Полезные фразы
Сборник 28
Автор: Рауль Керимбаев
28-01
|
Немене? Барлығын ба? | Что? Всё что ли? | |
Иә, барлығын жұмсадым. Тек ұрыспашы! | Да, всё истратил. Только не ругайся. | |
Не алдың сонда? | И что ты купил? | |
Қанша айтуға болады? Ол түс ұнамайды маған! | Сколько можно говорить? Мне этот цвет не нравится. | |
Ал, енді асықпай отырып тамағыңды ішіп ал. | А теперь садись, не торопясь покушай. | |
Ұмытып қалдыңдар ма? | Вы забыли? | |
Сендер аты-жөндеріңді де ұмытып қаларсыңдар мына түрлеріңмен. | Таким образом вы забудете и как вас величают. | |
Біз сондаймыз, біз біріншіміз, жұрттың бәрі бізден үлгі алады. | Мы такие, мы первые, все с нас берут пример. | |
Тездетіңдер, «Жедел жәрдем» шақыртыңдар! | Быстрее, вызывайте «Скорую помощь»! | |
Болыңдар, естерің дұрыс па сендердің?! | Давайте быстрее, вы в своём уме?!
|
28-02
|
Заңды бұзбау керек. | Не нужно нарушать закон. | |
Сен оданда сөзді доғар да, жұмысты жақсылап істе. | Ты лучше прекращай разговоры, и работай хорошо. | |
Күйеуіңіз қайда жұмыс істейді? | Где работает Ваш муж? | |
О, құрметті ханымның есімін білуге болар ма екен? | О, можно узнать имя уважаемой госпожи? | |
Тұсаукесерге дайындық қалай? | Как подготовка к презентации? | |
Мені ұятқа қалдырма. | Чтобы мне не было стыдно за тебя. | |
Қашып кетсек қайтеді? | А если нам сбежать? | |
Бір амалын тапсайшы енді. | Ну, найди какой-нибудь выход. | |
Сіз неге мына жерде темекі шегесіз? | Почему Вы здесь курите? | |
Бұрын - оны бiлмеушi едiм. | Раньше я его не знал.
|
28-03
|
Бiрдеңе айтып жiбер. | Скажи что-нибудь. | |
Бақыт үшін! | За счастье! | |
Ешқашан ауырып-сырқамайық! | Давай никогда не болеть! | |
Алдағы арман-мақсатымыз үшiн. | За наши будущие мечты и цели! | |
Біз бұлай келіскен жоқпыз. | Мы так не договаривались. | |
Енді барып дем алыңыздар. | А теперь идите отдыхать. | |
Сағат бес жарымда сізге өзім келіп, көлікпен алып кетемін. | Я заеду за Вами в половине шестого на машине. | |
Өзім де түсінбей тұрмын. | Я и сам понять не могу. | |
Оны кейін түсіндірем. | Это я потом объясню. | |
Сөйтсек сөйтейік. | Если так надо сделать, давайте так и сделаем.
|
28-04
|
Айналаға қараңдаршы, қандай тамаша! | Посмотрите вокруг, как прекрасно! | |
Көлікке мініңіздер. | Садитесь в машину. | |
Мен сіздерді Павлодарға дейін апарып тастайын. | Я вас довезу до Павлодара. | |
Күнді жер айналады. | Земля вращается вокруг Солнца. | |
Маған сенбейсің бе? | Ты мне не веришь? | |
Саған сенбей кімге сенемін? | Если тебе не верить, то кому можно? | |
Мен де соны айтайын деп едім. | Я тоже это хотел бы сказать. | |
Ал сонымен саған не керек? | Ну и что тебе надо? | |
Бүгін әке-шешем келе ме? | Сегодня что, мои родители приедут? | |
Құдай бұйырса келер. | Даст Бог, приедут.
|
28-05
|
Олармен бірге қайтқым келмейді, ата. | Деда, я не хочу с ними домой ехать. | |
Неге қайтпайсың? | Почему не хочешь возвращаться? | |
Неге сұрайсыз? Менен құтыла алмай жүрсіз бе? | Зачем спрашивайте? Вы что избавиться от меня не можете? | |
Мен омбылықпын. | Я омич. | |
Не тезірек өтіп кет, не жолдан былай тұр. | Либо быстрее пройди, либо отойди в сторону. | |
Думан болады. | Будет весело. | |
Келмесеңдер өздерің біліңдер. | Если не придете, сами знаете. | |
Дастарханға келіңіз. | Проходите к столу. | |
Үлкендерді дастарханға шақыр. | Зови старших к столу. | |
Шайыңыз суып қалмасын, ыстықтай iшiп алыңыз! | Ваш чай пусть не остынет, пейте, пока горячий!
|
28-06
|
Жалғызбасты әйелге келуші болма. Жұрт басқаша ойлап қалады. | Не ходи к одинокой женщине, а то люди не так поймут. | |
Қажет емес, керегі жоқ. | Не стоит, не надо. | |
Бас тартуыма тура келеді. | Я должен отказаться. | |
Бұл дәл емес. | Это не точно. | |
Сен осымен келісесің бе? | Ты с этим согласен? | |
Киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе? | Ты заходил внутрь юрты? | |
Өзімді жаман сезініп тұрмын. | Я себя скверно чувствую. | |
Күлейін бе, жылайын ба? | Смеяться мне или плакать? | |
Шаршап тұрмын. | Я устал. | |
Сабағыңды оқымай далаға шықпайсың! | Пока не выучишь уроки, на улицу не выйдешь!
|
28-07
|
Астанаға бармағалы көп болды. | Давно я не был в Астане. | |
Қандай мәдениеттісің! | Какой ты культурный! | |
Сені ешкімге де, ештеңеге де айырбастамаймын. | Тебя ни на кого и ни на что не поменяю. | |
Қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасаймын. | Делаю переводы с казахского на русский, с русского на казахский язык. | |
Жылдам және сауатты. | Быстро и грамотно! | |
Мен орыс тілін еркін меңгеремін. | Я свободно владею русским языком. | |
Мен қазақ тілін таяуда үйрене бастадым. | Я недавно начал изучать казахский язык. | |
Ал таныс емес сөздер кездескенде не істейсің? | А что ты делаешь, если встречаешь незнакомые слова? | |
Ондай кезде түрлі сөздіктерді пайдаланамын. | В таком случае я пользуюсь различными словарями. | |
Бос әңгімені қойыңдар! | Прекращайте пустые разговоры!
|
28-08
|
Жаңбыр тамшылап жауа бастады. | Дождь начал накрапывать. | |
Қазір олар өтіп кетсін. | Сейчас, они пусть пройдут. | |
Телефон арқылы кім емдейді? | Кто лечит по телефону? | |
Жиі ұрысамыз. Бірақ бақыттымыз. | Часто ругаемся. Но счастливы. | |
Қаласаң, бәрін басынан бастайық. | Если хочешь, давай начнём всё с чистого листа. | |
Айтпақшы, мен сізге бір қызық айтайын. | Кстати, я расскажу Вам кое-что интересное. | |
Мереке қарсаңында. | Накануне праздника. | |
Қазір нарық заман. | Сейчас рыночное время. | |
Мен біліп едім... | Я знала... | |
Айтып едім ғой. | Я же говорила.
|
28-09
|
Немене, барғың келмей жатыр ма? | Что, ты что не хочешь ехать? | |
Әрине, бармаймын. | Конечно, не поеду. | |
Үйрене жүріп үйретіп жүрмін. | Учась, учу других. | |
Сендер не әйел, не ер емессіңдер. Сендер мемлекеттік қызметкерсіңдер. | Вы не женщины, и не мужчины. Вы госслужащие. | |
Қаймықпаңдар, бәрі де жақсы болады! | Не бойтесь, всё будет хорошо! | |
Өткенде бір әйел «Байға ти де, үйде отыр!» деп еді. | Недавно одна женщина мне сказала: «Выходи замуж и сиди дома». | |
Дұрыс айтқан екен! | Правильно она говорила! | |
Ата-анам - ауқатты адамдар. | Мои родители - состоятельные люди. | |
Ешқашан қиындық көрмеген. | Никогда не видевшие трудностей. | |
Сен білімді жігітсің ғой. Сұрағыма жауап берші. | Ты же начитанный парень. Ответь на мой вопрос.
|
28-10
|
Көршіңізді алаңдатпаңыз. | Не отвлекайте Вашего соседа. | |
Өз бетіңізбен жұмыс істеңіз. | Работайте самостоятельно. | |
Егер сұрақтарыңыз болса маған қойыңыздар. | Пожалуйста, спрашивайте, если у вас есть какие-либо вопросы. | |
Тағы да сөйлеймін дегендеріңіз бар ма? | Кто ещё желает сказать? | |
Шайды қоя салшы, шөлдеп өліп бара жатырмын. | Поставь чаю, умираю от жажды. | |
Біздің болжамымыз бойынша. | По нашим предположениям. | |
Түсінбедім сізді... | Не понял Вас... | |
Сіздің кезегіңіз. | Ваша очередь. | |
Алайда қазір қоғамда парадигма өзгеріп бара жатыр. | Но сейчас в обществе меняется парадигма. | |
Алдымен өзің үйреніп ал. | Ты сначала сам научись.
|
28-11
|
Мен айтқанымды ұмытпа, жарай ма? | Не забудь то, что я сказала тебе, ладно? | |
Хат жазып тұр. | Пиши письма. | |
Неге рұқсат сұрап кірмейсің? | Почему ты заходишь без спроса? | |
Кешіріңіз, абайламай қалдым. | Извините, я не заметил. | |
Үйге қайқай жылдам! | Быстро иди домой! | |
Айттым - бітті. Болмайды. | Я сказал - всё. Нельзя. | |
Ту, мынауың қырсығың-ай! | Вот упрямец! | |
Эй, ол жерде не бар, а? | И что тебе там надо? | |
Өткен-кеткендерін қарап жатырсың ба, а? | Глядишь, кто куда пошёл? Да? | |
Орысша жақсы түсінеді. Орысша сөйлей беріңіз. | Он хорошо понимает по-русски. Говорите по-русски.
|
28-12
|
Күшті ғой! | Здорово же! | |
Құдайым-ау, сізді көргеніме соншалықты қуанып тұрмын! | Боже мой, я так рада видеть Вас. | |
Неге үй жинап жүрсің? | Ты почему убираешься в доме? | |
Әлде сен осы үйде тұрасың ба? | Или ты в этом доме живёшь? | |
Енді кім жинайды? | А кто будет убирать? | |
Білмеймін, бізде қонақтар үй жинамайды. | Не знаю, у нас гости не убирают. | |
Тәрбиесіздігіңді көрсетпе. | Не показывай свою невоспитанность. | |
Қайта-қайта звандай берме. | Не звони так часто. | |
Мен саған бәрін әкеліп беремін. | Я тебе всё принесу. | |
Одан артық ештеңе жоқ. | Лучше этого ничего нет.
|
28-13
|
Масқара болудан қорқамын. | Боюсь быть опозоренным. | |
Қанша десең, сонша береміз. | Сколько скажешь, столько и дадим. | |
Біз жақта тонды бәрі кие береді. Күн суық қой! | В наших краях все шубы носят. Холодно же ведь! | |
Сен неге кимейсің? | Ты почему не одеваешь? | |
Жұп-жұқа жарғақпен бүрсеңдеп жүрсің. | Ходишь, съежившись в лёгкой верхней одежде. | |
Ол рас, менің тон алатын артық ақшам жоқ. | Это правда, на шубу у меня нет денег. | |
Артық ақшам болса да тон алмаспын. | Даже если бы были лишние деньги, я не взяла бы шубу. | |
Ол адамның талғамына байланысты емес пе? | Это же зависит от вкуса людей, так же? | |
Бар үміт Айшада. | Вся надежда на Айшу. | |
Неге мұңайып отырсың? | Ты чего печальная сидишь?
|
28-14
|
Жай, әншейін. Шаршап отырмын. | Так, просто. Устала. | |
Алғашында шошып кеттім. | Вначале я напугалась. | |
Сіз мұнда қайдан пайда болдыңыз? | Вы откуда здесь? | |
Өзің сұп-сұлу екенсің! | А ты очень красивая, оказывается! | |
Меніңше, мен өте ласпын. Суға түссем бола ма? | По-моему, я грязный. Можно мне искупаться? | |
Ыстық ваннадан артық ештеңе жоқ. | Ничего нет лучше горячей ванны. | |
Сен алдымен өзіңе қарап ал. | Ты сначала на себя посмотри. | |
Бақытымды тапқандай қуанып едім. | Обрадовался, словно счастье своё нашёл. | |
Ол балалардың денсаулығымен ант-су ішті. | Она поклялась здоровьем детей. | |
Аузым кеуіп қалды. | В горле пересохло.
|
28-15
|
Қайтып келгенсің бе? | Ты вернулся? | |
Әй, оттамашы өзің! | Эй, прекрати болтать вздор! | |
Барасың ба менімен? Жүр! | Пойдёшь со мной? Пошли! | |
Шақырсаң барамын. Бойдақ жігіттер бар ма? | Если зовёшь, пойду. Там холостые ребята будут? | |
Бар болғанда қандай! | Еще какие! | |
Қойшы-ей! Таныстырасың ба? | Да, ну! Познакомишь? | |
Таныстырайын. Ол саған ұнаса! | Познакомлю. Если тебе понравится! | |
Біз өсек айтқанды жақсы көреміз ғой. | Мы же любим посплетничать. | |
Ойнап айтамын, сен оған айтып қойып жүрме! | Я шучу, ты не проговорись. | |
Нем бар оған айтып? | Зачем мне ей говорить?
|
28-16
|
Тығыз шаруаңыз жоқ па? | Нет ли у Вас срочных дел? | |
Жоқ, дәл қазір асығатындай ештеңе жоқ. | Нет, именно сейчас ничего спешного нет. | |
Онда жүріңіз, бір жерге кіріп тамақтанып алайық. | Тогда идёмте, зайдем куда-нибудь, покушаем. | |
Үйдің еркесі. | Любимец всей семьи. | |
Көмектесуге рұқсат етіңіз. | Разрешите Вам помочь. | |
Аяқ киімді шеш. | Снимай обувь. | |
Мынау дауысы қайдан шығып жатыр? | Откуда раздаётся этот голос? | |
Құлыным-ау, сен неге тығылып отырсың? | Жеребёночек мой, ты чего прячешься? | |
Мен сені таң атқалы іздеп уайымдап жүрмін ғой. | Я же переживаю и ищу тебя с раннего утра. | |
Неге көңілсізсің, неге үндемейсің? | Почему не весёлая, почему молчишь?
|
28-17
|
Бір нәрседен қорықтың ба? | Ты чего-то испугалась? | |
Әлде қонақтардан ұялып тұрсың ба? | Или стесняешься гостей? | |
Келе ғой құлағыма айтшы. | Иди, скажи мне на ушко. | |
Бұл бәледен шығатын жол бар ма өзі? | Есть ли выход из этой ситуации? | |
Айттым ғой, сендер ақша ұстауды білмейсіңдер. | Я же говорил, вы не умеете тратить деньги. | |
Сізді бір минутқа болар ма екен? | Можно Вас на минуточку? | |
Әлде мен бәрін жаман болсын деп жасаймын ба? | Или я делаю всё для того, чтобы было плохо? | |
Жарайды, мен араласпайтын боламын. | Ладно, я не буду вмешиваться. | |
Ай, құрып қалсыншы! Бір жағы шығады әйтеуір. | Эй, пропади всё пропадом! Что-нибудь да получится. | |
Баланы қанша уақытқа алып келдіңдер? | На какой срок привезли ребёнка?
|
28-18
|
Бір-екі апта қала тұрсын. Көп емес. | Пусть останется на пару недель. Ненадолго. | |
Қосшы мына теледидарды. | Включи телевизор. | |
Толқып тұрсың ба? | Нервничаешь? | |
Сөзіме тұрмаған кезім болды ма? | Я когда-нибудь не сдерживал обещания. | |
Кешіріңіз, жасыңыз қаншада? | Извините, сколько Вам лет? | |
Өзіңіздің жасыңыз қаншада? | А Вам сколько лет? | |
Дәлел болмаса, ол бізге сенбейді. | Если не будет доказательства, он нам не поверит. | |
Мен бұл жайлы естімеппін. | Я не слышал об этом. | |
Құдай одан сақтасын! | Боже, упаси от этого! | |
Бас киімің қайда? Неге кимейсің? | Где твой головной убор? Почему не одеваешь?
|
28-19
|
Басыңа суық тиеді, киіп жүрсеңші! | Одевай, пожалуйста, а то простудишь голову. | |
Баста ми жоқ қой, ми болса менингит болар еді! | В голове мозгов нет, если бы были, был бы менингит! | |
Людвиг Ван Бетховеннің «Айлы түнгі соната» тыңдап отырдым. | Я сидел и слушал «Лунную сонату» Людвига Ван Бетховена. | |
Сіз осында екенсіз ғой. | А Вы здесь, оказывается. | |
Қане, мә, мынаны ұстай тұр, мынаны мен алайын. | Вот, держи это, а я возьму это. | |
Бұл менің атқарған ісім. | Это моих рук дело. | |
Аяқ астынан қазақша сөйлеп адамды көрдіңіз бе? | Вы видели человека, который вдруг заговорил по-казахски? | |
Сізге арнап жасадым. | Сделал специально для Вас. | |
Қазір ештеңе айта алмаймын. | Сейчас ничего не могу сказать. | |
Мен жұмысқа асығып тұрмын, кешігіп қалсам ұят болады. | Я опаздываю на работу, стыдно будет, если опоздаю.
|
28-20
|
Ұят болады, бару керек. | Будет стыдно. Надо пойти. | |
Мен сені мүлдем түсінбеймін. | Я тебя совершенно не понимаю. | |
Сенен әдемі қыздар жоқ деп едің бе? | Думаешь, что кроме тебя нет красивых девушек? | |
Ер жеттің, есейдің. | Ты вырос, возмужал. | |
Менен де бір кәдесый болсын, қабыл ал. Ұста. | Пусть это будет подарком от меня. Держи. | |
Саған естелік болып қалсын. | Пусть тебе останется на память. | |
Осы сағатқа қарап уақыты біліп, мені есіне алып жүресің. | Глядя на эти часы, будешь вспоминать меня. | |
Әне-міне дегенше қайтып келемін. | Пока то да сё, я уже вернусь. | |
Мен сені өмір бақи күтуге дайынмын. | Я готова тебя ждать всю жизнь. | |
Жаңалықты естідіңдер ме? | Слышали новость?
|
Корректор: Татьяна Валяева
|