Полезные фразы
Сборник 18
Автор: Рауль Керимбаев
18-01
|
Қайдағы кіріс? Шығыстарды жаба алмаймыз. | Какие там доходы? Расходов не покрываем. | |
Есігі жабулы тұр. | Дверь там закрыта. | |
Мені кім деп ойлайсыз? | Вы за кого меня принимаете? | |
Сен осындасың ба? | Ты здесь? | |
Роза, бұл сенбісің? | Роза, это ты? | |
Кімге керек, сол біледі. | Кому надо, тот знает. | |
Кімге қажет болдым екен? | Кому это я понадобился? | |
Онда неге шағынып тұрсың? | Тогда почему ты жалуешься? | |
Сен не сарнап тұрсың? | Что ты ноешь? | |
Саған кететін уақыт болды. | Тебе пора уходить.
|
18-02
|
Мен саған не істедім? | Я что тебе сделал? | |
Бітпейтін жыр. | Нескончаемая песня. | |
Сіз мені қайдан білесіз? | Вы меня откуда знаете? | |
Сен тек ешкімге айтпа. Айтпайсың ба? | Ты только никому не говори. Не скажешь? | |
Сіз мен үшін ұлы іс істедіңіз. | Вы для меня сделали великое дело. | |
Енді солай сөйлейін дедің бе? | Теперь ты так заговорила? | |
Ол ешқайда кетпейді. | Никуда он не денется. | |
Сенімен ешкім сөйлесіп тұрған жоқ. | С тобой никто не разговаривает. | |
Сен не ойлап тұрсың? | О чём ты думаешь? | |
А, қолға түстің бе! | Ага, попалась!
|
18-03
|
Мен неге қолға түсем? | Почему я должна попасться? | |
Ертең кел. | Приходи завтра. | |
Сен мені өкпелетесің. | Ты меня обидишь. | |
Ол әлі бұртиып жатыр. | Она все ещё дуется. | |
Ұйықтауға қашан жатасың? | Скоро ты пойдёшь спать? | |
Бақыт енді келмес... | Счастья больше не будет… | |
Ал одан әрі? Менің есімде қалмапты. | А как дальше? Я что-то не помню. | |
Мен баққа шығып, жатар алдында таза ауа жұтамын. | Я выйду в сад, подышу свежим воздухом перед сном. | |
Аһ, мен саған айтуды ұмытып кетіппін. | Ах, я забыл тебе сказать. | |
Ол неге біздің өмірімізге араласады? | Почему она лезет в нашу жизнь?
|
18-04
|
Сіз кетіп барасыз ба? | Вы уже уходите? | |
Ішке қарай. | На себя. | |
Сыртқа қарай. | От себя. | |
Рәсімдейміз. Оған несіне асығамыз? | Оформим. Куда торопиться? | |
Сеніңше, бәріне мен кінәлімін? | По-твоему, я во всём виноват? | |
Шығарып салайын сені. | Я провожу тебя. | |
Сені кім сұрап жатыр? | Тебя кто спрашивает? | |
Кез келген ән орындап беремін. | Я спою любую песню. | |
Ренжіп қалмайсың ба? | Ты не обидишься? | |
Бұл мен үшін тым қымбат. | Это для меня слишком дорого.
|
18-05
|
Сіз бара беріңіз. | Вы идите. | |
Оған жаның ашымай ма? | Неужели тебе её не жаль? | |
Одан да мен кетейін. | Лучше я пойду. | |
Сен мені өлтіретін болдың. | Ты меня убьёшь. | |
Мен қанша ықыласты болсам да қолымнан келмейді. | При всём моём желании, я не смогу. | |
Мен таба алмай қойдым. | Я не смог найти. | |
Сен мені шатастырма. | Ты не путай меня. | |
Кіреберісте кездесейік. | Встретимся у входа. | |
Бол, тез. | Давай скорее (быстрее). | |
Бізге Алматыға келіңіз. | Приезжайте к нам в Алматы.
|
18-06
|
Ай, кел мұнда! | Эй, иди сюда! | |
Қолыңыз бос емес пе? Бөгет жасаған жоқпын ба? | Вы заняты? Я Вам не мешаю? | |
Құдайдың да, елдің де алдында арым таза. | Перед Богом и людьми совесть моя чиста. | |
Не айтайын дедің осымен? | Что ты этим хотел сказать? | |
Өзің ойлап қарашы. | Ты сам подумай. | |
Қисалаңдамай тыныш жүр! | Ходи нормально, не кривляйся! | |
Көрінгенге сене берме. | Не верь всякому. | |
Айтатын адамды тапқан екенсің. | Ты нашёл того, кто может говорить. (Иронично) | |
Тыңдайтын адамға ұқсамайды. | Не похоже, что она прислушается. | |
Мен оған жүз рет ескерттім. | Я ему сто раз напоминал.
|
18-07
|
Мен сені әлі безектетермін. | Ты у меня ещё попляшешь. | |
Сен зиян тартпайсың. | Вреда тебе не будет. | |
Бірдеме айтайын дедің бе? | Ты что-то хотел сказать? | |
Ол жеке ақпарат. | Это личная информация. | |
Өз арамызда айтқанда, қымбаттым. | Между нами говоря, дорогая. | |
Сіз ғажайыпты жасадыңыз, нағыз ғажап! | Вы совершили чудо, настоящее чудо! | |
Басым айналып кетті. | У меня голова закружилась. | |
Сен маған ештеңемен көмектесе алмайсың! | Ничем ты мне помочь не можешь! | |
Және ешкім де жәрдем ете алмайды. | И никто не поможет. | |
Өлікті тірілте алмайсың. | Мёртвого не воскресишь.
|
18-08
|
Сен маған ренжіп жүрген жоқсың ба? | Ты на меня не обижаешься? | |
Қашан мен сендерге ондай сөз айттым? | Когда я говорил вам такое? | |
Мен саған қазір қызық бірдеме көрсетемін. | Я сейчас покажу тебе что-то интересное. | |
Келіп кетші, әңгіме бар. | Зайди, пожалуйста, есть разговор. | |
Мен сені аңсап жүрмін. | Я сильно скучаю по тебе. | |
Сен нешінші сыныпта оқисың? | В каком классе ты учишься? | |
Сен мен үшін ең маңызды адамсың! | Ты для меня самый важный человек! | |
Сіз жұмыстан кейін не істейсіз? | Что вы делаете после работы? | |
Мен де осылай істер едім. | Я бы тоже так поступил. | |
Келгендерің жақсы болды. | Хорошо, что вы пришли.
|
18-09
|
Не деп мыңқылдап тұрсың? | Что ты там бромочешь? | |
Енді бас тарту ыңғайсыз. | Теперь отказываться неудобно. | |
Мен сендерге көмектесемін. | Я вам помогу. | |
Жылжыңызшы. | Подвиньтесь, пожалуйста. | |
Сен не, есіңнен шатастың ба? | Ты что, с ума сошёл? | |
Мені тыңдар емес. | Он меня не послушает. | |
Өзінді жазғыра берме. | Не вини себя. | |
Әкім бүгін қабылдай ма екен? | Аким сегодня будет принимать? | |
Сіз бізді біреумен шатастырдыңыз. | Вы нас с кем-то перепутали. | |
Шыдамды болуға тырыс. | Старайся быть терпеливым.
|
18-10
|
Бұл аузына бірдеме тисе қаңғырып кетеді. | Как выпьет, так начинает бегать. | |
Ең бастысы, жүрексінбесең болды. | Главное, не трусь. | |
Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз. | У Вас недостаточно суммы для проведения этой операции. | |
Егер біз асықпасақ, онда біз кешігеміз. | Если мы не поторопимся, то опоздаем. | |
Сұлу қыздар көп, ал сен мамаңның жалғызысың. | Красивых девочек много, а ты у мамы один. | |
Сізге ұнайтын белгілі тележүргізушы кім? | Кто из известных телеведущих Вам нравится? | |
Бұл, әрине, даулы мәселе. | Это, конечно, спорный вопрос. | |
Оған көз тиген. | Его сглазили. | |
Осының бәрі жүйкеден деп ойлаймын. | Я думаю, что все это от нервов. | |
Сіз мені отқа итермеңіз! | Вы меня в огонь не толкайте!
|
18-11
|
Мұнда тұрған қандай сұмдық бар? | Что позорного в этом? | |
Мен өзім де білмеймін. Егер білсем, саған айтар едім. | Я не знаю. Если знал бы сказал. | |
Мені неге қинайсыңдар? | Что вы меня мучаете? | |
Саған құпиялап айтайын. | Скажу тебе по секрету. | |
Ал бұл істе менің шаруам қанша? | А в этом деле я при чём? | |
Сен түсінбей тұрсың ба? | Ты не понимаешь что ли? | |
Сенде қандай жаңалықтар бар? | Какие у тебя новости? | |
Саған қашан ақыл кіреді, а? | Когда ты поумнеешь, а? | |
Кейін қатты өкініп жүресіз. | Потом сильно пожалеете. | |
Біз қазір кетеміз, саған кедергі жасамаймыз. | Мы сейчас уходим. Не будем тебе мешать.
|
18-12
|
Мен осында бола тұрам. | Я здесь побуду. | |
Оның миы шайқалған. | У неё сотрясение головного мозга. | |
Мүмкін дәріңді ішерсің? | Может лекарство выпьешь? | |
Жақсылықты білмейтіндер! | Неблагодарные! | |
Неге менің көңілімді қалдыра бересіз? | Зачем Вы расстраиваете меня? | |
Сіздің ойыңызда тек қана ақша! | У Вас на уме только деньги. | |
Әлі ештеңе белгілі емес. | Пока ничего не известно. | |
Мен оған ақылшы бола алмаспын. | Я не могу быть ему советчиком. | |
Мұнда бәрі айнала қирап жатыр. | Тут всё кругом рушится. | |
Оқасы жоқ, мен шымырмын. | Ничего, я выносливый.
|
18-13
|
Түрің не болып кеткен! | В каком ты виде! | |
Сен өзіңді тіптен күтпейсің. | Ты совсем не заботишься о себе. | |
Мен саған енді ұнамаймын ба? | Я тебе больше не нравлюсь? | |
Нені көксеп отырсың? | Чего ты добиваешься? | |
Сенің орныңда болғанда мен де осылай жауап берер едім. | Будь на твоём месте, я ответил бы так же. | |
Сізге не айтарымды да білмей тұрмын. | Не знаю, что и сказать Вам. | |
Қай жылғысыз? | Вы с какого года рождения? | |
Сабағыңды оқи бер. | Учи уроки. | |
Бүгін тағы кешіктіңіз бе? | Сегодня опять опоздали? | |
Сен кімсің? Тыңшысың ба? | Ты кто? Ты шпион?
|
18-14
|
Сені мұнда кім жіберді? | Кто тебя сюда пустил? | |
Алдыңа мақсат қой! | Поставь перед собой цель. | |
Бізді ақымақ санайсың ба? | Ты считаешь нас глупцами? | |
Ашықтан өліп барамын. | Я умираю с голода. | |
Бұл оңай нәрсе емес, бірақ сенің қолыңнан келеді. | Это нелегко сделать, но ты справишься. | |
Ол маған ұқсай ма? | Он похож на меня? | |
Мен оған ұқсаймын ба? | Я похож на него? | |
Әдемі шығып жатыр. | Красиво получается. | |
Мен Құдай емеспін ғой! | Я же не Бог! | |
Мен саған жаңа ғана не дедім? | Что я тебе только что сказал?
|
18-15
|
Біз жиі кездесіп тұрамыз. | Мы часто встречаемся. | |
Тақырыпты ауыстырайықшы. | Давайте помененяем тему. | |
Бұл жерде саған не ұнайды? | Что тебе здесь нравится? | |
Қайдан үйренгенсің? | Ты где научился? | |
Мен не істейтінімді өзім білемін. | Я сам знаю, что мне делать. | |
Сен көптеген қиындықтар туғызасың. | Ты создаешь много проблем. | |
Мен басынан білгем. | Я знал с самого начала. | |
Сен қашып құтылмайсың. | Тебе не сбежать. | |
Менің қалайтынымды білесің бе? | Ты знаешь, что я хочу? | |
Біздің бақытты отбасы болғанымызды қалаймын. | Я хочу, чтобы мы были счастливой семьей.
|
18-16
|
Бір-бірімізге ор қазбай, өтірік алдамай бейбіт өмір сүрсек деймін. Бар болғаны сол. | Не копать друг другу ямы, не обманывать, мирно жить – вот о чём я говорю. Это всё. | |
Бірақ біздің жанұяда бұл мүмкін емес. | Но это в нашей семье невозможно. | |
Мен бар күшімді салып жатырмын. | Я прилагаю все усилия. | |
Бізде ондай ақша жоқ. | У нас таких денег нет. | |
Менде ғана бар. | Есть только у меня. | |
Біздікі бізден ешқайда кетпейді. | Наше от нас никуда не уйдёт. | |
Бұл не өзі? Отырса опақ, тұрса сопақ. | Что это? И сядешь – не так, и встанешь – не так (досл. - сядешь – куб, встанешь – дуб). | |
Жедел жәрдемді шақырыңыз. | Вызовите Скорую помощь. | |
Саған не жетпей жүр?! | Тебе чего не хватает?! | |
Сізге қаншама рет қайталауға болады? | Сколько раз Вам нужно повторять?
|
18-17
|
Бізге бір ерекше қонақ келді! | К нам пришёл один особенный гость. | |
Мен де адаммын ғой, шатасуым мүмкін. | Я тоже человек, возможно, ошибаюсь. | |
Неге маған осылай қарайсыңдар? | Что вы на меня так смотрите? | |
Құдайға шүкір біз жақсымыз! | Слава Богу у нас всё хорошо! | |
Олар бір қалыптан шыққан. | Они из одного теста. | |
Сен үшін бұл сабақ болсын, ендігәрі бұлай істеме. | Это послужит тебе уроком, впредь не делай так. | |
Уәде бергенін орындайтын керек. | Обещанное надо выполнять. | |
Адам болған соң қателік те болады. | Так как он человек, и у него бывают ошибки. | |
Қане, тартып жібер. | Ну-ка, выпей. | |
Сізге барлығы жарасымды. | Вам всё идёт.
|
18-18
|
Сіздің бітіміңіз фотомодельдің бітіміндей. | У Вас фигура, как у фотомодели. | |
Туған күн кешінде мен ең керемет болуым керек. | На вечере дня рождения я должна быть лучше всех. | |
Не алатын болдыңыз? | Что вы решили выбрать? | |
Сен мені асықтырма. | Ты меня не торопи. | |
Енді кездесеміз пе жоқ па, кім біледі? | Кто знает, встретимся ещё или нет? | |
Өзіме шектеу қоюдан жалықтым. | Мне надоело себя во всём ограничивать. | |
Өте салиқалы әйел. | Очень разумная женщина. | |
Ешқайсысын көрмедім. | Я никого не видел. | |
Өмірдің заңдылықтарын өзгерте алмаймыз. | Законы жизни нам не изменить. | |
Жақсылық жасаңыз, ол сізге міндетті түрде қайтады! | Делайте добро, и он обязательно к вам вернётся!
|
18-19
|
Былай етсек қайтеді? | А что, если сделать так? | |
Менен жақсы хабар күтіңдер. | Ждите от меня хороших вестей. | |
Ресми түрде жұмыс істемеймін. | Официально я не работаю. | |
Бұл саған сабақ! Өзің кінәлісің! | Это тебе урок! Сам виноват! | |
Бекер олай айтасыз. | Зря Вы так говорите. | |
Ол не өзгелерден ерек пе? | Он что особеннее других? | |
Осы кезге дейін қайда жүрдіңдер? | Где вы ходили до этих пор? | |
Басқаларға ұқсамайды. | Он не похож на других. | |
Ақымақгершілікті сандырақтама. | Не болтай глупости. | |
Тез жөнел. | Быстро отправляйся.
|
18-20
|
Сізге қай телеарна ұнайды. | Какой телеканал Вам нравится? | |
Осындай болатынын сезгем. | Я чувствовал, что так будет. | |
Бұны өзім сезіп жүредім. | Это я сам чувствовал. (жүр едім) | |
Сіздің қандай шаруаңыз бар еді? | Что Вам угодно? | |
Жыныма тимеші. | Не зли меня. | |
Кім жыныңа тие береді? | Кто злит? | |
Егер мүмкіндігің болса, бізді кешір, балам. | Если у тебя есть возможность простить нас, прости, сынок. | |
Не десеңдер о деңдер, маған бәрібір. Ешкімнен қорықпаймын. | Что хотите говорить говорите. Никого я не боюсь. | |
Тыныш, ол естіп қояды. | Тихо, он может услышать. | |
Тіпті жақсы! Ести берсін! | Ещё лучше! Пусть слышит.
|
Корректор: Татьяна Валяева
|