Полезные фразы
Сборник 17
Автор: Рауль Керимбаев
17-01
|
Мұндай ақша үшін не істемейсің! | Что не сделаешь за такие деньги! | |
Кел отыр, жайғас. | Иди, садись, устраивайся. | |
Көрермін, егер үлгерсем, келермін. | Посмотрю, если успею - приду. | |
Ешкімнен қайталама! | Не повторяй никого! | |
Қайтарымын алыңыз. | Возьмите сдачу. | |
Саған тең келер ешкім жоқ! | Тебе нет равных! | |
Ондайды тек кинодан көреміз ғой! | Такое мы видим только в кино! | |
Бұл не? Физикалық құбылыс па, жоқ әлде иллюзия ма? | Что это? Физическое явление или иллюзия? | |
Сен жақсы шешімін іздеп табарсың деген үміттемін. | Я надеюсь, что ты поискав, найдешь хорошее решение. | |
Отбасының барлық мүшесіне арналған тауарлар. | Товары для всей семьи.
|
17-02
|
Мен бәріне бәрін кешірдім, оларға айт. | Я всё всем простил. Скажи им. | |
Зәремді ұшырдың ғой менің. | Ты так напугал меня. | |
Ыңырси берме. | Не стони. | |
Көп күтіп қалдыңыз ба? | Вы долго ждали? | |
Оны қайдан іздеп табатынымызды білмей, сізден көмек сұрап келіп тұрмыз. | Не зная как его найти, мы пришли к Вам просить помощи. | |
Иә, қайдан жүрсің, қарағым-ау. | Так, откуда идёшь, мой дорогой? | |
Мен оны көрмегелі талай жыл болды ғой... | Уже прошло столько лет, как я его не видел... | |
Қандай болды екен көрейін деп ем. | Хотел бы посмотреть, какой он стал. | |
Менен гөрі сен дұрыс істедің. | Ты сделал правильнее, чем я. | |
Бір нәрсеге ренжіп, өкпелеп жүрсің бе? | Ты на что-то рассердившись, обиделась?
|
17-03
|
Мен сенің туысқаныңмын. | Я твой родственник. | |
Тілге жүйрік. | Язык хорошо подвешен. | |
Бұдан артық сыйлық бола ма? | Разве бывают подарки лучше, чем это? | |
Біреудің өмірінде не шаруамыз бар? | Какое нам дело до чьей-то жизни? | |
Мен қатты шөлдедім, су ішкім келіп тұр. | У меня сильная жажда, я хочу пить. | |
Құдай басқа салмасын! | Не приведи Господь! | |
Ал сен мені осы жерде тос. | А ты меня здесь жди. | |
Жарайды, хабарды күтемін. | Ладно, буду ждать вестей. | |
Сосын не болды? | Что было дальше? | |
Біз оны көндіріп көрейік. | Мы попробуем уговорить его.
|
17-04
|
Демалыста жұмыс істеуге тура келеді. | Придётся работать на выходные. | |
Мен дәмеленбеймін. | Я не претендую (не надеюсь). | |
Есіме түсірші. | Напомни мне. | |
Бұл қазір санды. | Это сейчас в моде. | |
Сыртқы кескін-келбет маңызды емес деп есептеймін. | Я считаю, что внешность – это не важный фактор. | |
Біз шарт талаптарымен келісеміз. | Мы согласны с условиями договора. | |
Мен оған осы үйде қаламын деп айттым. | Я ему сказал, что останусь здесь. | |
Саған бір сұрақ қойсам бола ма? | Можно задать тебе один вопрос? | |
Не білейін деп едіңіз. | Что Вы хотели узнать? | |
Тіке жүріңіз, сосын солға бұрылыңыз. | Прямо идите, потоми налево поверните.
|
17-05
|
Қажетті шара қолдануыңызды сұраймын. | Прошу Вас принять необходимые меры. | |
Ертең сағат бірде осы жерде кездесеміз. | Завтра в час встречаемся здесь. | |
Сені сағынып жүрмін, бірақ сен оны сезбейсің де. | Я скучаю по тебе, но ты это даже не чувствуешь. | |
Мен оның пікірін өзгерте алмаймын. | Я не могу изменить его мнение. | |
Мен оларға көмектесе алмадым. | Я не смог им помочь. | |
Мен соңғы уақытта оны түсіне алмай жүрмін. | В последнее время я его не могу понять. | |
Өйткені болашақта не боларын білмейміз. | Потому что мы не знаем, что будет в будущем. | |
Қашанғы құл боламыз? | До каких пор будем рабами? | |
Ол менің оң қолым. | Он - моя правая рука. | |
Сенің арқаңда үйіміз жайнап кетті. | Благодаря тебе, дом наш сверкает.
|
17-06
|
Тырысқаның көзге көрініп тұр. | Видно, что старался. | |
Ол бірнеше рет темекіні тастап көрді. | Он несколько раз пытался бросить курить. | |
Не үшін қол жұмсадың? | За что ты ударил? | |
Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. | Я не считаю, что я виноват. | |
Білемін, жүрегіңді ауырттым. | Знаю, я ранил твоё сердце. | |
Астанаға келіп кете аласыз ба? | Вы может приехать в Астану? | |
Олай еркелете бермеңіз. | Не балуйте Вы так. | |
Мас болып қалғансың ба? | Ты что, опьянел? | |
Мен сені қайдан табамын? | Где я тебя найду? | |
Мен сені ұмытқам жоқ. | Я тебя не забыл.
|
17-07
|
Неменеге мəз боп тұрсыңдар!? | Отчего такие довольные стоите!? | |
Шығын бар ма? | Есть потери? | |
Нені нақтылаймыз? | Что тут обговаривать? | |
Қаншасы қалды? | Сколько осталось? | |
Ол хабардар. | Он в курсе. | |
Барасыздар ма? | Поедете? | |
Оны қалай да жару керек. | Его надо взорвать любой ценой. | |
Тәубаңды ұмытқан eкeнсің сeн! | Ты забываешься! | |
Не болды, тіліңді жұтып қойған жоқсың ба? | Что случилось, ты язык не проглотил? | |
Мынаған қанша уақытың кетті. | Сколько времени у тебя ушло на это?
|
17-08
|
Кішкентай көмек көрсетсе де, алғыс айтуды ұмытпаңыз. | Даже если помощь была незначительной, не забудьте поблагодарить. | |
Неге ғана сені сүйдім екен? | И зачем только я тебя полюбил? | |
Әлде, түк болмағандай жүре берейін бе? | Или мне ходить, как будто ничего и не было? | |
Телефонмен айта салатын әңгіме емес, ұзақ әңгіме. | Это не телефонный разговор, долгий разговор. | |
Енді шегінерге жол жоқ еді. | Теперь отступать некуда. | |
Бұл – тағдыр ғой. Тағдырдан кім қашып құтылыпты? | Это судьба. Судьбы не избежать. | |
Өкінбeйсіздeр. | Не пожалеете. | |
Арпа ішінде жалғыз бидаймын. | Я единственное зерно пшеницы среди зёрен ячменя. | |
Кімді бірінші құтқарар едіңіз? | Кого Вы спасали бы первым? | |
Ешкімді тыңдамай алға баса бер. | Ступай вперёд, никого не слушай.
|
17-09
|
Құтқарыңдар! | Спасите! | |
Қай жақтансың? | Ты откуда? | |
Сенімен уақыт өте көңілді өтеді. | С тобой очень весело время проходит. | |
Қайда жүріп, қайда болдыңыз? | Куда Вы ездили, где были? | |
Мен енді сенімен сөйлеспеймін. | Я больше с тобой не разговариваю. | |
Соңғы рет сұраймын. | В последний раз спрашиваю. | |
Қалай, шаршаған жоқсың ба? | Как ты, не устал? | |
Құдай қонақ келіп қалдық. | Приехали без приглашения. | |
Жоқ. Мен мас емеспін. | Нет, я не пьяный. | |
Ерте ме, кеш пе қайтару керек. | Рано или поздно придётся возвращать.
|
17-10
|
Тағы келіп тұрыңыз. | Приходите ещё. | |
Өтіп кетуге рұқсат етіңізші. | Разрешите пройти. | |
Бастаған нəрсені аяғына дейін жеткізу керек қой! | Надо же доводить начатое до конца! | |
Мен білгем! | Я знала! | |
Сен мұны қайдан білдің? | Откуда ты это узнал? | |
Сен онда болдың ба? | Ты там был что ли? | |
Өмірдің мәні неде? | В чём смысл жизни? | |
Мен қайран қалып отырмын. | Я поражаюсь. | |
Мен өзім қайран қалып отырмын. | Я сам поражаюсь. | |
Ұмытшы мұның бәрін. | Забудь ты всё это.
|
17-11
|
Олар солай жұмыс істейді. | Они так работают. | |
Газдалған минералды суы бар ма? | У вас есть газированная минеральная вода? | |
Сізге біздің көмегіміз керек пе? | Вам нужна наша помощь? | |
Балаларға бірдеңе болды ма? | С детьми что-то случилось? | |
Ол маған бәрін айтып берді. | Она мне всё рассказала. | |
Ол долданып кетті. | Она была в бешенстве. | |
Ол бізді араздастырғысы келеді. | Она хочет нас рассорить. | |
Оның талаптары бітер емес. | Её требования бесконечны. | |
Қалай шыдар екенмін? | Как я выдержу? | |
Мүмкін ішпей-ақ қоярмыз. | Может не будем пить.
|
17-12
|
Онда мен сені жек көріп кетемін. | Тогда я тебя возненавижу. | |
Мені ма? Қолыңнан келмейді. | Меня? Ты не сможешь. | |
Сен әуелі дәлелде. | Ты сначала докажи. | |
Жолдас полковник, капитан Касенов бұйрығыңыз бойынша келіп тұр! | Товарищ полковник, капитан Касенов по Вашему приказанию прибыл! | |
Бері таман кел. | Подойди сюда. | |
Менің қағидамды білесіз ғой: бақылау, бақылау және тағы да бақылау. | Вы же знаете моё правило: контроль, контроль и ещё раз контроль. | |
Ал керек болса! | Вот это да! | |
Бәріне жауап беру керек. | Нужно за всё отвечать. | |
Тіпті жігіт өзі. | Точно мужик. | |
Мүмкін сізге көмек керек шығар. | Может Вам помошь нужна?
|
17-13
|
Сендердің кез келген тілектеріңді орындаймын. | Я исполню любые ваши желания. | |
Бірақ мен айттым деп айтпаңдар. | Но не говорите, что я сказал. | |
Бізге көмектесіңізші. | Помогите нам. | |
Айта беріңіз, не болып қалды? | Говорите, что случилось? | |
Саған ұнаса болды. | Главное, что тебе понравилось. | |
Сен болмағанда, бәрін бітіре алмас едім. | Если бы не ты, я не успел бы всё закончить. | |
Мен сені кешірдім. | Я тебя простил. | |
Мынаны қалай жасадың? Мені де үйретші? | Как ты это сделал? Научи меня тоже? | |
Сенімен бірге өткізген уақытты қатты қадірлеймін. | Я очень ценю время, проведенное с тобой. | |
Мен онымен сөйлесіп көрейін. | Я попробую поговорить с ним.
|
17-14
|
Бүгін тағы бастықпен ұрысып қалдым. | Сегодня снова поругалась с начальником. | |
Жоқ түсіре алмаймын. Бұл ең төмен баға. | Не могу снизить. Это самая низкая цена. | |
Осы сенің таныстарың көп қой, маған жұмыс тауып берші. | У тебя же много знакомых, найди мне работу. | |
Ол алдымен өзіне қарап алсын. | Пусть он на себя посмотрит сначала. | |
Мен әділетсіздік жек көремін. | Я не люблю несправедливость. | |
Тағы не ұнамаған? | Что опять не понравилось? | |
Сен менің атымды біледі екенсің ғой. | Ты, оказывается, знаешь как меня зовут. | |
Иә, оны түк қиындығы жоқ. | Да, в этом нет никаких проблем. | |
Басқалардан кемсің бе? | Ты что хуже других? | |
Қырта береді. | Он болтает вздор.
|
17-15
|
Мұндай жаңалықты сіздің аузыңыздан есту бір ғанибет! | Слышать такую новость из Ваших уст – это уже счастье. | |
Сенің бүгін қандай жоспарың бар. | Какие планы у тебя на сегодня? | |
Сенің жетістігің атап етейік. | Давай отметим твой успех. | |
Мына көйлекті үш сағат таңдадым. | Я три часа выбирала это платье. | |
Ғаламторда барлық жазылып тұр. | В интернете всё написано. | |
Сіз қашан кетесіз? | Вы когда уезжаете? | |
Аман-есен жеттіңіз бе? | Доехали, благополучно? | |
Әдеттігідей, кұлпырып тұрсыз. | Как всегда, прекрасно выглядите. | |
Жүр, билейік. | Пойдём потанцуем. | |
Билегім келмейді. | Я не хочу танцевать.
|
17-16
|
Жүр, мен сені үйретейін. | Идём, я тебя научу. | |
Қойыңызшы, адамды ұялтпай. | Прекратите, не заставляйте человека стыдиться. | |
Енді өз ара шешесіңдер деп ойлаймын. | Я думаю, что сами решите между собой. | |
Соншалықты шұғыл шаруа ма? | Настолько срочное дело? | |
Қалай ойласаңыз олай ойлаңыз. | Что хотите, то и думайте. | |
Оның омырауында “Құрмет” ордені жарқырайды. | На груди у нее сияет орден «Құрмет». | |
Бұл қазақша қалай аталады? | Как это называется по-казахски? | |
Ол менің қатарласым. | Он мой ровесник. | |
Құдай-ай, осы үйде мен жынды болатын шығармын. | О, Боже, я, наверное, сойду с ума в этом доме. | |
Сіздерге келуді мен мүлде ұмыттым. | Я совсем забыл зайти к вам.
|
17-17
|
Сен мені не аңдып жүрсің? | Ты зачем следишь за мной? | |
Жастар сәнді киінуді жаратады. | Молодые любят модно одеваться. | |
Бұл естен кетпейтін оқиға. | Это незабываемый случай. | |
Жақсылықты түсінбейді. | Он не понимает сделанного ему добра. | |
Талай қиындықтар болады. | Будет много трудностей. | |
Мен кастинг өтпей қалдым. | Я не прошла кастинг. | |
Мен де кастингке барайын деп едім. | Я тоже хотела бы пойти на кастинг. | |
Жай әңгіме болсын деп. | Так, просто, чтобы разговор поддержать. | |
Сенен шығады. | От тебя всё можно ожидать. | |
Кешігесіңдер ғой. | Вы же опоздаете.
|
17-18
|
Жүрегім ұшырдың ғой. | Чуть не убила меня. | |
Енді көрісеміз бе, көріспейміз бе, белгісіз. | Теперь, неизвестно, увидимся или нет. | |
Күн күннен толып барасың. | С каждым днём полнеешь. | |
Қайдағы жоқты сұрақтар қоя бермеші. | Не задавай глупых вопросов. | |
Мен саған сенем. | Я тебе верю. | |
Наразылық білдіремін. | Протестую. | |
Наразылық қабылданды. | Протест принят. | |
Сен бәрін дұрыс жасап жатырсың. | Ты все делаешь правильно. | |
Ертеңгі күнді асыға күтемін. | С нетерпением жду завтрашнего дня. | |
Сен бұған ештеңе демейсің бе? | Ты ничего не скажешь на это?
|
17-19
|
Ол әйел өте қауіпті. | Эта женщина очень опасная. | |
Маған айтшы, не болып жатыр өзі? | Скажи мне, что происходит? | |
Сен түк өзгермепсің. | Ты ничуть не изменился. | |
Сен кішкене тоса тұр, мен мына ісімді бітірейін. | Ты немножко подожди, я закончу это своё дело. | |
Мен сендерге кішкентай бір құпиямды ашайын. | Я открою вам свою одну маленькую тайну. | |
Мен мұны басымнан өткіздім. | Я это пережил. | |
Сен үшін жанымды қиюға дайынмын. | Ради тебя готов душу отдать. | |
Сіз қынжылмаңыз. | Вы не огорчайтесь. | |
Қынжылмай-ақ қой. | Не огорчайся. | |
Нөмір бірінші жау емеспін ғой. | Я же не враг № 1.
|
17-20
|
Бір минут кем емес, бір минут кеш емес. | Ни минутой раньше, не минутой позже. | |
Олар біздің адамдар емес. | Они не наши люди. | |
Олармен не туралы сөйлестіңіз? | О чём Вы с ними говорили? | |
Сіз кездейсоқтыққа сенесіз бе? | Вы верите в случайность? | |
Мен сені қашан алдап едім? | Когда я тебя обманывал? | |
Қашан жүресің? | Когда уезжаешь? | |
Осыны сендер қалай түсінбейсіңдер. | Как вы этого не понимаете. | |
Мен сенімен әлі жолығамын. | Я с тобой ещё встречусь. | |
Құдайға шүкір тірімін. | Слава Богу, я живой. | |
Мен бекерден бекер сөйлемеймін ғой. | Я же не буду говорить без оснований.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева, 20072025
|