Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 2, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. 2010 жылғы халық санағы (2)
      Ер адам екінші бетке өтті. Ол әйелінің сауалнамасын толтырды. Ол әйеліне қатысты барлық торларға белгі қойды. Мен қай жерге қол қоюым керек деп ойлады. Ол барлық беттерді қарап шықты. Қол қоюға еш жерде бос орын қалдырылмапты. Дайын. Бұл оңай деп ойлады ол. Ол сауалнаманы бүктеді. Ол сауалнаманы үлкен конвертке салды. Ол конвертті жабыстырды. Конвертте: "Поштаның ақысы Құрама Штаттардың санақ жүргізу Бюросының атына төленеді", - делінген. Алаяқтар деп ойлады ол. Үкіметтік өтіріктің тағы бір түрі. Санақ жүргізу Бюросының жұмысшыларына кім айлық төлейді? Біз төлейміз деп ойлады ол. Салық төлеушілер жұмысшыларға айлық төлейді. Сонда кім поштаның жіберілуінің ақысын өтейді? Біз төлейміз деп ойлады ол. Салық төлейтіндер барлық жіберілген поштаның ақысын төлейді. Үкіметтік мекеме ештеңе үшін ақша төлемейді. Барлығын салық төлеушілер өтейді. Конвертте былай жазу керек еді: "Жіберілген поштаның ақысын өтейтін СЕН, ақымақ!"
Мәтінді жасыру
      42. Ол шаш көредi
      Қыз жігітке басындағы шашының қайта өсіп келе жатқанын айтты. Жігіт бұны естіп, таңғалды. Ол түсіп қалған шаштың қайта өсетіні туралы ешқашан естімеген. Қатерлі ісікке шалдығып, химиотерапия алатындардың шашы жиі түседі. Олар көбіне қайта өсіп шағады. Бірақ ол химиотерапиядан өтпеген. Жігіт қыздан сенімді ме екенін сұрады. Жігіт қандай да бір жаңа шаш байқамады. Иә, қыз сенімді. Оның қасқасы ұлғайғанның орнына «кішірейіп» барады деді қыз. Ол өзінде де жүні өсіп жатқанын айтты. "Аяғымда ешқашан жүн болмаған". Енді оның аяғында шамалы жүн шығып жатыр. Қыз оған өзінің аяғын көрсетті. Жігіт ешқандай жүн байқамады. Жігіт одан «Ішіп алған жоқсың ба?» деп сұрады. Ол «Әрине жоқ» деп жауап берді. "Күмәнің бар ма?" деп сұрады қыз. Ол «Әрине жоқ» деді. Ол жай қалжыңдап тұр. Бірақ келесі күні жігіт көз дәрігеріне жазылып қойды.
Мәтінді жасыру
      43. Сынған қолшатыр
      Әйел дауыл кезінде көшеде қалып қойды. "Қатты жел тұрды. Жаңбыр қырынан жауды. Мен қатты су болдым", - деді ол. "Жел мені тротуардан ұшырып түсірді. Ол қолшатырымды сындырды". Ол құрғақ киім киді. Ол компьютерінің алдына отырды. Күйеуі қолшатырын ашты. Оны қарап шықты. Оны жөндеуге болады деп ойлады. Ол басқа қолшатырды ашты. Ол сынбаған. Күйеуі екі қолшатырды салыстырды. Ол тістеуікті алды. Ол сынған қолшатырды жөндеуге кірісті. Үш сағаттан соң әйелі компьютер алдынан тұрды. Ол жатын бөлмеге барды. Ол күйеуінің қолшатырын жөндеп жатқанын көрді. "Сен не істеп жатырсың" - деп сұрады. "Мен сенің қолшатырыңды жөндеуге тырысып жатырмын, - деді. - Осы үшін көп ақша төлегеніңді білемін". "Мен бұл қолшатыр үшін жеті доллар төледім, оны қоқысқа таста. Мен жаңасын сатып аламын".
