Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 5
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Мұражайда адам көп
      Мұражай алдында көп адам тұр. Кейбір адамдар баспалдақта отыр. Кейбірі суретке түсуде. Кейбірі кезекте тұр. Олар балмұздақ сатып алады. Олар хот-дог сатып алады. Автобустар мен такси тоқтайды және кетеді. Мұражай ашық. Ішінде адам көп. Сыртында адам көп. Бұл адам көп жүретін жер.
Мәтінді жасыру
      82. Ол раковинаны тазалады
      Қыз ваннадағы раковинаға қарады. Раковина лас. Ол сарғайып кеткен. Оны тазалау керек. Қыз губканы алды. Ол губканы сулады. Ол аздаған тазалау құралын алды. Ол раковинаға тазалау құралын септі. Ол раковинаны губкамен ысты. Ол губканы шайды. Қазір раковина таза.
Мәтінді жасыру
      83. Оның кеңсесі салқын
      Әйел орындықта отыр. Ол жұмыста. Ол дірілдеді. Оның кеңсесі тым салқын. Ол өз бастығына шағымданды. Бастығы оған көңіл аудармады. Оның бастығына салқын болғаны ұнайды. Көшеде ыстық. Жаз. Бірақ ғимарат ішінде қыздың үстінде қыстық күрте. Оның жұмыстастары да күрте киген. Олардың барлығы өз бастықтарын жек көреді.
Мәтінді жасыру
      84. АҚШ-та төртінші шілде
      АҚШ-та төртінші шілде. Күн жарқырап тұр әрі ыстық. Адамдар америка туларын іліп жатыр. Тулар барлық жерде. Адамдар серуенге шығып жатыр. Олар барбекю торларында гамбургер мен хот-догтарды дайындап жатыр. Олар жүгері жеп жатыр. Түнде олар отшашуларды тамашалайды. Олар АҚШ-тың туған күнін атап өтуде.
Мәтінді жасыру
      85. Ол электр шотын төлейді
      Ер адам конвертті ашып жатыр. Ішінде шот. Бұл оның ай сайын электр қуаты үшін төлейтін шоты. Осы айда шот 50 долларға. Ер адам өзінің шот кітапшасын алды. 50 долларға чек жазды. Ол чек пен шотты басқа конвертке салды. Оны жабыстырды. Конвертке марка жабыстырды.
Мәтінді жасыру
      86. Бас миына жасалған ота
      Әйелдің басы ауырады. Басы айналады. Әйел дәрігерге барды. Дәрігер оны қарады. Әйелге миына ота жасау керек. Дәрігер бас сүйегін ашты да, миының ауыратын жеріне ота жасады. Әйел ауруханада бір апта бойы жатты. Оның бас ауырғаны мен айналғаны басылды. Қазіргі медицина оны құтқарып қалды.
Мәтінді жасыру
      87. Ол душ қабылдайды
      Жігіт ыстық су кранын ашады. Суық судың кранын ашады. Ол судың температурасын тексереді. Су жақсы екен. Ол душтың пердесін ашады. Ваннаға кіреді. Пердені жабады. Сабынды алады. Қолдарын сабындайды.
Мәтінді жасыру
      88. Адамдар лотерея билеттерін сатып алуда
      Адамдар кезек күтіп отыр. Олар лотерея билетін сатып алғысы келеді. Оның жүлделік құны 100 миллион доллар. Барлығы жеңімпаз сандарды алуға үміттенеді. Әрқайсысы жолы болған жеңімпаз болғысы келеді. Кейбір адамдар сандарды автоматты түрде таңдайтын билеттерді сатып алып жатыр. Олар кез-келген алты санға разы. Кейбір адамдар өз сандарын таңдайды. Олардың сүйікті сандары бар.
Мәтінді жасыру
      89. Ол бланк толтырып жатыр
      Жігітке жұмыс керек. Ол өтініш бланкын толтырады. Ол толық атын баспа әріптермен жазады. Ол баспа әріптермен өз мекенжайын жазады. Ол пошта индексін жазады. Ол сақтандыру куәлігінің нөмірін жазады. Үй телефонының нөмірін жазады. Ұялы телефонының нөмірін жазады. Ол өз қолы мен бүгінгі күнді жазады.
Мәтінді жасыру
      90. Су жаңа Honda
      Бұл – жаңа автомобиль. Маркасы – Honda. Онда жаңа көлікке тән иіс бар. Неткен жағымды иіс. Көлік жылтыр қызыл реңкке боялған. Жылтылдаған қара шиналары бар. Дөңгелек дисктерінің күміс қалпақшалары да жылтыр. Былғары орындықтары жұмсақ. Жайлы да ыңғайлы. Әйнектері күңгірттенген. Шатырында мөлдір люк бар. 100 шақырымға 12 литр жұмсайды.
Мәтінді жасыру
      91. Ол салат жасап жатыр
      Қыз тоңазтқышты ашып жатыр. Бір шоқ салат алды. Бірнеше помидор алды. Көк пияздың бірнеше түйінін алды. Салатты турады. Қызанақ пен пиязды турады. Бәрін тегешке салды. Салатты араластырды. Үстінен салаттарға арналған дәмдеуішті құйды. Салаттың дәмін көрді. Өте дәмді салат.
Мәтінді жасыру
      92. Оның аузынан жаман иіс шығып тұр
      Жігіт бейтаныс адаммен сөйлесті. Бейтаныс адам одан кері бұрылды. Бейтаныс адам оған сағыз ұсынды. Жігіт оны алды. Үйіне барды. Жуынатын бөлмеге кірді. Ол тісін тазартты. Тілін тазартты. Ол ауыз қуысына арналған шайғышты ашып, аузын шайды. Оның көңіл күйі көтерілді.
Мәтінді жасыру
      93. Жұмыскер құмырсқа
      Құмырсқалар сондай жұмысбасты. Олардың алты аяғы бар. Олар алға-артқа жүреді. олар өз жолдарымен жүреді. Олар антенналарымен бір-бірімен сәлемдеседі. Олар тамақ түйіршіктерін үстеріне салып жүреді. Олар жапырақ тасиды. Олар өлі жәндіктерді тасиды. Олардың қолдары босамайды. Олар өмір бойы жұмысбасты. Олар ешқашан демалмайды. Олар өлгенше жұмыс істейді.
Мәтінді жасыру
      94. Ол – полиция қызметкері
      Ер адам көшенің бұрышында тұр. Үстінде көк униформа. Басында – фуражка. Пистолеті бар. Кеудесінде – төсбелгі. Ол – полицей. Ол – коп. Қоғамды қорғайды. Ешнәрсені көзінен таса қалдырмайды. Көзбен қылмыскерлерді сүзеді. Көзбен террористерді сүзеді. Күдікті жүріс-тұрысты бақылайды. Күмәнді дыбыстарға құлақ түреді.
Мәтінді жасыру
      95. Қаланың туристік автобусы
      Автобус жолаушыға толы. Бұл – туристік автобус. Екіқабатты автобус. Жолаушылар ашық платформада отыр. Гид қолына микрофон ұстаған. Ол туристерге қала жайлы әңгімелейді. Ғимараттарды көрсетеді. Ол әр ауданның тарихы жайлы айтады. Анекдоттарды да айтады. Туристер қызыға қарайды, тыңдайды және көптеген нәрседен хабардар болады.
Мәтінді жасыру
      96. Ұлы супермен
      Жігіт Криптон ғаламшарынан келген. Ол Супермен. Ол күшті. Ол локомотивтерді көтереді. Онда супер есту мен көру қабілеті бар. Ол тез. Ол ұшады. Ол оқтан да тез ұшады. Ол қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады. Ол қылмыскерлерді ұстайды. Ол барлық қаһармандар арасындағы ең ұлысы.
Мәтінді жасыру
      97. Ол пойызға асығып барады
      Қыз киінді. Ол өзінің сөмкесін қолына алды. Ол өзінің пәтерінен шықты. Ол баспалдақпен төмен түсті. Ол ғимараттан шықты. Ол батысқа қарай бір орам жүрді. Ол метро станциясына дейін жетті. Ол басқышпен төмен түсті. Ол турникет арқылы өтті. Ол тағы бірнеше басқышқа төмен түсті. Ол платформада пойызды күтті.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 2, стр.1  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга