Полезные фразы
Сборник 20
Автор: Рауль Керимбаев
20-01
|
Мен қалай да Парижге барамын. | Я в любом случае поеду в Париж. | |
Әй, қой енді, әйтпесе желкеңді қиям. | Эй, прекращай, а то я уничтожу тебя. | |
Аңдығаныңды қашан қоясың осы? | Вот, когда же ты прекратишь следить? | |
Бүгін уәделі жерде жолығайық | Давай сегодня встретимся в условленном месте. | |
Жай әншейін сені көргім кеп кетті. | Просто тебя хотел увидеть. | |
Беті-қолыңды жу. | Помой лицо, руки. | |
Егер бірдеңе қажет болса, ұялмай өзіме кел. | Если что понадобится, не стесняйся, заходи ко мне. | |
Бәленің бәрі мына сенен шығады. | Вот все неприятности от тебя исходят. | |
Ол болмайтын ырым. | Такой приметы нет. | |
Қайтер екен енді? | Интересно, как он поступит теперь?
|
20-02
|
Сол арманыма бүгін, міне, жетіп отырмын. | Эту свою мечту, вот, я сегодня достиг. | |
Сен мені пышақсыз кескілеп тұрсың ғой. | Ты же меня без ножа режешь. | |
Мен өзім білем не істейтінімді, аулақ жүріңіз. | Я сам знаю, что мне делать, идите прочь. | |
Жүре аласыз ба? | Вы можете идти? | |
Сол кісінің арқасында осы күнге жеттік қой | Благодаря этому человеку мы дожили до сегодняшних дней. | |
Не деп сыбырласып жатырсыңдар? | О чем вы шепчетесь? | |
Сіздерді сағынып кеттім де, амандықтарыңызды біліп қайтайын деп келдім. | Я соскучился по вам, поэтому пришёл, чтобы узнать, что вы живы-здоровы. | |
Тастап салмайсыз ба? | А не выбросить ли Вам это? | |
Бұл ақылға қонбайды. | Это немыслимо. | |
Іс насырға шапты. | Дело принимает плохой оборот.
|
20-03
|
Әрі қарай не болмақ? | Что будет дальше? | |
Не болушы еді? | А что может быть? | |
Мүмкін бәрін өз қалпында қалтырармыз. | Может, всё оставим как есть. | |
Бұны қалай түсінуге болады? | Как это надо понимать? | |
Болды, жалғастырма. | Всё, не продолжай. | |
Әзірге бірдеңе деуге ертерек. | Пока рано что-то говорить. | |
Екеуіне да рақмет! | Вам обоим спасибо! | |
Қалай, ішің пысқан жоқ па? | Как ты, не скучаешь? | |
Болашаққа бағдар. | Взгляд в будущее. | |
Сендерге не болды? | Что с вами случилось?
|
20-04
|
Көнбеймін! Өлтірсеңіз де көнбеймін! | Не повинуюсь! Убейте, но я не повинуюсь! | |
Тіліңді кесейін бе осы? | Отрезать тебе язык что ли? | |
Еңкейші бері, құлағына бірдеңе айтайын. | Наклонись-ка, я скажу тебе кое-что на ушко. | |
Тәйт әрі! Күпір сөйлеме. | Цыц! Не говори неправоверно. | |
Шыдай алмай кеттім. | Я не выдержал. | |
Айтып ем ғой. | Я же говорил. | |
Сені есік алдында бір кісі шақырып тұр. | Тебя один человек зовёт, он у дверей. | |
О кім? | Кто это? | |
Шықсаң көресің ғой. | Выйдешь и увидишь. | |
Бар, бар! Шаруасы бар кісі шығар. | Иди, иди. Наверное, человек по делу пришёл.
|
20-05
|
Ой, о кім болды екен? | Ой, кто бы это мог быть? | |
Солай деңіз. | Вот так, значит. | |
Иә. Солай. | Да. Так. | |
Сөгіс алып шықтым. | Я выговор получил. | |
Сен отыра тұр, әңгіме бар. | Ты останься, есть разговор. | |
Өкіл ертіп жібереміз. | Мы отправим представителя. | |
Ойымыз да, бойымыз да ешкімнен кем емес. | Умом и ростом мы ничем не хуже других. | |
Сен өзің қызық екенсің. | Ты такой странный. | |
Біз не бүлдіріп қойдық сонша?! | Что мы такого натворили?! | |
Біздің жазығымыз не? | В чём наша вина?
|
20-06
|
Сендер неге көмектеспейсіңдер? | Вы почему не помогаете? | |
Қорқытып отырған жоқпыз, ескертіп отырмыз. | Мы не пугаем, предупреждаем. | |
Барлықтарыңызды күтеміз! | Ждём всех! | |
Әй, сен бірдеңе жоғалттың ба? Не іздеп жүрсің? | Эй, ты что-то потерял? Что ищешь? | |
Адамдардың көзіне қарауға ұяламын, түсінесің бе? | Людям стыдно смотреть в глаза, ты понимаешь? | |
Жалғыз сенің басыңнан өткендей. | Будто ты первая, с кем это произошло. | |
Бәрі бір-біріне опасыздық жасайды. | Все друг другу изменяют. | |
Содан кейін түк болмағандай жүре береді | После чего ходят, как ничего не бывало. | |
Мен бәрі емеспін. | Я не все. | |
Мен бұған шыдай алмаймын. | Я этого не выдержу.
|
20-07
|
Енді қайтемін? | И что мне теперь делать? | |
Ешкім ештеңе білмейді. Уайымдама. | Никто ничего не знает. Не переживай. | |
Сендердің отбасыларың келіспей қалды, сонымен айырылысып кеттіңдер. | Ваши семьи не поладили, и вы расстались. | |
Мен ренжіп қалуым мүмкін. | Я могу обидеться. | |
Біз күн сайын сені көріп сүйсініп отыруға үйреніп қалыппыз. | Мы привыкли каждый день любоваться тобой. | |
Мен жақсымын. | Я в порядке. | |
Менің күдігімді ұлғайтып жібердің ғой. | Ты увеличила мои сомнения. | |
Мен айтып едім ғой дегіңіз келіп отыр ма? | Вы хотите сказать, что вы, мол, говорили? | |
Біздің өркендеуімізге мүмкіндік береді. | Это даёт возможность нашему развитию. | |
Жобаның үйлестірушісі сен боласың. | Ты будешь координатором проекта.
|
20-08
|
Оған несіне таңданасың? | Чему ты удивляешься? | |
Мен сені өлтіремін. | Я тебя убью. | |
Көшеге бір қадам жасап көрші, мен сені өлтіремін. | Попробуй сделать шаг на улицу, и я тебя убью. | |
Маған қарсы келесің бе? | Ты смеешь мне перечить? | |
Жоқ дедім. Дәтің бармайды. | Нет, - я сказала. Ты не посмеешь. | |
Біз сені тым еркелетіп жібердік. | Мы тебя сильно избаловали. | |
Бұл менің соңғы сөзім. | Это моё последнее слово. | |
Сен өзіңді кіммін деп отырсың? | Кем ты себя возомнила? | |
Демалысқа да уақыт таба аламын. | И на отдых нахожу время. | |
Қандай жәрдем керек? | Какая помощь нужна?
|
20-09
|
Шаруаңыз қалай жүріп жатыр? | Как идут Ваши дела? | |
Сен әдейі істедің бе? | Ты специально сделал? | |
Тағы сұрағың бар ма? | У тебя ещё есть вопросы? | |
Барам десең бар. | Если ходишь сходить, сходи (съездить). | |
Енді сұрағым жок. | Теперь вопросов нет. | |
Сен неге сенделіп жүрсің. | Ты что слоняешься (шатаешься) без дела? | |
Өтуге бола ма? | Можно пройти? | |
Сен не істейсің ол жақта? | Что ты там будешь делать? | |
Бір сұрақ бар. Жауап бере аласың ба? | Есть один вопрос. Сможешь ответить? | |
Тырысып көремін. Сұраңыз! | Постараюсь. Спрашивайте!
|
20-10
|
Осындай да адам болады екен. | И такие люди бывают. | |
Үйімізде тіске басатын бір үзім нан да жоқ. | У нас в доме нет даже кусочка хлеба. | |
Науқас кісіге күлкі де көмек. | Больному человеку и смех помогает. | |
Сізге күш беретін не нәрсе? | Что Вам придаёт силы? | |
Сіздіңше, адам қандай болуы керек? | По-Вашему, каким должен быть человек? | |
Заман не боп бара жатыр? | Куда катится мир? | |
Сіз болмасаңыз мен не істер едім? | Чтобы я делал, если не было бы Вас? | |
Мен оны баяғыдан бері көрмедім. | Я его давно не видел. | |
Мынауңыз дұрыс емес. | Вот это неправильно с Вашей стороны. | |
Маңызды жұмысымен келдім. | Я пришёл по важному делу.
|
20-11
|
Маған қояр сұрағыңыз бар ма? | У Вас есть ко мне вопросы? | |
Бұдан кейін мына мәселені жабайықшы. | С этого момента давайте закроем эту тему. | |
Басқалар да қателеседі, өздерінен періште жасамасын. | Другие тоже ошибаются, пусть не ставят из себя ангелов. | |
Ал өз қателігіңді мойындайтын болсаң, жеңілдеп қаласың. | А если ты признаешь свои ошибки, тебе будет легче. | |
Мен бұл өмірімде жағымпаздардың талайын көргенмін, бірақ сен сияқты таба алмайсың. | Я много в своей жизни видел подлиз, но таких, как ты не найти. | |
Егер жағымпаздардың әлем чемпионатын ұйымдастыратын болса, сен сөзсіз тұрақты чемпион боласың. | Если будет организован чемпионат мира по подхалимству, то ты, без слов, будешь чемпионом. | |
Бәрі мырза болып алған. | Все стали господами. | |
Сен маған бұйырып сөйлеме. | Ты со мной не говори в приказном тоне. | |
Әйтпесе, үйден қуып шығарамын. | Иначе, я выгоню тебя из дома. | |
Қуып көр. | Попробуй выгнать.
|
20-12
|
Далада ұйықтасам да, сенің сөзіне ермеймін. | Даже если я буду спать на улице, я тебе не подчинюсь. | |
Жаман ойлағанды доғар. | Прекращай думать о плохом. | |
Бәрінің назары бізде. | Все наблюдают за нами. | |
Қоғамыңа түкіргенім бар. | Плевать я хотел на твоё общество! | |
Неге ұйықтамағансың? Кеш болды. Жат. | Почему не спишь, уже поздно, ложись. | |
Не болса, сол болсын. | Будь, что будет. | |
Тараптар келісімге келді. | Стороны пришли к соглашению (юр.) | |
Біз әлі ештеңе білмейміз. | Мы ещё ничего не знаем. | |
Мен оны деңгейіне түсе алмаймын. | Я не могу опуститься до её уровня. | |
Бұдан былай қинама өзіңді. | В дальнейшем не мучай себя.
|
20-13
|
Енді не болмақ? | И что теперь будет? | |
Ол маған не істей алады? | Что она мне может сделать? | |
Бақыттан басым айналып жүрді. | От счастья голова кружилась. | |
Сенің пікірің білгім келіп тұр. | Я хочу узнать твоё мнение. | |
Маған автограф бере аласың ба? | Ты дашь мне автограф? | |
Қайталап сұраймын. | Еще раз спрашиваю. | |
Неге ылғи қарға сияқты қарқылдайсың осы сен? | Почему ты каркаешь всё время, как ворона? | |
Олар бала емес пе? | Они разве не дети? | |
Бала емес, бәле. | Не дети, а беда. | |
Сіз ең басты нәрсені түсінбейсіз. | Вы не понимаете самого главного.
|
20-14
|
Мүмкің өз шешіміңізді өзгертерсіз? | Может быть, вы измените своё решение? | |
Бұл болашақ үшін өте маңызды мәселе. | Это очень важный вопрос для будущего. | |
Біз ештеңе алмаймыз. | Мы ничего не берём. | |
Онда не істедің? | Что ты там делал? | |
Сенің жұмысың қанша? | А твоё какое дело? | |
Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас лейтенант. | Разрешите доложить, товарищ лейтенант. | |
Совет Одағына қызмет етемін! | Служу Советскому Союзу. | |
Мен солдатпын. Мен бұйрыққа бағынамын. | Я солдат. Я подчиняюсь приказам. | |
Менен жауынгерлік сәлем айтып барыңыз. | Передавайте от меня боевой привет. | |
Неге шақырып жатыр? | Зачем вызывает?
|
20-15
|
Түсінікті ме саған? | Понятно тебе? | |
Сіздің бұйрығыңыз бойынша келдім, жолдас полковник. | Товарищ полковник, прибыл по Вашему приказанию. | |
Жүрегім дауаламайды. | Я не осмеливаюсь. | |
Сөйлесе беріңдер, мен бөгет болмаймын. | Разговаривайте, я не буду мешать. | |
Енді ол кісіге сенбегенде кімге сенеміз? | Если такому человеку не верить, то кому верить? | |
Бір сөз айтсам ренжімейсің бе? | Если что скажу, не обидишься? | |
Енді дыбыстарыңды естісем менен жақсылық күтпеңдер. | Если ещё услышу, что шумите, не ждите от меня добра. | |
Мен сізден жауап күтіп отырмын. | Я жду от Вас ответа. | |
Паналайтын жер бар ма? | Есть ли место, где можно укрыться? | |
Шаршаған жоқсыңдар ма? | Вы не устали?
|
20-16
|
Соншалықты өзіңді төмендетпесеңші. | Не унижай так себя. | |
Қалай, ішіңіз пыспай ма бұл жерде? | Как, не скучно Вам здесь? | |
Ішім пысып мен еріккен адам дейсің бе? | Хочешь сказать, что я похож на избалованного, скучающего человека? | |
Неден қорқып жүрсің? | Чего ты боишься? | |
Тамақ сұрап тұрған жоқ қой, тұра берсін. | Кушать же не просит, пусть стоит. | |
Қай жаққа кетіп барасыз? | Куда Вы идёте (едете)? | |
Қалағандарыңды істей беріңдер. | Делайте, что хотите. | |
Сенбе оған. | Не верь ему. | |
Сосын не болыпты? | Что было потом? | |
Көп боласың ба? | Ты надолго?
|
20-17
|
Ол өзіңізге байланысты. | Это зависит от Вас. | |
Сізге бәрінeн дe бұрын қандай музыка ұнайды? | Какая же музыка вам больше всего нравится? | |
Әзірше ешнәрсе айта алмаймын. | Пока ничего не могу сказать. | |
Мен келгенше, сен үйде отыр. | Пока я не приду, сиди дома. | |
Сiз алысқа барасыз ба? | Вы далеко едете? | |
Онша алысқа емес. | Не так далеко. | |
Кешіріңіз, сөзіңізді бөлейін. | Извините, я Вас перебью. | |
Қалай ұйықтадыңыз? | Как спали? | |
Бізде көптен болмадыңыз ғой. | Давно Вы у нас не бывали. | |
Қай әнді айтамыз? | Что мы будем петь?
|
20-18
|
Ә, айтпақшы, сіздерді таныстырып қояйыншы. | Ах, да, позвольте вас познакомить. | |
Бірде болмаса, бірде айтып берермін. | Я расскажу как-нибудь. | |
Сағат үшке дейін боспын. | Я свободен до трех часов. | |
Ауа райы сондай керемет. Солай емес пе?! | Какая прекрасная погода! Не правда ли? | |
Отыр, әкіреңдемей! | Сиди, не заносись! | |
Мұнда көптен бері тұрасыз ба? | Давно здесь живёте? | |
Ол кісімен қарым-қатынастарыңыз қандай? | Какие у Вас отношения с этим человеком? | |
Мен тағдырға сенетін адаммын. | Я человек, верящий в судьбу. | |
Ой-бай, сіз екенсіз ғой. | Ой, это Вы? | |
Неге кетуім керек? | Почему я должен уходить?
|
20-19
|
Кетпеймін дедім бе, кетпеймін! | Я сказал, не уйду, значит, не уйду! | |
Мен ешкіммен жарысып жүрген жоқпын. | Я ни с кем не соревнуюсь. | |
Е, келіп қалдың ба? | А, пришёл? | |
Бұл оқиға өте қызық. | Это очень интересный случай. | |
Бекер айтқан екем. | Зря я сказал. | |
Оны кімнен естідің? | Ты это от кого услышал? | |
Мен үйге бүгін кешігіп барамын. | Я сегодня приду домой поздно. | |
Сен неге қашып барасың? | Ты почему убегаешь? | |
Бүгін бір нәрсеге көз жеткіздім. | Сегодня я убедился в одной вещи. | |
Мен бәрін білемін. | Я всё знаю.
|
20-20
|
Дауыс шыққан жерге қарадым. | Я посмотрел откуда раздался голос. | |
Қашанғы солай болады? | До каких пор так будет? | |
Еңсеңді түсірме. | Не падай духом. | |
Бүгін жаңбыр жауады. | Сегодня будет дождь. | |
Не істерімді білмей абдырап қалдым. | Я растерялся и не знал, что делать. | |
Егер кешіксем, сондағы ашық дәмханаға кіріп шай ішіп, тырп етпей отырыңыз. | Если опоздаю, зайдите там в кафе, и не сходя с места, сидите и пейте чай. | |
Келгеніңізге көп болды ма? | Давно ли Вы здесь? | |
Мен келгелі көп болды. | Я давно пришёл (дословно: Прошло много времени с тех пор, как я пришёл). | |
Мен келгенде сен үйде жоқсың. | Когда я пришёл, тебя не было дома. | |
Содан бері осындамын. | С тех пор я здесь.
|
Корректор: Татьяна Валяева
|