Полезные фразы
Сборник 33
Автор: Рауль Керимбаев
33-01
|
Періштем менің. | Мой ангел. | |
Айтуға аузым бармайды. | Не могу сказать. | |
Мен сені өлтірем, ұқтың ба? | Я тебя убью, ты понял? | |
Біз өзіміз тындырамыз. | Мы сами справимся. | |
Сен бара бер, мен қуып жетемін. | Ты иди, я тебе догоню. | |
Жыбырламай, тыныш отыршы. | Сиди спокйно, не ёрзай. | |
Мен ол туралы ойламаппын. | Я об этом не подумал. | |
Ыңғайсыз болып қалды. | Неудобно получилось. | |
Сіз қараған да жоқсыз. | Вы даже не посмотрели. | |
Ал егер сендерге бір нәрсе болып қалса ше? | А если бы с вами что-нибудь случилось?
|
33-02
|
Мен бұл істі аяғына дейін жеткіземін деп ойлаймын. | Я думаю, что это дело доведу до конца. | |
Біз оларға көмек бермей жүрміз бе? | Мы что им не помогаем? | |
Әрине, көмектесіп жүрміз. | Конечно, помогаем. | |
Қартайғанда әкең құтырып жүр. | На старости лет твой отец с ума сходит. | |
Сенімен сөйлескісі келді. | Он хотел поговорить с тобой. | |
Сен әуелі менің айтқанымды жаса. | Ты сначала выполни то, что я сказал. | |
Мазаларыңды алып жатыр ма? | Он беспокоит вас? | |
Маған кеңес берші. | Дай мне совет. | |
Біреумен жүздесуге бара жатырсыз ба? | На свидание с кем-то собрались? | |
Қобалжыма, бәрі жақсы болады. | Не волнуйся, всё будет хорошо.
|
33-03
|
Сіз бірдеңе дедіңіз бе? | Вы что-то сказали? | |
Қонағыңа төсекті сал. | Застели постель гостям. | |
Ешкімге айтпаймын деп уәде берші. | Дай обещание, что никому не скажешь. | |
Келесі жолы жолыңыз болар. | В следующий раз Вам повезёт. | |
Сені танымайтын адам жоқ. Сот пен прокуратурада танысың бар ма? | Тебя все знают. Есть у тебя знакомые в суде и прокуратуре? | |
Маған қарап бедірейіп тұр. | Стоит и смотрит на меня неодобрительно. | |
Ол жағын ойламаппын. | Я об этом не подумал. | |
Солай шығар. | Наверное, так. | |
Мәселе сонда ғой! | В этом весь смысл! | |
Менің басым бос. | Я свободна (не замужем, не в отношениях).
|
33-04
|
Неткен өкінішті! | Как жаль! | |
Мен диетадамын. | Я на диете. | |
Енді маған қарыздар болдың. | Теперь ты мне должен. | |
Үмітім сіздерде. | Вся моя надежда на вас. | |
Мен осы сұрақты күткенмін. | Я ждал этого вопроса. | |
Екеуміз бір арбаға жегілеміз. | Потянем мы с тобой одну телегу. | |
Iстiң нақтылы жайы. | Реальное положение дел. | |
Айтқаныңды түсіне алмадым. | Я не понял, что ты сказал. | |
Бір жөні болар. | Всё обойдётся. | |
Жас бала сияқты болма. | Не будь, как ребёнок.
|
33-05
|
Сіздер нешеусіздер? | Сколько вас? | |
Сенікі жөн шығар. | Возможно, ты прав. | |
Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар. | Соблюдайте правила пожарной безопасности. | |
Тынық мұхитта. | На Тихом океане. | |
Сен не кішкентай қызсың ба? | Ты маленькая девочка что ли? | |
Сен сұрағыма жауап берсеңші. | Ответь на мой вопрос, пожалуйста. | |
Ол жауабын ұзаққа созбады. | Он с ответом не тянул долго. | |
Біз ол бірдеңе бүлдірді деп тұрған жоқпыз. | Мы не говорим, что он что-то натворил. | |
Шаршамай келдіңіз бе? | Как приехали, не устали? | |
Ол жаққа барғым келмейді. | Я не хочу идти туда.
|
33-06
|
Мен сізді жақсы түсінемін. | Я Вас хорошо понимаю. | |
Бізде бәрі бар! | У нас всё есть! | |
Мен сендерге тек қана қиындық туғызамын. | Я вам только проблемы создаю. | |
Мені ұмытып кеттiңiз бе? | Вы меня забыли? | |
Дұрыс тамақтанып, уақытылы демалыңыз. | Питайтесь правильно, отдыхайте вовремя. | |
Мені бұл өмірде жоқ деп есептеңдер. | Считайте, что меня нет в этой жизни. | |
Үй шаруасы ешуақытта бітпейді. | Домашние дела никогда не закончатся. | |
Мен қасында боламын. | Я буду рядом. | |
Бала-шағаны ойламайсың ба? | Подумай о детях. | |
Ол емтиханды ойдағыдай тапсырды. | Он сдал экзамены успешно.
|
33-07
|
Не істесем де, сені көндіре алмаймын. | Чтобы я не делал, тебя не переубедить. | |
Шай ішіп кетіңіз. | Выпейте чаю. | |
Жүрегім сен деп аңсайды. | Моё сердце мечтает о тебе. | |
Жақсылап тынығып ал. | Хорошенько отдохни. | |
Сондай шаршаңқы көрінесің. | Ты выглядишь таким усталым. | |
Ол жақта бәрі басқаша. | Там всё по-другому. | |
Ең қауіптісі сол. | Это самое опасное. | |
Кім маған көмекке келуге тиісті? | Кто должен прийти ко мне на помощь? | |
Мен оны қорғай алмадым. | Я не смог его защитить. | |
Мен оған куәмін. | Я этому свидетель.
|
33-08
|
Егер ол үлгермей қойса, сонда біз не істер едік? | Если бы он не успел, чтобы тогда мы делали? | |
Олай болса, мен не істеп жүрмін осында? | Тогда что я здесь делаю? | |
Айтсаңшы кісіні зарықтырмай! | Говори же, не томи ожиданием! | |
Сен мені естіп отырсың ба? | Ты меня слышишь? | |
Сен әлі киінбегенсің бе? Кеш қаламыз ғой! | Ты до сих пор не оделась? Мы же опоздаем! | |
Ол солай деді ме? | Он так сказал? | |
Мен саған рұқсат етпеймін. | Я тебе не разрешу. | |
Сен ол қандай екен білмейсің ғой. | Ты же не знаешь какой он. | |
Бұған не дейсің? | Что скажешь на это? | |
Сендер жассыңдар. Жас шақта бәрі болады. Біз де жас болғанбыз. | Вы молодые. В молодости всё бывает. Мы тоже были молодые.
|
33-09
|
Сен не деп шатып отырсың? | Что за вздор ты несёшь? | |
Мен махаббаттың барына сенбеймін. | Я не верю, что любовь есть. | |
Саған енді сенбеймін, жаным. | Дорогой, я тебе больше не верю. | |
Оның орнында кез келген адам сөйтеді. | На его месте любой человек так поступил бы. | |
Мен оның орнында болсам, олай істемес ем. | Я на его месте так не поступил бы. | |
Бұл оның таңдауы. | Это его выбор. | |
Кейін білесің, әзірше құпия! | Потом узнаешь, пока секрет! | |
Менің жауабымды естідіңіз ғой. | Вы же слышали мой ответ. | |
Сен олай ақылсыма! | Ты так не умничай! | |
Қарап тұрсам, тілің шығып қалыпты. | Я смотрю, у тебя язык прорезался.
|
33-10
|
Менің қолым тимей тұр. | Мне некогда. | |
Маған мектепке кету керек. | Мне нужно идти в школу. | |
Мені ештеңе білмейді деп ойлама. | Не думай, что я ничего не знаю. | |
Сабағыңды оқыдың ба? | Ты учил уроки? | |
Бізге сабақ берген жоқ. | Нам не задавали. | |
Неге көмек сұрамайсың? | Почему не просишь помощи? | |
Мен олай деген жоқпын! | Я так не говорил! | |
Түк істегің келмейді. | Ничего не хочешь делать. | |
Мүмкін біз бірдеңе түсінбейтін шығармыз. Онда түсіндіріп берші. | Может мы чего-то не понимаем. Тогда объясни, пожалуйста. | |
Жақсы, айтқың келмесе, айтпай-ақ қой. | Хорошо, не хочешь говорить - не говори.
|
33-11
|
Маған керегі осы да. | Мне это и нужно. | |
Енді маған мұнда қалуға болмайды. | Теперь мне здесь оставаться нельзя. | |
Себепсіз мазамды алмашы. | Не беспокой меня безпричинно. | |
Мен мұнда екінші рет келіп тұрмын. | Я сюда пришёл во второй раз. | |
Ертең сөз болмасын! | Чтоб не было завтра разговоров! | |
Мен қазақ тілін тырысып оқып жүрмін, бірақ сонда да кейде толық ойымды жеткізуге тіл жетпей қалады. | Я старательно учу казахский язык, но всё равно ещё не полностью могу донести свои мысли. | |
Олар лайықты ізбасарлар. | Они достойные продолжатели. | |
Ауа-райы кенет өзгеріп кетті. | Погода резко изменилась. | |
Желдің өтінде отырма. | Не сиди на сквозняке | |
Жел өтіне шықпа. | Не выходи на сквозняк.
|
33-12
|
Ол қатаң жауап берді. | Он резко ответил. | |
Мен толықтырамын. | Я дополню. | |
Бұл нағыз оңбағандық. | Это просто безобразие. | |
Сіз дайын болуыңыз керек. | Вы должны быть готовым. | |
Сен қанша сұрасаң да, мен саған қарызға ақша бермеймін, өйткені менде ақша жоқ. | Сколько бы ты не просил, я тебе в долг не дам, потому что у меня нет денег. | |
Көрдің бе? Құрбың үшін не істемейсің? | Видишь? Чего только не сделаешь ради подруги? | |
Мен тұншығып барамын. | Я задыхаюсь. | |
Күні бойы осы үйде қамалып отырмын. | Целыми днями сижу закрытой в этом доме. | |
Бұлай жынданып кетуге де болады. Неге түсінбейсің? | Так можно и с ума сойти. Почему ты не понимаешь? | |
Осының бәрі өң бе, әлде түс пе? | Всё это явь или сон?
|
33-13
|
Кел, бір-бірін шымшып көрейікші. | Иди сюда, попробуем ущипнуть друг друга. | |
Сен жатып дем ал, ләйліп қаласың. | Ты ложись, отдохни, а то опьянеешь. | |
Сізді не мазалайды? Тыңдап отырмын. | Что Вас беспокоит. Я слушаю. | |
Көп созбай айтыңыз енді. | Ну, говорите, не тяните. | |
Әзілдейсіз бе? | Вы шутите? | |
Қане, көрейінші… | Ну-ка дайте посмотрю... | |
Уәде орындалу керек! | Обещание нужно выполнять! | |
Бір де ноль, сіздің пайдаңызда. | Один ноль в Вашу пользу. | |
Мені ертерек оятарсың. Жұмыстан кеш қалып жүрмейін. | Меня пораньше разбудишь. Не опаздать бы мне на работу. | |
Техникалық ақауларға байланысты. | В связи техническими неисправностями.
|
33-14
|
Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. | Мы с ним ведём переговоры. | |
Өмір өзгереді, жас ұлғаяды. | Жизнь изменяется, человек стареет. | |
Мен саған қашан өтірік айтып ем? | Когда я тебя обманывал? | |
Қысылмаңыз, өз үйіңіздей көріңіз. | Не стесняйтесь, будьте как дома. | |
Не болды, неге кешігіп жатырсыңдар? | Что случилось, почему задерживаетесь? | |
Бұл сіздің кенжеңіз бе? | Это Ваш младший? | |
Осы бала менің шашымды ағартып бітті. | Из-за этого ребёнка я поседела. | |
Ой-бой, оның маған көрсетпеген құқайы жоқ. | Ой, чего только не натерпелся от него. | |
Әзілдемей айтсаңшы. | Говори без шуток, пожалуйста. | |
Бүгін мен басқа ештеңе жасай алмаймын. | Сегодня я другое делать ничего не могу.
|
33-15
|
Бұл жігіт - менің адамым. | Этот парень - мой человек. | |
Білмеп пе едің? | Ты не знал? | |
Мен жаман адам емеспін. | Я не плохой человек. | |
Оны қорғау үшін бір нәрсе жасауың керек. | Чтобы её спасти, тебе нужно сделать одну вещь. | |
Қолыңнан келе ме? | Ты сможешь сделать? | |
Сен бұл жерде не істеп жүрсің? | Ты что здесь делаешь? | |
Мен оны күттім. | Я ждал его. | |
Сіздің келетініңізді білдім. | Я знала, что Вы придёте. | |
Оның жағдайы қалай? | Как у него дела? | |
Жағдайы жаман емес. | Дела у него неплохие.
|
33-16
|
Кішкене шыдаңыз. | Немного потерпите. | |
Оны да түсінуге болады. | Его тоже можно понять. | |
Әрдайым осындай болыңдар. | Будьте всегда такими. | |
Сіз бұйырсаңыз болды. | Вы только прикажите. | |
Мырзалар, сабыр етіңіздер. | Господа, успокойтесь. | |
Техникалық ақаулық боп қалды. | Произошла техническая неисправность. | |
Біздің рұқсатымызсыз ешқайда кетпе. | Без нашего разрешения никуда не уходи. | |
Мынау тамаша идея екен. | Это отличная идея. | |
Осы ұсыныс қабылданды. | Это предложение было принято. | |
Менің басқа айтарым жоқ. | Мне больше нечего сказать.
|
33-17
|
Сіздің не айтып тұрғаныңызды ұқпадым. | Я не понял, что Вы говорите. | |
Басқа не керек? | Что ещё нужно? | |
Ол енді бізге кедергі келтіре алмайды. | Он теперь нам не помешает. | |
Менің кім екенімді ұмытпаңыз. | Не забывайте, кто я такой. | |
Отпен ойнамаңыз. | Не играйте с огнём. | |
Ештеңе деген жоқпын. | Я ничего не говорил (ештеңе демедім). | |
Сіздің кім екеніңіз енді бізге мәлім. | Теперь нам известно, кто Вы такой. | |
Оның сөзіне сенбеңіз. | Не верьте его словам. | |
Біздің әуеніміз жырланып бітті. | Наша песенка спета. | |
Тілді толық меңгердім деп айта алмаймын. | Не могу сказать, что полностью освоил язык.
|
33-18
|
Әлі күнге дейін қазақ тілін үйреніп жүрмін. | До сих пор продолжаю учить казахский язык. | |
Аяғына дейін тыңдасаңшы. | Ты дослушай до конца. | |
Жарайды, айта ғой. Ары қарай не болды? | Ладно, говори. Что было дальше? | |
Қай жерде тұрасың? | Где ты живёшь? | |
Ол қай жерде істейді? | Где он работает? | |
Оны дәлелдеу өте қиын. | Это доказать очень трудно. | |
Неге оны еске алдыңыз? | Почему Вы его вспомнили? | |
Баламыз үйленетін еді. | Наш сын собирается жениться. | |
Қатарынан қалмасын деп едік. | Мы хотели, чтобы он был не хуже других. | |
Осыны қалай түсіндіресіз? | Как Вы это объясните?
|
33-19
|
Сонда әкелерсіз. | Принесёте туда. | |
Бірақ қылмыстылар еркіндікте жүр. Олардың жолын кесу керек. | Но преступники ходят на свободе. Их надо присечь. | |
Осымен әңгіме бітті. | На этом разговор окончен. | |
Сіз тәжірибеңіз бар адамсыз. Кәне, ақылыңызды айтыңызшы, не істейміз? | Вы опытный человек. Ну-ка, посоветуйте, что нам делать? | |
Олардың кім екенін мен қайдан білейін. | Откуда знаю, кто они такие. | |
Оны дәлелдеуіміз керек. | Это нам нужно доказать. | |
Жұмысқа асығып бара жатырмын. | Я тороплюсь на работу. | |
Әйтпесе өмірге келгеніңе өкінетін боласың. | А иначе, пожалеешь, что родился на этот свет. | |
Біз кісі жатырқамаймыз. | Мы не чуждаемся людей. | |
Сіздермен қалай байланысамын? | Как я свяжусь с вами?
|
33-20
|
Сізді құттықтауға болатын шығар. | Вас, наверное, можно поздравить. | |
Қылмыскер әлі ұсталған жоқ, бостандықта жүр. Құттықтауыңыз әлі ерте, жолдас майор. | Преступник ещё не пойман, на свободе. Поздравлять ещё рано, товарищ майор. | |
Маған сіздің пікіріңіз ауадай қажет. | Мне, как воздух, нужно Ваше мнение. | |
Қышқылды жаңбыр. | Кислотные дожди. | |
Мен сені күтіп тұрмын. | Я тебя жду. | |
Мұндай нәрсемен адам әзілдемейді. | Такими вещами не шутят. | |
Өкінішті екен. | Жаль. | |
Көрген сайын менің әкемнің атын сұрайды. | Каждый раз, увидев меня спрашивает, как моя фамилия. | |
Ол менің кәрі серігім. | Он мой старый товарищ. | |
Байқаусызда құлап қалдым. | Я нечаянно упал.
|
Корректор: Татьяна Валяева
|