Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Практика → Онлайн-Марафон 2, стр.6
      Разбор грамматики
Новые слова
 1 
 2 
 3 
Фразы
Анекдоты
Новости
 1 
Диалоги
 1 
 2 
 Kaizen метод
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 Онлайн-Марафон
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 Онлайн-Марафон 2
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 

Онлайн-Марафон 2: Казахский язык за год

Страница 6  (№ 101–120)

Автор: Андрей Якубин   Телеграм-канал «Казахский язык за год»

📅 №101

📹 Разбор (youtube)

🎩 ӘШКЕРЕЛЕУ
РАЗОБЛАЧЕНИЕ

📌 Глагол дня: әшкерелеу – разоблачать, выявлять, раскрыть

Әшкерелеу — біреудің теріс, заңсыз немесе алдамшы әрекеттері туралы жасырын шындықты ашу; әдейі жасырылған нәрсені анықтап, жұртшылыққа жария ету. Разоблачение — это раскрытие скрытой правды о чьих-либо неблаговидных, незаконных или обманных действиях; обнаружение и предание огласке того, что намеренно скрывалось.
Біз өмір сүріп жатқан, көптеген әлеуметтік желілерді біріктірген ашық онлайн кеңістік жекелеген адамдар мен ұйымдардың көптеген заңсыз әрі арам әрекеттерін әшкерелеудің құралына айналды. Мир, в котором мы живём, объединённый в одну открытую онлайн-сеть с множеством социальных сетей, стал инструментом для разоблачения многих неправомерных и злых дел отдельных людей и организаций.
Соның жарқын мысалдарының бірі — Сноуден ісі. Один из ярких примеров — дело Сноудена.
Эдвард Сноуден — америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері әрі IT-маман. Эдвард Сноуден — бывший сотрудник американских спецслужб и IT-специалист.
Ол АҚШ арнайы қызметтінің АҚШ-тағы және басқа елдердегі миллиондаған қарапайым азаматтардың телефон және интернет арқылы сөйлесулері мен интернеттегі байланыстарына қатысты деректерді жасырын түрде әрі орасан көлемде жинап келгенін анықтады. Он обнаружил, что американские спецслужбы тайно и в огромных масштабах собирали данные о телефонных и интернет-коммуникациях миллионов обычных людей в США и других странах.
2013 жылы ол журналистерге құпия құжаттарды беріп, АҚШ-тың миллиондаған қарапайым азаматтарды электронды түрде жаппай бақылауға алған ауқымды бағдарламаларын әшкереледі. В 2013 году он передал журналистам секретные документы, раскрывшие масштабные программы электронной слежки США за миллионами обычных людей.
Бұл деректер жарияланып, әлемдік деңгейдегі үлкен дауға және АҚШ-тағы электронды бақылау жүйесінің реформалануына алып келді. Данные были опубликованы, и это привело к мировому скандалу и реформе системы электронной слежки в США.
Сноуденнің өзіне мемлекеттік меншікті ұрлады және құпия барлау ақпаратын жария етті деген айып тағылды. Самого Сноудена обвинили в краже государственной собственности и раскрытии секретной разведывательной информации.
Сондықтан ол АҚШ-тан кетіп, алдымен Гонконгке барды, кейін Ресейге көшті. Поэтому он покинул США, сначала уехал в Гонконг, а затем переехал в Россию.



📅 №102

📹 Разбор (youtube)

🚬 ТЕМЕКІ АҒЗАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
КАК СИГАРЕТЫ ВЛИЯЮТ НА ОРГАНИЗМ?

📌 Глагол дня: нашарлау – ухудшаться, слабеть

Темекі түтінінің құрамында 7000-нан астам химиялық зат бар. В сигаретном дыме содержится более 7000 химических веществ.
Әрбір тартқан сайын бұл заттар ағзаға түсіп, әртүрлі мүшелерге әсер ете бастайды. При каждой затяжке они попадают в организм и начинают воздействовать на разные органы.
Шайырлар тістер мен қызыл иекке жиналып, тіс эмалін зақымдайды және уақыт өте келе тістердің бұзылуына әкелуі мүмкін. Смолы оседают на зубах и дёснах, повреждают зубную эмаль и со временем могут привести к разрушению зубов.
Түтін мұрындағы жүйке ұштарын да зақымдайды, сондықтан адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды. Дым также повреждает нервные окончания в носу, поэтому человек хуже чувствует запахи.
Әсіресе өкпе қатты зардап шегеді. Түтін өкпені шаң мен микробтардан тазартуға көмектесетін ұсақ кірпікшелерді зақымдайды. Особенно сильно страдают лёгкие. Дым повреждает крошечные реснички, которые помогают очищать лёгкие от пыли и микробов.
Соның салдарынан өкпенің инфекциялардан қорғануы қиындайды, сондай-ақ инфекциялар мен өкпе ауруларының қаупі артады. Поэтому лёгким становится труднее защищаться от инфекций, а также возрастает риск инфекций и заболеваний лёгких.
Темекі түтініндегі көміртек тотығы қанға өтіп, гемоглобиннің оттегін тасымалдауына кедергі келтіреді. Соның салдарынан ағзаға оттегі жетіспеуі мүмкін. Угарный газ из дыма попадает в кровь и мешает гемоглобину переносить кислород. Из-за этого организму может не хватать кислорода.
Сондықтан дене қимылы кезінде адам тезірек шаршап, ентігуі мүмкін. Поэтому при физической нагрузке человек может быстрее уставать и испытывать одышку.
Никотин небәрі бірнеше секундта миға жетіп, жағымды сезім тудырады, соның салдарынан тәуелділік пайда болады. Сонымен қатар никотин қан тамырларын тарылтады. Никотин всего за несколько секунд достигает мозга и вызывает чувство удовольствия, из-за чего возникает зависимость. При этом он сужает кровеносные сосуды.
Ал темекі түтінінің құрамындағы кейбір заттар жасушалардың ДНҚ-сын зақымдап, қатерлі ісіктің даму қаупін арттыруы мүмкін. А некоторые вещества сигаретного дыма способны повреждать ДНК клеток, повышая риск развития рака.



📅 №103

📹 Разбор (youtube)

🧠 ЕКІ ТІЛ БІЛУДІҢ МИҒА ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
ЧЕМ ПОЛЕЗНО ЗНАНИЕ ДВУХ ЯЗЫКОВ ДЛЯ МОЗГА

📌 Глагол дня: ауысу – переключаться, переходить

Екі немесе одан да көп тіл білу тек қарым-қатынас жасауға, саяхаттауға және фильмдерді субтитрсіз көруге ғана пайдалы емес. Знание двух или нескольких языков полезно не только для общения, путешествий и просмотра фильмов без субтитров.
Зерттеулер екі тілді білудің ми жұмысына да оң әсер ететінін көрсетеді. Исследования показывают, что двуязычие положительно влияет и на работу мозга.
Бірнеше тілді меңгерген адамдардың миындағы нейрондар мен синапстардың басым бөлігі орналасқан сұр заттың тығыздығы жоғары болуы мүмкін. У людей, владеющих несколькими языками, может быть выше плотность серого вещества, в котором находится большая часть нейронов и синапсов.
Сонымен қатар, екінші тілді қолдану кезінде мидың кейбір аймақтары белсендірек жұмыс істейді. Кроме того, при использовании второго языка некоторые области мозга работают активнее.
Тілдер арасында үнемі ауысып отыру мидың атқарушы қызметтерін жаттықтырады. Постоянное переключение между языками тренирует исполнительные функции мозга.
Бұл зейінді шоғырландыруға, бір тапсырмадан екіншісіне тез ауысуға, мәселелерді шешуге және қажетсіз ақпаратты сүзгіден өткізуге көмектеседі. Оно помогает развивать концентрацию внимания, умение быстро переключаться между задачами, решать проблемы и отсеивать ненужную информацию.
Мұндай тұрақты жаттығу мидың префронтальды қыртысының жұмысын да күшейтуі мүмкін. Такая постоянная нагрузка может также укреплять работу префронтальной коры.
Сонымен қатар, зерттеулер екітілділікті Альцгеймер ауруы мен деменция белгілерінің шамамен бес жылға кешірек байқалуымен байланыстырады. Более того, исследования связывают двуязычие с более поздним проявлением болезни Альцгеймера и деменции — примерно на пять лет.
Осылайша, бірнеше тіл білу адамды міндетті түрде ақылды ете қоймайды, бірақ мидың белсенділігін сақтауға, оның күрделі қызметтерін дамытуға және сау күйде болуына көмектеседі. Таким образом, знание нескольких языков не обязательно делает человека умнее, но помогает мозгу оставаться более активным, сложным и здоровым.



📅 №104

📹 Разбор (youtube)

💡 НЕЛІКТЕН ЖАҚСЫ ИДЕЯЛАР КӨБІНЕ ТҮНДЕ КЕЛЕДІ?
ПОЧЕМУ ХОРОШИЕ ИДЕИ ЧАСТО ПРИХОДЯТ К НАМ НОЧЬЮ?

📌 Глагол дня: өңдеу – обрабатывать, перерабатывать

Алдыңғы күні ұйықтағалы төсекте жатқанымда, кенеттен қазақ тілінде ойлауды үйренуге және сөйлеу дағдымды дамытуға көмектесетін жаттығудың идеясы келді (https://t.me/soileu_kz/23468). Позавчера я уже лежал в кровати и собирался спать, когда мне неожиданно пришла идея упражнения (https://t.me/soileu_kz/23468), которое может помочь научиться думать на казахском языке и развивать разговорную речь.
Сол кезде мен: қызықты идеялар неге көбіне түнде келеді деп ойланып қалдым. И тогда я задумался: почему интересные идеи так часто появляются именно ночью?
Мүмкін, мұның себебі — ұйқы алдында күндізгі қарбалас біртіндеп басылады: біз енді жұмыс істемейміз, ешқайда асықпаймыз және ондаған ұсақ-түйек мәселені шешпейміз. Возможно, причина в том, что перед сном постепенно исчезает дневная суета, мы уже не работаем, никуда не спешим и не решаем десятки мелких задач.
Ал жарықты өшіргенде, көзге түсетін нәрселер де азаяды: айнала қараңғы, ешқандай заттар мен бейнелер назарымызды бөлмейді. А когда выключаем свет, практически исчезают и зрительные раздражители: вокруг темно, никакие предметы и образы не отвлекают внимание.
Бірақ ми бұл кезде жұмысын тоқтатпайды, ол біз бұған дейін айналысқан мәселелерді әрі қарай өңдей береді. Но мозг при этом не перестаёт работать, он может продолжать обрабатывать вопросы, которыми мы занимались раньше.
Соңғы күндері мен қазақ тілінде ойлауды үйреніп және еркінірек сөйлеудің жолын көп ойландым. Тыныштық орнағанда, миым маған шешім ұсынғандай болды. В последние дни я много думал о том, как научиться думать на казахском и свободнее говорить, — и в тишине мозг словно предложил мне решение.
Мұндай жағдай белгілі адамдардың да басынан өткен. Подобное случалось и с известными людьми.
Пол Маккартни Yesterday әнінің әуені түсінде келгенін айтқан, ал Менделеев химиялық элементтердің периодтық кестесін түсінде көрген. Пол Маккартни рассказывал, что мелодия Yesterday пришла ему во сне, Менделеев увидел периодическую таблицу элементов во сне.
Мүмкін, кейде жақсы идея табу үшін көбірек ойланудың қажеті жоқ шығар. Тек мидың ойлауына кедергі келтіретін нәрселердің бәрін алып тастау жеткілікті. Возможно, иногда для хорошей идеи нужно не думать сильнее, а просто убрать всё, что мешает мозгу думать.



📅 №105

📹 Разбор (youtube)

🍏 ТАМАҚ АҒЗАМЫЗДА ҚАНДАЙ ЖОЛМЕН ЖҮРІП ӨТЕДІ?
КАКОЙ ПУТЬ ПРОХОДИТ ЕДА В НАШЕМ ОРГАНИЗМЕ?

📌 Глагол дня: ыдырау – расщепляться, распадаться

Тағамның сапары ауыз қуысынан басталады. Путешествие пищи начинается во рту.
Тістер оны ұсақтайды, ал сілекей ылғалдандырып, крахмалдың ыдырауын бастауға көмектеседі. Зубы измельчают её, а слюна смачивает и помогает начать расщепление крахмала.
Жұтқаннан кейін тағам өңешке түседі, ал оның бұлшықеттері толқын тәрізді жиырылып, тағамды асқазанға қарай итереді. После глотания пища попадает в пищевод, мышцы которого волнообразными сокращениями проталкивают её в желудок.
Асқазанда тағам асқазан сөлімен және ферменттермен араласады, олар тағамды әрі қарай ыдыратады. В желудке пища перемешивается с желудочным соком и ферментами, которые продолжают её расщепление.
Шамамен үш сағаттан кейін пайда болған масса аш ішекке өтеді. Примерно через три часа образовавшаяся масса поступает в тонкий кишечник.
Бұл жерде үдеріске ұйқы безі, бауыр және өт қабы қосылады. Здесь к процессу подключаются поджелудочная железа, печень и желчный пузырь.
Өт майларды қорытуға көмектеседі, ал ферменттер ақуыздарды аминқышқылдарына дейін, майларды май қышқылдары мен глицеринге дейін, ал көмірсуларды глюкозаға дейін ыдыратады. Желчь помогает переваривать жиры, а ферменты расщепляют белки до аминокислот, жиры — до жирных кислот и глицерина, а углеводы — до глюкозы.
Аш ішектің қабырғасындағы миллиондаған бүрлер қоректік заттарды сіңіреді, содан кейін олар қанға өтіп, бүкіл ағзаға таралады. Миллионы ворсинок на стенках тонкого кишечника всасывают питательные вещества, после чего они попадают в кровь и разносятся по организму.
Қорытылмаған қалдықтар тоқ ішек арқылы өтіп, кейін ағзадан шығарылады. Непереваренные остатки проходят через толстый кишечник и затем выводятся из организма.



📅 №106

📹 Разбор (youtube)

🦟 НЕГЕ БІЗ БАРЛЫҚ МАСАНЫ ЖАЙ ҒАНА ЖОЙЫП ЖІБЕРЕ АЛМАЙМЫЗ?
ПОЧЕМУ МЫ НЕ МОЖЕМ ПРОСТО УНИЧТОЖИТЬ ВСЕХ КОМАРОВ?

📌 Глагол дня: қоректену – питаться, кормиться

Масаның ызыңы, шағуы және шаққаннан кейінгі қышу барлығымызға дерлік таныс. Писк, укус и зуд после укуса комаров знакомы почти каждому.
Бірақ маса шаққан кезде нақты не болатыны одан да қызық. Но гораздо интереснее то, что происходит во время самого укуса.
Қанмен тек ұрғашы масалар қоректенеді. Кровью питаются только самки комаров.
Олар тұмсығымен теріні тесіп, қан тамырын тауып, қанның ұюына кедергі келтіретін сілекей бөледі. Они прокалывают кожу хоботком, находят кровеносный сосуд и вводят слюну, которая мешает крови сворачиваться.
Дәл осы сілекейге ағзаның реакциясы бізге таныс қызару мен қышуды тудырады. Именно реакция организма на эту слюну вызывает знакомые нам покраснение и зуд.
Маса сілекейімен бірге адамға қауіпті аурулардың қоздырғыштарын да жұқтыруы мүмкін: безгек, сары безгек, денге және Батыс Ніл вирусы. Вместе со слюной комар может передать человеку возбудителей опасных заболеваний: малярии, жёлтой лихорадки, денге и вируса Западного Нила.
Егер олардың зияны соншалықты көп болса, оларды жай ғана жойып жіберуге болмай ма? Если от них такой вред, может их просто уничтожить?
Мәселе мынада: масалармен балықтар, бақалар мен құстар қоректенеді, ал олардың кейбір түрлері өсімдіктердің тозаңдануына қатысады. Проблема в том, что ими питаются рыбы, лягушки и птицы, а некоторые виды участвуют в опылении растений.
Ғалымдардың болжамынша, олардың орнын басқа жәндіктер басуы мүмкін, алайда масалардың жойылуы экожүйелерге қалай әсер ететінін ешкім нақты білмейді. Учёные предполагают, что их место могли бы занять другие насекомые, однако никто точно не знает, как исчезновение комаров изменило бы экосистемы.
Осылайша, бір парадокс туындайды: масаларды жою көптеген адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін, бірақ оның табиғатқа тигізетін салдарын болжау қиын. Получается парадокс: уничтожение комаров могло бы спасти множество человеческих жизней, но последствия для природы трудно предсказать.



📅 №107

📹 Разбор (youtube)

😆 НЕЛІКТЕН БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІ ТӨМЕН АДАМДАР ӨЗДЕРІН ЖИІ МАМАН ДЕП САНАЙДЫ?
ПОЧЕМУ НЕКОМПЕТЕНТНЫЕ ЛЮДИ ЧАСТО СЧИТАЮТ СЕБЯ СПЕЦИАЛИСТАМИ?

📌 Глагол дня: кедергі жасау – мешать, препятствовать

Адамдар өз қабілеттерін жиі асыра бағалайды. Люди часто переоценивают свои способности.
Бұл әсіресе білімі жеткіліксіз адамдарда айқын байқалады. Особенно сильно это проявляется у тех, кому не хватает знаний.
Бұл құбылыс Даннинг — Крюгер әсері деп аталады. Это явление называют эффектом Даннинга — Крюгера.
Оның себебі — екі жақты мәселе: білімнің жеткіліксіздігі қателіктерге әкеледі және сонымен бірге адамның сол қателіктерді байқауына кедергі жасайды. Причина в двойной проблеме: недостаток знаний приводит к ошибкам и одновременно мешает человеку эти ошибки заметить.
Мысалы, студенттік пікірсайыс турниріне қатысқан ең төменгі 25% қатысушылар бес кездесудің төртеуіне жуығында жеңілген, бірақ өздерін кездесулердің шамамен 60%-ында жеңіске жеттік деп санаған. Например, участники студенческого турнира по дебатам из нижних 25% проигрывали почти четыре матча из пяти, но считали, что выигрывают около 60% встреч.
Алайда мәселе тек өзіне тым сенімді болуда емес. Однако дело не просто в самоуверенности.
Қосымша білім алған сайын адамдар өз қателіктерін жақсырақ көріп, өздерін дәлірек бағалай бастайды. Получив дополнительные знания, люди начинают лучше видеть собственные ошибки и точнее оценивать себя.
Сондықтан дайындық деңгейі орташа адам кейде жаңадан бастаған адамға қарағанда өзіне көбірек күмәнданады: өйткені ол әлі қаншалықты көп нәрсені білмейтінін түсінеді. Поэтому человек со средним уровнем подготовки иногда сомневается в себе больше новичка: он уже понимает, сколько ещё не знает.
Сарапшылардың өзі де өз қабілетін бағалауда қателесуі мүмкін: оларға өздеріне оңай болып көрінетін нәрсе басқаларға да дәл солай оңай сияқты көрінеді. Эксперты, кстати тоже могут ошибаться в самооценке: им кажется, что другим так же легко то, что легко им.
Сондықтан үнемі оқып, білім алуды жалғастыру және кері байланыс алу маңызды. Поэтому всегда важно продолжать учиться и получать обратную связь.
Бірақ парадокс мынада: өз білмейтініңді түсіну үшін де білім қажет. Но парадокс в том, что для осознания своего незнания тоже нужны знания.



📅 №108

📹 Разбор (youtube)

🗣 ӨЗІҢМЕН ӨЗІҢ СӨЙЛЕСУ – ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ МА?
НОРМАЛЬНО ЛИ РАЗГОВАРИВАТЬ С САМИМ СОБОЙ?

📌 Глагол дня: ыңғайсыздану – чувствовать неловкость, смущаться

Сіз де кейде өзіңізбен өзіңіз сөйлесіп қалатыныңыз анық. Наверняка вы хотя бы иногда разговариваете сами с собой.
Таңертең: «Неге оятқышты сонша ерте қойдым екен?» – деп айтуыңыз мүмкін. Үйден шығарда кілтіңізді еске түсіріп, бір қателік жіберіп алсаңыз: «Неге менің қолымнан ештеңе келмейді?» – деп өзіңізге сұрақ қоясыз. Утром можете сказать: «Зачем я поставил будильник так рано?», перед выходом вспомнить о ключах, а после ошибки сказать: «Ну почему у меня ничего не получается?»
Мұндай әңгімені біреу естіп қалса, ыңғайсызданып қалуымыз мүмкін. Если кто-то услышит такой разговор, нам может стать неловко.
Кейде мұны тіпті психологиялық мәселелердің белгісі деп санайды. Иногда его даже считают признаком психологических проблем.
Алайда зерттеулер көрсеткендей, өзіңмен өзің сөйлесу – әбден қалыпты жағдай. Однако исследования показывают: разговаривать с самим собой совершенно нормально.
Өз-өзіңмен сөйлесу — ойыңды сөзбен тұжырымдап, оны өзіңе бағыттау. Разговор с собой — это мысли, которые мы формулируем словами и обращаем к себе.
Ересектер әдетте мұны іштей жасайды. Обычно взрослые делают это молча.
Мысалы: «Бүгін спортзалда адам тым көп екен, ертең келгенім дұрыс». Например: «Сегодня в спортзале слишком много людей, лучше приду завтра».
Бірақ өз-өзіңмен дауыстап сөйлесу де – әбден қалыпты жағдай. Но разговаривать с собой вслух тоже совершенно нормально.
Мұны әсіресе балалар жиі жасайды: ойын кезінде олар өз әрекеттерін дауыстап айтып отырады, үлкендерден естіген сөздерін қайталайды және көргендерінің бәріне өз пікірін білдіреді. Особенно часто это делают дети: во время игры они комментируют свои действия, повторяют услышанные от взрослых фразы, и могут комментировать все, что видят.
Жалпы, зерттеулер көрсеткендей, өзіңмен өзің сөйлесу зейінді шоғырландыруға, өз-өзіне деген сенімді арттыруға және күнделікті міндеттерді жеңіл шешуге көмектеседі. В целом, как показывают исследования, диалог с самим собой может повышать концентрацию, укреплять самооценку и помогать справляться с повседневными задачами.



📅 №109

📹 Разбор (youtube)

💪 3 КЕҢЕС: ӨЗІҢІЗГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?
3 СОВЕТА КАК СТАТЬ УВЕРЕННЕЕ В СЕБЕ

📌 Глагол дня: қол жеткізу – достигать, добиваться

Өзіне деген сенімділік ойымыз бен ниетімізді нақты әрекетке айналдырып, күрделі міндеттерді еңсеруге көмектеседі. Уверенность помогает нам превращать наши мысли и намерения в реальные действия и справляться со сложными задачами.
Оған туа біткен ерекшеліктер, айналасындағылардың қарым-қатынасы және әлеуметтік орта әсер етеді. На неё влияют врождённые особенности, отношение окружающих и социальная среда.
Бірақ көп нәрсе өзімізге де байланысты. Но многое зависит и от нас самих.
1️⃣ ЖЕТІСТІГІҢІЗДІ ЕЛЕСТЕТІҢІЗ ПРЕДСТАВЬТЕ СВОЙ УСПЕХ
Күрделі тапсырманы орындамас бұрын, мақсатыңызға жетіп, табысқа қол жеткізгеніңізді елестетіңіз. Перед сложной задачей представьте, что вы уже добились успеха.
Сондай-ақ сергітетін музыка, сенімді дене қалпы және өзіңізге айтқан жігерлендіретін сөздер де көмектесуі мүмкін. Также могут помочь бодрящая музыка, уверенная поза и ободряющие слова самому себе.
2️⃣ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУҒА БОЛАТЫНЫНА СЕНІҢІЗ ВЕРЬТЕ, ЧТО СПОСОБНОСТИ МОЖНО РАЗВИВАТЬ
Қабілеттеріңізді өзгермейтін нәрсе деп қабылдамаңыз. Не воспринимайте свои способности как нечто неизменное.
Оқу мен тәжірибе бізге өзімізді дамытуға көмектеседі, сондықтан қиындықтарды жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік деп қарастырған жөн. Учёба и практика помогают становиться лучше, поэтому трудности — это возможность получить новый опыт.
3️⃣ СӘТСІЗДІКТЕН ҚОРЫҚПАҢЫЗ НЕ БОЙТЕСЬ НЕУДАЧ
Қателіктерден қашып құтылу мүмкін емес. Ошибки неизбежны.
Джоан Роулинг «Гарри Поттерді» басып шығаруға келіскенге дейін 12 рет баспадан бас тарту алған. Джоан Роулинг получила 12 отказов, прежде чем «Гарри Поттера» согласились издать.
Ең бастысы — берілмеу: басқа тәсілдерді қолданып көру, кеңес сұрау және қателіктерден сабақ алу. Важно не сдаваться: пробовать другие способы, обращаться за советом и учиться на ошибках.
Нағыз сенімділік сәтсіздіктерге қарамастан әрекет етуді жалғастырған кезде қалыптасады. Настоящая уверенность растёт, когда мы продолжаем действовать, несмотря на неудачи.



📅 №110

📹 Разбор (youtube)

🍫 ШОКОЛАДТЫҢ ТАРИХЫ
ИСТОРИЯ ШОКОЛАДА

📌 Глагол дня: ұнтақтау – измельчать, перемалывать

Шоколадтың тарихы мыңдаған жылдардан бастау алады. История шоколада насчитывает тысячи лет.
Шамамен б.з.д. 1900 жылы Мезоамерика тұрғындары какао бұршақтарын пайдаланған. Примерно в 1900 году до н. э. жители Мезоамерики уже использовали какао-бобы.
Оларды ұнтақтап, жүгері ұны және чили бұрышымен араластырып, ащы әрі көбікті сусын дайындаған. Их измельчали, смешивали с кукурузной мукой и перцем чили и готовили горький пенистый напиток.
Бұл сусын құнарлы болған және какао құрамындағы теобромин мен кофеиннің арқасында жеңіл сергітетін әсер берген. Он был питательным и обладал лёгким бодрящим эффектом благодаря содержащимся в какао теобромину и кофеину.
Майялар мен ацтектер какаоны құдайлардың сыйы деп санаған, ал ацтектер какао бұршақтарын тіпті ақша ретінде пайдаланған. Майя и ацтеки считали какао даром богов, а ацтеки даже использовали какао-бобы в качестве денег.
XVI ғасырда испандар Еуропаға какао бұршақтарын алып келді. В XVI веке испанцы привезли какао-бобы в Европу.
Алғашында какао бұршақтарынан дайындалған ащы сусынды әлсіздік пен шаршаған кезде күш-қуат беретін сусын ретінде пайдаланған. Сначала приготовленный из какао-бобов горький напиток использовали как укрепляющее средство при слабости и усталости.
Кейінірек еуропалықтар оған қант, бал және ваниль қоса бастады, сөйтіп шоколад кеңінен танымал болды. Позже европейцы стали добавлять в него сахар, мёд и ваниль, и шоколад приобрёл большую популярность.
Ұзақ уақыт бойы ол негізінен ауқатты адамдарға ғана қолжетімді қымбат өнім болып қала берді. Долгое время он оставался дорогим продуктом, доступным в основном состоятельным людям.
1828 жылы Конрад ван Хаутен какао майын бөліп алуға және қатты шоколад өндіруге мүмкіндік беретін сығымдағышты ойлап тапты. В 1828 году Конрад ван Хаутен изобрёл пресс, позволявший отделять какао-масло и производить твёрдый шоколад.
Кейін швейцариялық Даниэль Петер шоколадқа құрғақ сүт қосты — осылайша сүтті шоколад пайда болды. Позже швейцарец Даниэль Петер добавил в шоколад сухое молоко — так появился молочный шоколад.
XX ғасырға қарай шоколад өндірісі жаппай жолға қойылып, ол сән-салтанаттың белгісінен күнделікті үйреншікті тәттіге айналды. К XX веку производство стало массовым, и шоколад превратился из предмета роскоши в привычное лакомство.



📅 №111

📹 Разбор (youtube)

🌊 ЦУНАМИ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ НЕГЕ СОНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ?
КАК ВОЗНИКАЕТ ЦУНАМИ И ПОЧЕМУ ОНО ТАК ОПАСНО?

📌 Глагол дня: бәсеңдеу – замедляться, ослабевать

Цунамиді көбіне алып толысу толқыны деп атайды, алайда оның кәдімгі тасу-қайту құбылысына ешқандай қатысы жоқ. Цунами часто называют огромной приливной волной, хотя с обычными приливами оно не связано.
Көбінесе цунами тектоникалық плиталар ығысқан кезде болатын суасты жер сілкінісінен пайда болады. Чаще всего оно возникает из-за подводного землетрясения, когда смещаются тектонические плиты.
Сондай-ақ оған жанартаудың атқылауы немесе су астындағы көшкін себеп болуы мүмкін. Причиной также могут стать извержение вулкана или подводный оползень.
Су астындағы дүмпу судың орасан зор массасын қозғалысқа келтіріп, үлкен толқын тудырады. Цунами дәл осылай пайда болады. Под водой происходит толчок, который приводит в движение огромную массу воды и создаёт большую волну. Именно так возникает цунами.
Ашық мұхитта цунами байқалмайды деуге болады, бірақ оның жылдамдығы сағатына 800 шақырымнан асуы мүмкін. В открытом океане цунами почти незаметно, хотя может двигаться со скоростью более 800 км/ч.
Жағаға жақындаған сайын толқынның жылдамдығы бәсеңдейді, есесіне биіктігі күрт артып, кейде шамамен 30 метрге дейін жетеді. При приближении к берегу волна замедляется, но её высота резко увеличивается — иногда примерно до 30 метров.
Цунами алдында теңіз суы кенеттен жағадан алысқа шегініп кетуі мүмкін. Перед цунами море может неожиданно отступить далеко от берега.
Бұл — жақындап келе жатқан толқынның қауіпті белгісі. Это опасный признак приближающейся волны.
Жағаға соққан алып су толқыны жағалауды басып, ғимараттарды қиратып, үйінділерді қайтадан теңізге алып кетеді. Обрушившись на сушу, вода затапливает побережье, разрушает здания и уносит обломки обратно в море.
2004 жылы Үнді мұхитында болған ең жойқын цунамилердің бірі 200 мыңнан астам адамның өмірін қиды Одно из самых смертоносных цунами произошло в Индийском океане в 2004 году и унесло более 200 тысяч жизней.
Сондықтан ерте ескерту жүйелері аса маңызды, ал аман қалудың ең тиімді жолы — қауіпті аймақтан мүмкіндігінше тезірек кету. Поэтому особенно важны системы раннего предупреждения, а лучший способ спастись — как можно быстрее уйти с пути стихии.



📅 №112

📹 Разбор (youtube)

🚶 КҮНІНЕ 10 000 ҚАДАМ ЖҮРУ КЕРЕК ДЕГЕНДІ КІМ ОЙЛАП ТАПҚАН?
КТО ВООБЩЕ ПРИДУМАЛ, ЧТО ЕЖЕДНЕВНО НУЖНО ПРОХОДИТЬ 10 000 ШАГОВ?

📌 Глагол дня: жақсарту – улучшать

Жаяу жүру — дене белсенділігінің ең қарапайым әрі қолжетімді түрлерінің бірі. Ходьба — один из самых простых и доступных видов физической активности.
Тұрақты түрде жаяу жүру бұлшықеттер мен сүйектерді нығайтады, жүрек пен қан тамырларының жұмысын жақсартады, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі, төзімділікті арттырады, сондай-ақ көңіл күй мен ұйқыға оң әсер етеді. Регулярные прогулки укрепляют мышцы и кости, улучшают работу сердца и сосудов, помогают поддерживать нормальный вес, повышают выносливость, а также положительно влияют на настроение и сон.
Көп адам денсаулықты сақтау үшін күніне 10 000 қадам жүру қажет деп санайды. Многие считают, что для здоровья необходимо проходить 10 000 шагов в день.
Алайда бұл сан медициналық ұсыныстардан шыққан жоқ. Однако эта цифра появилась вовсе не в медицинских рекомендациях.
1965 жылы жапондық компания Manpo-kei — «10 000 қадам есептегіш» деп аталатын қадам өлшегіш шығарды. В 1965 году японская компания выпустила шагомер Manpo-kei — «счётчик 10 000 шагов».
Сәтті жүргізілген жарнаманың арқасында бұл көрсеткіш біртіндеп күнделікті норма ретінде қабылдана бастады. Благодаря успешной рекламе эта цифра постепенно стала восприниматься как ежедневная норма.
Қазіргі зерттеулер жаяу жүрудің пайдасы 10 000 қадамға жетпей-ақ байқалатынын көрсетеді. Современные исследования показывают, что ходьба приносит пользу задолго до достижения 10 000 шагов.
Күнделікті белсенділікті 2–3 мың қадамнан 4–5 мың қадамға дейін арттырудың өзі денсаулыққа оң әсер етеді. Даже увеличение ежедневной активности с 2–3 до 4–5 тысяч шагов уже положительно влияет на здоровье.
Сонымен қатар, тұрақты түрде жаяу жүру энергия жұмсауға, қан айналымын жақсартуға және бірқатар созылмалы аурулардың даму қаупін төмендетуге көмектеседі. Кроме того, регулярная ходьба помогает расходовать энергию, улучшает кровообращение и снижает риск развития ряда хронических заболеваний.
Сондықтан нақты бір санға емес, күн сайын көбірек қимылдауды әдетке айналдыруға мән берген маңызды. Поэтому важна не конкретная цифра, а привычка больше двигаться каждый день.



📅 №113

📹 Разбор (youtube)

😴 БІЗ ТҮСТІ НЕ ҮШІН КӨРЕМІЗ?
ДЛЯ ЧЕГО МЫ ВИДИМ СНЫ?

📌 Глагол дня: қалпына келу – восстанавливаться

Адамдар мыңдаған жылдар бойы түстің табиғатын түсінуге тырысып келеді, бірақ ғалымдар біздің не үшін түс көретінімізді әлі күнге дейін нақты білмейді. Бұған қатысты бірнеше қызықты теория бар. Люди пытаются понять природу сновидений уже тысячи лет, но учёные до сих пор точно не знают, зачем мы видим сны. Существует несколько интересных теорий.
Зигмунд Фрейд түстер біздің жасырын ойларымызды, тілектеріміз бен ішкі толғаныстарымызды бейнелейді деп есептеген. Зигмунд Фрейд считал, что сны отражают наши скрытые мысли, желания и переживания.
Басқа бір теория бойынша, түс ақпаратты есте сақтауға көмектеседі: адамдар жақында үйренген нәрселерін түсінде көрсе, тапсырманы жақсырақ орындайды. Согласно другой теории, они помогают запоминать информацию: люди лучше справляются с задачей, если во сне видят то, чему недавно учились.
Бұған қарама-қарсы пікір де бар: түс миды қажетсіз байланыстар мен артық ақпараттан арылтып, оларды ұмытуға көмектеседі. Есть и противоположная версия: сны помогают забывать, избавляя мозг от ненужных связей и лишней информации.
Сондай-ақ түс сыртқы әлемнен келетін ақпарат ағыны толық тоқтаған кезде мидың жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді деген болжам бар. Мұндайда ми өзі түрлі бейнелер жасай бастайды. Также возможно сны также позволяют мозгу продолжать работать, когда поток информации из внешнего мира почти прекращается, а мозг сам начинает генерировать что-то.
Түс өзіндік жаттығу да болуы мүмкін: түсіміздегі қауіпті жағдайлар шынайы өмірде қауіп төнген кезде дайын болуымыз үшін «ұр немесе қаш» реакцияларын жаттықтыруға мүмкіндік береді. Сны могут служить тренировкой: опасные ситуации позволяют репетировать реакции «бей или беги», чтобы в реальной опасной ситуации в жизни быть готовыми.
Түстер психологиялық тұрғыдан қалпына келуге көмектесіп, жағымсыз оқиғаларды күйзеліс деңгейін төмендете отырып қайта бастан өткеруге мүмкіндік береді. Сны помогают психологическому восстановлению, позволяя переживать неприятные события при меньшем уровне стресса.
Ақырында, түстер мәселелерді шешуге де көмектесуі мүмкін. Түс кезінде ойлау күнделікті қалыптасқан логикамен шектеле бермейді. Сондықтан ми кейде күндіз ойымызға келмейтін шешімдерді табуы мүмкін. Наконец, сны могут помогать решать проблемы. Во сне мышление меньше ограничено привычной логикой, поэтому мозг иногда находит решения, которые не приходят нам в голову днём.



📅 №114

📹 Разбор (youtube)

😀 КАЛОРИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ НЕГЕ ДЕНЕСІ ТОЛЫҚ АДАМ «ТОЙМАЙ» ЖҮРУІ МҮМКІН?
ЧТО ТАКОЕ КАЛОРИЯ И ПОЧЕМУ ПОЛНЫЙ ЧЕЛОВЕК МОЖЕТ БЫТЬ «НЕПОЛНЫМ»?

📌 Глагол дня: жетіспеу – не хватать, недоставать, не успевать

Калория — ағзаның тағамнан алатын энергиясын өлшейтін бірлік. Калория — это единица измерения энергии, которую организм получает из пищи.
Энергияның шамамен 70%-ы ағзалар мен тіндердің жұмысына қажет, 20%-ы дене белсенділігіне, ал 10%-ы ас қорытуға жұмсалады. Около 70% энергии необходимо для работы органов и тканей, 20% уходит на физическую активность, а 10% — на пищеварение.
Сондықтан біз тыныштықта, яғни еш қимылсыз отырғанның өзінде де энергия жұмсаймыз. Поэтому мы расходуем энергию даже в покое.
Орташа есеппен адамға күніне 2000–2500 калория қажет, бірақ бұл қажеттілік дене салмағына, бұлшықет массасына және дене белсенділігіне байланысты. В среднем человеку требуется 2000–2500 калорий в день, но потребность зависит от веса, мышечной массы и активности.
Мысалы, «Тур де Франс» жарысына қатысушы спортшы тәулігіне 9000 калорияға дейін энергия жұмсауы мүмкін. Например, участник «Тур де Франс» может расходовать до 9000 калорий в сутки.
Егер ағзаға түсетін энергия жұмсалатын энергиядан көп болса, оның артығы, соның ішінде май түрінде, қор болып жиналады, ал энергия жетіспеген кезде ағза осы қорларды пайдаланады. Если энергии поступает больше, чем расходуется, организм запасает избыток, в том числе в виде жира, а при дефиците использует эти запасы.
Бірақ май — энергия қоры, ағзаға қажетті барлық заттардың қоры емес. Но жир — это запас энергии, а не всех необходимых веществ.
Мысалы, газды сусынның 200 калориясы мен ет қосылған қарақұмықтың 200 калориясы шамамен бірдей энергия береді, бірақ олардың құрамы мен тойымдылығы әртүрлі. Так, 200 калорий газировки и гречки с мясом дают примерно одинаковое количество энергии, но отличаются по составу и насыщению.
Өйткені ағзаға ақуыздар, майлар, дәрумендер, минералдар мен тағамдық талшықтар да қажет. Ведь организму нужны также белки, жиры, витамины, минералы и клетчатка.
Сондықтан адамның ағзасында май түрінде энергия артық жиналғанымен, кейбір қоректік заттар жетіспеуі мүмкін. Поэтому у человека может быть избыток энергии в виде жира и одновременно недостаток некоторых питательных веществ.
Дене салмағының жоғары болуы ағзаның барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз етілгенін білдірмейді. Большая масса тела ещё не означает полноценного питания.



📅 №115

📹 Разбор (youtube)

🤔 ДЕЖАВЮ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕГЕ ПАЙДА БОЛАДЫ?
ЧТО ТАКОЕ ДЕЖАВЮ И ПОЧЕМУ ОНО ВОЗНИКАЕТ?

📌 Глагол дня: еске түсіру – вспоминать

Дежавю — мүлде жаңа жағдай немесе орын бізге бұрыннан таныс болып көрінетін ерекше сезім. Дежавю — это странное ощущение, когда совершенно новая ситуация или место кажутся нам уже знакомыми.
Ғалымдар оның табиғатын әлі күнге дейін нақты түсіндіре алмайды: дежавю күтпеген жерден пайда болып, ұзаққа созылмайды, сондықтан оны зерттеу қиын. Учёные пока не могут точно объяснить его природу: дежавю возникает неожиданно и длится недолго, поэтому его трудно изучать.
Дежавюдің пайда болуын түсіндіретін қырықтан астам теория бар. Существует более сорока теорий возникновения дежавю.
Солардың кейбіріне тоқталайық. Вот некоторые из них.
Солардың біріне сәйкес, ақпарат миға әртүрлі жүйке жолдары арқылы түседі. Согласно одной из них, информация поступает в мозг по разным нервным путям,
Егер сигналдардың бірі сәл кешіксе, ми оны қайталанған оқиға ретінде қабылдауы мүмкін. и если один сигнал немного запаздывает, мозг может воспринять его как повторное событие.
Тағы бір теория дежавюді ұмытылған естеліктермен байланыстырады. Другая теория связывает дежавю с забытыми воспоминаниями.
Жаңа ортаның қандай да бір бөлшегі бізге көп жыл бұрын көрген нәрсемізді еске түсіруі мүмкін. Какая-то деталь новой обстановки может напоминать то, что мы видели много лет назад.
Біз сол естеліктің өзін есімізге түсіре алмаймыз, бірақ жағдай бізге таныс болып көрінеді. Само воспоминание мы не узнаём, но возникает чувство знакомой ситуации.
Үшінші теория зейіннің басқа жаққа ауып кетуімен байланысты. Третья теория связана с рассеянным вниманием.
Біз бір затқа қарап тұрған кезде, ми айналадағы жағдайды санадан тыс қабылдайды. Пока мы смотрим на один предмет, мозг неосознанно воспринимает окружающую обстановку.
Назарымыз соған ауған кезде, бізге мұның бәрін бұрын көргендей болып көрінеді. Когда внимание переключается на неё, нам кажется, что мы уже всё это видели.



📅 №116

📹 Разбор (youtube)

🏋️‍♀️ ЖҮГІРУ ЖОЛАҒЫНЫҢ КӨЛЕҢКЕЛІ ТАРИХЫ
ТЁМНАЯ ИСТОРИЯ БЕГОВОЙ ДОРОЖКИ

📌 Глагол дня: әлсіреу – ослабевать, истощаться

Бүгінде жүгіру жолағы — ең танымал жаттығу құрылғыларының бірі, алайда оның тарихы спорттан басталған жоқ. Сегодня беговая дорожка — один из самых популярных тренажёров, но её история началась не со спорта.
XIX ғасырда Англияда осындай құрылғы тұтқындарды жазалау және ауыр жұмысқа салу үшін жасалған. В XIX веке подобное устройство создали в Англии для наказания и тяжёлого труда заключённых.
1818 жылы инженер Уильям Кьюбитт басқыштары бар алып дөңгелек ойлап тапты. В 1818 году инженер Уильям Кьюбитт придумал огромное колесо со ступенями.
Тұтқындар бірнеше сағат бойы сол басқыштармен жоғары көтеріліп, су айдайтын немесе астық ұнтақтайтын механизмді айналдыратын. Заключённые часами поднимались по ним, вращая механизм, который перекачивал воду или измельчал зерно.
Мұндай «жүгіру жолағында» тұтқындар күніне 6 сағатқа дейін жұмыс істеген. На такой «дорожке» проводили до 6 часов в день.
Бұл кездегі жүктеме 1500–4300 метр биіктікке көтерілумен тең болатын. Нагрузка при этом равнялась подъёму на высоту от 1500 до 4300 метров.
Ауыр жұмыстан және нашар тамақтанудан адамдар әлсіреп, жарақат алған. Из-за изнурительной работы и скудного питания люди истощались и получали травмы.
1898 жылы Англияда мұндай жазаға тыйым салынды. В 1898 году такое наказание в Англии запретили.
Бұл құрылғының тарихы АҚШ-та жалғасты: 1913 жылы онда қозғалмалы таспасы бар құрылғы патенттелді, ал 1952 жылы жүрек жұмысын тексеруге арналған моторлы жүгіру жолағы жасалды. История устройства продолжилась в США: в 1913 году там запатентовали конструкцию с движущейся лентой, а в 1952-м создали моторизированную дорожку для кардиотестов.
1970 жылдары жүгірудің танымал болуына байланысты бұл жаттығу құрылғысы фитнес-клубтарда кеңінен қолданыла бастады. В 1970-х, на волне бума бега, тренажёр окончательно завоевал фитнес-клубы.
Осылайша, жүгіру жолағы түрмедегі көлеңкелі тарихынан салауатты өмір салтының нышандарының біріне айналғанға дейін ұзақ жолдан өтті. Так беговая дорожка прошла путь от мрачной тюремной истории до одного из символов здорового образа жизни.



📅 №117

📹 Разбор (youtube)

💊 ПЛАЦЕБО ӘСЕРІНІҢ КҮШІ
СИЛА ЭФФЕКТА ПЛАЦЕБО

📌 Глагол дня: іске қосу – вводить в действие, запускать

1996 жылы 56 ерікті жаңа ауырсынуды басатын дәріні зерттеуге қатысты. Олардың бір саусағына жаңа дәрі деп препарат жағып, екінші саусағына ештеңе жақпады. В 1996 году 56 добровольцев участвовали в исследовании нового обезболивающего. На один палец им наносили якобы новый препарат, а второй оставляли без него.
Содан кейін екі саусақты да ауыртатын қысқыштармен қысты. Қатысушылар дәрі жағылған саусақтың азырақ ауырғанын айтты. Затем оба пальца сжимали болезненными зажимами. Участники утверждали, что обработанный палец болел меньше.
Бірақ дәрінің құрамында ауырсынуды басатын ешқандай зат болмаған. Но никакого обезболивающего вещества в препарате не было.
Бұл құбылысты плацебо әсері деп атайды — яғни құрамында әсер ететін заты жоқ дәрі адамның өзін жақсырақ сезінуіне көмектеседі. Это явление называют эффектом плацебо — когда средство без действующего вещества всё же помогает человеку почувствовать себя лучше.
Плацебоның неліктен әсер ететіні әлі толық анық емес. Оның бір себебі — жағдайдың жақсаратынын күту. Почему плацебо работает, до конца не ясно. Одна из причин — ожидание улучшения.
Мұндай үміт ағзада нақты физиологиялық үдерістерді іске қосуы мүмкін: мысалы, ауырсынуды азайтатын эндорфиндердің бөлінуі, күйзеліс гормондары деңгейінің төмендеуі және т.б. Оно может запускать реальные физиологические процессы в организме: например, выделение эндорфинов, уменьшающих боль, снижение уровня гормонов стресса, и др.
XVIII ғасырдың өзінде кейбір дәрігерлер бұл әсерді біліп, науқастарға қанттан жасалған таблеткалар беріп немесе кәдімгі суды егіп отырған. Соның өзінде кейбір науқастар шынымен де өздерін жақсырақ сезінген. Ещё в XVIII веке некоторые врачи, зная об этом эффекте, могли давать пациентам сахарные таблетки или делать инъекции обычной воды, и некоторые пациенты действительно чувствовали себя лучше.
Ал 1950 жылдардан бастап ғалымдар дәрілерді сынау кезінде плацебоны қолдана бастады: бір топқа нағыз дәрі берілсе, екінші топқа сыртқы түрі дәл сондай, бірақ құрамында әсер ететін заты жоқ дәрі берілді. А с 1950-х годов учёные начали использовать плацебо при испытаниях лекарств: одна группа получала настоящий препарат, а другая — внешне такую же пустышку.
Осылайша кейде дәрінің нақты тиімділігін анықтауға болады. Так иногда можно определить реальную эффективность лекарства.



📅 №118

📹 Разбор (youtube)

✍️ ӘЗІЛДЕП ЖАЗУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ?
КАК НАУЧИТЬСЯ ПИСАТЬ С ЮМОРОМ?

