Полезные фразы
Сборник 23
Автор: Рауль Керимбаев
23-01
|
Мен осы жерден ешқайда кетпес едім. | Я отсюда бы никуда не уезжал бы. | |
Солай болып шықты. | Так и вышло. | |
Ұйықтап қалғансыз ба? | Вы уснули что ли? | |
Шашым өсіп кетіпті. | Волосы мои обросли. | |
Өз көзіме сенбей қалдым. | Я не поверил своим глазам. | |
Мұрныңды бет қып жіберейін бе осы? | Размазать тебе что ли твой нос по лицу? | |
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. | Мы рады видеть вас. | |
Алғашқы қадам жасадың. | Ты сделал первый шаг. | |
Енді екінші қадам жасауға тиіссің. | Теперь ты должен сделать второй шаг. | |
Бұдан артық айта алмайсың. | Лучше этого не скажешь.
|
23-02
|
Бұл істі өз бақылауыңа ал. | Возьми это дело под свой контроль. | |
Мұнда неменеге келдіңіз? | Вы зачем сюда пришли? | |
Еңбекақыны не үшін алып жүрсіз? | За что получаете зарплату? | |
Шығып тұрыңыз! | Выйдете! | |
Мына жиіркенішті әрекетіңізді қалай ақтап алар екенсіз. | Интересно, как Вы оправдаете этот свой отвратительный поступок. | |
Қандай адал екенін көзіңнен көрініп түр. | По твоим глазам видно какой честный ты человек. | |
Бұл мәселені мен талқылай алмаймын. | Этот вопрос я не могу обсуждать. | |
Не қарап тұрсыңдар? | Что смотрите? | |
Ұзақ жолдан шаршап келдің. Үйге кірейік. | Ты устал с дороги. Давай зайдем домой. | |
Беті-қолымды жуып алайын. | Я схожу умоюсь.
|
23-03
|
Кәне, тамақ алыңдар. Жеп ішіңдер. | Давайте, угощайтесь. Ешьте. | |
Мінезі қырсық. | У нее упертый характер. | |
Бағың ашылсын! | Будь счастлива! | |
Сен - қаһармансың! | Ты герой! | |
Сіз өте қайырымды екенсіз! | Вы очень добры! | |
Мен қатты ыңғайсызданып тұрмын. | Мне очень неприятно. | |
Неге полицияға шағынбаған? | Почему она не пожаловалась в полицию? | |
Амал бар ма сүйтеміз. | Мы так поступим, другого выхода нет. | |
Қайда барады дейсің? | Куда он денется? | |
Менімен бірге жүріңіз. | Пойдёмте со мной.
|
23-04
|
Содан неге сұрамайсың? | Почему у него не спросишь? | |
Екі сағат болды сені күткеніме. | Прошло два часа, как я тебя жду. | |
Мазаламаңдаршы мені. | Не беспокойте меня, пожалуйста. | |
Саған көп уақыт ренжіп жүре алмаймын. | Я не могу долго на тебя обижаться. | |
Сол жерге мен күнде барып жүрмін. | Я каждый день туда хожу. | |
Сен асығып тұрған жоқсың ба? | Ты не торопишься? | |
Сізбен суретке түсуге бола ма? | Можно с Вами сфотографироваться? | |
Төсектің үстінде жатыр. | Он на кровати. | |
Асықпай ойлап көріңіз. | Подумайте, не спеша. | |
Қайда кете бересің? | Ты куда уходишь всё время?
|
23-05
|
Міне, көрдіңіздер ме? | Вот, видите? | |
Ұйқыңнан оятып жібердім бе? | Я тебя разбудил? | |
Мен саған лайықты емеспін. | Я тебя не достоин. | |
Сәлеміңді жеткіземін. | Привет твой передам. | |
Тезірек кетейік мына жерден. | Давай быстрее уйдём отсюда. | |
Мұнда қашан келдіңіз? | Вы когда приехали сюда? | |
Бүгін келіп едім. | Я сегодня приехал. | |
Ол қайда жоғалып кетті? | Где он потерялся? | |
Қазір. Тексеріп көреміз. | Сейчас. Проверим. | |
Тапсырмаңыз мүлтіксіз орындалады. | Ваше задание будет выполненно беспрекословно.
|
23-06
|
Менiң бiр өтiнішiм бар, соны орындаймысың? | У меня есть одна просьба, ты выполнишь её? | |
Қолдан келсе, орындайын. | Если смогу, выполню. | |
Жазықсыз жазаландым. Соған ренжіп едім. | Без вины наказан. На это обиделся. | |
Көнбеске лажым жоқ. | Не могу не согласиться. | |
Осылай кездесеміз деп кім ойлаған... | Кто думал, что вот так встретимся. | |
Болар іс болыпты, өкінгеннен пайда жоқ. | Что было, то было. Нет пользы от сожаления. | |
Өзің не істедің? | Сам что делал? | |
Мен сізді сырттай білемін. | Я Вас заочно знаю. | |
Сіз қалай десеңіз солай болады. | Вы как скажете, так и будет. | |
Көп сөйлемей тамағыңды іш. | Ешь, много не разговаривая.
|
23-07
|
Білгісі келген адам - біліп алады ғой. | Кто хочет узнать - узнает. | |
Өте жақсы ұсыныс. | Очень хорошее предложение. | |
Емтиханнан «екі» алып қалдың ба? | На экзамене «двойку» получил что ли? | |
Не деген жүйкесі мықты адам. | Какие у него крепкие нервы. | |
Қашан кездестіңіздер? | Когда вы встретились? | |
Не істерімді білмей, сізбен ақылдасуға келдім. | Не зная, что мне делать, приехал к вам посоветоваться. | |
Қанша уақыт боламын дейді? | Он сказал сколько времени пробудет? | |
Білмеймін, өзі жағдай реттелгенше деген. | Он сказал, как уладятся его дела. | |
Сен үнемі нашар себептерін табасың. | Ты всегда найдёшь самые худшие причины. | |
Жайырақ, балаларды оятып аларсың. | Потише, разбудишь детей.
|
23-08
|
Арамыз да түсініспеушілік пайда болған сияқты. | Кажется, между нами появилось непонимание. | |
Екеуі ит пен мысық сияқты. | Они вдвоем, как кошка с собакой. | |
Бір-біріне айтпайтын сөзі жоқ. | Что только не говорят друг другу. | |
Неге ажырасып кетпейсіз? | Почему вы не разойдетесь? | |
Сен кейін есейе келе түсінесің. | Ты потом, когда подрастешь поймешь. | |
Сырымды ешкімге айта алмаймын. | Свою тайну никому не могу рассказать. | |
Не істесем болады? Кеңес күтем... | Что же мне делать? Жду совета... | |
Бірақ мен мұндай қорлыққа шыдай алмайтын шығармын. | Но я, наверное, не выдержу такого унижения. | |
Әже, сіз тамағыңызды түсіргенше мен мызғып алайын. | Бабушка, пока вы готовите еду, я подремлю. | |
Тамағым не болып жатыр екен, барып көрейін. | Пойду посмотрю, что там с моей едой.
|
23-09
|
Сонша неге ұзақ? | Почему так долго? | |
Ол сенің туысың ба? | Он твой родственник? | |
Осы уақытқа дейін қайда жүрсің, сағат он жарым болды ғой. | Где ты ходишь до такого времени, уже половина одинадцатого. | |
Алдымен халықпен кеңесейік. | Сперва посоветуемся с народом. | |
Ол осында тұратын бола ма? | Она что здесь будет жить? | |
Дүрілдеп жүрдік қой. | Когда-то гремели ходили. | |
Ол жақта не істейді? | Что он там будет делать? | |
Сол жаққа көшеді. | Она туда переезжает. | |
Оның кетуіне қалай жол бердің? | Как ты мог позволить ей уехать? | |
Оған қалай бөгет боламын? | Как я могу этому помешать?
|
23-10
|
Мен оған ештеңе деп уәде бере алмаймын. | Я не могу дать ему никаких обещаний. | |
Жоқ. Менің күтіп алудың қажеті жоқ. | Нет. Не нужно меня встречать. | |
Онсыз да жұмысын көп. | И без этого у тебя работы хватает. | |
Аруақ секілді жүрмін. | Как призрак хожу. | |
Күн шықты, бұлт кетті. | Солнце взошло, тучи разошлись. | |
Неге ұзак жоғалтып кеттің? | Почему надолго пропал? | |
Саған қанша рет уәде беруім керек? | Сколько раз я могу тебе обещать? | |
Осылай болып қалды. | Вот так получилось. | |
Ата-ана махаббаты. | Родительская любовь. | |
Мен кеттіп барамын. | Я уезжаю.
|
23-11
|
Бәрі бақытты болуға лайықты! | Все достойны быть счастливыми! | |
Рұксат етсеңіз, мен бес минутқа шығып келейін. | Если позволите, я выйду на пять минут. | |
Мынау не енді? | Ну вот что это было? | |
Ол әбден есінен адасқан сияқты. | Он как будто окончательно сошёл с ума. | |
Әуре болмай-ақ қою керек еді. | Не стоило беспокоиться. | |
Ауре болмаған жоқпыз. | Мы не беспокоились. | |
Тек бірге отырып тамақтанғымыз келді. | Только захотелось вместе покушать. | |
Сен әлі жылап жүрсің бе? | Ты до сих пор плачешь? | |
Мұнда іспен келдім дейсің, ал, құлағымыз сенде. | Говоришь, что сюда по делу пришел. Говори, мы тебя слушаем. | |
Зор үмітпен күтем сені. | С большой надеждой жду тебя.
|
23-12
|
Қорыққандарынан бұттарына жіберген шығар. | Они от страха, наверное, наложили в штаны. | |
Мен біраздан келемін. | Я скоро вернусь. | |
Атыс-шабыс фильмдерді жақсы көремін. | Я люблю боевики. | |
Мен жалқаумын. | Я лентяй. | |
Қойшы сөйлей бермей. | Хватит болтать. | |
Сен нағыз ақымақсың. | Ты настоящий недоумок. | |
Бірақ бұл қалыпты жағдай ғой. | Но это же нормально. | |
Шаршатып жібердің мені. | Ты меня утомила. | |
Аузыңнан бір жақсы сөз шықпайды. | Ты никогда не скажешь хоть одного хорошего слова. | |
Сені тыңдасам жүрегім айниды. | Тебя послушать тошнит.
|
23-13
|
Дұшманым толып жатыр. | Врагов у меня хватает. | |
Мен ешкім алдында есеп беруге міндетті емеспін. | Я не перед кем не обязана отчитываться. | |
Не деген бір беткейсің! | Какая ты принципиальная! | |
Өкінішке орай, сондаймын. Өзгере алмаймын. | К сожаленью, я такая. Не могу измениться. | |
Өзгермей-ақ қой. | И не изменяйся. | |
Ол айтқанымды мүлде дұрыс түсінбеген. | Он совсем неправильно понял меня. | |
Оның бытшытын шығарамын. | Разобью её вдребезги. | |
Ол әлі көресіні көреді. | Она ещё помучается. | |
Бұрын мұндай емес едің. | Раньше ты не была такой. | |
Бұл әзіл емес, қылмыстық істер. | Это криминальные дела, не шутки.
|
23-14
|
Жағдайдың маңыздылығын түсінбейсің. | Ты не понимаешь всей серьёзности. | |
Мен үшін сен ғана маңыздысың. | Для меня важна только ты. | |
Қанша уақыт ұйықтадым? | Сколько часов я проспала? | |
Омлет әзірледің ба? | Ты приготовила омлет? | |
Өте ыстық, абайла. | Будь осторожна, очень горячее. | |
Демалыс күні де тыныштық жоқ | Даже в выходные дни нет покоя. | |
Біз ешқайда бармаймыз. | Мы никуда не пойдём. | |
Қалаған жеріңе бара беріңдер. | Ежайте, куда хотите. | |
Әпке, көңіл-күйімізді түсірме. | Сестра, не порть нам настроение. | |
Көңіл-күйлеріңді түсіретін мен емеспін. | Не я порчу вам настроение.
|
23-15
|
Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың? | Сынок, ты ведь знаешь, что кушать много конфет вредно для здоровья? | |
Не қарап жүрсің? | Что ищешь? | |
Сен қарсы алуға барасың ба? | Ты поедешь встречать? | |
Шайтан шатастырды. | Бес попутал. | |
Қазақшаны қайдан үйрендің? | Где ты научился говорить по-казахски? | |
Балалық болдық! | У нас появился ребёнок! | |
Бәрі де біледі, бәрі де сезіп қойыпты! | Все знают, все догадываются! | |
Күшіңді жинап ал. | Соберись с силами. | |
Өткенді ұмыт. | Забудь о случившемся. | |
Ол менің туысым. | Он мой родственник.
|
23-16
|
Бұл сенің соңғы мүмкіндігің. | Это твой последний шанс. | |
Міндетті түрде кездесеміз. | Мы обязательно встретимся. | |
Біз қонаққа кетіп барамыз. | Мы идём в гости. | |
Кешке қыдырайық. | Давай вечером погуляем. | |
Бәлкім келетін шығар. | Возможно он придёт. | |
Бұл өте күлкілі. | Это очень смешно. | |
Қандай ойларың-жоспарларың бар? | Какие у вас есть мысли, планы? | |
Сізге айтуға мүмкіндігім болған жоқ. | У меня не было возможности сказать Вам. | |
Ең бастысы - шаңырақтың тыныштығы. | Самое главное - спокойствие в доме. | |
Кешірім сұрап қажет емес, ондай-ондай болады. | Не нужно просить прощения, такое случается.
|
23-17
|
Бек қуаныштымыз. | Мы очень рады. | |
Байқап жүріңіз! | Будьте острожны! | |
Сен тек өзіңді ғана ойлайсың. | Ты только о себе думаешь. | |
Бәрі де тек сенің ойлағаныңдай болуы керек. | Хочешь, чтобы всё было только по-твоёму. | |
Енді оның тағдыры сенің қолыңда, қаласаң - жар боласың, қаламасаң өлтіресің... | Так что теперь его судьба в твоём полном распоряжении: захочешь - помилуешь, не захочешь - навеки погубишь. | |
Қалжыңды қой. | Прекрати шутить. | |
Кеткеннен келердің жеңілдігі жоқ! | Час от часу не легче! | |
Сағынып жүрсіз бе? | Вы тоскуете? | |
Әңгіме онда емес. | Дело не в этом. | |
Бүрсігүні келемін. | Буду послезавтра.
|
23-18
|
Ештеңе қажет емес, барыңыз! | Ничего не надо, идите! | |
Неге сен үндемейсің, маған айтарың жоқ па? | Что же ты молчишь, ничего не скажешь мне? | |
Оны маған несіне айтып отырсың? | Зачем ты мне это рассказываешь? | |
Сен мені неге аямайсың? | Почему ты меня не жалеешь? | |
Саған жаным ашиды. | Жаль мне тебя от души. | |
Сен өзіңді-өзің ертерек жоғалттың. | Рано ты поставил крест на себе! | |
Сен бұған қалай қарайсың? | Как ты на это смотришь? | |
Бұл кісі әрдайым осындай. | Этот человек всегда такой. | |
Біздің мақсатымыз – азаматтық қоғам құру. | Наша цель – создание гражданского общества. | |
Мен сізге дән ризамын. | Я глубоко признателен Вам.
|
23-19
|
Ең жақсы көретін тамағыңыз? | Ваша самая любимая еда? | |
Жалғасы міндетті түрде болады. | Продолжение обязательно будет. | |
Ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес. | Никто никому ничего не должен. | |
Сен махаббатқа сенесің бе? | Ты веришь в любовь? | |
Мына түрің не? | Что это у тебя за вид? | |
Біз қалай ақталамыз? | Как мы будем опрадываться? | |
Біз ақтауымыз керек пе? | Разве мы должны оправдываться? | |
Сұраса, айтамыз. Сонымен бітті. | Спросим, скажем. На этом всё. | |
Бірдеңе айтшы. | Скажи что-нибудь. | |
Сені қалаған жеріңе апарамын. | Я отвезу тебя куда пожелаешь.
|
23-20
|
Құр уәдеден шаршадым. | Я устал от пустых обещаний. | |
Мұны саған кім үйретті? | Кто тебя этому научил? | |
Мұны маған біреу үйретті дейсің бе? | Ты думаешь, что меня кто-то научил этому? | |
Тағы кiмде қандай ұсыныс бар? | У кого какие ещё есть предложения? | |
Енді қайттік? | И что нам теперь делать? | |
Сіз жаңылысып тұрсыз! | Вы ошибаетесь! | |
Біз сізді сыйлаймыз, құрметтейміз, үлгі тұтамыз. | Мы Вас уважаем, почитаем, ставим в пример. | |
Қабағың неге түсіп кетті? | Почему у тебя плохое настроение? | |
Конақтарды қарсы алыңдар. | Встречайте гостей. | |
Келесі! | Следующий!
|
Корректор: Татьяна Валяева
|