Полезные фразы
Сборник 15
Автор: Рауль Керимбаев
15-01
Ол мереке сайын телефон соғып, құттықтап тұрады. | Он звонит каждый праздник и поздравляет нас. |
Анам разы болса, басқалар не айтса да маған бәрі бір. | Если моя мать будет довольна, то мне всё равно, что скажут другие. |
Еш айырмашылық жоқ. | Никакой разницы нет. |
Бақыт шүкірлікте. | Счастье в довольстве. |
Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? | Кто прав, кто не прав? |
Мағынасыз. | Не по теме. |
Ертең демалыс күні. | Завтра выходной день. |
Басқа кемшілік жоқ. | Других недостатков нет. |
Бұл мен үшін маңызды зор. | Это очень важно для меня. |
Өзінен көрсін. | Пусть пеняет на себя.
|
15-02
Таңдау көп емес. | Выбор небольшой. |
Бас екеу емес қой менде? | Зачем мне рисковать? (У меня же не две головы). |
Ол маңына жолатпайды. | К нему не подступишься. |
Тағдыр бізді бөліп жіберді. | Судьба разделила нас. |
Мен мұны алдыңа әлі келтіремін! | Я тебе это ещё припомню! |
Ұрсысқым келмейді. | Не хочу ругаться. |
Білгенде не істер едің? | А если бы знал, чтобы ты сделал? |
Оны кім айтты саған? | Кто это тебе сказал? |
Оған кім айтыпты? | А ему кто сказал? |
Осыған бола жүйкеңізді ауыртпаңыз. | Не тратьте на это свои нервы.
|
15-03
Өзімнің жүйкем де жұқарып бітті. | У меня самой уже сдают нервы. |
Ол үнемі кейінге қалдыра береді. | Он постоянно откладывает на потом. |
Не болды, айтсаңшы? | Скажи, что случилось? |
Еш нәрсе болған жоқ. | Ничего не случилось. |
Бұлай жалғасуы мүмкін емес. | Так больше не может продолжаться. |
Адамдар бір нәрсені айтады, мүлдем басқа нәрсені жасайды. | Люди говорят одно, а делают совсем другое. |
Сіз қонақтармен сөйлесе тұрыңыз. | Вы пока поговорите с гостями. |
Осылардың бәрі менің жынымды келтіреді. | Это всё меня раздражает. |
Шынымды айтсам, одан көңілім қайтып кетті. | Если честно сказать, я разочарован в ней. |
Бұған шыдамым жетер емес, шыдамның да шегі бар. | Я не могу уже это терпеть, есть предел и терпению.
|
15-04
Сонғы күндері анамды қатты уайымдайтын болдым. | В последнее время сильно переживаю за маму. |
Оны адалдығы және адамгершілігі үшін құрметтеймін. | Я его уважаю за честность и человечность. |
Уайымдама, олар жолдағы кептелістен кешігіп жатқан болар. | Не расстраивайся, они, скорее всего, опаздывают из-за пробок. |
Сен не бүлдіріп қойдың? | Что ты натворил? |
Мен ештеңе бүлдірген жоқпын. | Я ничего не натворил. |
Кезектің арты кім болады? | Кто последний в очереди? |
Бірақ бізді алдай алмайсың. | Но нас не обманешь. |
Енді сенің кезегің. | Теперь твоя очередь. |
Ешкімді ренжіткім келмейді. | Я никого не хотел обидеть. |
Шулай бермеңдер. | Не шумите.
|
15-05
Сенің тобың әлі жұмыс істей ма? | Твоя команда ещё работает? |
Әрине, сен оларды көрсең ғой, бәрі жоғары деңгейде. | Конечно, ты бы их видел, все на высшем уровне. |
Бұлай болады деп кім ойлаған. | Кто думал, что так будет. |
Кез келген ақымақ біледі. | Любой дурак знает. |
Күлкіні қоя тұрыңдар. | Оставьте пока смех. |
Қазір күлетін кез емес. | Сейчас не до смеха. |
Бір шаруамен келіп едім. | Я пришёл по одному делу. |
Бұл істі мен шешіп қойдым. | Это дело я решил. |
Неге киінбегенсің? | Почему не оделась? |
Мен бұған көне алмаймын. | Я не могу с этим смириться.
|
15-06
Қонақ болып келіп тұрыңыз. | Приезжайте в гости. |
Сен бәрін дұрыс түсінесің деп ойлаймын. | Я думаю, что ты все поймёшь правильно. |
Абайлап жүр! | Будь осторожен! |
Бұл уақыт еншісінде. | Это дело времени. |
Ұйқың келмесе, тыныш отырып ойнай ғой. | Если не хочешь спать, можешь поиграть тихонько. |
Мен түсінбей қалдым. | Я не понял. |
Жұмыстан шаршап келген ғой енді, демалсын. | Он же с работы уставший пришёл, пусть отдыхает. |
Түні бойы ұйықтамай жұмыс істегенсің ба? | Ты всю ночь работал? |
Түрден түр жоқ қой. | На тебе лица нет. |
Қасқыр толған ораманға кетіп барып жатқан жоқпыз ғой. | Мы же едем не в лес, где полно волков.
|
15-07
Біз қалаға бара жатырмыз. | Мы едем в город. |
Алматыға іссапармен келдім. | В Аламты я приехал в командировку. |
Бəрекелді! Бүгін біздің үйге қонаққа кел. | Отлично. Приходи сегодня к нам в гости. |
Сиырдың сауатын уақыты келді. | Пришло время доить коров. |
Сиыр саудың ба? | Ты подоила корову? |
Бар, сауып кел. | Иди доить. |
Қызым, самауарды алып келе қойшы. | Дочка, принеси самовар. |
Енді жетпегені осы қалды. | Вот только это не хватало. |
Ол не істегенін көрдің бе? | Ты видел, что он сделал? |
Сен не бүлдірдің? | Что ты натворил?
|
15-08
Менімен соңғы нанмен бөліскен. | Делился со мной последним хлебом. |
Сонша қиналмашы. | Перестань так страдать. |
Мен осылай боларын біліп едім. | Я знала, что так будет. |
Елестете алмаймын. | Не имею представления. |
Достар, сендер отыра беріңдер, мен оны шығарып салайын. | Друзья, вы сидите, а её провожу. |
Қазір такси ұстап, мінгізіп салайын. | Сейчас поймаю такси и посажу тебя. |
Жүр, жеткізіп салайын, қарсы болмасаң? | Давай довезу, если не возражаешь? |
Уайымдап қалдым сен хабарласпағанға. | Так как ты не позвонила, я распереживался. |
Маған бола уайымдама. | Не переживай из-за меня. |
Үй тапсырмасын жазып алыңдар! | Запишите домашнее задание!
|
15-09
Сен тұратын үйде лифт бар ма? | В твоём доме есть лифт? |
Неге жылап тұрсың? Көмегім керек пе? | Ты чего плачешь? Моя помощь нужна? |
Жоқ, бәрібір маған ешкім көмектесе алмайды. | Нет, все равно мне никто не сможет помочь. |
Екі жарты, бір бүтін болсақ қайтеді? | А что, если нам пожениться? |
Қасында боласың. | Будешь рядом со мной. |
Табиғи әдемілікті бағалаймын. Косметика қолданбайтын қыздарды ұнатам. | Ценю природную красоту. Мне нравятся девушки, не пользующиеся косметикой. |
Артық беріп қойған жоқсың ба? | Ты лишнего не дал? |
Жынды десе – жындысың. | Ты дурак-дураком. |
Кешіріңіз, тоқтай алмай қалдым. | Извините, не мог остановиться. |
Болды, мақтана бермеші. | Хватит, не хвались.
|
15-10
Бір жағдай болса айтам ғой. | Я сказал бы, если что-нибудь случилось. |
Сіз болмасаңыз не істеуші едік? | Что мы делали, если бы не было Вас? |
Неге бақырайып қарап тұрсың бізге? | Что ты смотришь на нас, выпучив глаза? |
Уәде бере алмаймын. | Я не могу пообещать. |
Ол кісіге қарсы келе алмаймын. | Я не могу противиться этому человеку. |
Қашанғы ата-анаң сен үшін шешім қабылдап жүреді. | До каких пор твои родители будут принимать за тебя решения. |
Өз жолыңды өзің таңда. | Свою дорогу выбери сам. |
Өзің шешім қабылдайтын кезі келген. | Пришло время самому принимать решения. |
Өмірімде енді ғана бәрі жақсы болып келе жатыр. | В моей жизни только теперь всё становится хорошо. |
Көшеде жүрегі ұстады. | На улице у него случился сердечный приступ.
|
15-11
Ауруханаға жеткізіп үлгермеді. | До больницы довезти не успели. |
Араларың жақсы болмады деп естігенмін. | Я слышал, вы не ладили. |
Иә, ол менен бас тартты. | Да, он отказался от меня. |
Басымнан не өтпеді десеңші. | Что только со мной не было. |
Бәрін сенің қарауыңа қалдырамын. | Оставляю всё на твоё усмотрение. |
Менің көңілім түсіп жүр. | Мне плохо. |
Ал сенің ата-анаң немен айналасады? | Чем занимаются твои родители? |
Әке әрдайым іссапарда жүреді, сондықтан үйде болмайды. | Отец всегда в командировках, поэтому дома не бывает. |
Ал анам – үй шаруасындағы әйел. | А мама - домохозяйка. |
Бұл өте қызық. | Это очень странно.
|
15-12
Біз спортпен шұғылданып жүрміз. | Мы занимаемся спортом. |
Кетіп бара жатырсың ба? | Ты уходишь? |
Таяқтың екі басы бар. | Палка о двух концах. |
Тағы сондайлар. | И тому подобное. |
Тілімді қышытпашы. | Не вынуждай меня говорить. |
Сен жылауыңды доғар. | Прекращай плакать. |
Негізі біледі, бірақ айтпайды. | Вообще, знает, но не говорит. |
Ақшаны дайындадыңыздар ма? | Вы деньги приготовили? |
Сіздерде ешқандай қиындық туындамайды. | У вас не возникнут никакие проблемы. |
Тезірек айтайын дегеніңді айт. | Быстрее говори, что хочешь сказать.
|
15-13
Бір-біріне «Сіз» деуді доғарыңдар. | Прекратите говорить друг другу «Вы». |
Кеше солар тұсаукесер өткізді. | Вчера они провели презентацию. |
Дұрыстап қарап ал. | Внимательно посмотри. |
Үйренем. | Я научусь. |
Әр апта сайын маған істелген жұмыс туралы есеп өткізіп тұрасыз. | Каждую неделю будете сдавать мне отчёт о выполненной работе. |
Мен өткізіп қойдым. | Я сдал. |
Бүгін ертерек келетін шығарсың? | Сегодня, наверно, придёшь пораньше? |
Көреміз, ертерек келуге тырысам. | Посмотрим, я постараюсь прийти пораньше. |
Бәрін бүлдіріп тұрған сен екенсің ғой. | Оказывается, это ты всё портишь. |
Есік алдына шық. | Выходи из дома.
|
15-14
Шыдай алмадым. | Я не выдержал. |
Сен ажарланып кетіпсің. | Ты похорошела. |
Бұрын да асқан сұлы едің, қазір тіпті от болып тұрсың ғой. | И раньше ты была исключительно красивой, а теперь, вообще, огонь. |
Ешкімді аямайды. | Он никого не жалеет. |
Жетер. Менің төзімім таусылып бітті. | Хватит. Мое терпение кончилось. |
Барлығын жасырып, жасырынып жүруден шаршадым. | Я устала всё скрывать и скрываться от всех. |
Маған тек бөгет болар едің. | Ты бы просто мне помешала. |
Осыны есіңе салу міндетті ме? | Тебе обязательно напоминать об этом. |
Бастаған сөзді аяққа жеткіз. | Заканчивай, раз уже начал. |
Шындық белгілі болғанда жүзіме қалай қарайсың? | Когда станет известно, что это правда, как ты будешь смотреть мне в лицо.
|
15-15
Бұл қастандық екен анықталады. | Станет ясно, что это подстава. |
Арамызда бұл мәселе шешілді. | Между собой эту проблему мы решили. |
Кешігіп қалма. | Не опоздай. |
Өмір үйретеді. | Жизнь научит. |
Мен тек көргенімді айтамын. | Я скажу только то, что видел. |
Көнілді түсірмейік. | Не будем расстраиваться. |
Барлығын жөндедік. | Мы всё починили. |
Сондықтан маселе неде болған екен? | И в чём была проблема? |
Сен кімнің баласы боласың? | Ты чей ребёнок? |
Парасатты мағына кайда? | Где здравый смысл?
|
15-16
Өзің бар, саған керек қой. | Сам иди, тебе же нужно. |
Қазір таяқ жейсің. | Сейчас ты у меня получишь. |
Ой-бай-ай, қорқып қалдым. | Ой, испугалась я. |
Ұра алмайсың бәрібір. | Всё равно не сможешь ударить. |
Ал сен не дедің? | А ты что сказал? |
Бұдан жаман ештеңе көріп тұрған жоқпын. | Ничего плохого в этом не вижу. |
Ә, солай дедіңдер ме? | Вот как вы запели? |
Бұл заман не боп кеткен десеңші. | Да нравы жестокие пошли... |
Қысқасын айтқанда, бізге нан жоқ десеңші? | Короче, у нас нет никаких шансов? |
Бақыттан басымыз айналып жатыр. | От счастья у нас головы кружатся.
|
15-17
Ит пен мысықтай болмайық. | Давайте неё будем подобны собаке и кошке. |
Өмірде барлығы мүмкін. | В жизни всё возможно. |
Неге үй тапсырмасын орындамай келдің? | Ты почему не выполнил домашнего задания? |
Қолдарың жайыңдар! | Поднимите ладони! (Разверните руки) |
Жүрек алдамайды. | Сердце не обманет. |
Тығыз шаруаң болмаса, әңгімелесіп отырып шай ішейік. | Если у тебя нет срочных дел, давай посидим, попьем чай, поговорим. |
Мен сені ұзақ іздедім. | Я тебя долго искал. |
Тым ұзақ, әрі тым кеш. | Слишком долго и слишком поздно. |
Мен білгенімді айттым. | Я сказал то, что знал. |
Білмеймін, бірақ бар күшімізді салуға тура келеді. | Не знаю, но нужно стараться изо всех сил.
|
15-18
Жалғасы бар ма? | Есть продолжение. |
Жалғасы бар. | Продолжение следует. |
Іздемеші оны. | Не ищи её. |
Не шаруамен шақырып алдыңыз? | По какому вопросу вызвали? |
Мен сізді ренжітіп алдым ба? | Я Вас обидел? |
Қатты білініп тұр ма? | Сильно заметно? |
Сізді ренжіткім келмеп еді. | Я не хотел Вас обидеть. |
Сен айтқанымды түсіндің бе? | Ты понял, что я тебе сказал? |
Балам, сағат неше болды айтып жіберші. | Сынок, подскажи время. |
Ондайды айтпайды, көз тиеді. | Такое не говорят, сглазишь.
|
15-19
Естіген құлақта жазық жоқ. | Нет вины в услышанном. |
Қауіп сейілді. | Опасность миновала. |
Мен ертең жұмысқа келмеймін. | Я завтра на работу не приду. |
Менің құрбыма ота жасайды. | Моей подруге будут делать операцию. |
Соның жанында болуым керек. | Я должна находиться рядом. |
Ол қандай құрбың? | Что за подруга? |
Қалай кетсең солай келесің. | Как ушёл, так и вернёшься. |
Бұзық болма! | Не будь хулиганом! |
Бүгін екі алсаң құртамын! | Если сегодня получишь двойку убью! |
Тыңдаңыз, өкінбейсіз. | Послушайте, не пожалеете.
|
15-20
Қараңғы түспей тұрып үйге жетуіміз керек. | Мы должны добраться до дома, пока не стемнело. |
Абайлаңыз, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. | Осторожно, ведутся строительные работы. |
Сұрақ қояр алдында қолыңызды жоғары көтеріңіз. | Перед тем, как задать вопрос, поднимите руку вверх. |
Адам қандай болса да, өз жүрісіне өзі жауап береді. | Каким бы человек не был, он сам ответит за свои поступки. |
Өзіңіздің жүйкелеріңізді бостан-босқа тоздырмаңыздар. | Не портьте себе нервы зря. |
Мен ештеңе түсіне алмай отырмын. | Я ничего не могу понять. |
Ерте ме, кеш пе бәрі өз орнына келеді. | Рано или поздно все встанет на свои места. |
Не айтайын деп едіңіз? | Вы что хотели сказать? |
Қай құлағым шыңылдады? | В каком ухе у меня зазвенело? |
Мың есе артық. | В тысячу раз лучше.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева, 20072024
|