Мәтінді жасыру
      44. Түнгі жүгіру
      Көктемгі суық түндердің бір күні. Ер адам қонақүйде тұрып жатыр. Ол жақсы жүгіретін. Ол жиырма жылдан бері жүгіреді. Бұл оның денсаулығына пайдалы. Оның жасы отыз сегізде. Оның кішкентай екі ұлы бар. Олар жиі бірге жүгіретін. Бірақ олар үйде. Ол жүгіруге арналған аяқ киімі мен шолақ шалбарын киді. Ол айподын қосты. Ол әрқашан "Битлз" тобының әндерін тыңдайтын. Ол қонақүйден шықты. Ол жағажайға келді. Қараңғы болатын. Ол Жұлдыздар көрінбеді. Ай болмады. Ол жағажайда жүгірді. Ол ешкімді көрмеді. Жағажай толықтай соның еншісінде еді. Ол жүгіруден раxат алды. Ол әуеннен раxат алды. Бірмоторлы ұшақ қонуға мәжбүр болды. Ол жағажайға келіп қонды. Ер адам арт жағындағы ұшақтың шуын естімеді. Ол өзінің соққы алғанын білмеді. Ол бір мезетте өліп кетті. Ұшқыш жапа шеккен жоқ.
Мәтінді жасыру
      45. Жаңа кәстрөл (1)
      Ер адам өзіне риза болды. Ол жаңа ғана кәстрөл сатып алды. Бұл әдемі кәстрөл болатын. Ол тот баспайтын болаттан жасалған. Ол берік және ауыр салмақты. Оның қақпағы шыны. Бұл тамаша кәстрөл деп ойлады ер адам. Ол 13 доллар тұратын. Бұл кәстрөл үшін арзан емес. Оның әйеліне бұл кәстрөл ұнайды. Әйелі мұны арзан кәстрөл деп айта алмайды. Арзан кәстрөл жеңіл болады. Арзан кәстрөл 13 доллардан төмен бағаланады. Арзан кәстрөлдің қақпағы шыны болмайды. Ер адам кәстрөлді плитаға қойды. Бұл не деп сұрады өзінен. Кәстрөл теңселіп тұрды. Ол газдың үстінде тік тұрмады. Ер адам кәстрөлді алып тастады. Ол оны қайта газдың үстіне қойды. Кәстрөл қайтадан тербеліп тұрды. Мүмкін газдың беті түзу емес шығар. Ол кәстрөлге сорпаны құйды. Ол газды жақты.
Мәтінді жасыру
      46. Жаңа кәстрөл (2)
      Сорпа дайын болды. Ер адам кәстрөлді газдың бетінен алды. Ол сорпаны ішті. Тамаша деп ойлады. Мына кәстрөлде сорпа дәмді болып шығады екен. Ол кәстрөлді жуды. Ол оны қайтадан плитаға қойды. Тосайық, әйелім қашан байқайды екен деп ойлады. Әйелім бұл кәстрөлге бәрін пісіргісі келетін болады. Әйелі үйге келді. Ол кәстрөлді қарап шықты. "Оны қайтарып бер, - деді. Арзан заттарды сатып алуды қашан қоясың?" "Қайдағы арзан? Сен не деп тұрсың? - деді. - Бұл тоттанбайтын темір. Міне, ұстам көрсеңші оның қандай ауыр екенін. Мына шыны қақпағына қарашы. Сен оның ішіндегі тамақтың қалай пісіп жатқанын бақылай аласың!" "Ол теңселіп тұр ғой, - деді әйелі. - Оның сыртына төгілетін болады. Мұнда дұрыстап ас әзірлей алмайсың. Оны қайтарып бер!" Ер адам оны қайта дүкенге апарды. "Бағасы жазылған жапсырмасы қайда? Сіз оны қолдандыңыз ба? - деп сұрады сатушы әйел. "Енді..., иә, - деді ол. - Бір рет қана. Сосын оны жуып тазалап қойдым. Қараңызшы, ол қандай таза!" "Пайдаланылған кәстрөлді қайтаруға болмайды", – деді сатушы.
Мәтінді жасыру
      47. Штат емтиханы
      Ер адам оқытушы құқығын алу үшін штат емтиханын тапсырып жатқан. Ол оны тапсыра алады немесе құлап қалады. Өту ұпайын алса ол оқытушы жұмысына арыз берсе болады дегенді білдіреді. Өту баллы 220 ден 300 ұпай аралығында еді. Нәтижесін электронды пошта арқылы жіберетін болды. Оның тесттегі бірнеше нұсқа бойынша жауаптары 260 балл болды. Оның жазбаша тестінің ұпайы 300 болды! Ол тестілеу агенттігіне қоңырау шалды. "Мен жазбаша тесттен 300 балл алдым! Бұл жақсы ғой, иә?" "Иә бұл жақсы көрсеткіш. Құттықтаймыз!" - деді тестілеу агенттігінің өкілі. "Бірақ бір сұрағым бар еді, - деді ол. - Тағы қанша адам 300 балл алды? Егер көпшілік 300 баллдық ұпай алса, онда менің көрсеткішім ерекше үздік емес қой. Егер 300 баллды екі-үш адам ғана алса, онда менің көрсеткішім айрықша үздік болып тұрғаны". "Кешіріңіз, бірақ бізде мұндай ақпарат жоқ", - деді өкіл. "Кім мұндай ақпарат бере алады? Мүмкін Штаттың білім беру бөлімі ақпарат бере алатын шығар?" - деп сұрады. "Олар да ақпарат бермейді, - деді өкіл. - Ешкім де ақпарат бере алмайды".
Мәтінді жасыру
      48. Білекке арналған таңғыш
      Әйелдің білегі ауырды. Ол жүйкенің бұзылуынан болды деп ойлады. Бірақ ол дәрігердің қабылдауына бармайды. Ол қолын қозғалта береді. Мүмкін оған көмегін тигізер. Күйеуі дәріханаға барды. Ол білек орағышты алды. Ол білегін орады. Ол білегін қозғалтпады. Саусақтары ашық қалды. Алақаны да ашық қалды. Өте жақсы деп ойлады күйеуі. Әйелім қуанатын болды. Күйеуі орағышты үйге алып келді. Ол оны әйеліне көрсетті. "Оны апарып таста! - деді әйелі. - Одан иіс шығады. Одан резеңкенің иісі шығады". "Әрине резеңкенің иісі шығады, - деді ол. - Ол резеңкеден жасалған". Әйелінің мұрны иттің мұрнындай еді. Күйеуі орағышты кері апарып тастады. Ол білекке арналған басқа орауыш алды. Ол антибактериальды екен. "Иісі жоқ", - деп қорабында жазылған. Күйеуі үйге алып келді. Әйелі оны оның мұрынына жақындатты. "Мұның иісі одан да жаман шығады", - деді ол.
Мәтінді жасыру
      49. Рак жасушалары ма әлде майлар ма?
      Норм дәретханаға бару үшін оянды. Ол дәретханадағы айнаға қарады. Бұл ісік кішкентай. Ол мұрнының жанынан шыққан. Ісік ісініп тұрған. Норм оны ұстап көрді. Ол қатты емес. Ол ауырмайды. Оның түсі басқа емес. Мүмкін бұл жай май жасушалары шығар. Әлде бұл тері қатерлі ісігі ме екен. Оның әкесінде тері қатерлі ісігі болған. Дәрігерлер күдікті дақтарды бірінен соң бірін кесіп тастаған. Олар бетіндегі барлық дақтарды кесіп тастаған. Мүмкін Нормның бетінде жай артық май пайда болған шығар. Артық май деген нені білдіреді? Бірақ бұл қатерлі ісік болса не болады? Қатерлі ісік бұл майды жеп қояды. Ол оның мұрнын да жеп қояды. Дұрысы мұны дәрігерге көрсету керек. Артынан көп ақша шығарып жүргенше, дұрысы қазір аздаған ақша шығарып қаратқан жөн. Бұл тек ақша ғой. Ол тағы ұйқыға кетті.
Мәтінді жасыру
      50. Жағдайы нашар қарттар
      Бұл теледидарлық бағдарлама болатын. Теледидар бағдарламасы егде тартқан отбасылық жұп туралы. Олардың денсаулықтарында кінәрат бар. Күйеуі жұмысынан айырылған. Ол өз қаражаттарын медициналық қызметтерді төлеу үшін жұмсаған. Олар бар қаражаттарын жұмсаған. Олардың басқа қаражаттары жоқ. Олар әлеуметтік төлемақыға өмір сүрді. Олар кішкентай ғана үйшікте тұрады. "Мына кедей адамдарға қарашы?" - деді Бэрри. "Бұлар кедей адамдар емес. Бұлар әртістер", - деді Ева. "Жоқ бұлар әртістер емес", - деді Бэрри. "Күйеуінің оң жақ қолы жоқ. Әйелінің сол аяғы жоқ. Бұлар шынайы адамдар. Олар қиналып жүр. Біздің мемлекетіміз қандай? Біздің мемлекетіміз бай мемлекеттердің бірі. Біздің үкіметіміз мұндайға қалай жол берді?" Ева: "Бұл үкіметтің кінәсі емес. Олардың өздері кінәлі. Оларға ауырмау керек еді. Олардың жинаған ақшалары болу керек. Өмірлерін жоспарлау керек еді. Үкіметті кінәлаудың қажеті жоқ. Үкімет – сенің анаң емес".
Мәтінді жасыру
      51. Менің центім қайда?
      Олар кондитерлік дүкеннің алдына тоқтады. Әйелі тәтті нәрсе жегісі келді. "Маған біраз бәліш сатып алып берші", - деді әйелі. Күйеуі: "Неге алмасқа", - деді. Ол прейскурантты қарады. Бәліштің біреуін 1 долларға сатып жатыр екен. Ол екі бәлішке тапсырыс берді. Әйелі басында сене алмады. "Маған екі бәліш емес", - деді әйелі. - Алтауын сатып ал". Прейскурантта: "Алты бәліш 5 доллар 99 цент", - деп жазылып тұрды. Осылайша, ол кемінде бір центті үнемдейді. Күйеуі алты бәлішке тапсырыс берді. Әйелі кондитерлік дүкеннен далаға шықты. Әйелі тротуарда күтіп тұрды. Сатушы оған бәліштер салынған пакетті берді. Ол шайпұлға арналған банкаға 50 цент салды. Ол сатушының осыны көргеніне көз жеткізді. Ол күте тұрды. "Менің центім қайда?" - деп сұрады ол. Сатушы оған қарады. Сатушы күліп жіберді. Ол сұрағын қайталады. Бұл жолы сатушы оған қарап жымиды. Ол көзімен менеджерді іздеді. Осы кезде ол далада күтіп тұрған әйелін есіне түсірді. Бар-жоғы бір цент деді ол өзіне.
Мәтінді жасыру
      52. Арзан жалдау (1)
      Дэн газеттегі хабарландыруды көрді. Манхеттенде жаңа көп пәтерлі үйді қолданысқа бермекші екен. Кейбір пәтерлер аз мөлшерде табыс табатын адамдар үшін арнайы бөлінген екен. Арыз берушілер 17 мамырға дейін поштаға хат жіберулері керек. Бірінші 5000 арыз берушілер арыз бланкісін алады. Ол бақытына сене алмады. Бүгін 17 мамыр болатын. Түс мезгілі. Ол хабарландыруды газеттен жыртып алды. Ол 8-ші даңғылдағы бас пошта орталығына барды. Ол кезегін күтті. Ол пошта қызметкерінен ашық хат сұрады. "Біз ашық хат сатпаймыз" деді қызметкер. "Поштада ашық хат сатпайды ма?" деп сұрады Дэн. "Біз бұрын сатқанбыз, - деді қызметкер, - бірақ қазір біз құттықтау хаттарын сатамыз. Олар көбірек пайда әкеледі". "Сіздерде сатылымда пошта таңбасы бар ма?" сұрады Дэн. Қызметші: "Әрине, сізге нешеуі керек?" - деді. Дэн поштадан шықты. Ол оңтүстікке қарай кетті. Оған пошталық ашық хат алу керек.
Мәтінді жасыру
      53. Арзан жалдау (2)
      Дэн шарап дүкеніне кірді. Ол сатылымда пошталық ашық хат бар ма деп сұрады. Сатушы: "Жоқ, бірақ олар поштада сатылады" деді. "Жоқ, онда жоқ" деді Дэн. Поштада пошта хаттары сатылмай ма екен?" деп таңғалды сатушы. Дэн оңтүстікке қарай тағы бірнеше квартал жүріп өтті. Ешбір дүкенде пошталық хаттар сатылмады. Ол "Бордерс" дүкенінен сұрап көрмекші болды. Ол алты кварталдан соң орналасқан еді. "Бордерс" те пошталық хаттар сатылатын. Оның бір данасы 1 доллар тұрады. Пошталық хат қымбат екен деп ойланып қалды, бірақ ол оған тұрарлық еді. Ол поштаға қарай қайтты. Ол бұрыштағы дәрілер дүкенін қарай салмақшы болды. Мүмкін, оларда пошта хаттары бар болар. Оларда хат бар болып шықты. Олар бір долларға төрт данасын сатады екен. Ол біреуін сатып алды. Мен хатты "Бордерске" қайтарамын деп ойлады. Ол поштаға кірді. Ол хатқа таңбаны жабыстырды. Ол мекен -жайды жазды. Ол оны пошта жәшігіне салып жіберді. Сағат төрт. Іс бітті, ол үлгерді. Ол сәттілік үшін саусақтарын айқастырды.
Мәтінді жасыру
      54. Көпшіліктің көзқарасы туралы сауалнама
      Хабарласқан әйел көпшіліктің көзқарасын білу үшін xалықаралық сауалнама жүргізіп жатқанын айтты. Ол одан бірер минут уақыт бөле алады ма екен сұрады. Ер адам келісетінін айтты. Көпшіліктің көзқарасын білу үшін оған ешқандай зерттеуші xабарласпаған. Бұл бірінші еді. Әйел одан қазір ұялы телефонымен сөйлесіп тұр ма соны сұрады. Ер адам иә деді. Әйел одан дәл қазір көлік жүргізіп келе жатыр ма соны сұрады. Ер адам жоқ деп жауап берді. Әйел одан баспалдықты елестетуді сұрады. Астыңғы баспалдақ-бұл бір саны. Ең жоғарғысы-тоғыз саны. "Сіздің өміріңізге көңіліңіз тола ма?" - деді ол. Ер адам бес деген санды айтты. "Сіздің өміріңіз бес жыл бұрынғы өміріңізден жақсы ма" - деп сұрады. Ер адам жоқ деді. "Сіз өміріңізді бес жылдан кейін жақсаратыныңа сенесіз бе?" - деп сұрады. Ер адам жоқ деді. Әйел сұрақтарды бірінен соң бірін қойды. Ер адам сағатқа қарады. Бұл сөйлесу үшін одан роуминг есебінен алады? Ол телефон абонентіне сенбеді. "Маған кету керек", - деп тұтқаны қойды.
