Полезные фразы
Сборник 41
Автор: Рауль Керимбаев
41-01
|
Өте қажетті кеңес. | Очень необходимый совет. | |
Өзіңіз білесіз. | Сами знаете. | |
Дарынды адам барлық салада дарынды! | Талантливый человек - талантлив во всём! | |
Саған бір нәрсе айтайын ба? | Сказать тебе что-то? | |
Бұл жақсы тәжірибе болды. | Это был хороший опыт. | |
Басқа да жолдарын қарастырамыз. | Рассмотрим любые предложения. | |
Сен ештеңе білмейсің! | Ты ничего не знаешь! | |
Жүр, сен бәрібір маған тыныштық бермессің. | Пойдём, всё равно ты мне не дашь покоя. | |
Енді көргісі келмейтін шығар деп ойладым. | Я подумала, что, наверное, не хочет больше видеть меня. | |
Мен тек сені ғана ойлаймын. | Я только о тебе думаю.
|
41-02
|
Осы аптада бітіру керек. | Нужно закончить на этой неделе. | |
Жартылай дайын. | Половина готова. | |
Онда оны маған бер, кешке қарап шығайын. | Тогда дай мне, я вечером посмотрю. | |
Сондай көңілдісің ғой. | Ты такой радостный. | |
Екеуіміз керемет күнді бірге өткіздік. | Мы вдвоём прекрасно провели день. | |
Саған да соны тілеймін. | И тебе желаю того же? | |
Иә, шиеленіскен тірлік екен. | Да, запутанное дело. | |
Мен кетіп барамын. | Я ухожу. | |
Кішкене серуендеп қайтайын. | Немного прогуляюсь. | |
Сенің әлдебіреуің бар ма? | У тебя кто-то есть?
|
41-03
|
Егер сұрап жатса, сені базарлауға кетті деймін. | Если будут спрашивать, скажу, что ты ушла за покупками. | |
Бірақ, кейін бәрін айтып бересің. | Но потом всё расскажешь. | |
Мен аңғармаппын. | Я не заметил. | |
Біз Сіге мұқтаж емеспіз. | Мы в Вас не нуждаемся. | |
Маған соңғы мүмкіндік берші. | Дай мне последний шанс. | |
Мен Сізге бұл тірліктің аса маңызды екенін қанша рет айттым. | Сколько раз я Вам говорил о важности этого дела. | |
Жаңа қызметіңізге табыс тілеймін. | Желаю успехов на новой работе. | |
Мұнда неге келдің десе, не деймін? | Что я скажу, если он спросит, зачем сюда пришёл? | |
Мен бәрінен бас тартамын. | Я от всего отказываюсь. | |
Көрерміз, уақыт көрсетер. | Посмотрим, время покажет.
|
41-04
|
Сөйлесуді дереу доғарыңыз. | Немедленно прекратите разговаривать. | |
Ол үлгермесе, не болар еді? | Что было бы, если он не успел бы? | |
Жедел түрде бір бөлмелі пəтер сатылады. | Срочно продаётся однокомнатная квартира. | |
Саған жан жетпейді ғой. | Никто не сравнится с тобой. | |
Өзімді ұстай алмай қалдым. | Я не смог себя удержать. | |
Саған, жаным, ешқайсысы жетпейді. | Дорогая, никто не сравнится с тобой. | |
Ол келсе, мына жұмысты тез бітіреміз. | Если он придёт, мы быстро закончим эту работу. | |
Мен сені сатпаймын. | Я не выдам тебя. | |
Мақтанатын нәрсені тапқан екенсің! | Нашёл чем хвалиться! | |
Қазір ғана алып кетуге келдім. | Только сейчас пришёл забрать.
|
41-05
|
Соны айтайын деп хабарласып тұрмын. | Поэтому звоню тебе, чтобы сказать это. | |
Ал менің ойыма не кіріп-шықпады десеңші. | Я что только не передумала. | |
Не? Ойыңа не келіп еді? | Что? Что тебе пришло в голову? | |
Сен менің - періштемсің. | Ты мой ангел. | |
Қандай керемет фото. Ана жерге барып отырғың келеді екен. | Какая прекрасная фотография. Хочется попасть и побыть в этом месте. | |
Мен сені іздеп таба алмай қалдым. | Я тебя искал и не нашёл. | |
Көзім көрмейді, әйтпесе оқыр едім. | Глаза мои не видят, а то бы я прочитал. | |
Мен оны білемін, оңайлықпен берілмейді. | Я его знаю, он легко не сдастся. | |
Сен өтірікші екенсің. | Ты, оказывается, врун. | |
Ештеңемен көмектесе алмаймын. | Ничем не могу помочь.
|
41-06
|
Ол әрқашан байсалды. | Он всегда спокоен. | |
Онда тиянақ жоқ. | Он непостоянен. | |
Мен бұлай болғанын қалаған жоқпын. | Я не хотел, чтобы так получилось. | |
Ол көк тиын жіберетін. | Он высылал гроши. | |
Не де болса, бұлай болғанына қуаныштымын. | Как ни было, я рад, что так получилось. | |
Обал ғой. | Жалко ведь. | |
Сенің салмағың қанша? | Сколько ты весишь? | |
Менің бойым бір метр жетпіс екі сантиметр. | Мой рост метр семьдесят два. | |
Отбасыңда қанша адам бар? | Сколько человек в твоей семье? | |
Бөгде адам. | Посторонний человек.
|
41-07
|
Осылай істейтініңізді неге ескертпедіңіз? | Почему не предупредили, что так сделаете? | |
Ол әлі қамаудда. | Он ещё под арестом. | |
Мезі еттің ғой! | Достал ты! | |
Құрығыңа түскен екен. | Она попала в твои сети. | |
Қанша уақыт кездескен едіңдер? | Как долго вы встречались? | |
Үш жылдан астам. | Больше трёх лет. | |
Атастырылып та қойған едік. | И мы были помолвлены. | |
Махаббатқа деген сенім бір күнде бекімейді. Оған едәуір уақыт қажет. | Вера в любовь так просто не появляется, требуется время. | |
Бірақ, қазір жағдайым жақсы. | Но сейчас я в порядке. | |
Сенімен бірге қайта туғандаймын. | Вместе с тобой, я как заново родилась.
|
41-08
|
Мен тағы да махаббатқа сенім арттым. | Я снова поверила в любовь. | |
Жауап бер, мүмкін бұл маңызды мәселе шығар. | Ответь. Вдруг это важно. | |
Істерің оң болсын! | Успехов тебе в делах! | |
Қандай жомарт адам едің! | Какой ты щедрый человек! | |
Сен бәріне де көмек қолыңды созасың, солай ма? | Ты всем помогаешь, верно? | |
Менің жолым болды! | Мне повезло! | |
Сен өміріме енгелі. | Ты вошёл в мою жизнь. | |
Екеуімізді тағдыр жолы табыстырғалы. | Судьба свела наши пути. | |
Менің тамыр-таныстарым көп. | У меня много знакомых. | |
Өзімізге оралайықшы. | Вернёмся к нашему разговору.
|
41-09
|
Не туралы айтып жатыр едік? | О чём мы говорили? | |
Бұрағышты беріп жіберші. | Подай отвертку, пожалуйста. | |
Ол басқа қызды сүйеді. | Он любит другую девушку. | |
Ол қыз өте сұлу. | Эта девушка очень красивая. | |
Мен секілді емес. Ерекше. | Не такая, как я. Она особенная. | |
Менің оған қажетім қанша? | Зачем я ему? | |
Жақсысың ба? | Ты в порядке? | |
Мен көптеген сұлу қыздарды көрдім. | Я видела столько красивых девушек. | |
Ол олармен көңіл көтеріп, содан соң тастап кететін. Бұл басылады, қызым. Басылады. | Он с ними развлекался, а потом бросал и уходил. Это пройдёт, дочка. Пройдёт. | |
Біз Сізбен сол күйі таныспадық. | Мы так и не познакомились с Вами.
|
41-10
|
Өз махаббатыңнан ұялма. Оны көрсет. | Не стыдись своей любви. Прояви её. | |
Махаббат күш салғанды талап етеді. Еңбек сіңір. | Любовь требует усилий. Вложи труд. | |
Түсте не істейсің? | Что ты делаешь в обед? | |
Ештеңе, жұмыс қой. | Ничего, работаю. | |
Жұмысыңды таста, кездесейік. | Давай встретимся, бросай работу. | |
Біз кешке кездесетін болып едік. | Мы же собирались встретиться вечером. | |
Бола берсін. Түсте де кездесеміз. | Ну и что. В обед тоже встретимся. | |
Мен сені сағынамын, амалым қанша? | Но что поделать, я скучаю по тебе? | |
Кімге тартқан десеңші? | В кого он пошёл? | |
Бұл менің шаруам емес. | Это не моё дело.
|
41-11
|
Ол көзімнің қарашығындай. | Он мне как свет в окне. | |
Мен кешіккен жоқпын ба? | Я не опоздал? | |
Жоқ, мен ғой ерте келдім. | Нет, это я рано пришёл. | |
«Ғашықтардың ойы бір жерден шығады» деп текке айтпаса керек. | Не зря говорят, что мысли влюбленных сходятся. | |
Маған қысым жасама. | Не дави на меня. | |
Болды, мен кеттім. | Всё, я пошёл. | |
Бюджетті қайтеміз? | Что будем делать с бюджетом? | |
Сен әзірле, кейін бірге қарап шығамыз. | Ты подготовь, потом вместе посмотрим. | |
Сен шынында жындысың. | Ты и вправду сумасшедший. | |
Мен оны жоққа шығармаймын. | Я это не отрицаю.
|
41-12
|
Қызық. Бұл іс осынша уақытқа созылмауы тиіс еді ғой. | Странно. Это дело не должно было так затянуться. | |
Жалпы, ол құжаттармен Серік мырза айналысқан болатын. | Вообще-то, этими документами занимался господин Серик. | |
Маған Серікті шақыр. | Вызови ко мне Серика. | |
Ол орнында жоқ, фабрикаға кеткен. | Его нет на месте, он уехал на фабрику. | |
Жақсы, келген бойда маған кірсін. | Хорошо, когда вернётся, пусть зайдёт ко мне. | |
Әрине, тағы қандай да бір қалауыңыз бар ма? | Конечно, ещё что-нибудь? | |
Өзімді сондай жақсы сезіндім. | Я так хорошо себя чувствовала. | |
Келші маған! | Иди-ка ко мне! | |
Рақмет. Сіз сондай ізеттісіз. | Спасибо. Вы очень любезны. | |
Ол өзін қалай ұстады? | А как он себя держал?
|
41-13
|
Шегі болмаса екен... | Пусть не кончается... | |
Ал мен сенен де бетер сағындым. | А я сильнее тебя соскучилась. | |
Егер сағынсаң, неге хат жазбадың? | Если соскучилась, почему не прислала письмо? | |
Жазатындай мүмкіндігім болмаған жоқ. | Не было случая написать. | |
Бүгін кеш келдім. | Я пришёл сегодня поздно. | |
Жиеніңнен көз айыра алмағансың ғой. | Не могла оторваться от племянника. | |
Иә, қимадым. | Не могла (не хотела расставаться). | |
Бәріміз бірге кешкі ас ішуге барамыз. | Все вместе пойдём поужинаем. | |
Ештеңе етпейді, біреуге берерміз. | Ничего, кому-нибудь отдадим. | |
Мен де сен секілді едім. | Я была такой же, как ты.
|
41-14
|
Бар жалақымды сендерге жұмсайтынмын. | Всю зарплату тратила на вас. | |
Әкелерің әрең қойдыратын. | Ваш отец еле останавливал меня. | |
Кеттік, ұшаққа кешігіп қаламыз. | Пошли, опоздаем на самолёт. | |
Жеткен бойда хабарласыңдар. | Позвоните, как доберётесь. | |
Қатты уайымдайтын боламын. | Я буду сильно волноваться. | |
Бәріне сәлем айтыңыз. | Передавайте всем привет. | |
Жақсы, бара беріңдер. | Хорошо, ступайте. | |
Ант етемін, мен ештеңе бүлдірген жоқпын. | Клянусь, я ничего не плохого не делал. | |
Мен өз көзіммен көрдім. | Я видел своими глазами. | |
Ол қыздың бөлмесінде не істедің? | Что ты делал в комнате той девушки?
|
41-15
|
Кімге тарттың? | Ты на кого похож? | |
Өзім-ақ сыбағанды тарттырамын! | Я лично разорву тебя! | |
Қой енді, жүрегің қысылып қалады. | Ну, перестань, у тебя случится сердечный приступ. | |
Мемлекеттік қолдаудан хабар жоқ па? | Нет ли извести по государственной поддержке? | |
Өкінішке қарай, білуімше, әлі хабар жоқ. | К сожалению, насколько я знаю, ещё нет. | |
Сұлулым менің, бәрі реттеледі. | Моя красавица, всё наладится. | |
Енді таңғы ас әзірлеп жіберші, қане. | А теперь, приготовь завтрак, давай. | |
Оқып үйрендің бе? | Научилась читать? | |
Олар оны осында алып келеді. | Они приведут его сюда. | |
Қандай керемет таң еді! | Какое прекрасное утро!
|
41-16
|
Орныңа отыр. | Садись на своё место. | |
Кеше кешкісін қайда болдың? | Ты где была вчера вечером? | |
Қайда болдың деген несі? | Как это где была? | |
Мен айттым ғой, апаңның басы ауырып жатыр деп. | Я же говорила, что у твоей мамы болит голова. | |
Қане, таңғы асымызды ішейік. | Давайте, будем завтракать. | |
Жұмыртқа мен ірімшік жегің келе ме? | Хочешь яйца с брынзой? | |
Болады. Тек аз ғана. | Можно. Только немного. | |
Қазір әзірлеп жіберейін. | Сейчас приготовлю. | |
Оның осында қалғысы келмейді. | Она не хочет здесь оставаться. | |
Онікі да жөн. | Она тоже права.
|
41-17
|
Енді не қалайды? | И чего она хочет? | |
Оқығысы келеді. | Хочет учиться. | |
Несіне таңданасың? | Чему ты удивляешься? | |
Білімнің артық не бар дейсің? | Что может быть лучше образования? | |
Ол қызды оқытуға міндеттіміз. | Мы обязаны выучить эту девочку. | |
Жатақханада тұратын болады. | Будет жить в общежитии. | |
Сені орынсыз мазаладым ба? | Я побеспокоила тебя? | |
Досым келіп қалды. Жұмыс туралы сөйлесуіміз керек еді. | Друг пришел. Нам нужно поговорить о работе. | |
Сосын бірден хабарласамын. | Я потом сразу перезвоню. | |
Жоқ, қонырау шалмай-ақ қой. | Нет, не звони, пожалуйста.
|
41-18
|
Ертең өзім хабарласамын. | Я завтра сама позвоню. | |
Жарайды, қалауың білсін. | Ладно, как пожелаешь. | |
Сен кіммен сөйлестің? | С кем ты разговаривал? | |
Демек, мені сағынған екенсің ғой. | Значит, ты соскучился по мне. | |
Сағынғанда қандай! | Ещё как соскучился! | |
Жаным, ұйықтап қалмаған шығарсың. | Дорогая, надеюсь, что не спишь. | |
Жоқ, сенің қоңырауыңды күттім. | Нет, ждала твоего звонка. | |
Ауыратын уақытты тапқан екенсің. | Нашёл время болеть. | |
Ал, не айттыңдар? | Ну, рассказывай, о чём вы говорили? | |
Нені айтасың? | Ты о чём говоришь?
|
41-19
|
Ол тәрбиелі жігітке ұқсайды. | Он похож на воспитанного парня. | |
Кім өзі, сотталмаған ба екен? | Кто он, не был ли у него судимости? | |
Ол қалай мен туралы біле алады екен? | И как он узнает обо мне? | |
Іздесуші жалдай ма? | Наймёт детектива? | |
Оның үстіне, мен оны өз баламдай жақсы көремін. | К тому же, я его люблю, как своего сына. | |
Мыналардың көңілін көтеремін деп өкпем өшті. | Я выдохся, пока развлекал их. | |
Қатты шаршадым, ұйықтайын. | Я сильно устал, посплю. | |
Өтініштеріммен мезі еттім бе? | Я надоела тебе с просьбами? | |
Сенің кез келген қалауыңды қолдаймын. | Я поддержу тебя в любых твоих желаниях. | |
Мен оны саған бұрын да айтқанмын. | Я и раньше тебе говорил это.
|
41-20
|
Түнің тыныш болсын! | Спокойной ночи! | |
Сенің де! | Тебе того же! | |
Кіруіме бола ма? | Я могу войти? | |
Басың ауырып жатыр ма? Сауығып кет! | У тебя голова болит? Выздоравливай! | |
Рақмет! Дәрі ішіп алдым, қазір басылады. | Спасибо. Я выпила лекарство, сейчас пройдёт. | |
Қызуың жоқ па? | У тебя нет температуры? | |
Сенің басың сирек ауыратын еді ғой. | У тебя же редко болит голова. | |
Ол қашан келеді екен? | Он, интересно, когда приедет? | |
Білмеймін. Сонда бола тұрсын, көңілі сейіледі. | Не знаю. Пусть побудет там, развеется. | |
Көрейік, бұл жағдайдан қалай сытылып шығар екенбіз. | Посмотрим, как мы выпутаемся из этой ситуации.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева, 20072025
|