Полезные фразы
Сборник 24
Автор: Рауль Керимбаев
24-01
Адамға қарап керілмейді. | Нельзя потягиваться при людях. |
Біреуге қарап ерін шығармайды. | Нельзя выпячивать губы перед кем-либо. |
Үлкен адам алдында аяқты созып отырмайды. | При старших нельзя сидеть, вытянув ноги. |
Адамға қарап қолды шошайтпайды. | Нельзя указывать руками на людей. |
Саусақты, қолды орынсыз ауызға салмайды. | Нельзя класть без причины пальцы в рот. |
Үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды. | Нельзя переходить дорогу перед старшими. |
Тілді шығармайды. | Нельзя показывать язык. |
Біреуді іздеп жүрсіз бе? | Вы кого-то ищите? |
Сізге кім керек еді? | Кто Вам нужен? |
Он алтыншы аудитория керек еді. | Мне нужна была шестнадцатая аудитория.
|
24-02
Не деген күшті дауыс! | Какой сильный голос! |
Ал енді жуын, шай әзір. | Ну, теперь иди умывайся, чай готов. |
Өткенді еске түсіру. | Воспоминание о прошлом. |
Келер ме екен, әлде алдады ма? | Придёт или обманула? |
Ертеңге қалдырайық. | Оставим на завтра. |
Бір шешімге келе алмай жүрмін. | Мы не можем прийти к одному решению. |
Сен неге сұрап жатырсың? | Ты почему спрашиваешь? |
Кемпір сияқты ақыл айтқан саған жараспайды. | Тебе не идёт быть похожей на старуху, дающую советы. |
Өлтірсең де - түсінбеймін. | Хоть убей - не понимаю. |
Не ойласаң да - өзің біл. | Что хочешь думать - сам знай.
|
24-03
Бәрібір мен айтқанымды жасайсың. | Всё равно сделаешь, как я сказал. |
Қоршаған ортаны таза ұстаймыз. | Окружающую среду содержим в чистоте. |
Не айтсаң, соны істе. | Что говоришь, то и делай. |
Қай жердікісің? | Ты родом откуда? |
Шығыс Қазақстан облысынікімін. | Из Восточно-Казахстанской области. |
Әркімнің жұмбағы бар. | У каждого есть своя загадка. |
Қар жауып тұр. | Идёт снег. |
Мүмкіндік болса, келеміз. | Будет возможность, приедем. |
Жауабын берсеңші. | Дай ответ, пожалуйста. |
Мен не деп едім сізге? | Что я Вам говорил?
|
24-04
Сен қолың бос кезде не істейсің? | Что ты делаешь в свободное время? |
Бізге не болған, қайда кетіп барамыз!? | Что с нами случилось, куда мы катимся?! |
Ұзақ отырдық қой. Мен қайтайын. | Мы долго сидели. Я пойду. |
Онда не болады екен? | Что там будет, интересно? |
Сенің қандай қабілетің бар? | Какие у тебя есть способности? |
Жұмысқа кешігіп қалып жүрме. | Не опоздай на работу. |
Басын кесіп ала ма үндемей отырса. | Если бы он промолчал, ему что голову бы отрезали? |
Ертең не істейсің? | Что будешь делать завтра? |
Мені осы сұрақтар толғандырады. | Меня волнуют эти вопросы. |
Шашымды қидырайын деп едім. | Я хотел бы подстричься.
|
24-05
Тезірек жүрсеңші. | Иди побыстрее, пожалуйста. |
Оны көргім келеді. | Я хочу его видеть. |
Көрсетші! | Покажи! |
Жұмыс таба алмай жүрмін. | Не могу найти работу. |
Жалғызсың ба? | Ты один? |
Ұмыта алмай жүрмін. | Не могу забыть. |
Қолыңнан келсе, жақсылық жаса. | Если можешь делать добрые дела, делай. |
Тамағың тойып жүрсін. | Не будь голодным. |
Өзіңе қара. | Следи за собой. |
Адал бол, ешкімді алдама. | Будь честным, справедливым. Никого не обманывай.
|
24-06
Біреуді орынсыз тілдеме. | Без места не злословь ни о ком. |
Ақша үшін көмектеспе. | За деньги не помогай. |
Өзіңнің жағдайыңды жаса. | Решай свои проблемы. |
Үлкенге орын беріңдер, сөзін бөлмеңдер. | Уступайте место старшим, не перебивайте их, когда они говорят. |
Тоңып қалма. | Не мёрзни. |
Есеңді жіберме. | Не давай себя в обиду. |
Дауласпа, қатты сөз айтпа. | Не спорь, не говори крепких слов. |
Ешқашан жалған сөйлемеңдер. | Никогда не говорите ложь. |
Көшеде түкірме. | Не плюйся на улице. |
Көшеде қақырынып түкірме, ұят болады! | На улице громко откашлявшись, не плюйся, стыдно будет!
|
24-07
Жолымды бөгеме. | Дай мне дорогу. |
Саусағыңды мұрныңа тықпа. | Не ковыряйся пальцем в носу. |
Қонақты жұмсама. | Не заставляй гостей работать. |
Қайыршы және мас адаммен сөйлеспе. | Не разговаривай с пьяными людьми и попрошайками. |
Ертең ұйықтап қалып жүрме. | Не проспи завтра. |
Кімге еліктейсің? | Кому ты подражаешь? |
Арыстандай айбатты. | Грозный как лев. |
Жолбарыстай қайратты. | Сильный как тигр. |
Ерегіспе менімен. | Ты со мной не спорь. |
Олар татуласты. | Они помирились.
|
24-08
Сұлу қыз, қайдан келе жатырсың? | Красавица, откуда идёшь? |
Сен одан да мені тыңда. | Ты лучше меня послушай. |
Өз есеңді ешкімге жіберме. | Себя в обиду не давай. |
Көптен бері айта алмай жүрмін өзіңе. | Уже давно не могу сказать тебе. |
Ұнатамын сені. | Ты мне нравишься. |
Нешедесің? | Сколько тебе лет? |
Ешкім келмеді. | Никто не пришёл. |
Ол ешқандай менің досым емес. | Никакой он мне не друг. |
Бүкіл қаланы аралып шықтым. | Обошёл весь город. |
Бұны білгенде сұрамас едім. | Если бы знал это, не спрашивал бы.
|
24-09
Кейде сізді дұрыс түсінбей қаламын. | Иногда я Вас неправильно понимаю. |
Аптығыңды бас. | Отдышись. |
Сіз сыр сақтай аласыз ба? | Вы можете хранить секреты? |
Саған кім ұйқы бермей жатыр? | Кто тебе спать не даёт? |
Ол тез масайып қалды. | Он быстро опьянел. |
Құдайға шүкір жүріп жатырмыз. | Слава Богу, живём, ходим. |
Айта беріңіз, мені нені қысыласыз. | Говорите, что меня стесняться. |
Қожайын келе жатыр! | Хозяин идёт! |
Сіздің нұсқаңыз да жарайды. | И ваш вариант подойдёт. |
Ашуға бой алдырмаңдар. | Не поддавайтесь гневу.
|
24-10
Шөлдеген жоқсыз ба? | Вы не хотите пить? |
Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды! | Как хорошо, что Вы пришли! |
Осы саған ақыл қашан кірер екен. | Вот когда поумнеешь. |
Болашағыңды ойлайтын кезің келген. | Пришло время тебе подумать о будущем. |
Ал сенің жұмысың мынау сенделіп. | А ты бесцельно ходишь. |
Жай жүрген жоқпын, әпке. | Я зря не хожу, сестра. |
Өзімнің ертеңге жоспарым бар. | У меня есть свои планы на завтра. |
Ал келемін деушілерге есік ашық па? | А для желающих вход свободный? |
Ақша шашқаны басқа білмейсің. | Кроме, как сорить деньгами, другое ничего не знаешь. |
Алдында менен алған ақша қайда? | Где деньги, которые ты брал у меня недавно?
|
24-11
Бір жерің ауырып жүрген жоқ па? | У тебя нигде не болит? |
Соңғы кезде томаға-тұйық боп жүрсіз ғой. | В последнее время вы замкнутая. |
Жас келген сайын сөз да азаяды екен. Сол баяғы кәрілік қой. | С возрастом и слова уменьшаются. Это старость. |
Осында қаласың ба? Әлде бір жаққа барасың ба? | Здесь останешься? Или поедешь куда? |
Қашан болса оны жақтап шыға келесіз. | Вы всегда её защищаете. |
Өзіңіз ойлаңызшы, мен мына жерде не істеймін? | Сами подумайте, что я здесь буду делать? |
Мен тәуелсіз жүрген адаммын. Ешкімге бағынғым келмейді. | Я человек независимый. Не хочу никому подчиняться. |
Көмектесетін адамды тапқан екенсің. | Нашла кого помочь. |
Қой, олай деме. Ұят болады. | Прекращай, так не говори. Потом будет стыдно. |
Мен бәріне де дайынмын. | Я готов ко всему.
