Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Практика → Онлайн-Марафон 2, стр.4
      Разбор грамматики
Новые слова
 1 
 2 
 3 
Фразы
Анекдоты
Новости
 1 
Диалоги
 1 
 2 
 Kaizen метод
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 Онлайн-Марафон
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 Онлайн-Марафон 2
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 

Онлайн-Марафон 2: Казахский язык за год

Страница 4  (№ 61–80)

Автор: Андрей Якубин   Телеграм-канал «Казахский язык за год»

📅 №61

📹 Разбор (youtube)

🤓 ҚАЗІРГІ ЗАМАН БӘРІМІЗДІ ТАЛДАУШЫҒА АЙНАЛДЫРДЫ
СОВРЕМЕННЫЙ МИР ПРЕВРАТИЛ НАС В АНАЛИТИКОВ

📌 Глагол дня: талдау – анализировать, разбирать

Талдаушы деген кім өзі? Кто такой вообще аналитик?
Ол — үнемі бір нәрсені зерттеп, «Бұл неден тұрады? Бұл қалай жұмыс істейді? Бұл қалай пайда болды? Бұл не үшін керек? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?» деген сияқты сұрақтарды қоя беретін адам. Это человек, который постоянно что-то исследует и задает вопросы типа: «Из чего это состоит? Как это работает? Как это появилось? Для чего это нужно? Какие можно сделать выводы?» и т. д.
Бүгінде бізге сансыз ақпарат пен түрлі ұсыныстар ағылып келетін заманда өмір сүріп жатырмыз. Сегодня мы живем в таком мире, в котором на нас льется огромное количество информации и различных предложений.
Мысалы, кеше 2GIS анықтамалығына «велосипед жөндеу» деп жазған едім, бірден қаламыздағы 80 шеберхана шықты. Например, вчера я написал в справочнике 2ГИС запрос «ремонт велосипедов», и мне сразу вышло 80 точек в нашем городе.
Таңдау көп болған кезде, сен автоматты түрде: «Қай сервис жақсырақ? Қайсысын таңдаған дұрыс?» деген сияқты сұрақтарды қоя бастайсың. Когда выбор огромный, ты автоматически начинаешь задавать вопросы типа: «А какой сервис лучше? Что выбрать?» и т. д.
Яғни, дұрыс таңдау жасау үшін өзіңе ұсынылған нұсқаларды талдай бастайсың. То есть начинаешь анализировать то, что тебе предлагают, чтобы сделать правильный выбор.
Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. И это касается буквально всего.
Жақында мен өсімдік майын сатып алу үшін дүкенге кірсем, сөреде майдың неше түрлі бөтелкесі тұр екен. На днях я зашел в магазин за растительным маслом и увидел много разных бутылок с маслом.
Сонда да қайсысын алу керектігін ойлап, бәрін талдауға тура келеді. Какое из них нужно купить? Опять нужно проанализировать этот вопрос.
Интернетте де бізге шексіз ақпарат ағылып жатыр. В интернете на нас льется бесконечное количество информации.
Сондықтан миымызға қандай ақпаратты қабылдау керек, ал қайсысын өткізіп жіберу керек екенін үнемі ойлануға мәжбүр боламыз. И опять нужно думать, что пропускать в свой мозг, а что нет.



📅 №62

📹 Разбор (youtube)

🤔 НЕГЕ МЕН ҚАЗАҚША ӨТЕ БАЯУ СӨЙЛЕЙМІН?
ПОЧЕМУ Я ТАК МЕДЛЕННО ГОВОРЮ НА КАЗАХСКОМ?

📌 Глагол дня: тұжырымдау – формулировать, подводить итог

Кейбір адамдармен қазақ тілінде бетпе-бет сөйлесіп көргенде, мен өзімнің бір ерекшелігімді байқадым: ойларымды және сөйлемдерімді өте баяу әрі қателермен тұжырымдаймын. Пробуя общаться вживую с некоторыми людьми на казахском языке, я заметил за собой одну особенность: я очень медленно и с ошибками формулирую мысли и предложения.
Сосын өзіме бір сұрақ қойдым: неге маған тікелей қарым-қатынас кезінде ойымды немесе қандай да бір пікірімді тұжырымдау соншалықты қиын? И я задал себе вопрос: почему мне так трудно сформулировать какую-то идею или предложение при живом общении?
Шын мәнінде, жауабы өте қарапайым. На самом деле ответ простой.
Себебі біз ана тілімізде таңертең оянған сәттен кешке дейін санамызда әртүрлі ойларды бейсаналы түрде тұжырымдап жатамыз. Дело в том, что на родном языке мы с утра до вечера неосознанно тренируемся формулировать различные идеи в своей голове.
Тіпті оянған бойда-ақ ана тілімізде бір нәрсені ойша құрастыра бастаймыз. Даже когда просыпаемся, мы уже начинаем что-то формулировать на родном языке.
Дәл осы үздіксіз жаттығудың арқасында біз кез келген сөйлемді әлдеқайда жылдам құрастыра аламыз. Именно благодаря этим постоянным тренировкам нам удается гораздо быстрее строить любые предложения.
Ал қазақ тілінде біз мұны өте сирек жасаймыз — тек біреуге бірдеңе айтқымыз келген кезде ғана. На казахском языке мы делаем это очень редко — только когда хотим что-то сказать.
Сол сәтте сөйлемді қазақ тіліне аударуға кірісеміз. И в этот момент начинаем переводить предложение на казахский язык.
Егер біз таңертеңнен кешке дейін санамызда әртүрлі ойларды қазақ тілінде тұжырымдап үйренсек, онда диалог кезінде де дәл орыс тіліндегідей жылдам жауап берер едік. А если бы мы с утра до вечера формулировали различные идеи в своей голове на казахском языке, то во время диалога отвечали бы так же быстро, как и на русском.



📅 №63

📹 Разбор (youtube)

