Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 2
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Бiр қыздың сүйкімді досы
      Қыздың досы сүйкімді. Қыз оны сүйеді. Досы да оны сүйеді. Ол оның кітаптарын ұстап жүреді. Ол оның қарындаштарын ұштайды. Ол оған оның үй тапсырмасын iстеуге көмектеседі. Ол онымен түскі тамақ ішуге барады. Ол онымен киноға барады. Ол оған сыйлықтар сыйлайды. Ол оған сүйіспеншілік хаттарын жазады. Бұған сену қиын, себебі бұл тым керемет.
Мәтінді жасыру
      22. Ол әуітке бара жатыр
      Қыз жүзу әуітіне бара жатыр. Ол шешінетін бөлмеге кіріп бара жатыр. Ол шомылу костюмін киіп жатыр. Ол өз киімін шкафқа салып жатыр. Ол әуітке қарай шықты. Күн бүгін ыстық және шуақты. Қыз салқын көгілдір суға қарап тұр. Ол суға қарай сүңгіді. Салқын суда жүзу - бір ғанибет.
Мәтінді жасыру
      23. Ол лифтпен жоғары көтеріледі
      Қыз лифтке кіреді. Ол түйменi басады. Түймеде 3 деп жазулы тұр. Ол тағы бiр түймені басады. Түймеде «Есiктi жабу» деген жазу тұр. Лифт есiктерi жабылады. Лифт жоғары көтеріледі. Ол екінші қабат жанынан өтіп барады. Лифт тоқтайды. Есіктер ашылады. Қыз шығады. Ол үшінші қабатта тұр.
Мәтінді жасыру
      24. Оның бетiндегi сағызы
      Жігіт сағыз шайнайды. Ол әртүрлі сағызды шайнайды. Ол көпіршіктенетін сағызды шайнайды. Ол көпіршіктенетін сағыздан көпіршік үрлейді. Ол үлкен көпіршіктер үрлейді. Олар грейпфрут сияқты өте үлкен. Сосын көпіршіктер жарылады. Жігіт сағызды бетінен сүртіп тастайды. Содан соң тағы да бір үлкен көпіршік үрлейді. Ол да жарылады. Жігіт мәз болады.
Мәтінді жасыру
      25. Ол жасыл қарбызды жеді
      Жігіт қарбызды жақсы көреді. Қарбыз әдемі. Оның сырты жасыл. Оның іші қызыл. Оның сырты қатты. Оның іші жұмсақ. Оның іші шырынды. Қарбыз тәтті. Кейбір қарбыздардың дәні болады. Жігіт оны түкіріп тастайды. Кейбір қарбыздар дәнсіз болады.
Мәтінді жасыру
      26. Оған бұл үй ұнайды
      Қыз журналға қарап отыр. Журналдың мұқабасында фотосурет бар. Бұл үйдің фотосуреті. Бұл әдемі үй. Қыз журналды алып жатыр. Ол оны ашты. Ол беттерді аударып жатыр. Ол үйлердің басқа фотосуреттерін көріп жатыр. Оған бұл үй ұнайды. Ол осы үй туралы мақаланы оқып жатыр.
Мәтінді жасыру
      27. Аспандағы дирижабль
      Аспанда дирижабль ұшып бара жатыр. Ол сағатына елу шақырым жылдамдықпен қозғалып бара жатыр. Оның екі қозғалтқышы бар. Қозғалтқыштардың айналып тұратын зырылдауықтары бар. Қозғалтқыштар дирижабльдың астында орналасқан. Олар гондолада. Ұшқыштар годолада отыр. Жолаушылар да сол жерде отыр. Гондолада үлкен терезелер бар. Ұшқыштар мен жолаушылар терезеге қарап отыр.
Мәтінді жасыру
      28. Оның мүгедектерге арналған арбасы
      Қыз мүгедектерге арналған арбаны қолданады. Оның аяғы әлсіз. Ол барлық жерге өзінің мүгедектерге арналған арбасымен барады. Ол мектепке де арбамен барады. Ол онымен кафеге де барады. Ол паркке де онымен барады. Оның мүгедектерге арналған арбасы электрлі. Онда аккумулятор бар. Ол алдыға және артқа жүреді. Ол оңға да солға да бұрылады. Қыздың мүгедектерге арналған арбасы оны барлық жерге апарады.
Мәтінді жасыру
      29. Ол киініп жатыр
      Жігіт көйлегін киіп жатыр. Ол шалбарын киіп жатыр. Ол көйлегін шалбарының ішіне салып жатыр. Ол шалбарын түймелеп жатыр. Ол шалбарының сырмасын салып жатыр. Ол отырады. Ол оң шұлығын киіп жатыр. Ол сол шұлығын киіп жатыр. Ол сол аяқ киімін киіп жатыр. Ол оң аяқ киімін киіп жатыр. Енді аяқ киімнің бауын байлап жатыр.
Мәтінді жасыру
      30. Ол лифтке отырады
      Жігіт лифтке бара жатыр. Ол «Төменге» тетігін басты. Ол лифттегі қоңырауды естіді. Лифт есіктері ашылды. Біреу шықты. Лифт есіктері жабылды. Тағы да қоңырау шылдырлады. Есіктер ашылды. Жігіт кірді. Лифт төменге түсіп барады. Ол жетінші қабаттан төмен түсіп келеді. Есіктер ашылды. Жігіт шықты.
Мәтінді жасыру
      31. Ол душқа түседі
      Жігіт жуынатын бөлмеге кіреді. Ол душтың пердесін бір жағына ысырып қояды. Ол душтың суын қосады. Ол ваннаға түседі. Ол душтың пердесін тартып жабады. Ол сабынды алады. Ол үсті-басын жуады. Ол сабынды шаяды. Ол суды өшіреді. Ол ваннадан шығады.
Мәтінді жасыру
      32. Қоңыр өрмекші
      Жігіт өрмекшіні көріп тұр. Өрмекшінің аяқтары ұзын. Ол қабырғамен өрмелейді. Жігіт өрмекшіні бақылайды. Өрмекші жоғарырақ өрмелейді. Ол төбенің жанында. Ол өрмелеуді доғарады. Ол сол жерде біраз тоқтап тұрады. Сосын ол қабырғамен кері өрмелейді. Ол еденде өрмелейді. Жігіт оны басып кетеді. Өрмекші өліп қалды.
Мәтінді жасыру
      33. Көп адамдар саябаққа қуана-қуана барады
      Жігіт саябаққа велосипедпен барады. Ол саябақ айналасында кең жол бойымен велосипед теуіп жүр. Көптеген адамдар онымен бірге велосипед теуіп жүр. Бүгін саябақта адам көп. Көп адамдар велосипед және роликті коньки теуіп жүр. Сауықтыру жүрісі мен баяу жүгіріске әуестер де баршылық. Олардың бәрі бір жолда. Бұл адам көп жүретін жол.
Мәтінді жасыру
      34. Бір банан жетеді
      Жігіт үш бананды көріп тұр. Бір банан сарғылт-жасыл. Келесі банан сарғылт-қоңыр. Үшінші банан сап-сары. Жігіт сары бананды алды. Ол оны аршыды. Банан тез аршылады. Піскен банан тез аршылады. Банан аппақ. Онда қоңыр дақтар жоқ. Аса пісіп кеткен бананда қоңыр дақ болады. Жігіт бананды тауысып жеп қойды.
Мәтінді жасыру
      35. Ол көлік жүргізу бойынша емтихан тапсыруда
      Жігіт ТЕҚБ-не (тіркеу емтихан қабылдау бөлімшесіне) бара жатыр. Ол кезекте тұр. Ол бәрімен бірге күтіп тұр. Ол кезектің басына қарай жылжуда. Біреу «Келесі» деп айтты. Жігіт ресепшіге бара жатыр. Ол емтихан үшін ақша төлеп жатыр. Ол түбіртек алуда. Ол нөмір алуда. Ол орындыққа отырды. Ол өз кезегін күтуде.
Мәтінді жасыру
      36. Ванна бөлмесіндегi жаңа шам
      Жігіт шамды қосты. Ол қандай да бір дыбысты естіді. Жарық өшті. Ванна бөлмесінде қараңғы. Жігіт шкафқа барып, жаңа шамды алды. Ол ванна бөлмесіне қайтып келді. Ол ескі шамды бұрап шығарды. Ол жаңа шамды бұрап қондырды. Жарық жанды. Жігіт ескі шамды лақтырды.
Мәтінді жасыру
      37. Ол метроның баспалдағында отыр
      Ер адам метроның баспалдағында отыр. Ол өткендерді дауыстап шақырады. Ол өзінің кепкасын созады. Ол көмек сұрайды. Ол ақша сұрайды. Ол ұсақ-түйек ақша сұрайды. Кейбір жүргіншілер тоқтайды. Олар оған жиырма бес центтік тиын береді. Олар оған доллар береді. Көп жүргіншілер қасынан өтіп кетеді. Олар оған ештеңе бермейді. Олар асығып барады.
Мәтінді жасыру
      38. Ол себетке допты лақтыруда
      Жігіт еденге допты ұруда. Ол допты кортқа бағыттап жоғары - төмен ұрды. Ол оны өзінің тобындағы адамға береді. Екеуіде жүгіріп келді. Олар себетке қарай жүгіріп келе жатыр. Бөлек тұрған екі ойыншы да жүгіруде. Олар допты иеленгісі келеді. Оның тобындағы ойыншы секіріп тұр. Ол допты лақтырды. Доп себетке қарай ұшты. Олардың командасы екі ұпай алды.
Мәтінді жасыру
      39. Аквариумдегі балықтар
      Қыздың аквариумы бар. Аквариумде төрт балық бар. Олардың бәрі кішкентай. Олар түрлі түсті. Бір балық қызыл. Екінші балық көгілдір. Үшінші балық сары. Төртінші балық қызғылт. Қыз балықтарға қарап тұр. Олардың кішкентай ауыздары ашық. Қыз олардың қарындары аш деп ойлайды. Ол оларға жем береді.
Мәтінді жасыру
      40. Ол поштаны жеткізеді
      Әйел поштада жұмыс істейді. Ол пошта сөмкесін поштамен толтырады. Ол пошта сөмке-арбасын жол бойымен сүйрейді. Ол әр үйдің жанына тоқтайды. Әр үйге пошта жеткізіп береді. Ол әрбір үйден пошта алады. Ол кез-келген ауа-райында жұмыс істейді. Оның жұмысы осындай.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.3  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга