Полезные фразы
Сборник 16
Автор: Рауль Керимбаев
16-01
|
Қанша қайталай беремін? | Сколько я могу повторять? | |
Бөтен сияқтымын. | Я как чужой. | |
Егер сіз қарсы болмасаңыз. | Если Вы не против. | |
Мен жеңілдім. | Я проиграл. | |
Мені кешесің бе? | Ты простишь меня? | |
Сіз не, маған сенбей тұрсыз ба? | Вы что, мне не верите. | |
Ұят болар. | Будет стыдно. | |
Ол пәтер жалдапты. | Он снял квартиру. | |
Мына орын бос па екен? | Это место свободно? | |
Жүре ғой, айналайын, күнім менің. Олардың сөзін тыңдама! | Иди ко мне, дорогая, солнце моё. Не слушай ты их!
|
16-02
|
Ондай ойдан аулақпын. | Я далёк от таких мыслей. | |
Мен саған айтқанмын. | Я тебе говорил. | |
Сен сияқтылардың көзін құрту керек. | Таких, как ты, надо уничтожать. | |
Қозғалсаңыздаршы! | Двигайтесь же! Продвигайтесь! | |
Мені күтіп тұрғансыз ба? | Вы ждали меня? | |
Қайда баратынымды сұрамадыңыз ғой? | Вы же не спросили, куда мне нужно ехать? | |
Сұрап қайтем? | Зачем мне спрашивать? | |
Маған былай қажет. | Мне вот так нужно. | |
Ал, балам, бүгін әкеңді қандай қуанышқа бөлесің? | Ну, сынок, какой радостью ты сегодня поделишься с отцом? | |
Сәлемдемелеріңізді күтемін! | Жду ваших посылок!
|
16-03
|
Сіздердің ұжымдарыңызға сәттілік тілеймін. | Желаю удачи вашему коллективу. | |
Бұл жайлы сен не ойлайсың? | Что ты думаешь об этом? | |
Жоқтан өзгеге шамданып шыға келеді. | По всяким пустякам сразу обижается. | |
Тағдыр менi қай жаққа айдамаған. | Куда только не загоняла меня судьба. | |
Маған енді жолама. Жақындама. | Больше ко мне не подходи. Не приближайся. | |
Өте дұрыс жасағансың. | Очень правильно поступила. | |
Бәрі ойдағыдай. | Всё в порядке. | |
Өтірік айтып нем бар? | Зачем мне врать? | |
Сергек болыңдар! | Будьте бдительны! | |
Сізден бірдеңе жасырып болмас. | От Вас ничего не скроешь.
|
16-04
|
Бұл жөнінде сіз қандай ойдасыз, дәрігер Ватсон? | Что Вы об этом думаете, доктор Ватсон? | |
Мен де солай ойлағам. | Я тоже так думал. (ойлағам=ойлағанмын) | |
Ұйқыбас. | Засоня. | |
Жүрегім қан жылап тұр. | Сердце кровью обливается. | |
Ондайға қалай алданып жүрсің? | Как ты могла на это повестись? | |
Ол маған айқайлай бастады. | Он начал на меня кричать. | |
Мен онсыз өмір сүре алмаймын. | Без неё я не проживу. | |
Сенсіз зарығып кеттім. | Мне без тебя очень тоскливо. | |
Өзімді жат сезінемін. | Чувствую себя чужим. | |
Мен қазір полициядамын. | Я сейчас в полиции.
|
16-05
|
Оларда барлық дәлел бар. | У них есть все доказательства. | |
Алла көрісуге жазсын! | Дай Бог встретиться! | |
Сен қазір кім болып жұмыс істейсің? | Ты сейчас кем работаешь? | |
Ал енді не қыл дейсің маған? | И что ты прикажешь мне делать? | |
Ал, енді оны маған қашан әкеп бересің? | Ну, теперь, когда ты мне её принесешь? | |
Болар іс болды не істейсің. | Что было, то было, что поделаешь. | |
Сізде қандай арман бар? | Какая у Вас есть мечта? | |
Басты мақсатыңыз қандай? | Какая главная цель у Вас? | |
Иығымнан тас түскендей жеңілдеп қалдым. | Мне стало легче, будто камень свалился плеч. | |
Жақсылап жайғас мына жерге, су қосылған шарап іш, сосын не болғанын асықпай айтып бер. | Садись поудобнее, выпей вина с водой и рассказывай, что случилось.
|
16-06
|
Мен бұны білетін едім. | Я это знал. | |
Білсем айтар едім. | Я бы сказал, если знал. | |
Былай істейік. | Давай сделаем так | |
Мұндай жағдайда сіз не істер едіңіз? | Что бы вы сделали в этом случае? | |
Сіз қалай аударар едіңіз? | А как бы Вы перевели? | |
Одан сіз жүз есе әдемісіз. | Вы в сто раз красивее, чем она. | |
Үлкенмен сөз жарыстырма! | Не спорь со старшими. | |
Футбол туралы айтпа маған. | Не говори мне про футбол. | |
Не болды саған, үлкен адам сияқты күрсінесің? | Что с тобой, вздыхаешь, как взрослый? | |
Мен не қылдым саған? | Что я тебе сделал?
|
16-07
|
Сенің сандырағыңды тыңдап жалықтым. | Надоело слушать твой бред. | |
Менің айтайын дегенім ол емес еді. | Я не то хотел сказать. | |
Осыны айтайын дедім. | Я это хотел сказать. | |
Бар айтарың сол ма? | Это всё, что ты хотел сказать? | |
Жаратқан жар болсын! | Да хранит тебя Созатель! | |
Бірақ бəріміз сіз сияқты ойлауға міндетті емеспіз. | Но мы не обязаны думать так, как Вы думаете. | |
Қақсай бермеші. | Не гунди. | |
Сені ешкім ренжітпей ма? | Тебя никто не обижает? | |
Мына жерде жатушы еді. | Она здесь находилась (о вещи). | |
Тағы кешектің ғой. | Ты опять опаздала.
|
16-08
|
Ол заман өтті-кетті. | Те времена прошли. | |
Біз бірге талай тау қопарамыз. | Мы с тобой вместе много гор свернём. | |
Жалғыз өзім үлгермеймін ғой. | Я ведь одна не успею. | |
Көреміз кімнің кім екенін. | Посмотрим кто есть кто. | |
Қазір ол мүлде өзгерді. | Сейчас он совершенно изменился. | |
Артымнан ерме. | Не ходи за мной. | |
Партияласпыз ғой. | Мы же однопартийцы. | |
Қайсысы жақсырақ? | Какая лучше? | |
Қайсысы болса да әрқайсысы өзінше әдемі. | Какая бы не была, всякая красивая по-своему. | |
Біз қайдамыз? | Где мы находимся?
|
16-09
|
Көңіл көтеріңдер! | Развлекайтесь! | |
Нақты жоспарыңыз бар ма? | У Вас есть конкретный план? | |
Екі нұсқасын әзірлеп қойдым. | Я подготовил два варианта. | |
Өзінің наразылығын білдірдім. | Я выразил своё недовольство. | |
Сіздің алдыңызда өте кінәмін. | Я очень виноват перед Вами. | |
Сен мені бағаламайсың. | Ты меня недооцениваешь. | |
Неге сонша дөрекісің? | Почему ты такая грубая? | |
Әркімнің қабілеті бөлек. | У каждого свои способности. | |
Әркім өзінше өмір сүреді. | Каждый живёт по-своему. | |
Сен оны не үшін істедің? | Зачем ты это сделал?
|
16-10
|
Сен қайдан келдің? | Ты откуда пришёл? | |
Өмірде тек ойнап-күліп жүр. Ең бастысы бақытты бол! | Живи весело, играючи. Самое главное, будь счастлива! | |
Біреу ренжітті ма сені? | Кто-то тебя обидел? | |
Ол маған рухани көмек көрсеткен. | Он мне оказал моральную помощь. | |
Құлағым керең емес. | Я не глухой. | |
Неге жүйкемді қоздыра бересің? | Ты что нервируешь меня? | |
Кегін қайтарды. | Он отомстил. | |
Оның тағдыры шешілді. | Судьба его решена. | |
Оның не айтқысы келгені түсініксіз. | Непонятно, что он хотел сказать. | |
Сатып алғанда байқаңыздар, алданып қалмаңыздар. | Будьте осторожны при покупке, не обманитесь.
|
16-11
|
Біз олардың сөзіне сеніп қала жаздадық. | Мы чуть не поверили им. | |
Сіз қашан оянасыз? | Вы когда просыпаетесь? | |
Ерте тұруға әдеттенемін. | Я привык рано вставать. | |
Жаныма батты. | На душе у меня наболело. | |
Біз сендерді байқамай қалдық. | Мы вас не заметили. | |
Бас тартуға болмайды. | Отказы не принимаются. | |
Не туралы сөйлестіңіздер? | О чём вы говорили? | |
Менің жігітім көзіме шөп салып тұр. | Мой парень мне изменяет. | |
Қуанышты хабар әкелдім. | Я принёс радостную весть. | |
Демек, ол мені ұнатады. | Значит, я ему нравлюсь.
|
16-12
|
Ол маған ұнамай қалды. | Он мне не понравился. | |
Қашан жуасың? | Когда будешь обмывать? | |
Бар білгені осы ма? | Это всё, что ты знаешь? | |
Бұл барып тұрған өтірік. | Это ложь в высшей степени. | |
Ол уақытша нәрсе. | Это временно. | |
Сен босқа қызасың. | Ты напрасно горячишься. | |
Мені үйге жеткізіп салшы. | Довези меня до дома. | |
Менің борышым осыны бұйырады. | Так повелевает мне долг. | |
Сөйтіп, құпия ашылды. | Таким образом, тайна раскрыта. | |
Бірақ екінші жағынан... | Но с другой стороны...
|
16-13
|
Ол - біздің тұрақты аларманымыз. | Он наш постоянный покупатель. | |
Мұны анықтау мүмкін болмады. | Этого определить не удалось. | |
Бұған қөңіл аудармаппын. | Я не обратил на это внимание. | |
Шынымен солай ойлайсыз ба? | Вы, действительно, так думаете? | |
Неге бұл соншалықты маңызды? | Почему это так важно? | |
Әңгімеңізді айта беріңіз, өте қызық хикая екен. | Продолжайте свой рассказ, очень интересная история. | |
Қай жерден алдың, сол жерге апарып таста. | Где взял, туда отнеси и оставь. | |
Біз оны түнде бақылауда ұстаймыз. | Мы её ночь понаблюдаем (слова врача). | |
Есік алдында тосып тұр. | Ждёт у дверей. | |
Қанша қарыз екенімді сұрап біліңізші. | Узнайте, сколько я должен.
|
16-14
|
Досыңызды үйге аттандырып салыңыз. | Отправьте своего друга домой. | |
Сізді ана жерде жолықтырғанда шынымен таңырқап қалдым. | Я, дествительно, удивился, когда встретил Вас там. | |
Өзіңізді көргенде мен сізден де гөрі қаттырақ таңырқадым. | И все же я удивился еще больше, чем вы, когда увидел Вас. | |
Ой, мен үлкен қасіретке тап болдым! | У меня такое большое горе! | |
Маған қол ұшын беретін кім бар екен! | Мне нужна помощь! | |
Шошытып жібердің ғой. | Ты так напугала. | |
Сіз үйленген адамбысыз? | Вы женатый? | |
Отбасыңыз бар ма? | У Вас есть семья? | |
Бәрі осыдан басталды. | С этого всё и началось. | |
Құрып кеткір! | Чёрт побери!
|
16-15
|
Оны жақынырақ танығанда түсінесің. | Ты поймешь его, когда поближе познакомишься. | |
Бірақ аяқ астынан тамам болды. | Но все вдруг закончилось. | |
Тамам болды? | Закончилось? | |
Осыны айтатыныңды біліп едім. | Так и знал, что ты это скажешь. | |
Ең қызығы енді басталады. | Самое интересное только начинается. | |
Солай деп жүр ғой жүрт. | Так говорят в народе. | |
Сосын кейін, бәлкім, өмір бойы өкінермін. | Потом, может, всю жизнь буду жалеть. | |
Сонда мен басқалардан кем болғаным ба? | Чем я хуже других? | |
Көмектеспегенде мен бұл арада не бітіремін. Әрине, көмектесемін. | Конечно, помогу. Что здесь еще делать? | |
Мен сенің жеке тірлігіңе тиісіп жатқан жоқпын, сен де маған тиіспе. | Я в твою личную жизнь не вмешиваюсь, и ты в мою не вмешивайся.
|
16-16
|
Сен не, есіңнен мүлде адасқанбысың? | Ты что, совсем спятила? | |
Әзірше ештеңені де білмеймін. | Ничего пока не знаю. | |
Бәрі ағады, бәрі өзгереді. | Всё течёт, всё изменяется. | |
Не істедіңіз? | Чем занимались? | |
Бұл жерде бір гәп бар. | Здесь что-то кроется. | |
Жұмыс орнында сіз немен айналысасыз? | Чем Вы занимаетесь на рабочем месте? | |
Жер жұтып кетті ме, қайда кетті? | Как сквозь землю провалился, куда он ушёл? | |
Маған солай көрінеді. | Мне так кажется. | |
Сіздің мекен-жайыңыз қандай? | Какой у Вас адрес? | |
Мен ренжіткен жандар болса, мені кешіріңдерші. | Если я кого обидел, простите меня.
|
16-17
|
Қанша ұрыссақта, сені қап-қатты жақсы көремін, қырсығым менің. | Сколько бы не ругались мы, я тебя очень сильно люблю, моя упрямица. | |
Ол менің қарсымда отыр. | Он сидит напртив меня. | |
Мен жоқ деп айта салшы | Скажи, что меня нет. | |
Сізді көріп қойды. | Он Вас увидел. | |
Көріп қойды ма? Онда кірсін. | Увидел? Тогда пусть входит. | |
Менде сізге кішігірім кеңес бар. | У меня к Вам есть маленький совет. | |
Тыңдай бергің келеді. | Хочется слушать. | |
Айттым ғой сендерге! | Говорил же я вам! | |
Е, осылай екен ғой! | Вот, оказывается как! | |
Ол барлық шындықты айтып қоя жаздады. | Он чуть не рассказал всю правду.
|
16-18
|
Кезегі түскенде өшімді алармын. | Придёт момент, и я отомщу. | |
Негізі бұл кісіні де түсінуге болады ғой. | В принципе, можно и понять этого человека. | |
Бір адам бәріне үлгере бермейді. | Один человек всё не успеет. | |
Ол барлық жерде болып кетті. | Он побывал во всех местах. | |
Ол сондай көңілді. | Он такой весёлый. | |
Айтатын әңгімем жоқ. | Мне нечего сказать. | |
Мен сізден кейін. | Я за Вами. | |
Сіздің кезегіңіз келді. | Ваша очередь подошла. | |
Сөз Баукеңе беріледі. | Слово предоставляется Бауке. | |
Отырғандар қол шапалақтасты. | Сидящие зааплодировали.
|
16-19
|
О жағын білмедік. | Мы не знали об этом. | |
Ішіп алыпсың ғой, мынау не? | Ты выпил же, что это с тобой? | |
Рас, мен іштім. Бірақ мас емеспін. | Это правда, я выпил. Но я не пьяный. | |
Өкпелеген түріне қарашы! | Ты посмотри на него, обиделся он! | |
Сен сонда отыр, мен осында отырайын. | Ты там садись, а я здесь сяду. | |
Кеттік, бал-шағамыз аштан өлейін деп жатыр. | Идём, а то наши дети с голола умирают. | |
Анашым, далаға шығып ойнайыншы? | Мама, можно мне поиграть на улице? | |
Отыр үйде, не бар көшеде? | Сиди дома, что делать на улице? | |
Маған мынаны айтыңызшы... | Скажите мне это... | |
Көрнекті кісі ме екен? | Это был видный человек?
|
16-20
|
Бойы ұзын ба? | Он высокого роста? | |
Қара шашты, аппақ шөлмектей кісі ғой? | Бледный, с тёмными волосами? | |
Оқиға деп осыны айт. | Вот так история. | |
Сөйткеніміз жөн болар. | Поступить так будет правильно для нас. | |
Ал, сіз өзіңіз не істемексіз? | Сами Вы что намерены делать? | |
Мен қазір 20 минуттан кейін шығамын. | Я сейчас, через 20 минут выйду. | |
Өзіңіз хабардарсыз шығар. | Вы сами, наверное, в курсе. | |
Мазаңызды алсам ғафу етерсіз. | Если беспокою простите меня. | |
Олардың көпшілігі елдің өмірін біле бермейді. | Многие из них не знают жизнь народа. | |
Кез келген адам ажырасу кезінде күйзеліске түседі. | Любой человек при разводе впадает в кризис.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева, 20072025
|