🔳 ЕГЕР МЕН БІЛІМ МИНИСТРІ БОЛСАМ
ЕСЛИ БЫ Я БЫЛ МИНИСТРОМ ОБРАЗОВАНИЯ

📌 Глагол дня: бақылау – контролировать, наблюдать, следить

Белгілі болғандай, елдің күші — оның азаматтарының білімі мен біліктілігінде. Как известно, сила страны заключается в силе и компетентности её граждан.
Егер мен білім министрі болсам, білім беру жүйесіне тәлімгерлік қағидатын енгізуге тырысар едім. Если бы я был министром образования, я бы попытался интегрировать в систему образования принцип подмастерья.
Ежелгі Русьте және одан кейінгі көптеген ғасырлар бойы қолөнершілерді даярлаудың негізгі жолы – шебердің қасында шәкірт болып жүріп үйрену еді. В Древней Руси и на протяжении многих веков ученичество у мастера было основным способом подготовки ремесленников.
Бұл қалай жүзеге асатын? Как это работало?
Адамды шебердің көмекшісі етіп беретін, содан кейін ол бірнеше жыл бойы шебердің жанында жүріп, оның барлық дағдыларын біртіндеп меңгеретін. Человека отдавали в помощники мастеру, и на протяжении нескольких лет он находился рядом с ним и постепенно осваивал все его навыки.
Біріншіден, ұстаздың өзі өз ісінің маманы болатын, ал екіншіден, шәкірт басын артық теориямен толтырмай, бәрін іс жүзінде үйренетін. Во-первых, сам учитель был действующим специалистом, а во-вторых, ученик не забивал голову лишним, а учился на практике.
Қазір де мұндай жүйе кейбір жекеменшік мектептерде, курстарда және спорт секцияларда бар. Сейчас такая система есть в некоторых частных школах, на курсах и спортивных тренировках.
Сен ұстазға келесің, ол саған өзінің қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Ты приходишь к учителю, он показывает тебе, как сам работает.
Содан кейін сен оны қайталайсың, ал ол сені бақылайды, оқу үдерісіңді қадағалайды. А потом ты повторяешь за ним, а он наблюдает за тобой и контролирует процесс твоего обучения.
Егер елде мамандарды даярлау ісін өз ісінің хас шеберлері мен білікті кәсіби мамандар бақыласа, елдің дамуы өте жылдам қарқын алар еді. Если в стране подготовку специалистов будут контролировать профессионалы, добившиеся высочайших результатов, то её развитие будет очень быстрым и стремительным.



📅 №64

📹 Разбор (youtube)

👤 НЕГЕ ӘЖЕЛЕР МЕН АТАЛАР НЕМЕРЕЛЕРІН ЕРКЕЛЕТЕДІ?
ПОЧЕМУ БАБУШКИ И ДЕДУШКИ БАЛУЮТ ВНУКОВ?

📌 Глагол дня: еркелету – баловать

Бәлкім, барлық әжелер мен аталар өз немерелерін еркелететін шығар. Наверное, все бабушки и дедушки балуют своих внуков и внучек.
Неліктен олар бұлай істейді? Почему они это делают?
Жасы ұлғайған сайын көптеген адамдар отбасының қадірін бұрынғыдан да тереңірек түсіне бастайды. С возрастом многие люди начинают сильнее ценить семью.
Олар уақыттың шектеулі екенін ұғады, сондықтан немерелерінің жадында жылы естеліктер қалдыруға тырысады. Они понимают, что время ограничено, поэтому стараются оставить у внуков теплые воспоминания.
Сыйлықтар, тәттілер мен еркіндік беру – олардың сүйіспеншілігін білдірудің бір жолы. Подарки, сладости и уступки становятся способом показать свою любовь.
Балалар ержетіп, есейген соң, өз алдына шаңырақ көтеріп, бөлек өмір сүреді. Когда дети становятся взрослыми, они заводят свои семьи и живут отдельно.
Ата-аналар балаларын күнде көрмейтін болғандықтан, оларды сағына бастайды. Сондықтан балалары және немерелерімен кездесулер олар үшін ерекше ыстық әрі қымбат бола түседі. Родители перестают видеть своих детей каждый день, начинают скучать по ним, и для них встречи с детьми и внуками становятся особенно ценными.
Сонымен қатар, жылдар өткен сайын көптеген адамдардың мінезі жұмсара түседі, олар сабырлырақ әрі кеңпейіл бола бастайды. Также с годами многие люди становятся мягче характером, более спокойными и великодушными.
Ал егер әже жас кезінде өз баласына тым қатал болғанын немесе оған жеткілікті көңіл бөлмегенін сезсе, мұның орнын немерелеріне ерекше қамқорлық көрсету арқылы толтыруға тырысады. А если бабушка считает, что в молодости была строга к своему ребенку или уделяла ему мало внимания, то старается компенсировать это особой заботой о внуках.
Сондықтан әжелер мен аталарға балаларыңызды еркелетуге мүмкіндік беріңіздер — бұл оларға қажет :) Поэтому пусть бабушки и дедушки балуют ваших детей — им это необходимо 🙂



📅 №65

📹 Разбор (youtube)

👨‍👩‍👦 БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕМЕҢІЗДЕР — БӘРІБІР ОЛАР СІЗДЕРГЕ ҰҚСАП ӨСЕДІ. ӨЗДЕРІҢІЗДІ ТӘРБИЕЛЕҢІЗДЕР…
НЕ ВОСПИТЫВАЙТЕ ДЕТЕЙ — ВСЁ РАВНО ОНИ БУДУТ ПОХОЖИ НА ВАС. ВОСПИТЫВАЙТЕ СЕБЯ…

📌 Глагол дня: тәрбиелеу – воспитывать

Мінсіз адам болмайды. Әр адамның өзіне тән жақсы қасиеттері де, кемшіліктері де бар. Совершенных людей не существует, у каждого человека есть свои сильные качества и недостатки.
Мен Құдайға ата-анам үшін шүкіршілік етемін және оларды жер бетіндегі ең жақсы ата-ана деп есептеймін. Я благодарен Богу за своих родителей и считаю, что они самые лучшие на земле.
Дегенмен бала күнімде ата-анамның кейбір іс-әрекеттеріне қарап: «Мен өскенде ешқашан бұлай істемеймін», — деп ойлайтын кездерім болатын. Однако в детстве были моменты, когда я смотрел на некоторые поступки родителей и думал: «Когда я вырасту, я никогда так не буду делать».
Бірақ жылдар өтті, мен есейдім. Бір күні өзімнен баяғыда: «Менде ешқашан болмайды», — деп серт берген сол кемшіліктерді байқадым. Но проходили годы, я рос, и в какой-то момент жизни заметил в себе те самые недостатки, о которых когда-то зарекался, что их у меня не будет.
Сол кезде мен бір қарапайым шындықты түсіндім. Балалар біз айтқандай болып өспейді. И я понял одну простую вещь: “Дети становятся не такими, какими мы говорим им быть.”
Олар біздің шын мәнінде қандай екенімізді бойына сіңіріп, сондай болып қалыптасады. Они становятся такими, какие мы есть на самом деле.
Сондықтан балаларымызды жақсы тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен өз іс-әрекетімізге, өз мінез-құлқымызға назар аударуымыз керек. И если мы хотим хорошо воспитать своих детей, то в первую очередь нужно обратить внимание на свои поступки, своё поведение.
Өмірінің бір кезеңінде анам өз өмірін өзгертуді шешті. Ол мүлде басқа адамға айналды. В какой-то момент жизни моя мама решила изменить свою жизнь. Она стала другим человеком.
Оның өміріндегі дәл сол кезең маған да өте үлкен әсер етті. И именно этот период её жизни очень сильно повлиял и на меня.



📅 №66

📹 Разбор (youtube)

🦁 СЕНІ БАСТЫҚ ЕТІП КІМ ТАҒАЙЫНДАДЫ?
А КТО НАЗНАЧИЛ ТЕБЯ НАЗНАЧАТЬ МЕНЯ ГЛАВНЫМ?

📌 Глагол дня: тағайындау – назначать

«Мадагаскар 2» мультфильміндегі мына сөздер есіңізде ме? Помните эти слова из мультфильма “Мадагаскар 2” (https://youtu.be/ctUcRMw2mEc?si=Gb9Am_gzTi6HoBaa)?
Бұл — ұшақ апатты жағдайда қонып, кейіпкерлердің сыртқа шығып айналаны қарап-тексеріп, ал пингвиндердің ұшақтың қонғаны туралы есеп беріп жатқан сәті. Это момент, когда самолет совершает аварийную посадку, герои выходят осмотреть местность, а пингвины отчитываются о посадке.
— Шкипер: Ковальски, шығын туралы баянда! — Ковальски, доложить о потерях!
— Ковальски: Хабар-ошарсыз кеткені небәрі екі жолаушы! — Без вести пропали всего два пассажира!
— Шкипер: Екі жолаушы артық па, кем бе — бәрібір. Керемет қондық! Пингвиндер ұша алмайды деген кім? — Двумя больше, двумя меньше, отличная посадка! Кто сказал что пингвины не летают?
— Алекс: Әй, жалпақтабандар! Неге қуанып тұрсыңдар? Ұшаққа қараңдар! — Эй... Ластошлепы... Чему мы тут радуемся? Гляньте на самолет!
— Шкипер: Жөндейміз! — Починим!
— Алекс: Иә? Қалай жөндемексіңдер? — Да ну? И как интересно?
— Шкипер: Түкіріп, үрлеп, скотчпен жапсырамыз! — Крякнем, плюнем, и надежно склеем скотчем!
— Шкипер: Біз оны... ммм... алты-тоғыз айдың ішінде жөнге келтіреміз. — Мы доведем его до ума через... ммм... шесть девять месяцев...
— Алекс: Алпыс тоғыз ай ма?! — Шестьдесят девять????
— Шкипер: Жоқ, алтыдан тоғыз айға дейін! — Нет: шесть терэ девять!
— Шкипер: Ковальски, осы кідірісті тиімді пайдалануымыз керек... — Ковальски, надо использовать эту задержку с толком...
— Алекс: Неге дәл сондай мерзім дедің? Оны қайдан алдың? — А почему ты назвал, и вообще откуда эти сроки?
— Шкипер: Құрылымды қайта конфигурациялау қажет... — Нужна реконфигурация конструкции...
— Алекс: Қызық екен... — Интересно узнать...
— Шкипер: Қайта конфигурациялай беріңдер... — Реконфигурируйте...
— Алекс: Мұны қалай есептедің? — Как ты это так рассчитал?
— Шкипер: Әй, батыр, сен барып дәретханаға шұңқыр қаз. Бәлкім, су да тауып қаларсың! — Ты, красавчик, пойди и вырой ямку для сортира, может за одно и воду найдешь!
— Алекс: Тоқтай тұршы. Сені бұл апаттың бастығы етіп кім тағайындады? — Стоп, секундочку, а кто тебя назначил начальником катастрофы?
— Шкипер: Не, не? Жарайды, бастық бола бер — ұшақты жөнде! — Что, что? Ладно, можешь быть главным — чини самолёт.
— Алекс: Ал саған мені бастық етіп тағайындауды кім тапсырды? — А кто назначил тебя назначать меня главным?
— Шкипер: Онда бастық болып өзім қала беремін. — Ну тогда главным остаюсь я.
— Алекс: Иә, шешілді, бастық болып тағайындалдың. — Да, решено, назначаешься главным.
— Шкипер: Ал сен өзіңнің хиппи достарыңмен аяққа оралма. — А ты не путайся под ногами со своими хипарями.
— Алекс: Дәл солай! Өйткені мен солай шештім! — Точниссимо, потому что я так решил!



📅 №67

📹 Разбор (youtube)

💱 ТАНЫСЫМНЫҢ ӨТІНІШІМЕН ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАП, ОЙЛАНЫП ҚАЛДЫМ
ОБМЕНЯЛ ВАЛЮТУ ПО ПРОСЬБЕ ЗНАКОМОГО И ЗАДУМАЛСЯ

📌 Глагол дня: айырбастау – обменивать, производить обмен

Өткен жылы басымнан осындай жағдай өтті. Бір танысым менен бірге айырбастау орнына барып, теңгені долларға айырбастауға көмектесуімді сұрады. Мен: «Еш мәселе жоқ», — дедім де, екеуіміз айырбастау орнына бардық. В прошлом году у меня был такой случай. Один знакомый попросил меня вместе с ним сходить в обменник и обменять тенге на доллары. Я сказал: «Без проблем», — и мы пошли в обменник.
Шынымды айтсам, мен айырбастау пунктіне көптен бері бармаған едім. Сөйтсем, 2020 (екі мың жиырмасыншы) жылдан бері валюта айырбастау кезінде айырбастау пункттерінде жеке куәлікті талап етеді екен. Я вообще давно не ходил в обменник. Как оказалось, ещё с 2020 года в обменниках при обмене валюты стали требовать удостоверение личности.
Мен жеке куәлігімді бердім, ақшаны айырбастадық. Дәл сол сәтте мен ойланып қалдым. Я дал удостоверение, мы обменяли деньги. И в этот момент я задумался.
Менің танысым мемлекеттен өз табысын жасырып жүрген екен және валютаны менің атымнан айырбастап жүрген болып шықты. Ал айырбастау пункттері валюта айырбастау операциялары туралы мәліметтерді қаржылық мониторингке қатысты мемлекеттік органдарға жолдайды. Мой знакомый скрывал от государства свои доходы и через меня производил обмен валюты. А обменники передают данные об обменных операциях государственным органам, связанным с финансовым мониторингом.
Сонда бұл сомалардың барлығы менің атыма жазылады екен, ал болашақта бір күні менен бұл ақшаның қайдан келгенін және одан салық төленген-төленбегенін сұрауы мүмкін. Получается, что все эти суммы будут числиться на мне, и, возможно, когда-нибудь меня спросят, что это за деньги и уплачены ли с них налоги.
Келесі жолы танысым тағы да менімен бірге айырбастау орнына барып, валюта айырбастауды сұрағанда, мен сыпайы түрде бас тарттым. В следующий раз, когда знакомый снова попросил меня поехать с ним в обменник для обмена валюты, я вежливо отказался.



📅 №68

📹 Разбор (youtube)

🤝 ҚҰТТЫҚТАУ — КҮНДЕЛІКТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БІР БӨЛІГІ /span>
ПОЗДРАВЛЕНИЕ КАК ЧАСТЬ ЕЖЕДНЕВНОГО ОБЩЕНИЯ

📌 Глагол дня: құттықтау – поздравлять

Біз құттықтау туралы айтқанда, ойымызға бірден салтанатты іс-шара немесе мереке, сол жерде айтылатын құттықтау сөзі келеді. Когда мы говорим о поздравлении, у нас сразу возникает ассоциация с каким-нибудь торжественным событием или праздником, на котором мы произносим торжественную речь.
Бірақ шын мәнінде, құттықтау біздің өмірімізде әлдеқайда жиі кездеседі. Но на самом деле поздравления присутствуют в нашей жизни гораздо чаще.
Мысалы, адам өзіне ұнаған бір затты тиімді бағамен сатып алғанын айтса, біз оны құттықтаймыз. Например, когда человек сообщает нам об удачной покупке, мы поздравляем его с этим.
Адам бізбен күнделікті жетістіктерімен бөліскенде, біз, әрине, оны мақтап, сол жетістіктерімен құттықтаймыз. Когда человек делится с нами своими ежедневными достижениями, мы, конечно же, хвалим его за это и поздравляем с этими достижениями.
Неліктен біз бір-бірімізді құттықтаймыз және оның қандай пайдасы бар? Почему мы поздравляем друг друга и что это нам даёт?
Өйткені біреуді құттықтау арқылы біз оның өмірінде болған оқиғаның маңызын мойындаймыз, сондай-ақ оның қуанышын шын жүректен бөлісетінімізді көрсетеміз. Дело в том, что, поздравляя кого-то, мы признаем ценность того, что произошло в жизни человека, а также показываем, что искренне разделяем его радость.
Сонымен қатар, құттықтау адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Себебі жылы лебіз, мақұлдау, мойындау және қолдау сөздері адамдардың арасында берік байланыс қалыптастырады. Кроме того, поздравления укрепляют отношения между людьми, потому что именно тёплые слова одобрения, признания и поддержки создают прочные человеческие связи.



📅 №69

📹 Разбор (youtube)

😎 СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША, АДАМНЫҢ ӨМІРДЕГІ ЖЕТІСТІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ НЕ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ?
КАК ВЫ ДУМАЕТЕ, ЧТО ЯВЛЯЕТСЯ ПОКАЗАТЕЛЕМ УСПЕШНОСТИ ЖИЗНИ ЧЕЛОВЕКА?

📌 Глагол дня: мәз болу – обрадоваться, быть довольным, прийти в восторг

Кейбіреулер бұл — ақша десе, енді біреулері — мансап, үшіншілері өмірдегі қандай да бір жетістіктер деп санайды. Некоторые говорят, что это деньги, другие — что карьера, третьи считают, что это какие-то достижения в жизни.
Бірақ менің ойымша, бәрімізді біріктіретін өмірдің ең басты көрсеткіші — адамның өмірде қаншалықты жиі мәз болатыны. Но лично, на мой взгляд, главным показателем успешности жизни, который объединяет всех нас, является наличие в жизни радости.
Өйткені бәріміз дәл сондай сәттерге ұмтыламыз. Именно за этим чувством мы все гоняемся.
Ал ақша, мансап, жетістіктер және басқа да көптеген нәрселер — тек мәз болуға мүмкіндік беретін құралдар ғана. А деньги, карьера, достижения и многое другое являются лишь инструментами для получения радости и восторга.
Адам қалағанына қол жеткізген сәтте ерекше мәз болады. Ты получаешь то, чего хотел, и в этот момент испытываешь необыкновенную радость.
Содан кейін мен ойланып қалдым: өзіме не нәрсе күлкі сыйлап, шын жүректен қуантады? Потом я задумался: а от чего я сам начинаю улыбаться и по-настоящему радоваться?
Тапқан ақшам ба? Иә, кейде ол да мені мәз қылады. Заработанные деньги? Иногда они действительно меня радуют.
Қазақ тілін үйренудегі жетістігімді көргенде де, біраз уақыт мәз болдым. Когда я увидел свой прогресс в изучении казахского языка, то на какое-то время почувствовал большую радость.
Дәмді торт та біраз уақытқа мәз қылады. Вкусный тортик тоже может порадовать меня на какое-то время.
Бірақ әйелім мен балаларыма қараған кезде, әрдайым еріксіз күлімсіреп мәз боламын. Но когда я смотрю на свою жену и детей, я всегда расплываюсь в улыбке.
Олардан қандай да бір ерекше энергия тарайтындай, сол энергияның арқасында мен өзімді бақытты сезініп, еріксіз күлімсіреймін. Как будто от них исходит какая-то энергия, благодаря которой я чувствую счастье и невольно улыбаюсь.



📅 №70

📹 Разбор (youtube)

🚛 ЖҮКТІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ӘРІ ЫҢҒАЙЛЫ ЖЕТКІЗУ
САМАЯ БЫСТРАЯ И КОМФОРТНАЯ ДОСТАВКА ГРУЗА

📌 Глагол дня: көшіру – перевозить, переселять, копировать

Біршама уақыт бұрын маған көлік жүргізуді үйреткен досым жүк тасымалдау және жеткізу жұмыстарымен айналысу үшін жүк көлігін сатып алды. Какое-то время назад мой друг, который учил меня вождению, купил грузовую машину, чтобы заниматься доставкой и перевозкой грузов.
Ол маған: «Егер бірдеңені бір жерден екінші жерге көшіру керек болса, хабарлас. Қуана көмектесемін», – деді. Он сказал мне, что, если понадобится что-то куда-то перевезти, он с радостью поможет.
Жақында дәл сондай жағдай болды. И такой момент недавно наступил.
Маған кеңседен ата-анамның үйіне киім ілгішті, екі тумбаны және үстелді көшіріп апару керек болды. Мне нужно было перевезти из офиса домой к родителям вешалку, две тумбочки и стол.
Мен Викторға қоңырау шалдым, ол бірден келді. Я позвонил Виктору, и он приехал.
Мен бұрын-соңды ешнәрсені мұншалықты тез көшіріп көрмеппін. Так быстро я ещё ничего не перевозил.
Әдетте көлік іздеуге, телефонмен сөйлесуге, бағасын келісуге біраз уақыт кететін. Обычно у меня уходило время на поиски машины, разговоры, обсуждение цены.
Ал бұл жолы досыма бір ғана қоңырау шалу жеткілікті болды. А тут один звонок другу — и всё.
Екеуміз барлық затты жүк көлігіне тиеп, ата-анамның үйіне қарай жолға шықтық. Мы с Витей загрузили всё в машину и поехали к родителям.
Бір қызығы, сол күні жолда кептеліс болмады, сондықтан өте тез жеттік. На удивление, в этот день на дороге не было пробок, и мы доехали очень быстро.
Анам бізге дәмді палау дайындады, ал әкем құпия қоспалары бар өзінің ерекше шайын демдеді. Мама приготовила нам вкусный плов, а папа заварил свой фирменный чай с секретными ингредиентами.
Біз отырып, әңгімелестік. Мы сидели, общались.
Содан кейін мен досымды көлігіне дейін шығарып салып, заттарды көшіруге көмектескені үшін алғыс айттым, ал ол бізге қонақжайлығымыз үшін рақмет айтты. Потом я проводил друга до машины, поблагодарил его за помощь с перевозкой вещей, а он поблагодарил нас за гостеприимство.
Достарың болғаны қандай жақсы! Хорошо, когда есть друзья.



📅 №71

📹 Разбор (youtube)

🗝 АЛҒАШҚЫ КЕҢСЕ ЖАЛДАУЫМ
МОЯ ПЕРВАЯ АРЕНДА ОФИСА

📌 Глагол дня: жалға алу, жалдау – арендовать

Бағыма қарай, маған ешқашан баспана жалдап тұру қажет болған емес. Мне повезло: мне никогда не приходилось арендовать жильё.
Үйленгенге дейін ата-анаммен бірге тұрдым, ал үйленгеннен кейін ата-анам өз пәтерін әйелім екеумізге берді. До свадьбы я жил вместе с родителями, а после свадьбы они отдали нам с женой свою квартиру.
Бірақ бір күні бәрібір жалға алумен танысуыма тура келді. Но однажды мне всё же пришлось познакомиться с арендой.
Мен үйден веб-әзірлеу саласында жұмыс істейтінмін. Я работал в сфере веб-разработки из дома.
Алдымен қасыма жұмыс істеуге бір досымды шақырдым, кейін екіншісін шақырдым. Сөйтіп бәріміз біздің үйде жұмыс істейтін болдық. Сначала я пригласил работать к себе одного друга, потом второго. И мы все сидели у нас дома.
Бұл отбасымыз үшін де, клиенттермен кездесу үшін де онша қолайлы болмады. Для моей семьи, да и для встреч с клиентами, это было не очень удобно.
Содан кейін біз жалға алатын орын іздей бастадық. Тогда мы начали искать помещение в аренду.
Біздің алғашқы жұмыс орнымыз коворкинг болды. Нашим первым местом стал коворкинг.
Коворкинг — жеке бөлме немесе кеңсені емес, ортақ жабдықталған кеңістіктегі бір жұмыс орнын, яғни үстел мен орындықты жалға алатын орын. Коворкинг — это пространство, где ты арендуешь не отдельную комнату или офис, а рабочее место: стол и стул в общем оборудованном помещении.
Біз қала орталығындағы әдемі кеңседегі үш жұмыс орны үшін бар болғаны 45 мың теңге төлейтінбіз. Мы платили за аренду трёх рабочих мест в красивом офисе в центре города всего 45 тысяч тенге.
Кейін бізге тағы бірнеше адам қосылды. Позже к нам присоединились ещё несколько человек.
Сөйтіп жеке кеңсе жалға алған тиімдірек екенін түсіндік. И оказалось, что дешевле снять уже отдельный офис.
Осылайша менің кеңселер мен жалға алу әлеміндегі сапарым басталды. Так началось моё путешествие по миру офисов и аренды.



📅 №72

📹 Разбор (youtube)

🤩 КӨЛІККЕ ЖОСПАРЛЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ПЛАНОВОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ АВТОМОБИЛЯ

📌 Глагол дня: қызмет көрсету – обслуживать

Өткен аптада мен автосервиске бардым. На прошлой неделе я ездил в автосервис.
Егер сіздің көлігіңіз болса немесе оны сатып алуды жоспарлап жүрсеңіз, сізге де көлігіңізге техникалық қызмет көрсету үшін автосервиске үнемі барып тұруға тура келеді. Если у вас есть машина или вы планируете её купить, вам тоже придётся регулярно посещать автосервис, чтобы обслуживать свой автомобиль.
Әр он мың шақырым жүрген сайын қозғалтқыштағы майды ауыстыруым керек. Каждые десять тысяч километров пробега мне нужно менять масло в двигателе.
Мен шеберге телефон шалып, көлігім соңғы май ауыстырғаннан бері небәрі сегіз мың шақырым жүргенін, бірақ автосервиске бір жарым жылдан бері бармағанымды айттым. Я позвонил мастеру и сказал, что у меня всего восемь тысяч километров пробега, но я уже полтора года не был в сервисе.
Ол: «Не айтып тұрсыз, Андрей? Майды әр он мың шақырым сайын ауыстыру керек, бірақ кемінде жылына бір рет міндетті түрде ауыстырған жөн», — деді. Он ответил: «Вы что, Андрей? Вам нужно менять масло каждые десять тысяч километров, но не реже одного раза в год».
Сондықтан мен дереу барып, майды ауыстырдым. Поэтому я срочно поехал и заменил масло.
Тексеру барысында амортизатор аға бастағаны және амортизатордың шаңнан қорғайтын қапшығының (пыльнигінің) жыртылғаны анықталды. Во время осмотра также выяснилось, что у меня начал подтекать амортизатор, а пыльник амортизатора порвался.
Сондықтан алдыңғы амортизаторларды шаңнан қорғайтын қапшықтарымен бірге ауыстыруға тура келді. Поэтому пришлось заменить и передние амортизаторы вместе с пыльниками.
Сонымен қатар, келесі техникалық қызмет көрсету кезінде газ тарату механизмінің белдігін (ГРМ белдігін) ауыстыруға келістік. Кроме того, во время следующего обслуживания мы договорились заменить ремень ГРМ.
Қысқасы, бұл жолы көлікке техникалық қызмет көрсетуге біраз ақша жұмсауыма тура келді. В общем, на этот раз мне пришлось хорошо потратиться на обслуживание автомобиля.



📅 №73

📹 Разбор (youtube)

⁉️ СІЗ КРИСТОФЕР НОЛАННЫҢ ЖАҢА «ОДИССЕЯ» ФИЛЬМІН КӨРДІҢІЗ БЕ?
А ВЫ СМОТРЕЛИ НОВЫЙ ФИЛЬМ КРИСТОФЕРА НОЛАНА «ОДИССЕЯ»?