|
24-12
Қандай жұмыс болса да істеймін. | Какая бы ни была работа, буду работать. |
Қошақаным сол! | Ягнёночек ты мой! |
Кішкене дем алып алсаңызшы. | Немного отдохните. |
Алдымыз да қыруар жұмыс бар. | Впереди нас много работы. |
Келген тапсырыстарды уақытында дайындамасақ, клиенттердің сенімінен айырыламыз. | Мы лишимся доверия клиентов, если не выполним заказы вовремя. |
Айтқаныңыз дұрыс. | Вы правы. |
Мүмкін, cіздің қасыңызға бір көмекші алармыз. | Может, возьмём Вам помощника. |
Сол кісіні неге шақырмасқа. | Почему бы нам не позвать его. |
Тегін істемейді. Ақшасын береміз. | Бесплатно работать не будет. Заплатим. |
Одан артықты таппайсың. | Лучше её не найдёшь.
|
24-13
Жұмысыма кедергі жасап тұрсыз. Мазаламаңызшы мені. | Вы мешаете мне работать. Не беспокойте меня, пожалуйста. |
Сонша неге мұңайып отырсыз? | Что это вы так грустны? |
Сен мені несіне қызғанасың? | Как ты можешь меня ревновать? |
Басқалары қайда кеткен? | А куда другие ушли? |
Бастары ауған жаққа. | Кто куда. |
Сіз тым көңілсізсіз ғой. | Вы что-то не в духе. |
Зеріктім. Бұдан әрі шыдайтын емеспін. | Надоело. Не могу больше. |
Саған айтуға қорқып жүрмін. | Боюсь тебе сказать. |
Сен шынымен шетелге шығып кетуге бел будың ба? | Ты, действительно, решился уехать за границу? |
Иә, бел будым. | Да. Решился.
|
24-14
Қайда бет алмақсың? | Куда решил направиться? |
Әлде бір қасіретің бар ма шеккен? | Или горе у тебя какое? |
Мен қызғанышсыз махаббатты мойындамаймын. | Я не признаю любви без ревности. |
Қызғанбаған адамда сүйіспеншілік те жоқ. | Кто не ревнует, тот не любит. |
Жоқ, қызғаныш сүйгеніңді сыйламау деген сөз. | Нет, ревность - это неуважение к тому, кого любишь. |
Егер маған сенбесе, мені сүймегені. | Значит, меня не любят, если мне не верят. |
Меніше, қызғаныш дегеніміз махаббат. | По-моему, ревность и есть любовь. |
Сен мені іздедің бе? | Ты меня искала? |
Не бұйырасыз, қызметіңізге әзірмін. | Что прикажете, готов Вам служить. |
Дәу жігіт боп қалыпсың ғой! | Да ты совсем молодец стал! (боп=болып)
|
24-15
Сырт киіміңді шеш. | Сними верхнюю одежду. |
Қарсы емессің бе? | Ты не против? |
Бұл саған сабақ болады. | Это будет тебе уроком. |
Сен шынымен мені сондай сұмдыққа барады деп ойлайсың ба? | Ты серьёзно думаешь, что я способен на такую подлость?! |
Маған айқайламаңыз, сосын "сен" деп сөйлемеңіз. Мен сізге бала емеспін! | Не кричите на меня и не говорите мне ты. Я вам не мальчик! |
Қамықпаңыз, Құдай оңдаса, жақсылықпен бітер. | Не беспокойтесь, Бог даст, всё обойдётся. |
Түкке тұрмайтын нәрсе! | Пустяки! |
Сізге бір кісі сәлем жолдап еді. | Вам один человек передал привет. |
Мінеки! Сыйладым саған, барымен базар деген осы. | Вот! Дарю, что могу, чем богат, тому рад. |
Алдында не күтіп тұрғанын бір Құдайдың өзі ғана біледі. | Что ждёт тебя, один Бог ведает!
|
24-16
Жұмысты тастадым. | Работу я бросил. |
Жоқ, бүйтіп өмір сүруге болмас. | Нет, так больше жить нельзя. |
Көптен бері сенімен сөйлессем деп жүр едім. | Давно хотел поговорить с тобой. |
Иә, мен оның рұқсатынсыз тырп ете алмаймын. | Да, против его воли я никогда не пойду. |
Ренжи көрме, мен шынында да қатты шаршадым. | Не сердись, я, правда, очень устала. |
Биыл менің көрмегенім жоқ қой! | Ведь я слишком много пережила за этот год! |
Таныс болайық. Менің атым Рауль. Сіздің атыңыз кім? | Будем знакомы. Меня зовут Рауль. А вас как? |
Біздің Павлодар еліне келуіңізбен! | С приездом Вас, на нашу Павлодарскую землю! |
Бұл кісінің кім екенін сіздерге айтып берейін. | Я скажу вам, кто есть этот человек. |
Айтқан сөздерімнің барлығы рас. | Я что сказал, всё - правда.
|
24-17
Мен айтқан сөздерімнен бас тартпаймын. | Я не отказываюсь от своих слов. |
Бұрын қайда жұмыс істедіңіз? | Раньше Вы где работали? |
Әлде мен көрмей отырмын, әлде ол жоқ. | Или я не вижу, или его нет. |
Мен сені іздеп жүрсем сен осында екенсің ғой. | Я тебя ищу, а ты здесь, оказывается. |
Қайталап айтайын. | Я повторю. |
Мұны ешкімге айтпай-ақ қой. | Никому об этом не говори, пожалуйста. |
Дұрыстап қарамайсыңдар ма? | Нормально смотреть не можете что ли? |
Ол сізге не үшін қажет? | Зачем это Вам надо? |
Менімен ешкім ойнамайды. | Со мной никто не играет. |
Бұрымыңыз қандай әдемі. Өзіңіздікі ма? | Какая у Вас красивая коса. Своя?
|
24-18
Шын айтып тұрсың ба? | Ты правду говоришь? |
Оны ауызбен айтып жеткізе алмаймын. | Я не могу передать это словами. |
Бізге демеуші керек. | Нам нужен спонсор. |
Мен сені түсінемін. | Я тебя понимаю. |
Мен ешкімге өзімді билетіп қоймаймын. | Я никому не позволю управлять мною. |
Сіз шешім қабылдадыңыз ба? | Вы приняли решение? |
Барлық адам жұмыста. | Люди все на работе. |
Мен сендерді жоқ қылып жіберемін. | Я вас уничтожу. |
Оған бауыр бастым. | Я привык к ней. |
Бекерден-бекер пышақтамайды. | Без оснований никто не режет.
|
24-19
Қазір кім ажыраспай жатыр? | Кто сейчас не разводится? |
Маған айтшы, сен оған қандай жақсылық жасадың? | Скажи мне, что ты сделал для неё хорошего? |
Бірақ бұл көпке созылмайды. | Но это так долго продолжаться не может. |
Біздің көршіміз жақсы адам. | Наш сосед хороший человек. |
Кешке қарай қай жерде қыдырасың? | Где тусуешься по вечерам? |
Такси шақыртып бересің бе? | Ты сможешь вызвать такси? |
Сіз ештеңе сезбейсіз. | Вы ничего не почувствуете. |
Оқу туралы айтпа. | Не говори об учебе. |
Ақша мәселесі жоқ. | Проблем с деньгами нет. |
Мен көрмей тұрмын. Көзілдірігім жоқ. | Я не вижу. У меня нет очков.
|
24-20
Бәрі орындалды. | Всё сделано. |
Ол мені үйге жеткізіп тастайды. | Он меня довезёт до дому. |
Сен анау қызды танисың ба? | Ты знаешь ту девушку? |
Бұдан артық жұмыс таба алмаспым. | Лучше работу мне не найти. |
Бұл - жалған ақпарат. | Это ложная информация. |
Қашан келіп ең? | Когда приехал? (ең=едің) |
Енді қайтейін, Құдай-ай... | И что мне теперь делать, Боже мой... |
Не мақсатпен? | С какой целью? |
Алло, естілмейді! Қайта звондаңызшы, естілмей тұр. | Алло, не слышно! Перезвоните, пожалуйста, не слышно. |
Автожауапкерге өзіңіздің хабарыңызды айтыңыз. | Оставьте сообщение на автоответчик.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева, 20072024
|