындашым жоқ қой!
Мәтінді жасыру
45-22
      Полициядағы түсініктеме:
      «Психотропты тіршілік иелерінің ықпалында болдым...»
      – «Заттар» дегенді дұрыстап жаз.
      – Әйелім мен енем туралы ма?!
Мәтінді жасыру
45-23
      Жаңа прокурор жұмысына:
      – Мен сіздерге көрсетем, параны қалай алу керектігін! - деген сөзбен кірсті.
Мәтінді жасыру
45-24
      Бір ай болды көліктің рөліне отырмағаныма, ақыры отырдым. Жолдағылардың бәрі қолдарын былғап, айқайлап жатыр. Шамасы сағынған-ау!
Мәтінді жасыру
45-25
      Бала күнімде ата-анам теледидардан адам топастанып қалады деуші еді, мен келіспеп едім. Мен қазір есейдім, енді мен соны өздеріне айтамын, - олар менімен келіспейді.
Мәтінді жасыру
45-26
      Диетаның бірінші күні.
      Мен тоңазытқыштағы барлық зиянды тамақтардан құтылдым. Бұл өте дәмді болды.
Мәтінді жасыру
45-27   🌞
      – Әке, Адамның енесінің аты кім болған?
      – Балам, оның енесі болмаған.. Ол жұмақта өмір сүрген.
Мәтінді жасыру
45-28
      Бүгін түнде менің үйіме ұры кірді... Ақша іздеді... Мен тұрып онымен қоса іздестім... егер тапсақ, бөлісеміз деп келістік.
Мәтінді жасыру
45-29
      – Сәлем! Қал қалай?
      – Сені ештеңемен қуанта алмаймын.
      – Қалайша? Шынымен барлығы жақсы ма?
Мәтінді жасыру
45-30
      Күйеуі таңертеңгісін үйіне оралды. Ашулы әйелі оған ұрысып:
      – Сен қайда болдың? Мен түнімен ұйықтамадым...
      – Ал сен, мені ұйықтады деп ойлайсың ба!
Мәтінді жасыру
45-31
      Бір таныс қыз - студент болып келгенде, өзіне әжептәуір жақсы смартфон сатып алды. Телефонның кітапшасындағы «Әке» деген байланыста қаланың қылмыстық істі тексеру полициясының киімін киген бастықтың фотосуретін орналастырыпты. «Ағай» атты байланыста аудандық прокурор. «Аға» атты байланыста еңгезердей омон. Оның осы телефоны үш рет ұрланды, бірақ үш ретінде де кері қайтып келді.
Мәтінді жасыру
45-32
      Воважан деп сұрады анасы:
      – Анашым, рас па, бізді Алла асырайтыны?
      – Қысқасы, иә.
      – Ал балаларды дегелек әкеле ме?
      – Әрине.
      – Ал сыйлықтарды Аяз ата тарата ма?
      – Иә.
      – Онда айтыңызшы маған, біз неге әкемізді ұстап отырмыз.
Мәтінді жасыру
45-33
      Әйелі:
      – Неге үнемі барлығы мен ойлағандай емес?
      Күйеуі:
      – Ал сен нені қалайсың?
      Әйелі:
      – Енді, білмеймін...
Мәтінді жасыру
45-34
      Дәрменсіз азамат одессалық мейрамханада имене пәлте киіп жатқан адамның қолына қолын тигізіп:
      – Мені кешіріңіз, –деді. – Сіз бәлкім Рабинович боларсыз?
      – Жоқ! – мырс етіп анау.
      – Білесіз бе, Рабинович менмін, ал сіз қазір менің пәлтемді киіп жатырсыз!
Мәтінді жасыру
45-35
      Қызыма Бауырсақ туралы ертегіні айтып беріп, қорытындылаймын:
      – Міне көрдің бе, Бауырсақ атасы мен әжесін тыңдамағандықтан оны түлкі жеп қойды!
      – Ал егер тыңдаса ше, - дейді қызым, - онда олар ертегіні басында жеп қоюшы еді! Ал былай – біраз қыдырып алды…
Мәтінді жасыру
45-36   🌞
      Кішкентай ер бала теледидар алдында отырып үндістер туралы бағдарламаны көріп отыр. Кенеттен қасында отырған әкесіне сұрақ қояды:
      – Олар неге бұлай боянады?
      – Олар соғысқа дайындалуда.
      Кешке жақын зәресі ұшқан ұлы әкесіне жүгіріп келіп:
      – Әке! Анам соғысқа дайындалып жатыр! – дейді
Мәтінді жасыру
45-37
      – Сонымен сіз парашютистсіз ғой? Білесіз бе ал мен ешқашанда парашюттен секірмес едім.
      – Ал мен өзім ешқашан парашютсіз секірмес едім...
Мәтінді жасыру
45-38
      Мен бүгін көшеде, ер адамның өз итімен сөйлесіп тұрғанына куә болдым. Төбет иесінің не ойлап отырғанын түсінетіні, көрініп тұрды! Үйге келісімен, мысығыма айттым, бірге ұзақ күлдік.
Мәтінді жасыру
45-39
      Енесі жастарға келеді. Газ плитасына қарап:       – Менің қызым тазалықты қалай жақсы көреді! Плитаның жылтырап тұрғаны соншалық! – дейді.
      Күйеу баласы:
      – Иә, мама, халықта мынадай нақыл сөз бар: жинаған жерде таза емес, шашпаған жер таза деген!
      Енесі:
      – Түсінбедім...
      Күйеу баласы:
      – Сіздің қызыңыз тамақ пісірмейді!
Мәтінді жасыру
45-40
      Үш жасар сәби басқа қалада тұратын әжесінен туған күніне сыйлық алады. Бандерольді ашып, әдемі су пистолеті жатқанын көріп, қуаныштан шыңғырып жіберіп, ішін суға толтыруға асығады. Бірақ оның анасы қуанышты емес, анасына телефон шалады:
      – Мама, есіңде ме, біз қалай сені су пистолеттеріңмен есеңгіретуші едік?
      Трубкадан әжейден табалаған дауысы шығады:
      – Солай!
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Зарина Аскарова, Гульнар Абдраимова, Куаныш Меккембай, Гульмира Ажмаганбетова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 44 Вернуться к началу Рассказы  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга