Полезные фразы
Сборник 19
Автор: Рауль Керимбаев
19-01
|
Емтихан тапсырғаннан кейін үйге барамыз. | После сдачи экзаменов поедем домой. | |
Ол қарқылдап күліп жіберді. | Он расхохотался. | |
Ендеше болыңдар тез. | Ну тогда, давайте быстрее. | |
Неғып жатсың? Не болды саған? | Что ты? Что с тобой? | |
Бәрін түгелсіңдер ма? | Все здесь? | |
Енді ұқтым. Бұл арамзалық кімнен шыққан да білем. | Теперь я всё поняла. Я знаю, чьи это интриги. | |
Келсе қайтейін? Қабылдар жайым жоқ оны! | Ну и что, если она приедёт? Я не могу её принять! | |
Ол өзі менің соңғы тәжірибем болатын. | Это был мой последний опыт. | |
Есебіңді әкел! | Счёт! | |
Сен иттей массың. | Ты пьян, как сапожник.
|
19-02
|
Ұйқыдан басқа ештеңе керек болмай тұр. | Ничего не нужно, кроме постели. | |
Айтқаныңыз болсын! | Слушаюсь! | |
Сен не деген түсінбейтін адамсың? | Почему ты такая непонятливая? | |
Сен не көкіп тұрсың, шырағым? | Что ты мелешь, дорогой? | |
Кім туралы айтасың? | Ты про кого говоришь? | |
Тиісті жеріне хабарлаймын. | Я сообщу куда надо. | |
Аз іш деймін, мас боп қаласың! | Я тебе говорю, пей помаленьку, опьянеешь! | |
Не дедің, естіген жоқпын? | Что ты сказал, я не расслышал? | |
Кейін бәрін түсінесің. | Потом всё поймёшь. | |
Соқырсың ба? Көрмей тұрсың ба? | Ты что слепой? Не видишь что ли?
|
19-03
|
Мен сенбеймін. Бәрі жалған. | Я не вею. Всё враньё. | |
Мен айтпаған сияқты едім. Қалай аңғардың? | Я вроде не говорил. Как ты догадался? | |
Маған неге қарай береді? | Почему он смотрит на меня? | |
Ол саған қарап тұрған жоқ. Бәрімізге қарап тұр. | Он на тебя не смотрит. Он смотрит на всех. | |
Кәне, жоғары шығыңдар! Неге тұрсыңдар қақиып? | Ну-ка давайте, проходите! Что встали, как вкопанные? | |
Енді болары болып қойды. | Но теперь поздно. | |
Үні биязы, жұғымды. | Голос у него деликатный, приятный. | |
Тек жүрексінбе. | Только не трусь. | |
Бағыңды байлама. | Не отказывайся от счастья. | |
Уәдеңізді беріңіз, жібермеймін әйтпесе. | Пообещайте, а то не отпущу.
|
19-04
|
Оны істеймін дей алмаймын. | Этого я не обещаю. | |
Сен мұнда неғып тұрсың? | Ты что здесь делаешь? | |
Мен сізді түгел қостаймын. | Совершенно с вами согласен. | |
Ұйықтап алайыншы деп ем, көзім ілінбей қойды. | Хотел бы уснуть, и не могу. | |
Бәріңді өз балаларымдай жақсы көрем. | Я вас всех люблю, как своих детей. | |
Өзіңді күткенімізге көп болып еді. | Мы тебя давно ждали. | |
Көргеніме өте қуанып кеттім. | Я очень обрадовался, увидев тебя. | |
Шаруа жайың қалай? | Как хозяйство? | |
Ақыры тыншыды. | Она успокоилась наконец. | |
Сен қандай топ-толықсың! | Какой ты толстый!
|
19-05
|
Әжем бір орында отыра алмайтын кісі. | Моя бабушка не может сидеть спокойно. | |
Бұның бәрін Алла разылығы үшін істедім. | Все это я сделал для довольства Бога. | |
Ешқайда да кетпейсің. | И никуда ты не пойдёшь. | |
Бәрін бүлдіріп алып, енді таймақшысың ғой. | Натворил все и хочешь смыться. | |
Біз жай сенен кеңес сұрамақшы едік. | Мы просто хотели спросить у тебя совета. | |
Мен отбасының басшысымын, ол міндетімді ұмытпаймын. | Я ведь глава семьи и не забываю этого. | |
Бәрі де өз қалпына келеді. | Всё наладится. | |
Орайы келсе. | Если будет возможность. | |
Сіз бізге келіп кете аласыз ба? | Вы можете к нам прийти? | |
Сіз маған қалай жәрдем етесіз? | Как Вы можете мне помочь?
|
19-06
|
Маған мұңды-зарлы кітапты алып беріңізші. | Дайте мне жалобную книгу. | |
Сен қабағыңды неге түйесің? | Ты почему хмуришься? | |
Мені уайымдауға мәжбүрлеме. | Не заставляй меня переживать. | |
Қазір айта алмаймын, себебі асығып тұрмын. | Сейчас я не могу сказать, потому что тороплюсь. | |
Олар бізге бас салуы мүмкін. | Они могут на нас напасть. | |
Бұл арада неге тығылып тұрсың? | Ты что здесь прячешься? | |
Сен массың, барып ұйқыңды қандыр. | Ты пьян, иди выспись. | |
Мен маспын ба? Құдай куә аузыма бір ұрттам арақ алғам емеспін. | Я пьяный? Бог свидетель, не единой капли во рту не было. | |
Осындай уақытта арақ ішуге ойға келе ма? | Разве придёт в голову пить водку в такое время? | |
Неге ұйықтамай жүрсіңдер? | Почему вы не спите?
|
19-07
|
Ұйықтайтын уақыт па? | А что время спать? | |
Қызғанып тұрғам жоқ. | Я не завидую. | |
Ақыры жақсы болады. | А всё будет хорошо. | |
Қымс етсе-ақ сөйтеміз. | Чуть что, мы всегда так. | |
Сен бұлтақтама, шындықты айт! | Ты не крути, правду говори! | |
Басыңды жоғары ұста. | Держи голову выше. | |
Ананы тексеріп шықшы. | Проверь вон того. | |
Күдікті зат жоқ. | Подозрительных вещей нет. | |
Маған сенімен көзбе-көз сөйлесу керек. | Мне нужно поговорить с тобой наедине. | |
Күннен күнге қызық нəрселер көбейіп бара жатыр. | С каждым днём происходит всё больше интересных вещей.
|
19-08
|
Қазір бәрі басталады. | Сейчас все начнётся. | |
Қайда кетіп қалдың? | Ты куда уходил? | |
Қалай, ол риза болды ма? | Как, он остался доволен? | |
Риза болған-болмағанын білмеймін. | Не знаю, остался он довольный или нет. | |
Сендердің көмектерің керек. | Нужна ваша помощь. | |
Әзірше ол туралы ештеңе айта алмаймын. | Об этом пока ничего не могу сказать. | |
Шабытым келмей отыр. | У меня нет вдохновения. | |
Сол жайлы өте өкініштімін. | Я очень сожалею об этом. | |
Бәрі жақсы болады деп сенейікші. | Давайте верить, что всё будет хорошо. | |
Бізде кішкене жағымды өзгерістер болды. | У нас произошли небольшие приятные изменения.
|
19-09
|
Одан бері талай заман өтті ғой. | С тех пор прошло много времени. | |
Көп нәрсе өзгерді. | Много чего изменилось. | |
Қабырғаның да құлағы бар. | Даже у стен есть уши. | |
Басынан түсінікті болған. | С самого начала было понятно. | |
Көңіл-күйің неге жоқ, бір жерің ауырып тұрған жоқ па? | Почему у тебя нет настроения? У тебя нигде не болит? | |
Сағат үште өзім күтіп аламын. | В три часа я сам встречу. | |
Тоң майға піскен шикі бауырсақсың! | Ты - недоваренный на топлённом масле баурсак! (апашка ругается) | |
Күшті айтылған екен. | Сильно сказано. | |
Сен қайда қарап тұрсың? | Ты куда смотришь? | |
Ол ұзақ әңгіме. | Это длинная история.
|
19-10
|
Мен олай ойламаймын. | Я так не думаю. | |
Ол жағын уайымдамаңыз. | Об этом не переживайте. | |
Маған жолығып кетші. | Зайди ко мне. | |
Өзара айтқанда. | Между нами говоря. | |
Осындай болатынын білгем. | Я знал, что так будет. | |
Ал сіз қалай ойлайсыз? | А Вы как думаете? | |
Мені ешкім іздеген жоқ па? | Меня никто не спрашивал? | |
Көңіл-күйіңді құртпай-ақ қой. | Не порть себе настроение. | |
Ештеңе айтпа! | Ничего не говори! | |
Сенің орныңда болсам былай етер едім... | На твоём месте я поступил бы так же...
|
19-11
|
Сіз сондай мейірімдісіз. | Вы так добры. | |
Сіздің жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймын. | Я никогда не забуду Вашу доброту. | |
Сенде не қызық бар? | Что у тебя интересного? | |
Мәселе онда емес. | Не в этом дело. | |
Уақытты зая жібермейік. | Не будем терять время. | |
Шын айтқанда, бұл тәрбиенің мәселесі. | И, в сущности, это вопрос воспитания. | |
Сізге айтып тұрмын осыны. | Я это Вам говорю. | |
Сұрай алмайсың. | Не сможешь спросить. | |
Ол саған не үшін керек? | Он зачем тебе нужен? | |
Біз қайырымдылықпен айналыспаймыз. | Мы не занимаемся благотворительностью.
|
19-12
|
Менде де сондай әсер. | И у меня такое же ощущение. | |
Бас тартып жатсың ба? | Ты отказываешься что ли? | |
Сұрағыма тұрып жауап берiңiз. | Встаньте и ответьте на мой вопрос. | |
Олай етуге болмайды. | Так делать нельзя. | |
Мен бұдан ары шыдай алмаймын. | Я больше не могу терпеть. | |
Сізге ештеңе айтуға болмайды екен. | Вам, оказывается, ничего нельзя говорить. | |
Тұра тұр. | Погоди. | |
Оны жайына қалдыр! | Оставь её в покое. | |
Заң бұздың ба, жауап бер?! | Нарушил закон, отвечай?! | |
Мен дұрыс айтып тұрмын ба? | Я правильно говорю?
|
19-13
|
Біз көп нәрсе білмейміз. | Мы много чего не знаем. | |
Жарайды, оны әлі көрерміз! | Ну, это мы ещё посмотрим! | |
Кешіресің бе, білмеймін? | Не знаю, простишь ли ты? | |
Саған айтуға тиіспін. | Должен сказать тебе. | |
Мені мұнда жалғыз қалдырма. | Не оставляй меня тут одну. | |
Бірдеңе дедің ба? | Ты что-то сказал? | |
Кінәмді мойындаймын. | Признаю свою вину. | |
Сіз мені кім деп тұрсыз? | За кого Вы меня принимаете? | |
Сен жақсы жігіт сияқтысың. | Ты вроде хороший парень. | |
Бас әріппен жазылады. | Пишется с большой буквы.
|
19-14
|
Қазір еркін өмір, еркін стиль. | Сейчас свободная жизнь, свободный стиль. | |
Не істерсің, не лаж етерсің? | Но что же, что же делать? | |
Арғысын көре жатармыз. | Там видно будет. | |
Солай деп ойласың ба? | Ты так думаешь? | |
Қалайсың өзің? Сұрауға да болмай ма? | Какая же ты? Спросить даже нельзя что ли? | |
Сен маған қылмыңдама. | Ты со мной не заигрывай. | |
Тірімісің? | Ты живой? | |
Не деп тұрсың, неге менің намысыма тиесің? | Ты что говоришь, ты почему задеваешь мою честь? | |
Көптен тұр ма? | Давно ждёт? | |
Не керек өзіңізге? | Что Вам нужно?
|
19-15
|
Аулақ жүріңіз, аулақ. | Уйдите, уйдите. | |
Егер бір нәрсе керек болып жатса, маған айт. | Если что-нибудь понадобится, скажи мне. | |
Қандай тілің ащы! | Какой ты остроумный! | |
Түсінбей сөйлеме. | Не разобравшись, не говори. | |
Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады. | Чем больше Вы будете говорить об этом, тем лучше. | |
Әке-шешеңе сәлем айт. | Передавай привет родителям. | |
Былайша айтқанда өзіне де сол керек. | Иначе говоря, так ему и надо. | |
Отырған жерде тып-тыныш отыра бермей ма. | Сидел бы тихо на своём месте. | |
Үйленгенсің бе? | Ты женился? | |
Тұрмыс құрғансың ба? | Ты вышла замуж?
|
19-16
|
Жарайды, балам, әдейі істеген жоқсың ғой. | Ладно, сынок, ты же не специально сделал. | |
Енді ұқыпты болуға тырыс. | Теперь постарайся быть аккуратным. | |
Қайда екенімді біледі деп ойлаймын. | Я думаю, он знает, где я нахожусь. | |
Жерге кетсе де тап! | Найди его, даже если он сквозь землю провалился! | |
Мен сізге өтінішпен келдім. | Я пришёл к Вам с просьбой. | |
Қашанға біреудің көңіліне қараймыз? | До каких пор мы будем подстраиваться под всех. | |
Бірдеңенің дұрыс болмай қалуын ешқашан алдын ала білмейсің. | Никогда заранее не знаешь, что может пойти не так. | |
Қызық екенсің өзің. | Ты странный какой-то. | |
Мен жылап жатқан жоқпын. | Я не плакала. | |
Тауып алған адам қуанып қалсын. | Пусть нашедший порадуется.
|
19-17
|
Киімге тоймайды екенсің. | Тебе всё мало одежды. | |
Сенің сөзіңе қосар да алар да жоқ! | К твоим словам ничего прибавишь и не убавишь! | |
Сіз өте кішіпейіл екенсіз. | Вы крайне любезны. | |
Мархабатты мырзалар! | Милостивые государи! | |
Біз үшін бәрінен де борышымыз жоғары. | Для нас долг превыше всего. | |
Біз келгенше шаң сүртіп, шаңсорғыштап кішкене үйді жинап қой. | Да нашего прихода ты протри пыль, пропылесось, немного приберись по дому. | |
Басеке, неге тоқтаттыңыз? Ереже бұзған жоқпын ғой. | Басеке, почему остановили? Я же не нарушал правила. | |
Мен қалжыңдап тұрғам жоқ. | Я не шучу. | |
Айтқанымды орында. | Делай, как я сказал. | |
Есіңізге салайын. | Я хочу Вам напомнить.
|
19-18
|
Мен күресуден бас тартым. | Я отказался бороться. | |
Саған біздің есік ашық. | Тебе наши двери открыты. | |
Кез келген уақытта келе бер. | Приходи в любое время. | |
Ал, іске кірісейік. | Так, приступим к делу. | |
Іске көшсе көшейік. | За дело, так за дело. | |
Полиция келіп, қолына кісен салды да алып кетті. | Пришли полицейские, одели на него наручники и увели. | |
Қандай айып таңғанын айтты ма? | Что ему инкриминируют? | |
Жолын бөгейін деп едім. | Я хотела помешать. | |
Сен аясыз әйелсің. | Ты беспощадная женщина. | |
Бизнесің не болды? | Что с твоим бизнесом?
|
19-19
|
Оған не болушы еді. Әйтеуір жүріп жатыр. | А что с ним будет? В общем идёт. | |
Саған ылғи жетпейді. | Тебе постоянно не хватает. | |
Қандай кенес бересің? | Какой дашь совет? | |
Пайдасы тиеді деп ойлайсың ба? | Думаешь, что поможет? | |
Бізді ұстап ала жаздады. | Нас чуть не поймали. | |
Жүздесу деп айта алмаймын. | Не могу сказать, что на свидание. | |
Іскерлік кездесу деп айтса болады. | Деловая встреча, можно сказать. | |
Жүрші сөйлесіп қайтайық. | Пойдём поговорим. | |
Сізбен танысқаныма қуанып тұрмын. | Я рад знакомству с Вами. | |
Ал менің қуанышымда шек жоқ. | А у моей радости границ нет.
|
19-20
|
Қызғанбайсыз ба? | Вы не ревнуете? | |
Сізді ешқайда жібермеймін. | Я Вас никуда не отпущу. | |
Ертең ерте тұру керек. | Завтра рано вставать. | |
Бұл сіздің еркіңізде емес. | Это не в Вашей воле. | |
Мені ешкім түсінбейді. | Меня никто не понимает. | |
Өмірде осындай да болады, сондықтан үмітті ешқашан үзуге болмайды. | В жизни бывает и такое, поэтому, никогда не надо терять надежды. | |
Сенің маған айтарың жоқ па? | Тебе нечего мне сказать? | |
Қызыма зияны тисе, өз қолыммен өлтіремін! | Если навредишь дочери, убью своими руками! | |
Әркім өз күнәсі үшін жауап береді, жеке-жеке. | Каждый ответит за свои грехи, по отдельности. | |
Егер артық кеткен жерім болса, кешіріңіздерші мені. | Если я зашёл слишком далеко, простите меня пожалуйста.
|
Корректор: Татьяна Валяева
|