Полезные фразы
Сборник 11
Автор: Рауль Керимбаев
11-01
|
Ақша не істетпейді? | Что не делают деньги? | |
Солай емес пе еді? | Разве не так? | |
Сол кезде неге арызданбадыңыз? | Почему в то время не написали заявление? | |
Ханым, әйелім сізді алдап қайтеді? | Госпожа, зачем моей жене Вас обманывать? | |
Өткен-кеткенді қозғамай-ақ қой. | Не вороши старое. | |
Оны көру керек. | Это надо видеть. | |
Сен ешкімнен рұқсат алмадың ғой. | Ты же ни у кого не спрашивал. | |
Біздікілер жеңді. | Наши победили. | |
Кімнің арқасы? | С чьей помощью? | |
Сенің арқаңда, досым. | С твоей помощью друг.
|
11-02
|
Сен болмасаң мен қайтер едім? | Что бы я без тебя делал? | |
Оқиға таңертең сегіз жарым шамасында болды. | Событие произошло приблизительно в 8 часов 30 минут. | |
Несіне жарамсақтанасың бұған? | Зачем ты заискиваешь перед ней? | |
Осыдан бір ай бұрын. | Месяц тому назад. | |
Ел қатарлы. | Как все. | |
Бұл өте ыңғайлы. | Это очень удобно. | |
Бекер олай ойлайсың. | Зря ты так думаешь. | |
Барып біліп кел. | Сходи, узнай. | |
Көрсем әрине айтамын. | Если увижу, конечно, скажу. | |
Ақшасыз бір қадам аттай алмайсың. | Без денег и шагу не ступишь.
|
11-03
|
Өзің айтшы, оны қалай үнемдеcек болады? | Ты мне скажи, как можно их сэкономить? | |
Содан кейін оны ешкім көрмеген. | После этого его никто не видел. | |
Өзіңді масқара қылма. | Не позорь себя. | |
Осы жазда үйімде жөндеу жұмыстарын жасатқым келеді. | Хотел сделать дома ремонт этим летом. | |
Өкінішке қарай сенің туған күніңе келе алмадым. | К сожаленью, не мог приехать к тебе на день рождения. | |
Сен сондай кереметсің. | Ты такой классный. | |
Ол айлаға салды. | Он схитрил. | |
Кешкісін серуендеп қайтайық. | Давай вечером прогуляемся? | |
Айта кету керек. | Нужно сказать (Необходимо сказать). | |
Онда тұрған не бар? | Что тут такого?
|
11-04
|
Сенімен дауласқым келмейді. | Я не хочу с тобой спорить. | |
Осы ма жауабың? | И это твой ответ? | |
Менің ойымша, бәрі де жөнге келетін сияқты. | По-моему, всё наладится. | |
Жарайды, іспен айналысайық. | Ладно, займемся делами. | |
Ал, осы жағдайға қалай жеткеніңді айт. | Ну, говори, как ты докатился до этого. | |
Жолы болды деген осы. | Это и есть везение. | |
Айта берсеңші... | Ну говори же... | |
Енді міне, не істерімді білмей отырмын. | Теперь вот, сижу и не знаю, что делать. | |
Ол өзінің дегеніне жетті. | Он добился своего. | |
Жол ашықта кетіп үлгеру керек. | Надо успеть выехать, пока открыта дорога.
|
11-05
|
Қалада не болғанынан хабардарсыздар ма? | Вы в курсе, что произошло в городе? | |
Біздің саған арнайы тосын сыйымыз бар. | У нас специально для тебя есть сюрприз. | |
Осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады. | С таким характером тебе трудно будет в жизни. | |
Кешіріңіз, адасып қалдым. | Извините, я заблудился. | |
Сенің сөздерің дұрыс деп санаймын. | Я считаю, твои слова правильные. | |
Жеткен жеріміз осы болды. | До чего мы дожили. | |
Не деген қалмайтын адам!? | Какая ты прилипчивая!? | |
Мен өзімді ақымақ сезініп тұрмын. | Я чувствую себя глупым. | |
Бірақ білсем де, айтпас едім. | Но если бы знал, то не сказал бы. | |
Мен бәрін реттеп қойдым. | Я всё уладил.
|
11-06
|
Мынаған не күлерімді не жыларымды білмей отырмын. | Я не знаю смеяться мне или плакать на это. | |
Саған сенбегенім үшін кешірші мені. | Прости меня, что тебе не поверил. | |
Сенен басқа кім кінәлі? | Кто, кроме тебя виноват? | |
Үйіңдегілер не дейді? | Что говорят домашние? | |
Міне, шайыңыз. | Вот Ваш чай. | |
Мына жерге қойыңыз. | Поставьте вот сюда. | |
Білемін, сен сондайсың. | Знаю, ты такой. | |
Менімше, бойы да бар, ойы да бар жігіт. | По-моему, парень ростом вышел и умом. | |
Оған жаным ашып кетті. | Стало его жалко. | |
Бәрі дұрыс па? Бүгін біртүрлі жүрсің ғой. | У тебя все в порядке? Какая ты странная сегодня.
|
11-07
|
Ыңғайсыз болса да айтайын. | Хоть и неудобно, но скажу. | |
Отыра тұр. Жүйкең қозып тұр ғой. | Посиди. Ты вся на нервах. | |
Біз еш нәрсе істемейміз. | Мы ничего не будем делать. | |
Ол ұйықтап жатыр. | Он спит. | |
Мені іздемеңіздер. | Не ищите меня. | |
Оларға шақыру жіберіңіздер. | Отправьте им приглашение. | |
Сен үшін маңызды болса айтайын. | Если это для тебя важно, скажу. | |
Иә, біз қазір өте қиын кезді өткеріп жатырмыз. | Да, мы сейчас переживаем не лёгкие дни. | |
Оған сол керек. | Поделом ему (так и надо ему). | |
Барлығымыз тынышталамыз. | Все успокаиваемся.
|
11-08
|
Баруға тырысамыз. | Постараемся прийти. | |
Бүгін жаңбыр болатынын біле тұра, қолшатырымды ұмытып кетіппін. | Зная, что сегодня будет дождь, забыл свой зонт. | |
Лайықты өмір сүргім келеді, бірақ амал бар ма? | Хотел бы жить достойно, но разве есть выбор? | |
Біз қымбатты адамдарымыз үшін барлығын жасаймыз. | Мы всё сделаем для дорогих нам людей. | |
Бірақ, ақша жағы қиын болып тұр. | Но с деньгами туго. | |
Үйге қайтпайсың ба? | Домой не идёшь? | |
Ол жақта мені ешкім күтіп отырған жоқ. | Там меня никто не ждёт. | |
Отыр онда осы жерде, бәрін қарғап-сілеп. | Ну сиди тогда здесь, всех проклиная. | |
Сен сол туралы сұрайын деп едің ғой? | Ты же про это хотела спросить? | |
Сондай болсам, қайтем? | Ну что мне делать, если я такой?
|
11-09
|
Кімге түрме, кімге туған үй. | Кому тюрьма, а кому дом родной. | |
Барлығымыздың құқығымыз бірдей. | Не знаю. У всех нас одинаковые права. | |
Білмеген соң не айтасың? Ештеңе айта алмаймын. | Что скажешь, если ничего не знаешь. Ничего сказать не могу. | |
Бұл да өтер де кетер... | И это пройдёт... | |
Аспаннан жерге түсші. | Спустись с неба на землю. | |
Соған да жететін күн бар екен ғой. | Оказывается, и такой день может наступить. | |
Саған не болған? Соңғы уақытта өзгеріп жүрсің. | Что с тобой случилось? В последнее время ты изменилась? | |
Біртүрлі екен. | Как-то странно. | |
Күйеумен татуласып қалды. | Она помирилась с мужем. | |
Шығарып саласың ба? | Ты проводишь меня?
|
11-10
|
Ал егер ештеңе шықпаса? | А если ничего не выйдет? | |
Осы жерде боласың ба? | Ты здесь будешь? | |
Мейірімді болып бара жатырсың. | Доброй становишься. | |
Әрбір бойжеткен ана болуды армандайды. Бұл табиғаттың заңы. | Любая девушка мечтает стать матерью. Это закон природы. | |
Бұл – соғыс. Соғыста барлық әрекет пайдалы. | Это война. А на войне все средства хороши. | |
Ол осындайға бара алады ма? | Он разве он способен на такое? | |
Бірдеңе десеңші. | Скажи что-нибудь. | |
Енді не болады деп ойлайсың? | И что же теперь будет, как ты думаешь? | |
Көріп тұрмын. | Я вижу. | |
Неге осыны бұрын айтпай жүрдің? | Почему ты раньше об этом не сказал?
|
11-11
|
Қазір оған аса мән бермеймін. | Этому я сейчас не придаю значение. | |
Жарайды, мен жүрейін. | Ладно, я пошёл. | |
Бұл әдейі жоспарланған. | Это специально спланировано. | |
Өз орныңды біл. | Знай своё место. | |
Тәртібі қандай жаман. | Как плохо он воспитан. | |
Саған осындай тәрбиені кім берді екен? | Кто тебя так воспитал, интересно? | |
Сендерге бір сырымды айтайын ба? | Рассказать вам один мой секрет? | |
Білмейтін кейіп танытпа. | Не делай вид, что не знаешь. | |
Ханшайым, не қалайсың? | Что ты желаешь, моя королева? | |
Сенің арқаңда керемет демалып отырмыз. | Хорошо сидим, благодаря тебе.
|
11-12
|
Барлығы сен сияқты емес қой. | Не все же такие, как ты. | |
Бір сағаттан кейін кездесе аламыз ба? | Мы можем встретиться через час? | |
Әрине, қалағаның болсын. Асықпа. | Конечно, как ты хочешь, пусть будет. Не торопись. | |
Үйге барған соң сөйлесеміз. | Дома поговорим. | |
Қазымыр кісі. | Придирчивый человек. | |
Ұқыпты болыңыздар! | Будьте бережливы! | |
Бізге осы да жарайды. | Нам и это сгодится. | |
Қателесесің. Өмірде бәрі мүмкін. | Ошибаешься. В жизни всё возможно. | |
Бері кел дедім ғой мен саған. | Я же сказал тебе, подойди ко мне. | |
Бері кел, сөйлесетін әңгіме бар. | Иди сюда, есть разговор.
|
11-13
|
Ол мені бірден танып қойды. | Он меня сразу узнал. | |
Бала-шаға отыр ғой, ұялсаңдаршы. | Здесь же дети сидят, постесняйтесь. | |
Кез келген қыз гүлді жақсы көреді. | Любая девушка любит цветы. | |
Өзім қалағанша өмір сүрудемін. Ешкімді ұстамаймын, ешкімге мұқтаж емеспін. | Живу, как пожелаю. Никого не держу, ни в ком не нуждаюсь. | |
Рақмет. Ұсынысымнан бас тартпадыңыз. | Спасибо. Не отказались от моего предложения. | |
Ауадай қажет. | Нужен, как воздух. | |
Дәл осы жерде, осы сәтте. | Здесь и сейчас. | |
Менің өміріме араласпа. | Не лезь в мою жизнь. | |
Жақсы күндерге әлі жетеміз. | Мы ещё доживем до лучших дней. | |
Ата-ананың үлесі осы, қуаныш пен қайғы қатар жүреді. | Таков доля родителей, радость и горе ходят вместе.
|
11-14
|
Ол туралы ойлауы әлі ерте. | Об этом думать ещё рано. | |
Мен үшін жауап беруге қажет емес. | За меня не надо отвечать. | |
Саған қиын емес пе? | Тебе не сложно? | |
Мұндайдан қалай бас тартуға болады? | Как можно отказаться от такого? | |
Олай деп ойламаймын. | Я так не думаю. | |
Мен айнып қалдым. | Я передумал. | |
Солай болар деп үміттенемін. | Я надеюсь, что будет так. | |
Сен бала емессің ғой. | Ты же не ребёнок. | |
Өзіңе абай бол. | Береги себя. | |
Ұмытып кетіп жүрме. | Не забудь.
|
11-15
|
Не жайлы ойлап жүрсің? | О чём ты думаешь? | |
Өмір қымбат болып кетті. | Жизнь подорожала. | |
Иә, айта беріңіз. | Да, говорите. | |
Мен қайдан білемін? | Мне откуда знать? | |
Нақты білмеймін. | Я точно не знаю. | |
Мен да солай ойлаймын. | Я тоже так думаю. | |
Маған десең бәрібір. | Мне всё равно. | |
Ертегіні кімге айтып тұрсың? | Кому сказки рассказываешь? | |
Алаңдатқанымыз үшін кешіріңіз. | Простите за беспокойство. | |
Сен оны танымайсың. | Ты его не знаешь.
|
11-16
|
Соны әлі күнге дейін түсінбедім. | Я этого до сегодняшнего дня так и не понял. | |
Оны өзінен сұраңыз. | Это спросите у неё самой. | |
Дүние екі келмейді. | Один раз живём. | |
Оны қайдан білесің? | Откуда ты это знаешь? | |
Қандай дәрі керек сізге? | Какое Вам нужно лекарство? | |
Кеше керемет фильм көрдім. | Вчера посмотрел классный фильм. | |
Бұл – оқыс жағдай. | Это несчастный случай. | |
Ұзаққа кетесіз бе? | Далеко едете? | |
Мен оңтүстік жаққа жол тартамын. | Я еду на юг. | |
Сіз билеттің кезегінде тұрсыз ба? | Вы за билетом?
|
11-17
|
Жоқ, шұжықтың кезегінде тұрмын. | Нет, за колбасой. | |
Алысқа барасыз ба? | Далеко едете? | |
Жалғыз жүрсіз бе? | Вы один едете? | |
Немене, танымай қалдыңыз ба? | Вы что, не узнали? | |
Сіздерсіз біз алысқа бара алмаймыз. | Без вас мы далеко не уйдём. | |
Бізсіз қайда барасыңдар? | Без нас куда вы пойдёте? | |
Мен мұнда біреулермен ақылдасқан едім. | Я тут посоветовалась кое с кем. | |
Болар-болмас үміт бар. | Есть небольшой шанс. | |
Кешіріңіз, мен дұрыс түсінбеген екенмін. | Извините, я неправильно понял. | |
Сенде ес бар ма? | Ты в своём уме?
|
11-18
|
Сенен бір нәрсе сұрағым келеді. | Я хочу кое-что спросить у тебя. | |
Темірді қызған кезде соқ. | Куй железо, пока горячо. | |
Осының бәрін қайдан білесің? | Откуда ты всё это знаешь? | |
Ересек баласың ғой. | Ты уже взрослый мальчик. | |
Болғанды болғандай айтып отырмын. | Как было, так и говорю. | |
Сен, шырағым, абайлап сөйле. | Ты, дорогой, говори, да не заговаривайся. | |
Құдай қаласа, кешікпей жетеміз. | Вовремя доберёмся, даст Бог. | |
Бұдан да жақсы болатынына үміттенейік. | Будем надеяться на лучшее. | |
Ол есін жиды ма? | Она пришла в себя? | |
Бұл тақырып баяғыда жабылған. | Эта тема давно закрыта.
|
11-19
|
Осыны сен анықтайсың. | Вот это ты и выяснишь. | |
Бұл сенің жұмысың. | Это твоя работа. | |
Біреуден күдіктенесің бе? | Ты кого-то подозреваешь? | |
Ең бастысы - жеңіс емес, ең бастысы – қатысу. | Главное не победа, а участие. | |
Басқа жолы барамыз. | Пойдём в другой раз. | |
Кейін бірдеңе жермін. | Потом что-нибудь перекушу. | |
Біз мұндайға үйреніп алдық. | Мы к этому привыкли. | |
Өтінемін, ұрыспайықшы. | Прошу тебя, давай не будем ругаться. | |
Қалайсың, бүлдіргіш? | Как дела, шкодник? | |
Бәрі өте тез болып кетті. | Всё произошло очень быстро.
|
11-20
|
Мен ештеңе түсінбей қалдым. | Я ничего не понял. | |
Олар неге ұрысты? | Почему они поругались? | |
Сен бірдеңе естідің бе? | Ты что-нибудь слышала? | |
Жақсы, жақсы, бұдан былай қайталанбайды, ешқашан. | Хорошо, хорошо, больше никогда не повторится. | |
Ақымақ басымды кешіріңіз. | Простите дурную голову. | |
Шешімге табылмас дүние жоқ. | Безвыходных ситуаций не бывает. | |
Әзірше оның жағдайы қиын. | Пока её состояние тяжёлое. | |
Осының нәтижесінде. | В результате этого. | |
Ал мен саған не айтып едім? | А что я тебе говорил? | |
Соған бармақсың ба? | Ты собрался к нему пойти?
|
Корректор: Қаламқас Толымбекқызы
|