Мәтінді жасыру
      55. Өте арзан күрте (1)
      Ер адамға қызық болды, көшеде салқын ба екен? Ол Пирс-88-ге бармақшы болды. Ол терезеге қарады. Тротуарда адамдардың көбі қысқа жеңді жейдемен жүр екен. Бірақ радиодан температураның 19 градус екенін айтты. Бұл қатты ыстық емес деп ойлады . Таңғы 10 енді болған. Түске жақын жылитын шығар. Ер адам джинсы мен футболкасын киді. Ол көшеге шықты. Аздап салқын тартып тұр. Мүмкін жүрген соң жылынып кетер деп ойлады. Бірақ жылитын түрі жоқ. Ол "Конуэй" эконом-топ киімдері дүкеніне кірді. Мүмкін мұнда арзан да, жылы бір нәрсе табармын деп ойлады. Ол ерлер киімінің бөліміне көтерілді. Ол "2 долларға киім" бөлімінен ұзын жеңді жейде тауып алды. Сосын ол "4 долларға киім" бөлімінен күртені көрді. Ол жейдеге қарағанда әлдеқайда қалың екен. Көйлекте де, күртеде де құны жазылған этикеткасы болмады. Оларды алып кассаға қарай барды.
Мәтінді жасыру
      56. Өте арзан күрте (2)
      Ер адам бұл киімдердің қанша тұратынын сұрады. Жейде 2 доллар емес 4 доллар тұратын болып шықты. Ол кассирге оның керек еместігін айтты. Күрте 4 доллар емес, бар болғаны 2 доллар тұрады екен. Ол алғашында тіпті сене алмады. Ол күртені қолына алды. Ол оны мұқият қарап шықты. Ешқандай дақ та, жыртық та, тесік те жоқ. Сондағы бар болғаны 2 доллар ма? Қандай тиімді сауда! Кассир әйел пластикті пакетті алды. Ер адам пакет керек еместігін айтты. Ол күртені киіп алды. Ол көшеге шықты. Күртені осындай күні киген керемет екен. Оған жылы болды. Ол әрі қарай жүре берді. Ол терезеден өзінің кескінін көрді. Күрте оған әдемі жарасып тұр. Қандай жақсы сауда! Шамалы уақыт өткен соң температура көтерілді. Ол ыстықтай бастады. Мен замокты шешіп қояйын деп ойлады. Ол замокты астыға қарай тартты. Ол қозғалмай қалды. Ол күртенің замогын тағы да ағытып көрді. Замок жылжымады. Оны күшке салып тартты. Замок сонда да жүрмей тұрып алды.
Мәтінді жасыру
      57. Қолданылмаған диван (1)
      Вильсондер Картерлерді кешкі асқа шақырды. Мистер Картер Мистер Вильсонның бастығы еді. Вилсондар бір жатын бөлмесі бар пәтерде тұратын. Олардың дивандары қонақ бөлмеде тұратын. Оған екі адам отыра алатын. Ол жаңа сияқты көрінетін. Олар диванды жапқышпен жабатын. Олар жапқышты диван жастықтарының үстінен жайып қоятын. Жапқышты олар үйге қонаққа достары келгенде алып тастайтын. Мисс Вильсон күні бойы кешкі асты дайындады. Мистер Вильсон күні бойы пәтерді жинады. Тағы үй шаруасымен бір жерлерге барып келді. Олардың екеуінің де күні бойы қолдары тимеді. Картерлер кешкі сағат 7де келді. Мистер Вильсон оларды диванға отырғызды. "Жайғасыңыздар, - деді. - Мен қазір келемін". Ол ас үйге барды. Ол келгенде Картерлер дастархан басында отырды. Қызық екен деп ойлады. Диван отырғыштарға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы ғой. Ол да Картерлермен бірге дастархан басына отырды. Олар әңгімелесті.
Мәтінді жасыру
      58. Пайдаланылмаған диван (2)
      Мистер Вильсон олардан диванда отырған ыңғайлы болар деп сұрады. Олар отырған жерлері жаман емес деді. Ол әйеліне көмектесу үшін қайтадан ас үйге кетті. Ол әйеліне кешкі асты дайындауға көмектесті. Ол тамақты дастархан басына әкеліп қойды. Олар Картерлермен бірге отырды. Мистер Вильсон олардың фужерлеріне шарап құйды. Олар бәрі бірге "Сіздің денсаулығыңыз үшін!" деді. Олар шарап ішіп, тамақ алып, әңгіме айтып отырды. Десертке мангоның тілімдері мен ванильді балмұздақ болды. Картерлер үйлеріне қайтты. Вильсондар тамақты үстелден алып, ыдыстарды жуды. "Мен қатты шаршадым" деді миссис Вильсон. Ол демалып, теледидардан бірдеңе қарағысы келді. Олар диванға жақындады. "О, сен диваннан жапқышты алып тастауды ұмытып кетіпсің ғой, - деді. - Бұл қалай? Олар мұны көрмеді деші". Ол бір көкшіл-қара жапқыштың бетіндегі ақ дақты көрсетті. "О, енді бәрі түсінікті", - деді Мистер Вильсон.
Мәтінді жасыру
      59. Мұнайдың тасуы
      Мұнайдың миллиондаған галлоны шығанаққа құйылды. Құбыр жарылды. Буравай платформасы қызып, батып кетті. Жұмысшылар қаза болды. Мұнай жарылған құбырдан еркін ақты. Ол бір мильдей тереңдікте еді. Мұнай компаниясы оны тоқтауға тырысты. Бірақ одан ештеңе шықпады. Мұнай суда болды. Мұнай судың бетінде болды. Мұнай барлық жерде болды. Ол жағажайда да болды. Ол батпақта да болды. Ол балықтар мен құстарды өлтірді. Бұл экология қаупі болатын. Балықшылар балық алуын тоқтатты. Олардың балықтарын ешкім сатып алмайды. Ешкім олардың балықтарын жемейді. Бұл экономикалық қауіп еді. Мамыр айында мұнай компаниясы мұнайдың ағуын тамыз айына дейін тоқтата алатынын айтты. "Тамыз айына дейін? Қош бол біздің ақ құмды жағажайымыз", - деді Флорида тұрғындары.
Мәтінді жасыру
      60. Шығанақтағы апат
      Әйелі шығанақтағы апат аса қауіпті проблема емес деді. "Сен неге солай айтасың? - деді күйеуі. - Миллиондаған мұнай теңізге ағып жатыр". Әйелі теңіздің үлкен екендігін айтты. Мұнайдың тасуы-шелекке түскен тамшы. "Сонымен қатар мұнай мен су-табиғаттың бөлшегі, - деді, - сондықтан олар бір бірімен тұра алады". Күйеуі мұнай мен судың табиғаттың бөлшегі екеніне сенді. Тағы адамдардың табиғаттың бөлігі екенін айтты. Бұл - мұнай мен адамдардың бір бірімен табыса алады деген сөз бе? Мұнайдың бір тамшысын ішер ме едің? Ол мұнай суында шомылып жүрер ме еді? "Әрине жоқ", - деді әйелі. Ол балықтың мұнай суында жүзе беретінін айтты. Теңіз құстары осы балықпен қоректенеді. "Бірақ олар жануарлар ғой, - деді ол. - Олар бұған үйренген". Ол өлген балықтың жағажайда жататынын айтты. Өлген құстар жағажайда жатады. "Бұл үйреншікті жағдай емес, - деді күйеуі. - Бұл апат".
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Еркежан Каймоллаева, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Жанара Қабина, Гаухар Назымбекова, Аслан Бисенов, Сауле Ибраева, Señor Chingón, Бахытжан Ертай, Гульзайнаб Сисенова
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкое чтение. Том 2, стр.2 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 2, стр.4  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга