Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Истории о детях

Том 1, страница 1
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Қызыл доп еденде жатыр
      Доп еденде жатыр. Бұл қызыл доп. Бұл резеңке доп. Бөбек допқа қарап тұр. Мысық допқа қарап тұр. Мысықтың түсі қара. Мысық допқа жақындайды. Мысық допты табанымен соғады. Доп еденде домалайды. Бөбек күлімдейді.
Мәтінді жасыру
      2. Жылы ауа және бутерброд
      Терезе ашық. Ауа терезе арқылы кiріп жатыр. Бұл жылы ауа. Күн жылы. Ауадан нан иісі аңқиды. Бұл жаңа піскен нан иісі. Ол жағымды иіс. Ол баланың аштық сезімін оятады. Ол ас үйге бара жатыр. Бiр бутерброд iстедi. Отырды. Ол бутерброд жеп отыр.
Мәтінді жасыру
      3. Ол киініп далаға шығады
      Бала шұлығын киіп жатыр. Ол туфлиін киіп жатыр . Ол бауын байлап жатыр. Ол есікке қарай бара жатыр. Ол есік тұтқасын бұрып жатыр. Ол есікті ашып тұр. Ол көшеге шықты. Ол есікті жауып жатыр. Ол көше бұрышына бара жатыр. Ол өз досын көрді. Ол досына қол бұлғап жатыр.
Мәтінді жасыру
      4. Шулы жануарлар, жуас жануарлар
      Ит үреді. Ол үргенді жақсы көреді. Құс ән шырқайды. Ол ән шырқаганды жақсы көреді. Ит пен құс шулы жануарлар. Мысық мияулайды. Ол аш болған кезде мияулайды. Ол ашулы болған кезде мияулайды. Балық еш нәрсе айтпайды. Тасбақа еш нәрсе айтпайды. Тышқан еш нәрсе айтпайды. Кесіртке еш нәрсе айтпайды. Олар тыныш жануарлар.
Мәтінді жасыру
      5. Олар доп ойнайды
      Боб допты алды. Ол допты лақтырды. Билл допты қағып алды. Билл допты қайта лақтырды. Боб допты қағып алды. Боб допты Билға лақтырды. Билл допты құлатып алды. Билл допты көтерді. Билл допты Бобтың басынан асыра лақтырды. Боб артқа қарай шегінді. Ол допқа қарай секірді. Ол допты қағып алды.
Мәтінді жасыру
      6. Едендегі печенье
      Қыз бала қаптамадан печеньені шығарып алды. Ол печеньені түсіріп алады. Ол еденге құлап түсті. Ол төрт бөлікке бөлініп қалды. Төрт бөлік еденде жатыр. Ол бөліктерді жинады. Ол оларды ас үйге апарды. Ол оларды қоқыс шелегіне тастады. Ол қаптамадан басқа печеньені шығарып алады.
Мәтінді жасыру
      7. Ит пен мысық
      Мысық өзінің аяқтарын жалайды. Мысық өзінің ішін жалайды.Ит өзінің аяқтарын жалайды. Ит өзінің ішін жалайды. Мысық шөпте жатыр. Ит шөпте жатыр. Мысық арқасына аунады. Ит арқасына аунады. Ит пен мысық бірге бір қимылды жасайды.
Мәтінді жасыру
      8. Оның шұжықша жегісі келеді
      Бала тоңазытқышты ашты. Ол тоңазытқыштың ішіне қарады. Ол аш. Оның тамақ жегісі келді. Ол қаптаманы көрді. Бұл шұжықшаның қаптамасы. Қаптамада алты шұжықша жатыр. Ол қаптамадан екі шұжықшаны шығарып алды. Ол тоңазытқышты жапты. Ол тәрелкеге шұжықшаны салды.
Мәтінді жасыру
      9. Оның кітабы және мысығы
      Қыз бала кітапты алды. Бұл оның сүйікті кітабы. Оның мұқабасы қызыл. Онда елу екі бет бар. Онда көп суреттер бар. Суретте жануарлар көп. Ол жануарларды жақсы көреді. Оның екі мысығы бар. Ол өзінің мысықтарын жақсы көреді. Олардың аты Флафи және Мафи. Ол оларға кітаптын суретін көрсетеді.
Мәтінді жасыру
      10. Балалар және олардың мұғалімі
      Оның жұмысы бар. Ол мұғалім. Ол кішкентай балаларды оқытады. Ол оларды оқуға үйретеді. Ол оларды жазуға үйретеді. Балалар тез үйренеді. Олар оқуды тез үйренеді. Олар жазуды тез үйренеді. Ол өзінің жұмысын жақсы көреді. Ол балаларды жақсы көреді. Ол балаларға жаңа нәрселерді үйретуді жақсы көреді.
Мәтінді жасыру
      11. Ата-анасы балаларын оттан құтқарып жатыр
      Үйді жалын басты. Терезелерден жалын атқылап жатыр. Терезелерден түтін бұрқырап жатыр. Үйден ер адам жүгіріп шықты. Ол қолында нәрестені әкеле жатыр. Үйден әйел адам жүгіріп шықты. Ол қолында нәрестені әкеле жатыр. Үйге өрт сөндіруші машина жақындап келеді.
Мәтінді жасыру
      12. Кішкентай қыздың қолынан не келеді
      Қыз бала алтыда. Ол жүре алады, жүгіре алады, футбол ойнай алады және аттың үстінде шаба да алады, итін серуендете алады, оқи алады, жаза біледі.
Мәтінді жасыру
      13. Бала төсекке жатады
      Бала кілем үстінде еңбектеп жүр. Ол тоқтайды. Сосын тағы кішкене еңбектейді. Сосын қайта тоқтайды. Анасы балаға қарап тұр. Ол баласын қолына алады. Ол баласын керуетке апарады. Ол баласын керуетке жатқызады. Ол баласының үстіне көрпе жабады. Бала ұйықтауға жатады.
Мәтінді жасыру
      14. Ол шоколад батонын жеп жатыр
      Бала шоколад батонын алды. Ол орауыштағы жазбаны оқыды. Орауышта Baby Ruth деп жазулы тұр. Ол орауышты ашты. Ол орауышты қоқыс шелегіне лақтырды. Ол батонды тістеді. Ол оны шайнады. Ол оны жұтты. Ол қайтадан батонды тістеді. Ол өте дәмді. Ол шоколад батонын қатты ұнатады.
Мәтінді жасыру
      15. Рюкзак пен автобус
      Мектепке баратын уақыт келді. Бала кітаптарды рюкзагына салды. Ол қолын баулардан өтізді. Ол рюкзакты арқасына киді. Ол далаға шықты. Ол автобус аялдамасына барды. Ол автобус аялдамасында тұр. Ол автобусты күтіп тұр. Ол автобусты көріп тұр.
Мәтінді жасыру
      16. Аспандағы ұшақ
      Бала шуды естіп жатыр. Ол жоғарыға қарайды. Ол ұшақты көріп тұр. Ұшақ аспанда. Ол күміс түсті ұшақ. Оның екі қанаты бар. Оның құйрығы бар. Оның екі реактивті қозғалтқышы бар. Ұшақтың ішінде ұшқыш бар. Ол ұшақты жүргізеді. Ол ұшақты жерге қондырады.
Мәтінді жасыру
      17. Диснейлендке барамыз
      Қыз бала Диснейлендты қатты ұнатады. Диснейлендте тұрғысы келеді. Диснейлендке күнде барғысы келеді. Оның ата-анасы оны жыл сайын Диснейлендке апарады. Диснейлендте оның көңілі өте көтеріңкі. Ол Микки Маусты көреді. Ол көп аттракционға барады. Әткеншекте өте көңілді. Оның қайта-қайта әткеншекте айналғысы келеді.
Мәтінді жасыру
      18. Оның “Америка төбешіктеріне” бірінші баруы
      Бала “Америка төбешіктеріне” шығады. Анасы жанында. Бұл оның “Америка төбешіктеріне” бірінші баруы. “Америка төбешіктері” қозғала бастайды. Ол өте тез. Олар үстіге шығып астыға түседі. Олар айналым бойынша айналады. Ол анасына қарайды. Анасы оған қарайды. Екеуі күледі. “Америка төбешіктері” өте көңілді!
Мәтінді жасыру
      19. Туған күніне торт пен май шамдар
      Бүгін қыз баланың туған күні. Ол алтыға толды. Ол туған күніне әкелген тортқа қарады. Торттың ақ глазурі бар. Үстінде алты майшам. Ата-анасы «Happy Birthday» өлеңін айтты. Әкесі майшамдарды жақты. Ол тілек тіледі. Ол майшамдарды үрлеп сөндірді. Ол қол шапалақтады. Ата-анасы да қол шапалақтады.
Мәтінді жасыру
      20. Ваннадағы кішкентай кеме
      Бала ваннаны суға толтырды. Ол оны жылы суға толтырды. Ол ваннаға түсті. Ол өз резеңке кемесімен ойнап жатыр. Резеңке кеме суда жүзіп жүр. Бала кемені басты. Ол оны түбіне жапырайтты. Ол оны жіберді. Резеңке кеме су бетіне қалқып шықты. Ол суда жүзіп жүр.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.7 Вернуться к началу Истории о детях. Том 1, стр.2  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга