Полезные фразы
Сборник 30
Автор: Рауль Керимбаев
30-01
|
Қаламақы алып жүрсің бе? | Ты гонорар получаешь? | |
Неге олай деп ойлайсың? | Почему ты так думаешь? | |
Жігіт айтты - жігіт істеді. | Мужик сказал – мужик сделал. | |
Бір мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылдан бастап шығады. | Издается с 1996 года. | |
Жылына төрт рет шығады. | Выходит 4 раза в год. | |
Бәрі жоғары деңгейде өтті. | Всё прошло на высшем уровне. | |
Шамамыз келгенше көмектесеміз. | Мы поможем всем, чем сможем. | |
Мезгілімен жіберіңіз. | Отправьте вовремя. | |
Бұрынғыдай сол жұмыс істеп жатырмыз. | Как всегда, так же работаем. | |
Мен өкілмін. | Я представитель.
|
30-02
|
Сен де айтады екенсің. | Скажешь тоже. | |
Жарайды, жүріңдер. | Ладно, пошлите. | |
Бірінші-екінші нөмір бойынша санаңдар. | На первый-второй рассчитайтесь. | |
Екіншілер, бір қадам алға. | Вторые номера, шаг вперёд. | |
Менің сізбен сөйлескім келмейді. | Я не хочу говорить с Вами. | |
Бақыт ақшаға ғана тәуелді емес. | Счастье не только в деньгах. | |
Бір зейнетақым ештеңеге жетпейді. | Моей одной пенсии ни на что не хватает. | |
Кешегі қылығым үшін кешіріңіз. Менікі дұрыс болмады. | Извините меня за вчерашний поступок. Я была не права. | |
Сен әлі жассың, әдемісің. | Ты ещё молодая красивая. | |
Адамдар өсектей бастайды. Мен олай жүре алмаймын. | Люди начнут сплетничать. Я так не могу.
|
30-03
|
Өсектеп көрсін, менің сазайларын алады. | Пусть попробуют посплетничать, получат от меня. | |
Бізде қиындықтар туындауы мүмкін. | У нас могут появится проблемы. | |
Маған бұл істер онша ұнамайды. | Мне эти дела не очень нравятся. | |
Қазақстан халықтарының бірлігі күні. | Праздник единства народа Казахстана. | |
Қазақстан - егемен ел. | Казахстан - независимая страна. | |
Ол ештеңе бүлдірмейді. Ол жақсы, тәрбиелі бала. | Он ничего не натворит. Он хороший, воспитанный мальчик. | |
Жиырма жыл өткен соң. | Спустя 20 лет. | |
Алдын-ала жазылып кетейін деп едім. | Я заранее хотел бы записаться. | |
Үйленген, бір қыз тәрбиелеуде. | Женат, воспитывает дочь. | |
Біз сізбен бір жерде көріскен сияқтымыз. | Мы с Вами где-то виделись.
|
30-04
|
Біздің құжаттарымыз дайын ба? | Наши документы готовы? | |
Иә, олар осында. Мінекейіңіз. | Да, вот они. Пожалуйста. | |
Мынау біздің бес жылдық жоспарымыз . | Это наш пятилетний план. | |
Уақытты текке өткізгіміз келмейді. | Мы не хотим тратить время попусту. | |
Сондықтан тез арада іске кірісулеріңізді сұраймыз. | Поэтому мы просим вас приступить к делу в ближайшее время. | |
Сіз өзіңіздің өніміңізге сенімді сияқтысыз ғой. | А вижу Вы уверены в своей продукции. | |
Онда бір минутты да текке өткізбейік. | Тогда не будем терять зря и минуты. | |
Кейінірек барлығын бүге-шігесіне дейін талқылап қажет жеріне өзгерістер енгіземіз | Чуть позже обсудим все детали и внесём нужные изменения. | |
Әрине, бізге сіздің көмегіңіз қажет болады. | Конечно, нам понадобится ваша помощь. | |
Қолымнан келгенің бәрін істеймін. Бірақ бұл істің маманы сіздер. | Сделаю всё, что смогу. Но вы специалисты этого дела.
|
30-05
|
Біз сіздерге сенеміз. | Мы вам верим. | |
Не деп жауап бересің? | Что ты ответишь? | |
Ол кез келген сәтте келе қалуы мүмкін. | Он в любой момент может приехать. | |
Бұл сөзімді есіңде сақта. | Помяни моё слово. | |
Бәрі соншалықты оңай емес. | Не всё так просто. | |
Жиналыс нәтижелі болды. | Собрание было плодотворным. | |
Ол аузын ләм-мим деп ашпады. | Она не произнесла ни слова. | |
Бұл біздің жұмысымыз деп ойлаймын. | Я думаю, что это наша работа. | |
Бізге жақсылап жұмыс істеуге тура келеді. | Нам придётся поработать хорошенько. | |
Кеңседе кездесеміз. | Встретимся в офисе.
|
30-06
|
Жақсы. Лайым солай болсын! | Хорошо. Пусть так будет всегда. | |
Менің заманым өтті. Өтіп кетті. | Моё время прошло. Прошло. | |
Енді менің сөзімнің маңызы жоқ. | Моё слово больше ничего не значит. | |
Олардың мүдделеріне кім өкілдік етеді? | Кто будет представлять их интересы? | |
Не деген жиіркенішті еді. | Какая она отвратительная. | |
Маған тапсырыс беруші ұнамайды. | Мне не нравится заказчик. | |
Қарсылықтарың бар ма? | Есть у вас возражения? | |
Қызығушылығым жоғалды. Бұл істі қаламаймын. | Интерес пропал. Не хочу этого дела. | |
Мен шет елде болдым. Жақында ғана оралдым. | Я была за границей. Только недавно вернулась. | |
Олардың барлығы - дарынды адамдар. | Все они - талантливые люди.
|
30-07
|
Не істерімді білмей тұрмын. | Не знаю, что и делать мне. | |
Кейінірек кіріп көріңіз. | Зайдите чуть позже. | |
Маған не істе деп кеңес бересіз? | Что Вы мне посоветуете сделать? | |
Үйді тағы да мұқият тінтіп шығыңыз. | Снова тщательно обыщите дом. | |
Одан басқа сізге айтар ақылым жоқ. | Больше я ничего не могу Вам посоветовать. | |
Мен оны жақсы білем. | Я его хорошо знаю. [білем=білемін] | |
Жүр, көрсетейін. | Пойдём, покажу. | |
Сіз қандай қорытындыға келдіңіз? | К какому выводу вы пришли? | |
Жүріңдер, дастарқанға отырайық. | Пойдёмте, сядем за стол. | |
Әлі ерте емес пе? Кішкене жата тұрайыншы. | Разве ещё не рано? Я немножко полежу.
|
30-08
|
Неге кісімен ойнайсың? | Ты зачем шутишь? | |
Тәуірсің бе? | Ты здорова? | |
Сен әзілдеп тұрмысың? | Ты шутишь? | |
Мені жақсы көрсе, маған сенер еді. | Если бы он меня любил, то поверил бы мне. | |
Мына жер маған таныс. | Это место мне знакомо. | |
Мен осында боламын. | Я здесь буду. | |
Менің йогурт жегім келіп тұр. | Я хочу кушать йогурт. | |
Қатты өзгеріп кетіпсіз. | Вы сильно изменились. | |
Біз үйге қашан қайтамыз? | Когда мы пойдём домой? | |
Қайтқың келіп тұр ма? | Ты хочешь вернуться?
|
30-09
|
Үйге жақында барамыз, жақсы ма? | Скоро пойдём домой, хорошо? | |
Әзірше осында бола тұр. | Пока побудь здесь. | |
Ұнамаса, жеме. | Если не нравится, то не ешь. | |
Қолыңыз жеңіл екен. | Рука у вас лёгкая. | |
Біз жай кішкентай, тәуелді адамдармыз. Шешімді шешетін басқалар. | Мы люди маленькие, зависимые. Решение принимают другие. | |
Жарайды. Сосын жазып алармын. | Ладно. Потом запишу. | |
Шайқасқа дайынмын. | Я готов к бою. | |
Боксшылар ортаға! | Боксеры на середину! | |
Қол алысыңдар. | Пожмите друг другу руки. | |
Ережені бұзбаймыз. | Мы не нарушаем правила.
|
30-10
|
Баяғы жыр ма тағы? | Опять старая песня? | |
Ол сенің шаруаң. | Это твоё дело. | |
Эй, естімей отырсың ба, ә? Саған айтып отырмын. | Ты не слышишь? Я тебе говорю. | |
Бір жерге баруым керек. Кешке келем. | Я должен сходить в одно место. Вечером приду. | |
Баруым керекті дедім ғой. | Я же тебе сказал, что мне надо идти. | |
Белбеуді тағып қой. | Пристегни ремень. | |
Сен өзің ақымақ екенсің! | Какой ты глупец! | |
Қайдан келе жатырсың? | Откуда идёшь? | |
Сені ешқайда жібермейм. | Никуда я тебя не отпущу. [жібермейм=жібермеймін] | |
Неге жібермейді екенсің? Мен сенікі емеспін ғой. | Почему ты не отпустишь? Я же не твоя.
|
30-11
|
Осы жобалармен біз жұмыс істеп жатырмыз. | Мы работаем над этими проектами. | |
Аздап сырқаттанып қалдым. Бүгін жұмысқа келмеймін. | Я немного приболела. Сегодня на работу не выйду. | |
Дәрігерге апарайын ба? | Отвезти тебя к доктору? | |
Жоқ. Керек емес. Бүгін демалып жатып, өз-өзіме келемін. Уайымдама. | Нет. Не нужно. Сегодня отлежусь, приду в себя. Не волнуйся. | |
Сен мұнда қандай тағдыр алып келді? | Какими судьбами ты здесь? | |
Мәдениетті сөйлеңіз. | Говорите культурно. | |
Міне, енді таныс болдық. | Вот, теперь познакомились. | |
Қарасам, зерек жігіт сияқты. | Смотрю, вроде смышлёный парень. | |
Солай дос болып кеттік. | Так мы стали друзьями. | |
Екеуің бірге бұзықтық жасадыңдар ма? | Вы вдвоём вместе хулиганили?
|
30-12
|
Ондай нәрселер жайлы сұрамайды. | О таких вещах не спрашивают. | |
Неге сұрамайды? Әрине, бұзықтық жасадық. | Почему не спрашивают? Конечно, хулиганили. | |
Жұмысына кірістің бе? | Ты приступила к работе? | |
Тағы бірдеңе керек пе? | Что-то ещё нужно? | |
Әзірге болды. | Пока хватит. | |
Не болғанын маған түсіндіретін адам бар ма? | Есть человек, который может мне объяснить, что происходит? | |
Біз жаңа клиенттер таптық. Сол үшін абыр-сабыр болып жатыр. | Мы нашли новых клиентов. Из-за этого такая суматоха. | |
Көзіме жас келіп тұр. | У меня слеза наворачивается. | |
Сен осыған көз бол. | Ты присмотри за этим. | |
Емтиханға дайындалдың ба? | Подготовился к экзамену?
|
30-13
|
Ол не істеу керегін біледі. | Он знает, что делает. | |
Мен бір рет қолдануға затпын ба? | Я что вещь одноразового пользования? | |
Ерте ме, кеш пе солай болады. | Рано или поздно так будет. | |
Жоқ. Мен мұндай іске бармаймын. | Нет. На такое дело я не пойду. | |
Мен бұйырғандай жасайсың. | Ты сделаешь, как я велела. | |
Сен мені алдаған жоқсың ба? | Ты меня не обманула? | |
Маған қашан ақшаны бере аласың? | Когда ты мне деньги можешь дать? | |
Сонда қалай? | Как это? | |
Маған клиентер керек. | Мне нужны клиенты. | |
Мен сіздің кез келген тілегіңізді орындаймын. | Я выполню любое Ваше пожелание.
|
30-14
|
Есікті қақпай кірдің ғой. | Ты зашёл, не постучавшись. | |
Есімнен талып қала жаздадым. | Я чуть не упала в обморок. | |
Күлкіні доғарыңдар. | Хватит смеяться. | |
Осында қондың ба? | Ты здесь ночевал? | |
Сен тағы ойға шомып кеттің? | Ты опять погрузился в раздумье? | |
Ұмыт енді. Оны қашан ұмытасың? | Забудь уже. Когда ты её забудешь? | |
Мен де өзіме «ұмыт» деймін. Бірақ ұмыта алар емеспін. | Я сам себе говорю: «Забудь!». Но забыть не могу | |
Оған қалай ғашық болып қалдым? | Как я в неё влюбился? | |
Адал еңбектен арланба. | Не стыдись честного труда. | |
Ата-анаңыз сіздің шешіміңізге қарсы болған жоқ па? | Ваши родители не были против Вашего решения?
|
30-15
|
Әркімнің өз ерекшелігі бар. | У каждого есть свои особенности. | |
Оның кім екенін білмеймін. | Я не знаю, кто он такой. | |
Кешігіп жүруді қашан қоямыз? | Когда мы прекратим опаздывать? | |
Неге бізді кіргізбейсіңдер? | Почему вы нас не пускаете? | |
Біздің алыпсатарларға ешқандай қатысымыз жоқ. | Мы никого отношения не имеем к перекупщикам. | |
Олар бұрын да болған және бола береді. | Они и раньше были, и будут. | |
Сіз онымен не жайында әңгімелесіп едіңіз? | О чем Вы с ней разговаривали? | |
Мен өтірік айтып тұрғам жоқ. | Я не обманываю. [тұрғам=тұрғанмын] | |
Ол біле жатар. | Он потом узнает. | |
Осындай да болады! | И такое бывает!
|
30-16
|
Ол менімен санаспайды. | Он со мной не считается. | |
Ол бізді ілтипат еткен жоқ. | Он на нас не обратил внимания. | |
Бұл құштарлық па, әлде жек көрушілік пе, білмеймін. | Это страсть, или ненависть, я не знаю. | |
Ол мені пайдаланды. Пайдаланған да қандай. | Он меня использовал. Ещё как использовал. | |
Менің арқамда қанша ақша тапқанын білсең ғой. | Знала бы ты, сколько он заработал с моей помощью. | |
Бұған қалайша жол бердің? | Как ты это допустила? | |
Енді одан кек алғың келе ма? | Ты хочешь отомстить ему? | |
Қайда жүрсіңдер? | Где вы ходите? | |
Мынаны қарап көріңіз. | Посмотрите вот это. | |
Осы маусымда сәнді. | Это модно в этом сезоне.
|
30-17
|
Дене бітіміңіз сондай керемет. | У Вас такая красивая фигура. | |
Не кисеңіз де, жарасып кетеді. | Вам всё идёт, что бы Вы не одели. | |
Түсі онша емес. | Цвет не очень. | |
Ашық түстілеу киім керек. | Нужно что-нибудь поярче. | |
Ананы киші. | Одень вон то. | |
Бұған лайық аяқ киім әкеліңіздерші. | Принесите к нему подходящую обувь. | |
Сізге мынаны көрсетпекшіміз. | Мы хотим Вам показать вот это. | |
Биыл жылдан сәнді киімі. | Модная одежда этого года. | |
Сәнде не шаруа бар? | Что мне до моды? | |
Ол сараң емес. | Он не жадный.
|
30-18
|
Ең болмаса бірдеңе киіп көріңіз. | Хоть что-нибудь примерьте. | |
Күмәнданбаңыз, сізге өте ұнайды. | Не сомневайтесь, вам очень понравится. | |
Мен киім ауыстырмаймын. | Я не буду переодеваться. | |
Бәрін үйге беріп жіберіңдер. | Всё отправьте домой. | |
Жарасқанын киемін. | То, что подойдёт, одену. | |
Ал қалғаны достарым мен туысқандарыма сыйлаймын. | А остальное подарим друзьям и родственникам. | |
Себебі маған бәрібір емес. | Потому, что мне не всё равно. | |
Көмектеріңіз ауадай қажет. | Ваша помощь нужна, как воздух. | |
Алдымен келісіп алайық. | Вначале давай договоримся. | |
Әркім өз орнын білсін! | Пусть каждый знает своё место!
|
30-19
|
Иә, сен ше? | Да, а ты? | |
Тамаша. Саған жарасып тұр. | Прекрасно. Тебе идёт. | |
Апа, киетін киімім қалмады. | Мама, у меня ничего не осталось носить из вещей. | |
Дүкен аралап қайтсақ қайтеді? | Как ты смотришь на то, чтобы походить по магазинам? | |
Болады. | Можно. | |
Бөбегім, ояндың ба? | Проснулся, мой малыш? | |
Иісіңді жақсы көремін. | Я люблю твой запах. | |
Бізге қараңдаршы. | Посмотрите на нас. | |
Кішкентай ханзада тұрды. | Маленький принц проснулся. | |
Әжесінің қуанышы тұрды ма? | Проснулся бабушкина радость?
|
30-20
|
Бері кел, асылым менің. | Иди ко мне, мой дорогой. | |
Әжең сені жанындай жақсы көреді. Бақытым менің. | Бабушка тебя любит больше всего. Счастье моё. | |
Маған берші, ұстайын. Оны жақсылап көре алмадым. Бер. | Дай мне подержать его, пожалуйста. Я его не рассмотрела хорошо. Дай. | |
Оған балаларға арналған арба сатып алайық. | Давай купим ему детскую коляску. | |
Ауа-райы жақсы болса қыдыртамыз. | Будем выгуливать его, если погода будет хорошей. | |
Жеке өмірім құпия. | Моя личная жизнь - тайна. | |
Бас қатыратын ештеңе жоқ. | Ничего сложного. | |
Біле жүріңіз. | Знайте. | |
Жігітіңіз тастап кетті ме? Жыламаңыз! | Вас бросил парень? Не плачьте! | |
Кек алуды ойламаңыз. | Не думайте о мести.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева, 20072025
|