Полезные фразы
Сборник 42
Автор: Рауль Керимбаев
42-01
|
Үлгеремін, әлі уақыт бар. | Успею, ещё время есть. | |
Кезексіз кіруіме бола ма? | Можно мне зайти без очереди? | |
Мен саған есеп беруге тиісті емеспін. | Я не обязан отчитываться перед тобой. | |
Олар татуласады, ал зардап шегетін сен боласың. | Они помириться, а пострадаешь ты. | |
Біз оны бағаламадық. | Мы его недооценили. | |
Ойымды жинақтап алайыншы. | Дайте мне собраться с мыслями. | |
Жол апатына түсті ме? | Он попал в аварию? | |
Ерте ме, кеш пе білерсің. | Рано или поздно, ты узнаешь. | |
Не болды саған? | Что с тобой? | |
Басқада менің не шаруам бар? | Какое мне дело до других?
|
42-02
|
Бұдан бұлай бұл болмасын! | Чтобы больше этого не было! | |
Сен не деген сараң адамсың. | Какой же ты жадный человек. | |
Ал сен не естідің? | А ты что слышал? | |
Басқа ештеңе деген жоқпын. | Другое я ничего не говорил. | |
Мен сенің арам ниетіңді білемін. | Я знаю твои зло намерения. | |
Сен неге бұлай өзгеріп кеттің? | Ты почему так изменился? | |
Сен мұнда он жыл болған жоқсың! | Ты десять лет здесь не был! | |
Жай ғана жаңалық оқып отырмын. | Просто читаю новости. | |
Қызық бір нәрсе бар ма? | Есть что-то интересное? | |
Сол баяғы жаңалықтар. | Всё те же обычные новости.
|
42-03
|
Мен ашудан қалшылдап тұрмын. | Меня трясёт от злости. | |
Неге мені сонша азапқа саласың? | Зачем ты меня так мучаешь? | |
Уақыт оздырмайық. | Не будем опережать время. | |
Сорыма қарай. | К моему несчастью. | |
Мен бұл сұрақты жайдан-жай қойған жоқпын. | Я непросто задавал этот вопрос. | |
Алынған ақша көпке жетпеді. | Полученных денег хватило ненадолго. | |
Ол бақытты адам кім? | Кто этот счастливчик? | |
Сіз таңғалмаңыз. | Вы не удивляйтесь. | |
Сен маған айтып тұрмысың? | Ты мне говоришь? | |
Естіп тұрмысың сен мені? | Ты слышишь меня?
|
42-04
|
Сен неге бүгін келмедің? | Ты почему сегодня не пришёл? | |
Сен мысықтарды жақсы көресің бе? | Ты любишь кошек? | |
Мен ешкімге ештеңе тиіс емеспін. | Я никому ничего не должен. | |
Мен ол үшін ешкім емеспін. | Я для него никто. | |
Саған бұның қандай айырмашылығы бар? | Какая тебе разница от этого? | |
Жеңілдеп қалдың ба? | Тебе легче стало? | |
Маған дауыс көтерме. | Не повышай на меня голос. | |
Мен сен үшін өмірімді беруге дайынмын. | Я готов за тебя жизнь отдать. | |
Қалғанына түкіргенім бар. | На остальное мне наплевать. | |
Мен мұндайға лайық емеспін. | Я не достоин этого.
|
42-05
|
Ерігіп отырмын. | Скучаю от безделья. | |
Мен сенен бір нәрсе сұрайын деп едім. | Я бы хотел у тебя кое-что спросить. | |
Қыдырып жүрген шығар. | Наверное, гуляет. | |
Іші пысып жүр ғой. | Ему же скучно. | |
Обал өзі! Ол махаббаттың қасіретін шегіп жүр. | Жалко его! Он сильно горюет от любви. | |
Сол бір сұмдықты қалай ұмытар екен? | Как он забудет этот кошмар? | |
Кетейін бе? | Мне уйти? | |
Неге сонша қобалжыдың? | Почему так взволновался? | |
Қазір бәрін айтамын. | Я сейчас всё расскажу. | |
Қалайсың ба, жоқ па, бәрі бір барамын. | Желаешь ли ты, или нет, но я всё равно пойду.
|
42-06
|
Аман болыңыздар, жақсыларым. | Будьте здоровы, мои хорошие. | |
Сені аядым, түсінесің бе? | Я пожалел тебя, понимаешь? | |
Дұрыс келе жатырмыз ба? | Мы правильно едем? | |
Неміс тәртібі. | Немецкий порядок. | |
Білгің келіп бара ма? | Ты хочешь узнать? | |
Ішім пісіп жатыр. | Мне скучно. | |
Сен менің үйімді шошқа қораға айналдырдың ғой. | Ты превратил мой дом в свинарник. | |
Жиіркеніштісің. | Ты отвратительный. | |
Ол байлыққа малынып жүр. | Он купается в роскоши. | |
Сенің көңіліңді көтеру үшін не істерімді білмей тұрмын. | Я не знаю, что делать, чтобы поднять тебе настроение.
|
42-07
|
Сағат бесте толғақ басталды. | В пять часов начались схватки. | |
Біз мұндай мүмкіндіктен бас тартпаймыз. | Мы не откажемся от такой возможности. | |
Көптен бері қолым тимей жүр еді. | Всё некогда мне было. | |
Сенің алдыңнан кінәлімін. | Я виноват перед тобой. | |
Әрі қадамды ойланып бас. | Обдумывай каждый свой шаг. | |
Тек ертең өкініп қалмасаң болды. | Лишь бы завтра не пожалел. | |
Сіздерге бөгет болып келмедім. | Я не хотел вам мешать. | |
Бүгін бізді немен қуантасың? | Сегодня чем нас порадуешь? | |
Соңғы кезде көп сөйлеп кеттің. | В последнее время стал много говорить. | |
Ол қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлейді. | Он свободно говорит на казахском и русском языках.
|
42-08
|
Қайдан келіп қалдыңыздар? | Откуда вы приехали? | |
Мен оны қалай байқамағанмын? | Как я это не заметил? | |
Жаңбыр әлі жауып тұр ма? | Дождь ещё идёт? | |
Қасқырша ұлығым келеді. | Хочется выть по волчьи. | |
Мен тіптен ондай емеспін. | Я совсем не такая. | |
Жоқ сондайсың. | Нет, такая. | |
Мен әлі сендей сұлу қызды көргенім жоқ. | Я такую красивую ещё не видел. | |
Бүгіннен бастап бәрі жақсы болады. | С сегодняшнего дня всё будет хорошо. | |
Неге аяқ астынан бүгіннен бастап? | Почему неожиданно с сегодняшнего дня? | |
Сіз әлі ренжіп жүрсіз бе маған? | Вы до сих пор обижены на меня?
|
42-09
|
Бәрібір қайтып ораламын. | Всё равно всё время возвращаюсь. | |
Біздің арамызда ештеңе болған жоқ. | Между нами ничего не было. | |
Ал айта бер, кім ол жігіт? | Ну, рассказывай, кто этот парень? | |
Біз кеше кішкене керісіп қалдық. | Мы вчера слегка повздорили. | |
Тыныш отыр. | Сиди тихо. | |
Сабағына кетті. | Он ушёл на занятия. | |
Баласы аузынан түсіп қалғандай екен. | Сын похож на него, как две капли воды. | |
Іш пысқандықтан. | От скуки. | |
Сенің туған жерің қай жер? | Ты родом откуда? | |
Менің туған жерім Алматы қаласы. | Я родился в городе Алматы.
|
42-10
|
Сен қатты азып кеттің. | Ты сильно похудел. | |
Сен мына әдетті таста! | Ты брось эту привычку! | |
Дауыс неткен әдемі, жүректі тебірентеді. | Какой красивый голос, трогает сердце. | |
Ешқандай ұялмастан. | Без всякого стеснения. | |
Бұл іс жөнінде талас туды. | По этому делу возник спор. | |
Әйел халық сондай. | Женщины такие. | |
Қуана беріңіз. | Радуйтесь. | |
Енді қол қусырып отырамыз ба? | Теперь мы будем сидеть сложа руки что ли? | |
Жаңбыр бізге кедергі бола алмайды. | Дождь не будет нам помехой. | |
Құдайға шүкір, зейнетақымыз өзімізге жетеді. | Слава Богу, пенсии нам хватает.
|
42-11
|
Мен де келіспеймін. | Я тоже не согласен. | |
Мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. | Знание государственного языка - это веление времени и необходимость в обществе. | |
Жылама, жылағаннан не пайда? | Не плачь, слезами разве поможешь? | |
Елге күлкім болдым ғой. | Стал посмешищем для людей. | |
Оған қалай айтамын? | Как я ему скажу? | |
Әзірге бұл жақтың ауа райына үйрене қоймадым. | До сих пор никак не могу привыкнуть к здешней погоде. | |
Өте жақсы айттыңыз. | Очень хорошо сказали. | |
Енді ғана түсіндім. | Теперь только я понял. | |
Бәсе солай айтпайсың ба! | Ну, вот, так бы и сказал! | |
Сен қай елде болдың? | Ты в каких странах был?
|
42-12
|
Ақырын айтсаң да болады ғой. | Мог бы и спокойно сказать. | |
Әрине, мен келуге тырысып көремін. | Конечно, я постараюсь прийти. | |
Басыма ештеңе келер емес. | В голову ничего не приходит. | |
Онымен өзің сөйле. | С ним сам поговори. | |
Олай деуге еш негіз жоқ. | Нет никаких оснований так говорить. | |
Осы «аурудан» құтылуымыз керек. | Нам нужно избавляться от этой «болезни». | |
Аяулы ханымдар! | Милые дамы! | |
Көзге көрінбейтін адам. | Человек-невидимка. | |
Менің өтінішімді жерге тастамаңызшы. | Не оставьте мою просьбу без внимания, пожалуйста. | |
Мен түс көріп тұрмын ба, әлде сен шынымен бізге келіп тұрсың ба? | Я вижу сон, или ты, действительно, к нам приехал?
|
42-13
|
Бізге бәрін реттеу керек. | Нам нужно всё привести в порядок. | |
Оған көңіл бөліп жатырмысың? | Ты уделяешь ему внимание? | |
Әрине, оған көңіл бөлемін. | Конечно, я уделяю ему внимание. | |
Қазір өзің бәрін түсінесің. | Сейчас сам всё узнаешь. | |
Кезекпен жауап берейін. | Отвечаю по порядку. | |
Мен қазір сөйлесетін ешқандай шамам жоқ. | Я сейчас не в состоянии говорить. | |
Кешіріңіз, мен Сізге ешқандай уәде берген жоқпын. | Извините, но я никого обещания Вам не давал. | |
Жарайды, есіңе салайын. | Ладно, я запомню. | |
Көпке келдің бе? | Ты надолго приехал? | |
Қазіргі белгісіз. | Пока неизвестно.
|
42-14
|
Біз алдында дұрыс сөйлесе алмадық. | Мы в прошлый раз толком не поговорили. | |
Ұзақ отырып қалдым ғой. | Засиделся же я, однако. | |
Ол өкініп жүр. | Он сожалеет. | |
Негізінде, мен келісемін. | В основном, я согласен. | |
Ойлануға маған біраз уақыт беріңізші. | Дайте, пожалуйста, мне немного времени подумать. | |
Саған күшті жарасып тұр. | Тебе очень идёт. | |
Саған айта салуға оңай. | Тебе легко сказать. | |
Не үшін ол жасырды? | Зачем он скрыл? | |
Бұрын неге байқамағанмын? | Почему я раньше не замечал? | |
Тапқан екенсің ғой. | Нашёл всё-таки.
|
42-15
|
Біз демалыста қайда баратынымызды талқылып жатыр едік. | Мы обсуждали, куда поедем на выходные. | |
Қайда барғыларың келсе, сонда барамыз. | Куда хотите поехать, туда и поедем. | |
Мүмкін сен қандай да бір кеңес берерсің? | Может ты нам что-нибудь посоветуешь? | |
Мен кез келген шешіміңді қабылдаймын. | Я приму любое твоё решение. | |
Кім еді ол өзі? | Да кто он такой? | |
Кім келген бізге, қарай гөр. | Ты только посмотри, кто к нам пришёл. | |
Көңілімді қайтарма. | Не огорчай меня. | |
Олар бір-бірін көре алмайды. | Они ненавидят друг друга. | |
Қапа болма. | Не унывай. | |
Ақырындап дайындалып жатырмыз. | Мы потихоньку готовимся.
|
42-16
|
Мен бәрін ойластырып қойдым. | Я всё продумал. | |
Саған бір өтінішім бар еді. | У меня к тебе есть просьба. | |
Шамасы, тағдыр бізге көрісуді жазбаған. | Видать не судьба нам увидеться. | |
Сен менен бірдеңе жасырып жүрген сияқтысың? | Ты что-то от меня скрываешь? | |
Ештеңені жасырып жүрген жоқпын. | Ничего я не скрываю. | |
Көңіл-күйің жақсы ма? | Настроение у тебя хорошее? | |
Сені оятқым келмеді. | Я не хотел тебя будить. | |
Өтінемін, ештеңе сұрамашы. | Прошу тебя, ничего не спрашивай, пожалуйста. | |
Ол уақытында үлгеріпті. | Он успел вовремя. | |
Мен де ойланып көрейін. | Я тоже подумаю.
|
42-17
|
Саған қашан уәде беріп едім? | Когда я тебе обещал? | |
Онымен қалай танысып едіңіз? | Как Вы с ним познакомились? | |
Онымен қалай танысқанымыз есімде емес. | Я не помню, как мы с ним познакомились. | |
Меніңше, бұл артық болды. | По-моему, это было лишним. | |
Мен алдыма мақсат қойдым. | Я перед собой поставил цель. | |
Абайла, киіміңді ластап алма. | Будь осторожен, не испачкай одежду. | |
Айттың не, айтпадың не, ештеңе түсінбейді. | Ему что говори, что не говори, ничего не понимает. | |
Кешке келген соң сөйлесеміз. | Поговорим вечером, когда ты придёшь. | |
Ертеңге дейін ойлан. | Подумай до завтрашнего дня. | |
Баяулау айтыңызшы. | Скажите, пожалуйста, медленнее.
|
42-18
|
Иә, бұл осылай болған. | Да, это было так. | |
Ол менің қатем. | Это моя ошибка. | |
Табысты бағу үшін көп жұмыс істеу керек. | Чтобы добиться успеха, нужно много поработать. | |
Бұл түнді қалай өткізерімді білмеймін. | Не знаю, как переживу эту ночь. | |
Тұңғыштарыңның бауы берік болсын, тек жақсылық әкелсін. | Поздравляю вас с первенцем, пусть он принесёт всё хорошее. | |
Сізге осылай істеуге болады. | Вам можно сделать так. | |
Сізді мерекеңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз! | Разрешите поздравить Вас с праздником! | |
Дүкеніміздің қадірлі қонақтары! | Уважаемые гости нашего магазина! | |
Павлодарда бүгін ауа райы тамаша. | В Павлодаре сегодня погода прекрасная. | |
Бауырым, нәр татпағаныма екі күн болды. Тиын-тебенің болса, тастап кетші. | Брат, уже два дня прошло, как я не пробовал еды. Если есть мелочь, оставь их мне.
|
42-19
|
Сен пақырсың ба? | Ты нищий что ли? | |
Сен үшін мен ештеңе де аямаймын! | Для тебя мне ничего не жалко! | |
Менің бұйрығым бойынша атыңдар. | Стрелять по моему приказу. | |
Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас командир! | Разрешите доложить, товарищ командир! | |
Баяндаңыз. | Докладывайте. | |
Берілген тапсырма орындалды. | Задание выполнено. | |
Қолымнан келгеннің бәрін істедім. | Я сделал всё, что мог. | |
Сіздерде еттарткыш бар ма? | У вас есть мясорубка? | |
Қарыз қайтарумен ғанибет. | Долг платёжом красен. | |
Келіп кетші. | Зайди, пожалуйста.
|
42-20
|
Сен және сенің құқықтарың. | Ты и твои права. | |
Өз құқығыңды білу міндетің! | Знай своё право! | |
Конституцияны білу - Ата Заңды құрметтеу. | Знание Конституции - уважение Основного Закона. | |
Ағылшын тілі курсы. | Курсы английского языка. | |
Біріншіден, "сен" емес "Сіз". Бір-бірімізді танымаймыз. | Во-первых, не «ты», а «Вы». Мы с Вами не знакомы. | |
Енді-енді өзіме келе бастадым. | Я только-только начал приходить в себя. | |
Кешіріңіз, Сіз кімсіз? | Извините, кто Вы? | |
Ештеңе көріп тұрған жоқпын. | Я ничего не вижу. | |
Есік ашық, мен ешкімді ұстамаймын. | Дверь открыта, я никого не держу. | |
Екеуіміз арамызда ешқандай байланыс жоқ. | У меня с ним нет никакой связи.
|
Корректор: Татьяна Валяева
|