Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Практика → Онлайн-Марафон 2, стр.8
      Разбор грамматики
Новые слова
 1 
 2 
 3 
Фразы
Анекдоты
Новости
 1 
Диалоги
 1 
 2 
 Kaizen метод
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 Онлайн-Марафон
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 Онлайн-Марафон 2
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 

Онлайн-Марафон 2: Казахский язык за год

Страница 8  (№ 141–160)

Автор: Андрей Якубин   Телеграм-канал «Казахский язык за год»

📅 №141

📹 Разбор (youtube)

🐟 ҚЫСТА БАЛЫҚ НЕГЕ ҚАТЫП ҚАЛМАЙДЫ?
ПОЧЕМУ РЫБЫ НЕ ЗАМЕРЗАЮТ ЗИМОЙ?

📌 Глагол дня: салқындау – охлаждаться, охладевать

Сібірдегі бір көлді елестетіп көріңізші. Далада сақылдаған аяз, ағаштарды қар басқан, ал көлдің бетін қалың мұз жапқан. Представьте озеро в Сибири. На улице трескучий мороз, деревья укрыты снегом, а поверхность озера скована толстым льдом.
Сонда мұз астындағы балықтар қатып қалмай ма? Жоқ, әрине! Неужели рыбы под ним превращаются в ледышки? Вовсе нет!
Күн суыта бастағанда, көлдің беті біртіндеп мұз болып қатады. Бірақ мұздың астындағы су сұйық күйінде қалады! Когда наступают холода, поверхность озера постепенно покрывается льдом. Но под ледяной коркой вода остаётся жидкой!
Мұзға жақын жердегі судың температурасы нөл градусқа жуық болса, тереңіректе +4 °C-қа дейін жетуі мүмкін. У самого льда её температура близка к нулю, а на глубине может достигать +4 °C.
Неліктен көл түбіне дейін қатып қалмайды? Почему же озеро не промерзает до самого дна?
Өйткені мұз жылуды нашар өткізеді. Ол қорғаныш көрпе сияқты судың салқындауын баяулатады. Дело в том, что лёд плохо проводит тепло. Он действует словно защитное одеяло, замедляя охлаждение воды.
Көлдің үстінде боран соғып жатса да, мұз астындағы тіршілік жалғаса береді! Даже когда над озером бушует метель, под ледяной крышей продолжается жизнь!
Ал балықтар не істейді? А что происходит с рыбами?
Олар — салқынқанды жануарлар, сондықтан судың температурасы төмендеген сайын олардың дене температурасы да төмендейді. Они — холоднокровные животные, поэтому температура их тела остывает вместе с водой.
Күш-қуатын үнемдеу үшін көптеген балықтар «қуат үнемдеу» режиміне көшеді: көл түбіне түсіп, қоректі өте аз жейді. Чтобы беречь силы, многие рыбы «включают» режим энергосбережения: опускаются на дно и почти не едят.
Ал шортан мен алабұға сияқты жыртқыш балықтар суықта да жүзіп, жемтігін аулауды жалғастыра береді! Но хищники — например, щуки и окуни — продолжают плавать и охотиться даже в холода!
Таңғаларлығы, мұз судың жылуын сақтап, су астындағы тіршілік иелерін көктемге дейін суықтан қорғайды! Невероятно, но лёд сохраняет тепло воды и защищает подводных жителей, оберегая их до самой весны!



📅 №142

📹 Разбор (youtube)

😬 БІЗ НЕГЕ ҰМЫТАМЫЗ?
ПОЧЕМУ МЫ ЗАБЫВАЕМ?

📌 Глагол дня: іріктеу – отбирать, фильтровать

Бөлмеге кіріп, не үшін келгеніңізді мүлде ұмытып қалатын немесе көліктің кілтін қайда қойғаныңызды есіңізге түсіре алмайтын жағдай әркімге таныс. Каждому знакома ситуация, когда вы заходите в комнату и совершенно забываете, зачем туда направлялись, или не можете вспомнить, куда положили ключи от машины.
Бірақ миымыздың кейде ақпаратты неліктен «өшіріп» тастайтыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Но задумывались ли вы, почему наш мозг иногда «стирает» информацию?
Миымыз үнемі орасан зор көлемдегі ақпаратты өңдейді. Наш мозг постоянно обрабатывает колоссальные объемы данных.
Алдымен барлық әсерлер қысқа мерзімді жадқа түсіп, онда небәрі 15–30 секунд сақталады. Сначала все впечатления попадают в кратковременную память, где удерживаются буквально 15–30 секунд.
Ақпарат ұмытылып кетпеуі үшін оны қайта-қайта еске түсіріп, іс жүзінде қолданып, дауыстап айтып немесе бұрыннан білетін нәрселермен байланыстырып отыру қажет. Чтобы информация не испарилась, с ней нужно продолжать взаимодействие: осознанно повторять, применять на практике, проговаривать или связывать с уже знакомыми знаниями.
Егер ақпаратты қайталап қолданбасақ, миымыз оны қажетсіз деп қабылдап, жай ғана «өшіріп» тастайды. Без такого контакта мозг решает, что данные одноразовые, и просто удаляет их.
Ұзақ мерзімді жадта тек біз жиі қолданатын немесе бізді қатты қызықтыратын ақпарат қана сақталады. В постоянную память отправляется только то, чем мы активно пользуемся или что вызывает у нас сильный интерес.
Ұмытшақтық — ми жұмысының бұзылуы емес, керісінше, оның табиғи ерекшелігі. Бұл күрделі жүйе бізге қажетсіз ақпаратты іріктеп, миға түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі. Забывчивость — это не сбой, а естественная часть работы сложной системы нашего разума, которая помогает нам фильтровать опыт и справляться с нагрузкой.



📅 №143

📹 Разбор (youtube)

☀️ КҮН ПАНЕЛЬДЕРІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
КАК РАБОТАЮТ СОЛНЕЧНЫЕ ПАНЕЛИ?

📌 Глагол дня: тұтыну – потреблять, расходовать, тратить

Күн сәулесін электр энергиясына айналдыруға болатынын білесіз бе? Күн панельдері дәл осы жұмысты атқарады. А вы знали, что солнечный свет можно превращать в электричество? Именно это и делают солнечные панели.
Оның үстіне, Күн Жерге бүкіл адамзат тұтынатын энергиядан шамамен 10 мың есе көп энергия жібереді! Причём Солнце посылает на Землю примерно в 10 тысяч раз больше энергии, чем потребляет всё человечество!
Бірақ күн сәулесін электр тогына қалай айналдыруға болады? Ол үшін кремнийден жасалған арнайы тақташалардан тұратын күн панельдері қолданылады. Кремний — кәдімгі құмның құрамындағы қосылыстардан алынатын материал. Но как превратить солнечный свет в электрический ток? Для этого используют солнечные панели, состоящие из специальных пластин кремния — материала, который получают из соединений, содержащихся в обычном песке.
Күн сәулесі фотондар деп аталатын өте ұсақ бөлшектерден тұрады. Олар кремнийге түскенде, өз энергиясын электрондарға беріп, олардың қозғалуына себеп болады. Солнечный свет состоит из крошечных частиц — фотонов. Попадая на кремний, они передают свою энергию электронам и заставляют их двигаться.
Осылайша үйлерді жарықтандыруға және электр құрылғыларын іске қосуға болатын электр тогы пайда болады. Так возникает электрический ток, который можно использовать для освещения домов и работы приборов.
Бір қызығы, күн панельдері бұлтты ауа райында да электр энергиясын өндіре алады, бірақ мұндай кезде оның мөлшері әлдеқайда аз болады. Ал түнде олар жұмыс істемейді. Интересно, что солнечные панели способны вырабатывать электричество даже в облачную погоду, хотя и значительно меньше. А вот ночью они не работают.
Сондықтан бүгінде ғалымдар электр энергиясын көбірек өндіру және оны күн батқаннан кейін пайдалану үшін тиімдірек сақтау мақсатында күн панельдерін жетілдіруді жалғастыруда. Поэтому сегодня учёные продолжают совершенствовать солнечные панели, чтобы получать больше электричества и эффективнее сохранять его для использования после захода Солнца.
Кім біледі, бәлкім, болашақта күн энергиясы ғаламшарымыздағы электр энергиясының негізгі көздерінің біріне айналар. Кто знает, возможно, в будущем солнечная энергия станет одним из главных источников электричества на нашей планете.



📅 №144

📹 Разбор (youtube)

🦂 САРЫШАЯН ШАҚҚАННАН КЕЙІН НЕ БОЛАДЫ?
ЧТО ПРОИСХОДИТ ПОСЛЕ УКУСА СКОРПИОНА?

📌 Глагол дня: ерекшелену – отличаться, выделяться

Сарышаяндар — дене құрылысы мен мінез-құлқы ерекше өрмекшітәрізділер. Олардың шамамен 2 000 түрі бар. Скорпионы — паукообразные с уникальной анатомией и поведением, насчитывающие около 2 000 видов.
Өлшемдері бір-бірінен жиырма еседен астам ерекшеленеді: шай қасыққа сыйып кететін кішкентай Microtityus mellisi түрінен бастап, ұзындығы 21 сантиметрге жететін императорлық сарышаянға дейін кездеседі. Их размеры различаются более чем в двадцать раз: от крошечного Microtityus mellisi, который помещается на чайной ложке, до императорского скорпиона длиной 21 сантиметр.
Сарышаянның қорғану және аң аулау кезіндегі негізгі қаруы — құйрығының ұшындағы улы аппараты. Главный инструмент защиты и охоты скорпиона — его хвостовой аппарат.
Иілгіш қапшықта (тельсонда) у түзіледі, ал өткір ине (акулеус) табиғи микрошприц сияқты жұмыс істеп, нейротоксиндерді нысананың денесіне енгізеді. В гибком резервуаре (тельсоне) синтезируется яд, а острая игла (акулеус) работает как естественный микрошприц, вводя нейротоксины в тело цели.
Егер сарышаян адамды шақса, у оның ағзасына түсіп, жүйке импульстарының берілуін бұзады. Соның салдарынан қатты ауырсыну, ісіну және бұлшықеттердің құрысуы пайда болады. Если скорпион ужалит человека, яд попадает в его организм и нарушает передачу нервных импульсов, вызывая острую боль, отёк и мышечные спазмы.
Ауыр жағдайларда тыныс алу мен жүрек жұмысы бұзылуы мүмкін. В тяжёлых случаях могут возникнуть нарушения дыхания и работы сердца.
Ағза уды залалсыздандыра бастайды. Организм начинает обезвреживать яд.
Иммундық жүйе қорғаныс реакциясын іске қосады, ал бауыр мен бүйрек зиянды заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі. Иммунная система запускает защитную реакцию, а печень и почки помогают выводить вредные вещества.
Сондықтан уақыт өте келе белгілер әдетте бәсеңдейді. Поэтому со временем симптомы обычно ослабевают.
Сарышаян шаққан жағдайлардың көпшілігі өлімге әкелмейді. Большинство укусов скорпионов не смертельны.
Алайда кейбір түрлерінің, мысалы, үнді қызыл сарышаянының уы өте қауіпті. Однако яд некоторых видов, например индийского красного скорпиона, чрезвычайно опасен.
Сарышаян шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет! При укусе необходимо срочно обратиться за медицинской помощью!



📅 №145

📹 Разбор (youtube)

💪 БҰЛШЫҚЕТТЕРІМІЗ НЕЛІКТЕН ӨСЕДІ?
ПОЧЕМУ НАШИ МЫШЦЫ МОГУТ РАСТИ?

📌 Глагол дня: үлкею – увеличиваться, расширяться, расти

Адам денесінде 600-ден астам бұлшықет бар. Олар бізге қозғалуға, тепе-теңдікті сақтауға, тіпті тыныс алуға да көмектеседі. В человеческом теле более 600 мышц. Они помогают нам двигаться, сохранять равновесие и даже дышать.
Бірақ жаттығудан кейін бұлшықеттер неліктен үлкейіп, күшейе түседі? Но почему после тренировок мышцы становятся больше и сильнее?
Барлығы мидың бұйрығынан басталады: ми жүйкелерге белгі жіберіп, бұлшықеттерді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Всё начинается с команды: мозг отправляет сигнал нервам, заставляя мышцы работать.
Біз ауыр заттарды көтергенде немесе күрделі жаттығулар жасағанда, бұлшықет талшықтарына қатты күш түсіп, оларда микроскопиялық зақымдар пайда болады. Когда мы поднимаем тяжести или выполняем сложные упражнения, мышечные волокна испытывают сильное напряжение и получают микроскопические повреждения.
Бұған жауап ретінде ағза зақымданған талшықтарды қалпына келтіру үшін иммундық жасушаларды жібереді. Соның нәтижесінде бұлшықеттер біртіндеп жуандап, нығая түседі. В ответ организм посылает иммунные клетки, чтобы восстановить их, постепенно делая мышцы толще и прочнее.
Бұл үдеріс гипертрофия деп аталады. Этот процесс называется гипертрофией.
Алайда бұлшықеттер жаттығу кезінде емес, негізінде одан кейін өседі! Однако мышцы растут не во время тренировки, а главным образом после неё!
Бұлшықеттердің қалпына келуі үшін ағзаға ақуыз қажет. Ақуыздан аминқышқылдары түзіледі. Олар бұлшықеттерді қалпына келтіруге және өсіруге көмектеседі. Для восстановления организму необходим белок, из которого он получает аминокислоты — строительный материал для мышц.
Ағзаның қалпына келуі үшін ұйқының қанық болуы да өте маңызды. Не менее важен для восстановления и полноценный сон.
Бұлшықеттердің өсу жылдамдығы жасқа, гормондарға және тұқымқуалаушылыққа байланысты. Скорость роста мышц зависит от возраста, гормонов и наследственности.
Ал егер бұлшықеттерге ұзақ уақыт бойы күш түспесе, олар біртіндеп кішірейеді. Бұл атрофия деп аталады. Если же мышцы долго не нагружать, они постепенно уменьшаются. Это называется атрофией.



📅 №146

📹 Разбор (youtube)

🤤 МИЫМЫЗ ТОЙҒАНЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ БІЛЕДІ?
КАК НАШ МОЗГ УЗНАЁТ, ЧТО МЫ СЫТЫ?

📌 Глагол дня: елемеу – игнорировать, не замечать; елеу — обращать внимание, замечать

Қарныңыз ашқанда ішіңіздің шұрылдағанын сезген кезіңіз болды ма? Бұл жағымсыз белгіні елемеу қиын! Случалось ли вам чувствовать, как урчит в животе от голода? Этот неприятный сигнал трудно игнорировать!
Бірақ аздап тамақтансаңыз болды, тою үдерісі басталады. Ағза тамақтануды тоқтататын кез келгенін қалай біледі? Но стоит перекусить, как запускается процесс насыщения. Как организм понимает, что пора остановиться?
1️⃣️ Асқазан шар сияқты. Біз тамақ жеген кезде асқазанымыз толып, оның бұлшықетті қабырғалары ауа толтырылған шар сияқты созылады. Желудок как шарик. Когда мы едим, желудок наполняется, и его мышечные стенки растягиваются, словно воздушный шарик.
Жүйке ұштары миға: «Асқазан толып жатыр!» деген белгі жібереді. Нервные окончания передают мозгу сигнал: «Желудок наполняется!»
2️⃣️ Ішектен келетін белгілер. Су да асқазанды толтырады, бірақ тез өтіп кетеді және аштықты аз уақытқа ғана басады. Сондықтан тағамның құрамы да маңызды. Сигналы кишечника. Вода тоже наполняет желудок, но быстро уходит и ненадолго утоляет голод. Поэтому важен также состав пищи.
Қоректік заттар түскен кезде ішек холецистокинин сияқты гормондарды бөліп шығарады. Бұл гормон миға тойғанымызды сезінуге көмектеседі. В ответ на полученные питательные вещества кишечник выделяет гормоны — например, холецистокинин. Этот гормон помогает мозгу почувствовать насыщение.
3️⃣️ «Тоқта!» деген белгі. Ми басқа да белгілерді қабылдайды. Команда «Стоп!». Мозг получает и другие сигналы.
Ұйқы безі инсулин гормонын бөліп шығарады. Ол ағзаға қоректік заттарды сіңіруге көмектеседі. Поджелудочная железа выделяет инсулин. Он помогает организму усваивать питательные вещества.
Ал лептин гормоны миға ағзадағы энергия қоры туралы ақпарат беріп, тәбетті реттеуге көмектеседі. А гормон лептин сообщает мозгу о запасах энергии и помогает регулировать аппетит.
Қайтадан қашан қарнымыз ашады? Ақуыз бен жасұныққа бай тағамдар, сондай-ақ құрамында суы көп тағамдар тоқтық сезімін ұзағырақ сақтауға көмектеседі. Мысалы, суға пісірілген картоп әдетте круассанға қарағанда жақсырақ тойдырады. Когда голод возвращается? Продукты, богатые белком и клетчаткой, а также продукты с высоким содержанием воды помогают дольше сохранять чувство сытости. Например, варёный картофель обычно насыщает лучше круассана.
Бірақ бірнеше сағаттан кейін грелин гормонының деңгейі жоғарылап, миға аштық туралы белгі беріледі. Сөйтіп, қайтадан тамақ жегіміз келеді! Но спустя несколько часов уровень гормона грелина повышается, мозг получает сигнал о голоде. И нам снова хочется есть!



📅 №147

📹 Разбор (youtube)

🍉 ЖЕМІСТІҢ СҮЙЕГІН ЖҰТЫП ҚОЙСАҚ, НЕ БОЛАДЫ?
ЧТО БУДЕТ, ЕСЛИ ПРОГЛОТИТЬ ФРУКТОВУЮ КОСТОЧКУ?

📌 Глагол дня: өну – прорастать, вырастать, прибавляться

Бала кезіңізде қарбыздың дәнін жұтып қойсаңыз, ішіңізде қарбыз өсіп шығады деген қорқынышты әңгімені естіген шығарсыз! Возможно, в детстве вы слышали пугающую сказку о том, что если проглотить арбузную семечку, то в животе вырастет арбуз!
Бірақ шынымен де солай болуы мүмкін бе? Но может ли такое произойти на самом деле?
Тұқымның өнуі үшін ылғал, оттегі және қолайлы температура қажет. Для прорастания семечке нужны определённые условия: влага, кислород и подходящая температура.
Осындай жағдайда дән ісініп, «оянады» да, өскін шығара бастайды. В таких условиях семя набухает, «просыпается» и пускает росток.
Асқазанның іші жылы әрі ылғалды болғанымен, онда оттегі өте аз. В желудке хоть и тепло, и влажно, но кислорода там очень мало.
Оның үстіне, асқазанның қышқылды ортасында тағамды ыдыратуға көмектесетін тұз қышқылы мен ас қорыту ферменттері бар. К тому же его агрессивная среда содержит соляную кислоту и пищеварительные ферменты, которые помогают расщеплять пищу.
Сондықтан ас қорыту жүйесі үшін қабығы жұқа дәнді ыдырату қиын емес. Поэтому для пищеварительной системы справиться с хрупкой семечкой — проще простого.
Ал қабығы қатты сүйек жұтылып кетсе, ол бүкіл ас қорыту жүйесінен еш өзгеріссіз дерлік өтіп, бір–үш күн ішінде табиғи жолмен сыртқа шығуы мүмкін. А если попадётся косточка с прочной оболочкой, она может пройти через всю пищеварительную систему практически без изменений и выйти естественным путём за один–три дня.
Бір қызығы, кейбір дәндер ішек арқылы өткеннен кейін де өну қабілетін сақтап қалады! Интересно, что некоторые семена сохраняют способность прорастать даже после прохождения через кишечник!
Осының арқасында өсімдіктер алыс қашықтықтарға тарала алады. Благодаря этому растения могут распространяться на большие расстояния.
Сондықтан кездейсоқ жұтып қойған дән әдетте ешқандай қауіп төндірмейді. Так что случайно проглоченная семечка обычно не представляет опасности.
Ал ішіңізде ағаш өсіп шықпайтыны анық! И дерево в животе точно не вырастет!



📅 №148

📹 Разбор (youtube)

☔ ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ЧТО ТАКОЕ КИСЛОТНЫЕ ДОЖДИ?

📌 Глагол дня: төндіру – угрожать, направить сверху, подвергать

Кәдімгі жаңбырдың табиғатқа қауіпті болуы мүмкін екенін білесіз бе? Мұндай құбылысты қышқыл жаңбыр деп атайды! Вы знали, что обычный дождь может стать опасным для природы? Такое явление называют кислотным дождём!
Зауыттарда, автокөліктерде және қазандықтарда отын жанған кезде ауаға зиянды газдар — күкірт диоксиді мен азот оксидтері таралады. Когда заводы, автомобили и котельные сжигают топливо, в воздух попадают вредные газы — диоксид серы и оксиды азота.
Атмосферада бұл газдар күкірт және азот қышқылдарына айналып, кейін жаңбырмен немесе қармен бірге жерге түседі. В атмосфере они превращаются в серную и азотную кислоты, которые затем выпадают вместе с дождём или снегом.
Бір қызығы, қышқыл жаңбыр табиғи себептерден де, мысалы, жанартаулардың атқылауынан пайда болуы мүмкін! Интересно, что кислотные дожди могут возникать и по естественным причинам, например из-за извержений вулканов!
Жел ластанған ауаны жүздеген шақырымға тасымалдай алады. Сондықтан қышқыл жаңбыр кейде ауаны ластаған жерден өте алысқа жауады. Ветер способен переносить загрязнённый воздух на сотни километров. Поэтому кислотный дождь иногда выпадает очень далеко от источника загрязнения.
Мұндай жауын-шашын көлдер мен өзендердің қышқылдығын арттырады. Соның салдарынан балықтар қырылып қалуы мүмкін. Такие осадки повышают кислотность озёр и рек, из-за чего могут погибнуть рыбы.
Сондай-ақ қышқыл жаңбыр ағаштарға зиян келтіріп, топырақтағы пайдалы заттарды шайып кетеді. Они также повреждают деревья и вымывают из почвы полезные вещества.
Тіпті ғимараттар да зардап шегеді! Қышқыл жаңбыр мәрмәр мен әктасты біртіндеп бүлдіріп, Үндістандағы әйгілі Тәж-Махал сияқты сәулет ескерткіштеріне қауіп төндіреді. Страдают даже здания! Кислотные дожди постепенно разрушают мрамор и известняк, угрожая таким памятникам, как знаменитый Тадж-Махал в Индии.
Қышқыл жаңбырды азайту үшін ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін қысқартып, экологиялық таза энергия көздерін пайдалану қажет. Чтобы уменьшить кислотные дожди, необходимо сокращать выбросы вредных газов и использовать более чистые источники энергии.



📅 №149

📹 Разбор (youtube)

🏃 ЖҮГІРГЕН КЕЗДЕ НЕГЕ БҮЙІРІМІЗ ШАНШИДЫ?
ПОЧЕМУ У НАС БОЛИТ БОК ВО ВРЕМЯ БЕГА?

📌 Глагол дня: шаншу – колоть, втыкать, уязвить

Жүгірген кезде кейде бүйіріңіз қатты шаншитынын байқадыңыз ба? Вы замечали, что во время бега иногда начинает сильно колоть в боку?
Ауырсынудың қатты болатыны сонша, тіпті тоқтауға тура келеді. Боль бывает настолько резкой, что приходится останавливаться.
Бірақ сол сәтте ағзамызда не болып жатады? Но что происходит внутри нашего тела?
Әр қадам басқан сайын денеміз сәл жоғары көтеріліп, ішкі ағзаларымыз қозғалады. При каждом шаге тело слегка подпрыгивает, а внутренние органы смещаются.
Негізгі ғылыми болжамдардың бірі бойынша, бұл іш қуысындағы жұқа қабықшалардың арасындағы үйкелісті күшейтеді. По одной из главных научных гипотез, это усиливает трение между тонкими оболочками внутри живота.
Соның салдарынан ішкі ағзалар мен құрсақ қуысының қабырғаларын қаптап тұратын сезімтал қабық — ішперде тітіркенуі мүмкін. Осылайша ішперде тітіркенеді деп болжанады. Предполагается, что так раздражается брюшина — чувствительная оболочка, покрывающая внутренние органы и стенки брюшной полости.
Әсіресе тойып тамақтанғаннан немесе тәтті сусындарды көп ішкеннен кейін бүйіріміз жиі шаншиды. Особенно часто бок начинает колоть после плотного обеда или большого количества сладких напитков.
Бір қызығы, мұндай ауырсыну тек жүгірушілерде ғана емес, жүзушілер мен атқа мінетін адамдарда да кездеседі! Интересно, что такая боль возникает не только у бегунов, но и у пловцов и всадников!
Бәлкім, оны дененің қайта-қайта қозғалуынан іш қуысындағы тіндердің тітіркенуі тудыратын шығар. Возможно, её вызывают повторяющиеся движения туловища, раздражающие ткани внутри живота.
Бұл ауырсынудың нақты себебі әлі де зерттеліп жатқанымен, ішперденің тітіркенуі ең сенімді түсіндірмелердің бірі болып саналады. Хотя точный механизм ещё изучается, раздражение брюшины считается одним из наиболее убедительных объяснений.
Ал жүгіріп келе жатқанда бүйіріңіз шаншып кетсе, не істеу керек? Что делать, если закололо в боку?
Жүгіру қарқынын баяулатыңыз немесе тоқтаңыз. Әдетте ауырсыну тез басылады. Замедлите бег или остановитесь. Обычно боль быстро проходит.
Ал оның алдын алу үшін жаттығу алдында тойып тамақтанбаған жөн. Чтобы снизить риск её появления, не ешьте плотно перед тренировкой.



📅 №150

📹 Разбор (youtube)

🎃 ХЭЛЛОУИН ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ?
ЧТО ТАКОЕ ХЭЛЛОУИН И КАК ЕГО ОТМЕЧАЮТ?

📌 Глагол дня: ойылу – вырезаться, высекаться; ою — вырезать, высекать

Хэллоуин жыл сайын 31 қазанда, Барлық әулиелер күні қарсаңында атап өтіледі. Хэллоуин отмечают 31 октября, накануне Дня всех святых.
Оның тарихы егін жинау маусымының аяқталып, қыстың басталуын білдіретін ежелгі кельттердің Самайн мерекесімен байланысты. Кельттер бұл түні қайтыс болған адамдардың рухтары тірілер әлеміне қайтып келеді деп сенген. Его история связана с древним кельтским праздником Самайн, знаменовавшим окончание сбора урожая и начало зимы. Кельты верили, что в эту ночь духи умерших возвращаются в мир живых.
Христиан діні таралған сайын Самайн атауынан гөрі Хэллоуин атауы жиі қолданыла бастады. С распространением христианства название Хэллоуин стало использоваться чаще, чем Самайн.
Хэллоуиннің басты белгісі — бет пішіні ойылып жасалған, ішінде шамы бар асқабақ. Оны Джек шамы деп атайды. Главный символ Хэллоуина — тыква с вырезанным лицом и свечой внутри. Её называют фонарём Джека.
Бұрын Ирландияда мұндай шамдарды шалқаннан жасаған, ал бұл дәстүр АҚШ-та таралған кезде асқабақ қолданыла бастаған. В Ирландии такие фонари делали из репы, а тыква появилась с распространением традиции в США.
Ирланд аңызы бойынша, айлакер ұста Джек шайтанды алдап, одан өзін тозаққа алып кетпеуге уәде алған. Жұмаққа да, тозаққа да кіре алмаған Джек содан бері жолын шаммен жарықтандырып, мәңгілік кезіп жүреді. Согласно ирландскому преданию, хитрый кузнец Джек обманул дьявола, и тот пообещал не забирать его в ад. Не попав ни в рай, ни в ад, Джек вечно скитается с фонарём, освещающим дорогу.
Қазіргі кезде Хэллоуин әсіресе АҚШ-та кеңінен тойланады. Адамдар үйлерін өрмек торларымен, қаңқалармен және елестердің бейнелерімен безендіреді. Сегодня Хэллоуин особенно популярен в США. Дома украшают паутиной, скелетами и привидениями.
Балалар мыстан кемпірлердің, вампирлердің және басқа да кейіпкерлердің киімдерін киіп, көршілердің үйлерін аралайды. Олар есік қағып, «Тәтті бер, әйтпесе тентектік жасаймыз!» деп айқайлайды. Ал үй иелері оларға кәмпит таратады. Дети наряжаются ведьмами, вампирами и другими персонажами, ходят по соседям и кричат: «Сладость или гадость!». Хозяева угощают их конфетами.
Сонымен қатар адамдар костюм киіп, кештер ұйымдастырады, қорқынышты фильмдер көреді және түрлі қызықты ойындар ойнайды. Также устраивают костюмированные вечеринки, смотрят фильмы ужасов и играют в необычные игры.
Осылайша, ежелгі мереке аздап қорқынышты атмосферасы бар көңілді карнавалға айналды! Так древний праздник превратился в весёлый карнавал с немного страшной атмосферой!



📅 №151

📹 Разбор (youtube)

🩼 СЫНҒАН СҮЙЕК ҚАЛАЙ БІТІП КЕТЕДІ?
КАК СРАСТАЕТСЯ СЛОМАННАЯ КОСТЬ?

📌 Глагол дня: қатаю – твердеть, затвердевать, становится крепким

Сүйек сынған кезде ағзамызда не болатынын білесіз бе? Что происходит внутри нашего тела, когда ломается кость?
Сөйтсек, ағзамыз тұтас бір құрылыс жұмысын бастап кетеді екен! Оказывается, организм запускает целую строительную операцию!
1️⃣️ Бірінші кезең — тазалау. Первый этап — уборка.
Сүйек сынған кезде қан тамырлары зақымданады. При переломе повреждаются кровеносные сосуды.
Сынған жерде қан ұйып, арнайы жасушалар — макрофагтар — зақымданған аймақты бүлінген тіндерден тазартады. Образуется кровяной сгусток, а специальные клетки — макрофаги — очищают повреждённый участок от разрушенных тканей.
2️⃣️ Екінші кезең — жұмсақ көпір. Второй этап — мягкий мостик.
Сүйектің сынған бөліктерінің арасында біртіндеп дәнекер және шеміршек тіндерінен тұратын жұмсақ сүйек мүйізгегі пайда болады. Между обломками кости постепенно образуется мягкая мозоль из соединительной и хрящевой ткани.
Ол сынған бөліктерді уақытша біріктіріп тұрады. Она временно соединяет повреждённые части.
3️⃣️ Үшінші кезең — сүйек түзілуі. Третий этап — строительство кости.
Остеобласттар деп аталатын құрылысшы жасушалар жаңа сүйек тінін түзеді. Клетки-строители, называемые остеобластами, создают новую костную ткань.
Бұл тін біртіндеп минералдарға қанығып, қатая түседі. Она постепенно насыщается минералами и становится твёрдой.
4️⃣️ Төртінші кезең — сүйектің пішінін қалпына келтіру. Четвёртый этап — восстановление формы.
Мүсінші жасушалар — остеокласттар — артық сүйек тінін ыдыратып, сүйектің бұрынғы пішінін қалпына келтіруге көмектеседі. Клетки-скульпторы — остеокласты — удаляют лишнюю костную ткань, помогая вернуть кости прежнюю форму.
Сынған сүйектің бітуі әдетте бірнеше аптаға созылады. Сращение обычно занимает несколько недель.
Ал оның толық қалпына келуі бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Но окончательное восстановление может продолжаться месяцами и даже годами.
Қызықты дерек: Ересек адамның денесінде әдетте 206 сүйек болады. Оның 54-і қол басы мен білезік аймағында орналасқан! Интересный факт: В теле взрослого человека обычно 206 костей. Причём 54 из них находятся в кистях рук и запястьях!



📅 №152

📹 Разбор (youtube)

🫁 ЕГЕР ТЫНЫСТЫ ТЫМ ҰЗАҚ ҰСТАП ТҰРСА, НЕ БОЛАДЫ?
ЧТО ПРОИЗОЙДЁТ, ЕСЛИ СЛИШКОМ ДОЛГО ЗАДЕРЖИВАТЬ ДЫХАНИЕ?

📌 Глагол дня: тарылу – сужаться, уменьшаться

Демді ұзақ ұстап тұрудан жарысу қызықты ойын болып көрінуі мүмкін, бірақ дайындықсыз мұндай әрекетке бару қауіпті, тіпті ауруханаға түсуге әкелуі мүмкін. Соревнования на задержку дыхания могут казаться весёлой игрой, но без подготовки это опасный эксперимент, из-за которого можно оказаться в больнице.
Біз не үшін тыныс аламыз? Дем алғанда оттегі өкпеден қанға өтіп, барлық жасушаларға таралады. Ол жүгіруге, ойнауға және ойлауға қажетті энергияның түзілуіне көмектеседі. Ал дем шығарғанда ағза көмірқышқыл газынан (CO₂) арылады. Зачем мы дышим? При вдохе кислород из лёгких поступает в кровь и разносится по всем клеткам организма. Он помогает вырабатывать энергию, необходимую для бега, игр и мышления, а при выдохе организм избавляется от углекислого газа (CO₂).
Тынысымызды ұстап тұрғанда ағзамызда не болады? Что происходит внутри, если не дышать?
30 секунд: Жүрек соғысы баяулауы мүмкін. Ағза оттегіні үнемдеуге тырысады. 30 секунд: Сердцебиение может замедлиться. Организм старается экономить кислород.
Қан қысымының көтерілуі: Қан тамырлары тарылып, ағза оттегіні ең маңызды мүшелерге — ми мен жүрекке жеткізуге тырысады. Рост давления: Сосуды сужаются, чтобы направить оставшийся кислород к самым важным органам — мозгу и сердцу.
Көмірқышқыл газының жиналуы: Қанда көмірқышқыл газы көбейіп, тыныс алуға деген қажеттілік күшейеді. Бас айналып, ой шатаса бастайды. Накопление CO₂: Углекислый газ накапливается, вызывая непреодолимое желание вдохнуть. Возникают головокружение и путаница в мыслях.
Гипоксия: Әдетте ағза адамды қайтадан тыныс алуға мәжбүр етеді. Бірақ кейбір жағдайларда оттегінің қатты жетіспеуінен адам есінен танып қалуы мүмкін. Гипоксия: Обычно организм заставляет человека возобновить дыхание. Но в некоторых случаях сильная нехватка кислорода может привести к потере сознания.
Әсіресе су астында тынысты ұстап тұру өте қауіпті. Адам есінен танып, суға батып кетуі мүмкін. Особенно опасно задерживать дыхание под водой. Человек может потерять сознание и утонуть.
Сондықтан су астында тынысты кім ұзақ ұстайтынын анықтау үшін ешқашан жарыспаңыздар! Поэтому никогда не соревнуйтесь в задержке дыхания под водой!
Ересек адам тыныштық күйінде минутына 14–16 рет тыныс алады, ал демін шамамен 30–90 секунд ұстап тұра алады. Взрослый человек в покое делает 14–16 вдохов в минуту, а без воздуха может продержаться от 30 до 90 секунд.
Ағзаңыздың белгілеріне назар аударып, тынысыңызды әдейі ұзақ ұстамаңыз! Прислушивайтесь к своему организму и не задерживайте дыхание намеренно на долгое время!



📅 №153

📹 Разбор (youtube)

😡 АШУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛАДЫ?
КАК ВОЗНИКАЕТ ГНЕВ?

📌 Глагол дня: дүрсілдеу – колотиться, стучать, громыхать

Елестетіп көрші: сен жаңа киіміңді киіп, туған күнге бара жатырсың. Кенет бір көлік үстіңе лай су шашып кетеді! Представь: ты идёшь на день рождения в новой одежде, и вдруг машина обрызгивает тебя грязью!
Жүрегің дүрсілдеп, бетің қызарып, ішің ашудан қайнап барады. Не болып жатыр? Сердце колотится, лицо краснеет, а внутри всё кипит от злости. Что происходит?
Мида эмоцияларды өңдеуге, қауіп пен әділетсіздікке жауап беруге қатысатын бадамша тәрізді дене (амигдала) белсенді жұмыс істей бастайды В мозге активируется миндалевидное тело (амигдала) — область, участвующая в обработке эмоций и реакциях на опасность и несправедливость.
Ағза қорғануға дайын күйге көшеді! Адреналин бөлініп, жүрек соғысы жиілейді, бұлшықеттер ширығады, тыныс алу жиілейді. Организм переходит в боевую готовность! Выделяется адреналин, сердце бьётся быстрее, мышцы напрягаются, дыхание учащается.
Нақты қауіп болмаса да, дене өзін қорғауға дайындала бастайды. Тело готовится защищаться, даже если опасности нет.
Бірақ мидың «тежегіші» де бар! Ол — маңдайалды қыртысы. Ол ойланбай әрекет етуді тежеуге және байыпты шешім қабылдауға көмектеседі. Но у мозга есть и «тормоза»! Префронтальная кора, она помогает сдерживать импульсивные поступки и принимать взвешенные решения.
Алайда қатты ашуланған кезде өзіңді бақылау қиын болуы мүмкін. Однако при сильном гневе контролировать себя бывает сложно.
Сондықтан ашуды басқаруды үйрену маңызды. Поэтому важно научиться управлять гневом.
Өзіңе сабырға келуге уақыт беріп, бірнеше рет баяу тыныс алып, дем шығар. Дай себе время успокоиться, сделай несколько медленных вдохов и выдохов.
Осылайша эмоцияларыңды бақылауға алып, ақылға қонымды шешім қабылдау оңайырақ болады. Так тебе будет легче взять эмоции под контроль и принять разумное решение.
Ашу — өзімізді қорғауға және әділетсіздікке қарсы әрекет етуге көмектесетін табиғи эмоция. Гнев — естественная эмоция, помогающая защищаться и реагировать на несправедливость.
Бірақ жиі әрі қатты ашулану жүрек пен қан тамырларына зиян тигізуі мүмкін. Но постоянный сильный гнев может вредить сердцу и сосудам.
Сондықтан ашулануға болады, ең бастысы — ашуыңды басқара білу және ашулануды әдетке айналдырмау! Так что злиться можно, главное — научиться управлять своим гневом, ну и не делать гнев своей привычкой!



📅 №154

📹 Разбор (youtube)

🚶 ЖАС ҰЛҒАЙҒАН САЙЫН НЕЛІКТЕН КӨБІРЕК ҚИМЫЛДАУ МАҢЫЗДЫ?
ПОЧЕМУ С ВОЗРАСТОМ ВАЖНО БОЛЬШЕ ДВИГАТЬСЯ?

📌 Глагол дня: ұлғаю – увеличиваться, становиться старше, расширяться

Біздің денеміз — үнемі қозғалысты қажет ететін күрделі жүйе. Наше тело — это сложный механизм, которому нужно постоянное движение.
10, 20 немесе 30 жаста біз оңай секіріп, жүгіре аламыз. Бірақ жас ұлғайған сайын ағзаның кейбір мүмкіндіктері біртіндеп төмендейді. В 10, 20 или 30 лет мы прыгаем и бегаем легко. Но с возрастом некоторые возможности организма постепенно снижаются.
Табиғаттың басты қағидасын есіңде сақта: «Қолданбасаң, жоғалтасың!» Запомни главный секрет природы: «Используй или потеряешь!»
Қимыл-қозғалыс болмаса, бұлшықеттер біртіндеп семе бастайды! Ғылымда бұл саркопения деп аталады. Без движения мышцы начинают... таять! В науке это называется саркопения.
Бірақ тұрақты жаттығулар осы өзгерістердің көбін баяулатуға көмектеседі. Сондықтан буындардың саулығы мен дененің сергектігін сақтау үшін күн сайын жаттығу жасау, жаяу жүру немесе жүзу қажет. Но регулярные упражнения помогают замедлить многие из этих изменений, поэтому суставам и телу нужна ежедневная зарядка, ходьба или плавание.
Ми да осы қағидамен жұмыс істейді! Әже тіл үйренгенде, ал ата кітап оқығанда немесе есеп шығарғанда, мида жаңа «көпірлер» — нейрондар арасындағы байланыстар түзіледі. Мозг работает по тем же правилам! Когда бабушка учит языки, а дедушка читает или решает задачи, в мозге строятся новые мостики-нейроны.
Бұл есте сақтау қабілетін жақсы сақтауға көмектеседі. Өйткені адам әбден қартайған шағында да үйренуге қабілетті. Это помогает сохранять память острой, ведь наш ум способен учиться даже в глубокой старости.
Зейнетке шыққан кез — ауыр жұмыстан демалуға тамаша уақыт. Бірақ күні бойы диванда жата берсеңіз, жүрек «жалқаулана» бастайды, ал төзімділік төмендейді. Пенсия — прекрасное время для отдыха от тяжелой работы. Но если полностью залечь на диван, сердце начнет лениться, а выносливость упадет.
Бір қызығы, жас ұлғайған сайын кейде көбірек демалғың келеді. Алайда дәл осы кезде диванда ұзақ отырмай, көбірек қозғалу әсіресе маңызды. Получается парадокс: с возрастом иногда хочется больше отдыхать, но именно тогда особенно важно не засиживаться на диване.
Басты құпия: көбірек қозғал, жаңа нәрселерді үйрен және қай жаста болсаң да, білуге деген құштарлығыңды жоғалтпа! Главный секрет: двигайся, учись новому и сохраняй любознательность в любом возрасте!



📅 №155

📹 Разбор (youtube)

🍃 ЖАСЫЛ ЖЫРТҚЫШТАР: АҢ АУЛАЙТЫН ӨСІМДІКТЕР!
ЗЕЛЁНЫЕ ХИЩНИКИ: РАСТЕНИЯ, КОТОРЫЕ ОХОТЯТСЯ!

📌 Глагол дня: аулау – охотиться, ловить

Біз өсімдіктерді жер бетіндегі ең бейбіт тіршілік иелері деп ойлауға үйренгенбіз. Мы привыкли думать, что растения — самые мирные существа на планете.
Бірақ олардың арасында жәндіктер мен басқа да ұсақ жануарларды аулайтын таңғажайып жыртқыш өсімдіктер бар! Но существуют удивительные исключения — хищные растения, которые ловят насекомых и других мелких животных!
Олар мұны не үшін істейді? Зачем они это делают?
Олардың көбі топырағында қоректік заттар аз болатын батпақты жерлерде өседі. Многие из них растут на болотах, где почва бедна питательными веществами.
Олар жемтігінен азот пен басқа да қажетті элементтерді алады. Из добычи они получают азот и другие необходимые элементы.
Ал энергияны фотосинтез арқылы күн сәулесінен алады. А энергию получают от солнечного света благодаря фотосинтезу.
Жемтігін ұстау үшін жыртқыш өсімдіктер түрлі айлакер тұзақтарды пайдаланады. Чтобы поймать добычу, хищные растения используют хитроумные ловушки.
Олардың қалай аң аулайтынын көрейік: Вот как они это делают:
Құмыра өсімдігі жәндіктерді тәтті шірнесімен өзіне тартып, іші сұйықтыққа толы, қабырғасы тайғақ терең «құмырасына» түсіреді. Кувшиночник заманивает насекомых сладким нектаром в глубокий скользкий «кувшин», наполненный жидкостью.
Венера шыбынжұты сезімтал түктеріне қайта-қайта тигенде жапырақтарын тез жауып қалады. Венерина мухоловка быстро захлопывает листья при повторном раздражении чувствительных волосков.
Шықшөп жемтігін жапырақтарындағы жабысқақ тамшыларымен ұстап қалады. Росянка удерживает добычу липкими каплями на листьях.
Су көпіршікшөбі ұсақ жануарларды көпіршік тәрізді тұзақтарына лезде сорып алады. Водная пузырчатка мгновенно всасывает мелких животных в пузырьки-ловушки.
Ұсталған жемтік қорытылып, өсімдік одан пайдалы заттарды сіңіреді. Пойманная добыча переваривается, а растение поглощает полезные вещества.
Өсімдіктер әлемінде осындай таңғажайып аңшылар да кездеседі! Вот какие удивительные охотники встречаются в растительном мире!



📅 №156

📹 Разбор (youtube)

🌿 ФОТОСИНТЕЗ: ӨСІМДІКТЕР ӨЗ ҚОРЕГІН ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЙДЫ?
ФОТОСИНТЕЗ: КАК РАСТЕНИЯ ГОТОВЯТ СЕБЕ ЕДУ?

📌 Глагол дня: сіңіру – впитывать, поглощать

Ағаштың алып діңін өсіруге қажетті заттарды қайдан алатыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Топырақтан ба? Тек топырақтан ғана емес! Вы когда-нибудь задумывались, откуда дерево берёт материал для своего огромного ствола? Из земли? Не только из земли!
Ағаш өзінің құрғақ массасының басым бөлігін ауадан сіңіретін көмірқышқыл газынан түзеді! Большую часть сухой массы оно создаёт из углекислого газа, который поглощает из воздуха!
Бұл таңғажайып үдеріс фотосинтез деп аталады. Этот удивительный процесс называется фотосинтезом.
«Фото» сөзі «жарық», ал «синтез» сөзі «біріктіру» дегенді білдіреді. «Фото» означает «свет», а «синтез» — «соединение».
Бұл табиғи фабрика қалай жұмыс істейді? Как работает эта природная фабрика?
Тамырлар топырақтан суды сіңіреді, ал жапырақтар лептесіктер деп аталатын ұсақ саңылаулар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Корни впитывают воду из почвы, а листья через крошечные отверстия — устьица — поглощают углекислый газ.
Жапырақтардың ішінде хлоропластар орналасқан. Олар — күн сәулесін сіңіретін хлорофилл атты жасыл заты бар шағын зертханалар. Внутри листьев находятся хлоропласты. Это маленькие лаборатории с зелёным веществом хлорофиллом, которое улавливает солнечный свет.
Өсімдік жарық энергиясын пайдаланып, су мен көмірқышқыл газынан глюкоза деп аталатын қант түзеді. Глюкоза өсімдікке қуат береді және оның өсуіне қажетті заттардың түзілуіне жұмсалады. С помощью энергии света растение превращает воду и углекислый газ в сахар — глюкозу. Она даёт энергию и материал для роста.
Осы кезде фотосинтездің жанама өнімі — оттегі бөлінеді. Өсімдік үшін оттегін бөлу басты мақсат емес, ал біз үшін ол — тіршілікке қажетті газ! При этом выделяется кислород — побочный продукт фотосинтеза. Для растения он не главная цель, а для нас — жизненно необходимый газ!
Міне, сондықтан жасыл өсімдіктер Жер бетіндегі тіршілік үшін өте маңызды! Вот почему зелёные растения так важны для жизни на Земле!



📅 №157

📹 Разбор (youtube)

🎣 ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЙЛАКЕР БАЛЫҚШЫЛАР: ФИШИНГ ДЕГЕН НЕ?
ХИТРЫЕ РЫБОЛОВЫ В СЕТИ: ЧТО ТАКОЕ ФИШИНГ?

📌 Глагол дня: бұғатталу – блокироваться, бұғаттау — блокировать

Балық емес, өзгенің құпиясөздері мен құпия кодтарын аулайтын балықшыны елестетіп көрші! Ғаламтор алаяқтары дәл осылай әрекет етеді. Представь рыбака, который ловит не рыбу, а чужие пароли и секретные коды! Именно так действуют интернет-мошенники.
«Фишинг» сөзі ағылшын тіліндегі fishing — балық аулау деген сөзден шыққан. Слово «фишинг» связано с английским fishing — рыбалка.
Алаяқтар сенгіш пайдаланушыларды қармаққа түсіру үшін ғаламторға «қармақ тастайды». Мошенники «закидывают удочку» в интернет, надеясь поймать доверчивого пользователя.
Бұл оларға не үшін керек? Зачем им это нужно?
Біреудің аккаунтына қол жеткізген алаяқтар оның ақшасын, жеке деректерін ұрлауы немесе аккаунт иесінің достарын алдауы мүмкін. Получив доступ к чужому аккаунту, они могут украсть деньги, личные данные или обмануть друзей его владельца.
Бұл қалай жүзеге асады? Как это происходит?
Алаяқтар банк, әлеуметтік желі немесе ойын сервистерінің сайттарына ұқсайтын жалған сайттарға сілтемелері бар хабарламалар жібереді. Мошенники присылают сообщения со ссылками на поддельные сайты, похожие на страницы банков, соцсетей или игровых сервисов.
Мысалы: «Саған хабарлама келді! Оны оқу үшін аккаунтыңа кір!» немесе «Аккаунтың бұғатталды! Құпиясөзіңді тез арада раста!». Например: «Тебе пришло сообщение! Войди в аккаунт, чтобы прочитать его» или «Твой аккаунт заблокирован! Срочно подтверди пароль!».
Адам алдауға түсіп, жалған сайтқа өз деректерін енгізу арқылы оларды алаяқтарға өзі беріп қояды. Человек попадается на приманку и сам передаёт мошенникам свои данные, вводя их на поддельной странице.
Қалай қорғануға болады? Как защититься?
Күмәнді сайттарға ешқашан құпиясөзіңді енгізбе. Никогда не вводи пароль на подозрительных сайтах.
Сайттың мекенжайын мұқият тексер және күмәнді сілтемелерге өтпе. Внимательно проверяй адрес страницы и не переходи по сомнительным ссылкам.
SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпа. Никому не сообщай коды подтверждения из SMS.
Екі факторлы қорғанысты қолдан. Используй двухфакторную защиту.



📅 №158

📹 Разбор (youtube)

⌨️ ПЕРНЕТАҚТАДАҒЫ ӘРІПТЕР НЕГЕ ӘЛІПБИ РЕТІМЕН ОРНАЛАСПАҒАН?
ПОЧЕМУ БУКВЫ НА КЛАВИАТУРЕ НЕ ПО АЛФАВИТУ?

📌 Глагол дня: кептелу – застревать, заклинивать

🕰️ XIX ғасырда алғашқы жазу машиналары пайда болған еді. В XIX веке уже существовали первые пишущие машинки.
Америкалық өнертапқыш Кристофер Шоулз әріптестерімен бірге осы технологияны жетілдіруді ұйғарды. Американский изобретатель Кристофер Шоулз с коллегами решил усовершенствовать эту технологию.
Олар жасаған жазу машинкасының алғашқы үлгілерінде әріптер шамамен әліпби ретімен орналасқан еді. Алайда жылдам тергенде, механизмі кейде кептеліп қалатын. На ранних моделях их машинки буквы располагались почти по алфавиту, но при быстрой печати механизм иногда заклинивало.
⚙️ Әр пернені басқанда, ұшында әріп таңбасы бар металл иінтірек қозғалысқа келетін. Бірінші иінтірек орнына қайтып үлгермей, екіншісі алға жылжыса, екеуі соқтығысып, кептеліп қалуы мүмкін еді. Каждая клавиша приводила в движение металлический рычаг с буквой. Если первый рычаг не успевал вернуться, а второй уже двигался вперёд, они могли столкнуться и застрять.
🔧 Шоулз пернелердің орналасу тәртібін өзгертіп, түрлі тәжірибелер жүргізді. Шоулз экспериментировал с расположением клавиш.
Ол жиі қатар келетін әріптерді ескеріп, иінтіректердің соқтығысуын азайтуға тырысқан деп есептеледі. Считается, что он стремился уменьшить столкновения рычагов, учитывая частые сочетания букв.
Сонымен қатар пернелердің орналасуына Морзе әліппесімен жұмыс істеген телеграфшылардың қажеттіліктері де әсер етті. Также, на изменения повлияли и потребности телеграфистов, работавших с азбукой Морзе.
⌨️ Нәтижесінде пернелердің QWERTY орналасу үлгісі пайда болды. Ол ағылшын пернетақтасының жоғарғы қатарындағы алғашқы алты әріптің атымен аталған. В результате появилась раскладка QWERTY, названная по первым шести буквам верхнего ряда английской клавиатуры.
🏭 1874 жылы Remington компаниясы пернелері QWERTY ретімен орналасқан жазу машинкасын шығарды. В 1874 году компания Remington выпустила машинку с QWERTY.
Уақыт өте келе бұл пернетақта үлгісі кеңінен тарала бастады. Постепенно эта раскладка стала популярной.
💻 Кейін пернелерді орналастырудың басқа үлгілері пайда болды, бірақ адамдар QWERTY үлгісіне үйреніп қалған еді. Позже появились другие раскладки, но люди уже привыкли к QWERTY.
Сондықтан бұл үлгі компьютерлер мен смартфондарда да сақталды. Поэтому её сохранили на компьютерах и смартфонах.
Металл тетіктер әлдеқашан қолданыстан шықса да, әріптердің орналасу тәртібі өзгеріссіз қалды. Хотя металлические рычаги давно исчезли, расположение букв осталось прежним.



📅 №159

🌙 АЙ НЕГЕ ӨЗ ПІШІНІН ӨЗГЕРТЕДІ?
ПОЧЕМУ ЛУНА МЕНЯЕТ СВОЮ ФОРМУ?

📌 Глагол дня: шағылыстыру – отражать, шағылысу — отражаться

🌌 Ай әрқашан шар тәрізді болады, бірақ Жерден қарағанда біз оны әртүрлі күйде көреміз: кейде дөңгелек, кейде орақ тәрізді болып көрінеді, ал кейде аспаннан мүлде жоғалып кетеді. Луна всегда имеет форму шара, но с Земли мы видим её по-разному: то круглой, то в виде серпа, а иногда она совсем исчезает с неба.
Неліктен бұлай болады? Почему так происходит?
☀️ Ай өздігінен жарық шығармайды, тек Күн сәулесін шағылыстырады. Луна не излучает собственного света, а отражает солнечные лучи.
Ай Жерді айналып жүргенде, біз оның жарық түскен бетінің әртүрлі бөліктерін көреміз. Пока она движется вокруг Земли, мы видим разные части её освещённой поверхности.
Бұл өзгерістер Ай фазалары деп аталады. Эти изменения называются фазами Луны.
🌑 Жаңа ай – Айдың Жер мен Күннің арасында орналасатын кезеңі. Новолуние — Луна находится между Землёй и Солнцем.
Оның жарық түскен жағы бізге қарама-қарсы бағытта болғандықтан, Ай көрінбейді деуге болады. Её освещённая сторона обращена от нас, поэтому она почти невидима.
🌒 Өсіп келе жатқан Ай — алдымен жіңішке орақ пайда болады, содан кейін бірінші ширек фазасы басталады. Растущая Луна — сначала появляется тонкий серп, затем наступает первая четверть, когда видна половина диска.
Бұл кезде Айдың жартысы көрінеді. В это время видна половина Луны.
Кейін оның жарық бөлігі жартысынан асып, толыса бастайды. Позже Луна становится выпуклой.
🌕 Толған Ай — Айдың бізге көрінетін беті түгелдей Күн сәулесімен жарықтанады. Полнолуние — вся видимая сторона Луны освещена Солнцем.
Сондықтан ол дөңгелек болып көрінеді. Поэтому она кажется круглой.
🌗 Кеміп бара жатқан Ай — Айдың жарық бөлігі біртіндеп кішірейеді. Убывающая Луна — освещённая часть уменьшается.
Соңғы ширектен кейін жіңішке орағы ғана қалып, ол біртіндеп көрінбей кетеді. После последней четверти остаётся тонкий серп, который постепенно исчезает.
🔄 Ай фазаларының толық ауысу кезеңі шамамен 29,5 тәулікке созылады. Полный цикл смены лунных фаз длится примерно 29,5 суток.
Содан кейін бәрі қайтадан қайталанады. Затем всё повторяется.





 <<  Марафон, стр.7 Наверх ↑ Марафон, стр.9  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группа