📌 Глагол дня: аттану – отправляться, выехать

Өткен аптада әйелім екеуміз балаларды әжесіне апарып тастап, өзіміз киноға бардық. На прошлой неделе мы с женой отвезли детей к бабушке, а сами отправились в кино.
Досымыз бізге Кристофер Ноланның мифологиялық қиял-ғажайып оқиғаларға негізделген жаңа «Одиссея» фильміне баруға кеңес берді. Друг посоветовал нам сходить на новую «Одиссею» Кристофера Нолана в жанре мифологического приключенческого фэнтези.
Фильм бізге ұнады, көруге кеңес беремін. Фильм нам понравился, рекомендую посмотреть.
Фильм не туралы? О чём фильм?
Троя соғысындағы жеңістен кейін патша Одиссей өз отаны Итакаға қайтуға аттанады. После победы в Троянской войне царь Одиссей отправляется домой на Итаку.
Бірақ Трояның аяусыз қирауы мен құдайлардың қаһарына байланысты бірнеше күнде аяқталуы тиіс болған сапары он жылға жуық уақытқа созылады. Но после жестокого разрушения Трои и гнева богов его путь, который должен был занять всего несколько дней, растягивается почти на десять лет.
Ол көптеген ауыр сынақтарды бастан кешіреді: жалғыз көзді дәумен, сиреналармен, сиқыршы Киркемен, Сцилла мен Харибдамен кездеседі, әрі барлық жолсеріктерінен айырылып қалады. Он переживает множество испытаний: встречает циклопа, сирен, волшебницу Цирцею, Сциллу и Харибду, теряет всех своих спутников.
Соған қарамастан, ол отбасына аман-есен оралу үмітін ешқашан үзбейді. Но не оставляет надежды вернуться к семье.
Ал осы уақытта Итакада Одиссейді қаза тапты деп есептеп, патшалықтағы билікті сақтау үшін патшайым Пенелопаны қайта тұрмысқа шығуға мәжбүрлейді. Тем временем дома царицу Пенелопу ради сохранения власти в царстве принуждают выйти замуж, считая Одиссея погибшим.
Ал оның ұлы Телемах әкесінің тірі екеніне сеніп, оны іздеуге аттанады. А его сын Телемах верит, что отец жив, и отправляется на его поиски.
Ақырында Одиссей қайыршының кейпіне еніп Итакаға оралады. Вернувшись под видом нищего, Одиссей возвращается на Итаку.
Пенелопаға үйлену үшін өткен сайыс кезінде Одиссей өзінің кім екенін жариялап, оның барлық күйеу жігіттерін өлтіреді. Ал Итаканың жаңа патшасы болып оның ұлы Телемах таққа отырады. Во время состязания за руку Пенелопы Одиссей раскрывает свою личность и убивает всех её женихов. А новым царём Итаки становится его сын Телемах.



📅 №74

📹 Разбор (youtube)

🤖 ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОҢЫРАУ ШАЛҒАНДА…
КОГДА МНЕ ЗВОНИТ ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ…

📌 Глагол дня: үзу – обрывать, прерывать

Соңғы кезде түрлі компаниялар әртүрлі тауарлар мен қызметтерді жарнамалап, жиі қоңырау шалатын болды. Оның үстіне, көбіне дәл жасанды интеллект қоңырау шалады. В последнее время участились звонки от разных компаний с рекламой различных товаров и услуг. И очень часто звонит именно ИИ.
Жасанды интеллект қоңырау шалғанда, басқалардың қалай әрекет ететінін білмеймін. Ал мені ондай қоңыраулар ашуландырады, сондықтан сөзін тыңдамай-ақ бірден байланысты үземін. Я не знаю, как вы реагируете, когда вам звонит искусственный интеллект, но лично меня это раздражает, и я сразу прерываю разговор.
Мысалы, телефонды көтерсем, ар жағынан жағымды әйел даусы:
— Сәлеметсіз бе! Менің атым — Әлия. Екі минутыңыз бола ма? — дейді.
Например, я беру трубку, а там приятный женский голос говорит:
— Здравствуйте, меня зовут Алия. У вас будет две минуты?
Мен:
— Иә, болады. Не туралы екенін айтсаңыз… — деп жауап беремін.
Я отвечаю:
— Да, будет. Смотря что вы хотели…
Бірақ ол «иә» деген сөзді ести салысымен, сөзімді үзіп, өзінің жарнамалық ұсыныстарын айта жөнеледі. Но, едва услышав слово «да», она перебивает меня и начинает рассказывать о своих рекламных предложениях.
Мен де:
— Тоқтаңыз, жетеді! — деп оны үзуге тырысамын.
Я пытаюсь её прервать, говоря:
— Остановитесь, хватит!
Бірақ ол мені тыңдамайды да, өзінің «ғажайып» қызметтері туралы айта береді. Но она меня не слушает и продолжает рассказывать о своих «сказочных» услугах.
Ең жағымсызы — олардың сенің қажеттіліктеріңе де, пікіріңе де, тіпті өзіңе де еш қызықпайтынын сезіну. Самое неприятное — понимать, что их вообще не волнуют ни твои потребности, ни твоё мнение, ни ты сам.
Олар үшін ең бастысы — мүмкіндігінше көп сөз айтып үлгеру. Для них главное — произнести как можно больше слов.
Шынымен де осындай автоматты жарнаманы отырып алып соңына дейін тыңдайтын адамдар бар ма екен? Неужели действительно есть люди, которые сидят и слушают эту автоматическую рекламу?



📅 №75

📹 Разбор (youtube)

🛴 ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОСАМОКАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ
В КАЗАХСТАНЕ УЖЕСТОЧИЛИ ПРАВИЛА ДЛЯ ЭЛЕКТРОСАМОКАТОВ

📌 Глагол дня: тыйым салу – запрещать

Мен бұл сәтті көптен бері күткен едім, міне, ақыры ол да келді — ура! Я давно ждал этого момента, и вот он наступил — ура!
Бұрын отбасыммен қалада серуендеген кезде өзімді жайсыз сезінетінмін, өйткені әр бес минут сайын жанымнан жоғары жылдамдықпен электросамокат мінгендер зулап өтетін. Раньше, когда я гулял с семьёй по городу, я чувствовал себя некомфортно, потому что каждые пять минут мимо меня на большой скорости проносился самокатчик.
Қазір тротуарда еш алаңдамай серуендеймін, ешкім жанымнан зулап өте шықпайды. Сейчас я спокойно гуляю по тротуару, и никто больше не проносится мимо меня.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пайдаланушыларға арналған жаңа ережелер күшіне енді. 1 июля 2026 года в Казахстане вступили в силу новые правила для пользователей электросамокатов.
Жалға берілетін электросамокаттар үшін мемлекеттік тіркеу нөмірінің болуы, тіркеуден өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру міндетті болды. Для арендных самокатов стали обязательными государственные номера, регистрация и страхование гражданской ответственности.
Сонымен қатар, жалға алушының жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Кроме того, арендатор должен иметь водительское удостоверение.
Бұрын электросамокатты кез келген адам жалға ала беретін. Раньше самокаты могли брать напрокат все подряд.
Әзірге электросамокатпен тротуарда жүруге болады, бірақ 26 тамыздан бастап оған тыйым салынады. Ездить по тротуару на электросамокате пока ещё можно, но с 26 августа это будет запрещено.
Электросамокатпен велосипед жолымен немесе жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етіледі. Разрешается ездить по велосипедным дорожкам и по правому краю проезжей части.
📄 Сонымен қатар, мыналарға тыйым салынады: Кроме того, запрещено:
✅ рульді қолмен ұстамай жүруге; ехать, не держась руками за руль;
✅ жолаушыны немесе көлемді жүкті тасымалдауға; перевозить пассажиров и громоздкий груз;
✅ жаяу жүргіншілер жолағынан электросамокатпен өтіп кетуге. переезжать пешеходный переход на самокате.



📅 №76

📹 Разбор (youtube)

🚸 РАСТАУ КОДЫ АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚОЛЫНА ТҮСТІ
КОД ПОДТВЕРЖДЕНИЯ НА ВООРУЖЕНИИ У МОШЕННИКОВ

📌 Глагол дня: растау – подтверждать, заверять

Біз әлдеқашан түрлі сәлемдемелерді растау коды арқылы алуға үйреніп кеттік. Мы уже давно привыкли получать различные посылки по коду подтверждения.
Бұл қалай жұмыс істейді? Как это работает?
Мысалы, біз қандай да бір тауарға тапсырыс береміз. Например, мы заказываем какой-нибудь товар.
Курьер оны үйіміздің есігіне дейін жеткізіп, растау кодын айтуымызды сұрайды. Біз кодты айтқаннан кейін, ол тапсырысымызды тапсырады. Курьер привозит его к двери и просит назвать код подтверждения, в обмен он вручает нам заказ.
Бұл — тапсырысты алушының кім екенін тексерудің әрі оның тауарды алғанын растаудың өте қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі. Это очень простая и удобная схема проверки личности получателя и подтверждения получения заказа.
Алайда біраз уақыт бұрын алаяқтар да осы тәсілді өз мақсаттарына пайдалана бастады. Однако некоторое время назад мошенники взяли эту идею себе на вооружение.
Бірде мен олардың айласына алданып қала жаздадым. Однажды я чуть не попался на их уловку.
Маған жұмыс орныма қоңырау шалып, атымa салық қызметінен хат келгенін, оны курьер жеткізіп беретінін айтты. Мне позвонили на работу и сказали, что на моё имя пришло письмо из налоговой, которое доставит курьер.
Хатты алу үшін СМС арқылы келген растау кодын айтуым керек екен. Чтобы его получить, нужно было сообщить код из СМС.
Алғашында мен сеніп қалдым. Бірақ кейін мемлекеттік органдардың маған ешқашан мұндай жолмен құжат жібермегенін және ешқашан растау кодтарын айтуды сұрамағанын есіме түсірдім. Сначала я поверил, но потом вспомнил, что государственные органы никогда не присылали мне документы таким способом и не просили сообщать коды подтверждения.
Мен сөйлесіп тұрған адамға ешқандай код айтпайтынымды айттым. Я сказал собеседнику, что никаких кодов сообщать не собираюсь.
Осыдан кейін ол қатты абыржып, түрлі қорқыту сөздерін айта бастады. После этого он заметно занервничал и начал придумывать разные угрозы.
Сол сәтте мен алаяқпен сөйлесіп тұрғанымды бірден түсіндім де, оны жай ғана ары қарай жібердім. Тогда я окончательно понял, что разговариваю с мошенником, и просто послал его подальше.



📅 №77

📹 Разбор (youtube)

👔 МЕН ҮТІКТІ МҮЛДЕ ДЕРЛІК ҚОЛДАНБАЙМЫН
Я ПОЧТИ НЕ ПОЛЬЗУЮСЬ УТЮГОМ

📌 Глагол дня: үтіктеу – гладить

Менің жоғары заңгерлік білімім бар, тіпті заңгер болып аздап жұмыс істеген тәжірибем де бар. У меня есть высшее юридическое образование и даже небольшой опыт работы юристом.
Заң факультетінде оқып жүрген кезімде күн сайын университетке шалбар, көйлек және галстук киіп баратынмын. Когда я учился на юридическом факультете, то каждый день ходил в университет в брюках, рубашке и галстуке.
Сондықтан сабаққа дейін шалбарым мен көйлегімді үтіктеу үшін ертерек тұруыма тура келетін. Поэтому перед учёбой мне приходилось вставать пораньше, чтобы погладить брюки и рубашку.
Заңгер болып жұмыс істеген кезде де классикалық киім стилін ұстанатынмын. Когда я работал юристом, у меня тоже был классический стиль одежды.
Бірақ өмірімнің бір кезеңінде заң саласынан кетуге шешім қабылдадым. Но в какой-то момент своей жизни я решил уйти из юридической сферы.
Сонымен бірге киім стилім де өзгерді. Вместе с этим изменился и мой стиль одежды.
Содан бері гардеробымда негізінен джинсы мен жеңіл жейделер ғана бар. С тех пор в моём гардеробе в основном джинсы и футболки.
Киімдерім жуылғаннан кейін тегіс кептіргіште кептіріледі, сондықтан кепкен соң оларды әдетте үтіктеудің қажеті болмайды. После стирки моя одежда сушится на ровной сушилке, поэтому после высыхания её обычно не нужно гладить.
Ал кешке үйге келген соң, киімдерімді бірден киім ілгішке іліп қоямын. Сондықтан олар ешқашан дерлік мыжылып қалмайды. А когда вечером я прихожу домой, то сразу вешаю одежду на вешалку, поэтому она почти никогда не мнётся.
Сөйтіп, біздің үйде үтікті тек әйелім ғана пайдаланады. Получается, что утюгом у нас дома пользуется только жена.
Ол өзінің киімдерін және балалардың мектеп формасын үтіктейді. Она гладит свою одежду и школьную форму детей.
Егер қандай да бір киімім мыжылып қалса, кейде оны маған үтіктеп береді. Ну и иногда может погладить что-нибудь и для меня, если какая-то вещь всё-таки помялась.



📅 №78

📹 Разбор (youtube)

🌍 ЖАРИЯЛАУ — БІР НӘРСЕНІ БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУ ДЕГЕН СӨЗ
ОПУБЛИКОВАТЬ — ЗНАЧИТ СДЕЛАТЬ ЧТО-ТО ДОСТУПНЫМ ДЛЯ ВСЕХ

📌 Глагол дня: жариялау – публиковать, обнародовать, объявить

Айналамыздағы біз көріп жүргеннің бәрі — бір кездері біреулердің өз идеяларын әлеммен бөлісіп, еңбектерінің нәтижелерін ортаға салуының арқасында пайда болған. Всё, что мы видим вокруг, появилось благодаря тому, что кто-то когда-то поделился с миром своими идеями и результатами своей работы.
Бұл әлем біздің идеяларымызбен және жасап жатқан дүниелеріміздің нәтижесімен өмір сүріп жатыр. Этот мир живёт нашими идеями и результатами того, что мы создаём.
Шын мәнінде, ол — бүкіл адамзаттың идеяларының жемісі. Он и есть результат идей всего человечества.
Әрбір адам жер бетіндегі тіршіліктің дамуына өз үлесін қосады. Каждый человек вносит свой вклад в развитие жизни на нашей земле.
Бұрын кез келген идея әлдеқайда баяу таралатын, сондықтан өзгерістер де онша жылдам болмайтын. Раньше любые идеи распространялись гораздо медленнее, поэтому и изменения происходили не так быстро.
Ал бүгінгі әлем мүлде басқа. Но сегодня мир стал другим.
Ол ешқашан дәл қазіргідей ашық, айқын әрі қолжетімді болған емес. Он ещё никогда не был настолько открытым, прозрачным и доступным, как сейчас.
Бүгінде біз бүкіл әлемді қалтамызда алып жүреміз. Сегодня весь мир мы носим у себя в кармане.
Ойланып көріңізші: сіз қалтаңыздан телефоныңызды шығарып, өз идеяларыңызды интернетте — TikTok, YouTube, Instagram, Telegram желілерінде жариялайсыз. Только подумайте: вы достаёте из кармана телефон, публикуете свои идеи в интернете — в TikTok, YouTube, Instagram, Telegram.
Ал олар санаулы секундтың ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін. И они могут облететь весь мир за считанные секунды.
Сіз өз ойларыңызбен, өз идеяларыңызбен бөлісу арқылы бүкіл әлемді өзгерте алатыныңыз туралы ойлап көрдіңіз бе? Вы когда-нибудь задумывались о том, что можете изменить весь мир, если поделитесь с ним своими мыслями, своими идеями?



📅 №79

📹 Разбор (youtube)

🌊 ӨМІРІҢІЗДЕ БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛҒАНЫН ҚАЛАСАҢЫЗ — ӨЗГЕЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ?
ХОЧЕШЬ, ЧТОБЫ У ТЕБЯ В ЖИЗНИ ВСЕ ПОЛУЧИЛОСЬ — ПОМОГИ ДРУГИМ

📌 Глагол дня: ескерту – предупредить, сделать замечание

Мен дәл осындай ойды қазақстандық «Қайтадан» фильмінен (https://s5.kinogotv.cc/94598-restart.html) түйдім. Бұл фильм не туралы? Именно такой урок я извлёк из казахстанского фильма «Снова». О чём это кино?
Рауан — ҰБТ-дан өте алмай қалған қалада өскен жасөспірім. Рауан — городской подросток, который проваливает ЕНТ.
Жаза ретінде ата-анасы оны ауылдағы туыстарына жібереді. В наказание родители отправляют его в аул к родственникам.
Онда оған үй шаруасына көмектесуге тура келеді. Где ему приходится помогать по хозяйству.
Ол ауылда қалғысы келмейді, үйіне тезірек қайтуды ғана ойлайды. Он не хочет оставаться в ауле, а хочет как можно скорее вернуться домой.
Бірақ келесі күні ол уақыт тұзағына түсіп қалады: бір күн қайта-қайта қайталана береді. Каким-то образом он попадает во временную петлю: один и тот же день повторяется снова и снова.
Әр жолы бұл оқиға қайғылы жағдаймен аяқталады — бөгет бұзылып, ауылды су басып, адамдар қаза табады. Каждый раз он заканчивается трагедией — прорывом дамбы, из-за которого аул уходит под воду и гибнут люди.
Осы күнді қайта-қайта бастан өткере отырып, Рауан бұл уақыт ілмегіне бекер түспегенін түсінеді: оның мақсаты — барлығына төнген қауіп туралы ескертіп, ауыл тұрғындарын құтқару. Проживая этот день много раз, Рауан понимает, что попал в эту петлю для того, чтобы предупредить всех о беде и спасти жителей.
Ол сан түрлі жолды байқап көреді: ауыл ішінде жүгіріп жүреді, айқайлап ескертеді, мылтықпен қорқытады, адамдардан жалынады. Бірақ оған ешкім сенбейді. Он пробует десятки способов: бегает по селу, кричит, предупреждает, угрожает ружьём, умоляет людей. Но ему никто не верит.
Ақыры ол мұндай апатты тек бәрі бірігіп қана тоқтатуға болатынын түсінеді. В конце концов он понимает, что беду можно победить только вместе.
Ол ауылдан тапқан жаңа достарының қолдауына сүйеніп, олармен бірге қайғылы оқиғаның алдын алуға тырысады. Он заручается поддержкой новых друзей из аула, и они пытаются предотвратить трагедию.
Оқиғаның немен аяқталғанын өзіңіз көріңіздер 👉 (https://s5.kinogotv.cc/94598-restart.html) Чем всё закончилось — смотрите сами.



📅 №80

📹 Разбор (youtube)

🚙 БІЗ ОТБАСЫМЫЗБЕН АЛАКӨЛГЕ КЕЛДІК
МЫ ПРИЕХАЛИ С СЕМЬЁЙ НА АЛАКОЛЬ

📌 Глагол дня: демалу – отдыхать

Кеше біз отбасымызбен Алакөлге, өзіміздің сүйікті «Алма-Ата 2» демалыс орнына демалуға келдік. Вчера мы с семьёй приехали отдыхать на Алаколь, на нашу любимую зону отдыха «Алма-Ата 2».
Таңғы сағат 5:50-де Ақши станциясында пойыздан түстік. Утром, в 5:50, мы вышли из поезда на станции Акши.
Бізді алдын ала келісіп қойған такси жүргізушісі күтіп тұр екен. Нас уже ждал таксист, с которым я заранее договорился.
Басқа жолмен келе жатқанымызды байқап, одан неге дәл осы жолмен келе жатқанымызды сұрадым. Я заметил, что мы поехали по другой дороге, и спросил его, почему мы едем именно так.
Ол бұл жолдың биыл ғана ашылған жаңа жол екенін айтты. Он ответил, что это новая дорога, которую открыли только в этом году.
Содан кейін мен оған қазақша: «Негізі, мен қазақша түсінемін», — дедім. Потом я сказал ему по-казахски: «Вообще-то я понимаю по-казахски».
Ол күлімсіреп, содан кейін екеуіміз қазақша сөйлесуге көштік. Он улыбнулся, и мы перешли на казахский язык.
Такси жүргізушісі бұрын бұл жерде теміржол өткелінде үнемі кептеліс болатынын, ал қазір көліктер жаңа жолмен демалыс орындарына тоқтамай бара алатынын және кептеліс енді болмайтынын айтты. Таксист рассказал, что раньше здесь постоянно образовывались пробки на железнодорожном переезде, а теперь машины могут без остановок ехать к зонам отдыха по новой дороге и пробок больше нет.
Содан кейін ол бүгін ауа температурасы шамамен 35 градус болатынын және бұл ауа райы суға түсуге өте қолайлы екенін айтты. Потом он сказал, что сегодня ожидается температура около 35 градусов и погода будет идеальной для купания.
Біз келгенде, ол жүксалғыштан сөмкелерімізді шығарып беріп, жақсы демалып қайтуымызды тіледі. Когда мы приехали, он достал наши сумки из багажника и пожелал нам хорошо отдохнуть.
Ал мен онымен қазақша сөйлескенде, оның жүзі бақыттан бал-бұл жанып, дәл жаңа ғана ұлды болғанын естіген адамдай ерекше қуанып қалды. А когда я разговаривал с ним по-казахски, у него было такое счастливое лицо, как будто ему только что сообщили, что у него родился сын.





 <<  Марафон, стр.3 Наверх ↑ Марафон, стр.5  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группа