Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Практика → Онлайн-Марафон 2, стр.7
      Разбор грамматики
Новые слова
 1 
 2 
 3 
Фразы
Анекдоты
Новости
 1 
Диалоги
 1 
 2 
 Kaizen метод
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 Онлайн-Марафон
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 Онлайн-Марафон 2
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 

Онлайн-Марафон 2: Казахский язык за год

Страница 7  (№ 121–140)

Автор: Андрей Якубин   Телеграм-канал «Казахский язык за год»

📅 №121

📹 Разбор (youtube)

🌊 АҒЫН КҮЙІНЕ ҚАЛАЙ ЕНУГЕ БОЛАДЫ?
КАК ВОЙТИ В СОСТОЯНИЕ ПОТОКА?

📌 Глагол дня: шоғырлану – сосредоточиваться, скапливаться

Кейде бір іске беріліп кететініміз соншалық, уақыттың қалай өткенін аңғармай қаламыз. Иногда мы настолько увлекаемся делом, что перестаём замечать время.
Жұмыс жеңіл жүріп, зейініміз толық шоғырланады да, бөгде ойлар сейіледі. Мұндай жағдайды ағын күйі деп атайды. Работа идёт легко, внимание полностью сосредоточено, а посторонние мысли исчезают. Это называют состоянием потока.
Адам іске толық берілген кезде аз алаңдайды, өзін үнемі бағалауды және қателесуден қорқуды қояды. Бұл оның шығармашылықпен ойлауына және өнімдірек жұмыс істеуіне көмектеседі. В потоке человек меньше тревожится, перестаёт постоянно оценивать себя и бояться ошибок. Это помогает ему мыслить творчески и работать продуктивнее.
Ағын күйінің пайда болуы үшін үш шарт маңызды. Для возникновения потока важны три условия.
1️⃣ Біріншіден, айналысатын іс қызықты немесе адамның өзі үшін мәнді болуы тиіс. Во-первых, занятие должно быть интересным или иметь личный смысл.
2️⃣ Екіншіден, оның күрделілігі дағдыларымызға сәйкес келуі қажет: тым жеңіл тапсырма зеріктіреді, ал шамадан тыс күрделі тапсырма мазасыздық туғызады. Во-вторых, его сложность должна соответствовать нашим навыкам: слишком простая задача вызывает скуку, а слишком трудная — тревогу.
3️⃣ Үшіншіден, нақты мақсат қойып, өз ілгерілеуіңді көре білу қажет. В-третьих, необходимы ясная цель и возможность видеть свой прогресс.
Ағын күйіне оңайырақ ену үшін телефонды шетке қойып, тыныш орын тауып, назарыңызды бір іске шоғырландырыңыз. Чтобы легче войти в поток, уберите телефон, найдите спокойное место и сосредоточьтесь на одном деле.
Ауқымды тапсырманы шағын кезеңдерге бөліп, олардың күрделілігін біртіндеп арттырыңыз. Разделите большую задачу на небольшие этапы и постепенно повышайте их сложность.
Алайда өзіңізді ағын күйіне күштеп енгізуге тырыспаңыз. Ол туралы үздіксіз ойлау назарыңызды тек басқа жаққа аударады. Но не пытайтесь заставить себя войти в поток. Постоянные мысли об этом только отвлекают.
Ең дұрысы, істеп жатқан ісіңізге зейініңізді аударыңыз — сонда көп ұзамай уақыттың қалай өткенін де байқамай қалуыңыз мүмкін. Лучше сосредоточьтесь на самом занятии — и, возможно, вскоре вы забудете о времени.



📅 №122

📹 Разбор (youtube)

📰 ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҚАЛАЙ ТАРАЛАДЫ?
КАК РАСПРОСТРАНЯЕТСЯ ЛОЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ?

📌 Глагол дня: ұқсау – быть похожим, походить

Қазіргі заманда ақпарат лезде таралады, бірақ оның шынайылығы әрдайым тексеріле бермейді. Сегодня информация распространяется мгновенно, но её достоверность не всегда проверяют.
Жалған жаңалықтардың таралу тетіктерінің бірі — бір-біріне сілтеме жасау арқылы ақпаратты растау. Один из механизмов распространения ложных новостей — круговое цитирование.
Мысалы, А сайты тексерілмеген деректі жариялайды, Б сайты оны қайталайды, ал кейін А сайты Б сайтына дәлел ретінде сілтеме жасайды. Например, сайт А публикует непроверенный факт, сайт Б его повторяет,ф а затем сайт А ссылается на сайт Б как на доказательство.
Оқырмандарға ақпаратты бір-бірінен тәуелсіз дереккөздер растағандай көрінеді. Алайда олардың бәрі бір қатені қайталап отыр. Читателям кажется, что информацию подтвердили независимые источники, хотя все повторяют одну ошибку.
Қателер тіпті ғылым саласында да кездеседі. Беделді "British Medical Journal" медициналық журналында жасөспірімдердің компьютерлік ойындар кезінде қанша энергия жұмсайтыны туралы әзіл ретінде жазылған мақала жарияланған. Ошибки встречаются даже в научной среде. В авторитетном медицинском журнале "British Medical Journal" вышла шуточная статья о расходе энергии подростками во время компьютерных игр.
Басқа зерттеушілер оның әзіл екенін түсінбей, өздерінің ғылыми еңбектерінде оған 400-ден астам рет сілтеме жасаған. Другие исследователи не распознали шутку и более 400 раз сослались на неё в серьёзных научных публикациях.
Осындай жағдай Уикипедияда да кездеседі. Журналист одан тексерілмеген деректі алып, мақала жариялайды. Кейін сол мақала энциклопедияда ақпаратты растайтын дереккөз ретінде пайдаланылады. Похожая ситуация возникает с Википедией. Журналист берёт из неё непроверенный факт, публикует статью, а затем её используют в энциклопедии как подтверждающий источник.
Осылайша қате ақпарат шындыққа ұқсап көріне бастайды. Так ошибка получает видимость достоверности.
Негізгі қорытынды: жаңалықты басқалармен бөліспес бұрын, оның бастапқы дереккөзін тауып, деректердің дұрыстығын тексеру қажет. Главный вывод: прежде чем делиться новостью, нужно найти первоисточник и проверить факты.



📅 №123

📹 Разбор (youtube)

🌋 ЖАНАРТАУЛАР — ОТ ШАШҚАН ТАУЛАР
ВУЛКАНЫ — ОГНЕДЫШАЩИЕ ГОРЫ

📌 Глагол дня: шашу – разбрасывать, рассыпать, извергать

Жанартау — Жер қойнауынан жер бетіне балқыған тау жыныстары, газдар мен күл атқылап шығатын орын. Вулкан — это место на поверхности Земли, через которое из её недр вырываются раскалённая лава, газы и пепел.
Жер астындағы балқыған тау жынысы магма деп аталады, ал жер бетіне шыққан магма лава деп аталады. Под землёй расплавленная горная порода называется магмой, а когда она выходит наружу — лавой.
Жанартаулар көбінесе жер қыртысының алып тақталары бір-бірімен соқтығысатын немесе бір-бірінен ажырайтын жерлерде пайда болады. Вулканы чаще всего образуются там, где огромные плиты земной коры сталкиваются или расходятся.
Магма жарықтар арқылы жоғары көтеріліп, кратер деп аталатын саңылаудан жер бетіне шығады. Осылайша жанартау атқылайды. Магма поднимается по трещинам и выходит через отверстие — кратер. Так происходит извержение.
Кейде лава тау беткейлерімен баяу ағады, ал кейде күшті жарылыс күлді өте биікке атқылайды. Иногда лава медленно стекает по склонам, а иногда мощный взрыв выбрасывает пепел на огромную высоту.
Жанартаулар белсенді, ұйқыдағы және сөнген болып бөлінеді. Вулканы бывают действующими, спящими и потухшими.
Ұйқыдағы жанартау жүздеген жыл бойы атқыламай, кейін қайта оянуы мүмкін. Спящий вулкан может не извергаться сотни лет, а затем снова пробудиться.
Жанартаудың атқылауы қауіпті: ыстық лава жолындағының бәрін жойып жібереді, ал күл тыныс алуды қиындатып, ұшақтардың ұшуына кедергі келтіреді. Извержения опасны: горячая лава уничтожает всё на своём пути, а пепел затрудняет дыхание и мешает полётам самолётов.
Сондықтан вулканологтар деп аталатын ғалымдар қауіпті жанартауларды бақылап, адамдарға алдын ала ескерту жасауға тырысады. Поэтому учёные — вулканологи — наблюдают за опасными вулканами и стараются заранее предупредить людей.
Бірақ жанартаулардың пайдасы да бар. Қатып қалған лава жаңа аралдар түзіп, жағалауларды кеңейте алады, ал жанартау күлі уақыт өте келе топырақты құнарландырады. Но вулканы приносят и пользу. Застывшая лава может создавать новые острова и расширять берега, а вулканический пепел со временем делает почву плодородной.



📅 №124

📹 Разбор (youtube)

🛤️ ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНА НЕ ҮШІН ТАС ТӨСЕЙДІ?
ЗАЧЕМ ВДОЛЬ ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫХ ПУТЕЙ НАСЫПАЮТ КАМНИ?

📌 Глагол дня: төсеу – стелить, укладывать

Теміржол бойындағы рельстердің астында жатқан тастарды бәріңіз де байқаған шығарсыздар. Бірақ олардың не үшін төселетінін ойланып көрдіңіздер ме? Наверняка вы все замечали камни, лежащие под рельсами вдоль железнодорожных путей. Но задумывались ли вы, зачем их туда насыпают?
Рельстердің астына төселетін тастар теміржол балласты деп аталады. Камни под рельсами называются железнодорожным балластом.
Әдетте бұл қалыңдығы 25–30 см болатын қиыршық тас қабаты. Ол бірнеше маңызды қызмет атқарады. Обычно это слой щебня толщиной 25–30 см, который выполняет несколько важных функций.
🛤️ Шпалдарды орнында ұстайды. Қиыршық тастардың өткір қырлары бір-біріне ілінісіп, берік негіз құрайды. Ал тегіс малтатастар бұл мақсатқа жарамайды, өйткені олар пойыздардың салмағынан оңай жылжып кетеді. Удерживает шпалы. Острые грани щебня друг за друга, создавая устойчивое основание. Гладкая галька для этого не подходит: она легко смещается под тяжестью поездов.
⚖️ Қиыршық тастар жүктемені біркелкі бөледі. Балласт көп тонналық пойыздардың салмағын үлкен аумаққа таратып, теміржолдың шөгуіне жол бермейді. Щебень распределяет нагрузку. Балласт распределяет вес многотонных составов по большой площади, предотвращая проседание пути.
🔉 Шу мен дірілді азайтады. Қиыршық тастар жүріп келе жатқан пойыздардан пайда болатын тербелістерді ішінара сіңіреді. Снижает шум и вибрацию. Шебень частично поглощают колебания от движущихся поездов.
💧 Суды ағызып жібереді. Қиыршық тастардың арасындағы саңылаулар жаңбыр суының төмен қарай өтуіне мүмкіндік беріп, тот басу қаупін азайтады. Отводит воду. Промежутки между камнями позволяют дождевой воде уходить вниз, уменьшая риск коррозии.
🌱 Арамшөптердің өсуіне кедергі жасайды. Арамшөптер теміржолдың орнықтылығын бұзуы мүмкін. Препятствует росту сорняков, которые могут нарушать устойчивость пути.
🌡️ Ыстықта рельстердің орнынан жылжып кетпеуіне көмектеседі. Өйткені температура көтерілгенде металл кеңейеді. Помогает удерживать рельсы в жару, когда металл расширяется.
Уақыт өте келе қиыршық тасқа құм мен кір жиналады. Сондықтан оны арнайы машиналармен тазартады немесе жаңасына ауыстырады. Со временем щебень загрязняется песком и грязью, поэтому его очищают специальными машинами или заменяют новым.



📅 №125

📹 Разбор (youtube)

🙊 ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІЛІ БАР МА?
ЕСТЬ ЛИ У ЖИВОТНЫХ ЯЗЫК?

📌 Глагол дня: бірігу – объединяться, біріктіру — объединять

Жануарлар бір-бірімен белсенді түрде қарым-қатынас жасайды. Таңқы шаяндар қысқыштарын сермейді, каракатицалар терісінің түсі мен өрнегін өзгертеді, ал аралар би арқылы ақпарат жеткізеді. Животные активно общаются друг с другом. Крабы машут клешнями, каракатицы меняют цвет и узор на коже, а пчёлы танцем передают информацию.
Бірақ мұндай қарым-қатынасты тіл деп атауға бола ма? Но можно ли назвать такое общение языком?
Ғалымдар тілдің төрт маңызды қасиетін бөліп көрсетеді: дискреттілік — жеке элементтерді қолдану; грамматика — оларды біріктіру ережелері; өнімділік — жаңа хабарламалар құра білу; «осында және қазір» шеңберінен шығу — дәл осы жерде және дәл қазір жоқ нәрселер туралы айта білу. Учёные выделяют четыре важных свойства языка: дискретность — использование отдельных элементов; грамматика — правила их сочетания; продуктивность — возможность создавать новые сообщения; дистанцированность — способность говорить о том, чего нет здесь и сейчас.
Аралар қоректің қай жерде орналасқанын хабарлай алады. Пчёлы могут сообщить, где находится пища.
Дала иттері жыртқыштар туралы өз тобындағы басқа жануарларға ескертіп, олардың көлемі, пішіні және қозғалу жылдамдығы жайлы ақпарат береді. Луговые собачки предупреждают сородичей о хищниках и передают информацию об их размере, форме и скорости.
Адамдар ым тіліне үйреткен маймылдар белгілерді біріктіріп, жаңа тіркестер құра алады. Коко есімді горилла мыңнан астам ымды білген және өліп қалған марғауын есіне түсіре алған. Обезьяны, обученные людьми языку жестов, способны объединять знаки в новые фразы. Горилла Коко знала более тысячи жестов и могла вспоминать умершего котёнка.
Дельфиндер де жасанды тілдің кейбір ережелерін түсіне алады. Дельфины тоже способны понимать некоторые правила искусственного языка.
Алайда мұндай қарым-қатынас тәсілдерін толыққанды тіл деп атауға болмайды. Однако все эти способы коммуникации нельзя назвать полноценным языком.
Әртүрлі жануарларда тілдің жекелеген қасиеттері кездеседі, бірақ жануарлардың бізге белгілі қарым-қатынас жүйелерінің ешқайсысы осы төрт қасиеттің барлығын бірдей қамтымайды. У разных животных встречаются отдельные свойства языка, но ни одна известная система общения животных не сочетает все четыре.
Тек адам тілі ғана осы қасиеттердің бәріне бір мезгілде ие және сан алуан тақырыпта шексіз көп хабарлама құруға мүмкіндік береді. Только человеческий язык обладает всеми ими одновременно и позволяет создавать бесконечное количество сообщений на самые разные темы.



📅 №126

📹 Разбор (youtube)

👓 КӨЗІЛДІРІК ЖАҚСЫ КӨРУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?
КАК ОЧКИ ПОМОГАЮТ НАМ ЛУЧШЕ ВИДЕТЬ?

📌 Глагол дня: бағыттау – направлять

Көзілдіріктің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін алдымен жарықтың сыну құбылысын түсініп алу керек. Чтобы понять, как работают очки, нужно разобраться с преломлением света.
Қалыпты жағдайда көздің алдыңғы мөлдір қабаты мен көз бұршағы жарықты көздің артындағы жарықты сезетін торлы қабыққа дәл бағыттайды. В норме роговица и хрусталик направляют свет точно на сетчатку — светочувствительную ткань в задней части глаза.
Бірақ кейде жарық торлы қабықтың алдында немесе артында шоғырланады, сол кезде адам заттарды бұлдыратып көреді. Но иногда свет фокусируется перед сетчаткой или за ней, и изображение становится размытым.
Жақыннан көргіштік кезінде жарық торлы қабықтың алдында шоғырланады, сондықтан алыстағы заттар бұлыңғыр көрінеді. При близорукости свет фокусируется перед сетчаткой, поэтому удалённые предметы видны хуже.
Алыстан көргіштік кезінде жарық торлы қабықтың артында шоғырланып, адамға жақындағы заттарды анық көру қиындайды. При дальнозоркости фокус оказывается за сетчаткой, и человеку сложнее видеть вблизи.
Астигматизм кезінде көздің алдыңғы мөлдір қабатының пішіні біркелкі болмайды. Сондықтан жарық торлы қабықтың бір нүктесіне дәл шоғырланбай, адам заттарды бұлыңғыр көреді. При астигматизме роговица имеет неправильную форму, поэтому свет не фокусируется точно в одной точке на сетчатке, и изображение становится размытым.
Жас ұлғайған сайын көз бұршағының иілгіштігі азайып, жақындағы заттарға көзді дәл шоғырландыру қиындайды. Бұл пресбиопия деп аталады және әдетте 40 жастан кейін байқалады. С возрастом хрусталик становится менее гибким и хуже фокусируется на близких предметах. Это называется пресбиопией и обычно проявляется после 40 лет.
Көзілдірік бұл көру кемшіліктерін линзалардың көмегімен түзетеді. Очки исправляют эти нарушения с помощью линз.
Линзалар жарық көзге түспей тұрып оның бағытын өзгертеді, соның арқасында жарық қайтадан торлы қабыққа дәл шоғырланады. Они изменяют направление света ещё до его попадания в глаз, благодаря чему он снова фокусируется на сетчатке.
Дәл осы қарапайым қағида көзілдіріктің кескінді анық көрсетуіне мүмкіндік береді. Именно этот простой принцип позволяет очкам делать изображение чётким.



📅 №127

📹 Разбор (youtube)

🏙️ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЕҢ БИІК ШЕГІ ҚАНДАЙ?
КАКАЯ МАКСИМАЛЬНАЯ ВЫСОТА У НЕБОСКРЕБОВ?

📌 Глагол дня: төтеу – устоять, протерпеть, выдерживать

1956 жылы сәулетші Фрэнк Ллойд Райт биіктігі бір миль, яғни шамамен 1,6 шақырым болатын зәулім ғимарат салуды ұсынды. В 1956 году архитектор Фрэнк Ллойд Райт предложил построить небоскрёб высотой в одну милю — около 1,6 км.
Ол кезде бұл жоба қиял сияқты көрініп, көпшілік оны күлкіге айналдырды: сол кездегі әлемдегі ең биік ғимарат — Empire State Building небәрі 381 метр болатын. Тогда проект казался фантастикой и над ним многие смеялись: самое высокое здание мира, Empire State Building, достигало всего 381 метра.
Бүгінде рекорд биіктігі 828 метрлік Бурдж-Халифаға тиесілі, ал Сауд Арабиясында биіктігі бір шақырымнан асатын Jeddah Tower салынып жатыр. Сегодня рекорд принадлежит Бурдж-Халифе высотой 828 метров, а в Саудовской Аравии уже строят Jeddah Tower, которая должна превысить один километр.
Сондықтан 70 жыл бұрын мүмкін еместей көрінген Райттың идеясы біртіндеп шындыққа айналып келеді. Поэтому идея Райта, казавшаяся почти невозможной 70 лет назад, постепенно становится всё более реальной.
Ең басты қиындық — ғимараттың орасан зор салмағы. Бірақ қазіргі темірбетон өте үлкен жүктемеге төтеп бере алады. Главная трудность — огромный вес. Однако современный армированный бетон выдерживает колоссальные нагрузки.
Мысалы, Бурдж-Халифаның салмағы шамамен жарты миллион тонна, ал оның іргетасы тереңдігі 50 метрден асатын 192 темірбетон қадаға тірелген. Например, Бурдж-Халифа весит около полумиллиона тонн, а его фундамент опирается на 192 железобетонные сваи глубиной более 50 метров.
Тағы бір мәселе — жел. Сондықтан биік ғимараттарды аэродинамикалық пішінде салады, ал олардың шайқалуын азайту үшін алып қарсы салмақтар қолданылады. Другая проблема — ветер. Поэтому высокие здания делают аэродинамичными, а для уменьшения раскачивания используют огромные противовесы.
Taipei 101 ғимаратында мұндай қарсы салмақ ретінде салмағы жүздеген тонна болатын ілулі металл шар пайдаланылады. В Taipei 101 таким противовесом служит подвешенный металлический шар массой в сотни тонн.
Соңғы мәселе — мыңдаған адамды қабаттар арасында жылдам тасымалдау. Ал қазіргі лифтілердің жылдамдығы сағатына 70 шақырымнан асады. Наконец, тысячи людей нужно быстро перевозить между этажами. И современные лифты уже развивают скорость свыше 70 км/ч.



📅 №128

📹 Разбор (youtube)

♨️ САУНА ӨМІРДІ ҰЗАРТА АЛА МА?
МОЖЕТ ЛИ САУНА ПРОДЛИТЬ ЖИЗНЬ?

📌 Глагол дня: күшею – усиливаться

1980 жылдардың басында ғалымдар 2000-нан астам фин ер азаматтарының денсаулығын көпжылдық зерттеуді бастады. В начале 1980-х учёные начали многолетнее исследование здоровья более 2000 финских мужчин.
20 жылдан кейін қызықты байланыс анықталды: саунаға аптасына 4–7 рет баратын ер адамдардың денсаулығы бірнеше көрсеткіш бойынша жақсырақ болған. Спустя 20 лет обнаружилась интересная связь: мужчины, которые посещали сауну 4–7 раз в неделю, по нескольким показателям были здоровее.
Ал саунада ағзамызда қандай өзгерістер болады? Но что происходит с организмом в сауне?
Фин саунасындағы температура 90 °C-қа дейін жетуі мүмкін. В финской сауне температура может достигать 90 °C.
Ыстықтың әсерінен қан тамырлары кеңейіп, жүрек жиірек соға бастайды, қан айналымы күшейіп, адам терлейді. Под воздействием жары кровеносные сосуды расширяются, сердце начинает биться быстрее, усиливается кровообращение и выделяется пот.
Ағзаның мұндай реакциясы белгілі бір дәрежеде орташа қарқындағы дене жаттығуларына ұқсайды. Такая реакция отчасти напоминает умеренную физическую нагрузку.
Саунадағы ыстық спортзалдағы жаттығуларды алмастыра алмаса да, оған үнемі бару жүрек-қан тамырлары жүйесін шынықтырады. Регулярное воздействие контролируемого тепла сауны хотя и не заменяет физических упражнений в спортзале, но все же тренирует сердечно-сосудистую систему.
Қан айналымының күшеюі бұлшықеттерге де пайдалы, өйткені оларға оттегі мен қоректік заттар көбірек жеткізіледі. Бұл жаттығудан кейін бұлшықеттердің қалпына келуіне және нығаюына көмектеседі. Усиление кровообращения полезно также и для мышц, тк. к ним поступает больше кислорода и питательных веществ, что помогает их восстановлению после нагрузки и укреплению.
Сонымен қатар сауна адамның психикалық және эмоциялық жағдайына да жақсы әсер етеді. А еще сауна оказывает мощное психоэмоциональное воздействие.
Күйзеліс гормоны — кортизол деңгейінің төмендеуі және жүйке жүйесінің босаңсуы ұйқының сапасы мен жалпы көңіл күйге тікелей әсер етеді. Снижение уровня гормона стресса — кортизола — и расслабление нервной системы напрямую влияют на качество сна и общее самочувствие.



📅 №129

📹 Разбор (youtube)

🕰️ НОСТАЛЬГИЯ СЕЗІМІ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?
ОТКУДА ВЗЯЛАСЬ НОСТАЛЬГИЯ?

📌 Глагол дня: аңсау – сильно желать, тосковать, томиться, жаждать

XVII ғасырдың соңында медицина факультетінің студенті Йоханнес Хофер туған жерінен жырақта қызмет етіп жүрген швейцариялық сарбаздардың бойынан біртүрлі жағдайды байқады. В конце XVII века студент-медик Йоханнес Хофер заметил странное состояние у швейцарских солдат, служивших вдали от дома.
Олар шаршау, ұйқысыздық, жүрек соғысының жиілеуі және басқа да белгілерден зардап шекті. Они страдали от усталости, бессонницы, учащённого сердцебиения и других симптомов.
Хофер мұның себебін туған жерін қатты сағынумен байланыстырды. Ол бұл күйді грек тіліндегі «үйге оралу» және «ауырсыну, сағыныш» деген сөздерден құрап, «ностальгия» деп атады. Хофер решил, что причиной была сильная тоска по родине, и назвал это состояние ностальгией — от греческих слов «возвращение домой» и «боль, тоска».
Алғашында ностальгияны ауру деп санаған. Сначала ностальгию считали болезнью.
Кейін бұл ұғымның мағынасы кеңейе түсті: ностальгия деп тек туған жерді сағынуды ғана емес, өткен күндерді, өмірдегі маңызды оқиғаларды, жерлер мен адамдарды аңсауды да атай бастады. Позже это понятие стало гораздо шире: ностальгией начали называть не только тоску по дому, но и общую тоску по прошлому — воспоминания о значимых событиях, местах и людях.
Ностальгия кезінде жоғалтқан нәрсеңе деген өкініш пен мұң жылы әрі жағымды сезімдермен қатар жүруі мүмкін. При этом ностальгия может сочетать чувство утраты и грусть с тёплыми и приятными эмоциями.
Сондықтан уақыт өте келе оны ауру деп қабылдамай, адамның табиғи эмоциялық күйі ретінде қарастыра бастады. Поэтому со временем её перестали считать болезненным состоянием и стали воспринимать как естественное эмоциональное переживание.
Зерттеулер ностальгияның әрдайым көңіл күйдің нашарлауымен қатар жүрмейтінін көрсетті. Исследования показали, что ностальгия не всегда сопровождается ухудшением настроения.
Өткен өмірдегі маңызды оқиғалар мен жақын адамдар туралы естеліктер адамның өзіне деген сенімін арттырып, өзін бір ортаға тиесілі сезінуіне көмектеседі. Сондай-ақ олар көңіл күйдегі ауыртпалықты жеңілдетіп, адамды жомарт болуға да ынталандыруы мүмкін. Воспоминания о важных событиях прошлого и близких людях могут повышать самооценку и чувство принадлежности, помогать справляться с эмоциональным напряжением и даже побуждать человека быть щедрее.



📅 №130

📹 Разбор (youtube)

🦜 ТОТЫҚҰСТАР НЕГЕ СӨЙЛЕЙ АЛАДЫ?
ПОЧЕМУ ПОПУГАИ УМЕЮТ РАЗГОВАРИВАТЬ?

📌 Глагол дня: еліктеу – имитировать, подражать

Тотықұстарда сирек кездесетін қабілет — вокалдық үйрену қабілеті бар. Олар жаңа дыбысты естіп, оны есте сақтап, қайталай алады. Попугаи обладают редкой способностью — вокальным обучением. Они могут услышать новый звук, запомнить его и воспроизвести.
Жануарлардың көпшілігінде мұндай қабілет жоқ. Большинство животных этого делать не умеет.
Оның басты құпиясы тотықұстардың миында жатыр. Главный секрет скрывается в их мозге.
Дыбыс шығаруға жауап беретін аймақтардан бөлек, олардың миында күрделі дыбыстарды жақсы көшіруге көмектесетін қосымша нейрондық жүйе бар. Кроме областей, отвечающих за вокализацию, у попугаев есть дополнительная нейронная система, которая, вероятно, помогает им копировать сложные звуки.
Тотықұстарда дауыс желбезегі жоқ. Дыбыс кеңірдектің түбінде орналасқан ерекше мүше — сиринксте пайда болады, содан кейін тамақ, тұмсық және қозғалмалы тілдің көмегімен өзгереді. Голосовых связок у попугаев нет. Звук возникает в сиринксе — особом органе у основания трахеи, а затем изменяется с помощью горла, клюва и подвижного языка.
Оның әлеуметтік себебі де бар. Табиғатта тотықұстар үйіріндегі басқа құстарға еліктейді, ал адамды өз тобының бір мүшесі ретінде қабылдап, оның сөзін қайталауы мүмкін. Есть и социальная причина. В природе попугаи подражают другим членам стаи, а человека могут воспринимать как часть своей группы и копировать его речь.
Бірақ олар айтқан сөздерін түсіне ме? Но понимают ли они, о чём говорят?
Адамдар сияқты емес. Тотықұс сөздің мағынасын түсінбесе де, оны қайталай береді. Өйткені сол сөзді айтқанда адам оған назар аударады. Не так, как люди. Попугай может повторять слово, не понимая его значения, просто потому, что оно вызывает реакцию человека.
Ал арнайы үйретілген кейбір құстар сөздерді белгілі бір заттармен, түстермен, пішіндермен және санмен байланыстыра алады. Бір нәрсе сол сөзді еске түсірсе, оны айтады. А после специального обучения некоторые птицы способны связывать слова с конкретными предметами, цветами, формами и количеством и произносить их если что-то вызывает у них ассоциативную связь.



📅 №131

📹 Разбор (youtube)

🐟 ПИРАНЬЯЛАРЫ БАР СУҒА ҚҰЛАП КЕТСЕҢ, НЕ БОЛАДЫ?
ЧТО БУДЕТ, ЕСЛИ УПАСТЬ В ВОДУ С ПИРАНЬЯМИ?

📌 Глагол дня: дүрлігу – паниковать, приходить в смятение

Спойлер: адамның бірнеше минуттың ішінде қаңқаға айналып қалуы — Голливуд ойлап тапқан миф қана. Спойлер: превращение человека в скелет за пару минут — это просто голливудский миф.
Шын мәнінде, бәрі әлдеқайда тыныш. На самом деле всё гораздо спокойнее.
Неліктен олардан қорқады? Почему их боятся?
Бұл аңыздың кең таралуына Теодор Рузвельт себеп болды. Ол 1914 жылы пираньялар тобының бір сиырды әп-сәтте жеп қойғанын жазған. Главный миф запустил Теодор Рузвельт в 1914 году, описав, как стая мгновенно съела корову.
Алайда жергілікті гид президентке әсерлі көрініс көрсету үшін өзеннің бір бөлігін алдын ала тормен қоршап, балықтарды бірнеше күн бойы аш ұстаған. Вот только местный гид заранее перекрыл сетями участок реки и несколько дней морил рыб голодом ради эффектного шоу для президента.
Шын мәнінде жағдай қандай? Как всё устроено в реальности:
Олар адам жегіш емес. Оңтүстік Америкада пираньялардың 30-дан астам түрі бар. Олардың көбі талғамай қоректенеді: жәндіктерді, жемістер мен тұқымдарды жейді. Они не людоеды. В Южной Америке более 30 видов пираний, и многие из них — всеядные: едят насекомых, фрукты и семена.
Үйір — шабуыл құралы емес, қорғаныс тәсілі. Пираньялар топтасып аң аулау үшін емес, өздерін каймандар мен өзен дельфиндерінен қорғау үшін үйірге жиналады. Стая — это щит, а не меч. Рыбы сбиваются в группы не для загонной охоты, а чтобы их самих не съели кайманы и речные дельфины.
Тістеп алуы мүмкін, бірақ сирек. Олар уылдырығын қорғағанда, құрғақшылық кезінде қатты ашыққанда немесе оларды тордан қолмен шығаруға тырысқанда шабуыл жасауы мүмкін. Укусить могут, но редко. Нападают они при защите икры, от сильного голода в засуху или если их вытаскивать из сетей руками.
Ал пираньялары бар өзенге құлап кетсең, не істеу керек? И что делать, если упал в реку с пираньями?
Тоқ пираньялар судың шалпылынан өздері шошып, жүзіп кетеді. Сытые пираньи сами испугаются всплеска и уплывут.
Ең бастысы — дүрлікпеу, суды қолмен ұрғыламау және жағалауға қарай сабырмен жүзу. Главное — не паниковать, не бить руками по воде и спокойно грести к берегу.



📅 №132

📹 Разбор (youtube)

🍿 КИНОТЕАТРЛАРДА НЕГЕ ПОПКОРН ЖЕЙДІ?
ПОЧЕМУ В КИНОТЕАТРАХ ЕДЯТ ПОПКОРН?

📌 Глагол дня: ластау – пачкать, загрязнять

Бүгінде кинотеатрға кіреберістен-ақ попкорнның иісі аңқып тұрады. Бұл бұрыннан солай болғандай көрінеді. Алайда бір кездері попкорнмен кино залына кіруге мүлде тыйым салынған. Сегодня запах попкорна встречает нас ещё у входа в кинотеатр, и кажется, что так было всегда. Но когда-то заходить с ним в зал вообще запрещали.
Қымбат кинотеатрлардың иелері көрермендер көшеде сатылатын арзан тіскебасармен кілемдер мен орындықтарды былғап қояды деп қорыққан. Владельцы дорогих кинотеатров боялись, что зрители испачкают ковры и кресла дешёвой уличной закуской.
1930 жылдары АҚШ-тағы Ұлы тоқырау кезінде бәрі өзгерді. Кино көпшілікке қолжетімді ойын-сауық болып қала берді, ал попкорн небәрі 5–10 цент тұратын. Всё изменилось во время Великой депрессии в США в 1930-х годах. Кино оставалось доступным развлечением, а попкорн стоил всего 5–10 центов.
Алғашында оны кинотеатрдың кіреберісінде көше саудагерлері сататын. Сначала его продавали у входа уличные торговцы.
Попкорнға сұраныстың жоғары екенін көрген кинотеатр иелері одан жақсы пайда табуға болатынын түсінді. Увидев огромный спрос, владельцы кинотеатров поняли, что на попкорне можно хорошо зарабатывать.
Олар попкорнды кинотеатрдың ішінде сатуға рұқсат беріп, көп ұзамай оны өздері дайындай бастады. Они разрешили продавать его внутри, а вскоре начали готовить сами.
Дағдарыс кезінде бұл табыс кейбір кинотеатрларды жабылып қалудан сақтап қалды. Для некоторых кинотеатров эта прибыль стала настоящим спасением во время кризиса.
1945 жылға қарай АҚШ-тағы попкорнның жартысынан көбі дәл кинотеатрларда желінетін болды. К 1945 году больше половины всего попкорна в США съедали именно в кинотеатрах.
Осылайша арзан көше тағамы біртіндеп киноға барудың ажырамас бөлігіне айналды. Так дешёвая уличная закуска постепенно стала неотъемлемой частью похода в кино.
Бүгінде көпшілік киноға баруды попкорнсыз елестете алмайды. Оның иісі, қытырлаған дыбысы мен қолдағы үлкен стақан экран мен бәсең жарық секілді киносеанстың ажырамас бөлігіне айналған. Сегодня поход в кино у многих настолько связан с попкорном, что его запах, хруст и большой стакан в руках стали такой же частью киносеанса, как экран и приглушённый свет.



📅 №133

📹 Разбор (youtube)

🪪 ТӨЛҚҰЖАТ ҚАШАН ЖӘНЕ НЕ ҮШІН ПАЙДА БОЛДЫ?
КОГДА И ЗАЧЕМ ПОЯВИЛИСЬ ПАСПОРТА?

📌 Глагол дня: қауіптену – опасаться, остерегаться

Төлқұжатты алғашқы үлгілерінің бірі орта ғасырларда берілген қорғау грамоталары болды. Мұндай құжаттар Англияда кем дегенде XII ғасырдан бері белгілі. Одним из прототипов паспорта стали средневековые охранные грамоты, известные в Англии как минимум с XII века.
Олар патшаның атынан саудагерлерге, елшілерге және басқа да саяхатшыларға беріліп, сапар кезінде патшаның қорғауында болуға мүмкіндік берген. Их выдавали от имени короля купцам, посланникам и другим путешественникам, предоставляя им королевскую защиту во время поездок.
XIX ғасырға қарай мұндай құжат «passport» (сөзбе-сөз — «өтуге рұқсат») деп аталып, оны қарапайым британдық азаматтар да ала алатын болды. К XIX веку такой документ уже назывался паспортом (буквально — «разрешение на проход»), и получать его могли обычные британские подданные.
Бұл құжат олардың жеке басын растап, шетелдік билік өкілдерінен иесінің еркін жүріп-тұруына және қауіпсіздігіне кепілдік беруді сұрайтын. Документ подтверждал их личность и содержал просьбу к иностранным властям обеспечить владельцу свободный проезд и защиту.
Алайда ол кезде төлқұжат міндетті емес еді: Еуропаның көптеген елдерінде шекарадан төлқұжатсыз-ақ өтуге болатын. Однако обязательным он ещё не был: во многих европейских странах границы пересекали без паспорта.
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен бәрі өзгерді. Тыңшылар мен әскерден қашқандардан қауіптенген мемлекеттер жаппай төлқұжаттық бақылау енгізе бастады. Всё изменилось с началом Первой мировой войны в 1914 году. Опасаясь шпионов и дезертиров, государства стали вводить массовый паспортный контроль.
Ал 1915 жылы Ұлыбритания фотосуреті мен жеке мәліметтері міндетті түрде көрсетілетін төлқұжаттар бере бастады. В 1915 году Великобритания начала выдавать паспорта с обязательной фотографией и личными данными.
Соғыстан кейін бұл шектеулерді алып тастау жоспарланғанымен, 1920 жылы Ұлттар Лигасының конференциясында 22 мемлекеттің өкілдері төлқұжаттың бірыңғай халықаралық үлгісін келісіп, елдер оны біртіндеп енгізе бастады. После войны ограничения хотели отменить, но в 1920 году представители 22 государств на конференции Лиги Наций согласовали единый международный формат паспорта, который страны начали постепенно внедрять.
Осылайша, кезінде жекелеген саяхатшылар мен патшаның қол астындағы адамдарды қорғауға арналған құжат біртіндеп әр адамның халықаралық сапарын бақылаудың міндетті құралына айналды. Так документ, некогда служивший для защиты отдельных путешественников и королевских подданных, постепенно стал обязательным средством контроля международных поездок каждого человека.



📅 №134

📹 Разбор (youtube)

🏔️ ҚАР КӨШКІНІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛАДЫ?
ЧТО ТАКОЕ ЛАВИНЫ И КАК ОНИ ВОЗНИКАЮТ?

📌 Глагол дня: тығыздау – уплотнять, тығыздалу — уплотняться

Қар көшкіні — тау беткейінен төмен қарай үлкен жылдамдықпен сырғып түсетін орасан зор қар массасы. Лавина — это огромная масса снега, стремительно движущаяся вниз по горному склону.
Оның пайда болуы үшін әдетте үш жағдай қажет. Для её возникновения обычно необходимы три условия.
Біріншісі — қолайлы тау беткейі. Көбінесе оның еңістігі 30–45 градус аралығында болады. Первое — подходящий склон, чаще всего с уклоном от 30 до 45 градусов.
Екіншісі — тұрақсыз қар жамылғысы. Мысалы, жұқа мұз кристалдарының үстінде жатқан тығыз қар қабаты. Второе — неустойчивый снежный покров, например плотный слой снега поверх хрупких ледяных кристаллов.
Үшіншісі — көшкінді тудыратын фактор: қардың жаууы, жел, жаңбыр немесе тіпті беткейден сырғанап өткен шаңғышы. Третье — спусковой механизм: снегопад, ветер, дождь или даже проезжающий лыжник.
Ірі қар көшкіндерінің жылдамдығы сағатына 160 шақырымнан асып, жолындағы ағаштарды сындырып, ғимараттарды қирата алады. Крупные лавины способны разгоняться свыше 160 км/ч, ломая деревья и разрушая здания.
Алайда көшкін астында қалған адам үшін ең қауіпті сәт — оның тоқтаған кезі. Однако для попавшего в лавину человека особенно опасен момент её остановки.
Қозғалыс кезінде қар сұйықтық сияқты ағады, бірақ тоқтағаннан кейін тез тығыздалып, қатты массаға айналады. Мұндай қардың астынан өздігінен шығу іс жүзінде мүмкін емес. Во время движения снег ведёт себя подобно жидкости, но, остановившись, быстро уплотняется и превращается в твёрдую массу, из которой практически невозможно выбраться самостоятельно.
Сондықтан тауға шыққанда қар көшкіні туралы болжамдарды қадағалап, қауіпті беткейлерден аулақ болып, арнайы құтқару жабдықтарын алып жүру маңызды. Поэтому в горах важно следить за лавинными прогнозами, избегать опасных склонов и иметь специальное спасательное оборудование.
Өйткені қар көшкінінен аман қалудың ең жақсы жолы — оған мүлде тап болмау. Ведь лучший способ пережить лавину — не попасть в неё.



📅 №135

📹 Разбор (youtube)

🚣‍♀️ НЕГЕ ТЕҢІЗ СУЫН ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ МҰХИТТА ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?
ПОЧЕМУ НЕЛЬЗЯ ПИТЬ МОРСКУЮ ВОДУ И КАК ВЫЖИТЬ В ОКЕАНЕ?

📌 Глагол дня: шектеу – ограничивать, ставить предел

Елестетіп көріңізші, Сіз ауызсу қоры жоқ күйде мұхиттың ортасында қалдыңыз. Айналаңызда миллиардтаған литр су бар, бірақ оны ішуге болмайды. Неліктен? Представьте, что Вы оказались посреди океана без запасов питьевой воды. Вокруг миллиарды литров воды, но пить её нельзя. Почему?
Теңіз суы біздің қанымыздан шамамен төрт есе тұзды. Ол ағзаға түскенде, тұздың мөлшері артып, жасушалар ылғалын жоғалтады. Морская вода примерно в четыре раза солонее нашей крови. Попадая в организм, она повышает концентрацию соли, из-за чего клетки теряют влагу.
Бүйрек артық тұзды сыртқа шығаруға тырысып, одан да көп су жұмсайды. Соның салдарынан ағзаның сусыздануы күшейіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Почки пытаются вывести избыток соли, расходуя ещё больше воды. В результате обезвоживание усиливается и может привести к смерти.
Бірақ мұндай жағдайда қалай аман қалуға болады? Но как тогда выжить?
Жаңбыр суы мен шықты жинауға немесе қолдан жасалған күн сәулесімен жұмыс істейтін су тұщытқышты пайдалануға болады. Онда теңіз суы буланып, кейін бу су тамшыларына айналады да, тұщы су бөлек ыдысқа жиналады. Можно собирать дождевую воду и росу или использовать самодельный солнечный опреснитель, в котором морская вода испаряется, а затем пресная собирается в отдельной ёмкости через конденсат.
Тығырыққа тірелген жағдайда тіпті теңіз жануарлары да ылғал көзі бола алады. В крайнем случае источником влаги могут стать даже морские животные.
Мысалы, тірі қалу жөніндегі нұсқаулықтарда ірі балықтардың көзіндегі және омыртқасының бойындағы сұйықтық туралы айтылады. Например, в руководствах по выживанию упоминается жидкость из глаз и вдоль позвоночника крупных рыб.
Алайда жануарлардың қанын немесе өз зәріңізді ішу қауіпті, өйткені олардың құрамында тұздар мен зат алмасу қалдықтары тым көп. Бұл ағзаның сусыздануын одан әрі күшейтуі мүмкін. Однако пить кровь животных или собственную мочу опасно, т. к. они перенасыщены солями и отходами обмена веществ, а это может усугубить обезвоживание.
Сондай-ақ тамақ ішуді, әсіресе ақуызға бай тағамдарды тұтынуды шектеген жөн, себебі оларды қорыту және зат алмасу қалдықтарын шығару үшін ағзаға қосымша су қажет. Также стоит ограничить употребление пищи, особенно богатой белком, поскольку её переработка требует дополнительного расхода воды.
Ең бастысы, үрейге бой алдырмаңыз, өйткені күйзеліс терлеуді күшейтуі мүмкін. Ну и не паникуйте, т. к. стресс может увеличить потоотделение.



📅 №136

📹 Разбор (youtube)

🔬 БЕТІМІЗДЕГІ ТИТТЕЙ ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІ
КРОШЕЧНЫЕ ОБИТАТЕЛИ НАШЕГО ЛИЦА

📌 Глагол дня: тіршілік ету – жить, существовать

1841 жылы ғалымдар таңғаларлық жаңалық ашты: адамның терісінде микроскоппен ғана көрінетін демодекс кенелері тіршілік етеді. В 1841 году учёные сделали удивительное открытие: прямо на коже человека живут микроскопические клещи — демодексы.
Олар өрмекшілердің алыс туыстары, бірақ соншалықты кішкентай, тіпті бір кірпікке тұтас бір отбасы сыйып кетеді! Это дальние родственники пауков, но настолько крошечные, что на одной ресничке легко поместится целое семейство!
Демодекс кенелері түк түбірлері мен май бездерінде жасырынады. Демодексы прячутся в волосяных луковицах и сальных железах.
Олар әсіресе бетте — мұрынның айналасында, маңдай мен ұртта көп кездеседі. Сол жерде қоректеніп, өздерін өте жайлы сезінеді. Больше всего их на лице — возле носа, на лбу и щеках. Там они питаются и чувствуют себя очень уютно.
Ең қызығы түнде басталады. Бұл кішкентай тіршілік иелері жарықты ұнатпайды, сондықтан біз ұйықтап жатқанда олар тері бетіне шығып, сағатына шамамен бір сантиметр жылдамдықпен нағыз «серуенге» шығады! Самое интересное начинается ночью. Эти малыши не любят свет, поэтому, пока мы спим, они выбираются на поверхность кожи и устраивают настоящие «прогулки» со скоростью около сантиметра в час!
Мұнда олар бір-бірімен байланысады, содан кейін өз мекендеріне қайта оралып, жұмыртқа салады. Олар небәрі екі аптадай өмір сүреді. Здесь они общаются, а затем возвращаются в свои домики и откладывают яйца. Живут они всего пару недель.
Қорқынышты естіле ме? Қорықпаңыз! Звучит жутковато? Не бойтесь!
Демодекс кенелері ересек адамдардың көпшілігінде кездеседі және әдетте зиян келтірмейді. Алайда олар шамадан тыс көбейіп кетсе, тері мен көзге қатысты мәселелер туғызуы мүмкін. Демодексы встречаются у большинства взрослых людей и обычно не причиняют вреда. Однако при чрезмерном размножении они могут вызывать проблемы с кожей и глазами.
Сондықтан сіз тыныш ұйықтап жатқанда, бетіңізде микроскоппен ғана көруге болатын құпия тіршілік қайнап жатады! Так что, пока вы спокойно спите, на вашем лице кипит тайная жизнь, которую можно увидеть через микроскоп!



📅 №137

📹 Разбор (youtube)

💊 ДЕМІКПЕГЕ АРНАЛҒАН ИНГАЛЯТОР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
КАК РАБОТАЕТ ИНГАЛЯТОР ОТ АСТМЫ?

📌 Глагол дня: жеңілдеу – облегчиться, стать легче

Көшеде немесе кинода демікпе ұстамасы кезінде адамның кенеттен кішкентай қалта ингаляторын шығарып, дем алғанын, содан кейін көп ұзамай тыныс алуы жеңілдегенін көп адам көрген шығар. Многие видели на улице или в кино, как человек во время приступа астмы внезапно достаёт маленький карманный ингалятор, делает вдох — и вскоре ему становится легче дышать.
Бірақ бұл құрылғы қалай жұмыс істейді? Қане, түсініп көрейік! Но как работает это устройство? Давайте разберёмся!
Бронхтарды ауа өкпеге өтетін иілгіш түтікшелер деп елестетіңіз. Представьте, что бронхи — это гибкие трубочки, по которым воздух движется к лёгким.
Демікпе ұстамасы кезінде олардың айналасындағы бұлшықеттер тығыз сақинадай жиырылып, қабырғалары қабынады, ал ішінде шырыш жиналуы мүмкін. При приступе астмы мышцы вокруг них сжимаются, словно тугой обруч, стенки воспаляются, а внутри может скапливаться слизь.
Ауа өтетін жол тарылады, сондықтан тыныс алу қиындайды. Проход становится узким, поэтому дышать становится трудно.
Ингалятордың басты құпиясы — дәріні деммен бірге тартуға болатын өте ұсақ бөлшектерге айналдыру. Главный секрет ингалятора — превращение лекарства в мельчайшие частицы, которые можно вдохнуть.
Аэрозольді ингаляторлар дәріні қысыммен шашады, ұнтақты ингаляторлар дем алу күшін пайдаланады, ал небулайзерлер сұйық дәріні ұсақ тұманға айналдырады. Аэрозольные модели выбрасывают средство под давлением, порошковые используют силу вдоха, а небулайзеры превращают жидкое лекарство в мелкий туман.
Дәрі тікелей тыныс жолдарына түседі. Лекарство попадает прямо в дыхательные пути.
Кейбір дәрілер бронхтардың айналасындағы бұлшықеттерді тез босаңсытып, бронхтарды кеңейтеді. Ал басқалары қабынуды азайтып, жаңа ұстамалардың алдын алуға көмектеседі. Одни препараты быстро расслабляют мышцы вокруг бронхов и расширяют их, а другие уменьшают воспаление и помогают предотвращать новые приступы.
Соның арқасында адамның жағдайы жеңілдеп, қайтадан еркін тыныс ала бастайды. Благодаря этому человеку становится легче, а дыхание снова становится свободным.



📅 №138

📹 Разбор (youtube)

🦎 АКСОЛОТЛЬДІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАБІЛЕТІ
УДИВИТЕЛЬНАЯ СПОСОБНОСТЬ АКСОЛОТЛЕЙ

📌 Глагол дня: түзу – создавать, образовывать, составлять

Егер саламандраларға жататын аксолотль бір аяғынан айырылса, шамамен алты апта ішінде оның орнына жаңа аяқ өсіре алады. Если аксолотль, относящийся к саламандрам, потеряет лапу, примерно за шесть недель он способен отрастить новую.
Бұл жануар терісін ғана емес, сүйектерін, бұлшықеттерін, жүйкелері мен қан тамырларын да қайта қалпына келтіреді. Причём животное восстанавливает не просто кожу, а кости, мышцы, нервы и кровеносные сосуды.
Жарақаттан кейін тері жараның бетін тез жабады. После травмы кожа быстро закрывает рану.
Содан кейін жара маңындағы кейбір жетілген жасушалар бұрынғы күйіне оралғандай болады: олар өзіне тән қызметін жоғалтып, жаңа ұлпалар түзе алатын ізашар жасушаларға қайта айналады. Затем некоторые зрелые клетки рядом с ней словно возвращаются в прошлое: они теряют свою специализацию и снова становятся клетками-предшественниками, способными создавать новые ткани.
Олар дің жасушаларымен бірге бластема — жасушалар шоғырын түзеді. Осы шоғырдан біртіндеп жаңа аяқ өсіп шығады. Вместе со стволовыми клетками они образуют бластему — скопление клеток, из которого постепенно вырастает новая конечность.
Ең таңғаларлығы — жасушалар нені қалпына келтіру керектігін және өсуді қашан тоқтату қажет екенін қандай да бір жолмен «біледі». Самое удивительное, что клетки каким-то образом «знают», что именно нужно восстановить и когда остановить рост.
Ғалымдардың болжамынша, жасушалардың денедегі өз орнын есте сақтайтын ерекше жады бар. Учёные предполагают, что у них есть своеобразная позиционная память.
Адамның мұндай мүмкіндігі әлдеқайда шектеулі болғанымен, кейбір жағдайларда біз де саусақ ұштарын қалпына келтіре аламыз. У человека таких возможностей гораздо меньше, хотя в некоторых случаях мы тоже способны восстанавливать кончики пальцев.
Сондықтан ғалымдар аксолотльдерді зерттеп жүр: олардың ағзасының қалпына келу үдерісін түсіну болашақта адамның зақымданған ұлпаларын тиімдірек қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін. Поэтому учёные изучают аксолотля: возможно, понимание его регенерации однажды поможет научиться лучше восстанавливать повреждённые ткани человека.



📅 №139

📹 Разбор (youtube)

🐝 АРАЛАР БАЛДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?
КАК ПЧЁЛЫ ДЕЛАЮТ МЁД?

📌 Глагол дня: байыту – обогащать

Бал дегеніміз гүлдерден жиналған жай ғана шырын сияқты көрінуі мүмкін. Кажется, что мёд — это просто собранный с цветов сок.
Шын мәнінде, бал жасау — мыңдаған кішкентай еңбекқор араның үйлесімді жұмысын қажет ететін күрделі үдеріс. На самом деле его создание — сложный процесс, требующий слаженной работы тысяч маленьких тружениц.
1. ШІРНЕ ЖИНАУ. Жұмысшы ара тұмсығымен жүздеген гүлден шірне жинап, оны арнайы «бал қарыншасына» сақтайды да, ұясына жеткізеді. СБОР НЕКТАРА. Рабочая пчела хоботком собирает нектар с сотен цветков в специальный «медовый желудочек», где переносит его в улей.
Ұясына қайтып келе жатқанда-ақ ферменттер шірнедегі күрделі қанттарды қарапайым қанттарға ыдырата бастайды. Уже по дороге домой ферменты начинают расщеплять сложные сахара нектара на простые.
2. ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ. Ұяда жинаушы ара шірнені қабылдаушы араларға береді. ПЕРЕРАБОТКА И СУШКА. В улье сборщица передаёт каплю пчёлам-приёмщицам.
Оны бір-біріне тұмсықтан тұмсыққа бере отырып, аралар шірнені ферменттермен байытады. Передавая её из хоботка в хоботок, пчёлы обогащают нектар ферментами.
Содан кейін шірнені бал ұясының ұяшықтарына құйып, қанаттарымен желпиді. Затем его раскладывают по ячейкам сот и обдувают крыльями.
Артық су буланып, бал қоюланған кезде аралар ұяшықтарды балауызбен бекітеді. Когда лишняя вода испаряется и мёд густеет, ячейки запечатывают воском.
3. АРА НАНЫ. Аралар гүл тозаңын артқы аяқтарындағы арнайы «себеттеріне» жинайды. ПЧЕЛИНЫЙ ХЛЕБ. Пыльцу пчёлы собирают в «корзиночки» на задних лапках.
Ұяда одан ақуызға бай перга — «ара наны» жасалады. В улье из неё делают пергу — «пчелиный хлеб», богатый белком.
Бал аралар үшін негізгі қуат көзі болса, перга оларды ақуыздармен және басқа да маңызды қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе жас аралардың өсіп-жетілуі үшін маңызды. Мёд служит основным источником энергии для пчёл, а перга обеспечивает их белками и другими важными питательными веществами. Это особенно важно для роста и развития молодых пчёл.
Осылайша аралар екі негізгі өнім жасайды: бал — қуат пен қозғалыс үшін, ал перга — жаңа ұрпақтың өсіп, күш жинауы үшін! Так пчёлы создают два главных продукта: мёд — для энергии и движения, а пергу — для роста и силы нового поколения!



📅 №140

📹 Разбор (youtube)

💉 АНЕСТЕЗИЯ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
КАК РАБОТАЕТ АНЕСТЕЗИЯ?

📌 Глагол дня: әсер ету – воздействовать, влиять

Елестетіп көріңізші, сізге ота жасалғалы жатыр. Дәрігер ине салады — ауырсыну сезімі жоғалады! Представьте, что вам предстоит операция. Врач делает укол — и боль исчезает!
Немесе бетіңізге маска кигізеді, сіз арнайы газбен дем алып, ұйықтап қаласыз. Ал оянғанда, бәрінің аяқталғанын білесіз. Или надевает на вас маску, вы вдыхаете специальный газ и засыпаете. А проснувшись, узнаёте, что всё уже позади.
Бұл қалай жұмыс істейді? Как это работает?
Біздің жүйкелеріміз — ауырсыну туралы сигналдар миға жеткізілетін «сымдар» сияқты. Наши нервы — это «провода», по которым сигналы о боли передаются в мозг.
Анестезияның кейбір түрлері осы сигналдарды бөгейді, ал басқалары миға әсер етіп, адамның санасын уақытша өшіреді. Одни виды анестезии блокируют эти сигналы, а другие воздействуют на мозг, временно отключая сознание.
Анестезияның негізгі үш түрі бар: Существует три основных вида анестезии:
1. ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕЗИЯ МЕСТНАЯ
Мысалы, тіс дәрігерінде қолданылады. Используется, например, у стоматолога.
Препарат дененің шағын бөлігін ғана жансыздандырады, ал сіз есіңізді жоғалтпайсыз. Препарат «замораживает» лишь небольшой участок тела, а вы остаётесь в сознании.
2. АЙМАҚТЫҚ АНЕСТЕЗИЯ РЕГИОНАРНАЯ
Дененің тұтас бір аймағын, мысалы, қолды немесе аяқты жансыздандырады. Обезболивает целую область — например, руку или ногу.
Дәрі белгілі бір жүйкелер арқылы сигналдардың берілуін бөгейді. Лекарство блокирует передачу сигналов по определённым нервам.
3. ЖАЛПЫ АНЕСТЕЗИЯ (НАРКОЗ) ОБЩАЯ
Күрделі оталар кезінде қолданылады. Применяется при сложных операциях.
Дәрілер миға әсер етіп, адамның санасын уақытша өшіреді. Препараты воздействуют на мозг, временно отключая сознание.
Адам ауырсынуды сезбейді және әдетте ота кезінде не болғанын есіне түсіре алмайды. Человек не ощущает боли и обычно ничего не помнит об операции.
Анестезияның арқасында дәрігерлер науқасқа ауырсынуды сездірмей, күрделі оталар жасай алады! Благодаря анестезии врачи могут проводить сложные операции без боли для пациента!





 <<  Марафон, стр.6 Наверх ↑  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группа