Полезные фразы
Сборник 21
Автор: Рауль Керимбаев
21-01
|
Әкең естісе, өлтіреді! Жап аузыңды! | Замолчи! Отец услышит, убьёт! | |
Екеуіне не жетпейді? | Что вам двоим не хватает? | |
Қашанға дейін шыдаймын. | До каких пор я могу терпеть. | |
Жол қаражатына ақша жіберемін. | Денег на дорогу вышлю. | |
Мұның кім екенін қалай анықтайсыз? | Как же Вы узнаете, кто это? | |
Тек ой кешу арқылы ғана. | Только путём размышлений. | |
Сен бірдеңе айтпайсың ба? | Ты разве ничего не скажешь? | |
Біздің ортамызда мұндай кісі неге жоқ? | Почему среди нас нет такого человека? | |
Жоспарың бар ма? | У тебя есть план? | |
Неге сұрамайсың? | Почему не спрашиваешь?
|
21-02
|
Әй, сен бір шақырғанда неге келмейсің? | Эй, ты почему, когда тебя зовут, с первого раза не идёшь? | |
Естімей қалдым. | Я не услышал. | |
Енді өлмеспіз. | Теперь мы не умрём. | |
Сағат алты жарым болыпты. | Уже полседьмого. | |
Түу, үлкен жігіт боп қапсың ғой. | У, ты уже взрослым парнем стал. | |
Ол мұны жасай алар ма екен? Қызық! | Интересно! Сможет ли он это сделать? | |
Жасай алады. Жасайды. | Он сможет сделать. Сделает. | |
Мен қолымнан келгенін жасауға тырысамын. | Я постараюсь сделать всё, что в моих силах. | |
Неге өтірік айтасың? | Ты почему обманываешь? | |
Соңғы кезде денсаулығым нашарлап барады. | В последнее время здоровье моё ухудшается.
|
21-03
|
Істей алмаймын деп қорқам. | Боюсь, что не смогу сделать. | |
Сен өйтіп айқайлама! | Ты так не кричи! | |
Өзім туралы өзім айтамын. | Про себя я сам скажу. | |
Қолымнан келгенді жасадым. | Я сделал всё, что мог. | |
Сеніңше бұл күнә емес пе? | По-твоему, это не грех? | |
Енді елестет. | А теперь представь. | |
Мен қазір полицияға хабарлассам, сені алып кетеді. | Если я сейчас позвоню в полицию, тебя заберут. | |
Қолыңа кісен салады. | Наденут наручники. | |
Мен қылмыс туралы ақпарат берейін деп едім. | Я бы хотел сообщить о преступлении. | |
Міне, сен орындадың. Жақсы іс жасадың. | Вот, ты выполнила. Хорошее дело сделала.
|
21-04
|
Мен оны қабылдай алмаймын. | Я не могу её принять. | |
Мен бір сағаттан соң болам. | Через час я буду. | |
Сенімен әңгімемді аяқтаған жоқпын әлі. | Я ещё не закончил разговор с тобой. | |
Мен саған түсіндіргім келіп еді. | Я хотел тебе объяснить. | |
Бірақ сен тыңдағың келмеді. | Но ты не захотел слушать. | |
Бәріне себеп - оның тәрбиесіздігі. | Всему причина - её невоспитанность. | |
Бұл туралы ұмытайық, өтінемін сенен. | Забудем об этом, прошу тебя. | |
Қажет болса, бірден қабылдауға болады. | Если нужно, можно сразу принять. | |
Сен қалайша уәде бердің? | Как ты могла обещать? | |
Ол өксіп жылады. | Она плакала навзрыд.
|
21-05
|
Ол жағын көріп жатармыз. | Это мы посмотрим. | |
Ол күнімен ұйықтайды. | Он целыми днями спит. | |
Тағы сұрақ қойсам бола ма? | Ещё один вопрос задать можно? | |
Дерек, жұмысыңыз көңіліңізден шығады ғой. | Значит, Вы довольны своей работой. | |
Бірінші қонағым сен боласың. | Ты будешь моим первым гостем. | |
Үй қожайыны қатал әйел секілді. | Кажется хозяйка дома строгая женщина. | |
Ол сәл қаталдау, бірақ өте жақсы адам. | Она немного строгая, но очень хороший человек. | |
Ол адамдардың адалдығын бағалайды. | Она ценит в людях верность. | |
Жұмысыма байланысты оған уақытым жоқ. | Из-за работы на это нет времени. | |
Олар ажырасқан ба? | Они разведены?
|
21-06
|
Ол жағын білмеймін. | Этого я не знаю. | |
Бұл қайғылы хабарды оларға қалай естіртеміз? | Как мы им сообщим это горестную весть? | |
Отбасы құру өте қиын. | Создать семейный очаг очень трудно. | |
Мені түсінетін боларсыз. | Надеюсь, вы поймёте меня. | |
Отбасыдан артық ештеңе жоқ. | Нет ничего лучше семьи. | |
Айтқанымды орындадың ба? | Ты сделала, что я сказал? | |
Оны көргің келмеп едің ғой. | Ты же её видеть не хотела. | |
Жек көретін едің ғой. | Ты же её ненавидела. | |
Табан астынан неге бағалай қалдың? | С чего стала ценить? | |
Бұл үлкен зұлымдық. | Это большо зло.
|
21-07
|
Жалынамын, олай жасамашы. | Умоляю, не делай так. | |
Маған неге дауыс көтересің? | Ты чего повышаешь голос на меня? | |
Жәй қаңғырған бір ой. | Просто глупая идея. | |
Мен сіздің ойыңызды естігім келіп тұр. Айтыңыз. | Я хочу услышать Ваше мнение. Говорите. | |
Қаға бергенді қой. | Перестань стучать. | |
Жұрт аман болса, бұл киыншылықтан өтеміз. | Если люди будут живы, то преодолеем эту проблему. | |
Мен бәрінен айырылдым. | Я потерял всё. | |
Мен оған бас тарта алмайтын ұсыныс жасағалы жатырмын. | Я собираюсь сделать ему предложение, от которого он не сможет отказаться. | |
Бір жағдай болып қалған шығар. | Что-то случилось, наверное? | |
Жағдай мүшкіл. | Положение бедственное.
|
21-08
|
Ол оны көргісі келмейді. | Она его видеть не хочет. | |
Мен шындықты айтып отырған жоқпын ба? | Разве я говорю неправду? | |
Артық сөйлеудің қажеті жоқ. | Сейчас не нужно говорить лишнее. | |
Ертең барсам қайтеді? | А можно завтра пойти? | |
Барған соң естіртеміз. | Как приедем, сообщим. | |
Ол адамның қандай екенін енді түсіндің бе? | Теперь ты поняла, что он за человек? | |
Әуре болдың, қажеті жоқ. | Зря беспокоился, не нужно было. | |
Өзімді күтемін деп уәде бер. | Пообещай, что будешь беречь себя. | |
Неге кешірім сұрайсың? | Почему ты просишь прощения? | |
Сен соған бола алаңдап отырсың? | Ты из-за этого беспокоишься?
|
21-09
|
Менің бар қалауым - сенің бақытты болғанын. | Все мои желания - чтобы ты была счастлива. | |
Сіз мені тәнті еттіңіз. | Вы меня покорили. | |
Не боп қалды екен? | Что же случилось? | |
Бұл жерде неғып жүрсің? | Что ты здесь делаешь? | |
Мен мұндамын! | Я здесь! | |
Олар мені іздеп жатыр. | Они меня ищут. | |
Сен маған әлі де жауабыңды бермедің. | Ты до сих пор не дала мне ответ. | |
Біреу зорлап аузыңа құйды ма сенің? | Кто-то насильно влил тебе в рот? | |
Демалыста да маза бермейді екенсіңдер! | И в выходные вы не даёте покоя! | |
Шіркін, осындай да әйел болады екен ғой. | Эх, и такие женщины бывают, оказывается.
|
21-10
|
Бәрі кетіп қалды. | Все ушли. | |
Мен жас бала емеспін ғой. | Я же не мальчик. | |
Білмеймін, көрген жоқпын. | Не знаю, я не видел. | |
Сонша неғып үрпиісе қалдыңдар? | Что же вы так напугались? | |
Қашан қайтып келесің? | Когда вернёшься? | |
Сіз маған мүлде басқаша айтқансыз. | Вы мне совсем по-другому говорили. | |
Жалқауланбаңдар. | Не ленитесь. | |
Жаман болмас еді. | Было бы неплохо. | |
Дөрекілік көрсетпе. | Не груби. | |
Жаман ауа райында ондай болып тұрады. | Такое бывает в непогоду.
|
21-11
|
Су жоқ па? Қобалжығаннан тамағым кеуіп кетті. | Нет ли воды? От волнения у меня пересохло в горле. | |
Жағымпазданба. | Не подлизывайся. | |
Неге олай шошытасыз? | Вы зачем так пугаете? | |
Бейтаныс нөмір. Қателесіп кеткен шығар. | Незнакомый номер. Наверное, ошиблись номером. | |
Үлгереміз бе? | Успеем? | |
Қайтесің оны! | Да ну его! | |
Бірақ, қолың бос болмаса... | Но, если ты занята... | |
Саған қаншада ыңғайлы болады? | Когда тебе будет удобно. | |
Ал сізге қашан ыңғайлы болады? | А когда Вам будет удобно? | |
Сен деп сөйлеші. | Обращайся ко мне на «ты».
|
21-12
|
Түстен кейін ше? | После обеда? | |
Қалай екен? | Ну, как? | |
Мұнда біреу бар ма? | Здесь кто-нибудь есть? | |
Маған не айтайын деп едің? | Что ты хотел мне сказать? | |
Мен айтарымды айттым. | Я всё сказал. | |
Қазір саған бере салатын ақша жоқ менде. | Сейчас, чтобы тебе отдать, у меня денег нет. | |
Әңгіме тарап кетеді. | Сплетни пойдут. | |
Үй-ішің аман ба? | Дома все живы-здоровы? | |
Қатар отырдық. | Сидели рядом. | |
Сенің көзіңде ешқандай құлық жоқ. Демек, саған сенуге болады. | В твоих глазах нет хитрости. Значит, тебе можно верить.
|
21-13
|
Саған сеніп тұрмын ғой. | Я же верю тебе. | |
Қолың тисе кел. | Будет время приходи. | |
Ол қанша уақытқа қалады? | Сколько он тут пробудет? | |
Өзі кеше түнде ғана келді. | Он вчера только ночью приехал. | |
Ол қалай тез сені ығыр қылып жіберді. | Как быстро он тебе надоел. | |
Есігіміз оған әрдайым ашық. | Двери наши всегда открыты для него. | |
Үлгілі болса, мәнгі тура берсін. | Пусть он вечно живёт, будь он примерным. | |
Бірақ, оған қалай жауапты боламыз? | Но как за него нести ответственность? | |
Баламызға әрең қарап жүрміз. | Мы с трудом справляемся с сыном. | |
Оны жолдан тайдырып жүрмесін. | Пусть не собьёт его с пути.
|
21-14
|
Ештеңе де болмайды, болмайды. | Ничего не будет, не будет. | |
Ол ұзақ уақытқа қалмайды. | Он надолго не останется. | |
Жақсы. Басымызға бәле туғызбаса болды. | Хорошо. Лишь бы не навлёк на нас беду. | |
Әй, әпкем-ай! Кандай қиындықтарды мойнымызға асып қойдың. | Ай, сестра! Какие проблемы ты взвалила на нас. | |
Отыр. Неге қарап тұрсың? | Присаживайся. Чего смотришь? | |
Сабағың нешеде бітеді? | Во сколько у тебя заканчиваются занятия? | |
Әдеттегідей, кешке. | Как обычно, вечером. | |
Өз басым ешқайда бармаймын. | Лично я никуда не пойду. | |
Енді түсіндіріп айтсаңшы. | Ну, объясни толком, пожалуйста. | |
Мен ақымақтық жасадым. Кешір. | Я совершил глупость. Прости.
|
21-15
|
Сен үшін бәрін істеймін. | Я для тебя всё сделаю. | |
Зор бақытыма орай... | К моему великому счастью... | |
Әй, сендер неғып тұрсыңдар бұл жерде?! | Эй, что вы тут стоите?! | |
Көңіл бөлмеңіз! | Не обращайте внимания! | |
Оның бұлай істеуге қалай дәті барды? | Я не могу поверить! Как она могла так поступить? | |
Жетер енді, жетер! | Ну, хватит, хватит! | |
Неге мені қынжылтасың? | Почему меня огорчаешь? | |
Неге бұзақылық жасайсың? | Почему ты хулиганишь? | |
Ол мені түртті. | Он подкалывал меня. | |
Мені түртуге ешкімнің дәті бармайды. | Никто не смеет подкалывать меня.
|
21-16
|
Орныңнан тұр. | Поднимайся. | |
Доғар. Ол енді бұлай істемейді. | Перестань. Он больше так не сделает. | |
Отырсаңшы | Садись же. | |
Сендердің мазаларыңды алмаймын. | Не буду вас беспокоить. | |
Жесеңші. Май жағып же. Қымыздан ал. | Кушай. Намазывай масло. Пей кумыс. | |
Сен жақсы шығыпсың. | Ты хорошо вышла (на фотографии). | |
Демек, әпкең екеуің татуласқан екенсіңдер ғой. | Значит, вы помирились с сестрой? | |
Ұрсып қалып па едіңдер? | А вы были в ссоре? | |
Әпкеңмен неге ұрсып қалдың? | А почему ты поссорилась с сестрой? | |
Кейін татуласып кеттік. | А потом мы помирились.
|
21-17
|
Нені ойлап тұрсың? | О чём ты задумался? | |
Арманым орындалды. | Мечта моя сбылась. | |
Солай ма? Өте жақсы, өте жақсы! | Вот как? Очень хорошо, очень хорошо! | |
Әй, бұларын не? Неге маған айтпадыңдар? | Эй, что это вы? Почему мне не сказали? | |
Айтқанымды істе. | Делай, что тебе говорю. | |
Жейтін бір нәрсе бар ма? | Есть что-нибудь поесть? | |
Кет дедім саған! | Я сказала тебе: «Уходи!» | |
Қол жетпес болды. | Она стала недосягаемой. | |
Ешқандай қиындық болмайды. | Никаких проблем не будет. | |
Қайырлы таң, қалай ұйықтап шықтың? Ұйқың қанды ма? | Доброе утро, как поспал? Выспался?
|
21-18
|
Мұндай шарттар бізге жарайды. | Такие условия нам подойдут. | |
Мынаны да тамақ деп тұрсың ба? | И это ты считаешь едой? | |
Сөзімен жеткізе алмаймын. | Я не могу передать словами. | |
Күтпедің бе? | Не ждала? | |
Бұл саған жауынгерлік тапсырма. | Это тебе боевое задание. | |
Мен ондай құрбандыққа бара алмаймын. | Я не могу пойти на такую жертву. | |
Барлығы менің даналығымның арқасында. | Все благодаря моей мудрости. | |
Ешкім мазаламайды ма? | Никто не беспокоит? | |
Кейін звондаймын. Сөйлемейтін жерде отырмын. | Я попозже перезвоню. Я нахожусь, где говорить нельзя. | |
Осыға сен кінәлісің. | В этом ты виноват.
|
21-19
|
Сен мені танымай қалдың ба? | Ты меня не узнал? | |
Неге үндемейсің? | Почему молчишь? | |
Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды. | Мы с тобой не виделись около тридцати лет. | |
Әй, азамат екенсің, мықты бол. | Ай, ты мужчина, оказывается. Будь сильным. | |
Бар, орында! | Иди, выполняй! | |
Ерке, тентек болған шығарсыз? | Вы, наверное, были балованной, озорницей? | |
Өте тұйық болдым. | Я была очень замкнутой. | |
Сондай жайбасар болатынмын. | Была такой медлительной. | |
Мен өзі асықпайтын жайбасармын. | Я вообще не торопящий, медлительный человек. | |
Ата-анаңыз қарсы болмады ма? | Ваши родители не были против?
|
21-20
|
Жолдасыңызбен қалай таныстыңыз? | Как Вы познакомились со своим мужем? | |
Бір ғана мысал келтірейін. | Приведу один только пример. | |
Мен өзі тез толып кететін адам. | Я, вообще, быстро полнеющий человек. | |
Сондықтан кешкі сағат алтыдан кейін тамақ жемеуге тырысамын. | Поэтому, после шести часов вечера стараюсь не кушать. | |
Ол кісінің қолынан бәрі келеді. | Этот человек может всё. | |
Әуелі етті пісіру керек. | Сначала нужно сварить мясо. | |
Бірін-бірі күндемейді. | Не завидуют друг другу. | |
Ештеңені жасырма. | Ничего не скрывай. | |
Рухани жаңғыру. | Модернизация общественного сознания. | |
Неден бастасам екен. | С чего же мне начать?
|
Корректор: Татьяна Валяева
|