📌 Глагол дня: әзілдеу – шутить, подшучивать

Неліктен кейбір оқиғалар бізді күлдірсе, енді біреулері еш әсер етпейді? Америкалық сценарист Чери Стейнкеллнер әңгімені күлкілі әрі қызықты етуге көмектесетін бірнеше тәсіл ұсынады. Почему одни истории вызывают смех, а другие оставляют нас равнодушными? Американская сценаристка Чери Стейнкеллнер предлагает несколько приёмов, которые помогают сделать рассказ смешнее.
Кейіпкердің мінезін әсірелеңіз. Мысалы, бәрін білгіш адам өзі ештеңе түсінбейтін мәселеде де ақыл-кеңес береді. Преувеличивайте черты героя. Например, всезнайка раздаёт советы даже там, где ничего не понимает.
Күтпеген жағдай туғызыңыз. Оқырман бір нәрсені күтеді, ал оқиға мүлде басқаша өрбиді: данышпан детектив тығырыққа тіреледі, ал жұмбақтың шешімін бала кездейсоқ тауып қояды. Нарушайте ожидания. Читатель ждёт одного, а происходит другое: гениальный детектив заходит в тупик, но загадку случайно разгадывает ребёнок.
«Үштік ережесін» қолданыңыз. Алғашқы екі таныс нәрсе белгілі бір ой қалыптастырады, ал үшіншісі оны күтпеген жерден өзгертеді: «Бақытты болу үшін маған денсаулық, махаббат және жақсы Wi-Fi керек». Используйте правило трёх. Два привычных элемента создают ожидание, а третий его нарушает: «Для счастья мне нужны здоровье, любовь и хороший Wi-Fi».
Нақты мәліметтер қосыңыз. «Ол қатты кешікті» деудің орнына: «Ол тойға жас жұбайлар үйленгендерінің бір жылдығын атап өтіп жатқанда келді» деп жазыңыз. Добавляйте конкретные детали. Вместо «он сильно опоздал» напишите: «Он пришёл на свадьбу, когда молодожёны уже отмечали годовщину».
Кейіпкердің реакциясын өзгертіңіз. Маңызды оқиғаның алдында ол абыржудың орнына түскі ас ішіп үлгеретін-үлгермейтінін жайбарақат сұрауы мүмкін. Меняйте реакцию героя. Вместо паники перед важным событием он может спокойно спросить, успеет ли пообедать.
Әзілге қайта оралыңыз. Егер әңгіменің басында кейіпкер кілттерін жоғалтып алса, соңында оларды тапқанын салтанатты түрде жариялауы мүмкін. Бірақ артынша пәтерді шатастырып алғанын байқайды. Возвращайтесь к шутке. Если в начале герой потерял ключи, в конце он может торжественно объявить, что нашёл их, — и обнаружить, что перепутал квартиру.
Күнделікті өмірдегі қарапайым бір жағдайды алып, осы тәсілдердің бірін қолданып көріңіз. Попробуйте взять обычную ситуацию и применить к ней один из этих приёмов.


📅 №119

📹 Разбор (youtube)

🔥 ОТ — ҚАТТЫ ДЕНЕ МЕ, СҰЙЫҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ ГАЗ БА?
ОГОНЬ — ЭТО ТВЁРДОЕ ТЕЛО, ЖИДКОСТЬ ИЛИ ГАЗ?

📌 Глагол дня: жарқырау – блестеть, сиять, сверкать

Біз алаудың жанында отырғанда, оның жылуын сеземіз, отынның сықырлаған дыбысын естиміз және жалынға қарап отырамыз. Когда мы сидим у костра, то чувствуем тепло, слышим треск дров и наблюдаем за пламенем.
Бірақ ғылыми тұрғыдан алғанда, от дегеніміз не? Но что такое огонь с научной точки зрения?
От газға ұқсайды, алайда газ шексіз ұзақ уақыт сақтала алады, ал жалын ерте ме, кеш пе сөніп қалады. Огонь похож на газ, однако газ может существовать неограниченно долго, а пламя рано или поздно исчезает.
Кейбіреулер отты плазма деп санайды, бірақ плазманың түзілуі үшін әдетте бірнеше мың градус температура қажет. Некоторые считают огонь плазмой, но для её образования обычно требуются температуры в тысячи градусов.
Шын мәнінде, от — зат емес, жану деп аталатын химиялық реакцияның көзге көрінетін көрінісі. На самом деле огонь — не вещество, а видимое проявление химической реакции, называемой горением.
Жану үшін үш жағдай қажет: отын, оттегі және жылу. Для неё необходимы три условия: топливо, кислород и тепло.
Ағаш қызған кезде ыдырап, жанғыш заттар бөледі. При нагревании древесина разлагается и выделяет горючие вещества.
Олар оттегімен әрекеттесіп, көмірқышқыл газы мен су буын түзеді. Они реагируют с кислородом, образуя углекислый газ и водяной пар.
Ыстық газдар жоғары көтеріліп, жалынға созылыңқы пішін береді. Горячие газы поднимаются вверх, придавая пламени вытянутую форму.
Жалынның түсі температура мен заттардың құрамына байланысты. Цвет пламени зависит от температуры и состава веществ.
Ең ыстық жалын ақ немесе көгілдір түсті болуы мүмкін, ал оттың сары-қызғылт сары болып жарқырауына қатты қызған күйе бөлшектері себеп болады. Самое горячее пламя может быть белым или голубым, а жёлто-оранжевое свечение костра создают раскалённые частицы сажи.
Отын немесе оттегі таусылған кезде жану тоқтап, жалын сөнеді. Когда заканчивается топливо или кислород, горение прекращается и пламя исчезает.



📅 №120

📹 Разбор (youtube)

🫂 ЖАҚСЫ ТЫҢДАУШЫ БОЛУДЫҢ ТӨРТ ЕРЕЖЕСІ
ЧЕТЫРЕ ПРАВИЛА ХОРОШЕГО СЛУШАТЕЛЯ

📌 Глагол дня: нығайту – укреплять

Тыңдай білу қарым-қатынасты нығайтуға және адамдарды жақсырақ түсінуге көмектеседі. Умение слушать помогает укреплять отношения и лучше понимать людей.
Бірақ жақсы тыңдаушы жай ғана үндемей, бас изеп отырмайды — ол әңгімелесушісіне шын жүректен қызығушылық танытады. Но хороший слушатель не просто молчит и кивает — он искренне интересуется собеседником.
1️⃣ Алаңдататын нәрселерді алып тастаңыз. Устраните отвлекающие факторы.
Телефонды шетке қойып, теледидарды өшіріңіз де, бар назарыңызды әңгімеге аударыңыз. Уберите телефон, выключите телевизор и сосредоточьтесь на разговоре.
Тіпті көзге көрініп жатқан телефонның өзі адамдар арасындағы сенімді азайтуы мүмкін. Даже телефон, лежащий на виду, может снижать доверие между людьми.
2️⃣ Сөзін бөлмеңіз және сұрақтар қойыңыз. Не перебивайте и задавайте вопросы.
Адамға ойын аяқтауға мүмкіндік беріңіз. Дайте человеку закончить мысль.
«Содан кейін не болды?» немесе «Сол кезде не сезіндің?» деген сұрақтар оның ашылып сөйлеуіне және өзін жақсырақ түсінуіне көмектеседі. Вопросы «Что произошло дальше?» или «Что ты почувствовал?» помогут ему раскрыться и лучше понять себя.
3️⃣ Әңгімелесушіні дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз. Проверяйте, правильно ли вы поняли собеседника.
Естігеніңізді өз сөзіңізбен қысқаша қайталап беріңіз. Кратко перескажите услышанное своими словами.
Адам сөйлеп жатқанда, не деп жауап беретініңізді ойламаңыз, әйтпесе маңызды нәрсені байқамай қалуыңыз мүмкін. Не обдумывайте ответ, пока человек говорит, иначе можете упустить важное.
4️⃣ Үнсіздіктен және келіспеушіліктен қорықпаңыз. Не бойтесь пауз и разногласий.
Жауап беруге асықпаңыз. Тіпті келіспесеңіз де, адамды өз пікіріңізге көндіруге емес, оның көзқарасын түсінуге тырысыңыз. Не спешите отвечать. Даже если вы не согласны, постарайтесь понять чужую точку зрения, а не переубедить человека.
Жақсы тыңдай білу — барлық нәрсеге келісе беру деген сөз емес. Хорошо слушать — не значит со всем соглашаться.
Ең бастысы — әңгімелесуші өзін тыңдап, түсінгеніңізді сезінуі керек. Главное, чтобы собеседник чувствовал, что его услышали и поняли.





 <<  Марафон, стр.5 Наверх ↑ Марафон, стр.7  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группа